Ежелгі Қазақстан медицинасы

        Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы

        

                   "Қоғамдық денсаулық сақтау-2" кафедрасы

 

 

 

                                                                                                      

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

    Тақырыбы : Ежелгі Қазақстан медицинасы

 

                                   

 

 

                                    Орындаған: Ибрагим Г.Х

                                     Тобы: 103"А" МПД

                                    Қабылдаған:Сакиева Ш.С

 

 

 

 

                            Шымкент - 2015

                         Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім:

а)Медицина. Медицинаның дамуы

ә)Қазақстандағы халық медицинасы

б)XX ғасыр медицинасы

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Кіріспе

   Шипагер сезімтал, адам мінезін жетік білетін маман болу мен қатар тәлімгер –  тәрбиеші болу керектігі де, халық шипагерлігінің негізгі философиялық қағидасына айналды. Емдеу мәдениетін көтерудегі халық шипагерлігінің басты әрі жауапты  талабы  да, осы заманғы медицинаның ұсынысы мен қағидаларынан  өзгешелігі   жоқтығы  аңғарылады. Емшілік мәдениеті оның іс-әрекетінің  нәтижелі болуының негізі тірегі екендігін  ертеде де білді, шарттарын қатал сақтады. Бұл қағидалардың осы заманғы медицинаның емдік мәдениеті шарттарынан ұқсастығы мен талаптарының алшақтығы жоқтығын көрсетеді.Сондықтан да, шипагер мен ауру адам арасындағы жылы қатынас пен түсіністік шипаның қонуын тездетеді,  емдеу мәдениетінің артуына көмектеседі деген тұжырымға тоқталуға  болатынын аңғартады. Адамның денсаулығын жақсартуда емдік шипалық әдіс-тәсілдер түрі сырқатынан емделуші мен емдеуші шипагер  арасындағы  екі жақты сенімдік   келісім болғанда қана нәтижелі болады. Бұл ерікті түрдегі тікелей сенімділік пен сенімсіздіктің аралығындағы үйлесімділікке байланысты екенін көрсетеді.

  Және төмендегі қызық  мәліметтерді ұсынамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

