Ежелгі Месопотамия мәдениеті. 2

«Kaspi bank»

 

1. Кіріспе

2.  Негізгі бөлім

1 «Kaspi bank» АҚ-ның тарихы, жалпы сипаттамасы

2  Жеке тұлғаларға көрсететін қызметтері мен өнімдері түрлері, олардың ерекшеліктері

3 «Kaspi bank» АҚ-ның қаржы-экономикалық қызметін талдау

4 «Kaspi bank» АҚ-ның кадрлық саясаты

5 Еңбекақы және еңбекті ынталандыру

3.  Қорытынды:

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасында  екі деңгейлі банк жүйесі жұмыс атқарады:

  • бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының Халық Банкі
  • екінші деңгей – Қазақстан Республикасының заңды актпен бекітілген

ерекше құқықтық мәртебеге ие «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқа, барлық коммерциялық банктер.

2004 жылдан бастап барлық  қаржы институттар жұмысын, Қазақстан  Республикасының Халық Банкінің  құрылымынан бөлінген «Қазақстан  Республикасының қаржы нарығы  мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» реттейді.

Қазіргі кезде Республикамызда 34 екінші деңгейлі банктер, 14 шетелдік банктер (сонымен қатар 9 еншілес банктер, Қазақстан Республикасының резидент емес банктері) және еікнші деңгейлі банктер қатарына жатпайтын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ.

Қазақстан Республикасының  банк секторына активтердің жоғары шоғырлануы, сонымен қатар  заңды және жеке тұлғалардың дипозиттері тиесілі. Бұл секторда соңғы жылдары жетекшілік тізгінін «Казкоммерцбанк» АҚ, Банк Туран Алем» АҚ, «Халық Банк» АҚ сияқты ірі банктер ұстап тұр.

«Kaspi bank» Қазақстанның қаржы нарығында ең қалаулы жұмыс беруші болуы үшін барын салып жұмыс істеуде. Адам капиталына инвестиция салу арқылы банк қызметкерлерге іштей және сырттай оқуға мүмкіндік бере отырып кәсіби деңгейлерінің өскенін қалайды. 

Ынталы да жоғары білікті  мамандардан команда құру «kaspi bank» үшін басымды мақсат болып табылады, адамдық капитал  – бірінші құндылық. «Kaspi bank» АҚ  адамдардың бойындағы кәсіпқойлықты, құзыреттілікті, серпінді дамып келе жатқан банктің алдында тұрған  мақсатқа жетуде командамен жұмыс істей алатындарды  бағалайды. Банктің қызметкерлері Harvard, Oxford, ҚМЭБИ, Қазақстан-Британдық Техникалық Университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ және т.б. әлемдік және қазақстандық жетекші ЖОО-ның түлектері болып табылады. 

Банкте енгізілген корпоративтік  университет қызметкерлерді үзбей  оқыту жүйесі сәтті жұмыс істеуде. Deloitte; Ernst & Young; PriceWaterhouseCoopers; Oxford Financial Training; Management Development Center; Global Education Provider және т.б. халықаралық компаниялар қызметкерлерді оқыту және дамытуда банк серіктестері болып келеді. 

Бизнес-жобаларға қатысу арқылы мамандар, жетекші  шетелдік банктер мен қаржы институттарында жұмыс істеген көшбасшылардың озық тәжірибелерін алу және пайдалану мүмкіндігін иеленеді

Тәжірибе өтудегі мақсатым,  барлық теориялық білімімді тәжірибе жүзінде тексеру, банк жүйесін меңгеру, жинақтаған тәжірибелік білімімді  қорытындылау,диплом алдындағы дайындығымды көрсету.

Өндірістік тәжірибенің  міндеттеріне кіретіндер:

  • оқу процесінде студенттер алған теориялық және практикалық білімді баянды ету және мамандық бойынша алған бұл білімді нақтылы қаржылық-экономикалық міндеттерді шешуге қолдану;
  • таңдалған мамандық бойынша тәжірибелік дағдылыққа, іскерлікке ие болып және оны дамыту;
  • дипломдық жұмысты жазу және өндірістік тәжірибе туралы есепті құрастыру үшін нақтылы материалдарды жинақтау, ақпараттарды жүйеге келтіру және талдау;
  • есептегі әзірлеген сұрақтарды шешу, қаржылық ресурстарды басқаруды ұйымдастыру, эксперименттеу үшін зерттеудің әдістемесін игеру және дербес жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Өндірістік тәжірибе есебінде банк туралы жалпы мағлұмат, банктің құрылу тарихына, басқарылу құрылымына тоқталдым, банктің қаржы көрсіштерін талдадым, кадрлық саясатын қарадым.

1 «Kaspi bank» АҚ-ның тарихы, жалпы сипаттамасы

1997 жылғы сәуірде «Каспийский Банкі» ЖАҚ мен «Қаздорбанк» ААҚ (1989 жылдың 13 қаңтарында құрылған және тіркелген) серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісімге отырды. Серіктестер арасындағы өзара іскерлік қатынастың сындарлы стилі және ақпаратпен, жоспарлармен ашық алмасу, қызметкерлердің өзара тағылымдамасы нәтижесіндегі терең түсіністік серіктестердің бәсекелестіктегі артықшылықтары мен әлсіз жақтарын айқындап, екі банктің бірігуі мен қайта ұйымдастырылуы екі жаққа пайдалы екеніне көз жеткізді. Қаржы нарығындағы жағдай мен Қазақстан Республикасының банк жүйесінде байқалған банк капиталдарын шоғырландыру жөніндегі үрдістер, сондай-ақ банк санының қысқаруы, серіктес банктердің қосылуына оң жағдай туғызды.                
        1997 жылғы 12 желтоқсанда «Каспийский» Банкі» ЖАҚ пен «Қаздорбанк» ААҚ өз еріктерімен қосылуы нәтижесінде құрылған «Каспийский» Банкі» ААҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі №245 бас лицензиясын берді.

2000 жылғы 16 ақпанда Банк «Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» ЖАҚ қатысушысы болады.

2002 жылғы қаңтар айында Банк бөлшекті бағыттағы жұмысын белсенді дамытып, жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері арасында жеке тұлғалардың шұғыл салымдарының рейтингінде көшбасшылар ондығына кірді.

2003 жылғы 1 тамызда 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес «Каспийский» Банкі» ААҚ «Каспийский Банкі» АҚ болып өзгертілуіне байланысты әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

2003 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы №408 Қаулысы бойынша «Каспийский» Банкі» АҚ халықтық акционерлік қоғам мәртебесі берілді.

2006 жыл әлемнің дамушы нарығындағы ең табысты инвестициялық қорлардың бірі «Бэринг Шығыс Капитал Партнерс» институционалды инвесторының «Каспийский» Банкінің акционері болып келуі елеулі оқиға. «Бэринг Шығыс» ТМД-да жалпы мөлшері 1.8 млрд. доллардан астам төрт тікелей инвестициялар қорының активтерін басқарады.           
      «Бэринг Шығыстың» басқаруындағы қорлардың инвесторлары арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Нидерландтық FMO дамыту агенттігі секілді танымал халықаралық қаржы институттары, тағы басқа зейнетақы қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар, Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік қорлар бар. «Бэринг Шығыс» ТМД, Азия, Үндістан, Еуропа мен Латын Америкасында $3,5 млрд. активі бар тікелей инвестициялау қорларын басқаратын «Baring Private Equity International» тобының құрамына кіреді.

2008 жылы  «Каспийский» Банкі» АҚ-ы  «Кaspi bank» АҚ болып өзгертілді.

2009 жылы 3 желтоқсанда Лондонда  «The Banker» (Financial Times) журналының жыл  сайынғы марапаттауы бойынша  «Кaspi bank» Қазақстанда «Жыл банкі  – 2009» атағына ие болды.

2007 жылғы  1 қазандағы жағдай бойынша CASPIAN GROUP B.V. (Амстердам, Нидерланд Корольдігі) банктің ең ірі акционері (орналастырылған  акциялары 96,08%). Холдинг Fitch Ratings рейтінгілік  агенттігі берген ВВВ несиелік  рейтингке ие.

