Есеп саясатының мәні мен мақсаты



Жоспар:

 

              Кіріспе                                                                                            3-4

              1 Ұйымдардың есеп саясаты

1.1 Есеп саясатының мәні мен міндеті.                                   5-6

1.2 Есеп саясатын қалыптастыру.                                            6-17

               2  Есеп саясатының өзгеріске түсуі                                          

2.1 Есеп саясатының ұйымдық және техникалық                 18-19  

аспектілері.

2.2 Есеп саясатының өзгеріске түсу жағдайлары.                 19-22

               Қорытынды                                                                                   23-24

               Пайдаланылған әдебиеттер                                                        25

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

 

                                                  Кіріспе

      

          Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне  «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13 қазан 1996 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама» деп аталған қаулысымен енгізілген.

          Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда; біріншісі-мемлекеттік және

қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі-ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады.

          Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты:

- есеп саясатының мақсаты мен мәнін, мазмұнын ашу;

- қаржылық қорытынды есепті пайдаланушыларға ұйымдардың есеп саясатын қосымша түсіндірілетін ақпарат көзі ретінде тәжірибеде қолданудың қажеттігін қарастыру;

- бухгалтерлік есеп тәжірибесінде қолданылатын және ұйымдардың есеп жүргізу ерекшеліктерін көрсететін есеп саясатының қажеттілігін көрсету;

- есеп саясатының қандай мақсаттарға және не үшін қалыптасатындығын түсіндіру;

- есеп саясатын қалыптастырудың тәжірибедегі құрылымы мен қолдану бағытын және есеп саясатын өзгеріске түсіретін жағдайларды қарастыру.

       Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

       Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушылар тұрғысынан қарағанда есеп саясаты- қандай әдістердің қолданылғандығы, бірнеше есепті жылдар ішінде қорытынды есептің қалай жасалғандығы, қаржылық талдау жұмысының қалай орындалғандығы және ұйым қызметі өрісінде болған өзгерістер жөніндегі қосымша ақпараттардың қалай алынғандығы т.б. жағдайларды толығымен көрсетуі керек.

       Есеп саясатының міндеттері:

- есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау;

- нәтижелік өзгерістерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;

- қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу;

- ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және ағымдағы активтерді бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету;

- синтетикалық және аналитикалық шоттар тізімін жасау, тауарлы- материалды құндылықтарды бағалау және бұларды сату, өндірістік шығындарды реттеу т.б. әдістерді кеңінен қолдану.

       Ұйымдар өрісінде қалыптасқан есеп саясаты осы ұйым қызметінің ары қарай дамуына, бизнестік әрекеттің кезеңдік жолдармен өркендеуіне тікелей әсер етуі керек. Егер инвестициялық процестің тиімділігі болмаса және таза пайда алу процесі қалыптаспаған жағдайда есеп саясатын жасаудың қажеті болмайды. Есеп саясаты ұйымдар қызметінің қаржылық тиімділігіне және ақша қаражатының көбеюіне әсер етеді.

        Сонымен есеп саясаты деп- ұйымдар шаруашыық қызметі өрісінің іс- тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп прициптері, әдістер мен ережелер және ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           1.1 Есеп саясатының мәні мен мақсаты

 

              Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда: біріншісі- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты; екіншісі- ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады.

              Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әр қайсысы әр түрлі экономикалық факторлаға тап болады. Әр түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсатына жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінің түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудің тәртібі, ақпараттарды өңдеу т.б. ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаииайды.

              Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі жорамал принциптерді зерделеп білген жөн. Халықаралық қаржылық есеп стандартына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік жекелену, үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық фактілердің толықтылық принциптері жатады.

