Ет өндірісі аппараттары

КІРІСПЕ

 

Қазақстан жеделдете  жан-жақты жаңғырта жаңарту жолын таңдап алып отыр. Біз осы заманғы әлемде Қазақстанға және қазақстандықтарға лайықты орын, бүкіл ел халқының әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруын қамтамасыз ету үшін сыртқы рыноктарға шығып, сенімді орнығуға міндеттіміз.

Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар  қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлары мен  қызметінің әлемдік рыноктарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжрибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз керек.

Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:

Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет;

Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамшылығын  іске асыруға тырысқан түрлі топтар үшін қаржы ресурстары үшін сараптама  жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту  қажет деп Қазақстан Республикасының Президенті өзінің жолдауында ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын жоғарылатуға және оның Бүкіл Әлемдік Сауда ұйымының талаптарына сай келуге жеткізетін мақсаттары туралы айтты. Сондықтан да өндірушілер ауылшаруашылық өндірісін модернизациялау және дайын өнімнің сапасын жоғарылату керек.  

Қазіргі кезде елімізде көптеген тамақ өнімдерін өндіретін  шағын және орта кәсіпорындар ашылуда. Сонымен қатар ауылды жерлерде шағын  кәсіпорындар ашу, бұл ауыл тұрғындарын өздерінің шикі заттарын өңдеп дайын өнім алумен қатар, жұмыспен қамтамасыз етеді.  Шағын және орта кәсіпорын ашу кезінде өндірілетін өнімнің жоғары сапалы болуына және шикі затты толық пайдаланып қалдықсыз өнім өндіру мақсатын көздейді.  Шикізатты қалдықсыз өндіріп, өндірілген өнімнің жоғары сапалы болуы жаңадан ашылған кәсіпорындар үшін бәсекеге төтеп бере алуына және өндірісін ары қарай жетілдіруіне мүмкіндік туғызады.

Ет өндірісінің басты  міндеттері болып өнім сапасын жоғарлату, ресурс және энергия үнемдейтін технологияларымен техникалық жабдықтарды жасау өндірістің санитарлы-гигиеналық, қауіпсіздік техникасы жағдайын жақсарту, біртіндеп колмен жасалатын тиеп-түсіру жұмыстарындағы ауыр жұмыстарды қысқарту, сонымен қатар, жақсы конструктивті материалдарды қолдану техникалық жабдықтауды жүргізу, өнім мен шикізатты өндіруді кешенді жүргізуді қамтамасыз ететін құралдар негізінде кәсіпорынды жабдықтау болып табылады.

 Ет өнімдері үлкен сұранысқа ие, соның ішінде шұшық өнімдері ерекше орын алады. Бұл шұжық өнімдерін өндіретін шағын цехтардың керектігін аңғартады. Бірақ та елімізде шұжық өндірісі дайын шұжық өнімдерімен толық қамтымайды. Экономикалық тұрғыдан қарастырсақ тек қана шұжық өнімдері емес басқа да тамақ өнімдері әлі де шет мемлекеттерден әкелуде. Бұл өзімізде тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорынның аз, әліде болса қажет екендігін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

СЕМЕЙ ЕТ-КОНСЕРВІ КОМБИНАТЫНЫҢ ТАРИХЫ

 

М.И.Калинин атында - ҚазССР Мемлекетік агрөнеркәсіптік комитетіне қарасты кәсіпорын 1934 жылы Семей мал сою пунктінің негізінде құрылған. Комбинаттың құрылысы жүріп жатқан жылдары мұнда Коммунистік партия мен Совет мемлекетінің көрнекті қайраткерлері С.М.Киров, М.И.Калинин, А.И.Микоян болды. Олар кәсіпорынның қалыптасуына көмегін тигізді. Құрамына қой етін тоңазытатын Үржар қасапханасы кіреді. Комбинат 300-ден астам (тағамдық, мед., тех. өнімдер, сүйектен, мүйізден жасалынған бұйымдар) өнім түрлерін шығарады. Оның сойыс малын ұстайтын базасы, мал сою, консерв, колбаса-кулинарлық, тоңазытқыш, медициналық аппараттар, техникалық фабрикаттар заводы және 18 қосымша цехы бар. Олар осы заманғы технологиялық жабдықтармен жарақтанған. Соңғы 30 жыл ішінде қосымша: №2 медициналық препараттар заводы, қосалқы трансформатор станциясы, консерв қоймасы, тоңазытқыш, тері тұздайтын, қаңылтыр, литография, жұмыртқа ұнтағын жасайтын цехтар салынып, компрессорлық цех кеңейтілді.

Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-45) кәсіпорын майдан мен тылға 103 мың тоннадан астам ет, 21 мың  тонна колбаса өнімдерін, 100 млн. шартты консерв банкасын, 18,3 мың тонна азық концентраттарын жөнелтті. 1984 жылы комбинатта 50,1 мың тонна ет пен 1 категориялы өкпе-бауыр, ішек-қарын, 10,0 мың тонна колбаса өнімдері, 3,3 мың тонна жартылай ет фабрикаттары, 5 мың тонна құрғақ мал азығы, 65,0 млн. сомның шартты консерв банкасы, 6,86 млн. сомның медициналық және техникалық өнімдері өндірілді. Сойылатын мал Семей, Павлодар, Талдықорған, Шығыс Қазақстан облыстарынан, РСФСР-ден жеткізіледі. Комбинат республикада ет өнеркәсібі бойынша өндірілетін товарлы өнім көлемінің 11,8%-ін береді. Жалпы ет өнімін шығару жөнінен Одақта 3-орын алады. Кәсіпорында 28-ден астам ұлт өкілдері еңбек етеді. 91 адамы СССР ордендеріне және медальдарына ие болған (1984).

Дайын өнімдері еліміздің, республикамыздың қалаларына, сондай-ақ Венгрияға, Кубаға, Польшаға, Чехословакияға т.б. шет елдерге жіберіледі. Комбинат Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған (1944).

«СЕМЕЙ ЕТКОМБИНАТЫ» ЖШС ЖАҢА КЕЗЕҢДЕ

 

2009 жылдың 5 қарашасында  Семей ет комбинатының іске  қосылғанына 75 жыл болды.

Қазіргі күні жаңа жабдықтарды енгізумен, технология үдерістерінің автоматтандырылуына және жұмыс орындарын ұйымдастырудың жетілдірілуіне байланысты кәсіпорынның техникалық деңгейі көтерілді. Өндірістік цехтар қайта құрылып, шұжықтарды қамдау, буып-түю үшін әлемдік көшбасшылар шығарған жаңа жабдықтар орнатылды. «Семей еткомбинаты» ЖШС 200 жуық ет өнімі атауларының алуан түрімен және дәмділік қасиетімен ерекшеленеді. Бұл ет, ішек-қарын, жоғары сапалы шұжық өнімдері, деликатестер, сүрлер, ет консервілері, құрғақ мал азығы.

2003 жылы «Семей ет  комбинаты» деген Жауапкершілігі  Шектелген Серіктестік құрылды.  «Мұнда ет өнімдерін шығару  және өңдеу бойынша жаңа технологиялық  жүйе, яғни, құны 215 млн. теңге тұратын  «Шаллер» Австрия фирмасының  қазіргі заманғы жабдығы орнатылды. Бұл жаңа технологиялармен комбинат әлі де биіктерге жетпек.

Қазіргі күні «Семей еткомбинаты» ЖШС мал өңдеуде, ет, шұжық және консерві өнімдерін шығарудағы арнайы кәсіпорын болып саналады. Комбинаттың  өндіріс алаңында қолайлы көлік  және темір жолдары бар. Шикізат дайындайтын жерлерге көліктің тура жетуі шығынды аз жұмсауға мүмкіндік жасап отыр. Бір ауысымда 35 мың ет консерві өнімін, ал шұжық, тартылған ет, тұшпараны 10 тоннаға дейін шығарады. Бір тәулікте 24 тоннаға дейін өнім шығарып, сатуға мүмкіншілік бар.

«Семей еткомбинаты» ЖШС «Халал» өнімін шығаруға және сатуға сертификат алды. Бұл өндіріс  үшін соятын және шұжық өнімдерін  өндіретін жаңа цех ашылды. Бұған  дейін «Халал» өнімдері Шығыс  Қазақстанға басқа аймақтардан  әкелінетін.

 

 

 

Шұжық өндіру жабдықтары.

ЕТТАРТҚЫШТАР

 

Ет өндiрiсiнде ет кескiш  машиналарын - өнiмдердiң ұсақталған бөлiктерiнiң дәрежесiне қарап, оларды iрi, орташа және ұсақ кесетiн машиналар  деп бөледi. Осыған сәйкес ет кескiштер орта және ұсақ кескiштерге жатады.

Қолдану аймағы бойынша ет кескiш машиналар қалыпты және қатырылған кұйдегi еттi, ферменттi майлы шикiзаттарды және т.б. өнiмдердi ұсақтау ұшiн қолданады.

Кескiш механизмге шикiзатты  тасымалдау әдiсi бойынша:

- механизацияланған көтергiшпен;

- деңгейлерiнiң әртүрлiгi бойынша шикiзатты өздiгiнен тасымалдау.

Цилиндрлерiнiң орналасуы  бойынша келесi түрлерге бөлiнедi:

- көлденең цилиндрлi

- қиғаш цилиндрлi

Цилиндрлердiң iшкi қабаттарында тiк немесе спираль тәрiздi кедiр-бұдыр  қабырғалары бар. Олардың болуы  өнiмнiң өс бойынша орналасуын қамтиды. Шнек пен қабырғалар арасындағы саңылау  2 мм-ден үлкен болмауы керек.

Пiшiнi бойынша шнектер  конусты және цилиндрлi болып бөлiнедi. Өндiрiсте цилиндрлi шнектер көп тараған.

Орамдарының ойылғанына қарап келесi тұрлерге бөлiнедi:

-тұрақты адымды шнектер;

-басы аз адымды, ал  аяғына қарай жай азаятын адымды  шнектер.

 

Ет кескiш машиналарының  негiзгi сипаттамасы торлардың диаметрi болып келедi.

Машиналардағы пышақтар формасы бойынша: крест тәрiздi немесе көп қырлы  болып бөлiнедi.

Көп қырлы пышақтардың кемшiлiгi: қырларының көптiгiнен араларында бос аудан азаяды да, ол жерден ет аз өтедi, яғни көп шығарылуына керi әсер етедi. Ал араларын үлкен қылып ашу ұшiн, пышақты қырларын жiңiшке қылып жасайды, олардың төзiмдiлiгiн көтеру ұшiн қырларының ұшына қатаңдық сақинасын кигiзедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ФАРШАРАЛАСТЫРҒЫШТАР

 

Араластыру процестің  жүру сапасы - араластырудың тиімділікпен қолданылуында және оның жүруі үшін қойылған мақсаттың орындалуында, сонымен  қатар араластыру сапасы араластырғыш құрылғылар мен  аппараттың құрылысына және араласатын сұйыққа берiлетiн энергия шамасына байланысты болады.

Фаршараластырғыштар екіге  бөлінеді:

  • барабанды,
  • қалақшалы

 

Фаршараластырғыш келесідей негізгі жұмысшы органдардан тұрады: тұрқыдан, араластырғыш астаудан, қақпақтан, араластырғыш шнектер мен жетектен. Тұрқы пісіріліп қосылған қаңқадан тұрады, барлық жағынан облицовалық қаңылтырлы темірмен қапталған. Қаңқа ішінде араластырғыш шнектер орналасқан және жетектер буынтықты және цилиндрлі тісті берілістерден тұрады, бұларға айналыс сыналы белдік арқылы электрқозғалтқыштан беріледі. Тұрқыға арластырығыш астау бекітілген, оның ішінде екі араластырғыш шнек орналасқан. Фаршараластырғыштың шнекттері жетекші және жетектегі  шнектер болып бөлінеді. Оларға айналыс электрқозғалтқыштан сыналы белдік арқылы буынтықты беріліске беріліп одан жетекші шнектен жетектелуші шнекке цилиндрлі тісті берілістер көмегімен бір-біріне беру арқылы жүзеге асырылады. Қаңқаның басқа бүйір қабырғасында фаршты түсіріуге арналған люк орналасқан, ол фарш түсіруге арналған. Люктың шетшеті нығыз жабылуы үшін резеңке салынған және ол арнайы тұтқа арқылы бекітіледі. Араластырғыш астауды үстінен қақпақ арқылы жабады. Араластырғыш астау және қақпақ  9Т18НХ маркалы болаттан дайындалған. Фаршараластырғыш басқару пульт көмегімен жүзеге асырлады. Фарш машинананың араластырығыш астауына қолмен немесе  арнайы құрал жабдықтардың көмегімен арнайы компоненттерді қоса отырып жүктеледі. Араласқан фарш люкті ашу арқылы түсіріліп алынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖҰҚА ҰСАҚТАУ МАШИНАЛАРЫ

 

Бұл куттерлерде алдын-ала  волчокта ұсақталған өнiммен қатар, мұздатылған iрi ұлкен кесектi өнiмдi алдын-ала  және соңғы ұсақтап, араластыруға болады. Оларды пiсiрiлген, қақталған шұжық  өнiмдерiнiң өндiрiсiнде фаршты дайындау ұшiн қолданады.

Ет және ет өнiмдерiн  жұқа ұсақтау үшiн толассыз әрекеттi машиналар қолданылады. Мерзiмдi әрекеттi машиналарға қарағанда олардың  келесi артықшылықтары бар: жоғары өнiмдiлiктi, ағынды жұйеге қосу мұмкiндiгi бар, жоғары дәрежелi ұсақтау қабiлетiлiгi және т.б.

Машина – паштет, крем, сосиски, сарделка, шұжық, тұшпара және басқа өнiмдер өндiрiсiнде алдын-ала  тор тесiктерiнiң  диаметрi 3 мм волчокта ұсақталған ет және ет өнiмдерiн ұсақтауға  арналған. Машина тамақ өнiмдерiн  дайындау жұйесiмен қатар, асханаларда, ресторандарда, қоғамдық тамақтандыру орындарында және фермерлiк шаруашылықтарда қолданылады. Бұл машина:

  • шикiзаттың бiртектiлiгiнiң және дисперстiлiгiнiң жоғары болуын;
  • ұсақтау дәрежесiн реттеу мұмкiншiлiгiн;
  • шикiзатты толық ұсақтауды;      қамтамасыз ете алады.

Машинаның құрылғысына: қаңқа, белдемше, пышақты головканың тұрығы, ротор, бұрандалы сақина және түсiргiш гусак. Қаңқа жоғарғы жағында электр қозғалтқыш және ұсақтағыштың жұмысшы бөлiгi орналасатын плитасы арасында орналасқан фланец болып табылады. Белдемшенiң ұстiңгi бөлiгiнде пышақты головканың тұрығын бекiтуге және бұруға арналған құрылғы орналасқан. Белдемшенiң цилиндрлi бетiнде қақпақпен жабылатын терезе бар. Ол ұсақтағыш муфтасына қызмет көрсетуге арналған. Пышақты головканың тұрығы негiзгi жұмысшы орган болып табылады. Оның iшiнде – шикiзатты ұсақтап, тұсiргiш канал және гусак арқылы қабылдағыш ыдысқа тұсiруге болады.

 

Пышақты головканың ұстiңгi бөлiгiнде бұрандалы сақинаға арналған бҰранда, ал бұйiр бетiнде гусакты бекiтуге арналған фланецтi тұсiргiш канал орналасқан. Пышақты головканың тұрығында – шкаласы 0-ден 1 мм дейiн, бөлгiш өлшемдерi 0,055 мм сызғыш орнатылған.

Осы шкалаға байланысты бұрандалы сақина бұрылған кезде қозғалмалы және қозғалмайтын сақина тәрiздi тiстi пышақтардың арасындағы саңылауды өзгертуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШПРИЦТЕР

 

Ет өнеркәсiбiнде дозалап  толтыратын машиналар көп қолданылады. Қысым әсерiмен қабықшаны механикалы жолмен толтыратын машиналар тобына шприцтердi жатқызады. Шприцтер шұжық  қабықшасын тартылған етпен, сонымен қатар сүт өнеркәсiбiнде балқытылған сырды жасанды қабықшамен толтыруда қолданылады.

Өндiрiсте пневматикалық, гидравликалық және механикалықжетектi, тiк және көлденең ығыстырғыш құралы бар поршендi шприцтер қолданылады.

Поршендi шприцтiң жұмысшы  цилиндрiнде фарш аздап деформацияланады, сондықтан шприцтеу сапасы жоғары.

Поршендi шприцтер құрылғыдан шығарда жоғары қысым жасайды, сондықтан  оларды көбiнесе жартылай  қақталған  және шикiдей қақталған шұжықтарды қалыптау үшiн қолданылады.

Поршендi шприцтердiң кемшiлiктерi:

  • өнiмдiлiктерi төмен;
  • жұмысшы цилиндрдiң жүктелуi және вакуумды өңдеудiң күрделiлiгi;

Оларды болдырмау үшiн  арнайы қоректендiргiш құрылғы қарастырылады. Бiрақта оларды орнатқанда фарш қосымша  деформацияға ұшырайды. Бұл фарштың  сапасына керi әсерiн тигiзедi.

Үздiксiз әрекеттi ФШ2-ЛМ маркалы вакуумдi шприцi фаршты вакуумдеуге  және шұжық қабықшасын толыруға арналған. Шприц бiр-бiрiне тәуелсiз жұмыс iстейтiн  екi цевкамен шприцтеу процесiнiң ұздiксiздiгiмен  сипатталады. Шприцтер шұжық өнiмдерiн  өндiрудiң ағын-механикаландырылған жұйесiнде және жеке жұмыс атқара алады, сонымен пiсiрiлген, жартылай қақталған және қақталған шұжықтарды дайындау ұшiн қолданылады.

 

 

Шприц станинасы болаттан жасалып, пiсiрiлiп қосылған, тiк бұрышты  пiшiндi болады. Станинаның жоғарғы бөлiгiне жұмысшы шнектердiң тұрығы бекiтiледi, ол тұрық шойыннан жасалған.

Жұмысшы шнектердiң тұрығының  бiр ұшына жұмысшы шнектердiң  төмендеткiштерiнiң жетектерi, ал бiр  ұшына цевка бекiтiледi.

Шнектердiң цилиндрлiк  тұрығының жоғарғы жағына вакуумдiк  головка жұбымен фаршқа арналған шанақ орнатылады. Бiр шнектiк орамы қарама-қарсы екiншi орамның бiр кiрмелi жұмысшы шнегiне кiредi.

Әрбiр шектердiң бiр басы төмендеткiштердiң консольды бiлiгiне орнатылады. Шнектер бiр-брiне қарама-қарсы айналады. Жұмысшы шнектердiң жетегi АОС2-31-4 маркалы екi асинхронды электрқозғалтқыштан тұрады. Оның қуаттылығы 3 кВт және минуттық айналыс саны – 1350.

Шприцтiң негiзгi тораптары: станина, жұмысшы шнектердiң тұрығы, жұмысшы шнектердiң жетегi, вакуум жұйесi, қосу басқышы.

 

 

 

 

ПРЕСТЕР

 

Сыртқы күштердiң әсерінен материалдарды қысымымен механикалық  өңдеудейтін жабдықтарды престеу  деп атайды. Процестi жетiлдiру, ол материалдардан сұйық фракцияларды неғұрлым көбiрек  бөле отырып, бөлiнген сұйықтық пен  нығыздалған қалдықтың сапасын  жоғарлатумен анықталады. Жалпы престеу мынандай мақсаттарды көздейдi:

- қатты денеден сұйықты  ажырату;

- пластикалық материалдарды  қалыптау (формалау);

- сусымалы материалды  нығыздау;

- материалдарды тесiктерден  сығып шығарып, қажеттi пiшiндi өнiм  алу (экструзия);

Қатты денелерден сұйықты  сығып шығару екi мақсатты көздейдi: бiрiншiден, сұйық бағалы компонент  ретiнде (шырын, өсiмдiк майлары, және т.б.) қатты денеден ажыратылып алынады; екiншiден, сұйық бағасыз компонент  ретiнде (iрiмшiктен) ажыратылады. Бұл  кезде бiртектi сұйық және бiртектi нығыздалған қалдық (брикет пiшiндi) алынады. Ол өнiмнiң көлемiн кiшiрейтiп, жеңiл тасымалдануына және көп сақталуына мүмкiндiк бередi. Бұл жағдайда материалдың процестi жетiлдiруде берiлген параметрлерi немесе алға қойған мақсаты өлшемдерi мен формасына және қажеттi технологиялық талаптарының қанағаттануымен анықталады.

 

Шыжықты престеу кезінде  екі түрлі процесс жүреді: қатты  фазадан (шыжықтан) сұйық фазаның (майдың) бөлінуі және қатты бөлшектердің бірігіп, күнжараның брикет тәрізді (гидравликалық престерде) немесе әртүрлі формаларға айналуы

Шыжықты престеу кезінде  процестің жақсы жүруі негiзгi мынандай  факторларға тәуелді: шыжық  құрамындағы шикізаттардың түріне, вакуумды-горизанталды қазанда пісірілу режиміне, құрылымына, шыжықтың температурасына, престеу уаќытына, қысым шамасына, шыжықтың майлылығы мен ылғалдылғына және ең соңында престің жасалу құрылымына байланысты.

Шыжықтан сұйық фракцияларды бөлiп алуда центрифугалар және экстракциялауға қарағанда, эксплутациялық және экономикалық артықшылығы мен меншiктi энергия шығыны жағынан престеу тиiмдi. Бірақта өнiмнiң технологиялық құрылымы мен ерекшелiгiн ескере отырып, престеу процесi шыжықтағы майдың мөлшерi 25-6 % аралығында болған кезде қолданылған тиiмдi деп саналады.

 

 

 

КУТТЕРЛЕР

 

Куттер станинадан, пышақтық бiлiктiң жетегiнен, пышақтық бiлiктен, шанақтан, тостағаннан, тостаған жетегiнен, жетектi түсiргiштен, қорғаныс қақпағынан және электрлiк қондырғыдан тұрады.

 

Куттер станинасы шойыннан құйылған, бiр-бiрiмен болттық қосылыспен қатаң жалғанған екi жеке бөлiктен: станинадан және жоғарғы тұрықтан тұрады. Станинада және жоғарғы тұрықта барлық қорғаушы бiрлiктердi бекiту жүргiзiледi. Тұрықтың жоғарғы жағында тербелу ұштiректерiнде пышақтық бiлiк , ал консольдiк бөлiгiнде алты пышағы  бар төлке орнатылған.

Пышақты бiлiктiң айналуы  сыналы белдiктi берiлiс арқылы моторлық плитада орнатылған электрқозғалтқышпен  жүргiзiледi. Тостаған қос жылдамдықты  қозғалтқышпен айналысқа түседi.

Фаршты түсiргiш механизм станинаның төменгi бөлiгiнде бекiтiлген. Қауiпсiз жұмыс iстеу шартын қамтамасыз ету үшiн,  сонымен қатар дайындалған фарштың сыртқа лақтырылуын жою үшiн пышақтардың және тостаған бөлiктерiнiң жұмыс зонасы сыртынан қорғаныс қақпағымен жабылады.

Қорғаныс қақпақ көтерiңкi жағдайда өзiндiк салмағы есебiнен тiрекпен бекiп қалады, ал түсiңкi жағдайда реттелетiн тiрекпен ұсталып тұрады.

Қорғаныс қақпақ оның астына ұсақталған өнiмдi пышаққа бағыттайтын  арнайы қыстырғыштарды (скребки) бекiтедi. Пышақтардың жұмсы аймақтарының үстiңгi жағында орналасқан қақпақ бөлiгiнiң үстi болат бетпен қапталған. µсақталған өнiмдi тостаған түсiру қолмен iске асады. Еттi пышақтарға беру тостағанның айналысымен, ал дайын ұсақталған өнiмдi тостағаннан түсiру – түсiргiш механизмнiң көмегiмен iске асады. Түсiргiш механизмнiң жұмысшы құралы электрқозғалтқыштан қозғалыс алатын алюминиден жасалған тәлеңке болып табылады.

Түсiргiш жеңiл көтерiлуi үшiн, ол орнатылған мезанизм арнайы өс бойымен еркiн тербеледi. Түсiргiш  көтерiңкi жағдайда өс салмағы есебiнен  бекiледi. Тостағанның жұмысшы кеңiстiгiнiң үстiндегi түсiргiштiң бiлiгi құбырдың ортасынан өткiзiлген. Ол құбырдың бiр ұшы түсiргiш редукторы тұрығымен жалғағыш арқылы қатаң бекiтiлген, ал екiншi ұшына темiр скребок бекiтiлген.

Бұл скребок – түсiргiш  тәлеңкесiнiң сыртқы бетiн фарштан тазарту және тостағанның ернеуiнде орнатылған науаға бағыттау қызметiн атқарады.

Түсiргiш мезанизмiнiң  электрқозғалтқышы автоматты түрде iске қосылады. Электрқозғалтқыш тәлеңкенiң  көтерiңкi жағдайында жұмыс iстемейдi, тек  ол төмен түскеннен кейiн ғана iске қосылады. Фаршты түсiру механизмi тостағандағы фаршты толығымен тазарта алмайды. Толық механикаландырылған түрде тазарту үшiн түсiргiштiң тәлеңкесiн тостағанның бетiмен тығыс жанасқанша түсiру қажет болады.

 

 

 

 

 

 

 

АРАЛАСТЫРҒЫШТАР

 

Материалдарды араластыру үшін әртүрлі араластырғыштар, миксерлар  және жұмысшы органдардың көмегімен  компоненттерді ыдыстың барлық көлемінде  біртекті етіп араластыратын құрылғылар қолданылады. Араластыру процесі тамақ және ет–сүт өндірісінде әртүрлі эмульсия және суспензия, сонымен қатар жентектелген ет, қамыр, тәттілер массасын дайындауда кеңінен қолданылады.

Сұйық орталарды араластырудың  негізгі үш тәсілі болады:

1) механикалық - әртүрлі  құрылысты араластырғыштар жәрдемімен;

2) пневматикалық - сығылған ауа немесе инертті газдар жәрдемімен;

3) циркуляциялық - насостар  немесе соплалар жәрдемімен.

Ауамен және циркуляциялық  араластыру тәсілдері жоғары тиімділікті  болып келеді, бірақ мынадай кемшіліктері бар:

1) салыстырмалы түрде  көп энергия шығыны;

2) ауамен араластырғанда тамақтың /ашу/ тотығу мүмкіншілігі немесе оның жылжымалық фазасының булану мүмкіншілігі.

Араластырудың тамақ  өндірісіндегі кең тараған тәсілі – механикалық араластыру. Механикалық  араластыру әртүрлі құрлысты қалақтары  бар араластырғышпен /рамалы, қалақты, пропеллері, турбиналы, жалпақ қалақты т.б./ жүргізіледі.

Араластыру тәсілдерін, ыдыстың немесе араластырғыштың  түрін, конфигурациясын, қалақшалардың  формасы мен қозғалыс жылдамдығын  араластырылатын массаның жағдайына, түріне және басқа факторларға байланысты таңдайды.

Сұйықта барлық массаның қозғалысында араластыру жүрмейді, сондықтан  ыдыстың қабырғасында қозғалмайтын қалақшалар орнатады.

Кеңінен қолданылатын тағы бір түрі қалақшалары көлденең, тігінен  және көлбеу орналасқан комбинирленген рамалы құрылысты араластырғыштар.

 

 

   

 

Араластыру процестің  жүру сапасы - араластырудың тиімділікпен қолданылуында және оның жүруі үшін қойылған мақсаттың орындалуында, сонымен  қатар араластыру сапасы араластырғыш құрылғылар мен  аппараттың құрылысына және араласатын сұйыққа берiлетiн энергия шамасына байланысты болады.

Фаршараластырғыштар екіге  бөлінеді:

  • барабанды,
  • қалақшалы

Фаршараластырғыш келесідей негізгі жұмысшы органдардан тұрады: тұрқыдан, араластырғыш астаудан, қақпақтан, араластырғыш шнектер мен жетектен. Тұрқы пісіріл қосылған қаңқадан тұрады, барлық жағынан облицовалық қаңылтырлы темірмен қапталған. Қаңқа ішінде араластырғыш шнектер орналасқан және жетектер буынтықты және цилиндрлі тісті берілістерден тұрады, бұларға айналыс сыналы белдік арқыл  электрқозғалтқыштан  беріледі. Тұрқыға арластырығыш астау бекітілген, оның ішінде екі араластырғыш шнек орналасқан. Фаршараластырғыштың шнекттері жетекші және жетектегі шнектер болып бөлінеді. Оларға айналыс электрқозғалтқыштан сыналы белдік арқылы буынтықты беріліске беріліп одан жетекші шнектен жетектелуші шнекке цилиндрлі тісті берілістер көмегімен бір-біріне беру арқылы жүзеге асырылады. Қаңқаның басқа бүйір қабырғасында фаршты түсіріуге арналған люк орналасқан, ол фарш түсіруге арналған. Люктың шетшеті нығыз жабылуы үшін резеңке салынған және ол арнайы тұтқа арқылы бекітіледі. Араластырғыш астауды үстінен қақпақ арқылы жабады. Араластырғыш астау және қақпақ  9Т18НХ маркалы болаттан дайындалған. Фаршараластырғыш басқару пульт көмегімен жүзеге асырлады. Фарш машинананың араластырығыш астауына қолмен немесе  арнайы құрал жабдықтардың көмегімен арнайы компоненттерді қоса отырып жүктеледі. Араласқан фарш люкті ашу арқылы түсіріліп алынады.

Аспалы жолдар технологиялық  ағынның топтасу тәсiлi болып табылады. Ол өнiмдi есептеу процесiндегi сияқты өнiмнiң берiлiсiне және ауыр жүктердi цехаралық тасымалдауға негiзделген.

негiзгi қасиеттерi мыналар:

-қайта өңдеу процесi кезiнде өнiмнiң ластануы болмайды;

-қосымша қозғалмалы  оперциясыз жан-жақтан өнiм өңдеу  жағдайы пайда болады;

-цехтарда талап етiлетiн  санитарлы-гигиеналық жағдайларын  қолдану мүмкiншiлiктерi қамтамасыз  етiледi;

-ветеринарлы-санитарлық  бақылау талабына сәйкес аспалы  жолдардағы өiмдер ағыннан шғарылады  немесе қосылады.

Аспалы жолдар классификациясы. Классификацияны маңызды белгiлер қатарымен жүргiзу қабылданған.

  1. Салмақ түсу бойынша. Аспалы жолдар механикалық салмақпен конвейерлi немесе механикалық салмақсыз – конвейерсiз болады.
  2. Орналасуы бойынша. Аспалы жолдар жазықтықты (тiк, көлденең, көлбеу) және кеңiстiктi болады.
  3. Салмақ органының түрi бойынша. Аспалы жолдар шынжырлы, арқанды шнектi және штангiлi болуы мүмкiн.
  4. Қозғалыс түрi бойынша. Аспалы жолдар толассыз және үздiксiз қозғалыста болады.
  5. Жүк көтеретiн органының конструкциясы бойынша:

-троллея және iлгекті;

-бекiтiлген iлгектi;

  1. Жүкке конвейерлi шынжырдан қозғалыс беру түрi бойынша: итергiш және жүк тасымалдағыш.
  2. Жетек түрi бойынша. Аспалы жолдар электрлi гидравликалы жiне пневматикалық болады.
  3. Жетек саны бойынша: бiр жетектi, көп жетектi және топты жетектi болып келедi.
  4. Орналасуы бойынша:

-малдың бiр түрiн  қайта өңдеуге арналған қарапайым  аспалы жолдар.

-малдың бiрнеше түрiн  қайта өңдеуге арналған универсалды  аспалы жолдар. (Захаров конвейерi)

Ауырлық коэффициентi аз болса, соғұрлым жүктiң қозғалысы үшiн қажеттi салмақта аз болады. Ауырлық коэффициентiн  азайту үшiн майлау қажет. Адымды iлгек майланбаған рельске қарағанда майланған рельсте жақсы қозғалады.

Бiрақта сырғанау негiзiнде  жүктi тасымалдаудың сәйкес варианты қолайлы емес, ол жүк тасымалдаудың екi вариантын бередi:

  1. қозғалмалы роликтерде
  2. iлгектi-қозғалмалы роликтерде
Ет өндірісі аппараттары