Caspian Group B.V. акциясының 51% Baring Vostok Capital Partners тікелей  инвестициялау қорына және 49% «Кaspi bank» АҚ Директорлар Кеңесінің  төрағасы Вячеслав Кимге тиесілі. 

Baring Vostok тікелей инвестициялау қорларын  басқаратын, Азияда, Үндістанда және  ТМД-да $2,5 млрд. активтері бар Baring Private Equity International тобының құрамына  кіреді.

       «Кaspi bank» АҚ-ның басқару құрылымына келетін болсақ, Басқару құрылымының қаулысына байланысты  банктің әкімшілік құрылымы келесідей:

Жоғары ұйым – Акционерлердің Жалпы жиналысы;

  1. басқару ұйымы – Директорлар кеңесі;

 

  1. атқарушы ұйым – Басқарма төрайымы.

Басқарманың құрамына:

  • Корпоративті бизнес бойынша басқарушы директор;
  • Бөлшек бизнес бөлімінің басқарушы директоры;
  • Дамыту (жетілдіру) бойынша басқарушы директор;
  • Қаржы бойынша басқарушы директор.
  • Басқарма мүшесінің құрамына:
  • Персоналдарды басқару бойынша департамент;
  • Қаржылық институттарды басқару бойынша бөлім.

Бөлшек бизнес бөлімінің  басқарушы директорының құрамына:

  • Өнімдер бойынша менеджерлер дирекциясы;
  • Сату каналдарын дамыту бойынша дирекция;
  • Карточкалық бизнес бойынша атқарушы директор;
  • Банктік карточкаларды басқару.

Дамыту бойынша басқарушы  директор құрамына:

  • Маркетинг департаменті;
  • Қоғаммен байланыс орнату және жарнама бойынша департамент;
  • Банктік перацияларды администрациялау департаменті;
  • Әкімшілік-шаруашылық департамент;
  • Салық  бойынша кеңесші.

Басқарма мүшесі құрамына келесілер кіреді:

  • Заң департаменті;
  • Кепілді қамтамасыз ету бөлімі;
  • Кастодиандық қызметті басқару;
  • Тәуекелдерді басқару директоры-Басқарушы директор;
  • Тәуекелдер департаменті;
  • Қауіпсіздік департаменті;
  • Капиталды басқару бойынша;
  • Қазына бойынша басқарушы директор;
  • Қазына департаменті;
  • Проблемалы несиелер бойынша департамент.

Fitch Ratings рейтинг агенттігі kaspi bank-інің ұзақ мерзімді ЭДР B деңгейінде тұрғанын растады.

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі  kaspi bank-інің шетел валютасындағы  ұзақ мерзімді ЭДР (Long-term Issuer Default Rating IDR) В деңгейінде тұрғанын  растады. Рейтингтерді растау  басқа банктермен салыстырғанда  құрылыс секторы мен банктің  несие портфеліндегі валюталық  қарыздардың біршама төмен үлесіне  негізделген. Сондай-ақ kaspi bank-інің  рейтингін капиталдандырудың жоғары  деңгейі, сыртқы қарыздың төмен  деңгейі және депозиттің едәуір  өсімі ұстап тұр. Әлемдік нарықтағы  қиын ахуалға қарамастан, банк  табысты дамуда, «барлық осы көрсеткіштер  агенттікке kaspi bank-інің рейтингін  растауға көмектесті», – деп  жазылған Fitchratings халықаралық рейтинг  агенттігінің баспасөз релизінде.

