Ежелгі дүние тарихының терминдері
Екібастұз қаласы
№25 қазақ қыздар гимназиясы
Аманжолова Анаргуль
Дүниежүзі тарихы
2012 жыл
Ежелгі дүние тарихының терминдері
Авеста – ежелгі парсылардың діни кітабы.
Агора – (грек сөзі, базар, алаң) қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Ол трапеция етіліп қоршалған. Оның айналасына қоғамдық үйлер мен ғибадатханалар салынған.
Александр маягі - әлемнің жеті кереметінің бірі. Ніл өзенінің сағасында орналасқан. Ол кемелерге жол көрсетіп тұруға арналған. Маяк биіктігі 111 мр жуық мұнарадан тұрған. Маяктың құрылысы түгелімен мәрмәр мен қоладан жасалған.
Амфитеатр – (грек сөзі, көрушілер залындағы орындар) көне Рим жұрты түрлі ойындар мен сайыстарды тамашалауға арнап салған алып құрылыс. Мұнда жабайы аңдарды қуу, талату, гладиаторлар сайыстары өткізіліп тұрған. Оның ортасында дөңгелек майдан алаңы орналасқан. Көрермеңдердің орындары тұйық шеңберленіп келген.
Амфора – қыш ыдыстан жасалған шар тәрізді, екі тұткасы бар ыдыс, құмыра. Оны бидай, май және шарап сақтауға арнап жасаған. Мұндай ыдыстарды ежелгі гректер өте көп пайдаланған.
Аргонавтар – Грек мифтеріндегі 50 саяхатшы. Олар Колхида жеріне Қара теңіз арқылы «Арго» кемесімен саяхат жасаған.
Аристократия – (грек сөзі, жоғары лауазымды) 1. Ежелгі Грекиядағы мемлкеттік өкіметті басқарудың бір түрі. 2. Құлдық, феодалдық қоғамдардағы рубасылардың, қанаушы топтың жоғары өкілдері.
Арка – (латынша доға, иін) қабырға немесе тірек аралықтарын ұштастыратын иін. Арка алғаш рет ежелгі Шығыс архитектурасында пайда болған.
«Арыстандар қақпасы» - Микены қаласында «П» әрпі тәрізді етіп салынған. Тікесінен қатар қойлған екі тас үстіне екі арыстанның бейнесі қондырылған. Арыстандар алдыңғы яқтарымен бағандарға сүйеніп, артқы аяқтарымен тікесінен тұр. Қаланың ішіне тек «Арыстандар қақпасы» арқылы кіруге болады.
«Аспалы бақ» - Вавилондағы алыстан жер мен көктің арасында тұрғандай болып, ерекше көз тартатын әсем бақ. Әлемнің жеті кереметінің бірі.
Будда діні – «жарық сәулесі» деген мағынаны білдіреді. Будда діні ежелгі үнділерде кең тараған. Оны негізін салған Сиддхардһа Гаутама атты патшаның баласы болды. Будда дінінің мақсаты – адамдарға жақсылық пен еркін өмірге қалай қол жеткізуге болатынын уағыздау. Бұл дін әлемдік дінге айналып, буддизм деп аталып кетті. Ол кең таралған алғашқы дүниежүзілік діннің бірі еді. Қазір буддизмге Қытай, Жапония, Монғол, Вьетнам халықтары сиынады. Бұл діни ілім б.з.б V ғасырда пайда болған.
Вавилон – (аккад тіліндегі «бабилу» - құдайға барар қақпа деген сөз) көне Месопотамиядағы ең үлкен қала. Ол б.з.б ХІХ ғасырға дейін Вавилон мемлекетінің астанасы болған. Навуходоносор патшаның кезінде ең әсем , әйгілі қалаға айналды. Вавилон қаласы қалыңдығы 7 м және 3,3 м болып келген үш қабырғамен қоршалған. Сол қабырғаның бір бұрышында әлемнің жеті кереметінің бірі «Семирамида аспалы бағы» егілген.
Вавилон мұнарасы – ежелгі тамаша сәулет ескерткіші. Биік мұнара құдіретті Мардук құдайдың ғибадатханасы. Оның биіктігі 90 м-ге жеткен. Шатырын алтынмен жалатқан. Мұнараны түрлі түсті күйдірілген кірпіштен тұрғызған. Мардук – Вавилон қаласының қамқоршы құдайы саналған.
Гладиатор – (Латын сөзі, семсер) ежелгі Римдегі өзара сайысу үшін арнайы үйретілген құлдар. Гладиаторлар сайысы алғашқыда құлдарды діни дәстүр бойынша өтірудің түрі болды. Ал б.з.б ІІІ ғасыдан бастап өлген атақты адамдардың құрметіне ұйымдастырылды. Б.з.б І ғ қарсаңында ойын – сауық түріне айналды.