              Есеп саясатының ең негізгі атқаратын міндеті ұйымдардың әр жылдар бойы таза пайда алуына әсер ету. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі есеп саясатының көп варианттығы әр түрлі жағдайда іске асырылады. Есеп саясатын қалыптастырудың типтік оптималды варианты болмайды. Мұның өзі ұйымдардың технологиялық, техникалық және ұйымдық мәселелріне байланысты болады. Айта кететін жағдай: қаржылық қорытынды есеп, қаржылық, бухгалтерлік есеп, басқарушылық және салық есебі араларында гармониялық байланыс болмаған жағдайда бухгалтерлік байланыс жасалынып қорытылмайды. Көрсетілген есептің әрбір жекелеген түрлерін жүргізу үшін осыларға тән белгілі әдістер мен ережелер қолданылады. Есептің әр түріне тән ережелер қолданылмаған жағдайда ұйымдардың қаржылық қорытынды есебі жасалынбайды.

            Ұйымдардың есеп саясатының дәрежесі мен бағыты басқару ерекшеліктеріне, кәсіпкерлік қызмет нормасына, үлес қосу құжаттарының қалыптасуына, салық жағдайына, клиенттермен ұзақ мерзімді келісім жасауға т.б. байланысты болады, Сонымен қатар есеп саясатының негізгі жүйесі «жоғарыдан» және «төменнен» реттелетін жағдайда қалыптасады.

            Бірінші, жоғарыдан реттеу жүйесі заңдар мен нормативтік актілер және бухгалтерлік есеп стандарттары мен салық жөніндегі заңдар талабын сақтауға байланысты. Екінші, төменнен реттеу жүйесі негізінен ұйымдар деңгейіндегі технологиялық ерекшеліктерге, салалық және құрылымдық нышандарға байланысты. Ұйымдардың ішкі есеп саясаты- арнайы мақсат пен міндетке жету үшін таңдалып алынған есеп жүйесі шараларынан тұрады.

                 Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен  мұның өзгеріске түсуін және шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылады.

 

 

 

1.2 Есеп саясатын қалыптастыру

 

                Есеп саясатының тиімді бағытын қалыптастыру үшін бухгалтерлік есеп принциптері мен мұның қолайлы нақтылы әдістерін, салық салу процесін, қаржылық менеджментті және басқа да көптеген экономикалық қатынас мәселелерін кімде- кім жақсы білуі қажет. Есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүйесіне тән қойылған талаптар мен принциптерге жауап беруді қамтамасыз етуі керек.

                Есеп саясатын жасаушы мамандар есеп саясатының негізгі элементтерін, бастапқы элементтерін, бастапқы құжаттардың мазмұны мен ерекшеліктерін, бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарын, активтер мен міндеттемелерді бағалаудың әдістерін, амортизация есептеу тәртібін, мүліктерді түгендеу, аяқталмаған өндірісті бағалау, құжат айналысы, ақпараттарды өңдеу технологиясы т.б. көптеген бухгалтерлік есеп өрісіндегі мәселелерді зеделей білуі керек.

                Есеп саясатын қалыптастыру барысында мына төмендегі базистік принциптер маңызын басшылыққа алу керек:

               - осы ұйымның активтері мен міндеттемелері меншік иелерінің атвтері мен міндеттемелерінен дербес жүргізілетіндігін;

               - ұйым өз қызметін белгісіз уақытқа дейін үздіксіз жалғастыра беретіндігін, осы ұйымның жуық арада жойылмайтындығын және ұйым өз қызметі көлемін қысқартпайтындығын;

               - таңдалып алынған есеп саясаты бір жылдан келесі жылдарға сабақтастықпен қолданыла беретіндігін;

               - дайын өнімдерді сатудан түскен немсе түсетін ақшалардың қашан түсетіндігі уақытына қарамастан сатылған өнімдер сатып алушыларға жөнелтілген кезде түскен табыс түрінде осы жылы көрсетілетіндігін.

                Ұйымдар есеп саясатын ыңғайлы қалыптастыру мақсатында активтер, меншікті капитал және міндеттемелер мына төмендегіше топтастырылуы керек.

            - бухгалтерлік есептің шоттар жоспарына қарай материалды емес активтер мен олардың амортизациясы, негізгі құралдар, олардың тозуы, айналыс сыртындағы активтерге салынған табыстық инвестициялар сабақтастығы бойынша;

            - бухгалтерлік баланс құрамындағы активтік баптардың, яғни өтімділік дәрежесінің жоғарылауына қарай айқындалған материалды емес активтер, тауарлы материалды құндылық, аяқталмаған өндіріс, берешектер қарызы сабақтастығы бойынша;

            - активті қаражаттар көздерінің пайда болуына қарай арнайы сабақтастық принципі бойынша;

              Ұйымдар есеп саясатын жасауға ыңғайлы және икемді басқа да топтастыру әдістерін қолдануға болады.

              Жоғарыда айтылған мәселелер ұсыныстар мазмұны түгелімен есеп саясатын жасауға қолданылады деген ұғым болмауы керек. Ұйымдардың есеп саясатын жасау барысында есеп элементтері мен әдістерді кеңінен қолдануына құқылы және бұлардың өрісін кеңейтіп, бірімен- бірі байланыстырып қолдануына олардың мүмкіндігі бар.

              Ұйымдардың есеп саясаты мына төмендегі пртнциптерді сақтау арқылы қамтамасыз етіледі:

          - шарушылық өрісіндегі фактілерді бухгалтерлік есеп жүйесіне толығымен тіркеу;

          - пассивтердің азаймайтындығын қамтамасыз ету және жасырын резервтер құру жолдарын болдырмау;

          - әрбір айдың біріне қарай аналитикалық шоттар айналымы мен қалдығы сиететикалық шоттардағы осындай мәліметтермен сай келуі және бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтерінің синтетикалық және аналитикалық шоттардағы мәліметтермен бірдейлігі;

             Есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйымдар төмендегі факторларды есепке алуы керек:

            - меншіктің түрі, шаруашылық қызметінің ұйымдық және құқықтық үлгісі;

            - ұйымның көлемі және технологиялық ерекшеліктері (өнімдер өндіру, сатудың көлемі, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету);

            - шаруашылық өрісі;

            - кадрлармен қамту (инженер- техниктер, менеджерлер, бухгалтерлік білімінің кәсіби деңгейі);

            - салық салу және салық есебі ерекшеліктері;

            - есептеу техникалары мен бағдарламалармен қамту дәрежесі;

            - өнімдерді сату принципі (базардағы жағдай, баға қалыптастырудың бостандығы, өтеушілік пен сатып алушылардың өтімділік сипаты).

             Есеп саясатын тәжірибеде қолдану мен қалыптастыру барысында ұйымдар құқылы тұлғалар ретінде өздері тіркелген жердегі салық органдарымен келісті жағдайда болуы керек.

             Егер ұйымдар қызметінің нәтижесін шығару кезінде есеп мәліметтерінің кейбір объектілерінде ауытқушылық оқиғалар болса, есеп жүйесін жүргізу кезінде өзгерістер жүргізілсе, бұларды реттеу мен дұрыс жолға қоюдың тәртібі есеп саясатын қабылдаушы органдарға хабарланады.

             Есеп саясатын қалыптастыру процесі- қаржылық қорытынды есепке, басқарушылық және салық есебіне тән барлық бухгалтерлік есеп элементтер мазмұнын сабақтастық жолдармен ашып көрсетуге және ұйымдардың қаржы нәтижесі көлемін арттырып отыруға арналған.

             Есеп саясатын жасау алдында ұйымдардың міндет атқарушы бухгалтерлері осы кезеңде басшылыққа алынған және өз қызметін атқарудың негізін құраушы ресми заң актілері мен нормативтік базаларды зерделеп, өткен жылдары жасалған есеп саясатының тиісті тараулары мен объектілерін сараптауы керек. Нормативтік құжаттар мазмұнын талдау мен іске асыру жұмыстары ұйымдар қызметінің барлық объектілері деңгейінде жүргізілуі тиіс. Егер ұйымдар заң актілеріне қайшы келмейтін бухгалтерлік операцияларын жүргізіп, алайда бухгалтерлік есеп жүргізуді реттеуші құжаттарда кейбір операциялар мазмұны көрсетілмеген жағдайда, ұйымдар өз еркімен жаңа әдістерді құру мен жасауға және мұндай операцияларды есеп саясатына қосуына құқылы.

            Сонымен есеп саясатын қалыптастыру процесінде ұйымдар өз таңдауы бойынша және нақтылы жағдайды ескере отырып, есеп саясатын құраушы объектілер мен операцияларға тән басқа да әдістерді бухгалтерлік есеп жүйесінде қолдануына болады.

              Есеп саясатын қалыптастыруға тән бухгалтерлік есеп жүргізу әдістеріне мыналар жатады:

             - шаруашылық операциялары мазмұнын экономикалық тұрғыда қалыптастыру;

             - бухгалтерлер арасында атқаратын міндеттерді бөліп тарату және бухгалтерлік есеп шоттарын қолданудың тәртібін белгілеу;

             - құжат айналысы мен есеп регистрларын жүргізу әдістерін белгілеу;

             - түгендеуді ұйымдастыру, шаруашылық фактілері операцияларын бағалау және активтер құнын жою әдістерін белгілеу процестері.

              Қысқасы ұйымдар өрісінде қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүргізудің барлық процестерін қамтуға тиісті. Ұйымның бас бухгалтері есеп саясатын жүргізуге жауапты. Есеп саясатын сапалы және тура жүргізу үшін бас бухгалтерлерге бухгалтерлік есептің әдіснамалар жиынтығымен, қолданылып келе жатқан нормативтік құжаттар мазмұнын мұқият білу талабы қойылады.

               Есеп түрлерін бөліп қарау мен бұлардың көптігі (оперативтік, бухгалтерлік, қаржылық, басқарушылық, салық, статистика) барынша жоғары дәрежеде есеп ақпараттарын пайдаланушы әр түрлі топтарының мүддесін, есеп саясатын жасау мен қалыптастыру арқылы қанағаттандыру болып табылады.

               Ұйымдардағы есеп саясатын қалыптастырудың негізгі элементтері есеп саясатының әдіснамалық жекелеген аспектілерінен тұрады.

              Бухгалтерлік есеп жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын есеп саясатының мазмұнын жекелеген объектілер бойынша ашып көрсетіледі:

              1. Негізгі құралдарды бағалау мен бұларға амортизация есептеу.

                 Есеп саясатының осы объектісі бойынша түгелімен тозған, пайдалануға жарамайтын негізгі құралдарды бағалаудың әдісін таңдап алу керек. Түгелімен тозған негізгі құралдарға тән бағалаудың әдісін қолданудың мақсаты, бұларды қайта жөндеп, алдағы уақытта пайдалану мүмкіндігін анықтауға байланысты. Тозған негізгі құралдарды бағалап, бұлардың құнын анықтаған кезде амортизациялық сомалар мен салық салу базасы көбейеді. Түгелімен тозған негізгі құралдарды бағалау кезінде мына әдістердің бірі: ағымдағы нарықтық бағамен бағалау немесе жою құнымен бағалау қолданылады.

             2. Негізгі құралдарды қайта бағалаудың өткізу әдісі.

                Есеп тәжірибесінде индекстік және тікелей бағалау әдістері қолданылады. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдар құнының өзгеруіне байланысты бухгалтерлік баланс сомасы да өзгертіліп, негізгі құралдар құнын барынша дәлдікке келтіріледі. Негізгі құралдар құнын жоғарылатудың әсерінен есепті жылдың шығындары көбейіп, тиесінше таза пайданың көлемі азайтылады және баланстық сома мен төленбеген капитал сомалары да көбейіп отырады. Негізгі құралдар құнын төмендетудің әсерінен есепті жылдың шығындары да азайып, баланстық сома мен салық салу базасының сомалары да азайып отырады.

            3. Негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу тәсілдері бірқалыпты түзу сызықты, өндірістік, құнын шапшаңдатып есептен шығару тәсілдерін қолданудан тұрады. Негізгі құралдардың тозуы нітижесінен көрсететін есептелінген амортизациялық сома есепті жылдың шығындарын көбейтіп, табыс көлемі мен баланс сомасын азайтады.

          4. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындарының резервін жасау есебінің тәсілі екі тәсілмен жүргізіледі. Олар:

           1) Негізгі құралдарды толық жөндеуден өткізуге дейінгі жинақталған шығындар сомасы «Алдағы кезең шығындары» шотында кіргізіліп, жөндеу жұмысы толығымен «Аяқталмаған өндіріс» шотына ауыстырылады.

           2) Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындарының сомасы өндірілген өнімдер өзіндік құны құрамына тікелей жазылып, осы кезеңнің шығындары болып есептелінеді. Негізгі құралдарды жөндеуден өткізу шығындарының қалдығы осы есепті жылдан келесі есепті жылға көшіріліп отырады. Мұндай жағдайда  осы жылдың шығындары көбейіп, алдағы жылдардың түсетін табысының сомасы азайып отырады.

           5. Материалды емес активтер және бұлардың амортизациясы.

               Материалды активтер мазмұны және бұларды пайдаланудың мерзімі нақтылы объектілер бойынша арнайы құжаттар мен білгір мамандардың тұжырымдамасының нәтижесі бойынша анықталады. Егер материалды емес активтерді пайдаланудың нақты мерзімі анықталмаған жағдайда, арнайы заң актілеріне сәйкес 10 жыл болып белгіленуі мүмкін.

               Материалды емес активтер амортизациясы мына төменде келтірілген тәсілдердің бірімен жүргізіледі:

            - материалды емес активтердің бастапқы құны және бұларды пайдаанудың мерзіміне қарай анықталған амортизациялық нормаға сай бірқалыпты түзу сызықты тәсілмен;

            - материалды емес активтердің баланстық қалдық құнымен және бұларды пайдаланудың мерзіміне қарай анықталған амортизациялық нормаға сай қалдықты азайту тәсілімен;

            - материалды емес активтердің бастапқы құнымен және бұларды пайдаланудың мерзіміне қарай өндірілетін өнімдер көлемінің сомасыны пропорционалдық тәсілмен тарату.

             6. Инвестицияларды бағалау.

                 Мұнда екі түрлі тәсіл қолданылады. Олар: өзіндік бастапқы құн немесе нарықтық бағалау тәсілі. Инвестициялардың өзіндік құны, бұларды сатып алу күнгі нарықтық бағадан және бұларды сатып алуға байланысты жұмсалған шығындардан қалыптасады. Инвестицияларға нарықтық бағаның қолданылуы бұлардың құнын реттеу мен нарықтық баға деңгейіне келтіру үшін ұйымдардың есеп саясатында анықталып көрсетіледі.

                Есеп тәжірибесінде инвестицияларды бастапқы кезде сатып алғандағы және ағымдағы құнының ең төменгі дәрежесімен бағалау тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл құнды қағаздар курсынығ тез арада төмендеп кетуіне байланысты мүмкін болатын шеккен зиянды тіркеу үшін де қолданылады. Құнды қағаздар курсының жоғарылауы нәтижесіндегі түскен табыс есепке алынбайды. Алайда инвестициялардың ағымдағы құны, бұларды сатып алудағы құннан артық болған жағдайдағы есепті кезең ішінде сатылған инвестициялар құны табыстар немесе шығындар сомасын өзгертеді.

                Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды бағалау тәсілі. Бұларды сатып алу немесе қайта бағалаудағы құнмен есепке алынып, сатып алу және ағымдағы құнның ең төменгі дәрежесімен бағаланады. Инвестицияларды сатып алу бағасымен бағалау – инвестициялардың бастапқы баланстық құнын өзгерпейтін дәрежеде көрсетіліп, инвестицияларды сатып алуға жұмсалған қосымша шығындар сомасынан тұрады. Инвестицияларды қайта бағалау құнымен бағалау (инвестициялардың әділетті құны) – инвестициялардың есептегі құнын ағымдағы нарықтық бағаға келтіру үшін инвестициялардың жеке түрлерін қайта бағалау нәтижесінде бұлардың құнын мерзімдік аралықтарда өзгертіп отыруға негізделген. Нақтылы құнымен бағалау тәсілін қолданушы ұйымдар барлық ұзақ мерзімді инвестицияларды қайта бағалаудың есебін жасап, қайта бағалау жүргізудің тәртібін ивесторларға хабарлап отыруға міндетті. Әділетті құнмен бағалаудың нәтижесінде қайта бағаланған инвестициялар мен есептегі инвестициялар құнының айырымы шығарылып, әділеттілік құн дәлелденеді.

              7. Тауарлы- материалды босалқыларды бағалау.

                  Іске асырылып келе жатқан бухгалтерлік есеп ережелеріне сай ұйымдар өз иелігіндегі тауарлы- материалды босалқыларды көптеген әдістермен, тәсілдер арқылы бағалауына және қайта бағалауына болады.

                  ТМБ: нақтылы өзіндік құнымен, есепті бағамен, орташа өлшенген бағамен, ФИФО, ЛИФО әдістерімен, бөлшек саудадағы бағамен бағаланады.

                  ТМБ- ны өзіндік құнымен бағалау- құндылықтарды сатып алуға немесе дайындауға жұмсалған шығындар сомасынан тұрады. ТМБ- ны есепті бағамен бағалау арнайы мерзімде қайта бағаланып отыратын белгілі мерзіде көрсетілген есепті баға мөлшерінен тұрады.

                  Орташа өлшенген баға сатуға жарайтын құндылықтарды орташа құнын есептеу арқылы шығарылып отырады. Орташа құн барлық босалқылар сомасын босалқылардың санына бөлу арқылы шығарылады.

                  Келесі әдіс ФИФО әдісі. Бұл әдістің мағынасы- бірінші түскен ТМБ- ның құнымен – бірінші кезекте сатылады немесе бұрынғы түскен ТМБ ең әуелі сатылады.

                 ЛИФО әдісі бойынша алғашқы сатылып алынған босалқыларды бағалау. Бұл әдістің мақсаты- сатылған өнімнің өзіндік құнын соңғы сатылып алынған шығындар сомасына барынша жақындату.

                 Бөлшек саудадағы бағамен бағалау- есептегі тауарлар бұларды сатуға дейін сатып алу бағасымен бағаланады.

                 Мысал. Босалқыларды бағалау әдісін төмендегі мәліметтермен көрсетеміз.

               

Алғашқы мәліметтер

Саны

Бағасы

Сомасы

Босалқылар қалдығы

400

15

6000

Түсті

300

17

5100

Сатылды

200

?

?

Түсті

400

13

5200

Сатылды

300

?

?

Түсті

100

12

1200

               Орташа бағамен бағалау әдісі

                Босалқылар қалдығы 400*15=6000 теңге

                Сатып алынды 300*17+400*13+100*12=11500 теңге

                Сатуға жарамды тауарлар 1000 өлшем 11200 теңге

                Орташа баға (11200:1000)=11,2 теңге

                Соңғы қалдық 300*11,2=3360 теңге

                Сатылған өнімнің өзіндік құны 11200-3360=7840 теңге

 

Орташа бағамен бағалау әдісін сабақтастық жолдармен көрсету

 

Ай-күні

Түскені,теңге

Сатылғаны,теңге

Қалдығы,теңге

1 сәуір

 

 

400*15=6000

5 сәуір

300*17=5100

 

11100:700=7950

7 сәуір

 

200*15,9=3180

500*15,9=7950

15 сәуір

400*13=5200

 

13150:900=14,6

18 сәуір

 

300*14,6=4380

600*14,6=8760

24 сәуір

100*12=1200

 

9960:700=14,2

Жинағы

X

7560

9960

 

                                                 ФИФО әдісі

 

Ай-күні

Түскені,теңге

Сатылғаны,теңге

Қалдығы,теңге

1 сәуір

 

 

400*15=6000

5 сәуір

300*17=5100

 

400*15=6000

300*17=5100

7 сәуір

 

100*15=1500

100*17=1700

500*17=8500

15 сәуір

400*13=5200

 

500*17=8500

400*13=5200

18 сәуір

 

100*17=1700

200*13=2600

600*13=7800

24 сәуір

100*12=1200

 

600*13=7800

100*12=1200

Жинағы

 

7500

9000

Есеп саясатының мәні мен мақсаты