                                   Медицина. Медицинаның дамуы

Медицина(лат. medіcіna: medіcus — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.Археологиялық және этнографиялық деректер (Павлодар-Ертіс өңіріндегі Қараоба обасынан табылған әйелдің, Батыс Қазақстандағы Сайқын станциясы маңынан табылған ер адамның, Тараз қаласы төңірегінен табылған жауынгердің бассүйектері; Орталық Қазақстандағы Қарабие мекенінен табылған адамның қаңқасы) Қазақстанда өмір сүрген емші-дәрігерлер емдеу ісімен, әсіресе, хирургилық әдістермен ертеден-ақ таныс болғандығын көрсетеді. Орта ғасырларда энциклопедист-ғалымдар (әл-Фараби,Әбу-Мансұр, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхаммед Хайдар, тағыда басқа) медицина ғылымында елеулі із қалдырған.Қазақстанның медицинасы төңкеріске дейінгі кезеңде өз бетінше дамыды, тұрғындар негізінен халық медицинасын кеңінен қолданды.А. Васильев, А. Ячмин, А. Диваев және басқалар көрсеткендей, XIX ғасырда Қазақстанда медициналық қызметпен негізінен бақсылар, сынықшылар, тәуіптер айналысқан.Бақсылар дәрі дайындай білген. Олар сол уақытта ғылыми медицинада да қолданылған көптеген дәрі – дәрмектерді пайдаланды. Бұндай дәрілерге раушан, майкене, дермене тұқымы, анар ағашы, цикорий, андыз, дермене жусаны, ашудас, күкірт қышқыл магнезиі, сынап, күкірт тотияйын, мышьяк, мүсәтір спирті, азот қышқылы, хинин, апиын жатады.Бақсылар асқазан – ішек сырқаттары кезінде әртүрлі дәрілер қолданады. Мысалы, асқазан ауырғанда рауғаш, апиын берген. Іш өткенде науқасқа жұпар жаңғағы шайының қою тұндырмасын, қарақат тұндырмасын берген. Қатты жөтел кезінде шайға немесе сорпаға салынған бұршаққынды бұрыш тұндырмасын қолданған. Қазақтың халық емшілері қымызды негізінен түберкулезді, құрқұлақты, хлорозды, қаназдықты, жүрек – қан тамыры және асқазан – ішек сырқаттарын емдеуге пайдаланған. Жұқпалы ауруларды емдеуде халық медицинасының өз құралдары мен әдістері болған. Шәйді терлету құралы ретінде пайдаланған. Аурудың алдын алу мақсатында алапеспен ауыратындарды сау адамдардан бөлек ұстаған, шешектен, ауырғандарды тек осындай сырқаты болған адамдар ғана күткен. Шешекпен ауыратын бір адамы болса да бүкіл ауыл қонақ қабылдамаған.Жыныстық қатынас ауруларын (мерез) емдеу қарапайым, бірақ негізінде дұрыс жүргізілген. Науқас адам терісіне сынап жақпамайы жаққан, мышьяк, сынап ішкен, жараларды тотияйынмен күйдірген.Халық емшілері тері ауруларын да емдей білген, ол үшін жақпамайлар, ұнтақтар қолданған. Жақпамайды, әдетте, сынаптан, күкірттен және қойдың майы қосылған басқа да заттардан дайындаған. Ұнтақ материалы ретінде ұнтақталған құрғақ жидектер, күл, күйдірілген киіз және т.б. қолданған.XIX ғасырдың соңында Қазақстанда жұмыс істеген А. Я. Соколов бақсылар адам анатомиясын білмесе де, олардың кейбіреулері күрделі хирургиялық оталар жасаған деп көрсетеді. Олар қуықтағы тастарды алған, катарактаны сығып шығарған, сынықтарды, буынның таюын емдеген, шынтақ бүгілетін тұстағы тері тамырларынан қан шығару кең тараған. Кесілген тұсқа жолжелкен жапырақтары, күйдірілген киіздің немесе мақтанаң күлі басылған. Түйнеме болған терідегі жараға ыстық су құйған, кейде ойық жараны қызып тұрған темірмен күйдірген. Жылан шаққан уын ауызбен сорып алып, жыланның басынан даярланған дәрі басқан. Бұл дәрі мынандай жолмен жасалған: жыланның басы кептіріледі, ұнтақталынады, сүтпен араластырылып, жараға таңылады. Тістің ауруын меңдуана мен май қоспасымен емдеген, кейде құрғақ меңдуана басқан. Қазақстанның халық медицинасын П.Н.Соколов осылай сипаттайды. Мұражай материалдары республиканың халық медицинасы емдеудің мол тәжірибесін жинақтағанын көрсетеді. Халық емшілері қымызбен, шұбатпен, шөп тұнбаларымен, су – балшықпен емдеген. Тәуіптер, емшілер, сынақшылар өз тәжірибесінде түрлі өсімдіктердің тамырларын, киік мүйізі және басқа құралдарды пайдаланған.Қазақ медицина ғылымының даму тарихы Қызылорда қаласында 1925ж 17 қыркүйек айында Өлкелік санитарлық-бактериологиялық институт ғылыми мекемесінің ұйымдастырылуынан кейін басталады. Институттың нақты мақсаттары мен міндеттері белгіленді. Оның қатарында екпе дайындаумен қатар Қазақстандағы зертханаларға басшылық жасау, қызмет шеңбері аясында әртүрлі ғылыми мәселелерді өңдеу мақсаттары да қаралды. Институт біраз уақытқа дейін ғылыми зерттеулер жүргізілген республикадағы жалғыз ғылыми – тәжірибелік мекеме болып табылды. Қазақстандағы медицина ғылымының даму тарихын баяндайтын құжаттардың деректеріне сүйенсек Алматы қаласында Қазақ Мемлекеттік Медицина Университетінің ашылуымен медицина саласында ілгері қарай даму байқалады.Қазақстанда медициналық ЖОО құру мәселесі 1928ж көтеріле бастады. Өйткені республикада медицина қызметкерлерінің тапшылығы байқалды. Денсаулық сақтау Халық Комиссариатының мәліметтері бойынша 1930 жылы республикада барлығы 737 дәрігер,45 тіс дәрігері, 165 фармацевт, 602 мейірбике болған. Әсіресе ауылдық жерлерде 30 % аудандарда ешқандай медициналық көмек көрсетілмеді. Осындай қиын жағдайдан шығудың шешімі ЖОО ашу болды.