Демократия – (грек сөзі «халықтық өкімет билігі»). Афиныдағы жоғары өкімет билігі – халық жиналысы болды. Бүкіл Афины азаматтары халық жиналысына қатысуға құқылы еді. Халық жиналысында қызу талас – тартыстар жиі болып тұрды. Барлық шешімдер көпшілік дауысқа салынып қабылданатын. Афиныдағы мемлекеттік басқару ісін гректер демократия деп атады.
Демос – (грек сөзі, халық) ертедегі құлиленушілік Грекиядағы төменгі еркін халық, яғни халықтың ақсүйектерге қарсы қойылатын бөлігі. Таптық қоғамдағы қарапайым адамдар.
Дорий – б.з.б ХІІ ғасырда Балқан түбегіне солтүстіктен басып кірген грек тайпасы. Олардың темір құралдарды пайдалануы Грекияның дамуын тездетті.
Заратуштра – дүниетанымдық діни ілім. Ол бойынша жақсылық пен жамандықтың күресі әлемдік дамудың негізі.
Иероглиф – (латын сөзі, таңба суреттері) ежелгі адамдардың үңгірлері мен тастарға жазған суреттері мен таңбалары негізінде пайда болған жазу жүйесі.
Капитолий жотасы – Рим қаласы б.з.б. 753 жылы жті жотаның үстінде орналасқан. Капитолий жотасы қаланың орталық бөлігі. Осы жерде Капитолий қасқырының мүсіні бар. Капитолий жотасы Римнің саяси және мәдени орталығы болған.
Каста – (португал сөзі, ру, ұрпақ). Ежелгі Үндістанда адамдардың шығу тегі мен құқықтары бойынша белгіленіп ерекшеленген және таптық артықшылығын қорғайтын қоғамдық топ. Адамның кастаға жатуы мұраға қалып отырған. Үндістан Конституциясы 1950 жылы касталардың тең құқылығын жариялады.
Колизей – ежелгі Римдегі ең үлкен амфитеатр. Колизей ежелгі Римде І ғасырда салынған. Оның ортасында дөңгелек шайқас алаңы – арена орналасты. Театрда көрермендердің орындары тұйық шеңберленіп, оған сатыла көтерілетін. Амфитеатрда жыртқыш аңдар және гладиаторлар шайқастары өткізіліп отырған. Колизей 50 мың адамға арналған.
Колондар – ежелгі Римде жерсіз, күйсіз, тақыр кедей, жерді ұсақ жалға алушылар осылай аталған. Колон жер иесіне арендаақысын төлеген. Ол өз еңбегінің өнімдірек болуына мүдделі еді. Себебі өндірген өнімнің бір бөлігін иемдене алаын. Сондықтан ол құлға қарағанда жақсы еңбек етіп, көлік пен құрал – сайманды күтіп ұстады.
Колонналар – сәнді бағаналар. Колонналарды ежелгі гректер сәулет өнерінде, қоғамдық ғимараттар, храмдар және театрлар салғанда пайдаланған. Гректер сәулет өнерінде колонналардың үш түрін қолданған. Олар коринфтік, дориилік және иониялық. Дориилік стиль қарапайым плиталармен көмкерілген сәнді бағаналар. Ал иониялық және коринфтік стиль сымбатты, әдемі өрнекпен әшекейленген.
Комедия – (грек сөзі, көңілің шаруалар әні) қызықты, күлкілі пьесалардан комедиялар туған. Комедиялар көрерменді көңілдендіріп отырған. Ежелг Грекияда Аристофанның комедиялары ерекшелігімен көзге түскен.
Консулдар – (грек сөзі, кеңесші) Ежелгі Римдегі жоғары лауазымды адамдар. Олардың билігі патшаның билігімен тң болды. Бірақ олар бір жыл бойы қызмет іседі. Консулдар заң шығаратын сенатты, халық жиналысын шақыруға, әскерге қолбасшылық етуге құзырлы болды. Соғыс кезінде консулдардың әскерге жүргізетін билігі шексіз еді.
Корифей – (грек сөзі, көсем) 1. Ежелгі Грек трагедиясындағы хор жетекшісі. 2. Кемеңгер, қайраткер, көсем, ғылым мен өнердің белгілі бір жетекші саласының аса көрнекті кемеңгері.
Мифтер – (грек сөзі, аңыздар мен әңгімелер). Табиғаттан тыс тіршілік иелері мен таңғажайып құбылыстар, оқиғалар туралы аңыз - әңгімелерді мифтер деп атайды. Грек мифтері түрлі ғажайып құбылыстарды, батырлардың қаһармандық ерліктері мен бастан кешкен оқиғаларын баяндайды. Ежелгі мифтерді жыршы ақындар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.
Олимпия – Гректер үшін Олимпия қасиетті қала. Қала храмының ортасында Зевстің зәулім статуясы орнатылған. Храм айналасында құдайлардың, батырлардың және ойын жеңімаздарының статуялары орналасқан. Б.з.б. 776 жылы Олимпия жерінде тұңғыш Олимпиядалық ойындар өткізілген. Олимпиядалық ойындарға гректердің ең мықты деген атлеттері жүгіруден, секіруден, күресуден, диск пен найза лақтырудан жарыстар өткізген.
Палатин жотасы – ежелгі Римдегі 7 жотаның бірі. Қаланың орталық бөлігі. Палатин жотасы форумның жанында орналасқан. Осы жерде императордың алтын жалатқан мәрмәр сарайлары тұрғызылған. Сонымен қатар ондаған мың көрермен сыятын үлкен цирк-ипподром салынған. Ипподромда төрт ат жегілген жеңіл арбалар жарысы өткізілген.
Пантеон – (латын сөзі, бүкіл құдайларға арналған ғибадатхана немесе қасиетті орын). 1. Ежелгі Римдегі «Бүкіл құдайлар ғибадатханасы». 2. Ұлы адамдарға арналған сахна. Пантеон ғимарат ішіне жарық түсіріп тұратын алып күмбезбен жамылған.
Папирус – қияқ тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Үшкір, жуан, түп жағы қабыршық жапырақты келеді. Египеттіктер олардың сабақтарын жұқа, жалпақ етіп тіліп, бір-біріне жемілдеп, парақтар әзірлеген. Осындай әдіспен дайынндалған папирусқа бір жағы ұшталған қамыспен жазған.
Парфеон храмы – Грекиядағы ең үлкен храм. Храмдарды басқа ғимараттардан ерекше көрсету үшін оны биік жерлерге салған. Парфеон храмы әйел құдай Афинаның құрметіне тұрғызылған. Храм Афиныдағы акропольде орналасқан. Ол 46 дориилік сәнді бағаналармен көмкерілген.
Патрицейлер – Римнің ежелгі тұрғындарының ұрпақтары. Олар алғашқы кезде РИм халқын құраған. Патрицейлер артықша сословие болды. Олар сенатқа сайланған, кейін барлық билікті қолына алған.
Пергамент – жарғақ, ертеде қағаз орнына жақсы өңделіп, пайдаланылған бұзау терісі.
Перғауын - өте ертедегі Мысыр патшаларының лауазымы, жоғары атақ. Египеттіктерге «перо» (үлкен үй) патша сарайы деген мағына береді. Перғауындардың билігі шексіз болды.
Прамидалар – Египет патшаларының жерленге жерлеріне салынған ескерткіштер. Пирамидалар өңделген тастардан салынған. Олар Египет елінің елтаңбасы сияқты. Ең үлкен Пирамида б.з.б. 2600 жылдардың шамасында хеопс перғауынға арна салынған. Оның биіктігі 146,6 м. Праидалар негізінен Каир қаласының Ғизада орналасқан.
Плебейлер – (латын сөзі, қарапайым халық). Римге басқа жақтан келіп қоныстанған адамдар мен олардың ұрпақтары. Плебейлер әскерде қызмет атқаруға тиіс болған. Бірақ қауым егістігінен жер ала алмаған.
Полис – (грек сөзі). Ежелгі Грекиядағы қала – мемлекеттерді осылай атаған. Полис – қала-мемлекеттер Грекияда б.з.б. VIII-VII ғасырларда пайда болған. Әр полистің құрамына қала мен оның айналасындағы елді мекендер енген.
Провинциялар – (грек сөзі) шет аймақтар. Жаулаушылық соғыс нәтижесінде РИм бүкіл жерорта теңізіне үстемдік етті. Жаулап алынған жерлер провинциялар деп аталынды.
Республика – (латын сөзі, «халық басқару ісі»). Рим республикасы б.з.б. 509 жылы орнады. Ежелгі римдіктер Тарквиний атты патшаны қаталдығы мен адамгершілігі төмен болғандықтан, оны отбасымен елден қуып жіберді. Римде республика орнағаннан кейін мемлекеттік құрылыс қалыптасып, оның билік орныдарына халық жиналыстары, сенат басшылық етті.
Риторика – (латын сөзі, шешендік өнер) өнерінің дамуы б.з.б. ІІ-І ғаырлардағы Римнің қоғамдық – саяси өмірімен тығыз баланысты болған. Халық жиналытарында, сенат мәжілістерінде және сот комиссияларының жұмыстарында табысқа жетудің негізі шешендік сөз болды. Шешендік өнер сол заманда халықтық сипат алған. Римнің ең атақты шешендері болып Цицерон Марк Тулий және Гай Юлий Цезарь саналды.
Сенат – (латын сөзі, қария). 1. Ежелгі Римде құлиленушілер республикасынағы ақсүйектер кеңесі.
Сфинкс –(Ежелгі Египеттегі басы адам, денесі арыстан бейнесіндегі мүсін) жұмбақ адам. Мүсіннің биіктігі 20 и-ден астам, ені 52 метр. Оны ухты сақтаушы, патша билігінің рухы деп есептеген.
Сына жазу – шумерліктер ойлап тапқан, саз балшыққа жазу жүйесі.
Театр – (грек сөзі, ойын көрсететін орын). Грекияда театр б.з.б. V-VI ғасырларда салына бастаған. Грек театрлары таудың етегінде, ашық далада орналасқан, төбесі жабылмаған, пердесіз болған. Театр жарты дөңгелек (амфитеатр) етіп салынған. Көрермендер отыратын орындықтар алғаш ағаштан, кейін тастан орнатылған. Театр ойындарында трагедиялар мен комедиялар өрселген.
Термдер – (латын сөзі,монша). Императорлардың бұйрығы бойынша барлық ерікті адамдар үшін термдер – монша салыны. Оның саны Римде мыңға жеткен. Римдегі аса ірі сәулетті термдердің бірі – Каракаллы моншасы. Термдердің жанында демалыс залдары, әр түрлі шайханалар және шаштараз бөлмелері болған.
Триба – тайпа одақтары. Трибалар жиналысына адамдардың мүліктік орнына шек қойылмай, Римнің бүкіл азаматтары қатысты, сондықтан да оның демократиялық жағы басым болды. Азаматтардың дауыс беруі арқылы трибалар жиналысында заң-жоба талқылау т.б. мәселелері шшілді.
Триумвират – (латын сөзі, үштік одақ). Ежелгі РИмде сайланған немесе тағайындалған үш саяси қайраткердің бірлесіп жоғары өкіметті басқаруы.
Триумф- жеңімпаз қолбасының Римге әскерін бастап, салтанатпен кіруі. Ежелгі Римде белгілі тарихи оқиға құрметіне арнап салтанат қақпасы тұрғызылған. Қақпа есік пен еңселі маңдайшадан орнатылып, мүсіндік ескерткіштер, рельефтер және императордың жеңісін баяндайтын жазулармен нашықталған.
Триумфалдық арка – Триумф қолбасшысының жеңісті шерумен келуіне арналған салтанатты қақпалар. Ежелгі Римдегі өте кең тараған ескерткіштердің бірі – салтанатты қақпалар пен аркалар. Бұл сәулетті құрылыс доға тәріздес (арка) 1-3 арнайы есіктерден тұрады. Римдегі ең сәулетті қақпалар қатарына Тит және Константин атындағы салтанатты қақпалар жатады. Бұл жерде жорықтан жеңіспен оралған қаһарман батырларды зор қошеметпен қарсы алып отырған.
Троян аты – ағаштан жасалған ат бейнесі. Троя қаласын басып алу үшін әдейі қулықпен жасалған. Бұл туралы Гомердің «Илиада» және «Одиссея» поэмасына жазылған.
Ұлы Жібек жолы – Қытайдан Римге дейін, қазақстан мен Орта Азия арқылы өтіп баратын жол. Бұл жолмен жібек тасылды, елшіліктер жүрді, мәдени байланыстар жасалды.
Форум – (латын сөзі, алаң). 1.Ежелгі Римдегі алаң, базар. Форум экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси өмір орталығы да болды. Оның іргесі б.з.б. VI ғасырда қаланған. Қала көшелері Римнің ежелгі орталығына – форумға келіп түйісті. Форумда ежелгі Римдегі салтанат қақпасы да орналасқан. 2. Мемлекеттік және халықаралық мәселелер талқыланатын жиналыс өткізілетін алаң.
Фреска – сылақ кеппей тұрып, қабырғаға салынған әшекейленген сурет. Фрескалы суреттер ежелгі Грекия жеріндегі Криттен табылған. Криттегі Кносс сарайындағы сән-салтанат өткізілетін залдардың қабырғалары фрескамен өрнктелген. Сондай фрескалы суреттің бірі: «Бұқамен шайқас ойыны». Фреска өнері антикалық заманда кеінен қолданған.
Христиан діні – (грек сөзі, Иисус Христостың есімімен аталған) әлемге кең тараған діндердің бірі.
Центруиарт – патрицейлер мен плебейлердің жиналсы. Онда жоғары лауазымды қызмет адамдарын сайлады, соғыс пен бітім жасау мәселелерін шешті.
Юпитер – ежелгі Римнің бас құдайы, аспан құдайы.
Орта ғасырлар дүние тарихының терминдері
Аббат – 1.Католик шіркеуіндегі барлық дін қызметкерлерінің құрметті аты. 2.Еркектер монастырының басшысы.
Абсолютизм – бір адамның (император, король, патша) шексіз билігі. Жоғары өкімет билігі толық бір адамның ғана қолында болған басқару түрі.
Альморавид – Солтүстік Африкадағы берберлік тайпалар қозғалысы кезіндегі (ХІ – ХІІғ) әулет пен мемлекеттің аты.
Анабаптистер – басқаша шоқынушылар.
Аңқау Жак – ортағасырлық Францияда дворяндардың шаруаларға қойған келемеж аты.
Аутодафе – 1.Күпірлерді жазалау үкімін жиналған көпшілік алдында салтанатты түрдежариялау. 2. Испанияда күпірлерді көпшілік алдында өртеу.
Барон – Батыс Еуропадағы феодалдың атағы. VI – VII ғасырларда ауқатты адамдардың бәрі осылай аталды, ал ХІ-ХІІ ғасырларда корольдің тікелей – ірі феодалдар гана осылай аталды.
Барщина – орыстың «еңбекпен өтеу салығы» деген сөзі, шаруаның феодал иелігінде тегін істелетін еңбегі.
Басқақ – монғол хандарының жаулап алынған жерлердегі салық жинау және халық санын есепке алумен шұғылданатын өкілі.
Бас шатттар – феодалдық Франция мен Нидерландыдағы сословиелік өкілдіктің жоғарғы органы. Қалалардың өсуіне, әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуіне және таптық күрестің күшеюіне байланысты пайда болды. Францияда 1302 жылы Жүз жылдық соғыс қарсаңында шақырылды.
Бей – Таяу және Орта Шығыс әлдерінде ру-тайпалық, кейінірек ақсүйектерге ғана берілетін феодалдық атақ.
Бенефеция – уақытша сыйлыққа берілетін жер үлесі.
Билль – конституциялық актілердің аты (мысалы, құқ туралы билль).
Бург – жау шапқыншылығынан қорғану үшін салынған Батыс Еуропадағы бекініс орны. Кейінірек бург әскери және әкімшілік орталықтарға, сондай-ақ епископтар резиденцияларына айналды. XIV – XV ғасырларда орталық өкіметтің күшеюіне байланысты және артиллерияның шығуы нәтижесінде бург өз мәнін жойды.
Буржуазия – табыс көзі жалдамалы жұмысшылардың еңбегін қанау болып табылатын өндіріс құрал – жабдықтарының иесі, капиталистік қоғамның үстем тобы.
Буси – Жапониядағы әскери – поместьелік дворяндар.
Вакуф, Вакф – Дели сұлтандығындағы мешіттер мен медреселердің жер иеліктері. Ол мекемелер жабылып қалған жағдайда жер қайтадан мемлекет қарамағына көшіп отырған.
Вандализм – мәдениетті, рухани байлықты хайуандық жолмен құру.
Вандалдар – римде талан – таражға салған герман тайпасы. Олар 455жылы Римді басып алып, ондағы көптеген теңдесі жоқ өнер туындыларын құртып жіберді. «Вандал» деген сөз топас, дөрекі, шапқыншы, мәдениетті құртушы деген мағынада қолданылады.
Варарлар (гректің «жат жерлік адам» деген сөзінен шыққан) – надан, қатыгез адамдар. Гректер мен римдіктер осылай атаған германдықтар шапқыншылығы құл иеленушілік құрылысты жойды.
Ватикан (латынның сөзі «төбе», «қырқа» деген сөзінен шыққан) – Рим қаласының ішіндегі діни мемлекет – қала, Рим папасының мекені.
Вербендік жексенбі – Иса Мәсіхтың (Иисус Христос) айқыш ағашқа шегеленіп өлтірілуінен бес күн бұрын оның Ирусалимге бейбіт патша ретінде кірген күні.
Византий – Босфор бұғазының Еуропа жағалауына орналасқан ежелгң грек елді мекені. 324 жылы император Константин астанасы Римнен осында көшірді. 330 жылдан бастап жаңа астана Константинополь деп аталды. 1453 жылы түріктер жаулап алған соң, қала Стамбұл деп атала бастады.
Византия – 395-1453 жылдар аралығында өмір сүрген құл иеленуші, кейінірек – феодалдық мемлекет. Орта ғасырларда ресми түрде «Ромейлер империясы» деп аталған.
Викария – епископтың епархияны басқарудың көмекшісі.
Вилландар – феодалдық тәуелсіздіктегі шаруалар. Англияда олар басыбайлы болды, ал Францияда, Германияда, Италияда вилландар жер иелену кезінде тәуелді болғанымен, жеке бас бостандықтары болды.
Вира – ерте ортағасырлық Русьтегі ауыр қылмыс өтемі.
Габсбургтер – 1516-1700 жылдары Австрияда, Чехия мен Венгрияда, Испания мен оның иеліктерінде билік құрған мемлекет. 1438- 1806 жылдардағы «қасиетті Рим империясының» императорлары.
Гайдуктер – түріктер үстемдігіне (XV-XIX ғ.) қарсы қарулы күреске қатысушы оңтүстік славян халықтары.
Герцог – Батыс Еуропада корольден кейінгі баспалдақта тұрған ірі аймақ иесі.
Гильдиялар (немістің «бірлестік» деген сөзінен шыққан) – көпестер бірлестігі. Англияда қолнершілер бірлестігі – цехтар да солай аталды.
Готика («гот» деген герман тайпасының атынан шыққан) – XII ғасырда Францияда қылыптасып, кейінгі ортағасырларда бүкіл Батыс Еуропаға тараған көркемдік, негіщінен сәулет өнері стилі.
Ғибадатхана – құдайға табынатын орын.
Дарғы, Даруға – Алтын Ордаға бағынышты қалалардың билеушілері.
Дворяндар – мұрагерлік артықшылықтарды пайдаланған жер иеленуші ақсүйектер сословиесі. Дінбасылармен бірге феодалдық қоғамның үстем табы болды. Капиталистік қатынастардың даму барысында дворяндардың басым көпшілігі жаңа жағдайға бейімделіп, буржуазия табының негізін қалады.
Держава – ірі мемлекет.
Домен (француздың «иелену» деген сөзінен шыққан) – Батыс Еуропадағы феодалдық поместьенің тікелей феодалға тиісті бөлігі. Онда феодал тәуелді шаруалар мен жері, мал – мүлкі жоқ адамдардың еңбегін пайдаланған.
Епископ – христиан дініндегі шіркеу округінің басшысына берілетін жоғары атақ.
Жакерия – Франциядағы феодализмге қарсы бағытталған 1358 жылғы шаруалар көтерілісі.
Иезуиттер – католик сопылардың ордені. Оны 1534 жылы Парижде ықпалды католик сопылар құрған. Орденнің мүшелері қоғамдық өмірге белсенді араласып отырды. Тыңшылық жасау, пара беру, сатып алу, өсек тарату, жала жабу әректтері арқылы беделді адамдарды католик дінінің мүддесіне пайдаланып отырды.
Индуизм – Үндістанда кең тараған дін, шамамен біздің заманымыздың V ғасырында қалыптасқан.
Индульгенция (латынның «кешірімділік», «мейірімділік» деген сөзінен шыққан)- папаға немесе шіркеуге сіңірген еңбегі үшін католик шіркеуінің Рим папасының атынан беріп отыратын күнәні кешіретін куәлік.
Инквизиция (латынның «тергеу» деген сөзінен шыққан) – Рим папасының ХІІ ғасырда күпірлермен күрес үшін құрған арнаулы соты. Ол католик шіркеуінің өзіне қарсы пікір білдіруші адамдарды, әсіресе озық ойлы оқымыстыларды жазалау мекемесі болды.
Испанже – Осман түріктері империясындағы барлық еңбек етіп жүрген адамдарға салынған ақшалай салық.
Каролингтер – Франк мемлекетіндегі корольдіктердің, кейінірек – императорлардың әулеті. Ұлы Карлдың (768-814) атынан шыққан. Әулет 751 жылы Меровингтердің орнына келді, Х ғасырда биліктен айырылды.
Католик шіркеуі (гректің «әлемдік», «бүкіл жүниежүзілік» деген сөзінен шыққан) – 1054 жылы христиан халықтар екіге бөлінгеннен кейінгі Батыс Еуропа халықтары ұстанған дінінің бір түрі.
Клир – христиан шіркеуіндегі дінтану саласының, шіркеу қызметкерлерінің жиынтығы.
Коммуна - өзін-өзі басқаратын қалалық қауым.
Кортес – Испаниядағы сословиелік өкілдердің органы.
Күпірлер (ректің «ерекше діни ілім» деген сөзінен шыққан) – үстем дінінің басты қағидалары мен ұйымдық құрылымын млйындамайтын ерекше діни нанымды ұстанушылар.
Қалан – монғолдар билігі орнаған жерлердегі егіншілерге салынған салық.
Қапшуыр,Копчур – монғолдар қол астындағы халықтардың мал басынан төлеп тұрған салығы.
Құрылтай – Шыңғысхан әулетінің басшылығымен өтіп тұрған монғол ақсүйектерінің кеңесі.
Лен – вассалдың қожасынан қызмет ету үшін алып отырған жер үлесі.
Лорд – ортағасырлық Англиядағы жер иеленуші феодал. Бірте-бірте ол ағылшын дворяндарының ең жоғарғы, ортақ атағына айналды.
Лютерандық – негізінен Мартин Лютер (1483-1546) қалаған протестанттық діни ілімнің бір түрі. XVI ғасырда Реформация барысында Германияда қалыптасты. Германия мен скандинавиялық елдерде кеңінен тараған.
Магистрат – қалалық басқарма.
Майордом (латынның «үлкен үй» деген сөзінен шыққан) – Франк мемлекетіндегі V ғасырдың аяғы – VIII ғасырдың ортасындағы сарай меңгерушісі, ең жоғарғы мемлекет басшысы.
Мануфактура (латынның «қол ісі» деген сөзінен шыққан) –қол еңбегі қолданылған ірі кәсіпорындар.
Меровингтер – Франк мемлекетінде 481-751 жылдары билік құрған корольдіктер әулеті. Аса көрнекті өкілі – Хлодвиг (481-511).
Миссал – дұға сөздері жазылған кітап.
Монарх (гректің «жеке-дара билеушісі» деген сөзенен шыққан)- монархияның басында тұрған тұлға(патша, король, император, фараон, сұлтан, шах т.б).
Монах (гректің «жалғыз» деген сөзінен шыққан) – жападан-жалғыз өмір сүруші; діни қауымға кірген және монастырь жарғысының талабына сай сопылық құруға уәде берген адам.
Натуралды шаруашылық - өнімді айырбас үшін емес, тек өз қажетіне ғана арнап өндіретін томаға-тұйық шаруашылық.
“Ника” «гректің «жеңу» деген сөзінен шыққан) -532 жылғы 11-17 қаңтар аралығында Шығыс Рм империясы – Византияның астанасы Константинопольде болған халық көтерілісі.
Нормандардың Англияны жаулап алуы – Нормандия герцогі Вильгельм басқарған норман феодалдарының 1066 жылы Англияға басып кіруі.
Нотабель – Франциядағы жоғарғы дінбасыларының, қала тектілерінің өкілі.
Оброк – феодалдық басыбайлы шаруаның азық-түлікпен немесе ақшалай төлейтін жер салығы.
Ордонанс – Франциядағы, Англиядағы корольдің жарлығы.
Пайғамбар – діни ұғымда Құдайдың айтқан сөздерін адамдарға жариялау үшін арнайы жіберген адамы.
Папалық – Рим папасы басқарған католик шіркеуінің діни монархия орталығы.
Парламент (ағылшынның, француздың «сөйлеу» деген сөзінен шыққан) – буржуазиялық мемлекеттегі жоғарғы заң шығарушы өкілдік орган. Сословие өкілдерінің органы ретінде Англияда парламент алғаш ХІІІ ғасырда құрылды.
Патриарх (гректің «әке», «басшы» деген сөзінен шыққан) – кейбір елдердегі православиелік шіркеудің басшысы.
Подъячий – XVI-XVIII ғасырдың басындағы Ресей әкімшілігіндегі төменгі шен. Дъяктордың басшылығымен подъячийлер орталық және жергілікті мемлекеттік мекемелерде негізгі іс қағаздарын жүргізушілер болды.
Райя – Осман түріктері империясындағы бүлік салық төлеуге міндетті халық.
Реакция – озық қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталған кертартпа әрекет.
Реконкиста «испанияның «қайтарып алу» деген сөщінен шыққан) – VIII-XV ғасырлардағы Пиреней түбегі халықтарының арабтар жаулап алған жерлерін қайтарып алу.
Ренессен «француздың « қайта өркендеу» сөзінен шыққан) – Батыс және Оңтүстік Еуропа елдеріндегі ортағасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі. Ол Италияда шамамен XIV-XVI ғасырарда, басқа елдерде XV-XVI ғасырларда орын алды.
Реформация (латынның «қайта құру» сөзінен шыққан) – XVI ғасырдағы Батыс және Орталық Еуропадағы католик шіркеуіне қарсы қуатты қоғамдық-саяси және діни қозғалыс.
Ронин-Жапониядғы кедейленген самурайлар.
Рыцарь- (немістің «атты жауынгер» деген сөзінен шыққан) – сеньорына атты әскер қатарында қызмет етуге міндетті феодал.
Самурай – Жапониядағы ұсақ дворяндардың әскери-феодалдық сословиесі.
Санжақ – Осман түріктері империясындағы облыс.
Санскрит – ежелгі және орта ғасырлардағы үнділіктердің әдеби тілі.
Сейм – феодалдық монархиялардағы сословиелік-өкілдік мекеме.
Сеньор(француздың «үлкен» деген сөзінен шыққан) –орта ғасырлардағы Батыс Еуропадағы жер иесі, феодал. Тар мағынада – вассалдың мырзасы, қожасы.
Сервтер «латынның «құлә деген сөзінен шыққан) – орта ғасырлардағы феодалдарға басыбайлы шаруалар тобы.
Сёгун – жапонның әскери қолбасшысы. Ол өімет басшысы да болды.
Сипахилер, Спахи- Осан түріктері империясындағы сұлтаннан жер иеліктерін алып, ол үшін әскер жасақтап, феодалдың атты әскері қатарында әскери міндет атқаруға тиісті леншілер.
Сойырғал – Темір ұрпақтарының кезіндегі шартты түрде сыйға беріліп тұрған жер үлесі.
Статут – Англия және тағы басқа кейбір елдердегі заңның аты.
Тағар – Ақ Ордаға бағынышты қалалардың билеушілері.
Тархан – 1)ортағасырлық түрік халықтарындағы феодалдардың, сондай-ақ кейбір салықтан босатылған адамдардың атауы;2)мемлекеттік салықты төлеуден босатылған Закавказье, Ора Азия,Қазан,Астрахан және Қырым хандықтарының жері мен мүлгі.
Таурат – иудаизм мен христиандықтың қасиетті кітабы.
Тевтон ордені - ХІІІ-XVI ғасырларда неміс католиктері құрған діни-рыцарлық ұйым.
Технология - өндірістің әдіс-тәсілі туралы ғылым.
Тиара – Рим папасының ерекше тігілген бас киімі.
Тиран - әрекеттері зорлық-зомбылыққа негізделген басшы.
Тордессильялық келісім – Рим папасының төрелік етуімен 1494 жылы жасалған келісім. Ол бойынша Атлант мұхитының дәл ортасынан батысына қарай жаңадан ашылған жерлер – испандықтар иелігіне, ал шығысқа қарайғы жерлер португалдықтар иелігіне өтті.
Тоталитарлық – жойқын билік.
Университет (латынның «жиынтық» деген сөзінен шыққан) – құрамында ғылыми білім негізін қалайтын әр түрлі пәндерді қамтитын бірнеше факультеттері бар жоғары ғылым-білім ордасы.
Уния – мемлекеттердің бір одаққа бірігуі.
Утопия (гректің «жоқ жер» деген сөзінен шыққан) – бұл терминді ең алғаш ағылшындық ойшыл-гуманист Томас Мор қолданды. Ол өзінің бірде-бір кемшілігі, қайшылығы жоқ қоғамын орнатпақшы болды. Ол қоғамды»утопия» деп атады.
Үшір – Осман түріктері империясындағы халықтың өнім түсімінен төлеген салық.
Феод – феодалдық қоғамдағы жер иелігінің негізгі түрі. Жер әкеден балаға мұрагерлік жолмен берілді. Жерге оның қожасының толық меншігі орнады.

- Ежелгі Египеттің мемлекеті және құқығы
- Ежелгі Жапонияда мемлекет пен құқықтың пайда болуы
- Ежелгі және қазіргі моңғолдар: ортақтығы мен ерекшелігі
- Ежелгі замандағы саяси ойлардың қалыптасуы
- Ежелгі заман логикасы
- Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
- Ежелгі Қазақстан медицинасы
- Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
- Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
- Ежелгі дәуірдегі саяси ойлардың дамуы
- Ежелгі діни наным-сенімдер
- Ежелгі дүниедегі криптография
- Ежелгі дүниедегі криптография
- Ежелгі дүниедегі саяси ой