Сонымен қатар Fitch Ratings Банктің жеке рейтингін (Individual Rating) оны басқа да жетекші  банктердің рейтингімен және Қазақстан  Халық Банкі мен ЦентрКредитБанкіне қатысты сәйкестендіре отырып, D-дан D/E-ге өзгертті, деп атап өтілген  рейтинг агенттігінің баспасөз релизінде. Банктің рейтингі еліміздің банк жүйесіндегі ең жоғарылардың бірі. Тәуекелдерді бағалаған кезде рейтинг  агенттіктері менеджменттің сапасына, капиталдың бірдейлігіне, несие портфелінің  сапасына және тәуекелдердің бағасына басты назар аударды. Шоғырландырылған халықаралық аудит жүргізілген  қаржы есептілігіне сай, kaspi bank-інің капиталының бірдейлігі жылдың соңында 25% астамды құрады, ал бұл қажеттісінен де едәуір көп. Сонымен қатар тәуекел-менеджмент жүйесін, әсіресе бөлшек бизнеске қатысты, әрдайым жақсарту әрі жетілдіру  – банктің негізгі басымдықтарының  бірі. Барлық осы факторлар kaspi bank-інің рейтингін растаған кезде халықаралық  агенттіктің талдаушыларының назарына алынды.

2 Жеке тұлғаларға көрсететін қызметтері мен өнімдері түрлері, олардың ерекшеліктері

Несие картасы:

Артықшылықтары:

  1. Жылдам
  • Карта алу – 15 минутта;
    • Санаулы ғана құжаттар.

2)  Тиімді

    • Халықаралық VISA картасы тегін ресімделеді;
    • Тауар және қызмет ақысын төлеген кезде комиссия төленбейді;
    • Жұмсалған ақшаға ғана пайыз есептеледі;
    • Комиссиясыз және артық төлеусіз мерзімінен бұрын өтеуге болады.

3)  Ыңғайлы

  • Несие картасы бүкіл әлемде жұмыс жасайды;
  • Төлем жасалған сайын ақша несие картасына түседі және оны қайталап пайдалануға болады.

НЕГІЗГІ ШАРТТАР:

Несие шарттары:

  • Несие сомасы 220 000 теңгеге дейін;
  • Несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін;
  • Ай сайынғы төлем – несие лимитінің 7% .

Картаны алу оңай

  • Банктің кез келген бөліміндегі менеджерге баруға болады;
  • Сауалнаманы толтыру қажет.

Өтеу оңай

  • Бүкіл Қазақстан бойынша банктің кез келген бөлімшесінде төлем жасауға болады. 

Қажетті құжаттар:

  • Жеке куәлік;
  • СТН;

 «Кaspi bank» АҚ-ның «Жедел несиелеу» бағдарламасы бойынша өнімдерінің артықшылықтары:

Несие өтінімін қарау үшін өзімен бірге үш құжаттың түпнұсқасын: жеке куәлік, СТН және ЖӘК* ала келу керек.

Несие дүкенде немесе Банк бөлімшелерінде ресімделеді.

Несиеге сатып  алуға арналған тауарлар:

"Жедел несиелеу тауарлары"  өнімі;

«5-5-5 Жедел  несиелеу», «7-7-7 Жедел несиелеу», «10-10-10 Жедел несиелеу» өнімдері;

Тауар құнынан нөл теңге артық төлеу  арқылы берілетін несиелер:

  • «Супернесие-0» өнімі;
  • «Барлығы 0 теңгемен» өнімі;
  • «Жедел несиелеу 0-3» өнімі;
  • «Жедел несиелеу 0-6» өнімі.

Қолма-қол несие:

  • «Қолма-қол» несие өнімі;
  • «Ақша Жедел несиелеу» өнімі;
  • «Ақша Плюс Жедел несиелеу» өнімі;
  • «Ақша Люкс Жедел несиелеу» өнімі;

Несиеге көрсетілетін қызметтер:

«Жедел  несиелеу Қызметтер» өнімі.

Тауарды несиеге  сатып алуға арналған өнімдер:

«Тауар Жедел несиелеу»  өнімі.

Депозиттер:

Артықшылықтары:

  • Салымның ең төменгі мөлшері – 15 000 теңге немесе 100 USD/ EUR;
  • Салым мерзімі – 1 айдан 60 айға дейін;
  • Салым валютасы – теңге, USD, EUR;
  • Сыйақы мөлшерлемесі – салым мерзіміне қарамай жоғары
  • теңгеде – 10% (жылдық тиімді мөлшерлеме 10,5%);
  • USD, EUR – 7% (жылдық тиімді мөлшерлеме 7,2%);
  • VISA халықаралық карточкасы – сыйлыққа!
  • Клиенттердің салымдары Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қорымен сенімді сақтандырылған.

Тиімділігі:

  • Ең жоғары пайыздық мөлшерлеме – салымның мерзіміне, мөлшеріне қарамай бірінші күннен бастап;
  • Салымды ашқаннан кейінгі бірінші күннен бастап ақшаны сыйақыны жоғалтпай алуға (кемімейтін қалдық сақталған кезде);
  • Мерзімін, мөлшерін шектемей депозиттің сомасын толықтырып отыру;
  • Сыйақы клиенттің қалауы бойынша капиталға айналдыру арқылы немесе ай сайын төленеді.

Ыңғайлы:

  • Ақшаны бүкіл Қазақстан бойынша кез келген филиалда алу және толықтырып отыруға;
  • Кез келген уақытта депозиттік шоты жайлы ақпаратты телефон арқылы алу мүмкіндігі.

Оңай:

Депозит ашу үшін:

  • СТН;
  • Жеке куәлік қажет.

3  «Kaspi bank» АҚ-ның қаржы-экономикалық қызметін талдау.

2011 жылғы Банктың табысының  жалпы суммасы 18 875 292 мың теңгені құрады, сонымен қатар пайыздық табыс 77%, коммерциялық табыс (сонымен қатар кредиттік операциялар) 14%, қаржы операциялары бойынша 4%, басқа да табыстар 5% құрады.

1-сурет – 2011 жылдың табыстар құрылымы

 

2011 жылы банк табысының  көп бөлігі сыйақы алуға; клиенттерге  кредит беруге; құнды операцияларға  тиесілі. Пайыздық табыстың барлық  табысы 14 463 091 мың теңгені құрады  – бұл 2010 жылға қарағанда  8 490 209 теңгеге (142%-ға) жоғары. Сонымен  қатар клиенттер мен ұйымдарға  берілген займдар мен лизингтерден  түскен табыстар 7 769 261 мың теңгеге  (142%-ға) өсті. Құнды қағаздармен операциялардан  түскен табыс көлемі 593 105 мың теңгеге  (127%-ға) өсті. Төменде 2010-2011жылғы пайыздық  табыстың құрылымы көрсетілген.

Жалпы табыс құрамындағы  пайыздық табыстың үлесі 57%-дан (2010 ж.) 77%-ға (2011ж.) өсті.

2011 жылғы сыйақы (пайыздық) төлеу шығындары 6 091 759 мың теңгені  (банктың жалпы шығындарының 37 %)құрады. Пайыздық шығындар 2010 жылға қарағанда  2 961 711 мың теңгеге (95 %-ға) өсті.

2011 жылғы банк активтерінің  өсімі 89%-ға өсті.

 

3-сурет – 2011 жылғы шығындар  құрылымы

 

Өсім көздері: банктың  капиталының өсуі, евроаблигацияларды орналастыру, клиенттер базасын  ұлғайту, халқаралық  қаржы нарығынан  қаржы тарту болып табылады.

Банктың негізгі коммерциялық қызметі болып табылатын, негізгі  параметр, меншік капитал. Меншік капиталдың баланстық маңызы бар өсімі 2011 жылы 33%-ға тең, ал абсолютті маңызы 12 909 404 мың теңгеге тең болды. Жиынтық меншік капиталы 42%-ға өсті.

Табыс салығын төлегенге  дейінгі пайда (2 231 928 мың теңге) 2010 жылғы ұқсас көрсеткіш бойынша 61%-ды құрады

Табыс салығын төлегеннен кейінгі пайда алдыңғы жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда  66%-ға өскен. (Қосымша 1).

«Kaspi bank» АҚ-ның бухгалтерлік балансын талдау.

