Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................3
І – тарау. Ақша туралы
теориялық аспектілері және электрон-
дық ақшалар
1.1 Ақшаның пайда болуы,
оның түрлері..................................................6
1.2 Электрондық ақшалар............................................................................11
І І – тарау.
Ақша айналысы заңы, электрондық технологиялар
2.1 Ақша айналысы заңы
және мәні..........................................................15
2.2 Электрондық технологиялар................................................................19
І І І – тарау.
Пайдалану нысандары
3.1 Қазақстанның ұлттық
валютасы – теңге.............................................25
3.2 Қазақстан Республикасында
«Электрондық ақшаның» дамуы........27
Қорытынды................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................31
Қосымшалар...............................................................................................32
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың негізгі
мақсаты элетронды ақшаның түсінігі
мен оларды пайдалану нысандары
теориялық аспектілер беріп, қазіргі
экономикалық құбылыстарды бақылап, электронды
ақшаны жан-жағынан - қазіргі және болашақтағы
позицияларынан қарастыру.Менің ойымша,
электронды ақшаның және жалпы ақша
дегеннің экономикалық мәнін бағалау
өте қиын. Оның маңыздылығы мен
функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың
механизмін және де оған электронды
ақшаның әсерін танып білу мүмкін
емес. Егер де сіздер «экономиканың» не
екенін және онда болып жатқан процестердің
қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе,
ең алдымен ақшаның мазмұнын және
функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың
білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық
проблемаларға басқаша көзқараспен
қарауға мүмкіндік береді. Мен
бұл курстық жұмыстың І – тараудың
1.1 бөлімінде ақшаның шығу тарихы,
оның түрлері, қызметі және қажеттілігі
туралы қарастырған болатынмын. Енді,
ақша дегеніміз не деген сұраққа
келетін болсақ, Ақша – жалпы
бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда
барлық басқа тауардың құны бейнеленеді
және оның делдал ретінде қатысуыменен
тауар өндірушілер арасында еңбек
өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала
береді. Құнның ақшалай нысанының
бекуімен байланысты баға пайда болады.
Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның
құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы
мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді.
Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді
де туғызған емес. Ақшаның пайда болу тарихына
үңілетін болсақ, түп тамыры ерте кезеңдерде
жатыр және де ол бірден біз білетін қағаз,
монета түрінде шыққан жоқ. Ақша ірі еңбек
бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың
бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас
құралына айналды. Ал, одан кейінгі кезеңдерде
өмір сүрген Гомердің көне Троя батырлары
туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде
пайдаланғаны жайлы айтылады. Келе-келе
басқа да ақша түрлері дами келді, олар
металл ақша, қағаз ақша, электронды ақша
және тағы басқадай түрлері. Ең бірінші
метал ақша, біздің заманымыздан бұрынғы,
үшінші ғасырда Римде басылған. Ең бірінші
қағаз ақша ХІ-ғасырда Қытайда шықты. Содан
кейін VІІ-ғасырдың аяғыңда Солтүстік
Америкада, ал ХVІІІ-ғасырдың аяғында,
ХІХ-ғасырдың басында Англияда шығарылған.
Ресейде 1769 жылы "ассигнация" деп
аталатын қағаз ақша шығарылды. Қағаз
ақшалар алтынға, не күміске айырбасталынбайды
және оны үкімет тек мемлекеттік бюджеттің
тапшылығын жабу үшін ғана шығарады. Ақшаның
өмір сүруіндегі объективті қажеттілік
ол тауар өндірісі және тауар айналысының
болуына негізделеді. Кез келген тауар
айналысында ақша айырбас құралы болып
табылады. Тауар және ақша бір-бірінен
бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда
тауар айналысы да болмайды. Бірақ XIX ғ.
Социал утопистері – Прудон, Оуэн, Грен
және басқалар ақшаға теріс көзқараста
болды. Прудон тауар өндірісін сақтай
отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды
және оны дәлелдемек болды. Шыңдығында
мұның бәрі сәтсіз аяқталды және де К.
Маркс былай деді: ақшаларды жоя отырып,
біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында
(коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе
ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа)
қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм
– ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар
бар және бола береді. Ақшамен байланысты
экономикалық қатынастар дами келе электронды
ақша пайда болды. Бұл туралы І – тараудың 1.2 бөліміне
Электронды ақшаға түсініктеме беретін
болсақ, электрондық ақша - электрондық
құрылғыда сақталатын және төлемдік және
басқа да міндеттемелерді орындау мақсатында
электрондық құралдар (байланыс арналары)
арқылы бір құрылғыдан екіншісіне беріле
алатын ақшалай құнды білдіреді. Әлемдік
практикада қолданылатын тасымалдауышына
байланысты электрондық ақшаның екі түрі
ерекшеленеді: Оның біріншісі – карточкалар
негізіндегі электрондық ақша (card-based).
Бұл жағдайда электрондық ақша карточкалар
негізінде іске асырылған өнімді (микропроцессорлық
карточка) білдіреді, яғни иесіне (пайдаланушыға)
қолжетімді “ақша туралы” не ақшалай
құн туралы ақпарат карточкаға кіріктірілген
микропроцессорлық чипте сақталады және
оның құны, әдетте, карточканың есептеуіш
құрылғыға қосылған кезінде беріледі.
Карточкалар негізіндегі электрондық
ақша санатына әлемнің түрлі елдерінде
құрылған, GeldCarte (Германия), Proton (Бельгия),
Chіp knіp (Нидерланд), Cash Card (Швеция), Quіck (Австрия),
eNETS (Сингапур), Mondex (MasterCard) және VІSA CASH (VІSA)
сияқты жүйелер жатқызылады. Екіншісі
желілер негізіндегі электрондық ақша
(network – based) немесе “желілік ақша”. “Электрондық
ақшаның” бұл түрі телекоммуникациялық
желі (Интернет) арқылы ақшалай құнды электрондық
сақтау және электрондық ақшаны (эмитенттің
электрондық міндеттемелерін) беруді
жүзеге асыру үшін компьютерде (компьютердің
қатты дискісі) орнатылған арнайы бағдарламалық
қамтамасыз етуді пайдаланатын желілік
өнімді білдіреді. Желілер негізіндегі
электрондық ақшаға электрондық ақшаның
мынадай жүйелерін жатқызуға болады –
Paypal (АҚШ), WebMoney (Ресей), Яndex. Ақша (Ресей).
