Фирманың өндіріс шығындары және табыстары

8-тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табыстары 

      Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның  өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Өндіріс  шығындарының классификациясы

  1. Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:
 
 

               
 
 

      Жоғарыда  келтірілген схемаға мынадай  тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.  

      Экономикалық  шығындар  ресурстардың сиректігіне және оларды балама  пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.

      Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.

      Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.

  1. Өндірілген өнім көлемінің  өзгеруіне байланысты:

 

 

        Кәсіпорынның жалпы  шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады.

Өнім  өндірудің ең жоғары  деңгейін анықтау  үшін  шекті шығындар МС есептеледі.

     Шекті шығындар  – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа  шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

      Өндірістің  қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар  өзгермейді. Сондықтан, өндірілген өнім көлеміне  байланысты шығындар тұрақты  және  өзгермелі түрде болады.

      Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім  өндірмеген жағдайда да  төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын  шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.) 

  1. МС= ТС,    мұнда: МС-шекті шығындар,

                Q                   Q = өндірілген өнім саны. 

3.  АС = ТС ,          АС – орташа жалпы шығындар

                Q             .

  

  1. АҒС = ҒС .       АҒС- орташа тұрақты шығындар.
                   Q
 
  1. АVС =          АVС – орташа өзгермелі шығындар.

                   Q

      

      2. Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз – табыс пен шығындардың арасындағы  айырмашылық. Табыс  дегеніміз -  сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға  сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады: 

  1. Жалпы табыс – ТR = PxQ
  2. Орташа табыс – АR = TR = P

                                            Q

  1. Шекті табыс – MR =  ТR

                                           Q 

Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте  кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік  көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім. Жалпы өнім (Q) –   өзгермелі факторлардың белгілі бір көлемін қолданғандағы өндірілген  өнімнің саны.

     Орташа өнім (АР) – көрсеткіш жалпы өнімді (Q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:
 

АР =

мұнда  Ғ1-өзгермелі факторлар

      Шекті  өнім (МР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімнің (Q) өзгеруін  өзгермелі фактордың (Ғ1) өзгеруіне бөлумен анықталады:

      3. Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, өсімқорлық, өнеркәсіптік.  Капитал түсінігіне ең толық, жан-жақты зерттеуді жүргізген К.Маркс. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын зерттеген. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады.

      Экономикалық  теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар:

    • капитал – деген құрал – жабдықтар жиынтығы,
    • капитал деген ақша сомасы.

    Бірақ, капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады.

      Экономикалық  теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдайды. 

      Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатысатын өнеркәсіптік каиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ. оны мынадай түрге бөлуге болады:

А - Т  …Ө ... Т1 - А1 

     Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:

А- Т ... 

      Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.

      Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға  айналады. Бұл капиталдың функциясы - ондіріске жағдайлар жасау:

      ... Ө ... 

      Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн ондіру функциясын атқарады:

      ... Т1 - А1

      Тауарларға  сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталыньң функциясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

      Капиталдың  бір формадан екінші формаға айналатын  қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп тұр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

      d=А' - А 

Мұнда: А—бастапқы жұмсалған капитал, 

            d—үстеме құн.

      Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей  қайталанып жүріп отыратын жеке акт  емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.

      Капиталдың  айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды. 

      4. Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып бөлінеді.

      Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жумысшы күшінің төлем құңдары жатады. Капитаддың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өңдіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

      Негізгі капитал - бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Нсгізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. ІІІикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

      Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады.

      Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

      Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларла орын алады:

  • жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;
  • табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде.

     Материалдық тозудың екі жағы болады:

  • техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;
  • құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.

      Моралдық  тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының бағалылығының жойылуы. Моралдық тозудың екі түрі болады:

  1. еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;
  2. құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жогары болады.

      Аталған екі жағдайдада негізгі капиталдың құны жойылады төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді).

      Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады.

      Амортизация қорының қаржылары ескірген еңбек  құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланылады. Демек амортизация қоры өңдірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың косымша көзі ретінде қызмет етеді.

      Капиталдың  қызмет ету мерзімінің сипаттамалары  өте манызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді. 
 

9-тақырып.  Өндіріс факторларының  нарығы және факторлық  табыстар

      1. Табыстардың  құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық  экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны білу қажет.

        
 
 
 
 
 

      Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы  экономикалық  қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

      Еңбек нарығына  тән  қасиеттер:

  • жұмыс  орындарын ұсынатын  кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);
  • әртүрлі мамандықтағы  еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);
  • еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің  күш ықпалының жүрмеуі;
  • жұмыс күшінің жалақының  мөлшерімен бағалануы.

     Қазіргі экономикалық теорияда  жалақыны кең және тар мағынада  түсіндіруге болады.  Кең мағынада жалақы  әртүрлі мамандықтағы  еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына  еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық  ақылары кіреді. Тар мағынада,  жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

     Жалақы  номиналды және нақты түрінде  ажыратылады. Номиналды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

     Нақты жалақы  еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.

     Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

  1. Номиналды жалақыға.
  2. Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.

      Еңбектің  бағасы ретінде жалақының жалпы  дәрежесі графикте  сұраныс пен  ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген  сұраныстың қисығы тауарға деген  сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс  күшінің ұсыныс қисығы – тауар  ұсынысының  қисығымен ұқсас болады.

      Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту  деңгейіне  және жалақыны өсіруге  әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына  жалақыны  төмендетуге  әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың  қисықтарының қиылысуы  жалақының  теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.    

      Еңбек ұсынысына әсер ететіндер:

1 Еңбекке  қабілетті елдегі халықтың саны.

2  Жұмыс күшінің  ұзақтығы.

3 Халықтың  мамандық деңгейі және кәсіпшілік  дайындығы.

       П.Самуэльсонның  теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

  • халықтың жалпы саны;
  • жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;
  • белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);
  • халықтың сапалық  құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

     Осы  көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін  теорияда екі фактор бар. Бұл  алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

     Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір  атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

     Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне  қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне  еңбеккер  өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни  жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек  ұсынысының  төмендеуіне әкеледі.

Нақты тәжірибеде жалақының  әр түрлі формалары  кездеседі.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Жалақыны  екі незгізгі формаға бөлуге болады:

  • мерзімдік жалақы еңбектердің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты  төленеді;
  • келісімдік жалақы  еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне байланысты  төленеді.

     Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады. 

Жалақының формалары

 
 
 
 
 

       Қоғамда табыстар  біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі  бөлінбеуі деңгейі  графикте Лоренц  қисығымен көрсетіледі.

1.4. график. Лоренц қисығы.
табыс%

100                                               С 

 

80 

60 

                                            В

40

    

20

                                                D отбасы%

А         20         40         60       80        100                                                      

АС - түзу сызықта  абсолюттік теңдік көрсетілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады.

АВС - табыстың  нақты бөлінуі. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің  нақты деңгейі  “Джинни коэффициентімен”  есептеледі. Коэффициент өскен сайын табысты  бөлу  теңсіздігі де өседі. 

Кдж= АВС ауданы

                            АДС ауданы


   2. Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық  игіліктердің қоры, ол сонымен қатар  материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті,  білімі. Капиталдың  екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс  әкеледі. Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.

     Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың  арақатынастарының объектісіне  байланысты, капитал нарығы деген  түсінікке анықтаманың екі түрлі  болуы мүмкін.

     - Өндіріс факторлары нарығында  капитал деп олардың құндық  өлшеміндегі физикалық капитал  түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар  нарығы өндіріс факторлары нарығының  бір бөлшегі болып табылады.

     - Қаржы нарығында капитал дер  ақша капиталы түсініледі. Сондықтан  капиталдар нарығы қарыз капиталдар  нарығының құрамды бөлігі болып  табылады.

     Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.  

     Капитал нарығындағы сұраныс – бұл  өздерінің инвестициялық жобаларын  жүзеге асыруға мүмкіндік беретін  фирмалардың физикалық капиталға  сұранысы. Ақшалай салым түрінде  капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде  қолнадуға өз капиталын береді. Бұл  үшін олар салынған қаражаттарға процент  түрінде табыс алады. 

     Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның  құралдарын  пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы  қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:

     - инвестицияның пайдалылығына, 

     - экономиканың дамуына, 

     - мемлекеттің сұранысына,

     - салым  мерзіміне, 

     - салым салу саласына тәуекелге  және басқа да факторларға. 

     Несие пайызы  номиналды және  нақтылы  мөлшері болып бөлінеді.  Номиналды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы  нарықтық пайыздың  мөлшері.  

     3. Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына  төмендегі факторлар әсер етеді:

  1. Жер құнарлылығы;
  2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

     Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны  пайдаланғанда осы ресурстың  иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.   

     Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының  екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

     Абсолюттік  рента – бұл жериелерінің  иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне  жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен  қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді.  Сондықтан нарық бағасы  құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке  өндірістік  бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда   алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде  жер иелері иемденді.

     Дифференциалды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді  пайдаланатын  жалгерлердің  үстеме  пайдасы болып табылады.

  1. Жердің табиғи  құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын  орналасуына байланысты  алынатын пайданың төлемі ретінде жер  иелеріне көшуін дифференциалдық І рента деп атайды.
  2. Жердің  құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента  деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.
 

10-тақырып.  Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде. 
 

     1. Нарық экономикасы екі  дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып  бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс  экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс  табу болса, «макроталдау» назарында  агрегатты  өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті  динамикалық өсіп-өркендеуге  бейімдейді.

     Макроэкономикада  зерттелетін негізгі мәселелер:

     - ұлттық өнім және ұлттық табыстың  мөлшері мен құрылымын анықтау;

     - жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың  мәселелері;

     - инфляция мен инфляция қарсы  саясат;

     - экономикалық өсудің түсінігімен  факторларын зерттеу;

     - экономикалық дамудың циклдары;

     - ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен  өзара әсерлерін зерттеу;

     - мемлекеттің макроэкономикалық  саясатының мәселелері.

     Экономиканың  дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық  шаруашылығының балансы  жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің  БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған  стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж.  мемлекеттің негізгі экономикалық  көрсеткіштерін бағалау және әрбір  елдердің  экономикасын өзара салыстыру  үшін халықаралық стандарт рөлінде  қолданылады.

     Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық  көрсеткіштерде материалдық және материалдық  емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық  көрсеткіштерге   жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.)  және  жеке табыс (Ж.Т.). 

     Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық  игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық  нарықтық құны. Экономикалық  теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы  нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы  есептеумен  анықталады.         

     Нақты ЖҰӨ =  номиналды ЖҰӨ

                                          баға индексі

     Номиналды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы  ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық  өкілінің  дефляторы деп атайды.

         ЖҰӨ  дефляторы = номиналды ЖҰӨ

                                                               нақты ЖҰӨ

Фирманың өндіріс шығындары және табыстары