Электрондық оқыту технологиясың мүмкіндіктер

Электрондық оқыту технологиясың мүмкіндіктер

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады»  – деп көрсетілген.

Электрондық оқыту жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу міндеттерінің бірі – оқу-тәрбие үдерісін автоматтандыру болып табылады.         
«Білім беру ұйымдарының виртуалды кабинеті» – оқу-тәрбие үдерісін бірыңғай басқаратын ақпараттық орта. 
Виртуалды кабинет – жұмыс орнының қызметін балама ретінде  атқаратын ақпараттық ортада орналасқан автоматтандырылған бағдарламалық кешен. 
«Білім беру ұйымдарының виртуалды кабинеті» 3 бөлімнен тұрады: 
1 . Әкімшіліктің виртуалды кабинеті. 
2.  Сынып жетекшісінің виртуалды кабинеті. 
3.  Оқушының виртуалды кабинеті. 
 Электрондық оқыту технологиясын мектепте қолдану: 
 1.Денсаулығының мүмкiндiк шектеулерi бар балалар үшiн арнайы бiлiм берудің түрi. Мұнда электрондық технологиялардың элементтерi торлық технологиялар, телеконференцияларды қолданумен бiрлескен ұжымдық үйрену, оқушылардың қарым-қатынасына және толығырақ кеңейтілген бiлiм алу мүмкiндiгiнiң шеңберiн айтарлықтай кеңейтеді. 
2. Оқушылардың бiлiмдерiн қашықтықтан бақылауды ұйымдастыру. 
Бiлiм беру ұйымдардарында бiлiм базасын және тестiлiк тапсырмаларының базасын ұйымдастыруға, соның нәтижесінде бiлiмдерін тексеру стандартталады, яғни бiр iзге салынады,  бiлiмдерін бақылау жаппай және тұрақты iстейтiн болады. 
3. Қосымша элективтік курстарын ұйымдастыру. 
Бұл жүйеде барлық бiлiм беру  ұйымдары ұстаздарының күштерi бiрiгедi және ұсынылатын курстардың ауқымы кеңидi, оқушының нақты курс үшiн оқытушыны таңдау мүмкiндiгi болады.   
4. Экстернат. 
Кейбiр білім беру ұйымдарында қайсыбір  пәндер бойынша оқытушылары болмайды (математика, физика, шет тiлi, биология, химия және т.б.). Электрондық оқыту технологиясы бұл кемшiлiктердi толықтыруға мүмкiндiк бередi. 
5. Ауыл және шағын жинақталған мектептерде бейінді оқытуды ұйымдастыру. 
Кадр тапшылығының мәселесi шалғай ауыл мектептерінде бейінді оқытуды толық мәнiнде жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi, сондықтан сұрақтың шешiмінің бiрi – бiлiм беру ұйымдарында электронды оқыту технологиясын енгiзу болып табылады. 
6. Ауру себебімен  мектептегі сабаққа қатыса алмаған балалар үшiн электрондық сабақтар. Оқушы тек қана қосымша репетитордың  көмегiмен, немесе өздігінен өткiзiлген материалды дербес игеру арқылы толықтыра алады. Бiлiм беру жүйесiндегi бұл кемшiлiкті электрондық оқыту технологиясы толықтыра алар еді. 
7. Виртуалды қарым-қатынасты мектеп жүйесінде ұйымдастыру. 
Мұның нәтижесінде оқушыларды электрондық оқыту технологиясы ашық білім беру үрдісінде қосады, олардың  ақпараттық технологияларды   қолдану дағдылары қалыптасады және ЭО көмегімен үздiксiз бiлiм алуы өмiр бойына жалғасатынын атап өту керек. 
E-learning термині білім беру үрдісінің электронды формасын Интернет немесе Интранеттің көмегімен оқытуды басқару жүйесі дегенді білдіреді. 
 Е-learning ұғымы (ағылшын тілінен қысқартылған Electronic Learning) —электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту,  қашықтықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқу,  виртуальды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминінің синонимі.   
ЮНЕСКО мамандарының берген анықтамасын бойынша:  «e-Learning — Интернет және мультимедиа көмегімен оқыту».                               
Е-learning – бұл оқу және оқыту форматы,  бiлiм беру контенттерінің  электрондық формасын электрондық құралдармен қолданып, компьютер, ұялы телефон, коммуникатор, білімді басқару жүйесi (LMS)  және интерактивті оқыту  платформасына негiзделген сабақ берулер. 