І І – тарау 2.1 бөлімінде
Ақша айналысы заңының мәні туралы айтылып
кеткен, яғни бұл – ақшаның айналыс
құралы қызметін орындауы үшін қажетті
ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының
қосындысын бір аттас ақша төлемінің айналым
санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге
теңесуі керек.Ақша тек айналыс құралы
ғана емес, сонымен бірге төлем құралы
қызметін де атқаратындықтан айналысқа
қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан
тауарлар сомасына байланысты азаяды.
Қарыз міндеттемелерінің бірсыпыра қолма-қол
ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни
олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін
өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп
несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне
кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым
көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа
соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа,
айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша
мөлшері шаруашылықтың және халықтың
тұрақты ақша қорын құрайды.І – тарау 2.2 бөлімінде
Интернеттің онлайндық және офлайндық
режимінде төлемдерді жүзеге асыруда
жаңа және дәстүрлі электрондық
төлем жүйелеріне деген сұраныс пен
қызығушылықтың артуының бірқатар
себептері аталып кетеді. Осындай себетерге
келесілер жатады:1) Жаһандану. Әлемнің
түкпір –түкпіріндегі өзара саудада
қажет іскер адамдар мен клиенттердің
саны өсуде.2) Ақша нарығындағы бәсекелестіктің
өсуі. Бәсекелестіктің өсуі ақша нарығына
кірудегі реттеуші кедергілердің
төмендеуімен, банкілік емес институттардағы
төлем қызметінің белсенділігімен
түсіндіріледі. Сондықтан банкілік
емес институттар өздерінің қаржылық
қызметінің аясын кеңейтіп, шығындарды
азайтудың жолдарын іздестіруді жалғастырады.
Нәтижесінде банкілер және басқа да
қаржылық институттар төмендетпелі
маржа жағдайында бұдан шығар жолды тапты.3)
Онлайндық сауданың елеулі өсімі.
Фирмалық көтерме сауда секторында,
клиенттің бөлшек сауда секторында
да электрондық коммерцияның дамуы
қауіпсіз әрі ыңғайлы он – лайндық төлем
әдістеріне деген сұранысты арттырады.Ал
І І І – тараудың 3.1 бөлімі мазмұны Қазақстанның
ұлттық валютасы – теңгеге арнауды жөн
көрдім. Теңгенің алғашқы банкоталарын
полиграфиялық дайындауды «Харрисон және
ұлдары» фирмасы Негізінен, теңгенің он
жылдық тарихын мынандай кезеңдерге бөлуге
болады:1-кезең. Инфляцияны
ауыздықтау, ұлттық валютаның және және
қаржы рыноктарының қалыптасуы (1993-1996
жылдар).2-кезең. Экономиканы
тұрақтандыруға қол жеткізу және банк
жүйесін жедел түрде реформалау (1997-1999
жылдар)3-кезең. Экономиканың
тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды
дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық
стандарттарға көше бастауы (2000 жылдан
бастап).І І І – тарау 3.2 бөлімі мазмұнында
- жуық арада төл теңгеміздің, яғни ақшаның
екінші түрі қолданысқа енетін болады.
Бірақ ол ақша қағаз түрінде емес, оны
қолма-қол жұмсай алмайсыз. Өйткені ол
- ақшаның электронды нұсқасы болып табылады.
2010 жылдың ақпан айының 2-сінде Ұлттық
банк мамандары Мәжіліс депутаттарына
“Электронды ақша туралы” заң жобасын
таныстырды. Осы заңға сәйкес, кез-келген
азамат өз еркімен екінші деңгейлі банктерге
барып, электронды есеп-шот ашады. Оны
“электронды әмиян” десеңіз де болады.
Содан соң осы әмияныңызға өз шамаңыз
жеткенше, қалауыңыз бойынша керекті қаржыңызды
салып қоясыз. Содан кейін интернет арқылы
сатылатын тауарларға үйіңізде немесе
жұмысыңызда отырып-ақ тапсырыс беріп
есептесе аласыз. Электрондық ақшаны оның
иелері (жеке тұлғалар) Интернетте онлайндық
сатып алуды жасауға және сауда ұйымдарынан
және эмитент банктермен олар шығаратын
электрондық ақшаны қабылдау бойынша
тиісті келісімдері бар өзге де кәсіпкерлік
субъектілерінен өзге де сауда операцияларын
жасауға пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ
электрондық ақшаны жеке тұлғалар белгілі
бір электрондық ақша жүйесінің шеңберінде
басқа пайдаланушыларға – жеке тұлғаларға
аудару үшін пайдалана алады.
І – тарау. Ақша
туралы теорялық аспектілері және электронды
ақша
1.1 Ақшаның пайда болуы,
оның түрлері.Ақша ежелгі заманда
пайда болды. Олар тауар өндірісінің
дамуындағы бірден-бір шарт және өнім
болып табылады. Тауар – бұл сату немесе
айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін
жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің
өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі
қоғамдық қатынастарын тудыра отырып,
тауар формасын қабылдайды. Заттардың
тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы
объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ
кез келген зат тауар бола алмайды. Егер
(нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны
өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам
тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға
кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай
бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені
оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан
да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу
құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне
қатынасы бойынша айырбас құны ретінде
көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен
бөлініп шыққан және олармен бірге өз
бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну
құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын
түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру
жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар
бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде
бір-бірін табады және өзара бір-біріне
ауысады. Тауар айналысының тарихи эволюциялық
даму процесінде жалпы құндық эквивалент
немесе ресімделінбеген ақша формасын,
әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы
шаруашылық уклад өз эквивалентін алға
тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі
уақыттарда және әр түрлі халықтарда
бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды.
Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің
нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп
шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына
айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық
жағдайларға байланысты нақты сол ортада
айырбас құралы болды. Гомердің көне Троя
батырлары туралы поэмасында өгізді құн
өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады.
Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларды
«өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып
жүрді. Латынның сөзі «пекуния» (ақш»)
«пекус» («мал») сөзінен шыққан. «Руна»
(«мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің
атауы «рупия» негізінде жатыр. Ежелгі
Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан
кейін де «мал» деген атауға ие болды.
Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген «біздің
жинаған малдармыз: ерлерден 4 кун, старостылардан
10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады».
Ол кездегі қазынашы «малшы»,
қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын
орын» деп аталынды. [Қ.К. Кеулімжанов,
З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенова, А.Ә.
Жантаева «Қаржылық есеп», – Қарағанды,
2001 ж.]Солтүстік халықтары ең бірінші тауар
ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды.
Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр
түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың,
аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері
Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері
Солтүстік Америка халықтарында жалпы
құндық эквивалент ретінде қолданылды.
Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және
Памир аудандарында кең көлемде таралды.
Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен,
Византиямен сауда-саттық жасауы барысында
жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі
Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні
болып саналды. Әлемде әр түрлі «экзотикалық»
ақшалар болған. Кародин аралдары тобына
кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи
ақша айналысында қызмет етеді. Олардың
формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып,
диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай
«монеталардың» диаметрі бірнеше метрге,
ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда
мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы
феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп,
өзінің белгісін соғады. Юлий Цезарь патшалығының
тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды.
Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты
бұзау, он екі қойға теңестірілді. Бара
бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің
өсуіне байланысты, жалпыға бірдей баламаның
маңызын бір текті, оңай бөлшектенетін,
сақтағанда бұзылмайтың тасымалдауға
қолайлы тауардың орындауы керек болды.
Осының салдарында өмірге кесектелген
қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді,
Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде,
кесек металл ақшаның орнына, металдан
дайындалған монеталар пайда болды, оның
ішінде алтын ақша да бар. Бұл ақшаның
кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті
деректер (мемлекеттің аты, гербісі, басылған
жылы, тағы басқалар) басылатын. Бұл сол
кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды.
[Ғ.С.Сейтқасымов. “Ақша, несие, банктер”,
– Алматы: Экономика, 2001 ж]Ақшаның өмір
сүруіндегі объективті қажеттілік ол
тауар өндірісі және тауар айналысының
болуына негізделеді. Кез келген тауар
айналысында ақша айырбас құралы болып
табылады. Тауар және ақша бір-бірінен
бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда
тауар айналысы да болмайды. Бірақ IXV ғасырдың
басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің
негізін қалаушы Томас Моор өзінің «Жаңа
Утопия аралы және кітап» деген еңбегінде
«Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң
тәртібімен қатаң жазалатынын кім білмейді,
әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу
мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай,
олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның
жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы,
қайғысы, қиыңшылықтары және ұйқысыз түндері
де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен
алысталынатын болса, онда тіпті ақша
қажеттілігінен туған кедейліктің өзі
де жоғалар еді». Ол аздай Т. Моор тағы
былай деді: «Қай жерде болсын барлық нәрсені
ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол
жерде мемлекеттік істердің табысты және
дұрыс ағысының болуы мүмкін емес». XIXғ.
Социал утопистері – Прудон, Оуэн, Грен
және басқалар ақшаға теріс көзқараста
болды. Прудон тауар өндірісін сақтай
отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды
және оны дәлелдемек болды. Мұндай ойлар
Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан
кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның
құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны
жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған
алып келді деген тұжырымдар пайда бола
бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық
өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға
тырысты. Шыңдығында, мұның бәрі сәтсіз
аяқталды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына
еңбек бірліктері - тредаларды, ал ағылшын
экономисі Смит Фальтнер энергетикалық
бірліктерді – энедаларды ұсынды. Осыған
байланысты К. Маркс былай деді: ақшаларды
жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары
сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін
немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық
құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен
де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша
болған, олар бар және бола береді. [Я. А.
Дободиной “ Денежное обращение” финансы.
ЮНИТИ, 1999]
Ақшаның қызметі: құн өлшеуші;
айналыс құралы; төлем құралы; қазына
жинау; дүниежүзілік ақшалар болып
табылады. Жалпы, ақшаның қызметі
туралы толығырақ, сіздер, осы курстық
жұмыстың келесі тарауында танысасыздар.
Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас
жасау да мүмкін емес. Бұл деген
сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың
(еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы,
болмайтындығы. Қазіргі экономиканың
барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық
ақшаны «туғызды», ал сауда болса
– адамдардың ең байырғы қызметінің
бірі болғандықтан, ақшаның пайда
болу тамыры да сол кезеңге кетеді.
Әрине, ақшаның түрі де мыңдаған жылдар
ішінде талай рет өзгерген. Ақшаның
жалпыға бірдей эквивалент ретінде
мынадай ерекшеліктері бар:
- ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
- онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
- тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы
бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та
тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші
қоғамға бір қажетсіз тауарды
шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға
айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну
құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де,
оның мүшелерінің қажетін де қана-ғаттандыра
алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті
қанағаттандырса, ол тез арада өтіп
кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар
мен ақша арасындағы әрі бір-лік,
әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі.
Қазіргі рынок қатынасында бұл
заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша
тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық
қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес,
адамдардың арасын-дағы өндірістік қатынас.[В.
Д. Мелинков “ Основа финансов ”, - Алматы,
2005 ж]
Ең бірінші метал ақша,
біздің заманымыздан бұрынғы, үшінші ғасырда
Римде басылған, ал біздің заманымыздан
бұрынғы 7-8 ғасырларда, Мидия мемлекетіңде
және Ежелгі Грецияда басылған. Басқа,
Европа елдерінде және Ресейде өз
металл ақшасын басу, ІХ-Х ғасырларда
басталған. Сөйтіп, металдан жасалған
ақша өте ұзақ өмір сүрген. Мысалы, Ресейде,
5-10 сомдық алтын ақша, бірінші империалистік
соғыс басталғанға дейін қолданылған.
Алтын ақшаның жеке өзіндік құны
бар. Сондықтан ол ешуақытта, тіпті
инфляция кезінде де құнсызданбайды.
Осыған байланысты алтын ақша өз бетімен
айналымға қанша керек екенін
шамалай алады. Егер айналыстағы
алтын ақша, керек мөлшерден артық
болса, олар айналымнан шығып, қазынаға
сақталуға ауысады, ал егер айналыс
керегі алтын ақшамен қамтамасыз
етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз
айналысқа енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа
қанша ақша керек екенін анықтап,
оны тәртіптеп жатудың ешқаңдай
керегі жоқ. Дегенмен, алтын ақшаны
пайдаланудың бірқатар киындықтары
бар. Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын
шығарумен тығыз байланысты, ал алтын
шығарудың, өз кезегінде, қымбатқа түсетіні
белгілі. Екіншіден, айырбастау операциясының
өсуі, айналыстағы ақшаның көбейуін
керек етеді, ал ол үшін алтын шығаруды
көбейту керек. Осыған байланысты, қымбатқа
түсетін алтын ақшаны, арзанырақ
ақшаға ауыстырудың қажеттілігі
туды. Сөйтіп, өзінің жеке құны жоқ, қағаз
ақша белгісі пайда болды. Қағаз
ақша. Ең бірінші қағаз ақша ХІ-ғасырда
Қытайда шықты. Содан кейін VІІ-ғасырдың
аяғыңда Солтүстік Америкада, ал
ХVІІІ-ғасырдың аяғында, ХІХ-ғасырдың басында
Англияда шығарылған. Ресейде 1769 жылы
"ассигнация" деп аталатын қағаз
ақша шығарылды. Қағаз ақшалар алтынға,
не күміске айырбасталынбайды және
оны үкімет тек мемлекеттік бюджеттің
тапшылығын жабу үшін ғана шығарады. Осыған
байланысты қағаз ақша мөлшерден
артық шығып кетіп, құнсыздануы
мүмкін, ал бұл өз кезегінде, инфляциялық
жағдайға (ахуалға) әкелетіні анық.
Бұл қағаз ақшаның өзіне тән
ерекшелігі. Несиелік ақша (банк билеттері).
Несиелік ақшаны айналысқа шығару және
оны қолданудан алып тастау, несиелік
операцияларды жүзеге асыратын кез
келген банктің қолында. (Орталық
болмаса Ұлттық банкіден басқа). Шаруашылықтарға
несие бергенде, болмаса вексельдерді
есепке алғанда, не қайта есептегенде,
банктер қарыз алушыларға өзінің
банкнотын береді (банк билеттерін).
Мұндай несиелік ақша шығару ешқандай
Үкіметтің артық шығынымен, болмаса
бюджеттің тапшылығымен байланыспайды.
Тек, тауар өндірумен, оны өткізудің
анық қажеттілігімен байланысты шығарылады.
Бұл ақшаның қағаз ақшамен
салыстырғандағы үлкен артықшылығы
бар. Бұлай болудың ең басты себебі
несиенің материалдық құндылықтар
мен шаруашылық шығындардың нақты
қозғалысына қарай беріліп және
қайтарылып отыратыны. Өйткені, мұндай
құндылықтар мен шаруашылық шығындар
несиенің уақытында қайтарылуын
қамтамасыз етеді. Сондықтан несиелік
ақша шығару ақша айналысына ешқандай
зиян келтірмейді, керісінше, айналымда
жүрген ақшаның санын азайтуға, сөйтіп,
оның құндылығын арттыра түсуге әсер
етеді. Тек, мұндай, қолма-қол ақша беру
мен несие берудің, сонымен қатар,
қолма-қол ақшаның банкке түсуімен
несиенің қайтарылуының байланыстары
әрбір операциядан байқалмайды.
Оны тек барлық операцияларды
біртұтас, жиынтық ретінде қарағанда
ғана байқаймыз. Егер, несие жоғарыда
айтылған байланыссыз, шаруашылықтардың
нақты керегінен артық берілсе,
бүкіл халық шаруашылығы бойынша
несие көбейіп кетеді де, инфляциялық
жағдай туып, оның ұлғая түсуіне апарып
соғады. Қолма-қол ақшаны несиелік айналым
құрамымен ауыстыру, несиенің басты атқарымының
бірі. Қолма-қол ақшасыз айналымдағы ақша.
Қолма-қол ақшасыз айналым дегеніміз,
қолма-қол ақшаның орнына несие операцияларын
пайдалану. Яғни, ақшаны бір есеп шоттан
екінші есеп шотқа аудару болып табылады.
Ол үшін әртүрлі төлем құжаттары мен құнды
қағаздар пайдалынады, Сөйтіп, бұл айналым,
несиелік ақшаның пайда болуын қажет етеді.
[В. Колесинкова “Банковское
дело”, “ финансы и статистика
”, 1996ж] Бірақ қолма-қол ақшасыз
айналымның, қолма-қол ақшасыз есеп
айырысудан айырмашылығы бар.
Олар:
- Кейбір құнды қағаздар
арқылы жүргізілетін қолма-қол
ақшасыз айналым, банктің қатысуынсыз
жүзеге асырылады. Мысалы, вексельдер
және басқа да, кейбір төлем
құжаттары тиісті жазу (индоссамент)
мен ақша алушыға жіберіледі.
Бірақ, ақша аударылмайды. Сондықтан
мұндай операциялар қолма-қол
ақшасыз айналымға жатады.