                               Қазақстандағы халық медицинасы

 Адамзаттың өткен ғасырлардағы өміріне зер салсақ халықтың ішіндегі киелі тылсым күш иелерінің құпиялы сырларына тосқауыл болғанымен, оның жойылуына әсер ете алмады. Тектік қасиет халықпен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапты. Өз жемісін де бере бастады. Сондықтан да болар басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ. Ертеректе дәрi тапшы болса, қазiр удай қымбат, химиялық құрамына да сенуге болмайды. Осындай сәтте халық медицинасында баяғы заманнан келе жатқан қазақи емнiң түрi- кәдiмгi қойдың емдiк қасиеттерi жайында бiлген де артық болмас.Терiге түсiру — қой терiсiмен жел, құз, құяң ауруына шалдыққандарды емдеген. Ол үшiн семiз қойды бiтеу сояды да, оған ермендi бүрiмен қоса қайнатып, суын терiнiң iшiне құяды. Науқас адамды шешiндiрiп, 2-3 сағаттай сол терiге орап қояды. Бұл әдiс «терiге түсiру» деп аталады. Терiге түскен адам жылы оранып жатып, 2-3 күндей сорпа iшiп күтiнуi керек.Қой құйрығы — жөтелдi басып қақырықты түсiредi. Тұмаудан кейiнгi созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке ерiтiп iшедi. Суық тиген баланы да құйрық маймен сыласа, жазылып кетедi.Қойдың жыны — буын, тiзе сырқырағанда, қолданады. Жаңа сойылған қойдың қарнын жынымен қоса алып, оны ыдыстағы ыстық суға салады. Содан кейiн қарынның үстiңгi жағын тiлiп, науқастың екi аяғын жынға батырып, жылылап орайды. Ыдыстағы су салқындай бастаса, үстiне ыстық су құю керек. Булаудан шыққаннан кейiн жылы киiнген дұрыс.Қойдың өкпесi — жөтелдi тоқтатып, несеп жолдарының жұмысын реттейдi, iсiктi қайтарады. Егер жас қойдың өкпесiн тiлгiлеп, сiрке суы қосылған суға қайнатып, күнде екi-үш тiлiмнен жесе, қақырықты түсiрiп, өкпе демiкпесiн басады. Қойдың тоқ iшегiн сәбидiң көкбауыры ауырғанда шажырқай майын сыдырмай, дөңгеленген күйiнде кiндiктiң үстiне қойып, сыртынан орап қояды. Егер iшектiң жылуы бәсеңдесе, торсыққа жылы су құйып, iшектiң үстiне қояды. Бұл емдi бала терлегенше бiрнеше рет қайталайды.Қойдың қарны — асқазан, iшек жолдарының дертiне, әйелдер ауруына, құяңға қолданады.Науқас адамның екi аяғын көсiлтiп, ыңғайлап отырғызады да, жаңа сойылған семiз қойдың қарнын жылы күйiнде оның құрсағына қойып, сыртынан орап тастайды. Бiраздан соң науқас ағыл- тегiл терлейдi. Терi қалмас үшiн екi-үш сағаттан соң киiмiн ауыстыру қажет. Бұдан кейiн де бiрнеше күн сорпа iшiп күтiнген жөн.Қой өтi — шаштың арасына ұсақ бөртпе түскенде қолданады. Шашты тақырлап алып тастап, басты сабындап жуғаннан кейiн бөртпенiң бетiн су қосылған өтпен сүртсе, бөртпе тез жазылады.Қойдың жiлiк майы — туберкулезбен ауырған әлсiз адамдар, жиi ауыратын жас балалар жесе, мың да бiр дауа.Жаңа сойылған қой етi — жұқалап тiлiп, жығылғанда пайда болған iсiкке тағып тастаса, iсiк тез қайтады әрi жара iрiңдемейдi. Шиқанға, сыздауыққа таңса, жара аузы ашылады.Қойдың етiн күйдiрiп, күлiн сiрке суына езiп, жылан, шаян шаққан жерге таңса, уытты қайтарады, сыздап ауырғанын басады.Етi сылынып алынған қойдың сүйегiн шауып, ұзақ уақыт қайнатып, сорпасын мөшел балаға үнемi iшкiзсе, нәресте тез оңалады. Бұл ем сынықтың тез бiтуiне де көмектеседi.Халық емінің құдіретін түсіну, білу әрі оны пайдалану кез-келген адамға артық етпейді. Дәрісіз шипасы мол бұл халықтық емдік тәсілдің бүгінде қайтадан гүлдене бастағанына қуанамыз әрі қолдағанымыз қажет екенін білген артық болмайды. Біздің қырғыз елінде де халық емшілігіне деген көзқарас оңала бастады. Ал, менің бойымдағы қасиетімнің ашылуына да осы Қазақстанның халық емшілері қауымдастығы мамандары көмегі болды. Осы ұйымның «Құрметті» мүшесімін. Көптен бері ұйымдастырылып жатқан конгрестері мен форумдарына қатысып, өз ой пікірлерімді білдіріп келемін. Сондықтан да дәрісіз емделудің таза түрін халыққа ұсыну емшілердің басты міндеті болуға тиіс.

                         XX ғасыр медицинасы

      Медицина мен социалистік денсаулық сақтау ісі дамуының жалпы принциптерін ашу. Алғашқы бесжылдық жылдарындағы денсаулық сақтау жағдайын сипаттау. ҰОС жылдарындағы медицинаның маңызы және медиктердің батырлық іс-әрекеті. Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20 жылдарынан 80 жылдарына дейінгі медицина мен денсаулық сақтау жүйесі дамуының негізгі сатылары. ХХ ғасыр тарихи процестерін студенттердің диалектикалық түсінуіне атсалысу. Медицина мен денсаулық сақтау ісі дамуының жаңы сатысындағы Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің маңызын ашу. Халық денсаулығын қорғау ісіндегі ҚР Атазаңының негізгі ережелерін баяндау. «Қазақстан – 2030» ұзақмерзімді даму стратегиясы бағдарламасы мен денсаулық сақтауды дамытудың заңдылық негіздеріне талдау жасау. 2010 жылға дейінгі денсаулық сақтауды реформалау бойынша міндеттерді баяндау.КСРО-ғы медицина мен денсаулық сақтау жүйесінің құрылуы. Социалистік денсаулық сақтау принциптері. Көп уақыттан бері белгі берген саяси тоқыраудың шешімі ретінде Петроградта 1917 ж. 24-25 қазан айында қарулы төңкеріс өтті, кеңестік тарихта ол Ұлы Кеңестік социалистік төңкеріс деп аталған, соның нәтижесінде үкімет билігіне большевиктер келген.Осы уақыттан бастап өте күрделі және қайшылықтары мол социализм құрылысының үрдісі басталды, оның бір бөлшегі ретінде денсаулық сақтау жүйесін құру болған.1918 ж. 15-18-ші маусымда Мәскеуде Кеңестік депутаттардың медициналық-санитарлық бөлімдерінің Бүкілресейлік съезі өткен, онда маңызды орын алған Н.А. Семашконың «Жергілікті жерде кеңестік медицинаның негізгі міндеттері» атты баяндамасы оқылды.

Онда мынадай мәселелер көтерілген:

1. Совет   медицинасының   ұйымдастырушылық   міндеттері   ретінде бұрынғы    салааралық   шектеулерді   жойып,    жергілікті   жерде медициналық мекемелерді біріктіру. 2.   Емдеу-сауықтыру медицинасы келесі принциптерді іске асыру арқылы құрылуы керек: а) жалпыға бірдей қол жеткізілуі, б) тегін болуы. 3. Тез арада медициналық көмектің сапасын жоғарлатуды қолға алу (арнайы   қабылдаулар,   арнайы   амбулаториялар,   арнайы   емдеу орындары). Қатаң түрде өздігінен емдеу жүргізетіндерге жол бермеу, себебі олар шетте орналасқан аудандарда әлі де кездесуде. 4.  Тек қана кеңестік тазалық сақтау мекемелері қарапайым кедей халықтың тұрмыстық мұқтажын шеше алады. 5. Қарапайым көпшіліктің медициналық көмек алуда сана-сезімі әлі де жеткіліксіз деңгейде болуына байланысты, әсіресе шет жерлерде, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған санитарлық-ағарту қызметін тез арада дамыту керек (сұхбаттасу, дәрістер, көрмелер және т.б.). 6. Халықтың медициналық санитарлық қызметке қатысы және олардың ұйымдастырылу түрлері осы тұрғыда түбегейлі өзгеру керек. Ол үшін күнделікті санитарлық жұмыстарға қалалы жерде мекеме қызметкерлерін, ал ауылдық жерлерде шаруаларды тарту қажет.

1918 ж. 11-ші шілдеде өткен съездің  нәтижесінде Денсаулық сақтау  халық комиссариаты бекітілді, оны  басқаруға Н.А. Семашко тағайындалды.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы медицина. Қазақстан соғыс жылдары Қызыл армияны жігерлі офицерлермен және солдаттармен, әскери техникамен, құрал-жабдықтармен, азық-түлікпен қамтамасыз ететін негізгі республикалардың бірі болды. Соғыс басталғаннан әскери шайқас жүріп жатқан жерлерден Қазақстанға 150 өнеркәсіп мекемелері және 2 млн. жуық адамдар көшірілген, олардың 38% қалалы жерлерге, ал 62% - ауылдық жерлерге орналастырылған.

Соғыс жылдары денсаулық сақтау мекемелерін денсаулық сақтау халық комиссары С.А.Чесноков басқарды. Оның орынбасарлары В.Г.Ермолаев, М.К.Тлеуқабылов, А.Б.Бисенова, И.С.Корякин болды.   Республиканың барлық облыстарында эвакогоспитальдар желісін құру және Қызыл Армияның жараланған  жауынгерлерін тездетіп сауықтырып, соғысқа қайта оралу жағдайын жасау; емдеу-профилактикалық мекемелерді көбейтіп және күшейтіп республика халқының  соғыс  жерлерінен  аударылған  адамдар  санының ұлғаюына байланысты қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету; әскери маңызы бар өндірістік өнеркәсіптердің жұмысшыларына және ауыл шаруашылық өнімімен шұғылданатындарға медициналық-санитарлық көмекті күшейту; барлық жерлерде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты сақтау; дәрігерлер мен орта буындағы медициналық қызметкерлерді дайындауды тездету, әскери-дала хирургиядан олардың біліктілігін жоғарылату; республика тұрғындары арасынан санитарлық қызмет атқаратындарды дайындау.

Тың игеру жылдарындағы Қазақстанның медициналық қызметі. КСРО-ның 1951-1956 жж. жоспары бойынша даму нұсқауларына сәйкес Қазақ ССР-да халық шаруашылығының дамуы қамтамасыз етілді, ал денсаулық сақтау мекемелерінің негізгі көрсеткіштері жоспарланған тапсырмалардан әлдеқайда жоғары болды: ауруханадағы төсектер саны 19980-ге (50%) көбейді, дәрігерлер саны 3100-ге (50,4%) көбейді. Ауылдық жердегі ауруханадағы төсектердің өсу үрдісі КСРО-дағы өсу үрдісі бойынша орта есеппен алғанда 2,6 рет жоғары болды.

Тың игеру жерлерінде медициналық көмекті ұйымдастыру бірнеше кезеңде өтті: 1 кезең - медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету, құрал-жабдықтар дайындау, дәрі-дәрмек жеткізу, оларды алдымен ірі-ірі темір жол стансаларына, облыстық орталықтарға жеткізу көзделді. 2 кезең - ауруханалар мен фельдшерлік акушерлік пунктілер ашу болды, оларды кейбір жерлерде палаткаларға, вагондарға, үйлерге уақытша орналастырды; 3 кезең - ауруханаларды тұрақты ғимараттарға, санитарлық талапқа сәйкес және қыста жылуы бар үйлерге орналастыру болды; 4 кезең -медициналық мекемелерді стандартқа сәйкес арнайы соғылған ғимараттарға көшіру болды.

Білікті медициналық кадрлар дайындау үшін бірнеше медициналық жоғары оқу орындары: 1950 ж.-Қарағанды мемлекеттік медицина институты (қазір Қарағанды   мемлекеттік   медициналық   академия),   1953   ж.   -   Семей  мемлекеттік медицина институты (қазір Семей мемлекеттік медициналық академия), 1957 ж. - Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (қазір М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академия), 1958 ж. - Целиноград мемлекеттік медицина университеті (қазір Қазақ мемлекеттік медициналық академия) ашылды.

1963 ж. Алматы мемлекеттік дәрігерлердің  білімін жетілдіру институты  ашылды. Осы уақыттан бастап, 40000-нан  астам дәрігерлер білімін жетілдірді. XX ғ. алпысыншы жылдарында бірнеше  ғылыми-зерттеу институттар (ҒЗИ): 1960 ж. - Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-ы, 1972 ж. - балалар ауруларын емдеу ҒЗИ-ы, 1974 ж. - Тағамтану ҒЗИ (1974), 1977 ж. - ана мен баланың денсаулығын қорғау ҒЗИ, 1977 ж. - жүрек ауруларын емдеу ҒЗИ ашылды, бүл ҚР ғылыми жетістіктерінің дәлелі ретінде қаралды.

Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің даму тарихы. 1919 жылдың 10 шілдесінде Қырғыз (Қазақ) аймағымен басқару бойынша Революциялық комитет жөнінде РКФСР Халық Комиссариаты Кеңесі декретіне қол қойылды, ал 1919 ж. 12 қыркүйегінде Революциялық комитет қаулысымен денсаулық сақтау бөлімі – Қырғденсбөлімі құрылды, оның алдында – аймақ халқына медициналық-санитарлық қызмет көрсету мақсаты тұрды.

Қырғденсбөлімін дәрігер Шишкина О.Н. басқарды, бөлімдегі басқа жұмысшылар – техникалық қызметкерлер болды. Қырғденсбөлімінің қызмет ету территориясы Торғай және Орал облыстарын, бұрынғы Бөкей ордасы жерін және Семей мен Ақмола облыстарын қамтыды. Осылай Қазақстан территориясында бүтіндей денсаулық сақтау жүйесін құру бастамасы жасалды.

1920 жылдың 26 тамызында «Автономдық Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік Республикасын құру жөніндегі» ЖОСК декреті шықты. Осы декретпен басқа халықтық комитеттермен қатар Денсаулық  сақтау халық комиссариаты да құрылды. Бірінші денсаулық сақтау Халықтық Комиссары болып дәрігер Михаил Сергеевич Шамов тағайындалды, ал орынбасары – дәрігер Мажит Мухамеджанұлы Шумбалов болды.

1920 ж. Халықденском құрамында мынадай  бөлімдер болды: ұйымдастыру-нұсқаулық, сметалық-қаржылық, статистикалық, әскери-санитарлық, ана мен баланы қорғау, біріктірілген санитарлық ағарту. Одан басқа  Халықденском жанында Ғылым-әдістемелік кеңес қызмет жасады. Кейінірек емдеу, санитарлық-эпидемиологиялық, балалар денсаулығын қорғау, фармацевтикалық және медициналық жабдықтау бөлімдері ашылды.

Халықденском міндеттеріне  мыналар кірді: Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру; қалаларды, ауылдарды, тұрғын жерлерді санитарлық бақылау және санитарлық жайландыру; еңбекке жарамсыздықты және соттық-медициналық жұмыстарды медициналық сараптау; внаны, нәрестелікті және баланы қорғау, физикалық мәдениет; аптекарлық істі ұйымдастыру; санитарлық ағартуды ұйымдастыру; әлеуметтік маңызды және жұқпалы аурулармен күрес; санитарлық статистиканы ұйымдастыру және оны бақылау; денсаулық сақтау аймағындағы ғылыми және практикалық сұрақтарды талдау; медициналық білімді ұйымдастыруға қатысу; денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдарын қаржыландыру; денсаулық сақтау бөлімдері мен бөлімшелерінің әрекетін басқару.

Республикадағы күрделі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, Халықденскомның санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің жұмысы жетекші болғанын мәлім. Бұл бөлімге республикадағы барлық санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды жүргізу жүктелді.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі және халық денсаулығын қорғау ісіндегі алғашқы сатылар

1991 жылғы Мәскеудегі  тамыз оқиғалары және Ресей, Белоруссия  және Украина лидерлерінің 1991 ж. беловеж келісімдеріне қол қоюы  КСРО тарихына нүкте қойды.

1991 ж. 1 желтоқсанында Қазақстанда  республика Президентін жалпыхалықтық  сайлау жүргізіліп, Нұрсұлтан Абішұлы Назарбаев сайланды. 1991 ж. 10 желтоқсанында Қазақ КСР-сы Қазақстан Республикасы атанды.

1991 ж. 16 желтоқсанында республики  Парламенті "О государственной  независимости Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі" Конституциялық Заңын қабылдады, ол 7 тарау және 18 баптан тұрады. Бұл күн - 16 желтоқсан – Тәуелсіздік Күні деп аталды.

Қазақстан тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін экономиканың, сонымен қатар денсаулық сақтау аймағында өзгерістер жасауға кірісті. Денсаулық сақтау экономикасын реформалау келесі сатылардан өтті:

1)Тәуелсіз Қазақстан  өз бетінше мемлекеттік бюджетін  құра бастады, медицина мен денсаулық  сақтаудың дамуына кететін бірінші  кезектегі шығындар көлемін анықтау. 2) Мемлекеттік медицина жүйесі  сақталды, бірақ медицина мен денсаулық сақтауда жеке меншік қалыптасты (1993 жылдан).3) Республикадағы нарықтық экономиканы құру сұраныс нарығының, сонымен қатар ақылы медициналық қызмет түрлерімен қанығуымен жүрді.4) Медицина мен денсаулық сақтауды дамыту ісінде шет ел инвестициясын белсенді түрде қолдана бастады.

Бұл сатылардың әрбірі үдемелі қадам болды, бірақ бұрынғы жүйеден қалған объективті және субъективті себептерге байланысты айтарлықтай қиындықтармен жүріп отырды. Реформалар терең экономикалық күйзеліс және инфляция кезеңінде өтті, 1991-1995 жылдар аралығындағы экономикалық құлдырау 38,6% құрады. Тек 1997 жылға қарай экономикалық құлдырау, соның ішінде денсаулық сақтаудағы, тоқталып келесі жылдары экономикалық өрлеу байқалды.

    Қазақстанда ақылы медициналық қызмет Үкіметтің 1995 ж. қараша айының 6-шы жұлдызында қабылданған № 1460 «Денсаулық сақтау емдеу-профилактикалық мекемелерде ақылы медициналық және профилактикалық көмек көрсету тәртібі және ережесі туралы» қаулысына сәйкес көрсетіледі.                   

    Нарықтық қатынастар  дамуы денсаулық сақтаудың қаржылық  қорын көбейтуге нақты мүмкіншіліктер  туғызды да халық денсаулығын  қорғауға қаражат беруді тиімді  және кең көлемді іс-әрекет  ретінде қарауға негіз болды.

   Ресми мәліметтер бойынша, денсаулық сақтауға жұмсалған бюджеттік қаржы шығыны (млрд.тенге) 1998 ж. – 36,4 болды да, ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ - 2,1 %), 1999 ж. – 44,8 (ІЖӨ - 2,2 %) 2000 ж. 54,3 (ІЖӨ - 1,9 %), 2002 ж. – 70,8 (ІЖӨ - 1,9 %),  2003 ж. – 89,9 (ІЖӨ - 2,1 %) болды, ал адам басына шаққанда 1 жылда – 3449, 3406, 3629, 4812, 6037 тенгеге сәйкес болды.

   Қазақстан Республикасында  денсаулық сақтау жүйесінде 2003 ж. 3857 амбулаторлық-емханалық және 1023 ауруханалық мекемелер болды. Халықтың  дәрігерлермен қамтамассыз етілуі 10 мың адамға есептегенде 36,5, ал ауруханадағы төсектермен-76,8 болды.

   Қазақстандағы денсаулық  сақтауды Бүкіләлемдік Ұлттар  Ұйымы (БҰҰ)

1998 ж. мамырдың 18-ші жұлдызында ҚР. Президентінің «Қазақстан Республикасы  азаматтарының денсаулық жағдайларын  жақсартудағы алғашқы кезектегі шаралар туралы» жарлығы шықты, онда өте қиын эпидемиологиялық жағдайларды жеңу мақсатымен, медициналық қызмет көрсетуді түбегейлі жақсарту және олардың халыққа көрсетілетін көмегін көбейту, азаматтардың конституцияда белгіленген денсаулығын қорғау құқығын іске асыру үшін мынадай шаралар қабылдану бекітілді:

1. Бес жасқа дейінгі балалардың  жаппай иммунитетін нығайтуға  дереу     кірісетін болсын; 2. Жаңа туған сәбилерге Б вирустық  гепатитіне қарсы вакцина егу     бағдарламасын іске асыруға, ал  дерттену мейлінше көп тараған     аймақтарда-балаларға А вирустық гепатитіне қарсы вакцина егуге кіріссін;  3. 1998 жылы ішінде туберкулезге шалдыққан науқастарды Дүниежүзілік    денсаулық сақтау ұйымы ұсынған әдістеме бойынша емдеу бағдарламасын    енгізсін; 4. Жаңа туған сәбилердің жыл сайын иммунитетін нығайтумен толық     қамтылуын қамтамасыз етсін; 5. Осы мақсаттарға арнап қажетті қаражат бөлінуін көздейтін болсын;

   Осы жарлықпен ҚР Үкіметіне  «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік  бағдарламаны жасау міндеттелді. 1998 ж. қараша айының 16 жұлдызында Қ.Р.Президентінің жарлығымен бұл бағдарлама бекітілді.  

1994 ж. қазан айының 5 жұлдызында  ҚР «ЖИТС ауруының алдын алу  туралы».

      1997 ж. 16 сәуірде «Психиатриялық  көмек және оны көрсетуде азаматтардың  құқығына кепілдіктер туралы».

     1998 ж. 23 сәуірде «Халықтың  радиациялық қауіпсіздігі туралы».

     1999 ж. желтоқсанның 2-де  «Спорт және дене шынықтыру  мәдениеті туралы», 1999 ж. желтоқсанның 10-да «Түбүркулездің жұқпалы түрімен  ауырғандарды еріксіз емдеу туралы», 2002 ж. мамырдың 27-де «Нашақорлық ауруларымен ауырғандарды медициналық-әлеуметтік оңалату туралы»,

2002 ж. 10-ші шілдеде «Темекі шегуді  шектеу және оның алдын алу  туралы», 2002 ж. 4-ші желтоқсанда «Халықтың  санитарлық салауаттылығы туралы», 2003 ж. «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңдар қабылданды.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    Қорытынды

Деннің саулығын мемлекеттің ең жоғарғы ұлттың приоритеті деп қабылдау қазіргі Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметтің қолдауын табуда.

    Денсаулық сақтау жүйесінің  болашақта дамуы ҚР Президентінің  Қазақстан Халқына «Бәсекелікке  қабілетті Қазақстанға, бәсекеге  қабілетті экономикаға, бәсекелікке  қабілетті ұлтқа» атты Жолдауында белгіленген  (Астана, 2004 ж. наурыздың 19-ы). 

  • Денсаулық сақтау.

   Денсаулық сақтауда қойылған  мақсаттарға сәйкес күрделі және  жүйелі өзгерістер жүргізілуі  талап етілген.

   Ең алдымен осы саладағы  реформалар тұжырымдамасын нақты  түсіну қажет.

Өткен жылдары біз кеңестік, корпоративтік-мемлекеттік басқару мен қаржыландырудан бас тарттық, бірақ батыстық денсаулық сақтауға тән жекеменшік сақтандыру медицинасына ауыса алмадық.

   Мүмкін ол жақсы да  шығар, себебі әр мемлекеттерде  ол жүйенің де кемшіліктері күннен-күнге көп айқындалуда. 

   Онда бізге бұл бағытқа  бет алу неге керек?

   Біздің еліміздегі тәжірибеміз көрсетуде денсаулық сақтауда алым-сатым көбейген сайын дәрігердің қызметке ынталануында өзгерістер пайда болады; ол аурулар санының көбеюін оның нәтижесінде ақылы қызметтің өсуін тілейді.

   Сондықтан біздің мемлекетімізде денсаулық сақтау ортақ жауапкершілікте болуы керек: онда мемлекеттің және әр адам өзінің денсаулығына өзі жауапкер болуы көзделеді.

   Мемлекет ең аз мөлшерде стандартқа сәйкес кепілді, тегін медициналық көмек көрсетуі керек. Ал одан тыс медициналық қызметтің бәрі әр адам өзі немесе ерікті медициналық сақтандыру арқылы қамтамасыз етіледі.

   Мемлекеттік медициналық  көмек кеңестіктің өзінде жекеменшік  қызметтен бөлек болу керек: заң бойынша мемлекеттік медициналық мекемелерде ешқандай жекеменшік кабинеттер ашылмауы керек.

2005-2010 жылдарға ҚР денсаулық  сақтауды реформалау және дамыту  Мемлекеттік бағдарламасы. "Қазақстан - 2030" Президент Жолдауында маңызды міндеттердің бірі болып экономикалық өркендеуді және халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету табылады.Сондықтан 2010 жылға дейінгі медицина мен денсаулық сақтаудың дамытудың негізгі бағыттары мыналар:

- Қазақстанның денсаулық сақтау  экономикасын дамыту, алдағы уақытта да халықаралық инвестицияларды тарту;

- ауылдық денсаулық сақтау жүйесін  инновациялық дамыту, әлеуметтік  инфрақұрылымды дамыту;

- Қазақстанның экологиялық  проблемаларын шешу, халықтың санитарлық-эпемиологиялық  салауаттылығын және радиациялық  қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- Ана мен баланың  денсаулығын қорғау құқығын сақтау  және кеңейту. әйелдерге әлеуметтік-экономикалық  жеңілдіктер жүйесін және жәрдемақыны  жоғарылату.

- Халықты білікті медициналық  көмекпен қамтамасыз ету көрсеткіштерін  арттыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001.– 100 с.

2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004. – 173 с.

3.  Самарин Р.И. Очерки истории здравоохранения Казахстана. – Алма-Ата, 1958. – 164 с.

4. Жакупова М.А. Эвакогоспитали Казахстана в годы Великой Отечественной войны. –              Алма-Ата, 1985. – 120 с. 

5. Шарманов Т.Ш. Алматинский рубеж мирового здравоохранения (от Алматы к новому тысячелетию человеческого развития). – Алматы-Вашингтон-Женева, 2008. – 184 с.

 

 

 

 


Ежелгі Қазақстан медицинасы