Еуразия туралы ашулары
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Ғұндар туралы
3.Қосымша мәлімет
4.Көне түркілер туралы
5.Көне түркілер
және жалпы көшпенділердің Мәдени
және экономикалық
Көшпенділердің Евразия тарихындағы ізі
Тарихи әдебиетте Ұлы даланы тұтас бірдеңе деп қарау,көшпелілердің бәрін бірдей етіп бейнелеу әдетке айналған.Л.Н. Гумилевтің трактаты да мұндай ойдың сау-тамтығын қалдырмайды.Даланың өз тарихы болған, өзінің шымшытырық шиеленісі мен толыққандығы жағынан бұл тарих, мәселен Европа мен Таяу Шығыс тарихынан әсте кем емес.Өзінің даму барысында көшпелі халықтар қоғам мен мәдениеттің қолтума байырғы типін жасады,олар мүлде тоқырап қалған тұрпайы бірдеңе емес.Әрбір көшпелі халықтың қайталанбас бет-бейнесі, өзіне ғана тән түр-пішіні болған,Гумилев соны дәлелдеп шығарды.
Солтүстігі мен солтүстік-шығысы сібір тайгасымен,ал оңтүстігі Қытай қамалы және Алашанъ, Бэйшан, Кунлун мен Памир тау-тастарымен шектелген байтақ даланың бағы замандардан бері тұрақты халқы болған.Алайда осынау жерлерде мемлекеттер кейінірек,біздің заманымызға дейінгі 4-3ғасырларда пайда болады.Гобидің жүрген аттың тұяғы тозып ұшқан құстың қанаты талатын тастақ шөлі салқар даланың солтүстік жағын түстік жағынан бөліп тастаған;қашан атты біржолата қолға үйретіп,отырықшы аңшылар мен малшылар көшпелі малшы-сарбаздарға айналғанға дейін,олардың өзара қарым-қатынас жасауға мумкіндік болған жоқ.Бірақ кейін келе бүкіл Евразияның мәдениетін өзгертетін осы малшы-сарбаздар.
Енді осы
көшпенділер өмірі,тарихы,
Ғұндар - көшпенді халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған.
Тарихы
Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.
Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.
Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)
Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.
Мөде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.
Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.
Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.
Ғұндар Рим
империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың
30-жылдары ғұндардың басшысы
Шаруашылығы
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.
Қоғамы
Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған.
Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым-қатынасы
Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі ғұндардың жеңісімен аяқталды. Юэчжилер тек біздің заманымызға дейін 174—165 жылдары түпкілікті талқандалды. Нәтижесінде, юэчжилер Орталық Азияға шегініп, Әмударияның жоғарғы ағысына жылжиды. Ғұндарға бағынғандардың арасында үйсіндер де бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға жуық көрші ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған. Мөде біздің заманымызға дейін 174 жылы қайтыс болды.
Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тасталқан болып жеңіліп, олардың бір бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы сақтардың бір бөлігі юэчжилердің қысымынан Ферғананы басып өтіп, Парфия, Бактрияға жылжып, келесі бір бөлігі Ауғанстан Солтүстік Үндістанға (Кашмирге) өтіп кетеді. Үлкен юэчжилер Жетісуды 30—40 жыл шамасындай ғана иемдене алды. Кейін Жетісуды үйсіндер юэчжилерден тартып алды. Ғұндардың әскери көмегінің арқасында үйсіндер осылайша Жетісуға орналасқан болатын. Батысқа қарай ығысқан юэчжилер Бактрияны өзіне бағындырады. Олардың енді бір бөлігі үйсіндермен араласты.
Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бұл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Біздің заманымызға дейін 158 жылы шекарадағы сауда көздерін кеңейту мақсатында тәңіркұты Қытайға қарсы соғыс ашты. Біздің заманымызға дейін 152 жылы ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден оңтүстікке қарай жайылымдарды қайтарып алады.
Біздің заманымызға дейін 133 жылы ғұн-қытай соғыстарының жаңа кезеңі басталды. Бұл жолы соғысты қытайлықтар бастады. Әскери кимылдар бұрынғы ғұн аумағына ауысты. Соңғы ұрыста 90 мың ғүн әскері талқандалды. Біздің заманымызға дейін 90-жылдардағы қақтығыстарда 70 мың қытай әскері ғүн әскерін жеңе алмады. Өз күшімен ғұндарды жеңе алмайтындығына көзі жеткен Қытай билеушілері енді 20 жыл үзілістен кейін басқа көшпелі тайпаларды ғұндарға қарсы айдап салуға кірісті. Біздің заманымызға дейін 71 жылы ғұндар бағындырған елдерді өз жағына тарта бастады. Солардың қатарында үйсін билеушісіне елші жіберіп, некелік байланыстар орнатады. Ғұндар да қарап қалмай, өз кезегінде үйсін күнбиіне (гуньмосына) бір қызын береді. Ал ғұндар мен қытайлықтар арасындағы текетірес одан әрі жалғаса берді. Ғұндар енді қытайлықтардың одақтасы — үйсіндерден кек алуға кіріседі. Үйсіндердегі қытай ханшасы император сарайына хат жолдап, үйсіндерге көмек беруін талап етеді. Қытайдың 100 мың атты әскері ғұндарға қарсы аттанады. Үйсіндердің өзі 50 мың әскер шығарады. Біріккен үйсін-қытай күштеріне қарсы тұра алмаған ғұндардың 39 мың беделді адамдары қолға түсіп, 700 мың малы жаудың қолында қалды. Бұл ғұндар үшін орны толмас ауыр соққы болды. Біздің заманымызға дейін 71 жылы үйсіндерге қарымта шабуылға шыққан ғұндарға шығыстан дунхулар, батыстан үйсіндер шабуыл жасады. Ғұндар әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Бүкіл малдарының тең жартысынан айырылады. Үштен бір бөлігі ұрыс алаңында қаза табады. Адамдарының 3/10 бөлігі аштан өледі. Қытай әскерлері де үш бағытта шабуылдап, мыңдаған әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлықтар ғұндарға қарсы көршілерін айдап салуын жалғастыра берді. Ғұндардан тартып алған жерге әскери еңбек армияларын орналастырады.
Біздің заманымызға дейін 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган кұрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, біздің заманымызға дейін 55 жылы оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ — Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Ал Чжи-Чжи бастаған ғұндардың солтүстік бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады.
Біздің заманымыздың Ill ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан мен Жетісуға келген ғұн тайпалары V ғасырға дейін өмір сүрген Юэбан мемлекетін құрды. Бұрынғы солтүстік ғұндардың ұрпақтары болып саналған аталмыш мемлекет дәстүрлі тәңірқұты атағын алды.Деректерде юэбандықтардың тілі ежелгі түрік тіліне жақын болғандығы туралы мәлімет бар.
Қосымша
Ғұндар, хұндар - ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарынын арғы тегі. Біздің заманымызға дейін 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында Ғұндар гуй фан, гун руң, хун ю, шиан ю, шиұң ну секілді, т.б. атаулармен берілген. Біздің заманымызға дейін 3 ғасырдыңдың соңына қарай Ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды елағасы — бек биледі. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды. Жоғары билеушісі "Тәңірқұт "лауазымын иемденген. Қытай деректерінде Ғұндардың жоғары билеушісі "шаньюй" деп аталады. Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңтерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғұндар дәнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңтейде болған. Зергерлік өнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. Ат үсті ойындарының негізін салған. Көктөңіріне табынын, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған. Онда, негізінен, мыналар көзделген: "Ұрлық жасап, кінәлі болғанның жері алынады, шайқаста жаудың басын шауып алған немесе оны тұтқынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі, ал тұтқынға алынғандар соның құлдары мен күндері етіледі; ұрыс алаңында қаза тапқан адамның сүйегін кім өкелсе, оның отбасының бүкіл мүлкін сол алады". Ғұндар өз арасында қылмыс жасап айыпты болғандардың бетін тілген. Тілінген беттің тыртығы бұрынғы қынмысын білдіріп тұратындықтан, ондай адамдардың қайта қылмыс жасауға батылы бара бермеген. Себебі, келесі жазаланғанда өлім жазасына кесілетін. Ғұндар соғыс тұтқындарын құл қылып, оларды үй қызметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланған. Ер азаматтарының барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұндар әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Салт атты жауынгерінің қару-жарағы — садақ, семсер, қанжар, найза, бұғалық (ұры құрық). Ғұндардың жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлықтар ұлы Қытай қорғанын салдырған. Ғұндардың күшті мемлекет болып отыруы кытайлықтарға ұнамады. Олар ғұндарды әлсіретудің жолын іздеді. Біздің заманымызға дейін 209 жылдан Ғұндарды Мөде басқарды. Мөде билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, күйрете соққы берді. Кескілескен күресте әскери-саяси қуаты басым Хань әулетін ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәмеленуден бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен "тыныштық және туыстық туралы шартқа" қол қоюға мәжбүр болды. Бұл шарт бойынша ол Мөдеге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын "сыйлық" ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салықты үнемі төлеп тұрды. Шығыста Мөде "шығыс ху" тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сяньби және ухуань тайпалары кіретін еді. Батыста юечжи тайпаларына жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ Ғұндардың қол астына түсті. Біздің заманымызға дейін 201 жылы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды. Біздің заманымызға дейін 177 жылға қарай Тынық мұхиттан Каспий тауының жағалауына дейінгі жерлерді өздеріне қаратты. Осылайша ғұндар мемлекеті құрамына дунху, юечжи, гянгунь (қырғыз), үйсін, қаңлы, т.б. тайпалары кірді. Біздің заманымызға дейін 1 ғасырдың орта шеніне қарай империяға айналған ғұндар мемлекеті толассыз қанды соғыстан, ұшыға түскен тақ таласынан, бір орталыққа бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей бастады. Нәтижесінде біздің заманымызға дейін 56 жылы Ғ. Хуханье бастаған оңтүстік жене Чжичжи (Шөже) басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. оңтүстік Ғ. Ордос өңірін мекендеп қалды да, солтүстік ғұндар өз тайпаластарының қысымымен Саян және Байкал өңіріне ығысты. Біздің заманымызға дейін 49 жылы Чжичжи Хань империясының боданына айналған оңтүстік ғұндардың жерін басып алуға, сол арқылы бірлікті қайта орнатуға әрекет жасады. Бірак оның Бұл әрекетінен нәтиже шықпады. солтүстік ғұндарды 87-93 жылдары қытайлардың сяньби және динлин тайпаларының бірлескен одағы талқандалды. Жеңіліске ұшыраған солтүстік ғұндардың бір бөлігі 5 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияда өз мемлекетін құрып, Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды. Хань империясының бодандығындағы оңтүстік ғұндар 304 жылы көтеріліс нәтижесінде Лю-хан атты өз мемлекетін құруға мүмкіндік алды. 318 жылы Лю-хан мемлекеті Үлкен Чжао және Кіші Чжао болып екіге бөлінді. 329 жылы Кіші Чжао Үлкен Чжаоны және солтүстік Қытайды бағыңдырды. 350 ж. шыққан тегі қытай болып келетін Кіші Чжаоның қолбасшысы Жан Мин мемлекет билігін тартып алын, Кіші Чжаодағы ғұндардың көп бөлігін қырып тастады. Бұл көп ұзамай Кіші Чжаоның құлауына алын келеді. оңтүстік ғұндар 4 ғасырдың соңына қарай қайта күшейе түсті. 5 ғасырдыңдың бас кезінде олардың әйгілі қолбасшысы Хэлян Баба Ся патшалығын, ал Мэн Сун көсем Бэй Лян патшалығын құрды. Ордос пен Нанынан (қазіргі ҚХР-дің Ганьсу провинциясы) өңірінде құрылған осы екі мемлекет 439 жылы тобғаштардың (тоба) шабуылы нәтижесінде қирады. солтүстік ғұндардың Еділ-Жайықтағы үлкен бөлігі 4 ғасырдың 2-жартысында Қара теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі өлкені бағындырды. Сарматтарды тізе бүктірген соң аландарды талқандады. 375 жылы остгот, герул, генид, сақ тайпаларын бағындырын, Қап тауына жорық жасады. Ғұндардың Батысқа жорығы "халықтардың ұлы қоныс аударуына" түрткі болды. Ғұндар Еуропада өз империясын құрды.
Ғұндардың ұлы мемлекет болғандығы сөзсіз,бірақ ғұндардан да әлдеқайда қуатты мемлекет болды.Бұл Көне түркілер.
Түркілер - б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: “Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкалдың жағасы, Ангара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрды. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкал өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатты”. Яғни көне түркілердің жері мен оның шегарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридың “Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Египетке дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Махмуд Қашқари анықтамасының дәлелі. Себебі, түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезарь мен Македонскийді емес, ғұн патшасы Аттиланы “Құдайдың қамшысы” деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді. Түркілердің тағы бір ерекшелігі – олар ағылшындар мен голландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ. Себебі, түркілер алдымен үлкенді сыйлап, аруаққа тағзым еткен және зұлымдық дегенді білмейтін табиғат діні Тәңірге табынса, соңынан адамды ұлты мен нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын мұсылман дінін ұстанды.
Көне түркілердің көрші елдермен мәдени және экономикалық тығыз байланыста болғаны тарихтан белгілі. Ол туралы Альфред Вебер: “Орта Азиядан шыққан көшпелі халықтар Қытай, Үнді және Батыс елдеріне баса көктеп еніп (жылқымен) жоғарыдағы үш атырапқа да ықпал етті. Ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Қиын-қыстау тіршілікпен қауіп-қатерлі мол жорықтар арқылы дүниенің жалғандығын түсінді. Ол үстем нәсіл ретінде дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос түрінде паш етті” дейді. Орта Азия мәдениеті мен Үндістанды байланыстырған ертедегі жол туралы ғалым Т.Алмас: “... 8 мың жыл бұрын Тарим оазисінен «Ладак жолымен» көшкен ертедегі түркілер Солтүстік Үндістанға келіп, дравидий мәдениеті тұрғындарымен қарым-қатынасқа түсті” дейді. Оның дәлелі ретінде XX ғасырдың 20-жылдары Пакистанның Пенджаб және Синди штаттарында археологиялық қазба жүргізгенде табылған басындағы шашын лентамен байлаған ортаазиялық түркі типінің мүсінін келтіреді . Ертедегі Орта Азия мен Үнді мәдениеті арасындағы байланысқа жататын құшанның синкретикалық мәдениеті туралы Б.А.Литвинский былай дейді: “...көне тохар миграциясының характері мен бағытының түпкілікті қорытындысы әртүрлі ғылымдар саласындағы деректерге сүйеніп шешілетін болғандықтан, оның шешімін айтпай тұрып, көнетохар-фин-угор және жалпытохар-көнетүркі байланыстары Орта Азияның солтүстігі және оған іргелес жатқан солтүстік және шығыс облыстары арқылы жүргенін көреміз. Бұл аймақтарда б.д.д. I мыңжылдықтағы “скиф-еуропа” байланыстарына – оның ішінде “жануарлар стиліне” таралу жолдарына анықтама беретін “скифтердің” көптеген археологиялық іздерін көреміз. Ол көнетүркі тайпалары мәдениетінің таралу ареалының айғағы. Көне түркі тайпалары мен Солтүстік Үндістан тайпаларының арасындағы мәдени байланыстарды Пакистанның Қарақорым аймағынан табылған жартастағы суреттерден байқауға болады. Қарақорым жартастарындағы суреттер цивилизациялар мәдениеті және діни дәстүрлермен қатар, Азияның ұлан байтақ аймағындағы саяси және тарихи өзгерістердің айналымына (калейдоскопичность) дәлел. Ондағы Күнге табынуға арналған көптеген петроглифтер Тамғалыдағы, Жетісудағы, Ферғана даласындағы, Шығыс Түркістандағы жартастағы суреттерге ұқсас. Еуразия даласы б.д.д. II мыңжылдықта “дала қоласы мәдениетінің” дәуірі болды. Қарғалы рудниктерін зерттеген археолог Е.Черных: “Қола дәуірі Қарғалыдан басталады” дейді. Онда екі мың жыл бойы үздіксіз мыс өндірілген. Жезқазған аймағында 100 мың тоннадай мыс өндірілген. Орталық Қазақстанда 15 мың тонна таза қола өндіруге жететін 130 тонна қалайы өндіріліп, Орталық Қазақстан тау-кен металлургиясының орталығына айналды. “Б.д.д. ІІ мыңжылдығында Қазақстан Еуразиядағы дала қоласының негізгі мәдениеті орталықтарының біріне айналып, онда өндірістегі құрал ретінде қола алуға қажетті, құрамында мыс, қорғасын, қалайы бар полиметалдық рудаларды пайдаланды”. Ол кездегі малшаруашылығы мен жер өңдеу мәдениетінің арақатынасы әр жерде әртүрлі, кейбір жерлерде аралас болды. Бірақ, жалпы көшпенділік болған жоқ. Сонымен қатар, көптеген дала мәдениеттерінде малшаруашылығы экстенсивтік формаға ерте ауысты. Қола, тіпті энеолит дәуірінің кезінде дала тұрғындары әртүрлі жайылымдарды меңгеріп қана қойған жоқ, сонымен қатар, далаға тереңдеп кірді. Жайық пен Еділдің арасында, өзендерден 15-90 шақырымға дейінгі қашықтықта сол кездегі табылған молаларда ерлермен бірге әйелдер, балалар да жерленген. Өгізге немесе атқа жегетін арбаның пайда болуы қола дәуіріндегі малшылардың даланы меңгеруіне себеп болып, осы көліктер б.д.д. IV-III мыңжылдықтарда олардың көшіп-қонуын жеңілдетті. Көшпенділік дәуірдің алғашқы кезінде аттың жүгенін, соңынан қылышты ойлап тапқан да Ұлы даладағы тайпалар немесе тұрандықтар. Екі аяқты соғыс арбасының да Ұлы далада пайда болғаны белгілі. Енисейдегі, Қаратаудағы, Таңбалы шатқалындағы, Алтайдағы петроглифтер екі аяқты соғыс арбасы мен садақтың алғаш рет сол жерде тұрған тайпаларда пайда болғанын дәлелдейді. Шығыс Еуропада малшаруашылығының іздері б. д. д. III мыңжылдықта тек кельтиминар мәдениетінің жоғарғы қабатында ғана көрінед. Орта Азияның солтүстігіндегі далада өндіретін шаруашылық б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысында пайда болды. Одан шығысқа қарай, Оңтүстік Сібірде өндіретін шаруашылық б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысында афанасьев мәдениеті кезінде пайда болды. Өндіріс шаруашылығының әртүрлі нұсқалары (варианттары) Еуразия даласында тек қола дәуірінде, яғни б.д.д. III мыңжылдықтың екінші жартысы мен II мыңжылдықта түгел қалыптасып болды. Б.д.д. V-IV мыңжылдықтарда Шығыс еуропаның оңтүстігінде мүйізді ірі қара, қой-ешкі мен жылқы қолға үйретілген. Еуропа даласының кейбір аймақтары, Жайық пен Еділдің арасында б.д.д. IV-III мыңжылдықтарда малшаруашылығының үлесі жер өңдеуден басым болды. Неолит пен қола дәуірінде малшаруашылығы Орталық және Батыс Еуропаның әртүрлі облыстарына тарады, бірақ олар әлі нағыз көшпенділер емес еді. Остеологиялық материалдар бойынша неолит, энеолит және қола дәуірінде Еуразия даласындағы мал түрі құрамының өзгерісі және соңынан осы аймақта көшпенділерге тән болған әр түрдің процестік арақатынасындағы өзгеру бағыты байқалмайды. Археологиялық қазбаларда табылған, ұзақ уақыт тұрақ болған мекендер де сол кезде көшпенді малшаруашылығы болмағанының дәлелі. Сонымен қатар, салт атсыз еуразияның көшпенділерін елестету мүмкін емес. Үй жылқысы Қара теңіз бен Донның аралығында б.д.д. IV мыңжылдықта пайда болды. Орманды даладағы Дереивка мекені мен Төменгі Дон даласындағы үй жануарларының остеологиялық қалдықтарының ішіндегі жылқы сүйегінің үлесі 80 пайызға жетеді. Ол туралы академик В.И.Цалкин, “мал тарихындағы, ең алғашқы жылқылар” деп жазды. Ең алғаш жылқыны жегуге, содан кейін ғана салт мінуге үйреткен болуы керек. Бірақ көптеген ғалымдар оған қарсы пікір айтады. Шығыс еуропа даласында жылқыны арбаға жегуді б.д.д. III мыңжылдықтан бұрын білмесе де, оған салт мінуді білген. Ол кезде жылқының ер-тұрман әбзелі болған жоқ, болса да өте қарапайым, өте жұпыны болар. Таяу Азияда б.д.д. III мыңжылдықта аттың үстінде адам жүген мен ерсіз, жайдақ отырған суреттер бар. Қалай болғанда да ол кездегі салтаттының мүмкіндігі мал бағудан аспады. Қазіргі деректерге сүйенсек, атқа салт мінудің кеңінен тарауы б.д.д. III мыңж. екінші жартысы мен II мыңж. басы болды. Бұл кезеңде үндіирандықтар угро-финдердің тарихи отаны Орал тауының оңтүстік даласында болғаны белгілі. Оған Аркаим, Синташта т.б. қорымдардағы археологиялық деректер дәлел. Б.д.д. II-I мыңжылдықтар арасында Ұлы далада қуаңшылық басталғанда, олардың көшпенді өмір сүруге бейімделген шығыстағы бөлігі – арийлер мал бағумен айналысты. Олардың б.д.д. II мыңжылдықтың аяғы мен I мыңжылдықта Кіндік Азия, Иран және Үндістанға баруын осы көшпенді малшылардың көшіп-қонуымен түсіндіре аламыз. Ол жазба деректерде сақталмағанымен, археологиялық қазбалардан жақсы көрінеді. Ондай көшіп-қонудың себептері әртүрлі: халықтың өсуі, тұрақты көшу арқылы алмастырылып тұрмағандықтан жайылымның тарылуы (линвистикалық материалдар үндіеуропалықтардың о дүние туралы көзқарасын жайылым – жайлау мағынасына реконструкциялай алады)72 немесе құнарлы жерлер алуға ұмтылу. Б.д.д. III-II мыңжылдықтарда көшпенді малшаруашылығында: мал түрінің тиісті құрамы, малшаруашылығының экстенсивті формасы мен ұзақ қашықтыққа жүру тәжірибесі, сүтшаруашылығы, арбаны көлік ретінде пайдалану және атқа салт мініп жүру Шығыс Еуропа мен Ұлы далада қалыптасты. Оны Страбонның “Аравияда жылқы жоқ, олар жылқы орнына түйеге мінеді” дегенінен де көреміз). Көшпенділердің адамзат өркениетін дамытудағы рөлі туралы Л.Гумилев: “Неправильно думать, что в кочевом обществе невозможен технический прогресс. Кочевники вообще, а хунны в частности, изобрели такие предметы, которые ныне вошли в обиход всего человечества как нечто неотъемлемое от человека. Такой вид одежды, как штаны, без которых современному европейцу невозможно представить себе мужской пол, изобретены кочевниками еще в глубокой древности. Стремя впервые появилось в Центральной азии между 200 и 400 гг. Первая кочевая повозка на деревянных обрубках сменилась сначала коляской на высоких колесах, а потом вьюком, что позволило кочевникам форсировать горные, поросшие лесом хребты. Кочевниками были изобретены изогнутая сабля, вытеснившая тяжелый прямой меч. Усовершенствованный ими длинный составной лук, метал стрелы на расстояние до 700 м. Наконец, круглая юрта в то время считалась наиболее совершенным видом жилища. Не только в материальной культуре, но также и в духовной кочевники не отставали от оседлых соседей, хотя литература их была устной. Конечно, было бы нелепо искать у хуннов научные теории: их даже греки заимствовали у древних вавилонян. Кочевники создали два жанра сказаний: богатырскую сказку и демонологическую новеллу. И то и другое было ближе к мифологии, нежели к литературе в нашем смысле слова, но они этим способом воспринимали действительность и выражали свои чувства. Иными словами: мифология несла у них те же функции, что у нас литература. Подобным образом, т.е. непохожие на нас, кочевники воспринимали и историю. Она представлялась им в виде развернутой генеалогии рода; эталоном было не событие или институт, а мертвый предок. Для европейца такой счет поколений кажется бессмысленным, но ведь он тоже отражает течение времени, как и любая принятая в науке система отсчета” . Л.В.Васильевтің дәлелдеуі бойынша, “Қытай цивилизациясы б.д.д. ІІ мыңжылдықта Шан-Инь билігінің дәуірінде сыртқы мәдениеттің әсерінен пайда болды. Шан-Инь дәуіріне дейін қытайлықтар жалпы атты, ат арбаны және дала цивилизациясының басқа атрибуттарын білмеген”. Б.д.д. 2197 жылы Қытайды Хаба әулеті билеп тұрған кезде оның солтүстігін ту-кю, яғни түркілер мекендеген. Көшпенді тайпалардың қытайға енуі б.д.д. ІІ мыңжылдықтың ортасында болды. Сол кезден бастап қытайлықтар түркілердің салт атпен жүргенде киетін сыртқы киімдері мен ер-тоқымдарын өздеріне бейімдеп алды. Қытайдың көне ескерткіштерін зерттеген И.С.Лисевичтің деректеріне сүйенген Ю.В.Мизун мен Ю.Г.Мизун “Жетіқарақшы шоқжұлдызындағы Цзи жұлдызын ұлы найзағайдың жарығы орағанын ” б.д.д. III мыңжылдықта Солтүстік Қытайдағы Хуанхэ өзені бойында көргенін айтады. Сол кезде “аспанның ұлы” Хуанди Жерге Арыстан шоқжұлдызындағы Регул жұлдызынан ұшып келді. Оның ізбасары Шаохао да осылай келді. Ол келердің алдында “жұлдыз кемпірқосақ сияқты жерге қарай ұшты”. Ол туралы басқа деректерде “үлкен жұлдыз Гүлдеген аралға ковш сияқты келіп қонды”. Шаоходан кейінгі ізбасар Жерге келер алдында “жарығы өте күшті жұлдыз айдың дискісін кемпірқосақ сияқты айналып өтті”. “Аспанның ұлы” Хуанди жерде жүз жылдай билік жүргізген. Әртүрлі деректерде ол билікті б.д.д. 2598 немесе 2450 жылдарға дейін жүргізген. Оның көмекшілері тұрақты түрде астрономиялық бақылаулар жүргізді. Мысалы, Си Хэ “Күннің көлеңкесінің түрленуіне негіздеп болашақты болжады”, тағы бір көмекшісі Чан И “Туған және батқан айдың ширегі мен жартысына қарап болашақты анықтаса”, Да Нао “соңынан қытай күнтізбесінің негізі болған цикличностьпен айналысты”. Барлық деректерді бір жерге жинап талдау жасаған Жун Чэн жердің күнтізбесін жасады. Сонымен қатар Хуандидің көмекшілері “ту” немесе жердің картасын жасады. Хуандидің көмекшілері айтқан бізге белгісіз металдан жасаған үлкен айна және сиымдылығы 100 литрдей қазан мен оны орнықтыратын биіктігі 3-4 метрдей үш тіреуіш туралы деректер көп кездеседі. Сол кездегі қытайлықтардың ұғымы бойынша “қазанның ішін жүздеген рухтар \аруақтар\, жануарлар және перілер толтырған”. Оның үш аяғы “Ұлы бірліктің бейнесі” іспеттес. Ол жердегі Дао Әлемінің жасырын қозғағышы. “Аспан ұлдары” ойлы–шұңқырлы жерлермен кедергісіз жүретін шынжыр табанды дөңгелек ойлап тапты. Ертедегі жазуларда олардың ешқандай көлікке жегілмей өздігінен жүретін арба екені жазылған. Көне жазба деректерде басқа ғаламшардан “айдаһарға” мініп келген Хуанди және оның көмекшілері Қытайдың солтүстік-батысындағы Гоби шөліне қонған. Соңынан Хуанди өзімен бірге келген жетпіс шамалы көмекшісімен қайта ұшып кеткенде Жерде қалған оның серіктері қатты қайғырады. Олар Хуандидің заттарын қорғандарда жерлеп, оны жоқтап, қайғырады. Көне жазбалар бойынша, олар 17 жұлдыздан тұратын Сюаньюань шоқжұлдызына ұшып кетті. Ол Темірқазық жұлдызы жағындағы эклиптиканың бойында, яғни Күн жүйесіндегі ғаламшарлар орналасқан жазықтықта орын тепкен. Осы шоқжұлдыздағы ең жарық жұлдыз Регул немесе Сюаньюань, ол Арыстан шоқжұлдызындағы Альфа. Осыдан екі мың жыл бұрын “қытайдың Геродоты” Сыма Цянь: “Мен құрметті ақсақалдардың Хуанди жайлы айтқан әңгімелерін тыңдадым... Әрине, олардың сенім - ұғымдары әртүрлі болғанымен, айтқан әңгімелері көне жазбалардағы деректерден алыс емес және шындыққа жақын. Мен Чуньцю мен Гоюйді оқыдым, оларда Хуанди және оның қасындағы бес әміршінің қайырымды істері мен шежіресі жақсы жазылған. Мен оны терең зерттемесем де, ондағы айтылғандар мен көрсетілгендер құр ойдан шыққан емес” деп жазды. “Басқа ғаламшардан келгендер” жайындағы қытайдың көне жазбалары мен сол кездегі тарихында кеңінен тараған деректерді келесі бір қырынан қарасақ, ол солтүстік-батыстағы Гоби шөлінен “Аспан аттарына мінген Аспанның ұлдары” немесе Тәңір (Тянь-Шань) мен Алтай тауларынан салт атты (батыста оларды кентаврлар деп атаған) және арбамен келген көшпенділер ойға түседі. Олар көне түркі тайпалары еді. Бұл ежелгі тарихтан белгілі нәрсе. Тәңірдің\Tien –Тәңір\ немесе Аспанның ұлдары деп отырғаны да түркілер. Ертедегі үйсін мемлекетінің жылқыларын қытайлықтар “Аспан аттары” деп атаған. Атты арбасымен салған Алтайдағы көне дәуір петроглифтері атты арбаға жегуге алғаш рет осы аймақта үйреткенінің дәлелі. Түркінің Тәңір тауын қытайлар Тянь-Шань дейді, яғни олар осы таудың қасиетті жаратқан Тәңірді (немесе Аспан) көне түркілерден алдымен құдай ретінде қабылдап, соңынан императордан бастап мемлекетті басқарудың барлық жүйесіне енгізген. Ертеде қытайдың алфавитін жасап, олардың сауатын ашқан және ғасырлар бойы сол елдегі зиялы қауым қызметін атқарғандар көне түркінің қаңлы тайпасы екенін қытай ғалымдары дәлелдеді. Қытайға дөңгелекті әкелген де қаңлылар не кидариттер деген деректер бар*. Көне дәуірде Хуанхэ (Ақсу) өзені мен Пекиннің солтүстігін ұзақ уақыт бойы түркі тайпалары билеп тұрғанымен қытайлықтар олардың вассалы болғанын тарихтан білеміз. 100 литрлік қазан мен оның үш тағаны деп жүргені түркілер жорыққа өздерімен бірге алып жүретін қасиетті Тайқазан. Түркілердің ұғымы бойынша, Тайқазаннан бір мезгілде тамақ ішкен мыңдаған адамның рухы, жаны және істері бір болады. Яғни, Тайқазан мыңдаған адамды немесе әскерді біріктіретін және аспандағы Тәңірмен байланыстыратын құдіретті құрал. Оның үш тағаны жердегі адамдарды аспандағы Тәңірмен байланыстырады деп түсінген. Хуанди ұшып кететін Темірқазық және Альфа жұлдыздары Тәңір жүйесінде адамның бұл өмірдегі ісіне қарай, өлген соң не жұмаққа не тозаққа апаратын баспалдақ. “Хуандидің заттарын қорғанда жерледі” дегені көшпенділердің көсемдерді қорғандарда жерлеу салты. Хуанди сияқты әулиенің өліміне сенгісі келмеген сол кездегі адамдар оны аспанға ұшып кетті деп сенген-ау сірә. Көне замандағы “Аспан аттарына мінген Аспан ұлдары” мен сол кездегі қытайдың жергілікті жабайы тайпалары арасындағы қарым-қатынасты осылай түсіндіруге болады. Қазіргі ғылыми деректер бойынша, ертедегі дала цивилизацияларының еуразиялық бағыты Ұлы даланың солтүстігі арқылы жүрген. Осы жолмен Иркутскінің жанындағы Мальтадан табылған палеолит дәуіріндегі Ауригнасиан Венерасы және француз ғалымы Тьер де Шарден көрсеткендей Солтүстік Қытайдың Ганьсу мен Шеньсидің солтүстік ауданындағы Ауригнасиан типтес мәдениет ошақтарының табылуы осы мәдениеттің Сібір арқылы жүргенінің айғағы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Л.Н. Гумилев “Қиял патшалығын іздеу”
Н.Я. Бичурин “Тарихи география жөніндегі мәліметтер жинағы”
Л.Н. Гумилев “Ғұндар”
Қазакстандық интернет сайты Уикипедия “Көне түркілер”

- Еуро Одақ
- Еуро Одақ
- Еуроодақ - қазіргі замандағы маңызды интеграциялық үдеріс
- Еуро Одақ - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік
- Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес
- Еуропадағы этно саяси жанжалдар
- Еуропа елдері
- Ет өнімдерін тұздау және маринадтау
- Ет сапасына әсер ететін факторлар
- Еуразия даласындағы Шыңғысханның тұлғасы
- Еуразиялық кеңiстiктегi мәдениет және жаһандану
- Еуразиялық кеңістік ойшылы
- Еуразия материк
- Еуразияның климаты.Қазақстаның климаты