«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

 
 
 
 
 
 

«Экономика және бизнес» факультетінің 1 курс студенттеріне арналған 

«Экономиканы  мемлекеттік реттеу» 

пәні  бойынша дәріс  кешені

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орал 2011ж 
 
 
 

Дәріс 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары.

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.
  2. Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері.
  3. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.
  4. Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі.

   Қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекет, яғни оның атқарушы, заң және тағы басқа органдарының атқаратын рольдері ерекше. Қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық ролі, бұл көптеген ғасырлар өмірінің тәжірибе нәтижесі. Қоғам өмірінің даму жолында мемлекеттің экономикаға ықпал жасау тәсілдері, құралдары әр уақытта өзгеріп, жетілдіріліп, толықтырылып отырады.

    Қазіргі кезде қоғам өмірінің  дамуында экономикалық іс-қимылдар  аясының кеңеюі, ішкі және халықаралық  шаруашылық байланыстарының күрделене  түсуі мемлекеттің экономиканы реттеу ролін күшейте түсуде.

   Қазақ ғалымдары Мамыров Н.К., Ихданов Ж. анықтамалары бойынша,  мемлекеттік ретеу дегеніміз,  бұл макроэкономикалық тұрақтылықты  және тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз  ету мақсаты үшін мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық процестерге әкімшілік, экономикалық, ұйымдастыру-құқықтық араласу түрі.

   Ресей ғалымы Ходов Л.Г. нарықтық  экономика жағдайында экономиканв  мемлекеттік реттеу деген қазіргі  әлеуметтік-экономикалық жүйені  өзгермелі жағдайға бейімдеу  және тұрақты дамыту мақсатында өкілетті мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар іске асыратын тексеру, атқару және заңдылық сипатындағы шаралар жүйесі.

   Ғалымдар көзқарасынан төмендегідей  қорытындылар жасауға болады:

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл белгілі бір процестерді, экономикалық құбылыстарды қолдау немесе олардың іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық жүйеге мемлекеттің ықпал жасауы.
  2. Мемлекет ықпалының мақсаты әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылықты және тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету.
  3. мемлекеттік ықпал әкімшілік, ұйымдық, құқықтық түрдегі тексеру, іске асыру және заңдылық сипатта болатын шаралар жүйелерінен тұрады.
  4. Мемлекеттік ықпал өкілеттігі бар мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады.

  

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілері. 

   Экономиканы мемлекеттік реттеу  объектілері дегеніміз - экономиканың  салалары, аймақтары, сфералары,  сонымен бірге автоматты түрде  өздігінен шешілмейтін немесе  болашақта шешімін табатын, бірақ оларды дер кезінде шешу, экономиканың қалыпты жұмыс жасауына, дамуына және қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты  қамтамасыз етуге себепші болатын мемлекеттің әлеуметтік экономиканың өміріндегі құбылыстары мен жағдайлары.

   Экономиканы мемлекеттік реттеу объектілеріне жататындар:

1. Экономикалық  цикл.

2. Секторлық,  салалық және аймақтық экономиканың  құрылымы.

3. Капиталдың  қорға айналуы.

4. Жұмыспен  қамту.

5. Ақша  айналымы.

6. Төлем  баланысы.

7. Баға.

8. Ғылыми-зерттеу  және тәжірибе конструкторлық жұмыс.

9. Бәсекелестік  жағдай.

10. Әлеуметтік  қатынастар және әлеуметтік қамсыздандыру.

11. Мамндарды  даярлау және қайта даярлау.

12. Қоршаған  орта.

13. Сыртқы  экономикалық байланыстар.

Бұл айтылып  отырған объектілер әлеуметтік-экономикалық дамуда макроэкономикалық және микроэкономикалық қатынастарды қамтиды.

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары, принциптері және тиімділігі.