Касса және халық (орталық) банктағы қалдық активтер 5 523 542 мың теңгені, (2011 ж. қаңтар айына - 9 321 626 мың теңге) құрайды.  Қолма-қол ақшалар құрамы:

  • кассадағы қолма-қол ақша – 2 520 470 мың теңге;
  • жолдағы банкноттар мен манеталар – 140 801 мың теңге;
  • айырбастау пунктіндегі қолма-қол ақша – 22 802 мың теңге;
  • банкоматтардағы қолма-қол ақша – 5 807 мың теңге;
  • жол чегтеріндегі ақша – 198 мың теңге;

Қазақстан Республикасының  Халық Банктағы корреспонденттік шоттар, ақша және оның эквиваленті ретінде  есептеледі. 2011жылдың аяғында шоттардағы ақша көлемі – 2 833 464 мың теңгеге тең болды.

2011 жылдың аяғында құнды  қағаздар  5 243 641 мың теңге құрады. Сонымен қатар «оратное РЕПО» оперциясынан түскен табыстар мен құнды қағаздар 58 464 мың теңге болды. «Обратное РЕПО» операцияларында келісім тақырыбы болып келесілер саналады: 685 292 мың теңгеге тең келетін Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің облигациялары, «Банк Туран Алем» АҚ акциялары – 272 402 мың теңге, «Ордабасы» АҚ акциялары- 296 441 мың теңге, «Қазақтелеком» АҚ акциялары – 1 040 497 мың теңге

2011жылы мәміле мерзімдері 1 күнен 1 жылға дейінгі көлемде  ауытқып отырды. Банк тарапынан  бұл активтер қалыпты деп есептелінді.  Және активтерге провизия жасалмаған.

2011 жылдың аяғына қарай  корреспонденттік шоттар мен  басқа банктардағы саламдар құны  есептелген табыс есебімен -1 723 897 мың теңгені құрады.

Есеп беру мерзімінде банктың  «Ностро» сияқты корреспонденттік щоттар 26 банкте болды, соның ішінде 3 банк – резидент.

Корреспонденттік шоттардан  қалған қалдық ақшаға есептелген пайыздық сыйақы 0,15%-дан – 0,25%-ға дейінгі интервалда болды.

Корреспонденттік шоттар құны – 808 701 мың теңгеқұрады, соның ішінде:

  • Қазақстандық банктердегі «Ностро» корреспонденттік щоттары - 51 876

мың теңге;

  • шетел банктарындағы «Ностро» корреспонденттік шоттар – 756 825

мың теңге.

Корреспонденттік щоттар бойынша есептелген табыс құны 497 мың теңгені құрады.

Салымдар:

  • «Валют Транзит Банк» АҚ орналасқан қысқа мерзімді салымдар –

908 000 мың теңге;

  • Банк міндеттемелерін қамтамасыз ететін салымдар 6 699 мың теңге.

2011 жылы банкаралық салымдар  көлемі – 35 678 975 мың теңге болды, соның ішінде: теңгеде – 1 193 000 мың теңге, өлшенген орташа пайыздық сыйақы мөлшерлемесі 7,39%; шетел валютасында – 34 485 975 мың теңге, өлшенген орташа пайыздық сыйақы мөлшерлемесі 3,35%.

2011 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша банк балансындағы  есептелген материалдық активтер  құны 3 163 718 мың теңге болды, соның ішінде есептелген амортизация (-868 908) мың теңге. Бастапқы құн құрамында:

  • құрастырылып жатқан негізгі қаражат – 124 887 мың теңге;
  • жер, ғимараттар – 2 250 410 мың теңге;
  • компьтерлік жабдықтар – 463 496 мың теңге;
  • басқадай негізгі қаражаттар – 740 832 мың теңге;
  • транспорт – 350 745 мың теңге;
  • жалға алынған ғимараттарға кеткен күрделі қаржы шығындары –

102 256 мың теңге.

2011жылы негізгі қаражатты  қайта бағалау жүргізілген жоқ.

2011 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша 1651-ші «құрастырылып  жатқан негізгі қаражат» шотында  құрылыс-монтажды жұмыстар мен  құрастырылмаған құрал-жабдықтар  құны – 24 887 мың теңге (2010 жылы 123 604 мың теңге) есептелген.

2012 жылдың 1 қаңтарында банктың  басқадай активтер құны – 4 059 349 мың теңгені құрады:

  • провизиялар суммасы – (-190 339) мың теңге;
  • тауарлы-материалдық қоры – 33 945 мың теңге;
  • шығындар және сыйақыны алдын-ала төлеуге кеткен щығындар –

1 420 345 мың теңге;

  • есептелген комиссиялық табыстар –  52 808 мың теңге;
  • cалықтар мен бюджетке төленетін басқадай міндеттемелерге есеп

айырысу - 31 755мың теңге;

  • банк қызметкерлерімен есеп айырысу – 3 887 мың теңге;
  • құжаттық есеп айырысу бойынша дебиторлар – 1 887 477 мың теңге;
  • капиталдық салымдар бойынша салымдар – 658 796 мың теңге;
  • басқадай дебиторлар – 31 755 мың теңге.

Пайда болған провизиялар:

  • 1602 щотында тауарлы-материалдық қор бойынша – 1 883 мың теңге;
  • сыныпталған дебиторлық қарыз – 188 456 мың теңге, соның ішінде

филиалдарда – 5 330 мың теңге.

Банктың пассивтерін қарастырайық.

2011 жылдың 9 қаңтарына 5 441 172 мың теңгені құрады, соның ішінде:

  • басқа банктардағы корреспонденттік шоттар – 1 589 мың теңге;
  • банк-резидент – 97 мың теңге;
  • банк-резидент емес – 1 492 мың теңге;
  • басқа банктардағы жедел салымдар – 5 431 169 мың теңге;
  • «Цеснабанк» АҚ - 133 980 мың теңге;
  • «Теxakabank» АҚ - 107 184 мың теңге;
  • «Банк Туран Алем» АҚ - 4 000 000 мың теңге;
  • «Иран экспортының даму Банкі» - 700 000 мың теңге;
  • «Евразиялық Банк» АҚ - 490 005 мың теңге;
  • жедел салымдар бойынша есептелген сыйақылар – 8 414 мың теңге.

2011 жылы банкаралық салымдар көлемі 13 525 517 мың теңге болды, соның ішінде: теңгеде –  6 707 986 мың теңге, (9,28 % өлшенген орташа пайыздық сыйақы бойынша), шетел валютасында – 6 817 531 мың теңге (4,4 % өлшенген орташа пайыздық сыйақы бойынша).

Банктың есеп беру мерзіміне  банктың «ЛОРО» сияқты 30 шоты 19 банкте орналасқан. Корреспонденттік шоттардағы қалдықтар сыйақы мөлшерлемесі 1,6% құрайды, валютада 2,5% құрайды.

2001 жылғы 1 қаңтарда банктық  шоттар мен клиенттер салымдары  43 819 621  мың теңгені құрады, соның ішінде:

  • ағымдағы шоттардағы және талап етуге дейінгі салымдар қалдықтары –

13 204 387 мың теңге;

  • ағымдағы шоттар және талап етуге дейінгі салымдар бойынша

есептелген шығындар – 7 855 мың теңге;

  • қысқа мерзімді салымдар – 9 206 181 мың теңге;
  • ұзақ мерзімді салымдар – 16 253 921 мың теңге;
  • жедел салымдар бойынша есептелген шығындар – 364 167 мың теңге;
  • басқа салымдар – 4 559 891 мың теңге;
  • басқа салымдар бойынша есептелген шығындар – 113 665 мың теңге;
  • Қазақстан Республикасының валюта туралы заңнамасымен сәйкес

жөнелтушінің сақтау шоты – 109 554 мың теңге.

Жедел салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі келесідей көрініс  береді: теңгедегі салымдар 3%-дан 11%-ға дейін, шелел валютасында 2%-дан 8%-ға деін. Міндеттемелердің ең үлкен үлес салмақ  ұзақ мерзімді 37%, қысқа мерзімді салымдар 21% тиесілі. Ағымдағы шоттар мен  салымдардың есептелген сыйақы есебімен қалдықтардың үлес салмағы – 30% құрайды.

Ежелгі Месопотамия мәдениеті. 2