Экономикалық талдаудың негіздері

Мазмұны
І.  Экономикалық талдаудың негіздері
ІІ.   Экономикалық талдаудың  әдістері мен тәсілдері 

ІІІ. Факторлық талдаудың әдістемесі

IV.  Детерминациялық  талдаудағы факторлар әдістерін  өлшеу тәсілдері

V.   Талдаудың экономика-математикалық тәсілдері

4.1 Эконометрикалық  әдістер:

    4.1.1 Корреляциялық-регрессиялық талдау

    4.1.2 Диспесиялық  талдау

 

VI.  Маржиналдық  талдау негізінде басқару шешімдерін  негіздеу әдістемесі

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық  талдаудың негіздері

 

Табиғат пен қоғамдық өмірдің  құбылыстарын оқу талдаусыз мүмкін емес. Талдау (анализ) құбылыстың ішкі мәнін оқу мақсатымен оны құрамдас бөліктерге ажыратуды көрсетеді. Мысалы, пайданың мәнін толық түсіну үшін оның көздері мен оны анықтаушы  факторларды білу қажет. Олар неғұрлым терең зерттелген сайын, қаржылық нәтижені қалыптастыру үрдісін соғұрлым тиімді басқаруға болады, т.с.с. Бірақ анализ зерттелетін құбылыс жайлы толық  көріністі  синтезсіз, яғни құрамдас бөліктер арасындағы байланыстар мен  тәуелділіктерді  анықтамайынша  бейнелей алмайды. Пайданы оқу кезінде  оның деңгейін анықтаушы факторлардың арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерді  ескеру қажет. Анализ бен синтездің  бірлесуі ғана құбылыстардың ғылыми деңгейде зерттелуін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның  қаржылық–шаруашылық қызметін талдау (экономикалық талдау) микроэкономикалық деңгейде шешімдер қабылдаудың негізі болып саналады. Бірақ талдаудың бұл түрін зерттелетін объектіні құрамдас бөліктерге бөліп, тек сипаттау деп түсінбеу қажет. Себебі кез-келген экономикалық субъект өз ішіндегі және сыртқы ортамен көптеген байланыстардан тұратын күрделі жүйе. Бұл байланыстарды қарапайым түрде анықтау мен сипаттау тәжірибеге елеулі үлес қоспайды. Бұл жерде ең бастысы: аналитикалық іс-әрекеттер арқылы кәсіпорын қызметінің негізгі сипаты мен бағыттарын анықтап, болашаққа жобалар құру, осы жобалар негізінде өндірістік қаржылық жоспарлар құрып, олардың жүзеге асырылуын бақылау мен айқындауға қол жеткізу.

Экономикалық талдау экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін  түсіну құралы ретінде б.э.д. 4000 жылдары  Ежелгі Египетте бухгалтерлік есеппен  бір мезгілде пайда болды. Дегенмен ол теориялық және тәжірибелік дамуға капиталистік қатынастардың дамуы  кезінде (ХІХғ. екінші жартысы) ие болды. Шаруашылық қызметін талдаудың білімнің жеке саласы болып бөлінуі – ХХғ. бірінші жартысы.

Шаруашылық қызметін талдаудың  қалыптасуы объективті шарттар мен  талаптарға байланысты.

Біріншіден, өндіргіш күштердің  дамуы, өндірістік қатынастардың жетілуі  мен өндіріс көлемінің артуына  байланысты кешенді және жүйелі талдауға қажеттілік туындады. Шаруашылық қызметін кешенді талдаусыз күрделі экономикалық үрдістерді басқару мен оңтайлы  шешімдер қабылдау мүмкін емес.

Екіншіден, экономикалық ғылымның дамуына байланысты оның салаларының  дифференциациясы. Экономикалық талдаудың  қызметін ертеректе бухгалтерлік есеп, статистика, қаржы секілді пәндер атқарса, кейіннен олар тәжірибенің  барлық талаптарын қамтамасыз ете алмай, шаруашылық қызметін талдауды жеке білім  саласы ретінде қалыптастыру қажеттілігі  туындады.

Барлық экономикалық ғылымдардың  зерттеу объектісі -  өндірістік қатынастар, ал  шаруашылық қызметін талдаудың пәні – барлық шаруашылық үрдістері.

 

Шаруашылық қызметін талдау бухгалтерлік есеп пен басқару шешімдерін қабылдау арасындағы байланыстырушы буын болып саналады. Талдау барысында  есеп мәліметтері аналитикалық өңдеуден өтеді: қол жеткізілген нәтижелер  өткен жылдардың, жоспарлы, басқа  кәсіпорындардың не орташа салалық  көрсеткіштермен салыстырылады; шаруашылық қызметінің нәтижесіне факторлардың әсері  анықталады; жіберілген қателер, пайдаланылмаған  мүмкіндіктер,  перспективалар анықталады. Экономикалық талдау көмегімен ақпаратты  игеру, түсіну жүзеге асады. Талдау нәтижелері негізінде басқарушылық шешімдер жасалынып, негізделеді. Экономикалық талдау шешімдер мен іс-әрекеттердің бастамасы, ол өндірісті  ғылыми басқарудың негізі.

Шаруашылық субъектісінің  іс-әрекетіне экономикалық талдау жүргізудің басты мақсаты – шаруашылық субъектілерінің  қызметінің тиімділігін арттырудың резервтерін іздестіру. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  1. Нақты кәсіпорын жағдайында экономикалық заңдардың әрекет ету сипатын оқу, экономикалық құбылыстар мен үрдістердің заңдылықтарын анықтау.
  2. Ағымдық және перспективалық жоспарларды ғылыми негіздеу. Себебі кәсіпорынның өткен жылдардағы (5-10жыл) қызмет нәтижесіне терең экономикалық талдаусыз және кәсіпорын экономикасының даму заңдылықтарын зерттемейінше ғылыми негізделген жоспарлар мен тиімді басқарушылық шешімдерін қабылдауға болмайды.
  3. Жоспарлар мен басқарушылық шешімдерінің жүзеге асырылуын, ресурстардың тиімді пайдаланылуын бақылау. Талдау болған іс-әрекеттерді тіркеп, нәтижеге баға беру үшін ғана емес, сонымен бірге кемшіліктерді анықтап, экономикалық үрдістерге оперативті әсер етуі үшін жүргізілуі тиіс.
  4. Шаруашылық қызметінің нәтижесіне объективті және субъективті, ішкі және сыртқы факторлардың әсерін анықтау.
  5. Ғылым мен тәжірибенің озық жетістіктері негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру резервтерін іздестіру.
  6. Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне объективті баға беру және оның нарықтағы болашақтағы жағдайын жобалау.
  7. Анықталған резервтерді  жүзеге асыру бойынша ұсыныстар жасау.

«Талдау» сөзі грек тілінен аударғанда   «бөлу, бөлшектеу» деген мағынаны білдіреді. Бөлшектеп, зерттеліп отырған құбылыстар мен процесстердің адам саны, деңгейіне, қоршаған ортада қарастыруға мүмкіндік береді. Алайда, жинақтамалы тәжірибеде көрсеткендей талдау «таза» күйінде экономикалық құбылысты түсіндіре алмайды және сол себепті зеттеліп отырған пәннің жеке бөліктері арасында байланыс орнатып, бір-біріне тәуелділігін анықтап және оны біртұтас жүйеге келтіру керек.

Экономикалық талдау негіздері дегеніміз ол экономикалық құбылыстар мен процесстердің оларды құралдарға, бөліктерге бөлшектеу негізінде және олрды жан-жақты байланыстырып зерттейтін ғылым теориясы.

 

Жалпы алғанда, шаруашылық қызметін талдау (ШҚТ) ғылым ретінде шаруашылық дамуының тенденцияларын зерттеумен, жоспарлар мен басқару шешімдерін ғылыми негіздеумен, олардың іске асырылуын  бақылаумен, қол жеткізілген нәтижелерді  бағалаумен, өндіріс тиімділігін  арттырудың резервтерін іздестірумен, оларды жүзеге асыру мүмкіншіліктерін айқындаумен байланысты арнайы білімдердің  жүйесі.

 

Шаруашылық қызметіне  жүргізілетін талдау ғылым мен тәжірибе негіздеген белгілі бір принциптерге сүйенуі тиіс (Кесте-1).

 Кесте–1.

Шаруашылық қызметін талдаудың  негізгі принциптері

Принцип 

Принцип мазмұны

Нақтылық

Талдау нақты деректерге сүйенуі қажет, оның нәтижесі нақты  сандық сипатқа ие болуы тиіс

Кешенділік 

Экономикалық құбылысты  зерттегенде кәсіпорын қызметінің барлық жақтары зерттелуі тиіс

Жүйелілік

Экономикалық құбылыс  жеке объект ретінде емес, басқа  құбылыстармен өзара байланыста зерттелуі тиіс

Тұрақтылық  

Талдау жоспар бойынша  белгілі уақыт аралығы сайын  жүргізілуі тиіс

Объективтілік 

Талдау шынайы мәліметтерге негізделіп,  оның қорытындысы нақты есептеулермен бекітілуі тиіс

Маңыздылық 

 Талдау нәтижелерінің тәжірибеде жүзеге асырылуы оның өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал етуі

Тиімділік 

 Талдау жүргізуге жұмсалған шығындар оның нәтижесімен өтелуі тиіс

Оперативтілік 

 Талдау жылдам, әрі нақты жүзеге асырылып, басқару шешімдерін жедел қабылдауға ықпал етуі тиіс

Ғылыми негізділік 

Талдау ғылыми негізделген, экономикалық даму үрдісіне сай болуы  тиіс


 

Сонымен, экономикалық талдау – ол экономикалық құбылыстар мен процестерді, оларды құралдарға, бөліктерге бөлшектеу негізінде және оларды жан-жақты байланыстырып зерттейді. Экономикалық талдау жеке ғылым болып XX ғасырдың I-жартысында пайда болды. Яғни, осы талдаудың көмегімен басқару шешімдерін қабылдау жүзеге асырылды.

Мысалы: Талдау – үлкен  кәсіпорын менеджерлеріне қашан  және қанша экспорт, импорт алуы туралы көмектеседі. Экономикалық талдау –  нарық жағдайын зерттейді. Яғни, осы  талдаудың көмегімен белгілі-бір  уақыт аралығында өзгерістерге баға белгіленеді.

 

 

 

Экономикалық  талдаудың әдістері мен тәсілдері

 

Ғылым әдісі түсінігі пәнді  зерттеудің тәсілдерін бейнелейді. Барлық ғылымдар өз пәнін оқу барысында  танымның диалектикалық әдісіне  негізделеді.  Танымның  диалектикалық  әдісі келесіге негізделеді: барлық құбылыстар мен үрдістер үнемі қозғалыста, өзгеріс пен дамуда қарастырылуы тиіс. Талдауда диалектикалық әдісті қолдану шаруашылық қызметін талдау барлық байланыстарды есепке ала  отырып жүргізілуі қажеттігін көрсетеді. Бірде-бір құбылыс жеке, басқа  құбылыстардан байланыссыз дұрыс  зерттеле алмайды.

Талдаудың келесі бір әдістемелік  ерекшелігі, талдау тек себеп-салдарлық  байланыстарды анықтап қана қоймай, оларға сандық сипаттама беру, яғни факторлардың қызмет нәтижесіне әсерін есептеу мүмкіншілігін береді. Себеп-салдарлық  байланыстарды оқу мен олардың  әсерін есепке алу талдауда индукция мен дедукция әдістерімен жүргізіледі. Логикалық индукция көмегімен себеп-салдарлық  байланыстарды зерттеу жекеден  жалпыға, яғни себептен нәтижеге қарай  жүргізіледі. Дедукция әдісінде зерттеу  жалпы факторлардан жекеге, яғни нәтижеден  себептерге қарай жүргізіледі. Талдауда индуктивті және дедуктивті әдістер  қатар  қолданылады.

Талдау барысында кез-келген экономикалық құбылыс бір-бірімен  байланысты көптеген элементтердің  жиынтығы ретінде қарастырылуы керек. Сол себепті талдау объектісін зерттеуде  кешенді бағыт ұстану керек.

Талдау объектісіне кешенді  бағыт ұстану зерттелетін құбылыстар мен үрдістерді элементтерге максималды жіктеуді (анализ), оларды жүйелеу мен  жалпылауды (синтез) қарастырады.

Зерттелетін құбылысты құрамдас бөліктерге жіктеу зерттелетін объектідегі  негізгі элементтерді анықтауға  дейін жүргізіледі. Ол талдау объектісі  мен талдаудың мақсатына байланысты. Бұл күрделі сұрақ сараптамашыдан экономикалық көрсеткіштердің мәнін  терең түсінуін, факторлар арасындағы байланыстан хабарының болуын талап  етеді. Элементтерді жүйелеу олардың арасындағы байланысты, тәуелділікті анықтау кезінде жүргізіледі. Оның негізінде зерттелетін жүйенің (объектінің) үлгісі, функциялары, талдаудың логикалық схемасы анықталады. Зерттелетін объектінің байланыстары жан-жақты зерттелгеннен кейін, барлық зерттеу деректерін жинақтау қажет. Жалпылау (синтез) -  талдаудағы ең жауапты сәт. Талдау нәтижелерін жалпылау барысында зерттелген көптеген факторлар ішінен кездейсоқтарын ажыратып, негізгілерін бөліп алу қажет.

Осылайша, талдау  әдісі – бұл кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатымен экономикалық ақпараттар жүйесін арнайы тәсілдермен өңдеу арқылы кәсіпорын қызметінің нәтижесіне факторлардың әсерін кешенді, жүйелі оқу мен есептеу, жалпылау.

ШҚТ әдісі аналитикалық зерттеудің бірқатар  нақты әдістемелері арқылы көрініс табады.  Әдістеме дегеніміз  қандай да бір тапсырманы тиімді жүзеге асырудың тәсілдерінің, тәртіптерінің  жиынтығы.

Кешенді талдау әдістемесі келесі кезеңдерді қамтиды:

  • талдау объектісін анықтау;
  • талдаудың мақсаттары мен міндеттерін айқындау, талдау жоспарын дайындау;
  • талдау объектісі сипатталатын көрсеткіштер жүйесін белгілеу;
  • қажетті ақпаратты жинау мен оны тексеру;
  • талдау объектісінің нәтижелік көрсеткіштерін жоспармен, өткен жылғы деңгеймен, басқа кәсіпорын көрсеткіштерімен, сала көрсеткіштерімен салыстыру;
  • нәтижелік көрсеткішке факторлардың әсерін есептеу;
  • өндіріс тиімділігін арттырудың пайдаланылмаған және басым резервтерін анықтау;
  • анықталған резервтерді енгізудің нәтижелерін есептеу және оны жүзеге асыру шараларын қарастыру.

Сонымен қатар, талдау әдісі деп шаруашылық құбылыстар мен процестердің, олардың құралуы мен дамуына зерттеу жағынан және диалектикалық тұрғыдан жақындау амалы. Талдау әдісі келесі ерекшеліктерге тән:

  1. Көрсеткіштер жүйесін  пайдалану. Фирманың қызметін  бағдарлайтын кезде бірнеше көрсеткіштер  пайдаланылады. Фирманың жұмысын  мынадай көрсеткіштермен бағалауға  болады: пайда, рентабельдік, дебиторлық  және кредиторлық қарыздардың  болуы.

  2. Негізгі белгілі  бір факторды зерттеу. Мысалы: Кез-келген компанияның таза табысына  көптеген факторлар әсер етеді.  Олар сатылатын тауардың саны, олардың бағасы, тауардың бәсекеге  қабілеттігі, халықтың төлем қабілеттілігі,  ауа райы, жолдың жағдайы және  т.б. Барлық факторларды зерттеу  мүмкін емес. Сондықтан тек негізгі  көрсеткіштер ғана зерттеледі. Олар  тауардың саны, олардың бағасы, тауардың  бәсекеге қабілеттігі.

  3. Өзара байланыстық,  өзара тәуелділік. Фирманың барлық  көрсеткіштері бір-бірімен тығыз  байланысты. Мысалы: Таза табыс сатылатын  тауардың сакнына, олардың бағасына, сатып алушылардың сұранысына  байланысты. Сол уақыттағы сатып  алушылардың төлем қабілеттілігі  олардың еңбекақысына, жұмыс лауазымына, көңіл-күйіне байланысты. Осылайша  компанияның барлық көрсеткіштері  бір-бірімен тығыз байланысты.

Теория мен тәжірибе тұрғысынан аналитикалық зерттеулерді осындай  кезектілікпен жүргізу неғұрлым оңтайлы болып саналады. Талдаудың  мақсаты мен ақпарат көзіне байланысты шаруашылық қызметін талдауда түрлі  тәсілдер қолданылады. Олардың жіктелуі – 1-ші суретте бейнеленген.

 

Сурет–1.  Шаруашылық қызметін талдау әдістерінің жіктелуі

 

 

 

 

 

Факторлық талдаудың  әдістемесі

 

Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық құбылыстары мен  үрдістері өзара  байланыс пен  тәуелділіктен тұрады. Олардың біреулері  өзара тікелей байланыста болса, екіншілері оларға жанама ықпал етеді.

Талданатын әрбір құбылысты  себеп ретінде де, нәтиже ретінде  де қарастыруға болады. Мысалы, жылдық еңбек өнімділігін өндіріс көлемін  өзгертудің себебі ретінде қарауға  болады, ал екінші жағынан, оны еңбекті  ұйымдастыруды жетілдірудің, еңбек  үрдісін  автоматтандырудың нәтижесі ретінде де бағалауға болады. Егер белгілі бір көрсеткіш бір  не бірнеше себептердің салдары  ретінде бағаланса, онда байланыстарды  оқу кезінде оны нәтижелік  көрсеткіш деп алады. Ал нәтижелік  көрсеткішті анықтаушы белгілер факторлық көрсеткіштер деп аталады.

Әрбір нәтижелік көрсеткіш  сан алуан факторлардан тәуелді. Нәтижелік көрсеткіш деңгейіне  факторлардың әсері терең зерттелген сайын, талдау нәтижесі де нақты болады. Осы себепті шаруашылық қызметін талдаудың маңызды әдістемелік сұрағы – экономикалық құбылыстардың деңгейіне факторлардың әсерін оқу мен анықтау болып табылады.

Факторларды терең, әрі жан-жақты  зерттеусіз қызмет нәтижесі туралы негізделген  қорытындылар жасап, өндірістік резервтерді  анықтап, басқарушылық шешімдерін қабылдау мүмкін емес.

Факторлық талдау дегеніміз – нәтижелік көрсеткіштер деңгейіне факторлардың әсерін кешенді және жүйелі зерттеудің әдістемесі.

Факторлық талдаудың келесідей  түрлері ажыратылады:

  • детерминирленген (функционалдық) және стохастикалық (корреляциялық);
  • тікелей (дедуктивтік) және кері (индуктивті);
  • бір сатылы және көп сатылы;
  • статикалық және динамикалық;
  • ретроперспективалық және перспективалық.

Детерминирленген  факторлық талдау факторлардың нәтижелік көрсеткішпен байланысы функционалды, яғни факторлар нәтижеге тікелей әсер ететін жағдайларда қолданылады.

Стохастикалық талдау факторлардың нәтижелік көрсеткішпен байланысы толық емес, мүмкін, ықтималды жағдайларда қолданылады.

Тікелей факторлық  талдауда зерттеу дедуктивті әдіспен – жалпыдан жекеге, ол кері факторлық талдауда зерттеу логикалық индукция әдісімен – жеке факторлардан жалпылаушы факторларға қарай жүргізіледі.

Факторлық талдау бір сатылы және көп сатылы болуы мүмкін. Бір сатылы талдау кезінде факторлар жіктелмейді, мысалы, у = а * в. Көп сатылы факторлық талдау барысында а мен в факторлары құрамдас бөліктерге жіктелуі мүмкін, мысалы, а = с *d,  сонда y = c * d * b.

Статикалық факторлық  талдау нәтижелік көрсеткішке факторлардың ықпалын белгілі бір мерзімге анықтауды көрсетсе, динамикалық талдауда себеп салдарлық байланыстар динамикада зерттеледі.

Факторлық талдаудың міндеттері :

  1. зерттелетін көрсеткіштерді талдау үшін факторларды бөліп алу;
  2. факторларды жіктеу мен жүйелеу;
  3. нәтижелік және факторлық көрсеткіштер арасындағы байланыстарды үлгілеу;
  4. нәтижелік көрсеткішке факторлардың әсерін есептеу және оның орнын бағалау;
  5. факторлық үлгімен жұмыс жасау (оны экономикалық үрдістерді басқару үшін пайдалану).

Табиғи-климаттық факторлар ауыл шаруашылығында, орман, балық шаруашылығында шаруашылық қызметінің нәтижесіне елеулі ықпал етеді. Олардың әсерін есепке алу шаруашылық субъектілерінің қызмет нәтижесіне нақты баға беруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік-экономикалық факторларға жұмыскерлердің тұрмыстық жағдайы, кәсіпорындағы мәдени-спорт шараларды ұйымдастыру деңгейі, кадрлардың білім деңгейі, т.б. жатады.  Өндірістік-экономикалық факторлар кәсіпорынның орналасқан жерімен байланысты (жол, байланыс, өткізу нарығы, т.б.).

Шаруашылық қызметінің нәтижесіне әсер ету деңгейі бойынша факторлар  негізгі және қосалқы болып бөлінеді. Негізгі факторлар нәтижелік  көрсеткішке шешуші әсер етеді, ал қосалқы  факторлар шешуші әсер етпейді. Бірақ  бір фактор нақты қалыптасқан  жағдайға байланысты негізгі де, кейде  қосалқы да болуы мүмкін. Сол себепті  көптеген факторлар арасынан негізгісін бөліп ала білуден талдау нәтижесі тәуелді болады.

Экономикалық құбылыстарды зерттеу кезінде ішкі және сыртқы, яғни кәсіпорын қызметінен тәуелді  және тәуелді емес факторлаға бөлу үлкен маңызға ие. Талдау барысында  негізгі назар кәсіпорын әсер ете алатын ішкі факторларға аударылуы  қажет.

Дегенмен, қазіргі өндірістік қатынастардың дамуы жағдайында әр кәсіпорынның қызмет нәтижесі басқа  кәсіпорындардың іс-әрекетінен де тәуелді, мысалы шикізат жеткізудің тұрақтылығы, оның сапасы, бағасы, нарық конъюнктурасы. Бұл факторлар сыртқы болып саналады. Олар зерттеліп отырған ұжымның  әрекетін сипаттамағанымен, оларды зерттеу  ішкі факторларды тереңірек зерттеп, өндірістің ішкі резервтерін толығырақ  анықтауға мүмкіндік береді.

Кесте–2 

Шаруашылық қызметін талдаудағы факторлардың жіктелуі

Жіктеу белгісі

Факторлар тобы

Табиғаты бойынша

Табиғи климаттық

Әлеуметтік – экономикалық

Өндірістік – экономикалық

Нәтижеге әсер ету дәрежесі бойынша

Негізгі

Қосалқы

Зерттеу объектісіне қатысы бойынша

Ішкі

Сыртқы

Зерттеу объектісіне тәуелділігіне  байланысты

Объективті

Субъективті

Әсер ету ұзақтығына байланысты

Тұрақты

Өзгермелі

Әсер ету сипаты бойынша

Экстенсивті

Интенсивті

Бейнелейтін құбылысына байланысты

Сандық

Сапалық

Құрамы бойынша

Қарапайым

Күрделі

Тәуелділік деңгейі бойынша

Бірінші деңгейлі

Екінші деңгейлі, т.с.с.

Әсері есепке алыну мүмкіндігі бойынша

Өлшенетін (есепке алынатын)

Есепке алынбайтын

Таралу деңгейі бойынша

Жалпы

Арнайы


 

Кәсіпорын қызметіне оң баға беру үшін факторларды объективті және субъективті деп ажырату қажет. Объективті факторлар, мысалы табиғи апат, адамдардың әрекеті мен мақсатынан тәуелсіз. Ал субъективті факторлар  заңды және жеке тұлғалардың іс-әрекетінен тәуелді.

Таралу деңгейі бойынша  факторлар жалпы және арнайы болып  бөлінеді. Жалпы факторлар экономиканың барлық салалары үшін ортақ, барлық салаларға  тән факторлар.  Арнайы факторлар  экономиканың жеке саласы не бір кәсіпорын  жағдайында әрекет ететін факторлар. Факторларды  мұндай жіктеу жеке кәсіпорындар мен  өндіріс салаларының ерекшеліктерін толығырақ ескеруге, қызмет нәтижесіне объективті баға беруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ету ұзақтығына байланысты факторлар  тұрақты және өзгермелі болып  бөлінеді. Тұрақты факторлар зерттелетін  құбылысқа үнемі, үздіксіз әсер етеді. Ал өзгермелі факторлардың әсері кезең сайын, уақытша болады, мысалы жаңа техника игеру, жаңа өнім шығару, жаңа технология енгізу, т.б.

Кәсіпорын қызметіне баға беруде факторларды экстенсивті  және интенсивті деп бөлу үлкен мәнге ие. Экстенсивті факторлар өндіріске  пайдаланылатын ресурстар көлемін көбейту-мен байланысты, мысалы өндіріс көлемін егістік ауданын, мал басын, жұмыскерлер санын өсіру жолымен арттыру. Интенсивті факторлар ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарылатумен, еңбек өнімділігін арттырумен байланысты, мысалы дақыл өнімділігін жоғарылату, мал өнімділігін арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату.

Талдау барысында нәтижелік  белгіге әр фактордың әсерін сандық бейнелеу мақсаты қойылса, онда факторларды  алдымен сандық және сапалық, қарапайым  және күрделі, есепке алынатын не есепке алынбайтын деп бөліп алу қажет.

Сандық факторлар құбылыстардың  сандық сипатын бейнелейді (жұмыскерлер, құрал-жабдық саны, егістік алқабы, т.б.), ал сапалық факторлар құбылыстың ішкі сапасын, белгілерін, ерекшеліктерін көрсетеді (еңбек өнімділігі, өнім бағасы, сапа, дақыл өнімділігі, т.б.).

Экономикадағы факторлардың көпшілігі құрамы бойынша күрделі  факторлар, яғни бірнеше элементтерге жіктелетін факторлар, мысалы жылдық еңбек  өнімділігі. Қарапайым факторлар  құрамдас бөліктерге бөлінбейді, тек  бір элементтен тұрады, мысалы жұмыскерлер  саны, жылдағы жұмыс күндері, жұмыс  күнінің ұзақтығы.

Кейбір факторлардың нәтижелік  көрсеткішке әсері сандық бейнеленіп, есептеуге келсе, кейбір факторлардың әсері есепке алуға келмейді, мысалы жұмыскерлердің тұрғын үймен, балалар  бақшасымен қамтамасыз етілуі, кадрлардың дайындық деңгейі, т.б.

 

 

 

Детерминациялық талдаудағы факторлар әдістерін  өлшеу тәсілдері

 

Детерминантталған талдауда жиі кездесетін факторлық модельдердің келесідей түрлері болады:

Аддитивті модель:

Y = ∑ Xi = X1+ X2+X3+...+Xn

Бұл нәтижелі көрсеткіш фкаторлық  көрсткіштің алгебралық сомасн көрсеткенде  қолданылады.

Мультипликативтік модель:

Y = ∏ Xi= X1*X2*X3*…*Xn

Бұл модель нәтижелі көрсеткіш  бірнеше көрсеткішті тындатса қолданылады.

Қысқа модель:

Y= X1/X2

Нәтижелі көрсеткіш бір  факторлық көрсеткшті екінші көрсеткішке  бөлу арқылы алынса, қолданылады.

Аралас  модель:

Y=a+b/c; Y=A/a+c; Y= a*b/c; Y= (a+b)c   т.с.с.

 

Шаруашылық қызметті талдаудағы мультипликативті факторлық жүйені үлгілеу факторларды бөлу арқылы бастапқы факторлардың көбейтіндісі арқылы жүзеге асады. Мысалы, өнім өндірісі көлемінің құрылыу процессін зерттеу барысында мынадай детерминантталған модельді қолдануға болады:

ВП = КР *ГВ;  ВП= КР*Д*ДВ;  ВП=КР*Д*П*СВ.

   Бұл модель мультипликативті факторлық жүйенің нақты бастапқы түрін және комплексті факторлық көбйтінділер арқылы кеңейтулерді көрсетеді. Нақтылау дәрежесі мне модель кеңейтулері зерттеу мақсатына тәуелді, сонымен қатар нақтылау мүмкіншіліктерінен және анықталған көрсеткіштерге тәуелді.

Аддитивті факторлық  жүйені анықтау үшін факторлық көрсеткіштерді құрама элементтердің біреуіне бөлу арқылы анықталады.

Қысқа модель сыныбының өзгерісіне  келесілерді қолданады : ұзарту, формальдық ыдырату, кеңейтулер және қысқартулар.

Формальдық ыдырыу тәсілі бастапқы бір немесе бірнеше факторларды біркелкі көрсеткіштер сомасымен ауыстыр жолымен факторлық модельдің бөлімінің ұзаруы табылады.

Кеңейту әдісі бір немесе бірнеше жаңа көрсеткіштерге алымымен бөлімін көбейту арқылы бастапқы факторлық модельдің кеңейтілуі қарастырылады.

Қысқарту тәсілі бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей көрсеткішке бөлу арқылы жаңа факторлық модельді жасап шығаруды көрсетеді.

 

Детеминирлық  талдауда факторлардың әсер етуін өлшеу  әдістері.

Тізбектік қойылым әдісі. Шаруашылық қызметті талдаудағы маңызды методологиялық сұрақтардың бірі жекелеген факторлардың нәтижелі көрсеткіштердің әсер етуінің көлемін анықтау. Детерминанттық талдауда келесі әдістер қолданылады: тізбектік, индекстік, абсолютті айырмашылық, пропорционалды бөлу, интегралдық әдіс. Алғашқы төрт әдістер элиминирлеу әдісіне негізделеді. Ол дегеніміз нәтижелі көрсеткіштердің біреуінен басқасы, көрсеткіштердің көлеміне әсер ететін барлық факторларды алып тастау, болдырмау, шығару. Бұл әдіс барлық факторлардың бір-біріне байланыссыз өзгеруінен шығады: басында біреуі өзгереді, қалғаны өзгеріссіз қалады, сосын өзгереді екеуі, содан үшеуі тағы басқа, қалғандары өзгеріссіз қалады. Бұл әрбір фактордың  зерттелетін көрсеткіштің көлеміне жекелеген әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Олардың ішінде көбіне универсалыд болып тізбектік әдіс болып табылады. Ол әртүрлі детерминирлық модельдерінде: адитивті, мультипликативті, қысқа және аралас (комбинир-ленген) факторлардың әсер етуін есептеу үшін қолданылады. Бұл әдіс есепті кезеңде нақты көрсеткішіне нәтижелі көрсеткіштің көлеміне әрбәр жеке факлорлық көрсеткіштің базистік көлемін біртіңдеп ауыстыру жолымен жекелеген фактордың нәтижелі көрсеткіштің көлемінің өзгернуіне әсер етуін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мақсатпен бірінші фактордың одан екінші үшінші және сол сияқты, басқалардың өзгермейтіні ескере отырып, нәтижелі көрсеткіштің шартты көлемін анықтайды. Сол немесе басқа факторлардың дәрежесінің өзгеруінің алдында және өзгеруінен кейін нәтижелі көрсеткіштң көлемінің салыстыруы барлық факторлардан біреуінен басқасы эминирлеуге және соңғы фактордың нәтижелі көосеткіштң өсуіне әсер етуне мүмкіндік береді.

Экономикалық талдаудың негіздері