   Экономиканы мемлекеттік реттеу  мақсаттары мемлекеттік реттеудің  мазмұны мен атқаратын қызметтерінен  көрініс табады. Мемлекеттің экономиканы реттеудегі басты мақсаты қоғамды, яғни әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдай талабына бейімдеу, макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ете отырып, мемлекеттің ішкі, сыртқы байланыстарында құрылымды нығайту. Бұл басты мақсатты орындаудағы, іске асырудағы алғашқы аттану нүктесі болып елдің экономикалық саясатынан туындайтын мақсаттар есептелінеді. Бұл орайда мемлекеттік реттеудің басты бағыттары төмендегідей:

1. Елдің экономикалық  саясаты.

2. Әлеуметтік экономикалық мақсаттар.

3. Халық шаруашылығының  басым бағыттары.

4. Барлық ресурстарды  тиімді пайдалану саясаты.

5. Ішкі  экономикалық және әлеуметтік  саясат.

6. Сыртқы  экономикалық саясат.   

Осы негізде  мемлекеттік реттеудің мақсаттарын 3 топқа бөлуге болады:

  1. Экономиканы тұрақтандыру: экономиканың қаржылық сауықтандырылуы және ақша айналымының тұрақтандырылуы, тұтыну нарығын жақсарту, өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, шаруашылық байланыстарын нығайту және дамыту.
  2. Шаруашылық жүргізудің тиімді механизмін құру: меншік қатынастарын өзгерту, еркін кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету, бәсекелестіктің дамуын қамтамасыз ету, қаржы-несие жүйесін қайта құру және дамуын жетілдіру.
  3. Нарықтық экономика негіздерін қалыптастыру: нарық инфрақұрылымдарын құру және қалыптастыру, тұтыну тауарлары мен қызметтерінің нарығын құру, өндіріс заттарының нарығын құру, ауыл шаруашылық өнімдерінің нарығын құру, еңбек нарығын құру,тұрғын үй нарығын қалыптастыру, қаржы нарығын қалыптастыру.

   Экономикаға, әлеуметтік жүйеге мақсатты ықпал жасауда мемлекеттік реттеу құралдары тиімді және ұтымды болуы үшін, мақсаттарды жалпы экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық-аймақтық, ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді деп бөледі.

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Дәріс 2. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері 

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының мәні.
  2. Әлеуметтік – экономикалық дамудың маңызды басымдықтары.
  3. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру қағидалары.
 

     Бұдан 225 жыл бұрын  (1776 ж) Адам Смиттің  «Халықтар байлығының табиғаты мен  себептерін зерттеу» еңбегі жарық көрді, онда ол «мейлі бәрі өзінше жүрсін»  тезисін жариялады. Мемлекет нарықтық экономикаға араласпауы керек, бірақ  ол «түнгі қарауылдың» рөлін атқарып, жалпы тәртіптілікті қамтамасыз етеді. Бұл уақыттың ішінде мемлекеттің рөліне әлденеше рет теориялық көзқарастар мен тұжырымдар өзгерген болатын. Джон Мейнрад Кейнс 1936 жылы шыққан өзінің «Еңбекпен қамту, өсім мен ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігін айтты.

     Ол  экономикалық дағдарысты жаппай жұмыссыздықтың тууын ескеріп отыруы қажет. Алайда мемлекет Дж Кейнстің кеңесін тыңдай отырып, экономикалық қызметтерден бас  көтере алмай, жаңа міндеттер шеше алмады. Батыс елдерінде 70- ші жылдардың ортасында тағы да экономикалық дағдарыстап лап ете қалды. Осы толқынның арқасында ДЖ. Кейнстің көзқарасын жоққа шығаратын тұжырымдар пайда бола бастады. Олар нарықтық экономикаға мемлекеттік араласпау идеясын дәріптеді.

     Бұл тұжырымдар «неоклассикалық» («неолибералдық») деп аталды. Оның авторлары неміс  экономисі Фридрих Август фон  Хайек (1899 – 1984 жж) пен американ экономисі  Милтон Фридмен (1912 ж) және басқалары  болды.

     Нарықтық  экономикаға мемлекеттің рөлі жайлы  аралас экономиканы жақтайтындар басқа тұжырымда болды.

     Американ  экономисі Дж. Гэлбрейт (1980 ж) «салмақтылық»  күш теориясын ұсынды. Оның айтуынша еркін нарықтық экономикада реттеу  механизмі жоқ, ал оның  орнын  «салмақтылық» күш ауыстырып, монополияға  қарсылық білдіреді және олардың қысымын басып отырады. Дж Гэлбрейт «салмақтылық» күшке алдыменен мемлекетті жатқызады. Мемлекеттің аласуының басты мақсаты – экономиканың дұрыс қызмет атқаруы, дағдарысқа қарсы бағдарламалар, әлеуметтік инвестициялау: мектеп, аурухана тұрғын үй, жол салу және қауқары төмен аудандарға көмек жасау болмақ.

     Әлеуметтік  – экономикалық дамудың  маңызды  басымдықтарын айқындау үшін Елбасы  «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасын  жүйеге енгізген болатын.

     1997 жылдың қараша айындағы Елбасының  Қазақстан халқына жолдауында  өтпелі кезеңдегі әлеуметтік  – экономикалық дамудың  қорытындылары  шығарылып, тежеуші факторлары  айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге  асыруға көзделген жеті ұзақ  мерзімді басымдықтағы мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілген болатын.

     Қойылға мақсаттарға жету үшін мынадай үш кезеңде болуы қажет:

  • 1998 – 2000 жылдар;
  • 2001 – 2010 жылдар;
  • 2011 – 2030 жылдар;

     Бұл ұзақ мерзімді басымдылықта Қазақстан  республикасы Президенті: «Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік – нарықтық экономиканы құрудамыз» деп тағы да атап көрсетті. 21 – ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты:

  • әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;
  • басқарудың тиімділігін арттыру;
  • өндіріс секторына несие беру;
  • экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;
  • аймақтық диспропорцияларды жою;

     Қазақстан Республикасының аталған әлеуметтік – экономикалық дамудың басымдықтарына қысқаша тоқталып өтейік.

      Елбасы  әлеуметтік ахуалды жақсарту деп  – ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Үкімет қазіргі кезде жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда. Жұмыспен қамту мәселесін  шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді.

      Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді  кеңейтуге, негізделген өзгерістерді құруға және дамытуға ат салысуы қажеттілігі  көзделді. Елбасы: «Балтық елдерінде шағын және орта бизнестің әжептәуір дамуында үлкен тәжірибе жинақталғанын көрсетеді. Осы елдерде бюджет кірістерінің жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемдік нарықта ауытқуларға төменгі деңгейіне тәуелді болады.» деп айтқан болатын.

      Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі басымдықтары біздің экономикамыздың  шикізаттық бағдарын өзгерту болып  табылады.

      Мұнай  өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу және мұнай өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды. Бұл тек өнеркәсіптің шикізат бағдарын жоюдың бірқатар жолдары.

      Осы жұмыстың негізгісі – бәсекеге қабілетті  баға мен технологиялық сапаны қамтамасыз ету. Сонымен қатар мынадай міндеттер қойылады: бәсекеге қабілетті өңдеу өнеркәсібін құру.

      Экономикалық  саясаттың тағы бір бағыты аймақтардың  дамуындағы диспропорциялар, әсіресе  оңтүстік пен солтүстік аудандардағы диспропорциялар оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда  жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша халықтың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорциялардың салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.

      Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа созылған эволюцияның жемісі, бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды. Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері мен тәсілдерін жасауда дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар, әсіресе 1929 – 1933 жылғы «ұлы депрессия» аталған әлемдік экономикалық дағдарыс ерекше рөл атқарды.

  •  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Дәріс 3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі 

1.Экономиканы  мемлекеттік реттеуді  ұйымдастырудың маңызды теориялық проблемасы – мультипликаторды таңдауды негіздеу.

2.Мемлекеттің  экономикалық қызметтерінің  құқықтық негізбен  қамтамасыз етілуі.

3. Шетел мемлекеттеріндегі  экономиканы мемлекеттік  реттеу үлгілері. 

1.Экономиканы  мемлекеттік реттеуді  ұйымдастырудың маңызды теориялық проблемасы – мультипликаторды таңдауды негіздеу.

  Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың маңызды теориялық проблемасы –  мультипликаторды таңдауды негіздеу.

      Біздің  мемлекеттің Конституциясында: «Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет және өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады», деп атап көрсетілген.

      Қазақстан Республикасының Конституциясы  мемлекеттің Негізгі Заңы ретінде  төмендегіге қатысты негізгі  ережелерді бекітеді:

  • республиканың мемлекеттілігін;
  • басқару нысаны;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілердің өзара қатынастарының тәсілдерін
  • адамдар мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін.

Мемлекеттік құрылғы құрылымында мемлекеттік  билікті заңдық, атқарушылық және соттық бөлулер деп бар екенін атап өтеді.

     Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің  ішкі және сыртқы саясатының негізгі  бағытын анықтайтын және Қазақстанды  ел ішінде халықаралық қатынастарда таныстыратын мемлекет басшысы және оның лауазымды тұлғасы болып табылады.

     Заңдық  қызметтерді жүзеге асыратын жоғары өкілетті орган, сенат пен мәжілістен тұратын парламент болып табылады.

     Заң шығарушы билік экономиканы басқару  тетігінің негізі болып табылатын  заң актілерін әзірлейді және қабылдайды.

            Үкімет республикада атқарушы органдар жүйесін басқарады  және оның қызметіне жетекшілік етеді. Өзінің барлық қызметімен ол президен алдында жауапты, сондай –ақ парламент  алдында жауап береді. Экономиканы  реттеу аясында үкіметтің міндеті  – елдің барлық азаматтарының игілігі үшін, экономиканың дағдарыссыз және тиімді дамуы үшін жағдай тудыру.

            Премьер министрдің міндетіне салалық министрліктер  мен ведомстваларды басқару және бағыттау енеді.  Сот билігі биліктің заң органдарымен қабылданған заңдардың қатаң сақталуын қадағалайды. Ол Жоғары сот және Конституциялық Кеңесті жүзеге асырады. Елдегі экономикалық жағдайыға жауапты, маңызды органдардың қатарына: Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, елдің Ұлттық банкі жатады.  

2.Мемлекеттің экономикалық қызметтерінің құқықтық негізбен қамтамасыз етілуі.

  Мемлекеттің экономикалық қызметтерінің құқықтық негізбен қамтамасыз етілуі.

     Әлеуметтік  экономикалық дамудың шешімін қабылдау барысында негізделуі көрсеткіштердің  әдістері:

    • экономиканың математикалық, құрылымдық логикалық модельдері;
    • келешектегі экономикалық көрсеткіштердің баланстық және факторлық әдістері;
    • «мақсат ағашы» құралын пайдаланумен әлеуметтік экономикалық дамуды мақсатты белгілеудің әдістерін әзірлеу;
    • әлеуметтік экономикалық даму түрлерінің оңтайлы әдістері және осы негізде мемлекет тарапынан басымды қолдау бағытын айқындау;
    • салааралық баланс келешектегі экономиканың салалық құрылымының негіздеме құралы ретінде;
    • аймақаралық байланыстарды ұтымды қамтамасыз етудің баланстық әдісі.
 

3. Шетел мемлекеттеріндегі экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілері.

   Алдымен айта кетерлiк жағдай, басқа елдердегi мемлекеттiк реттеу  тәжiрибесiн оқып үйрену және  ғылыми қорытындылау мақсаты,  оны бiздiң әлеуметтiк –экономикалық  жағдайымызға өзгертпей көшiрiп алу емес. Бұл келесi объективтi сипаттағы себептерге байланысты мүмкiн емес:

    1. республика басқа елдердегi саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтiк –демографиялық, этно- мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленедi;
    2. қазiргi Қазақстан жағдайында бiз ұлттық экономиканы құру процесiндемiз және де әлемдiк экономикалық тарихта әкiмшiлiк –жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бiзге ұқсас ешбiр ел жоқ;
    3. басқару жүйесi мен шаруашылықта негiзгi өзгерiстер белгiлi бiр себептерге байланысты тиiстi негiздеусiз жүргiзiледi және “революциялық” көрiнiс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттiк реттеу шаралары олардың эвалюциялық даму “нәтижесi” болып табылады.

   Бiрақ та шет елдер тәжiрибесiн  ғылыми қорытындылау қажеттiгi  келесi жағдайлар бойынша түсiндiрiледi: бiрiншiден, экономиканы мемлекеттiк реттеудiң қағидалары мен жүйесiнiң тұжырымдамалы негiзiн, түбiрiн анықтауға мүмкiндiк туады, екiншiден аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкiндiгi туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттiк реттеудiң механизмдерiн “түйiстiруге” мүмкiндiк жасайды, үшiншiден, мұндай толықтыру мемлекеттiк реттеудiң нәтижелерiн салыстырып талдауға мүмкiндiк бередi және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдiк шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерiн ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

     Әлеуметтiк – экономикалық процестерге  мемлекеттiң араласу тәжiрибесiн  үйренуден шығатын қорытынды  – көптеген алдынғы қатарлы  елдерде экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi құралдары ретiнде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, iшкi және оларға сәйкес факторлардың бiртiндеп шиеленiсуi, мемлекет тек ғылыми негiзделген экономикалық мақсаттарға жетуде, арқашан тарихи жағдайды ескерудi талап етедi. Американдық iрi экономист П.Самуэльсон көрсеткендей, мұндай зерттеулерсiз “күннен – күнге өсiп отырған қиыншылықтар мен әлеуметтiк өзгерiстерге эвалюциялық жолмен икемделе алмайтын экономикалық жүйелерге, қазiргi кезде қаншалықты мықты болғаныменен, бара- бара күйреу қатерi туындайды, өйткенi ғылым мен техника экономикалық өрiстiң табиғи дамуын үздiксiз өзгертiп отырады” [32,153 – б.]. Басқаша айтқанда, дәл бiздiң экономика сияқты, “әлсiз экономикалық жүйеге”, барлық туындайтын қиындықтарға “эвалюциялық жолмен қажеттiлiгi” үздiксiз ғылыми – техникалық процесс салдарынан туындайды.

      “Ұлы дағдарыс”  жылдары (20-жылдардың  аяғы мен 30 жылдардың басы) алдыңғы  қатарлы капиталистiк елдердiң нарықтық экономиканың өзiн - өзi толық реттей алмайтындығына көзерi жеттi және де туындаған қиындықтарда уақытында шешу тек  әлеуметтiк – экономикалық өмiрге мемлекеттiң белсендi араласуымен ғана жүзеге асатынын түсiндi. Бұл ақиқатты мойындау елдегi экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн ресми мемлекеттiк ұйымдардың ресми ұстанымдарынан көрiнiс тапты. АҚШ-тағы “жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңға” сәйкес (1946ж.) құрылған Президенттiк экономикалық Кеңесi осы заңның талаптары бойынша барынша өндiрiстi толық қолдап, жұмысбастылықты, халықтың тұтынушылық қабiлетiн сақтай отырып, мемлекеттiк монополистiк реттеумен айналысты. 60-жылдардың соныңда аталған Кеңеске мiндет ретiнде экономикада ұлттық басымдылықтарды анықтау, ұзақ мерзiмдiк болжау мен бағдарламалар жасау әдiстерi әзiрле жүктелiндi.

      Капиталистiк елдерде бағдарламалаудың  алғашқы кезеңдерiнде экономиканы  басқарудың салааралық қағидасы  қолданылды. Францияда, Швецияда, ФРГ  және т.б. мемлекеттерде дайындалған  салааралық бағдарламалар барлық шешушi экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200 –ге жуық болды. Бұлардың iшiнде энергияны үнемдеу, космостық зертеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттiк шараларды қажет еттi. Сондықтан АҚШ-та 20-жыл бұрын орталық экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиiстi аймақтық Комиссияның мiндетi бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерiн шешу болып табылған. Бұл тәжiрибе бiздiң жағдайға пайдалы болар едi. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерiн тиiмдi шешу жолдарын кейiнге қалдырады.

       Францияда, Жапонияда, Түркияда  және т.б. елдерге ағымдағы, орта  мерзiмдегi жоспарлаудың ғылыми-әдiстемелiк  және ұйымдастырушылық  мәселелерiн  арнайы мемлекеттiк органдар шешедi. Францияда бұл қызметтi Жоспарлау  бойынша бас Комиссариат жүргезедi. Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешендi даму  департаментi және т.б. жүргiзедi. Ұзақ мерзмдiк экономикалық даму және күрделi жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндiрiстiң аймақтық орналасуының ұзақ мерзiмдiк мақсаттарын белгiлеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады [13,143-б.].

      Түркияда орта мерзiмдi жоспарлау  1963 – 1967 жж. бiрiншi бесжылдық жоспардан  басталып, жүйелi түрде жоспарлау  уақытының мiндеттерiне байланысты  жүзеге асырылуда. Осыдан алтыншы бесжылдық жоспарда (1988-1992 жж.) нарықтық жүйенiң дамыған күйiн ескерiп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткiштерiн нақтылауға көп көңiл бөлiндi.

        Германияда экономиканы реттеу  бiраз басқаша, мұнда көбiнесе  бәсекелестiктi қорғауға, мемлекеттiң антимонополиялық және бақылау қызметiн нығайтуға, нарықтықтағы iрi кәсiпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтiк қызметiн кеңейтуге көңiл бөлiнуде.

       Реттеушi органдарының басты мiндеттерiнiң бiрi  аймақтардың үйлесiмдi кешендi дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргiзiлген реформалардың нәтижесiнде аймақтық шаруашылық жүйесiн басқару иерархиясының үш деңгейiнiң функциялары ажыратылғын (коммуналар, департаменттер және аймақтар). Ал департамент құрамына кiретiн кантондар мен аудандардың өзiндiк даму мәселелерiн шешуде құқықтық және ұйымдастырушылық тәуелсiздiгi жоқ.

       Халық шаруашылығында аймақтық  мәселелер мен оларды салалық  экономикамен үйлесiмдi байланыстыруға  Швецияның, Англияның, Германияның,Оңтүстiк Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегi елдердiң көптеген үкiметтiк шешiмдерi арналған. Бұл шешiмдегi басты ой, жергiлiктi билiк органдары өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын жүргiзе отырып жалпы мемлекеттiк және макроэкономикалық мақсатқа жету.

        Көптеген елдердiң жоспарлау тәжiрибесiн  қорытындылай келiп, американдық  маркентинг маманы Мелвилл Бранч  маркентинг қызметiн жетiлдiрудiң  бiрнеше қолайлы жақтарын ы  салалық экономикамен үйлесiмдi байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның,Оңтүстiк Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегi елдердiң көптеген үкiметтiк шешiмдерi арналған. Бұл шешiмдегi басты ой, жергiлiктi билiк органдары өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын жүргiзе отырып жалпы мемлекеттiк және макроэкономикалық мақсатқа жету.

        Көптеген елдердiң жоспарлау тәжiрибесiн  қорытындылай келiп, американдық  маркентинг маманы Мелвилл Бранч  маркентинг қызметiн жетiлдiрудiң  бiрнеше қолайлы жақтарын бөледi. Соның iшiнде, жоспарлау: 

  1. басшылардың үнемi болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкiндiк бередi;
  2. мемлекеттiк және шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қолданылатын шараларды үйлестiредi;
  3. көрсеткiштердi анықтау және олардың орындалуын қадағалауға жол ашады;
  4. алдағы мәселелердiң және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етедi;
  5. шұғыл өзгерiстерге дайынықты күшейтедi;
  6. барлық қызметкерлерiнiң мiндеттерiнiң  өзара байланыста, қарым-қатынаста екенiн көрсетедi.
«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені