Есеп саясаты. 4
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК 09-2009 1 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | ||
Оқу-әдістемелік кешені |
Ф.4.09-02 | |
01.02.2009 ж. |
Қаржы – экономикалық факультеті
Есеп және аудит кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор
__________________
«_____»__________________2011 ж.
Есеп саясаты пәнінің
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандықтар: 5B050800-Есеп және аудит
Оқу формасы: күндізгі, сырттай
Талдықорған 2011 ж.
Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС
негізінде 5B050800-Есеп және аудит мамандығына доцент А.Қ.Шарипов кұрастырған.
____________________________
(оқытушының қолы)
Есеп және аудит кафедрасының отырысында қарастырылды.
« » 2011 ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі С.К. Байдыбекова
«_____»__________ ___2011 жыл. №______ хаттама
Қаржы-экономикалық факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы_________________ Р.Ж.Габдуллина
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2009 1 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | ||
Оқу-жұмыс бағдарламасы |
Ф.4.09-03 | |
01.02.2009 ж. |
Қаржы – экономикалық факультеті
Есеп және аудит кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор
__________________ «_____»__________________2011 ж.
ОҚУ-ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
пән: Есеп саясаты
Мамандықтар: 5B050800-Есеп және аудит
Оқу формасы: күндізгі, сырттай
Оқу - жұмыс бағдарламасы типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС
негізінде доцент А.К.Шарипов кұрастырған.
____________________________
(оқытушының қолы)
Есеп және аудит кафедрасының отырысында қарастырылды.
« » 2011 ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі С.К. Байдыбекова
«_____»__________ ___2011 жыл. №______ хаттама
Қаржы-экономикалық факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.
Әдістемелік бюроның төрайымы_________________ Р.Ж.Габдуллина
|
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті |
СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2009 1 басылым |
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | ||
Силлабус |
Ф.4.09-04 | |
01.02.2009 ж. |
Қаржы – экономикалық факультеті
Есеп және аудит кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Пән: Есеп саясаты
Мамандық: 5B050800-Есеп және аудит
Оқу түрі: күндізгі, сырттай
курс: 3
семестр: 6
кредит саны: 3
Барлық дәрісханалық сағат саны: 60, соның ішінде:
дәрістер: 30
іс-тәжірибелік сабақтар: 15
ОСӨЖ: 45
СӨЖ: 45
Емтихан:6 семестр
Курстық жұмыс: жоқ
Талдықорған 2011
Есеп саясаты
Оқытушы туралы деректер
Шарипов Аскар Калиұлы– есеп және аудит кафедрасының доценті
ұялы телефон 87773513944 телефоны: 22-96-71
Консультация сағаты: ОСӨЖ сабақ кестесі бойынша
Пәннің пререквизиттері: Курсты тиімді меңгеру үшін мына пәндерді оқу керек: “Қаржылық есеп-1, Қаржылық есеп-2”, “Басқару есебі-1”, “
Пәннің постреквизиттері: Осы пәнді оқудың мақсаты келесі пәндері меңгеру үшін қажет: “Аудит”, “Салық есебі”, Басқару есебі-2”.
Қысқаша түсініктеме: Нарықтық эканомиканың дамуы және құрылуы қоғамдағы өндірістік қатынастар мен экономикалық теорияның алдына жаңа міндеттер қойып отыру керек. Жеке шаруашылық субьектілердің өндірісті басқару заңды және жеке тұлғалар әр түрлі жолдармен қатысады. Осындай қатысу түрлерінің бірі болып өндірісті дамытуға бос қаражаттарды салу, несие – қаржылық қатынастарға қатысу, сондай – ақ жарғылық және жұмыс капиталының калыптасуына инвестиция бағыттау болып табылады.
Кәсіпорынның өндірісттік – шаруашылығының даму қызметін бақылау, қаражаттар салу және қаражаттар қайда салынғанын анықтау үшін қаржылық жағдайды зерттеу, оқу әр акционердің, кредитордың, инвестордың және құрылтайшының міндеті болып табылады. Ұсынылған қаржылық есептің нақтылығына жауап беру үшін оның есеп саясатының нормативтік – құқықтық актілер талабына сәйкестігін қарау керек.
Осы пәнді оқып – үйрену бұрынғы оқытылған пәндердің ой – талғамдық жалғасы болып табылады, яғни «“Қаржылық есеп-1, Қаржылық есеп-2”, “Басқару есебі-1”, “
Есеп саясаты ақпараттық негізгі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан оны дұрыс құрастыру үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік заңдылықтарын арнаулы әдістері мен тәсілдерін қодана білу керек.
Курстың мақсаты:
- “Есеп саясаты ” пәні ұйымдарды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің ролін оқып білуге, бухгалтерлік есеп принциптері мен негізгі концепцияларын игеруге, бухгалтерлік баланстың мазмұны үйретуге және оларды ұйымдастыру технологиясымен таныстыруды көздейді.
- Есеп саясаты негізін меңгеру үшін және осы алған білімдерін ұйымдарда іс-тәжрибеде қаржылық есеп стандарттарына сәйкес қолдана білуді оқыту.
Курстың міндеттері:
- Қаржылық есеп беру элеметтерінің есебін білу.
- Бугалтерллік есептің концепциялары мен қағидаларын оқыту.
- Табыстар мен шығындар есебін, сол сияқты қаржылық нәтижесін анықтауды игеру.
- Бухгалтерлік баланстың рөлі мен мағанасын оқыту.
- Есеп саясатының маңыздылығы мен мәнділігін жете біліуге үйрету.
Осы курсты аяқтағаннан соң студенттерде қалыптасатын білім, біліктілік және дағдысы.
Бұл курсты оқу кәсіби білімге
Курстың аяғында бухгалтерлік
есеп принциптерін және
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға |
Бағаның цифрлік эквиваленті |
Пайыздық мөлшері |
Дәстүрлі түрде бағалау |
A |
4.0 |
95-100 |
Өте жақсы |
A- |
3.67 |
90-94 | |
B+ |
3.33 |
85-89 |
Жақсы |
B |
3.0 |
80-84 | |
B- |
2.67 |
75-79 | |
C+ |
2.33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
C |
2.0 |
65-69 | |
C- |
1.67 |
60-64 | |
D+ |
1.33 |
55-59 | |
D |
1 |
50-54 | |
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші
Бағаланатын бағдар (позиция) |
1-8 аптадағы бағалау мөлшері |
9-15 аптадағы бағалау мөлшері |
Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері |
Электронды журналға балл қоюдың кезеңі |
Ағымдық бақылау |
7 |
7 |
Әрбір бағалауға 100 баллдан |
Апта сайын (бірінші аптадан басқа) |
СӨЖ |
2 |
2 |
Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан |
4,7,11, 14 апталарда |
Аралық бақылау |
1 |
1 |
Әр аралық бақылауға 100 баллдан |
8 және 15 аптада |
Кіру рұқсатының рейтенгісі 1 |
R1 |
100 |
8 апта | |
Кіру рұқсатының рейтенгісінің 2 |
R2 |
100 |
15 апта | |
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі |
R= (R1 + R2)/2 |
100 |
15 апта | |
Емтихан |
Е |
100 |
16-19 апта | |
Қорытынды баға |
І = R*0.6+E*0.4 |
100 |
||
Баға қоюдын критерилері
Бақылау түрі |
Максимальдық баға |
Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі |
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы лаборатиориялық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) |
100 15 30 35 20 |
Әр сабақта |
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 |
100 30 40 30 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 |
100 30 30 40 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 |
100 20 35 45 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 |
100 30 35 35 |
СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес |
Аралық бақылау 1: Жоба қорғау Жоба идеясы Жоба сипаттамасы Жобаның тұсаукесері |
100 10 50 40 |
3апта 6апта 8апта |
Аралық бақылау 2: коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3 |
100 100 100 100 |
15 апта |
*СӨЖ мазмұны силлабустағы
СӨЖге арналған кестеде
Дәрістер кешені
Кіріспе
Нарық экономикасының өркендеуі ғылымдардың және қоғамдық өндірістік қатнастардың алдында жаңа талаптар қоюда. Заңды және жеке тұлғалар ұйымдарды басқаруға бос қаржыларын өндірістің өркендеуіне бағыттау, қаржы-несиелік қатынастарға кірісуі және инвестицияларды жарғылық, айналым капиталының қорлануына жұмсау арқылы қатынасады.
Қаражаттарын бағыттау үшін, қаражаттары салынған кәсіпорындардың қаржылық жағдайын зерттеу, қызметінің дамуын бақылап отыру әрбір инвестордың, несие берушінің, құрылтайшының және акционердің міндеті болып табылады.Ол әр кәсіпорынның қаржылық есептілігінің және есеп саясатының дұрыс құрастырылуы арқылы жүзеге асырылыды.
Есеп саясаты– жоғары оқу орындарындағы экономикалық мамандықтардағы студенттерге арналған маңызды курс болып табылады және жалпылама қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттар мен қаржылық есеп берудің стандарттары негізінде құрастырылады.
Оқу барысында студенттер бухгалтерлік есеп құқықтық негіздерін: принциптерін, қаржылық есеп берудің элементтері мен басқару есебі объектілерін, әдістерін тәжірбиеде қолдануын оқып біледі.
Есеп саясатының әдістемелік негіздерін және оның қалыптасуын білу әрбір экономиске оның болашақ қызметіне пайдалы.
- Есеп саясатының мәні және маңызы
Бұл тақырыпта қолданатын негізгі ұғымдар
1.Есеп саясаты – субъект шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығы( 8 ias халықаралық қаржы есептілігінің стандарты)
2. Есептеу принципі – кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі. .
3.Үздіксіздік принципі - яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады.
Есеп саясаты
Қазақстан Республикасының
Есеп саясатында ұйымның есептік нұсқасы, нұсқалар рұқсат өткен есеп объектілерін бағалау, сондай-ақ белгіленген нормалардың талаптарына және кәсіпорын қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мән ұйымдастырудың техникасының нысандары таңдалады.
Кәсіпорынның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар жиынына негізделеді. Мұның өзі нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік есептің рөлі мән мәнін арттыруда аса маңызды.
Қазақстанның қаржылық есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасын, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.
Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы, құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыру және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кісіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс. Басқаша айтқанда, есептік саясат- бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.
Бухгалтеррлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік- құқықтық құжаттарда белгіленген.
Оларды жүзеге асыру
барысында нақты кәсіпорынның есептік
саясаты келесідей
- Кәсіпорын өз мүлкімен өзімен өзі болушылығы (кәсіпорын өз балансында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық құндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шотаррда есепке алынады);
- Толассыз қызметі (есеп саясаты мәселесі бойынша қандай да бір қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек);
- Есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету әдісінің тұрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де);
- Шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек).
Пайдаланатын есеп саясатының
басты міндеті мен негізгі
арналымы – кәсіпорынның
Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есеп іскер адамдарды біріктіре алатын бизнес пен кәсіпкерліктің тілі болып табылады. Бұған қоса, бухгалтерлік есеп макро-экономикалық көрсеткіштердің қалыптасуының жалпы мемлекеттік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ал бұның өзі әрбір кәсіпорын мұндай көрсеткіштерді есептеп шығаруға қажетті ақпараттарды әзірлей отырып, бірегей әдістер мен қағидаларға сүйенулері керек. Бұл қағидалар есеп ресімдерін таңдау мен есеп процесін әзірлеуде сақталуға тиіс, кәсіпорынның есеп жүйесіндегі бастапқы сәттерді белгілейді.
Олар кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жүйесін құрудың іргетасы. Оның мақсаты салыстырмалы ақпаратқа рұқсатты қамтамасыз ету, қаржы жағдайы мен қызмет нәтижесі туралы шынайы ақпаратты тапсыру болып табылады.
Есеп саясатын қалыптастырған және
қолданған кезде есептің мынада
1. Есептеу – кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
2. Үздіксіздік - яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады.
Оның таратылуға немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады.
3. Түсініктілік принципі - қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
4. Маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат маңызды болуы керек.
5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
8. Сақтық - яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылдаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
9. Аяқталғандық - растықты қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталған болуы тиіс.
10. Салыстырмалылық - қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдердегі ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.
11. Дәйектілік. Субъекті таңдап алған есеп саясаты мен әдістер, объектілер бір есепті кезеңнен келесі есептік кезеңге дәйекті түрде қолданылуы керек. Егер біз бір есеп саясатын таңдап алып, келесі жылы басқа есеп саясатын таңдайтын болсақ, онда мұндай жағдайда түсіндірме жазулар болуға тиіс, яғни біз оларды негіздеуге тиіспіз.
12. Күмәнсіз және риясыз ұсынба. Қаржылық есептеме оны пайдаланушылардың қаржы жағдайы, қаржы-шаруашылық нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы көріністі риясыз көзқарас туғызуы керек. Типтер кәсіпорынның есеп саясатын әзірлеуге тауға негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды порынның мүліктік және қаржы жағдайы туралы алайды. Оның қызметінің нәтижесі бухгалтерлік жүргізбеу ретінде бағалануы керек. Бухгалтерлік дарттары есеп саясатын қалыптастыруға база ады. Олар шаруашылық операцияларын, активті капиталды, міндетемелер мен шаруашылық нәтижелерін көрсетудің бірнеше нұсқасын ұсылатын.
Есеп саясатын қалыптастыру әрбір стандартта ұсынылатын әдістердің біреуін таңдап алу және оларды негіздеумен түсіндіріледі. Есеп саясатының қалыптасуына кәсіпорынның басшысы жауап береді.
Есеп саясатының ашылуы - бұл қаржылық есептемеге түсіндірме жазудағы неғұрлым елеулі аспектілерге сипапама беру.
Қаржылық есептіліктің деректері бойынша кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайы, оның төлем қабілеті, шаруашылық етудің негізгі ережелері, кәсіпорын қызметінің жақсаруындағы (нашарлауындағы) үрдістер және т.б. көрсеткіштер белгіленеді.
Бұйрықпен ресімделген есеп саясаты нормативтік құжат болуға тиіс. "Есеп саясаты" термины ресми түрде Қазақстан Республикасы бухгалтерлерінің іс тәжірибесіне, кезіндегі Казақстан Республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық Комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №2 қаулысымен енгізілді. Толық түрде есеп саясаты ұлттық қаржылық есеп стандартында(ҰҚЕС-1, ҰҚЕС-2) және Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) танылып, меншік түрі мен қызмет ерекшеліктеріне қарамастан барлық ұйымдарда міндетті түрде жасалынатын болды. Әрбір ұйым өзінің есеп саясатын калыптастырып, мұның өзін ішкі шаруашылық өрісінде және бухгалтерлік есеп жүргізу ісінде қолданатын мүмкіндікке ие болатын болды.
Есеп саясаты - деп ұйымдарда
іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік
есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған
өрісі кең ішкі ережелер жүйесін айтады.
Есеп саясатының түпкі мақсаты - нарық пен базарлы саудаға түсетін ұғымды жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өндіруге ықпал ету, қаржылық күйреу жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дұрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту, өңдірістік шығындар тиімділігін ұғымды баскару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет аткаруын қамтамасыз ету.
Есеп саясаты екі жағдайда - "жоғарыдан" және "төменнен" реттеледі. "Жоғарыдан" реттеу кезенінде есеп қызметін жүргізу жөніндегі зандар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары, салық заңдылығы т.б. ресми құжаттар басшылықка альшады. Екінші жағдайда "төменнен" реттеу кезеңінде ұйымдардағы технологиялык ерекшеліктер, салалық кұрылым, табыс келтіру жолдары т.б. ішкі ерекшеліктер басшылыққа алынады. Есеп саясатын қалыптастыру үшін есеп жүргізу әдістерінің ішінен, осы кәсіпорынға тән кажетті әдістер мен ережелерді тандап алып, есеп саясатының маңызын ашуға болатындыған тағы да айта кеткен жөн. Есеп саясаты өзінің құрылымы мен баяндау нысаны бойынша үш дәстүрлі блоктан тұрады:
- Жалпы бөлім;
- Ұйымдастырушылық бөлім;
- Әдістемелік бөлім.
"Жалпы ережелер" бөліміне мыналарды енгізген жөн:
- ұйым туралы жалпы мәліметтер;
- қаржылық жағдайлар, қызмет нәтижелері және осы үйымның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы шынайы ақпаратты қалыптастырудың қамтамасыз етілуі туралы оның есеп саясатының негізгі мақсаты.
"Ұйымдастыру" бөлімі бухгалтерлік есепті жүргізуге, бухгалтерия құрылымын ұйымдастыруға және оның қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін білуге, бухгалтерлік есепті жүргізудің қолданылатын нысандарын, шоттардың Жұмысшы жоспарын және басқаларды сипаттауға жауапты тулғаларды анықтайтын елеулі мәселелерді қамтиды. Мұның барлығы бухгалтерия жұмысын ретке келтіруге, ақпарат келіп түскен кезде оны дәл бірегейлендіруге, бағалауға, жіктеуге және жүйелендіруге мүмкіндік беріп, есептілікті жасаған кезде жұмысты едәуір оңайландырады. Басқа да қадамдардың болуы мүмкін.
"Әдістемелік" бөлімі ақпаратты қаржы есептілігінде көрсетудің ҰҚЕС-1,ҰҚЕС-2 және ХҚЕС ұсынатын тандаулы баламаларға орай нақты тәсілдерін қамтуға тиіс. Егер басқаша жасаудың ерекше негіздемелері болмаса, есеп саясатын осы стандарттар бойынша бірінші рет қалыптастыратын ұйымдарға негізгі жол бойынша жүргені жөн болады. Жүйелілікті, кезектілікті және толықтықты қамтамасыз ету мақсатында бір ҚЕС-нан басқасына таңдауды жүзеге асырған, яғни алдымен ҰҚЕС-1, содан кейін ҰҚЕС-2 және т.б. көзделген тәсілдерді, баламаларды анықтап алған дұрыс.
- ҚР бұхгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік құрастырудың нормативтік-құқықтық негіздері
ҚР бұхгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік құрастырудың нормативтік-құқықтық негіздері төрт сатыдын тұрады:
- ҚР "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы"28.02.2007 ж № 234-111 жаңа заңы.
- Ұлттық қаржылық стандарттар (ҰҚЕС-1, ҰҚЕС-2) мен халықаралық қаржылық есеп стандарттары (ХҚЕС).
- Типтік бухгалтерлік есеп шоттар жоспары мен Бухгалтерлік есепті жұргізу ережелері.
- Субъектінің есеп саясаты.
Республикамызда бәсекеге қабілеті ұлттық экономика қалыптастыру кезінде бухгалтерлік есептің нормативтік-құқықтық негіздерін жетілдіру маңызды роль атқарады. Соған дәлел, 28.02.2007 ж ҚР Президеті қол қойған "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" № 234-111 ҚР жаңа заңы. Бүл құжат бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың бүрын қолданылып келгеннен едәуір айырмашылықтары бар принциптері мен қағидаларын белгілейді. Ірі бизнес субъектілеріне қолданылатын халықаралық қаржылық есеп стандарттарымен (ХҚЕС) қатар, кіші және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұлттық қаржылық есеп стандарттар ы (ҰҚЕС-1, ҰҚЕС-2) енгізілуі көрсетілген.

- Есеп саясаты
- Есеп саясаты
- Есеп саясаты
- Есеп саясаты және оған қойылатын талаптар
- Есеп саясатының мәні мен мақсаты
- Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
- Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
- Есенин - Сергей Александрович
- Есеп беру
- Есеп және қаржы
- Есеп жүргізуге мынадай талаптар қойылады
- Есепке алатын орган көрсетушi құжаттар
- Есеп саясаты
- Есеп саясаты