Электрондық оқыту «ашық бiлiм беру», «қашықтықтан бiлiм беру» сияқты ұғымдарды қосады, яғни ЭО = компьютерлік оқу + желілік оқу + он-лайн оқу +  Интернеттен оқу +  қашықтықтан оқыту. 
Е-learning жүйесінің басты бөлімінің бірі LMS (Learning Management System) немесе қашықтықтан оқыту жүйесі (ҚОЖ) болып есептеледi. 
Бұл жүйе оқытудың барлық үрдістері жүргізілетін және ұйымдастырылатын платформаны ұсынады. ҚОЖ осы немесе басқа да желiде жұмыс iстеуге қолайлы көптеген аспаптардың жиынынан тұрады: форумдар, чаттар, тестлеу жүйесі, файлдар айырбасының жүйесi, электрондық тiзiм, виртуалды класс бөлмелерi, блогтар, виртуалды зертханалар және тағы басқалар.  Оқытудың электрондық формасын енгiзуді жоспарлаған жағдайда, онда алғашқы кезеңдердiң бiрi қашықтықтан оқыту жүйесін таңдап алу болып табылады. 
Сонымен қатар барлық білім беру ұйымның қызметкерлерi үшiн бiлiмдердiң бiртұтас стандартын қамтамасыз етеді және мынадай мүмкіндік береді:                                                                                                                                                                                                                                                                                        
педагог ұжымына – тақырыптық жоспарлауды,  электрондық сынып журналдарын және  күнделiктер жүргізу, білім беру үрдісінде сандық бiлiм беру контентін қолдануға мүмкiндiк бередi; 
оқушыларға әр түрлi пәндер бойынша өз үлгерiм рейтингiсінiң өзгерiстерiн қадағалайды, сабақ кестесiндегi өзгерiстерді, үйге берген тапсырманы; уақытында біледі; 
ата-аналарға – өз баласының бағаларын, сабақ кестесiн, үйге берген тапсырмаларын, сабаққа қатысу және дайындық сапасын бақылайды, баласының    мектептегі оқу үлгерімін және оның қоғамдық қызметiндегi табыстары жайлы біліп отырады; сонымен бiрге баласының бағалары туралы мәлiметтi ата-аналардың тiлегiмен sms-тің түрiнде де жолдана алады – немесе e-mail бойынша хабарлама алады. 
   мектепке – бiртұтас деректер қорын жасау, электрондық журнал жүргiзу,.      мәлiметтердiң ашықтығы, ата-аналармен керi байланысты  қалыптастыру, оқушылардың бос уақыттын ұйымдастыру мүмкiндiгі болады. 
Болашақта бiлiм беру компьютер технологияларының дамуымен тығыз байланыста болатыны анық. Сондықтан да электрондық оқыту технологиясын мектептерде оқу үрдісіне  қолдану қазiргi білім берудің көкейкестi мәселесі болып саналады. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі –  білім беру ұйымдарына электрондық оқыту (е-learning) енгізу. 
Осы мақсатпен электрондық оқыту жүйесін Астана қаласы бойынша өткен 2011-2012 оқу жылында 4 мектепке енгілілсе, ағымдағы 2012-2013 оқу жылында 10-нан астам мектепте қолдану жоспарланып отыр. 
 Сол мектептердің ішінде біздің №56 мектеп-лицей де бар. Электрондық оқыту технологиясын мектепте қолдану саласы бойынша информатика пәнінің мұғалімдері көшбасшы болуы қажет деп ойлаймын Сондықтан оқушылардың бұл саласы бойынша білімдерін дамыту мақсатында бірнеше оқушы жоба жұмыстарын жасауда. Атап айтсам: 
9 сынып оқушысы Рахим Расул  -   E-learning  жүйесіндегі электрондық сынып журналының мүмкіндіктері; 
8 сынып оқушысы Ерсеитов Жарас  -   Электрондық оқыту жүйесінде оқушының электрондық күнделiгі тиімділігі; 
11 сынып оқушысы Хамитова Карина -    E-learning жүйесіндегі   сыныптың деректор қоры; 
Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын  қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Мұхамбетжанова С.Т. Толықбаева Ғ.Н., Жартынова Ж.Ә. 
Электрондық оқыту бойынша мониторингінің жүргізу әдістемелік құралы. Алматы 2011 
2.  Семченко А.А. Мұхамбетжанова С.Т.  Толықбаева Ғ.Н. Жартынова Ж.А. Коровина С. В.Объектіге бағдарланған «MOODLE»ортасы арқылы білім контенттерін жасау. Алматы 2011 
3.  Электрондық оқулық. 
4. Ғаламтор

In My World

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕКТЕПТІК  БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ

ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 

1. Қолдану  салалары

1.2. Мектептік білім  беру уйымдарындағы электрондық  оқыту жүйесі туралы осы ереже  (одан әрі – ереже) жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқытудың мақсатына, мазмұнына, құралдарына, формалары мен әдістеріне қойылатын нормалар мен талаптардың жүйесін, ақпараттық қатынастық технологиялар саласындағы мектеп оқушылары мен педагогтардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың жиынтығын тағайындайды, орта білім беру ұйымдарындағы ақпараттық қатынастық технологияларды пайдалану көлеміне қойылатын талаптарды анықтайды.

1.2 Ереже:

-        Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру ұйымдарының меншіктік формасына, типтері мен түрлеріне тәуелсіз түрде олардың барлығына;

-        оқу орындарына, педагог кадрларды қайта дайындау және біліктіліктерін арттыру институттарына, ғылыми зерттеу институттарына;

-        электрондық оқытудың контенттік, техникалық және технологиялық жасақтамасын дайындау мен қолдауды жүзеге асыратын ұйымдар, бірлестіктер;

-        тәрбие мен оқыту сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі білім беру саласындағы орталық және жергілікті атқару органдары қолдану үшін арналған.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік басқару органдары  мен ұйымдары білім беру іс-әрекетін лицензиялау, жалпы орта білім беру ұйымдарын аттестаттау, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларды дайындау, осы құжаттардың орындалуын бақылау кезінде осы ереже пайдаланылады.  

 

2. Нормативтік  сілтемелер

Осы Ережеде  келесі құжаттарға сілтемелер пайдаланылды:

2.1. «Білім беру туралы» № 389-1 2007 ж. 27 шілдеден Қазақстан Республикасының заңы.    

2.2. «Ақпараттандыру  туралы» № 217-3 2007 ж. 11 қаңтардан ҚР-ның заңы

2.3. «Қазақстан –  2030» Ұзақмерзімді Стратегия.

2.4. «Келешекті бірге  құрамыз» 2011 ж. 2 қаңтардан Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.  Назарбаевтың Қазақстан халқына  жолдауы.

2.5. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу» 2010 ж 30 қаңтардан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

2.6. «Дағдарыс  арқылы жаңару мен дамуға»  2009 ж. 6 наурыздан Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  Қазақстан халқына жолдауы. 

2.7. «Қазақстан  азаматтарының әл-ауқатының өсуі – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» 2008 ж. 6 ақпаннан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

2.8. «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы» 2007 ж. 28 ақпаннан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

2.9. Қазақстан Республикасында  2011-2014 жылдарға Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

2.10. Қазақстан Республикасында  2007-2012 жылдарға Ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

2.11. 2010-2014 жылдарға  Қазақстан Республикасын жылдамдатын  индустриалдық-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасы

2.12. ҚР Укіметінің № 160 қаулысымен 2011 ж. 19 ақпаннан бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспары.

2.13. Бағдарламалық  құжаттаманың біртұтас жүйесі. Терминдер  мен анықтамалар». СТ ҚР 1091-2002 Мемлекеттік стандарты.

2.14. ҚР Білім және  ғылым минстрінің 04.06. 2009 ж. № 266 қаулысымен бекітілген «Қашықтықтық білімдік технологиялар бойынша оқытуды ұйымдастыру. Негізгі ережелер» ҚР Білім берудің Мемлекеттік жалпы міндетті стандарты.

2.15. «Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында толық компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің №781 27.09.2004 ж. бұйрығы.

2.16. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің № 1385 қаулысымен 2007 ж. 29 желтоқсанда бекітілген «Білім беру ұйымдарын акредитациялау ережесі». 

2.17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 452 қаулысымен 2007 ж. 2 маусымда бекітілген «Білім беру іс-әрекетін лицензиялау кезінде қойылатын мамандық талаптар»

2.18. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің № 201 қаулысымен 2008 ж. 27 ақпанда бекітілген «Балалар үшін арналған өнімдер мен бұйымдар қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды» техникалық реттеу.

 

 

3. Терминдер мен анықтамалар

Осы Ережеде терминдер  сәйкес анықтамаларымен қолданылады:

3.1.Ақпарқатынастық тұлға: ақпараттық және қатынастық технологиялар саласындағы қазіргі заманғы жетістіктерге оның жете түсінген құлшыныстық қатынасында көрініс табатын ақпарқатынастық ділді, мәдениетті, біліктілік пен сауаттылықты меңгерген және өзіндік жетілдіру мен өзіндік даму үшін оларды белсенді игерген адам ретінде тұлғаны сипаттайтын әлеуметтік маңызды сипаттың тұрақты жүйесі.

3.2.Ақпарқатынастық мәдениет: ақпараттандыру саласындағы құндылықтар жүйесін, білімдердің кеңдігі мен тереңдігін, мінез-құлық үлгілерін анықтайтын тұлғаның тұлғалық сапаларының жиынтығы.

3.3.Ақпарқатынастық біліктілік: ақпараттық қоғам азаматтарының негізгі біліктілігі, кәсіптік немесе оқу-танымдық іс-әрекетте және оқу өзара әрекеттестікте ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалануға білімдердің, біліктердің кешені, іс-әрекеттің тәсілдері және құндылық қатынасы.

3.4.Ақпарқатынастық сауаттылық: сенімді пайдаланушының деңгейінде оқу-танымдық (оқушыға) немесе кәсіптік (мұғалімге) іс-әрекетте АҚТ-мен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін білімдер мен біліктердің жиынтығы.

3.5.Ақпараттық-қатынастық технологиялар: ақпаратты пайдаланушылардың мүддесі үшін оны жинау, өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу және пайдалану мақсатымен кіріктірілген әдістердің, өндірістік процестер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы.

3.6.Ақпараттық-білімдік орта: ақпараттық-қатынастық технологиялардың білімдік процеске кірігуін, сондай-ақ пәндік мультимедиалық мазмұнмен – электрондық контентпен ортаны толтыру жағдайы кезінде оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін мақсаттан нәтижеге дейін оқыту процесін бейнелейтін білімдік процестің субъектілері мен объектілерінің ақпарқатынастық өзара әрекеттестігінің жобаланатын педагогикалық жүйесі.

3.7.Электрондық оқытуды контенттік жасақтау: жалпы мақсатпен өзінің тағайындалуы бойынша біріктірілген педагогикалық және ақпараттық-қатынастық технологиялардың кірігуін сипаттайтын қолданбалы бағдарламалық өнімдер мен цифрлық білімдік ресурстандың жиынтығы.

3.8.Білім беру парадигмасы: білім беру процесін жобалауға нақты амалдарды және білімдік практиканың өзін анықтайтын педагогикалық қоғамдағы қабылданған әлемдік көзқарастық және теориялық алғышарттардың жиынтығы.

3.9.Оқытудың парадигмасы: оқыту процесін жобалауға амалдарды анықтайтын теориялар жиынтығы.

3.10.Электрондық қытудың педагогикалық технологиясы: оқыту процесінің құлшыныстық-мақсаттық, мазмұндық, операциялық-іс-әрекеттік құрамдас бөлігі барысында білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтық өзара әрекеттестігінің біртұтас пәндік ақпараттық білімдік отасын жобалау тәсілдері мен құралдары туралы ғылыми техникалық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдердің жиынтығы, жүйелі міндетті өтуі берілген нәтижені – үлгерім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

3.11.Цифрлық білімдік ресурстар: білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтық өзара әрекеттестігі ретінде жиынтығында электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік ортасын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы цифрлық форматтағы дидактикалық материалдар.

3.12.Электрондық оқыту: мәні білім берудің ұшқыр мазмұны, іс-әрекеттің интерактивтік тәсілдері және оқушылардың оқу нәтижелерін тұлғаландырылған есепке алу негізінде ақпараттық білімдік орта жағдайында білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтық өзара әрекеттестігін құратын педагогикалық және ақпараттық-қатынастық технологияларды кіріктіру негізінде іске асырылатын оқытудың өзіндік түрі.

3.13.Электрондық оқулық: педагогикалық және ақпараттық-қатынастық технологияларды кіріктіру негізінде оқу-танымдық іс-әрекеттің заңдылықтарын ескеріп, білімдік процесс субъектілерінің қашықтықтық өзара әрекеттестігінің автоматтандырылған процесін қамтамасыз ететін қолданбалы бағдарламалық өнім.  

 

4. Жалпы  ережелер

4.1 Осы ереже:

-       мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқыту саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты жасақтауды қарастырады;

-       балаларды өмір сүру және оқу орнынан тәуелсіз қазіргі заманғы сапалы мектептік білім беруге олардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

-       білім берудің барлық деңгейін жаңартумен сәйкес электрондық оқыту мазмұнын анықтайды;

-       ақпараттық қоғам жағдайында бүкіл ғұмыр бойы табысты әлеуметтенуге, кәсіптік өзін-өзі анықтауға, өзіндік білім алуға және өзін өзі жүзеге асыруға дайын тұлғалық қалыптасуға мүмкіндік туғызатын жаңашыл педагогикалық процесті қамтамасыз етеді;

-       электрондық оқытудың пәндік дамытатын ортасының мазмұнын анықтайды;

-       білім беру парадигмасының ақпарқатынастық жағдайында мектептік білім беру ұйымдарының педагогтарына қойылатын талаптарды анықтайды; 

 

4.2. Ереженің талаптарын:

-       жалпы орта білім берудің жалпы білімдік оқу бағдарламаларын дайындау;

-       ведомствалық бағыныштылығына, меншіктік формасына, типтері мен түрлеріне тәуелсіз түрде жалпы орта білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытуды ұйымдастыру;

-       жалпы орта білім беру ұйымдары үшін электрондық оқулық басылымдарын және әдістемелік нұсқауларды дайындау;

-       жалпы орта білім беретін педагогтар мен ұйымдардың іс-әрекеттерін мемлекеттік аттестаттау мен лицензиялау

кезінде орындау міндетті болып саналады

4.3. Ереже:

-       білімдік процесс субъектілерінің ақпарқатынастық өзара әрекеттестігінің парадигмасын енгізуді;

-       жалпы орта білім беру мен инклюзивтік білім беру ұйымдарының педагогикалық процесінде электрондық оқытуды ұйымдастыруға жаңашылдық амалдар пайдалануды;

-       электрондық оқытудың мазмұнын, оның деңгейі мен сапасын таңдауға талаптарды реттеуді;

-       мектеп оқушыларын әлеуметтендіруді жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауды;

-       мектеп оқушысының біртұтас білімдік кеңістігін құруды;

-       білім беру деңгейлерінің арасындағы сабақтастық байланыстарды қамтамасыз етуді;

-       мектеп оқушысының толық бағалы дамуындағы электрондық оқытудың ақпараттық-білімдік ортасының дамытушы әлуетін пайдалануды;

-       әлеуметтік мәдени міндеттерді – жалпы орта білім берудің жаңа моделін қалыптастыруды шешудегі мектептік білім беру ұйымдарын, отбасыларын және әлеуметті кіріктіруді;

-       мектептік білім беру мекемелерінің практикасына оқытудың қашықтықтық формасын енгізуді

ұйғарады.

4.4. Электрондық  оқытудың мақсаты мен міндеттері.  

 

Мектептік ұйымдардағы  электрондық оқытудың басты мақсаты: ашық ақпараттық білімдік кеңістіктегі ұшқыр ақпарқатынастық өзара әрекеттестіктің негізінде қағидасы «бүкіл ғұмыр бойы оқу» болуы тиіс мектеп оқушыларының ақпарқатынастық тұлғалығын қалыптастыру.

Мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың негізгі міндеттері:

-        жаппай сапалы білім беруге бағытталған озық білімдік ресурстар мен технологияларға білімдік процестің барлық қатысушыларының тең қатынас құруын қамтамасыз ету;

-        толық бағалы білімдік кеңістікті құру және әрбір мектеп оқушысының жеке дара дамуын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

-        жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін білімдік процесті технологияландыру;

-        жалпы орта білім беруді басқару жүйесін автоматтандыру;

-        мектеп оқушылары мен мұғалімдердің ақпарқатынастық мәдениетін дамыту. 

 

5.  Электрондық оқытудың субъектілері

Мектептік білім  беру ұйымдарындағы электрондық  оқытудың негізгі субъектілері болып  білімдік процес пен басқарудың тікелей  қатысушылары саналады: директор, мектеп директорының орынбасары (оку және тәрбие істері бойынша, ғылым бойынша, әкімшілік-шаруашылық іс-әрекеттер бойынша және т.б.), мұғалімдер, сынып жетекшілері, психологтар, оқушылар, ата-аналар, кітапханашылар, дәрігер қызметкерлер.  

 

6. Мектептік  білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытуды іске асыруға қойылатын жалпы талаптар

6.1. Электрондық оқыту құралдарын пайдалану оқу жүктемесінің 30%-ға дейінгі көлемінде ұсынылады.

6.2. Электрондық оқытудың  құралдары болып кейстік технология, ТV-технология, желілік технологиялар саналады.

6.3. Электрондық  оқыту оқушылардың оқу-танымдық  іс-әрекеттер түрінің алуан түрлілігі және лездік кері байланыстар есебінен білімдік процес субъектілерінің бір бірімен және білімдік ақпараттық ортамен интерактивтік өзара әрекеттестігі ретінде жүзеге асады. Электрондық оқыту жағдайында оқушы цифрлық білімдік ресурстар мен қолданбалы бағдарламалық өнімдердің көмегімен қажетті білімдерді, біліктер мен машықтарды ала отырып, оқыту мазмұнының үлкен бөлігін белсенді түрде және өз бетімен игереді. Мұғалім енді білімдердің негізгі және бір ғана көзі болмастан, кірістік оқу ақпаратын оқушыға жай тарататын емес, оқушының оқу материалымен жұмыс істеуін, оқу мақсатында оқушылардың өздерінің арасындағы өзара әрекеттестікті ұйымдастыратын және қажетті жағдайда қолдау көрсететін, оларға кеңес беретін тьютерге айналады.

6.4. Ақпараттық-білімдік орта жағдайында оқушылар жетістігінің тепе-тең бағалануы, мектеп оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру, ата-аналар тарапынан бақылау мүмкіндігінің кеңеюі қаматамасыз етіледі. 

 

7. Мектептік  білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың кейстік технологиясын жүзеге асыруға қойылатын талаптар

7.1. Электрондық  оқытудың кейстік технологияларын  жүзеге асыру қолданбалы бағдарламалық  өнімдердің, мультимедиалық үйрететін  бағдарламалардың және CD мен DVD-дағы цифрлық білімдік ресурстардың алуан түрлерін мектептердің білімдік процесінде пайдалануды ұйғарады. Кейстік технологиялардың арқасында цифрлық контентті дайындау мен тарату, электрондық оқыту, Интернетке қатынас құрудың бар болуына немесе сапасына тәуелсіз түрде, кез келген оқушы үшін, оның ішінде алыс қашықтықтағы шағын жинақы мектептер, және мүмкіндіктері щектеулі оқушылар үшін де мүмкін болды.

7.2. Оқушылар  іс-әрекетінің жетекші түріне  сәйкес жалпы орта беру үшін  қолданбалы бағдарламалық өнімдердің  негізгі формасы ретінде мақсаттан  нәтижеге дейінгі оқу процесін  бейнелейтін, білімдік процесс  субъектілерінің интерактивтік  қашықтықтық өзара әрекеттестігіне орта амалын қамтамасыз ететін электрондық оқулықтар қарастырылады.

7.3. Қолданбалы  бағдарламалық өнімдерді стандарттау  электрондық оқыту процесі құрамының  құрамдас бөліктерін (құлшыныстық-мақсаттық, мағыналы, операциялық-іс-әрекеттік, бағалау-нәтижелік), оқыту процесінің заңдылықтарын және пәндік салалардағы оқытудың теориясы мен әдістемесінің жетістіктері негізінде қабылдаудан бастап практикада қолдануға дейінгі оқу-танымдық іс-әрекеттің ситапттамасын ескере отырып, оларға психологиялық-педагогикалық талаптарды ұсынады.

7.4. Барлық  мектептер базистік оқу жоспарына  сәйкес Қазақстан Республикасы  білім беру Мемлекеттік жалпы  міндетті стандартына сәйкес  келетін ҚР базарындағы бар электрондық оқулықтармен, электрондық оқулықты мектептегі бар барлық компьютерге инсталляциялауды ұйғаратын бір мектепке бір лицензия мөлшерінде, қамтамасыз етілуі тиіс. Лицензиялық келісімді ҚР Әділет министрлігінің авторлық куәліктерінің негізінде дайындаушы-бірлестік береді.  

 

8. Мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың ТV-технологиясын жүзеге асыруға қойылатын талаптар

8.1. Электрондық  оқытудың ТV-технологиясын жүзеге асыру білімдік процесте оқу теледидарын пайдалануды қарастырады:

–       ұлттық арналардағы оқу-білімдік бағдарламалар хабар;

–       ҚР-ның барлық аймағын қамтитын серіктік хабар;

–       Кәбілдік желілер бойынша оқу-білімдік бағдарламалар таралымы және Интернет-хабар.

8.2. Бейнесабақтарды  дайындау бағыттары – мұражайларға, кітапханаларға және басқа ақпараттық ресурстарға қатынас құра алмайтын жергілікті ауыл балалары үшін оқу-танымдық фильмдер; эксперименттер көрсетілімі, физика, химия және биология бойынша ауыл мектептерінде орындауға болмайтын зертханалық жұмыстар; озық тәжірибе сабақтары – жоғары санатты мұғалімдердің шебер-сыныптары; электрондық оқулықтар мен интерактивтік жабдықтарды пайдалану әдістемесі бойынша сабақтар.  

 

9. Мектептік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың желілік технологияларын жүзеге асыруға қойылатын талаптар  

 

9.1. Электрондық  оқытудың технологияларын іске  асыру келесі жүйелер арқылы  мектептегі білімдік міндеттер мен білімдік процестерді басқарудың кешенді шешімдерін қамтамасыз етеді:

–       Мектепті басқару жүйесі (SMS);

–       Сыныпты басқару жүйесі (CRMS);

–       Оқытуды басқару жүйесі (LMS);

–       Тестілеу жүйесі (TMS);

–       Өзара әрекеттестіктің менеджменті (CRM);

–       Жоспарлау жүйесі (PMS);

–       Пәндер бойынша электрондық әдістік жүйелер (MMS);

–       Электрондық психологиялық-сараптамалық жүйе (MPsMS);

–       Ақпараттық анықтамалық жүйе (IMS).

9.2. Мектепті басқару  жүйесі (SMS – School Management System) қатысушылық  пен үлгерімді тіркеу жүйесін  қамтиды. SMS білім алушылардың қатысушылығын  қадағалауға, негізінде әкімшілік  саясатты жақсартуды жүргізе  алатын болатын есеп-қисаптарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мектепті басқару жүйесі мектептегі ағымдағы бизнес процестерді есепке алып, ағымдағы іс қағаздарын жүргізуді автоматтандыруы тиіс.

9.3. Сыныптарды басқару  жүйесі (CRMS – Classroom Management System) – сабақты  аса тартымды және тиімді ете отырып, оқушылардың дербес компьютерлерін мұғалімнің толығымен бақылау мен басқаруына мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық жасақтама. Одан басқа, CRMS лездік дыбыстық хабарлар мен сұқбатты жеткізу, сондай-ақ бейне- және аудиофильмдерді таратып беру мен оларды шынайы уақыт режімінде көрсетуге мүмкіндігі бар толық бағалы лингофондық сыныптың қызметіне ие болуы тиіс

9.4. Оқу процесін  басқару жүйесі (LMS – Learning Management System) оқу процесінің барлық қатысушыларына (мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға) интерактивтіктің  режімінде, on- және off-line режімдерінде  оқытуды басқаруға, дербес блогтар  және портфолио арқылы кәсіптік тәжірибелерді бөлісуге, оқушылардың динамикалық үлгерімін қадағалауға, сондай-ақ оқушылардың, педагогтар мен мектеп әкімшілігінің рейтингілерін жүргізуге және көптеген басқаларды қадағалауға мүмкіндік береді. Жүйенің архитектурасы порталдық қосымшалардан қолданбалы кызметшілікке қатынас құруды ұсыну үшін веб-қызметтерге және ашық стандарттарға негізделген кіріккен схемаларды пайдалануға мүмкіндік беруі тиіс. Кіріккен схемалардың мұндай типі ақпараттық жүйенің гетерогендік айналасына тән қауіп-қатерді азайтады және шығынды қысқартады.

9.5. Тестілеу жүйесі (TMS – Test Management System) тестілерді дайындауды (редакциялауды, өзгертуду әзірлеуді) ұйымдастыруға, тестілерді жариялауға және нәтижелерді қарап шығуға мүмкіндік туғызуы тиіс. Тестілерді орындау кезінде білім алушы сұрақтардың арасында орын ауыстыру, қиындық тудырған сұрақтарды кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Тестілердің менеджері тестілеудің алдында оқушылардың беделге ие болуын қолдауы тиіс, яғни тесті басталар алдында пайдаланушы тестіге құпия сөз енгізуі тиіс.

9.6. Пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (MMS –Method Management System) білімдердің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және пәндік бағдарланған салаларының кірігуін қамтамасыз етуге бағытталған. Электрондық әдістемелік жүйе – бұл пән аралық ақпараттың ұйымдастырылған және құрылымдалған ұшқыр, ашық, дамитын технологиялық базасы.

9.7. Электрондық  психологиялық-сараптамалық жүйе (MPsMS – Monitor Psychology Management System) - бұл топ, оқытушы, жоо және б. туралы кері байланыс алуға арналған жүйенің пайдаланушылардың сауалнама жүргізуіне мүмкіндік беруі тиіс болатын құрал. Сауалнама аты-жөні көрсетілмеген режімде өтетін бола алады. Нәтижелерге қатынас құру құқығының баптауы бар сұраныс нәтижелерін шығарудың икемді баптауы болуы тиіс.  

9.8. Ақпараттық анықтамалық  жүйе (IMS – Information Management System) білім  беру ұйымдарының іс-әрекеттері (сабақтар кестесі, сыныптан тыс шаралар кестесі, асхана мәзірі және т.б.) туралы қысқаша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Пайдаланушының рөліне байланысты e-learning жүйесінде есеп-қисаптарды қалыптастыру мүмкіндігі болуы тиіс. Сараптама және есеп-қисап бойынша талаптар жүйені енгізу кезіндегі кызмет ету кезеңінде анықталады.  

 

10. Электрондық  оқытуды іске асырушы мектептік  білім беру ұйымдарының инфрақұрылымына қойылатын талаптар

10.1. Мектептік білім  беру ұйымдарындағы электрондық  оқытуды іске асыру құрылыстық  нормалар мен ережелерге, білім  беру ұйымдарының қызметкерлері  мен білім алушылардың денсаулығын  қорғаудың тазалық пен гигиеналық  нормаларына. оқу ғимараттарының  жабдықтарына, зертханалық және  компьютерлық жабдықтарға, телеқатынастық  құралдарға қойылатын талаптарға  сәйкес болуы тиіс.

10.2. Мектептердің  серверлік жабдықтан, мұғалімнің  жұмыстық орнынан, компьютерлік  сыныптан, ұялы сыныптан, кітапханаға  арналған компьтерлерден, дәрігерлік қызметкерлерге арналған компьютерден, мұғлімдерге арналған компьютерлерден, жүйелік басшыға арналған компьютерлерден тұратын компьютерлік жабдығы бар болуы тиіс.

10.3. Мектептерде  серверлік, интерактивтік дәрістік залдар (ИДЗ) мультимедиалық лингафондық бөлмелер (МЛБ), цифрлық оқу теледидары, электрондық оқу залдары бар болуы тиіс. Оқу қажеттілігі кезінде әрбір бөлме интерактивтік тақталармен, мультимедиалық проекторлармен, бейнекамералармен, теледидарлармен, бейнемагнитофондармен, фотоаппараттармен, DVD/VCD-плеерлермен және т.б. жарақталған болуы тиіс.

10.4. Оқу дәрісханасындағы компьютерлер саны және олардың орналасуы Тазалық ережелері мен нормалары бойынша анықталады: бір ДК-ге 6.0 ш.м-ден аз емес аудан болуы тиіс. Барлық ДК жергілікті желіге біріктірілген болуы тиіс.

10.5. ДК үйлесімі  оқыту іс-әрекетінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір жұмыс орнында CD – жетегінің, иеб-камералардың, дыбыстықНаличие на каждом рабочем м карталар мен құлаққаптардың бар болуы міндетті болып саналады.

10.6. Шектелген қатынас  құру оқу ақпараты, сондай-ақ оқушылардың  жұмыстық материалдары РМС-пен  қатынас құруы бар клиенттік бағдарламалық жасақтама көмегімен іске асырылатын серверлерде орналастырылады.

10.7. Пайдаланылатын  коммерсиялық бағдарламалық жасақтама  лицензияланған болуы тиіс.

10.8. Жабдықтардың  топтамасына көбейту техникалары  (принтер, көшірмелеу аппараты) және  сканер кіруі тиіс.

10.9. Аудионы тыңдау  және бейнежазбаларды қарап шығу  үшін жабдықтардың құрамында  10 оқушыға бірден жинақтан аз  емес тиісті жаңғыртушы аппаратура болуы тиіс. 

 

11. Электрондық  оқыту жүйесін кадрлық жасақтауға  қойылатын талаптар.

11.1. Мектептің барлық  педагогтық ұжымы, инженерлік-техникалық  және оқу-көмекші қызметкер электрондық  оқыту саласында мерзімді түрде  қайта дайындаудан немесе біліктілікті  арттырудан өтуі және тиісті серттифиқаты болуы тиіс.

Электрондық оқыту технологиясың мүмкіндіктер