- Кейбір ақша алушылармен
есептескенде төлеушінің банктегі
шотта жатқан ақшасы, жалпыға
бірдей төлем құралы ретінде
шот иесінің рұқсатынсыз пайдаланылады;
- Егер, қолма-қол ақшасыз
есеп айырысуға қатысушылар, алдағы
уақытта ешқандай міндеттеме
алмайтын болса, вексель арқылы
жүзеге асырылатын қолма-қол ақшасыз
айналымға қатынасатын вексель
беруші, алдағы кезде сол вексельде
көрсетілген төлемді уақытында
төлеуге міндеттеме алады.Өз ретінде,
қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
қолма-қол ақшаның айналымынан
төмендегідей өзгешелігі бар:
- Қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуда 3 жақ қатынасады: сатушы;
сатып алушы және олардың есеп
шоттарына тиісті жазу жасайтын
банк;[Ысқақова. З.Д. “Бағалы қағаздар
нарығы”, – Қарағанды, 1998 ж.]Қолма-қол
ақшасыз есеп айырысушылар банкпен
несиелік байланыста болады. Оған
дәлел, есеп айырысуға қатынасушылардың
бәрінің де банкіде есепшоттары
бар және сол есеп шоттарда
азды-көпті ақшасы бар. Міне, сол
ақшалар банктердің шот иелерінің
алдындағы міндеттемесі болып
табылады. Әрбір есеп айырысу
операциясынан кейін банктің
міндеттемесі не көбейеді, не
азаяды. Осының өзі, есеп айырысуға
қатынасатын тұлғалардың банкпен
несиелік байланыста екенін дәлелдейді.
Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз
есеп айырысу мен қолма-қол
ақшамен есеп айырысудың біртұтастығы
және өзара байланыстылығы байқалады.
Мысалы, есеп айырысудың екі нысанында
да бір ғана ақша қатынасады
(доллар, рублъ, теңге т.т.). Оның
үстіне есеп айырысудың бір
нысанындағы ақша екінші нысанына
оп-оңай ауысады Егер, есеп шот
иесі касса чегімен өз шотынан
ақша алса, бұл ақшаның есеп
айырысудың қолма-қол ақшасыз
нысанынаң қолма-қол ақшалы нысанына
ауысқаны. Егер де, ол өзінің есеп
шотына қолма-қол ақша әкеліп
салса, көрініс керісінше болады,
Есеп айырысудың екі нысанының
бір тұтастығының тағы бір
дәлелі, екеуінің де несие негізінде
пайда болуы1. Айналымдағы ақша жиыны және
ақша базасы. Осы екі ұғымның екеуі де
қазіргі нарықтық жағдайда, бұрынғы шаруашылық
жүргізудің социалистік әдісіндегіден
басқа мәнге ие болды және оларды есептеу
әдісі де өзгерді. Бұрын айналымға керекті
ақшаның саны, К.Маркстің заңына сәйкес,
анықталатын. Бұл заң нарық кезінде үйлеспейді
деген пікірмен соңғы жылдары іс жүзінде
қолданылмай жүр. Сөйте тұра, нарық кезіне
лайықты заңды ешкім ойлап тапқан жоқ.
Шынында, мұндай заң шығару қиынға түседі.
Өйткені, көп жағдайда есеп айырысу қолма-қол
ақшасыз жүзеге асырылады. Сондықтан бұл
екі нысанның шегі жоғалып кетті. Есеп
ажыратушылар өз келісімімен керек деген
нысанды таңдай алды. Бұлай болудың басты
себебі нарық жағдайында қолма-қол ақшамен
және қолма-қол ақшасыз айналым бір тұтас
айналым болды. Осыған байланысты айналымдағы
ақша жиыны осы бір тұтас айналымның көлемі
болып табылады. Қазақстан бойынша бұл
көрсеткіш 2000 жылы 45,9 пайызға өсіп, 2001
жылдың басында 399,5 млрд. теңгеге жетті.
Қазіргі жағдайда айналымдағы ақша жиынын
сипаттау үшін әртүрлі агрегаттар қолданылады.
[А.Ә. Ілияс, Ә.Қ. Сәулембекова
«Ақша, несие, банктер», – Алматы:
2001ж.]
1.2 Электрондық ақшалар.Электрондық
ақша - электрондық құрылғыда сақталатын
және төлемдік және басқа да міндеттемелерді
орындау мақсатында электрондық құралдар
(байланыс арналары) арқылы бір құрылғыдан
екіншісіне беріле алатын ақшалай құнды
білдіреді. Құқықтық тұрғыдан алғанда
“электрондық ақша” электрондық ақшаның
иесі (пайдаланушы) нақты ақшаға айырбас
ретінде шығарған және электрондық нысанда
сақталатын, олардың эмитенттерінің (банктердің)
“ақшалай міндеттемелері” ретінде айқындалады.Электрондық
ақша мен төлем карточкаларының арасындағы
айырмашылық төлем карточкасының банк
шотына кіру құралы болып табылатындығында.
Төлем карточкалары бойынша операцияларды
жүргізген кезде барлық операциялар клиенттің
банк шотынан жүзеге асырылады. Электрондық
ақша банк шотына байланысты емес және
оларды пайдалана отырып операцияларды
жүргізген кезде төлем электрондық ақшаны
бір электронды құрылғыдан екіншісіне
беру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша,
оның төлем карточкасынан айырмасы, электрондық
ақшаны пайдалану кезінде төлем ақшаны
(қолма-қол, қолма-қол емес) пайдаланбай,
бір тұлғаның (төлеушінің) екінші тұлғаға
электрондық ақшаны – “эмитенттің ақшалай
міндеттемелері бар ақпаратты” беру арқылы
жүзеге асырылатындығында болып отыр.
Бұл ретте төлемді жүзеге асыру кезінде
электрондық ақшаны беру үдерісі электрондық
ақшасы бар немесе оларға кіруді қамтамасыз
ететін электрондық құрылғылар (микропроцессор
(чип), бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютердің
“жадысы”) арқылы іске асырылады. [Романовский.
“ финансы ”, учебник для ВУЗ, 2000 ж]Әлемдік
практикада қолданылатын тасымалдауышына
байланысты электрондық ақшаның екі түрі
ерекшеленеді: Оның біріншісі – карточкалар
негізіндегі электрондық ақша (card-based).
Бұл жағдайда электрондық ақша карточкалар
негізінде іске асырылған өнімді (микропроцессорлық
карточка) білдіреді, яғни иесіне (пайдаланушыға)
қолжетімді “ақша туралы” не ақшалай
құн туралы ақпарат карточкаға кіріктірілген
микропроцессорлық чипте сақталады және
оның құны, әдетте, карточканың есептеуіш
құрылғыға қосылған кезінде беріледі.
Кредиттік карточка ақшаның төлем құралы
қызметін атқарады.Кредиттік карточкалардың
түрлері:1. Жаңартылатын карточкалар. Магазин,
ресторандарда қолданылады.Карточкалардың
қарыздары жабылғаннан кейін қайтадан
жаңартылады.2. Бір айлық карточкалар.
Туристік фирмалармен есеп айырысу үшін
қолданылады. Қарыздар айдың соңында жабылуы
керек.3. Фирмалық карточкалар. Әр түрлі
фирмалар әр түрлі қызмет жөніндегі шығындарды
төлеу үшін шығарылады.4. Сыйлықтық немесе
алтын кредиттік қарточкалар. Олар тек
жоғары жылдық табысы бар клиенттерге
беріледі.Кредиттік карточкалар 1915 жылдан
бастап пайдаланылады, ол кезде олар ең
бірінші рет АҚШ-та қарызды жазу түрінде
пайда болған. Ақша эволюциясының осы
заманғы кезеңіне электронды ақшалар
жүйесі сай келеді. Олардың көмегімен
ақша операциялары жүргізіледі: банк есебінен
ақша алу, салымдарды қабылдау, төлемдер,
чектік кітапшалар беру, дебет-карточкалары
және т.б. Электронды чектік кітапша болып
табылатын смарт-карточкалар пайда болды.[Ілиясов
Қ., Құлпыбаев “ Қаржы ”, – Алматы, 2005ж
]Карточкалар негізіндегі электрондық
ақша санатына әлемнің түрлі елдерінде
құрылған, GeldCarte (Германия), Proton (Бельгия),
Chіp knіp (Нидерланд), Cash Card (Швеция), Quіck (Австрия),
eNETS (Сингапур), Mondex (MasterCard) және VІSA CASH (VІSA)
сияқты жүйелер жатқызылады. Екіншісі
желілер негізіндегі электрондық ақша
(network – based) немесе “желілік ақша”. “Электрондық
ақшаның” бұл түрі телекоммуникациялық
желі (Интернет) арқылы ақшалай құнды электрондық
сақтау және электрондық ақшаны (эмитенттің
электрондық міндеттемелерін) беруді
жүзеге асыру үшін компьютерде (компьютердің
қатты дискісі) орнатылған арнайы бағдарламалық
қамтамасыз етуді пайдаланатын желілік
өнімді білдіреді. Желілер негізіндегі
электрондық ақшаға электрондық ақшаның
мынадай жүйелерін жатқызуға болады –
Paypal (АҚШ), WebMoney (Ресей), Яndex. Ақша (Ресей).
Банктік карточкалардың ұғымы мен оның
түрлері. Пластикалық карточка – бұл ақпараттың
қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі.
Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық
карточка – бұл Қазақстанның төлем жүйесінің
болашағы. Пластикалық карточка жақында
тек қана қолма – қол ақшаларды емес, құжаттарды
да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл
құжат орнына – карта суретімен). Барлық
әлемде 2,5 миллиардтан астам адам тауарлар
мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың
құралы және есептеудің тағы басқа түрлері
ретінде пластикалық карточкаларды таңдады.
Ендеше, пластикалық карточка қолма –
қол ақшалармен еспетеуге қарағанда, қолайлы,
әрі сенімді болып табылады. Пластикалық
карточкалар шартты түрде: халықаралық,
жергілікті, дебеттік, кредиттік, корпоративтік,
жекешелік, құрама болып бөлінеді.Әлемде
пластикалық карточканың 3 негізгі жүйесі
бар: VISA, Master Card/Europay, American Express. Card дебеттік
карточкасын шығарды. Alem Card иелері болып
корпоративтік карточка алатын заңды
және жеке тұлғалар. Олардың барлығы қазіргі
таңда Қазақстанда қызмет көрсетеді. 1993
жылдың соңында Alembank бірінші болып Қазақстанда
Visa карточкасымен қызмет көрсетті, ал
1994 жылдан бастап - Master Card карточкасы қолданыла
бастады. Карточкамен қызмет көрсету тәжірибесі
кеңейген соң, Alembank 1994 жыдың қараша айында
жеке Alem болуы мүмкін. Қазіргі уақытта
барлық елдерде шығарылған карточкалардың
саны 2 миллиардтан асты. Статистика бойынша
дамыған елдерде әр тұрғынға 2-3 карточкадан
келеді. Қазақстанда да көбінің, зейнеткерлер,
бизнесмендер, шахтерлер мен студенттердің,
карточкалары бар. Карточкалардың саны
күннен-күнге өсуде және олар біздің өміріміздің
ажырамас бөлігіне айналуда. Visa Electron –
ең пайдалы тарифтер бойынша ең қол жетерлік
халықаралық банктік карточка болып саналады.
Бұл ең қарапайым, әрі арзан халықаралық
карточка. Visa Electron шет елге жол жүретін
кезіңізде және күнделікті өміріңізде
сізге қолма – қол ақша алуыңызға, тауарарлар
мен қызметтер үшін ақы төлеуіңізге көмектеседі.
Visa Electron бойынша электродық құрылғылар:
банкоматтар және POS – терминалдар арқылы
қызмет көрсетіледі.Visa Classic – Қазақстанда
және шет елдегі ең танымал төлем карточкасы.
Қызмет көрсетудің ең пайдалы тарифтері,
сондай – ақ әлемнің кез келген елінде
нақты қолданылу ыңғайлылығы оны шет елге
шығатындар үшін маңызды нәрсе етеді.
Ол бойынша Visa логотипі бар жерлердің
бәрінде қызмет көрсетіледі. Visa Classic көмегімен
сіздің:
- Сауда және сервис
кәсіпорындарында тауарлар мен
қызметтерге ақы төлеуге;
- Банкоматтарда және қолма
– қол ақша беретін пункттерде
ақшаны қолма – қол алуға;
- Қонақ үйлерде нөмірді
күні бұрын алып қоюға, автокөлікті
жалға алуға, авиакомпаниялар
мен агенттіктерде билеттерге
тапсырыс беруге мүмкіндігіңіз
бар;
Visa Business – корпоративтік
карточка болып табылады және
кәсіпорындардың қызметкерлеріне
компанияның балансына жататын
іссапарлық, өкілдік және өзге
де шығыстарды ақша аудару
арқылы төлеуге мүмкіндік береді.
Карточка жоғалатын жағдайда
сізге бар болғаны карточканы
шұғыл түрде ауыстыру немесе
қолма – қол ақшаны беруді
ұйымдастырады. Сіздің компанияңыздың:
Қызметкерлердің қаражатты
жұмсауын талдауға;
Іссапарлық және өкілдік
шығыстарды жоспарлауға;
Іссапарлық шығыстарға қаражатты
ақша аудару тәсілімен беруге мүмкіндігі
бар;
Visa Gold анағұрлым мәртебелі
карточка қолайлылық пен сервистің
жоғары деңгейін бағалайтындарға
арналған. Visa Gold ұстаушыларына айтарлықтай
шегерімдер мен жеңілдіктер беріледі.
Карточка ұстаушыларының көрсететін
қызметтерінің міндетті түрлерінің
қатарына карточка жоғалатын
жағдайда шұғыл қызмет ету,
жоғалғанның орнына уақытша карточканы
тегін алу мүмкіндігі және
т.б. кіреді. Visa Gold карточкасының
иесі қаржылық жағынан қабілеттілігін
атап көрсетеді және анағұрлым
қаржылық мол мүмкіндіктерді
береді.Tsesna Local - ең тиімді белгіленген
баға бойынша арзан төлем карточкасы
болып саналады. Кәсіпорындарда
тауарлар мен қызметтерге төлем
жасау және қолма – қол ақша
алуға мүмкіндік береді. Сондықтан
кең қолдануға ие және де
иесіне тиімді болып келеді. Тағы
бір көрінерлік жәйт – басқа
атап өткен карточкалардай, мұның
да жоғалтқан кездегі көрсететін
қызметі – жоғалтқан карточканың
орнына уақытша карточканы тегін
беру және де шұғыл қызмет
көрсету. Бұл осы карточканы
күнделікті өмірде тауарларға
төлем жасауына ыңғайлы болуына
бірден-бір себеп болады.
[ Сахариев С.С, Сахариева
А. С «Әлем экономкасы» ІІ-бөлім
Алматы «Дәнекер» - 2003 ж.;]
І І – тарау.
Ақша айналысы, электрондық технологиялар
2.1 Ақша айналысы заңы
және мәні
Ақша айналысы заңы –
құн заңының айналыс аясындағы
көрінісі. Ол – тауар –ақша қатынастары
болатын барлық қоғамдық формацияларға
тән. Айналыстағы ақшаның саны К.
Маркс ашқан айналысы заңмен реттеледі.
Тауар айналысына қызмет ету үшін
қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі
факторға: біріншіден, бір кезеңде,
айталық бір жылда сатылуға тиіс
тауарлар бағасының қосындысына (Стб);
екіншіден ақша айналымының жылдамдығына
(А жылд.) байланысты өзгереді. Ақша
айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
Стб
А мөлш.= ------------
А жылд.
Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс
құралы қызметін орындауы үшін қажетті
ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының
қосындысын бір аттас ақша өлемінің айналым
санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге
теңесуі керек. Ақша тек айналыс құралы
ғана емес, сонымен бірге төлем құралы
қызметін де атқаратындықтан айналысқа
қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан
тауарлар сомасына байланысты азаяды.
Қарыз міндеттемелерінің бірсыпыра қолма-қол
ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни
олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін
өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп
несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне
кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым
көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа
соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа,
айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша
мөлшері шаруашылықтың және халықтың
тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында,
айнылыстағы ақша мөлшерін анықтаушы
заң формуламен өрнектеледі:
-Стбн + Ст – Сө
А мөлш.=------------------------------ + Ақ
А жылд.
Онда:
А мөлш. – айналыс құралы
және төлем
құралы қызметтеріне қажет ақша
мөлшері;
Стб
- сатылуға тиіс тауарлар
бағасының сомасы;
Стбн
- несиеге сатылған тауарлар бағасының
сомасы;
Ст
- қарыз және басқа міндеттемелер бойынша
төленетін сома;
Сө
- өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің
сомасы;
Ақ
- ақша қоры;
Ажылд. – айналыс
құралы және төлем құралы қызметтеріндегі
ақша
айналымының орташа саны (айналыс
жылдамдығы).
Осы теңдіктегі
ел экономикасында сатылған тауарлар
бағасынан айналыста әлдеқайда
кем ақша массасының жүруінің
себебі төлемеушілік проблемасының
болуынан. Ол кезде Ст мөлшері теріс
сан болады. Бірақ бұл
Қазақстанда және басқа да
директивалы экономика үлгісінен
нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде
кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы
төлемеушілік проблемасы жай ақша массасын
ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді.
Себебі төлемеушіліктің көптеген себептері
бар: төлем тәртібінің босаңдығы, төлемеушіліктің
тізбегінде потенциялды күйреушілердің
(банкноттардың) болуы, күйреушілікттің
тиімді тәжірбиесінің болмауы, жекеменшіктендіру
процесінің аяқталмауы, төлем құралдарының
дамуы.
Сөйтіп айналысқа
қажетті ақша мөлшері өндірістің
даму жағдайларына әсер ететін
көп факторларға байланысты өзгереді:
айналыстағы тауарлар мөлшеріне,
тауарлар мен қызмет бағасының
деңгейіне және т.б. Айналысқа
қажетті ақша мөлшері ақша
айналысының жылдамдығына кері
пропорционалды өзгерелі. Ал ақша
айналысына әсер ететін жағдайлар
мыналар:
- несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
- ақша айналымының санының өсуі.
Айналысқа ақша
екі формада эмиссияланады (шығарылады):
қолма-қол ақша, яғни айналымдағы
банкнота және майда монеталар;
банктік айналымдағы ақша формасы,
яғни банктегі шоттарға жазылған
сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде
ақшаның бірінші формасын, яғни
қолма-қол ақшаны монополиялы
құқықпен орталық банк эмиссиялайды
да, ал қолма-қол емес ақша белгілерін
комерциялық банктер жүйесі шығарады.
Егер банк клиенті – шоттағы
ақшаны иесі өз қаражатын қолма-қол
ақша формасында алса, онда банктік
айналымдағы ақша белгілері нақты
қолма-қол банкнотаға айналады. Керісінше,
клиенттің шотқа жазу арқылы
банкке ақша сомасын салуы
қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы
ақша формасына айналуын көрсетеді.
Ақша айналымының
екі жағының (қолма-қол ақша
мен банктік айналымдағы ақшаның)
бірлігі, олардың бір формасының
екіншісіне
алмасуы жалпы ақша массасының
құрамын анықтауы қажет етеді. Себебі
ақша массасы ақша айналымының сандық
көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында
және белгілі бір күнге ақша айналымындағы
сандық өзгерістерді талдау үшін, сол
сияқты ақша массасының көлемін және
оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар
жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер
(ақша агрегаттары) қолданылады.
Өнеркәсібі өркенденген
мемлекеттерде ақша массасы құрамын
анықтау үшін негізгі ақша
агрегаттарының төмендегі жиынтығы
пайдалынылады:
- М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноталар, монеталар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;
- М2 – оған М1 агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді жіне жинақ салымдары кіреді;
- М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;
- М4 – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.
Қорыта айтқанда,
әрбір келесі ақша агрегаты
өзінен алдыңғылардың барлық
элементтерін өзіне біріктіріп
үлкен ақша массасын құрайды.
Бірақ оның алдыңғыға қарағанда
өтімділігі төмен. Ақша массасының
нақты құрамы әр мемлекеттің
өзіне тән ақша-несие жүйесімен
анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша массасын
анықтау үшін – төрт, Швейцария мен Германияда
– үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда
– екі ақша агрегаты қолданылды.
Қазақстан Республикасының
ақша массасының құрлымына келесі
ақша агрегаты кіреді.
- М0 – айналыстағы қолма-қол ақша;
- М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп-шоттары мен басқа депозиттерінің заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығы және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;
- М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды
тұлғалардың мерзімді салымдарын
біріктіреді;
- М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекеттік займы облигацияларын біріктіреді.
Ақша агрегатының
құрылымы тұрақты қалыпта болмайды.
Ол ақша нарығы құралдарының
дамуына байланысты өзгереді.
Ақша массасы бірнеше
жолмен өсуі мүмкін:
- банкноталар мен монеталарды эмиссиялау есебінен;
- орталық банктен коммероциялық банктердің несие алуымен;
- мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметкенесие беруімен;
- орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен;
- чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заем беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару).
Ақша массасы көлемінің
өзгеруіне айналыстағы ақша массасының
өзгермелігімен қатар оның айналым
жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның
айналым жылдамдығы жалпы экономикалық
факторларға: экономиканың циклмен
өркендеуіне, экономикалық дамудың
қарқынына, бағаның өзгеруіне,
сонымен бірге таза монетарлық
факторларға, яни төлем айналымының
құрылымына, несиелік операциялар
мен өзара есеп айырысудың
дамуына, ақша нарығындағы процент
деңгейіне және т.б. байланысты
өзгереді.
Ақша массасы айналымның
баяулаулы – ұлттық жиынтық өнімді
орналастыру коеффицентінің төмен
екендігінің көрсеткіші. Егер ақша
айналысының жылдамдығы артса, ло жоғары
конъюнктураның барлығын және ақша қаражатын
жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді.
Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы
ақша санына кері пропорционалды әсер
етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс
жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының
қажеттілігі азаяды. Ақша айналысының
баялауы шаруашылық субъектілерінің
ақша қорын жинауға ұмтылсын және
ақша массасының құрлымында банктердегі
ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын
көрстеді. [1, 51-55 бет], [7, 2 бет]Қазақстанда
қатаң монетарлық саясат қолданылып отырғанын
байқауға болады. Басқаша айтқанда, Ұлттық
банк, айналымға тиісті көлемде ақша шығармай
отыр. Олай істемесе Ұлттық ақшаның (теңгенің)
құны төмендеп кетеді. Осының салдарынан
Республиканың шаруашылығында көптеген
өзара төлемеушілік орын алып келеді.
Ақша базасы дегеніміз айналымда жүрген
қолма-қол ақшаның екінші дәрежедегі банктердің
кассаларындағы және корреспонденттік
шоттарындағы ақшаның және олардың Ұлттық
банкте сақталатын міндетті қорларының
қосыңдысы. Қазақстанда бұл қосынды 2001
жылдың басында 134 млрд теңге құрады. Бұл
өткен 2000 жылдың басымен салыстырғанда
5,7% өскені. Алтынды кредит ақшамен ығыстыру
ары қарай дамуын ақша қызметтерін (банкнот,
вексельдер, чектер) атқарушы тұлғалардың
кредиттік карточкаларға айырбастау қарқыны
күшейе түсті. [Мақыш.С.Б. “Ақша айналысы
және несие”, – Алматы: 2004ж.]
2.2 Электрондық технологиялар
Соңғы кезге дейін интернет
–төлем жүйелерінің дамуы туралы
пікірталастар тек іскерлік
одақтастықтар аясымен ғана
шектелетін. Жалақы төлемдерінің қолма-қол
ақшадан жиро –трансферттерге өтуі,
кредиттік карталарды енгізу, халықаралық
төлем жүйлерінің пайда болуы
немесе банкоматтық желілердің
таралуы сияқты жаңашылдықтар ғылым
аясынан тыс қалды. Сауда
нүктелерінде электрондық төлем
жүйелерін, атап айтқанда дебеттік
карталарды пайдаланумен төлемдерге,
әсіресе электрондық әмияндарды
енгізуге үлкен көңіл аударылды.
Бірақ, осы мәселелердің біреуін
де жаңа интернет –төлем жүйелерінің
дамуына арналған мәселелермен
салыстыруға болмайды. М.Пирс және
электрондық төлем жүйелерінің
Еуропалық мәліметтері базасының
бағалуы бойынша , 2002 жыл басында
дүниежүзінде интернет - төлем
жүйелерінің саны 150-ден асқан.
Интернеттің онлайндық
және офлайндық режимінде төлемдерді
жүзеге асыруда жаңа және дәстүрлі
электрондық төлем жүйелеріне деген
сұраныс пен қызығушылықтың
артуының бірқатар себептері бар.
Осындай себетерге келесілер
жатады: