Еуропадағы этно саяси жанжалдар
|
|
Абылый хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
«Халықаралық қатынастар кафедрасы»
Баяндама
Тақырыбы: Еуропадағы этно саяси жанжалдар
Орындаған: Модинова Саулет 302 топ
Алматы 2014жыл
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Еуропадағы этникалық процестердің ерекшелігі және этносаяси процестердің ішкі саяси жағдайға ықпалы.
Тақырыптың міндеті мен мақсаты: Югославиядағы этникалық, ұлттық, діни қақтығыстардың халықаралық қатынастардағы орнын ашып көрсету.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттің тізімінен тұрады.
Деректік көзі: Баяндаманы
жасау барысында әр түрлі әдебиеттер көзін
пайдаландым, ғаламтор желісін пайдаландым. Халықаралық қатынастарға арналған саясаттану,
әлеуметтану, психология, қақтығыстану
ғылыми әдебиеттерді пайдаландым.
Зерттелу деңгейі: халықаралық қатынастарға этнос аралық дауларын саяси-құқық ықпалын баяндама барысында көрсете білу.
Тарихнамаға шолу:Еуропадағы 90-жылдардан бері қазіргі уақытқа дейінгі этно саяси тарихи оқиғалар қарастырылған.
Жоспар:
- Этникалық және этносаралық процестердің мағыналық түсінігі.
- Еуропадағы 90-жылдары белең алған этно-саяси қақтығыстар. Оның ішінде қаралатын мәселелер төмендегідей.
А) Югославиядағы этникалық, ұлттық, діни қарама-қайшылықтар
Ә) Балқан соғыстары
Б) Босния мен Герцеговиниядағы этно-саяси жанжалдар
3. Балқан елдеріндегі салафизм
4. НАТО-ның қауіпсіздікке байланысты жүргізген операциялары
1.Бүгінгі таңда әлемде этникалық және этносаралық процестердің күрделенуі байқалуда. Кез келген саяси, экономикалық, мәдени немесе дінге қатысты оқиғалар этникалық сипат алуда.Этностың әртүрлі компоненттерінің өзгеруі (рухани және материалдық мәдениеттің жеке элементтері, тіл, әлеуметтік құрылымдар, сана және т.б.), тарихи даму барысында этникалық процестер атауына ие болған. Этникалық қоғамның өзгеруі немесе этникалық процестер адамзаттың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымен бірге жүріп бір-бірімен тығыз байланысты болады. Бұл өзгерістерді тудыратын процестер этникалық қауымдастықтың жақтарына әсер етуі әр түрлі. Алғашқы қауымдық құрлыстан қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық тарихи формацияның ауысып отыруына байланысты олардың ішінде ең әуелі әлеуметтік-экономикалық процестерді бөліп алуымыз қажет. Мәнді өзгерістерге алып келетін этностардың өзара әрекетін этникалық процесс деп атайды. Оның эволюциялық және трансформациялық бағыттары болады. Эволюциялық бағыты этностың негізгі элементерінің, ең алдымен тіл мен мәдениеттің сапалы өзгерісін білдіреді.
Трансформациялық этникалық процесс ұлттық тиесілікті алмастыруға алып келетін өзгерістерді қамтиды, оның негізгі этапы этникалық өзіндік сананың алмасуы болып табылады. Трансформациялық біріктіруші процестер консолидация, ассимиляция және интеграция түрінде жүзеге асады.
Консолидация — тіл мен мәдениеті жағынан бір-біріне жақын бірнеше дербес халықтардың біртұтас ірі этносқа бірігуі. Мысалы, XV ғасырда түрік тілдес тайпалардың қазақ этносына бірігуі.
Ассимиляция — көбіне саны аз халықтың өзге ірі этностың құрамына сіңіп кетуі, нәтижесіне өзінің этникалық қасиеттерін жоюы. Мысалы, монғол тілдес тайпалардың Алтын Орда заманы тұсында қыпшақтармен ассимиляцияланылуы.
Интеграция — тілі мен мәдениеті әртүрлі бірнеше халықтардың ортақ белгілері пайда болуына байланысты бірігуі, бірақ олардың тұрақтылығы мен беріктілігі шамалы, ұзақ өмір сүрмейді. Мысалы, Австро-Венгрия, Осман империясы, КСРО, Югославия және т.б.
Қазіргі мемлекеттер көп этносты болуына байланысты мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлуді талап ететін этносаралық қатынастар әр алуандығымен ерекшеленеді. Көп ұлтты мемлекеттің маңызды міндеті — ұлтаралық қатынастарды оптимизациялау. Халықаралық қатынастар субъектілерінің өзара әрекет етуінің ең қолайлы нұсқаларын іздестіру және жүзеге асыру болып табылады. Бүгінгі әлемнің этноболмыстары этникалық процестердің терендеуін, этностылықтың барлық жердегі дамуын, этникалық өрлеудің арта түскенін көрсетеді.Этникалық процестердің терең сипат алуы мынадан байқалады: біріншіден, ол түрлі әлеуметтік-экономикалык саяси құрылыстағы әр алуан елдерді қамтиды; екіншіден, қазіргі қақтығыстардың бәріне немесе көбіне этникалық сипат тән, үшіншіден олар қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды: саяси, экономикалық, рухани; және төртіншіден, бүгінгі күннің күрделі проблемаларының бәрі сияқты, этникалық проблемаларды шешу жеке бір елдің қолынан келе бермейді, әдетте оларды шешу ісіне үшінші жақ тартылады. Төреші міндетін әлемге аты танымал жеке лидерлермен қатар, жеке мемлекеттер, тіпті халықаралық ұйымдар атқара алады. Этникалық проблема халқының құрамы көп этносты мемлекеттерге өзекті мәселеге айналуда. Өйткені, әр этникалық топтың өзіне ғана тән демографиялық әрекеті, әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамуының ерекшеліктері бар. Өркениеттің соңғы жетістіктерінің бірі — қазіргі толып жатқан полиэтносты мемлекеттердің ұранына айналған көп мәдениеттің идеясы, ол бір мемлекет ішіндегі көптеген этникалық топтарға тату да бейбіт өмір кешуге мүмкіңдік береді.Батыс Еуропалық шиеленістер (Солтүстік Ирландия, Баск елі, Каталония; Корсика, Фландрия, Валлония, Фарер аралдары; Солтүстік Кипр) этноконфессионалдық және әлеуметтік-экономикалық факторлармен сипатталады. Батыс Еуропадағы қақтығыстарды бастаушылардың мақсаты – тәуелсіз мемлекет құру емес, сол мемлекет шекарасы шеңберінде барынша ұлттық-мәдени, экономикалық және саяси автономияға қол жеткізу болып табылады. Өзінің кіші отанын біртұтас Еуропаның бөлігі ретінде түсінеді. Шығыс Еуропалық (Чечня, Дағыстан, Қырым, Косово, Македония, Сербия және Босния, Трансильвания) Шығыс және Орталық Еуропаның бұрынғы социалистік елдерін қамтиды. Қақтығыстың батыс-еуропалық түрінен айырмашылығы – автономия емес, толық тәуелсіздік алуға ұмтылыс. Қақтығыстың түп-тамыры бұрынғы тарихи кезеңдерде жатыр. Мысалы, Босния мен Герцеговиниядағы православиялық сербтер мен славян-мұсылмандар арасындағы қақтығыс сонау XV-XIX ғасырларда пайда болса, татарлардың ӛз мемлекеттілігін құруға ұмтылуы XVІ ғасырдың ортасында Қазан хандығының ӛмір сүруі тоқтатылған кезден басталады. Шығыс Еуропада мемлекеттік атрибуттарының барлығына ие, алайда мемлекет ретінде танылмаған бірнеше мемлекеттер бар болғандықтан, онда шиеленістердің пайда болу мүмкіндігі жоғары. Шығыс Еуропадағы қақтығыс ошақтары жоғары белсенділікпен ерекшеленеді. Бұл кӛбінесе бейбіт халық пен әскерилердің кӛптеп құрбан болуына әкеледі. Бұған мысал ретінде Кавказ бен бұрынғы Югославиядағы қақтығыстарды келтіруге болады. Шығыс Еуропадағы қақтығыстар Біріккен Ұлттар Ұйымы, НАТО, Евроодақ, Ресей тараптарының араласуы арқылы тоқтатылды.
I-тарау: 90-жылдарда басталған демократиялық революция Югославия Федерациясының ыдырауына өкелді. Югославиядағы этникалық, үлттық, діни қарама-қайшылықтар Балқан түбегіндегі соғыстарға үласты. Югославия Федерациясынан бөлінген мемлекеттер төуелсіздігін соғыс арқылы алды. Бүл соғыстар екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі қақтығыстар болды. Югославия Үкіметі федерацияны сақтап қалу үшін соғыс қимылдарына көшті. 1991 жылы 25 маусымда Югославия өскері Словенияға кіріп, астанасы Люблян қаласын бомбала- ды. Словян ерікті жасақшылары Югославия өскерлеріне тойтарыс беріп, югослав өскерлерін өз жерлерінен кетуге мөжбүр етті. Тамыз айында Хорватияда соғыс қимылдары басталды. Соғыс қимылдары Серб Крайне жерінде кең етек алды. Серб өскерлері Вуковтар жөне Дубровник қалаларын күшті артилериялардан атқылап, көп адам шығынына үшыратты. Хорват өскерлерін Батыс Еуропа елдері қолдап, Сербияның агрессиясын айыптады.1990жылы қараша айында Xорватия өскерлері Батыс Словения жерін серб өскерлерінен азат етті. Соғыс қимылдарының барысында хорваттар сербтерге қарсы геноцид жүргізді. 1992 жылы Югославия Үкіметінің өтінішімен БҮҮ-ның бейбітшілік қүрамдары кір- гізілді. Бірақ, соғыс қимылдары жалғасты. Xорват өскерлері батыс елдерінің жасырын қару-жарақ көмектерін алып, 1995 жылы Серб Крайне жасақшыларын жеңді. Серб Крайне жеріндегі сербтерді қуып, хорваттар өздерінің билігін орнатты. Югославиядан БҮҮ- ның бейбітшілік қүрамдары шығарылды. Югославия Серб Крайне автономиясынан бас тартып, Xорватияның қүрамына кірді.1991жылы 1 наурызда Босния жөне Герцоговина өздерінің төуелсіздігін жариялады. Мүсылмандар өскерлерін сербтерге қарсы соғыс бастауға дайындады. 1992 жылы сөуірде сербтер христиандар мен мүсылмандар арасындағы соғысты бастады. АҚШ жөне Еуропалық Одақ елдері Югославия өскерлерін шығаруды талап етті. Соғыс қимылдарын тоқтату үшін БҮҮ бейбітшілік қүрамдарын кіргізді, бірақ сербтер мен мүсылмандардың арасында соғыс жалғаса берді.Босния мен Герцеговинаға сербтердің еріктілері келе бастады. Мүсылмандарға моджахед еріктілері мен араб елдерінен көмек келе бастады.1992жылы хорват-мүсылман өскерлері сербтерге қарсы соғыс қимылдарын жүргізе берді. Сараево қаласында ірі соғыс шайқаста- ры жалғасты. Сараево қаласының базарында жарылыс үйымдастырылып, 70 адам қаза тапты. Босниядағы сербтер өскерлерін басқарған Р. Караутич югослав өскерлерімен біріге отырып, 1995 жылы тамыз-қыркүйек айларында мүсылман жасақшыларына қарсы ауқымды соғыс қимылдарын бастады. Босния сербтері Среб-реница қаласын атқылап, мүсылмандарға геноцид үйымдастырды. Үш мыңдай мүсылмандарды қырғынға үшыратты. Бүл діни соғыстың нөтижесі болды. НАТО-ның өуе күштері Босния сербтерінің өскерлері шоғырланған топтарға соққы берді. АҚШ Үкіметінің үсынысымен серб-хорват-босния жөне Герцеговина басшылары арасында келіссөздер жүргізілді.1992жылы қараша айында АҚШ-тың Огаио штатының Дейтон қаласында Ф. Туджман, С. Милошевич жөне А. Изетбегович келіссөз жүргізіп, соғыс қимылдарын тоқтатуға уағдаласты. Босния серб басшысы Р. Караджичке халықаралық іздеу салып, халықаралық сотқа тартуға шешім қабылдады. Босния жөне Герцоговина төуел- сіздіктерін жариялауға, босқындарға көмек көрсетуге келісті. Босния жөне Герцеговинаның шекаралары белгіленіп, 51 %-ы Босния- хорват мүсылмандарына, 49 %-ы сербтерге бөлінді. 1996 жылдың көктемінде Брюссельде Босния мен Герцоговинаға экономикалық көмек көрсету туралы конференция өтті. А. Изетбегович қайтадан сайланды. БҰҰ-ның бейбітшілік күштері кіргізіліп, олардың мандаты ұзартылып, Босния мен Герцоговинада бейбітшілік орнады.
II-тарау: Косово дағдарысы 1990 жылы Югославия Федерациясы Парламентінің Косованың автономиялық қүқын жоюдан басталды. Ко- совадағы мүсылмандар жасырын азаттық армиясын қүрып, Югос- лавиядан бөлініп, Албанияға қосылуды талап етті. 1998 жылы Косовада Парламент жөне Президент сайлауы өтті, бірақ Белград сайлауының қорытындысы заңсыз деп жарияланды. Косово демократиялық лигасының басшысы И. Ругов Косовоны азат ету өскерімен біріккеннен елде азаматтық соғыс басталды.1998 жылы тамызда Косовоға Югославия өскерлері кіргізіліп, соғыс қимылдары басталды. АҚШ Үкіметі Белградтан соғысты тоқтатуды талап етті. Соғыс күзге дейін жалғасты. Косоводан көрші Албания мен Македонияға 800 мыңдай адам кетуге мөжбүр болды. Бүл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі босқындардың өз елдерін тастап кетуі еді.1999 жылы ақпанда Париж қаласының маңындағы Рамбуйеде Серб-Косово келіссөздері жүргізілді. Серб делегаттары келуден бас тарты. Рамбуйеде біржақты келісімге қол қойылды. АҚШ келісімді бүзғаны үшін Югославия басшысы С. Милошевичті кінөлады. Косоводан югослав өскерлері өкетілмесе, НАТО үйымының басшылары АҚШ-тың қолдауымен Югославияға өуе шабуылын бастайтынын ескертті. 1999 жылы 25 наурызда БҮҮ-ның рүқсатынсыз НАТО өуе күштері Югославияны бомбалай бастады. НАТО-ның бүл шешімін айыптаған ел Ресей болды. Бүрынғы Югославия жері — Белград қаласы қатты бомбаланды. Соғыста АҚШ жөне НАТО қарудың жаңа түрлерін қолданды. Халықаралық күштердің антисербтік соғыс саясаты аясындағы өуе соғыстарының барысында босқындар саны бүрынғыдан да көбейе түсті. Югославияны 78 күн бомбалады. Соғысқа 850 үшақ қатысып, 2000 адам өліп, 7000 адам жараланды. Белград қаласы қатты зардап шекті.1996 жылы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Косово мөселесі жөнінде шешім қабылдады. Атап айтқанда, серб өскерлерін Косоводан шыға- ру, НАТО өуе күштерінің бомбалауын тоқтату. Косовоға бейбіт- шілік күштерді енгізуге шешім қабылдады. Косово жері үш бөлікке бөлінді. НАТО өскерлері, АҚШ-тың жөне Ресейдің өскерлері орналастырылды. Сербтерді тазалау басталды. Сербтер өздерінің жерлерін тастап кетуге мөжбүр болды. Албандар Косовоға қайтып орала бастады. Косовада соғыс қимылдары тоқтағанмен, бейбіт өмір орнамады. Балқан түбегіндегі соғыстар толастап, жаңа төуелсіз мемлекеттер — Словения, Хорватия, Македония, Босния мен Герцеговина қүрылды. 2001 жылы Сербия жөне Черногория мемлекеті құрылды. Сербия Президенті болып Коштуница сайланды. С. Милошевичтің заманы аяқталып, “өскери қылмыскер” деген айып тағылып, Гаагадағы халықаралық сотқа берілді.
Jane's Intelligence Review («Джейнс Интелидженс Ривью») ұйымы шілденің 7-і күні Балкандағы салафизм проблемасы жайлы мақала басты. Ұйымның зерттеуінше, Батыс Балқандағы қақтығыстың соңы радикализмге ұласқан. Бұл мәселе, әсіресе, Косовада ушығып тұр. Ұйымның сарапшылары Косовадағы құқық қорғау қызметкерлерімен және зайырлы қоғам өкілдерімен осы мәселені бірлесіп зерттеген.
Сарапшылардың пікірінше, радикалдық
исламистік діни көзқарастың әлемге кең
тарауы халықаралық қауымдастықты алаңдатып
отыр. Балқандағы мұсылман жұрты ежелден
шектен шықпайтын қалыпты Ислам бағытын
ұстанады. Мұндағы дәстүрлі Ислам мектептерінде мұсылманның еркін ойлауына
шектеу қойылмаған.
«ЛИБЕРАЛ ХАНАФИЛЕР ҚАРСЫЛЫҒ
JIR-дің жазуынша, осы аймақтағы
1990 жылдардағы дүрбелең кезінде мыңдаған
шетелдік радикал мұсылман Босния мен
Герцеговинадағы «мұсылман бауырларына»
көмектесу үшін, әрі Шығыс Еуропаға салафизм
идеологиясын тарату үшін келген болатын.
Батыс Балқандағы мұсылман жұртының басым
бөлігі әлі де болса әсіредіншілдікті
уағыздайтын салафизм өкілдеріне қарсылық
танытып жатыр. Бұл қарсылық әрекеттер
Косово, Босния мен Герцеговина, Албания
және Македониядағы бірнеше ішкі қақтығыстарға
әкеп соқтырды. Әсіредіншіл салафизм өкілдеріне
сонымен қатар елдегі Исламның либералдық
ханафи және сопылық мектебінің өкілдері
табанды қарсылық көрсеткен.
Деректер бойынша таяудағы қақтығыс
кезінде қарапайым тұрғындар мен бірнеше
салафизм ағымының мүшелері қаза тапқан.
JIR осы оқиғалар радикалдық исламизмнің
Батыс Балқандағы тұрақтылыққа қауіп
төндіргенін көрсетіп тұр деп санайды. «ДЖИХАДШЫЛАР ҚАПТАҒАН ЖЫЛ»
Зерттеушілер салафизм идеясының
Батыс Балқан аймағына таралу себебін
Югославия тарап, Босния мен Герцеговинада
қақтығыстар болып жатқан және 1992-1995 жылдары
Югославияның бұрынғы алты республикасына
БҰҰ эмбарго жариялаған кезден іздейді.
Осы уақыт аралығында бұл аймаққа Сауд
Арабиясы, Пәкістан, Йемен және Ауғанстан
елдерінен Сербия мен Хорватия христиандарына
қарсы соғысу үшін мыңдаған джихадшылар
келген.
Шетелдік джихадшылар Босния
мен Герцеговинаның зайырлы мұсылман
халқына Исламның радикалдық доктриналарын
үйреткен. Артынша бұл идеялар Батыс Балқандағы
террористер арасына тез таралды.Мамандардың
пайымдауынша, Косово 2008 жылғы ақпанда
Сербиядан тәуелсіздігін алған соң, сырт
ағымдардың діни экспансиясына ұшыраған.
Елдің соғыстан кейінгі қажыған жағдайын
салафизм өкілдері өз мүдделеріне ұтымды
пайдаланған. Негізінен алғанда Косовадағы
этникалық албандардың басым көпшілігі
қалыпты мұсылмандар саналады және олар
бұрыннан батысқа бейім. Исламның либералдық
бағытын ұстанатындар салафизм доктринасын
қабылдаудан бас тартқан. Сондықтан радикалдық
исламшылдар мен қалыптылардың арасында
дінге байланысты дау-жанжал жиі туындап
отырады.
JIR бұдан ары зерттеуінде салафизм
мен ваххабизм тарихына тоқталып, салафизмді
Исламның ең консервативтік ағымы деп
бағалайды. Сауд Арабиясындағы салафизм
өкілдері қаржылық қуатын пайдаланып,
1970 жылдан бері белсенді әрекетке көшкен.
Олар әртүрлі қайырымдылық іс-шаралар
ұйымдастырып, гуманитарлық ұйымдар құрып,
өзге елдегі Ислам орталықтарын қаржыландырып,
мешіт салып және жастарын оқыту арқылы
діни көзқарастарын бүкіл әлемге жайып
жатыр.
«ҚАРУ-ЖАРАҚҚА 350 МИЛЛИОН ДОЛЛАР»
Ұйым мамандары джихадшылар
тарихына тоқталып, олардың негізінен
Боснияны қаруландыру мақсатында келетінін
айтады. 1995 жылы Ислам елдері мен ұйымдары
Босниядағы соғысқа 350 миллион доллар
қаржы құйған.Косоводағы дін проблемасы
1999 жылғы Сербиямен арадағы соғыс аяқтала
салысымен шиленісе бастаған. Салафизм
өкілдері әртүрлі гуманитарлық жобаларды
желеу етіп, Косовоға тамыр жайған. Косоводағы
мемлекет басшылары мен қауіпсіздік саласының
мамандарының пікірінше, олар он жылдың
ішінде әлеуметтік құрылымдарға дендей
еніп, елдегі мұсылмандар жамағатымен
тығыз қарым-қатынас орнатып, этникалық
албандарды өз идеяларына бұру арқылы
халықтың ұлттық санасына айтарлықтай
әсер еткен.
Жергілікті үкіметтік емес ұйымның
басшысы елдегі діни ахуал жайында мамандарға:
«Елдегі қақтығыстар әлеуметтік қатынастарды
және жекелеген отбасылық өмірді бұзды.
Оның үстіне қоғамдық институттардың
болмауы мен діни қайырымдылық ұйымдардың
қаптап кетуі Косоводарадикалдық Исламның
тарауына ықпал етті. Соңғы 10 жылда Косовадағы
албандар дау-жанжалға бейім боп кетті.
Бұрынғы кезбен салыстырғанда «дінге
бет бұрғандардың» саны күрт артып бара
жатыр» деп баяндаған.
НАТО-ның қауіпсіздікке байланысты жүргізген операциялары
Босния мен Герцеговина. 1995 ж. желтоқсан айында Дэйтон бейбіт келісімдеріне қол қойғаннан кейін ООН мандаты бойынша НАТО бейбіт келісімнің әскери аспектілерінің орындалуын қадағалау үшін Босния мен Герцеговинада көп ұлттық Іске асыру (реализация) күштерін (IFOR) орналастырды. IFOR міндеті соғыс кесірінен бөлшектелген елдің жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктері: Босния және Герцеговина Федерациясы мен Серб Республикасы өкілдерінің арасындағы әскери қимылдар мен қарулы қақтығыстарды тоқтату болды; оған қоса олардың арасында басып алынған аумақтарды қайтаруды қамтамасыз ету. Бір жыл ішінде IFOR күштері тапсырманы орындап, 1996 жылдың желтоқсанында Тұрақтандыру (стабилизация) күштерімен (SFOR) алмастырылды.
Косово. Көп бөлігінде этникалық албандықтар тұратын югославиялық Косово провинциясындағы 1998 ж. қарулы қақтығыс 300 мыңға жуық адамды босқынға айналдырды. Югославтық басшылық сербтік күштерді шығару және албандық тұрғындармен келіссөздерді бастау туралы көптеген халықаралық талаптарды назарға алмады. 1998 ж. қазан айында НАТО Югославия президенті Слободан Милошевичтің халықаралық қоғамдастық талаптарын орындамаған жағдайда оның режиміне қарсы әскери күш қолданылатындығы туралы жариялады. Президент Милошевич ультиматумды орындауға келісті. ЕҚЫҰ Косовоға өз бақылаушыларын аттандырды. НАТО, өз кезегінде, әуеден бақылауды ұйымдастырып, Македонияда спецназ жайғастырды.
1999 ж. басында зорлық-күш көрсетудің
жаңа кезеңі басталды. Халықаралық
дипломатияның қақтығысты
НАТО және Югославия қарулы күштерінің қолбасшылары арасындағы әскери-техникалық келісімге қол қойылу нәтижесінде дәне БҰҰ мандатына сәйкес Косовода НАТО-ның KFOR күштері орналастырылды. Олардың міндеті әскери қимылдардың қайта жандануына жол бермеу, қауіпсіз орта құру, Косовоны азат ету армиясын демилитаризациялау, БҰҰ халықаралық гуманитарлық қызметі мен миссияларының қызметіне көмек көрсету болды. Алғашында KFOR күштерінде 43 мың адам саналды. Біртіндеп қысқарту нәтижесінде контингенті екі есеге азайып, шамамен 24 000 адамды құрады. KFOR құрамына НАТО-ға мүше-елдердің, 15 серіктес-ел, оған қоса Аргентина, Марокко және Жаңа Зеландияның әскери құрылымдары кірді.
Еуропа кеңесі: Еуропада нәсілшілдік
күшейіп барады;Еуропалық кеңестің адам
құқықтары жөніндегі комиссары Томас
Хаммарберг "Еуропада экономикалық
дағдарыс пен бюджеттің қатаң жоспарлануы
жағдайында нәсілшілдік пен ксенофобия
құбылысы күшейіп барады" деп алаңдаушылық
білдірді. ЕҚЫҰ-ның Венада орналасқан тұрақты
кеңесінде сөйлеген Хаммарберг дағдарыс
пен қатаң экономикалық саясат адамдардың
әлеуметтік құқықтарын бұзып, әлеуметтік
тұрғыдан әлсіз топтарға қауіп төндіретінін
айтты. Ол Еуропа елдерінде адамның фундаменталды
құқықтарының әлі де бұзылатындығын айтып,
терроризмге қарсы күресте адам құқықтарының
бұзылмауына назар аударылу керектігін
ескертті. Хаммарберг сонымен қатар бұрынғы
Югославия құрамына кіретін елдердегі
шешімін таппаған қылмыстарды да назардан
тыс қалдырмауды айта кетті.
Хаммарберг негізінен ЕҚЫҰ аймағына кіретін
елдердегі созылмалы жанжалдарды шешудегі
ең маңызды жайт - адам құқықтарының сақталуына
баса мән беру екенін айтты.
Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып
көрінді. Сондықтан тұрақтылық
қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының
бірі саналатын. Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс
түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі
топтар, таптар, жіктер болатындығы туралы
өткен тарауларда айтқан болатынбыз. Олардың
өзіндік мақсат-мүдделері, талап-тілектері,
арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіктері
болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді.
Осыдан келіп араларында айырмашылықтар
пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе,
шиеленістерге, жанжалдарға айналады.
Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа
ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы
мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың
қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті,
өткір таласты айтады. Шиеленіске адамзат
өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы,
б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары
дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс
көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан
тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы
Герак- лит заттар мен құбылыстардың дамуы
қарама-қарсылықтардың күресінен туады
деді. Макиавелли қоғамдық процестердің
дамуыңда қайшылықтардың пайдалылығын
атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың
қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.
Саяси шиеленістер теориясына әсіресе
көп көңіл бөлген — марксизм. Маркс пен
Энгельс "Коммунистік партияның манифесінде":
"Ерікті мен құл, патриций мен плебей,
помещик пен крепостной, мастер мен кіші
мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі
ылғи антатонист болып, бірде жасырын,
бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді,
бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын
революциялық түрде қайта құрумен немесе
күресуші таптардың жалпы жойылуымен
тынып отыратын" деген. Олар тап күресі
таптық қоғамдардың дамуының зандылығы
және қозғаушы күші деп есептеді. Осы ғасырдың
50 жылдарында американдық Льюис Козер
әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар,
мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті
жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында
кең тараған. 60 жылдары немістің әлеуметтанушысы
Ральф Дарендорф "қоғамның дау-дамайлық
үлгісін" алға тартты. Ол "Индустриалдық
қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер"
деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты
адамдар арасында теңсіздік пайда болады,
олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде
қоғамда құры- лымдық өзгерістер жасалады.
Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге
ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады,
сондықтан К. Маркс айтқан революциялық
төңкеріске жол берілмейді делінген. Американың
әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг "шиеленістің
жалпы теориясын" жасады. Оның ойынша,
әлеуметтік шиеленістің мәні адамның
қалыптық реакциясына байланысты. Қандай
кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер,
қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды,
құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын
өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық
құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды.
Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер
көптеген ғалымдардың назарын аударуда.
Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын
конфликтология деген ғылым пайда болды.
Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа
әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырық
қатірейтін саяси шиеленістердің шығу
зандылықтарын біліп, реттеу жолдарын
іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады.
Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды
жетілдіруді де қарастырады. Әлеуметтік
шиеленістердің бірнеше себептері бар.
Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың
теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы
мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы
әр-түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері
оларға бағынады, дегендерін істейді.
Дарендорф: "Бұл қайшылық әрқашан болған
және бола бермек, сондықтан Маркстің
коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар
болмайды деуі бекер сөз" дейді. Шиеленістің
екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың,
талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз
өтелуі жатады. Үшіншіден, адамдар өздерін
белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни,
т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды.
Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды
және өздерінің жағдайын басқалардан
төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды
деп ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір халықтары,
Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канададағы
Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер
және т. с. с. Батыстың көптеген саясатшылары
шиеленістер (төртінші) себебін адамның
санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен
қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері
сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені
күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың
өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі
сезімдерінің жетілмегендігі, т. т. с Шиеленістер
қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады.
Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс
адамдар, топтар арасында пайда болған
дау-дамайлардьі уақытында ушықтырмай,
асқындырмай шешуге септігін тигізеді.
Әлеуметтік шиеленістер сан алуан келеді.
Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар
мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі
және т. с. с. арасында кездеседі. Олар әр
түрлі топтастырылады, жіктеледі. Мысалы,
оларға қатынасатын субъектілерге байланысты
мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер
арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты
саяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық,
сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған
шеңберіне қарай халықаралық, аумақтық,
жергілікті болып бөлінеді. Оларды антагонистік
және антагонистік емес, негізгі және
негізгі емес, шындыққа жататын және жатпайтын,
ұзақ уақыттық және қыска мерзімді, т.
т. етіп те бөліп жүр. Саяси шиеленістер
өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден
өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге
негіз туадьі. Қоғамның кейбір салаларында
қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай
мән берілмесе, ерби түседі. Мысалы, адамдардың
өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау,
адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті
бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы
қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін
білдіре бастайды. Келесі кезенде келіспеушілік,
наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар
болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда,
оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен
орындағанда билік. Сонда оның беделі
де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры
да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы
төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып,
беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады.
Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық,
қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да
көптеген адам- дар қолдап, дау-дамайдың
шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол
табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетгі
түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады.
Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы,
грузин-абхаз шиеленістері сияқты. Біраз
жағдайда билік басындағылар қайшылықты
байқаса да байқамаған сыңай білдіреді.
Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі,
тіпті өртке айналуы мүмкін. Соңдықтан
шиеленісті шешу керек. Бұрын одан екі
жолмен құтылғысы келетін. Біріншісі,
қоғамның "таза" даму қисынына сәйкес
келмегенді өз арасынан аластап, сыртқа
ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді.
Екіншісінде, керексіз жағдайды, құрылымды
тура басып-жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы
келді. Екеуінде де қайшылық шешілген
сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын
мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей.
Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді
дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі
жолы бар. 1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы
бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға
қатысушы жақтардың өзара кешірімділік
білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда
екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік
жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.
2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру.
Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай
басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде
немесе оны толық жойып жібергенде туады.
Екі жақты татуластырудың кең тараған
түрі — келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың
пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің
арақатынасы айқындалады, келісімнің
шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан
шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін,
әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген
жөн. Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне
занды оппозицияның бар жоғына да байланысты.
Бұрынғы Кеңес заманында көппартиялық
пен оппозицияға қалыпты жағдайдан тыс,
ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық
елдерге олар қажетті шарт. Олар болмаса,
билік органдарына сенімсіздік туады,
олар бюрократияланады. Оппозицияда әр
топтың талап-тілектері, көзқарастары
ескеріледі. Соңдықтан ағылшын фәлсафашысы
Джон Милль демократиядан оппозицияны
алып тастаса, диктатура калады деп тегін
айтпаған. Дегенмен, шиеленіс болған соң
одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық
келісім негізінде шешілуге тиіс. Оның
екі жолы бар. Біріншісі — араздық, жаулық,
күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын
туғызу. Екіншісі — барлық деңгейде адамдардың
қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру.
Зорлық зорлықты тудырады. Сондықтан одан
аулақ болып, өркениетті жол іздеген абзал.
Америкалық саясатшы Г. Райфф әрбір есі
дұрыс адам ортақ мүдделер тауып, шиеленістерді
реттей, жөнге келтіре білуі керек деген.
Батыстың тәжірибесі жеке адамның еркіндігіне,
коғамның ашықтығына, заңның билігіне
негізделеді. Біз үшін олардың бәрін толық
орындай қою әлі қиын. Бірақ соған тырысқан
жөн. Себебі, олар ел тағдыры үшін маңызды
шарттар. Сонымен саяси шиеленістер қоғамның
дамуына тән қасиет. Олардың жекелеген
түрі ғана қиратып, бүлдіруге әкеледі.
Олай болмау үшін өсіп келе жатқан дау-дамай,
кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген,
одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім.
Оған саяси және қоғамдық өмірдің демократиялық
жағдайында ғана қол жеткізуге болады.
Сондықган америкалык саясатшы Сеймур
Липсет (1922 жылы туған) тұрақтылық пен
демократияны медальдің екі жағы деп өте
дұрыс санайды.
Қорытынды
Бүгінгі күнде саяси қақтығыстарды реттеудің келіссөздер технологиясы жоғары дәрежеде дамыған және өзінің тәжірибелік маңыздылығына сәйкес қазіргі конфликтологияның маңызды нысандарының бірі болып табылады.Келіссөздердің қақтығыстарды алдын алу мен реттеудің басқа технологияларынан ең басты ерекшелігі: дауласушы тараптар әрбірін қанағаттандыратын өзара тиімді келісімге келе алады. Сонымен қатар, келіссөздер ұзаққа созылатын, материалдық шығыны көп және бір тараптың жеңілісіне әкелетін сот процесінен босатады.Сөзбен келісімге келудің өзге технологияларға қарағанда артықшылығы — қақтығысушы жақтар мұндай келісімді өздері жасап, әрбір жақтың қанағаттандыратын талаптарын өздері қоя алуында. Мұнан басқа, келісімге келу айтарлықтай ұзақ уақытты алатын, кәдімгі материалдық шығындар жұмсауды қажет ететін және бір жақтың жеңілуін тудыратын сот талқылауларынан аман алып қалады. Сөзбе-сөз келісулер “екі жақты да қанағаттандыратын және келісімге келу мақсатындағы өзара тікелей әрекеттесу, пікір алмасулар, бірлесе келісім ізденісі, сондай-ақ келісуші жақтардың ерікті түрде шешім қабылдаулары”. Басқаша айтсақ, сөзбе-сөз келісулер екі жақтың қақтығыс тудырған мәселе төңірегінде құрылымдалған диалог үрдісі.Келіссөздер келесі жағдайларда пайдасын береді: қақтығысушы жақтар нәтижеге жетуге тең құлшыныс білдірулері тиіс; қақтығыстың барлық субъектілері тиімді нәтижеге жетуге мүдделі болулары тиіс. Тек осы жағдайларда ғана өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізуге болады.Саяси теория мен тәжірибелерден көретініміздей, шет елдердегі қақтығыстарды шешу бойынша жинақталған тәжірибелер келісім-шарттар барысында негізгі екі тәсілі ерекшеленеді: «бағыттық саудаласу» және «жақтардың мүдделері негізіндегі келіссөздер».Бірінші жағдайда қатысушылар келіссөздерден өздерінің мақсат-мүдделеріне қолайлы әдістерді көре біледі. Келіссөздер саясаты негізінен қақтығыстық мәселені шешудегі нақты бағыттар туралы таласқа бағытталады. Демек, жақтар бағыттарды біртіндеп ұстанып, артынша белгілі бір бағыттан бас тартады. “Бағыттық саудаласу” барысында қатысушылардың әрқайсысы өзіне пайдалы қорытындылық келісімге келуге тырысып, қарама-қайшы жақтың мүдделері туралы бас қатырмайды. “Бағыттық саудаласудың” кемшіліктерін Р. Фишер мен У. Юри келесідей бөледі:
- бағыттық саудаласу санасыз келісімдерге әкеліп соқтырады;
- тараптардың мүдделеріне
- бағыттық саудаласудың пайдасы
жоқ, себебі ол көп уақытты
алғанымен, берер нәтижесі (келісімге
жету) шамалы. Бағыттық саудаласу
барысында келісім бағалары
- егер келіссөздерге екі жақтан
көп қатысушылар араласып
Келіссөздерді мүдделер негізінде жүргізу әдісі бағыттық саудаласуға балама болып табылады. Мұндай әдіс мүдделерді талқылау негізінде және оппонентпен қызмет атқару негізінде мәселелерді шешуде өзара қолайлы нұсқаларын іздестіруге бағытталады. Өз мүдделерін анықтай келе, тараптар, мәселені бірлесе шешуге ұмтылады. Келіссөздерді мұндай әдіспен жүргізу күш қолдануға жол бермейді; екі қатысушының да ашықтығы мен әңгімелесу қатынасын қалыптастырады. Осы әңгімелесу барысында болашақта жұмыс жасау мен өзара түсіністікке мүмкіндік туғызады.Мүдделердің келіссөз жүргізу тактикалық тәсілдеріне келетін болсақ, олар серіктестік әдіске бағытталады. Талқылау мәселелері біртіндеп күрделенеді. Бұл тәсіл мәселені талқылауды анағұрлым аз келіспеушіліктерді тудыратын мәселелерді талқылаудан бастауды талап етеді. Кейін қатысушылар күрделірек мәселелерді талқылауға кіріседі. Осы әдісті пайдалану тараптардың келіссөз басталмас бұрын белсенді қарсыласудан аман алып, тиімді қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік береді.Әрине, бүгінгі күні қақтығыстан мүлдем аман болу оңай емес, алайда, тек конструктивті технологиялардың арқасында ғана қақтығыстың деструктивті түрін бейбіт жолға түсіруге болатынын ұмытпаған абзал.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- Афанасьев Н.Н. Идеология
терроризма//Социально-гуманита
рные знания 2002, №1 - Дементьев И.В. Феномен политического терроризма: концептуальный аспект.//Социс. 1991, №11
- Морозов И.А. Левый экстремизм в современном обществе: особенности стратегии и тактики.//Полис. 98, №3.
- Новикова Г.В. Сильная стратегия слабых. Террор в конце ХХ века.//Полис. 2001, №1.
- Косиченко А.Г. и др. Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии. Алматы, 2002.
- Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.
- Илеуова Г.Г. «Исламский ответ» в Центральной Азии? (что думают об этом эксперты)//Казахстан-Спектр. Научный журнал. 2005, №4(22)
- Косиченко А.Г. Религиозный фактор в современном терроризме.//Казахстан-Спектр. Научный журнал. 2002, №4(22)
9. http://bilimkozy.idhost.kz/w/
10.http://alashainasy.kz/
- http://www.azattyq.org/
- http://www.topreferat.com
- http://stud24.ru/philosophy/
atyystar-zhne-olardy-sheshu- tslder/325379-978295-page1. html

- Еуропа елдері
- Еуропалық ағартушылық дәуіріндегі саяси идеялар (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан – Жак Руссо)
- Еуропалық ағартушылық дәуіріндегі саяси идеялар (Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан – Жак Руссо)
- Еуропалық қайта құру даму банкі
- Еуропалық Одақ
- Еуропалық одақ және Қазақстан
- Еуропалық Одақтың қазіргі дүниежүзі географиясындағы өндіргіш күштерді аймақтық ұйымдастырудың жаңа формасы
- Еуразияның климаты.Қазақстаның климаты
- Еуразия туралы ашулары
- Еуро Одақ
- Еуро Одақ
- Еуроодақ - қазіргі замандағы маңызды интеграциялық үдеріс
- Еуро Одақ - халықаралық саяси және экономикалық бірлестік
- Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес