Франциядағы туризм дамуының қазіргі жағдайы
Мазмұны
Кіріспе
1.Францияның
жалпы географиялық
сипаттамасы
2.Франция
- әлемдегі бірінші
туристік мемлекет
6
3.Франциядағы
туризм дамуының қазіргі
жағдайы
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жалпы туризмің дамуы қандай мемлекет болмасын халықаралық жағдайда достық қарым – қатынастар тарихымен және халықтың әлеуметтік жағдайымен сабақтас ұғым. Туризмді дамытуда алдымен мемлекеттің өзі өзіндік саясат ұстанады, саясаттың негізгі мақсаты осы туризм жолымен мол қаражат табу.
Францияда туризмнің дамуы ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасады. Францияның қоғамдық қарым – қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму кезеңінде – ХХ ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурстарының ауқымды бөлігін іске қосқан. Бұл Франция үшін жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады. Бүгінгі таңда әр мемлекеттің өзіндік ұстанымы, өзіндік саясаты бар, соның ішінде туризм саясаты өзекті мәселелердің бірі екені белгілі.
Жұмыстың мақсаты: Франция туризмнің дамуын ашып көрсету, сонымен қатар Франция туризмінің дамуына әсер еткен ХХ ғасырдағы еуропа елдерінің туризмдік бағыттары мен халықаралық аренадағы орнын толық қамту болып табылады.
Жұмыстың міндеті - қойылған мақсатқа сәйкес Францияның туризмнің қалыптасып дамуы, туристік саланы дамытудағы атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар, болашақта туризм жөніндегі алға қойған мақсаттарын талқылау. Сонымен қоса Францияның және көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б.) зор ықпал ететіндігін, туризмге әсерін тигізетін факторлар: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық мәселелерді толық жеткізу.
Туризм - әр адамға белгілі құбылыс. Барлық заман кезеңдерінде біздің ғаламшарымыз – жер бетін көптеген саяхаттанушылар мен алғашқы ашушылар кесіп өткен. Алайда туризм адамдардың арнайы бір қызмет түрі ретінде қазіргі заманда ғана қалыптаса бастаған. Туризм салыстырмалы түрде өте жас феномен, алайда оның түптамыры ежелгі заманға ұласып жатыр. Біз нарықтық шаруашылыққа туризмге қатысты халықаралық рынокта көптеген өзгерістер енген кезеңде жеттік. Туризм бүкіл әлемде экономиканың ең маңызды салаларының біріне айналды, ал тіпті кейбір дамып келе жатқан елдерде экономиканың қарқынды дамып, мемлекет тұрғындарының сапалы өмір сүруінің, және елдің мемлекеттік қаражатының негізгі көзіне айналды.
Туризм бүгінгі таңда қазақстандық немесе әлемдік экономиканың ең маңызды мекторына айналды. Туризмнің дамуы - болашақтағы экономикалық жағынан өте тиімді жаңа әлемдік нарықтық шаруашылықтың бір бөлігі. Көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды сала ретінде - (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б.) қандай бір мемлекет болмасын ішкі және сыртқы экономикады зор ықпал етеді. Бұдан туризмнің өзіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.
Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада басты орында және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас күнделікті шындыққа айналды. Көптеген кәсіпкерлердің туризмге қызығушылық білдіруі бірнеше факторлармен түсіндіріледі. Ең бірінші, туристік бизнеспен айналысуды бастау үшін, көп инвестицияның қажеті жоқ. Екіншіден, туристік нарықта ірі, орта, кіші фирмалар өзара әрекет етеді. Әлемдегі туризмның дамуына ғылыми-техникалық прогресс, тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсарту, бос уақытты, демалыстарды көбейту, экономикалық және саяси тұрақтылық тағы басқа да факторлар әсерін тигізеді.
Қазіргі уақытта туристік жолмен дүниежүзінің бірқатар мемлекеттері жақсы дамып, мемлекеттік бюджетке көптеген кіріс кіргізуде. Олардың қатарында туристік жолмен көптеген елдермен тығыз байланыс орнатқан Франция, Испания, Греция, Түркия, Венгрия және Египет елдерді айтуға болады. Бұл мемлекеттерде туризм арқылы мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономикалық саласы болып табылады. Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі.
Ал
қазіргі уақытта туризм мемлекетке
табыс келтіретін үлкен табыс
көзіне айналып отыр. Франция осы
мақсатта да соңғы уақытта көптеген мемлекеттермен
тығыз байланыс орнатып, саяхаткерлердің
жылдан жылға саны артып келеді. Алға қойылып
отырған басты нысан Франция туризміндегі
жоғарыда айтылған мәселелерді жан жақты
зерттеп, қорытынды жасау.
1
Францияның жалпы географиялық
сипаттамасы
Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады. Француздар өз елін «гексагон» деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі. Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді. Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр. Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды.
Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады. 1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар, ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді. Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді. Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент. Елордасы – Париж, ресми тілдері - француз тілі. Президенті Николя Саркози , Премьер-министрі Франсуа Фийон . Ұлттық ақшасы: еуро. Франция – халықаралық туризм орталығы. Қазіргі кезде Франция жылына 77 млн –дай шетел туристері қабылдайды.
Францияның ішкі ұлттық өнімінің көлемі АҚШ, Жапония, Германиядан кейінгі төртінші орын алады . Франция жоғары дамыған елдер қатарына жатады. Өнеркәсіптің табысы ауыл шаруашылығына қарағанда бес, алты есе көп, Франция экономикасында сауда, қаржылық операциялар және туризм үлкен рөл атқарады.
Франция-жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша дүние жүзінде 4-орын (АҚШ, Жапония, Германиядан кейін), Еуропада Германиядан кейін 2-орын алады. Ұлттық табысты жан басына шаққандағы жылдық мөлшелері 24990 АҚШ долларына тең (2003 ж). Франция автомобильдер шығару жөнінде дүние жүзінде 3-орын, авиациялық және ғарыштық техника өндірісі бойынша Еуропада 1-орын алады. Сондай-ақ экспортқа көп мөлшерде қару-жарақ, АЭС-тер үшін құрал-жабдықтар, химикаттар, маталар мен киім-кешек шығарады. Француз өнеркәсібінің жетекші салаларына автомобиль жасау, химия мен мұнай химиясы, ұшақ жасау (аэробустар мен әскери ұшақтар), электроника, металлургия, темір жолы техникасын шығару жатады. Парфюмерия — косметикалық сала мен жоғары талғамды сәнді киімдер шығаруда Франция дүние жүзінде бірінші орынды иеленеді. Жылына шамамен 3,5 млн. автомобиль шығарса, оның жартысына жуығы экспортқа жіберіледі. Автомобильдердің 90%-дан астамын “Рено” мен “Пежо-Ситроен” компаниялары шығарады. Кеме және станок жасау, ауыл шаруашылық машиналары өндірісі де жақсы дамыған. Химия өнеркәсібі минералды тыңайтқыштар, синтетикалық каучук пен пластмасса, парфюмерия, дәрі-дәрмектер жасауға маманданған. Ірі мұнай, химиялық кәсіпорындары көп. Химия өнеркәсібі биотехникалық және гендік инженериямен тығыз байланысты. Тоқыма өнеркәсібі өзінің бұрынғы маңызынан айрылса да, Франция киім-кешек пен маталар шығарудан Еуропада алдыңғы орындардың бірін иеленеді (мақта-мата, жібек, синтетикалық, жүн, кендір, зығыр маталары өндіріледі). Француз кәсіпорындары шығарған ірімшік, шараптар, кондитерлік бұйымдар дүние жүзіне танымал. Өнеркәсіп өнімдерінің 1/5-іне жуығы Париж бен оның айналасында, сондай мөлшері Лион мен солтүстік аудандарда өндіріледі. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің көлемі бойынша Франция дүние жүзінде АҚШ пен Канададан кейін 3-орынды иеленеді. Ол ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз етіп, 40%-ын экспортқа шығарады. Франция -Еуропадағы астық, сары май, ірі қара етін, ірімшікті ең көп мөлшерде өндіретін ел. Өсімдік шаруашылығының негізгі саласы - дәнді дақылдар өсіру (негізгілері -бидай, жүгері, қара бидай, арпа, күріш). Картоп, қант қызылшасы, күнбағыс, рапс та көп мөлшерде өсіріледі. Ницца өңірінде гүл өсіру дамыған. Жүзімнің негізгі бөлігі шарап дайындауға (жылына 60 млн-дай л) жұмсалады, неғұрлым белгілі түрлері шампан, кагор, коньяк. Жеміс-жидек (алма, алмұрт, шабдалы, Жерорта теңізі жағалауларында цитрустық жемістер мен қара өрік) пен көкөніс өсіру дамыған. Ірі қара (20,6 млн. бас), шошқа, қой, жылқы өсіріледі. Балық аулау кәсібінің негізгі порттары Атлант мұхиты жағалауларында (Булонь, Лорьян, Ла-Рошель) орналасқан. 2005 ж. елде 70 млн-нан аса шетелдік туристер демалды. Экспортының негізін өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, тұрмыстық бұйымдар, ауыл шаруашылық өнімдері, химиялық тауарлар мен шикізаттар, тігін бұйымдары, киім-кешек, аяқ киім, парфюмерия мен косметика, автомобильдер құрайды. Сырттан тұтыну тауарларын, өнеркәсіптік шикізаттар алады. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Бельгия, Люксембург, Ұлыбритания мен АҚШ. Франция Қазақстанның сауда серіктестері ішінде 12-орын алады. Француз кәсіпорындары Қазақстандағы өз қызметінің қарқынын біртіндеп арттырып келеді. 2005 ж. ҚР мен Франция арасындағы тауар айналысы 2665,1 млн. долларды құрады. Қазақстан Францияға мұнай, кентастар, химия өнеркәсібінің шикізаттарын, тері мен астық береді. Франциядан негізінен дәрі-дәрмектер, азық-түлік өнімдерін, қосалқы бөлшектер, автомобильдер, тұрмыстық электроника, шарап, теңіз өнімдерін, ірімшік, парфюмерия мен косметикалық бұйымдар, жоғары сән киімдерін алады. Қазіргі кезде Қазақстанда француз кәсіпкерлері араласқан 19 шағын кәсіпорын тіркелген. 4 француз банкі Қазақстанмен бірлесіп жұмыс атқаруда, мұнай-газ, тау-кен, энергетикада, көлік пен қызмет көрсету салаларында көптеген француз компаниялары еңбек етуде. 2004 ж. 10 наурызда Парижде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-француз үкіметаралық комиссиясының кезекті, алтыншы мәжілісі болып өтті.
Франция экономикасы дүниежүзілік шаруашылықтын ажырамас бөлігіне айналды. Сыртқы сауда экономикалық өрлеуге негіз болып отыр, оған оң сальдо тән. Экспорт көлемі жөнінен ел батыс Еуропада тек Германияны ғана алға салады, Францияның сыртқа шығаратын тауарларының жалпы құны дүниежүзілік тауар экспортының 5,1% -ын құрайды. Экспорт құрылымында машиналар мен жабдықтар 43 және ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаты 20 басым болып отыр .Соңғы жылдары әскери техника мен қару – жарақты сыртқа сату жөнінде АҚШ – тан кейінгі екінші орынға шықты.Импорт көлемі жөнінен Франция Жапониямен қатар АҚШ, Германиядан кейінгі үшінші орынды бөліседі.Франция – халықаралық туризм орталығы. Қазіргі кезде Франция жылына 77 млн –дай шетел туристері қабылдайды. Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуда туризмнің маңызы зор. Францияның ірі қалалары:
Пари́ж
- Франция елінің астанасы, маңызды экономикалық
және мәдени орталығы. Франция ортаңғы
бөлігінің солтүстігінде, Иль-де-Франс
аймағында, Сена өзенінің жағасында орналасқан.
Ұраны - Fluctuat nec mergitur.Эйфель мұнарасы бүкіләлемдік
көрмеге арналып 1889 жылы салынады. Париж
климаты қоңыржай, теңіздік. Парижде 13
млн. халық тұрады. Тарихи деректерге сүйенсек
қала Филлип Август королінің тұсындағана
өркендеп өсе бастаған. Қала жоспары шеңбер
үлгісінде құрылған. Архитектуралық ансамбілдері
ғасырлар бойы қалыптасты. Готика үлгісіндегі
архитектуралық құрылыстардың дені Сита
аралына шоғырланған. 13 ғ-да шіркеулер
мен монастырьлар салына бастады. Нақ
осы тұста атақты НотрДам де қолға алынса
керек. В.Гюго оны (Париж құдай аналарының
соборы) деген атпен әлемге әйгілі етті.
Атақты Лувр 1204 жылы салына бастапты, сол
түста 20 мың шәкірті бар Париж мектептері
университет болып бірігеді, алғашқы университет
1629 жылы салыныпты.
2
Франция - әлемдегі бірінші
туристік мемлекет
Париж - туристтердің саны жыл сайын көп болатын туристiк қала. Франция астанасы сонымен қатар, өзінің архитектурасының әдемiлiгiмен, мұражайларымен, бақтарымен, аудандардың байлығымен атақты.
Парижде әлемге әйгілі Эйфель мұнарасы, Үлкен және Кіші сарайлар, Юнеско ғимараты, Шайо сарайы, Пантеон, Сен Женевьев кітапханасы, т. б. көрікті жерлерді тамашалауға болады. Парижде болған адам көп архитектуралық ескерткіштерге күтпеген жерде кезігіп жатады. Сондай мұралардың бірі - Сен-Мартен каналы. Каналдың үстіне ұзақ жылдарда көптеген көпірлер тұрғызылып, әрқайсысы өзгеше сәулет туындысына айналды. Тұтастай алғанда бір-бірінен, бөліп жарғысыз айшықты өнер ансамбелін құрайды. Қала тұрғындарының айтуы бойынша шаһарды Сен- Мишель бульварынан бастап аралау керек. Бұл жер француз жастарының сүйікті орны. Осы арада қол созымда Люксембург Сарайы бар. Мария Медичидің әмірі мен салыған әсем ғимарат Еуропа сәулет өнерінің ғажайып туындысы ретінде әлемге белгілі. Әрине, Париж туралы әңгімелеген де, Асқақ арка жайлы айтпай тұра алмайсың. Арканың биіктігі – 50 метр, лифт арқылы көтеріледі де Париждің үстінен емін – еркін қарай бер. 1977 жылы Парижде елеулі оқиға болды. Тобур көшесінде Ұлттық театр ашылды, оған Жорж Помпидудың есімі берілді. Театрда сурет галереясы, көрме залдары, аса бай кітапхана, грамзапись жазбалары жинағы бар. Театр үйінің жобасына халықаралық байқау жарияланғанда 681 үлгі келіп түсіпті, солардың ішінен итальян Р.Пьяно мен ағылшын Р.Роджерстің жобалары таңдалып алынған. Енді, міне биіктігі 50, ұзындығы 150 ені 50 метр ғажайып ғимарат Париждің мақтанышына айналып отыр. Сондай-ақ әлемге әйгілі Елисей алаңыда осында. «Суретті кітап көрмесі» Францияның транспорт желісінің барлығы Парижден шығатын магистральдар. Дүние жүзіндегі ең жүрдек экспресс поезд Париж- Бордо 350 км жылдамдықпен жүреді. Э. Хемингуэйдің «Ол - мәңгі сенімен бірге мейрам» деген ғой даңқты қаламгер. Франция ел экономикасының маңызды аспектсін құрайтын мемлекет. 90 жылдардан бастап Францияға көптеген туристер демалу мақсатында келетін болған. Сонымен қатар өздерінің кезекті демалыстарында да Францияға келген туристер саны жылдан – жылға артуда. Туристерді тартуда Франция кез келген талғам бойынша қонақжайлылықтың түрлері, әртүрлі пейзаждар, тарихи және көркем картиналар, сонымен қатар туристерге сапалы, тиісті қызмет көрсетумен және көлік инфрақұрылымымен ерекшеленеді. Негізгі туристік құрылымда 700 000 қызметшiлер жұмыс iстеген. Көптеген қонақ үйлерде, мейрамхана, кемпингтер, саяхат бюросында жұмыс істеген.
Франциядағы туристер көп баратын орындар: Париж, Версаль сарайы, Луара сарайы, Мон-Сен-Мишель, Лиона тарихи орталығы, Шартрлық собор, Шамони және Монблан, аттракциондық парктер Диснейленд, Астерикс, архитектуралық храмдар және т.б.
Марсель - Францияның оңтүстігінде орналасқан қала, Францияның ең үлкен порт қаласы. Қалада 1 миллион 420 мың адам тұрады. Халқының санымен Париждің артында елінде екінші орында тұрады. Қаланың аты ежелгі грек тіліндегі "Массалия" және соның латын аудармасындағы "Массилия" деген аттарға барып тіреледі. Қаланың төңірегінде жатқан Прованс аймағымен бірге, 2013 жылы Еуропаның мәдениет астанасы болады.
Францияға келген шетелдiк туристтердiң саны 2007 жылы 81,9 миллионды құраған. Атақты туристік обьектілер қатарына: Эйфелева башня, Лувр мұражайы, Версаль сарайы, Орсэ мұражайы, Помпиду орталығы, Мон-Сен-Мишель , Шато-де-Шамбор , Сент-Шапель , Хант-Кенигсбург сарайы, Пюи-де-Дом (500 мың адам), музей Пикассо , Каркассонды жатқызуға болады.
Эйфель мұнарасы - Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнара болып саналды. 2007 жыл Эйфель мұнарасының 120 жылдық мерейтойы. 2005 жылы осы мұнараның астына су қатырып, мұз айдыны жасалынды. Ол Париждің 2012 жазғы олимпиаданы өзінде өткізуге шақырған жарнама болатын. Teletex Holіday тур фирмасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, әлемнің 7 кереметінің ішінде Эйфель мұнарасы екінші орында тұр. Осы уақытқа дейін мұнараның үшінші қабатына 200 млн адам көтерілген. Ол бүгінде Францияның символына ғана айналып қоймай, жылына 53 миллион евро әкелетін үлкен табыс көзіне айналды.
Франциядағы туризм экономикада ең жоғарғы орынды алып отыр. Францияның курорттары атақты болғанын байқауға болады. Қазіргі кезде Франциядағы туризм қарқынды даму үстінде.Франция мемлекетінің экскурсиялық бағыты қызықты жерлерді және жоғары сапалы таныстырумен көзге түседі. Францияның астанасы Париж қаласына туристердің сұранысы көп, сонымен қатар Эйфел мұнарасы, Лувр, Париждік Құдайана сияқты көрікті жерлер өінің архитектурасымен ерекшеленеді.Ал, Версаль өзінің әдемілілігімен туристерді таң қалдырады. Парижден басқа Францияда теңіз және таулы курорттарын атап өтуге болады. Ең атақты теңіз курорты Көкшіл жаға - бұл әдемі курорт Францияның көрнекті жерлерінде яғни мөлдір көк теңіздік жанында орналасқан. Қыста демалу үшін атақты жазықтар Куршевель, Мерибель, Ле Менюир, Валь Торанс француздық таулы курорттар болып табылады. Жылдың қай мезгілінде болсын Францияға барып, көрікті, әсем жерлерді тамашалауға болады.
Диснейленд – шет-шегiне көз жетпейтiн орасан үлкен ойын қалашығы. Мұндағы бардың бәрi бала көңiлiн бiрден қызықтырып, баурап әкететiндей өзгеше талғаммен жасалған.
Францияның қонақ үйлері – бұл сервистің еуропалық деңгейдегі сапасы, яғни дамушы елдердің және жайлылық пен ыңғайлылыққа үйренген туристерге арналып салынған. Сондықтан 3* және 2* жұлдызды қонақ үйлерде барлық жайлы жағдайлар мысалға: телефон, душ, автотұрақ және басқа да қосымша қызметтерге арналып жасалған. Париждегі төрт, бес жұлдызды қонақ үйлерге қысқаша тоқталсақ:
Fraser Suites Le Claridge Champs-Elysées қонақ үйі сәнді, атақты ауданда орналасқан. Қонақтарды барлық құрал-жабдықтармен жабдықталған апартамент және студио нөмерлер, сонымен қатар қысқа және ұзақ уақытқа тоқтауға болады. Нөмерлік қор саны 110 болады.
Bedford қонақ үйі Париждің орталығында орналасқа.Негізгі қызметтері ақысыз Wi-Fi және жоғарғы деңгейдегі мейрамхана асхана қызметі.Bedford қонақ үйінің нөмерлерінде классикалық және стилдік жиһазбен жабдықталған. Сонымен қатар нөмерлерде спутниктік теледидар және жеке ванна бөлмесі бар.Нөмерлік қор саны 145.
Intercontinental Paris Le Grand қонақ үйі Гарние Операсы мен Оpera метролық станциясынан 300 метр жерде орналасқан. Қонақ үйдің ішінде екі мейрамхана және сауна, массаж бөлмелері бар. Le Grand қонақ үйінде спутниктік және кабельдік теледидар, интернет жүйесі қосылған. Нөмерлік қор саны 470.
Vernet қонақ үйі Елисейлік егістіктен және Geroge V метролық станциясынан 100 метр жерде орналасқан. Нөмердің ішінде теледидар және сейф бар. Ал жуынатын бөлмеде ванна және ыңғайлы халаттар бар. Нөмерлік қор саны 50.
Hôtel California Champs Elysées қонақ үйі Париж орталығынан Елисейлік егістікке дейін 200 м орналасқан. Қонақтарға тренажер залы және мрамормен жасалған ванналар, стилді нөмерлер және кабелді теледидарларұсынады. Нөмерлік қор саны 174.
Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі.
Франция – халықаралық туризм орталығы. Қазіргі кезде Франция жылына 77 млн –дай шетел туристері қабылдайды.Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуда туризмнің маңызы зор.
Лувр
- өркениетке қол жеткен дәуiрдегi ел билеушi
корольдердiң резиденциясы болған екен.Көркем
ғимарат. Архитектурасы ерекше. 1791 жылдан
берi ежелгi Мысыр, Батыс Еуропа елдерiнiң
өнер мұраларын көзiнiң қарашығындай сақтаған
мұражай қызметiн атқарып келедi. Мұражайдың
үлкендiгi сонша, тек Египет экспозицияларына
қойылған дүниелердiң саны 60 мыңнан асады.
Сол күнi бiз оның тек бiр бөлiмiн ғана 2 сағатта
әрең аралап шықтық. Луврдың әр экспонатының
қасында бiр минуттан тұрғанда, түгел қарап
шығу үшiн екi ай уақыт кетедi екен. Экспонаттардың
iшiнде ерекше есiмде қалғаны – әйгiлi италиялық
суретшi Леонардо да Винчидiң қылқаламынан
шыққан Мона Лиза портретi, Венера Милосская
мен Ника Афрокийскаяның мүсiндерi. Ғажайып
бұл туындыларды француздар «Луврдың
үш сұлуы» атайды.
3
Франциядағы туризм
дамуының қазіргі жағдайы
Францияға келетін туристердің саны бойынша әлемде бірінші орында болды, елге 71 млн. 400 мың туристер келген. Ал табыс 24 млрд. 657 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл кезде Франция АҚШ, Италия және Испаниядан кейін 4-ші орында болды. Бұл жетістікке Франция «Тһе Маіsоп dе 1а Ғгапsе» ұйымын құрғаннан кейін жетті, негізгі мақсаты шетел азаматтарына француз туризмін, әлем бойынша француз тілінің прогресін қамтамасыз етуін және дамуын көрсету болып табылды. Ұйым 70 штаттан тұрды, бас офисі Парижде болды. 38 офисі Халықаралық байланыспен айналысты, олар 29 елде орналасқан. Бұл офисте 200 адам жүмыспен қамтылған. Бұл үйымның ерекше белгісі халықаралық және жеке туристік ұйымдардың, сонымен қатар транспорттық, қонақ-үй агенттіктерінің, аймақтық туристік және т.б. мемлекеттік комитеттер жұмыстарын біріктіреді.
Франциядагы туризм дамуын терең зерттеу арқылы бұл елдерде ұқсастық бар, ол мемлекет туризмінің дамуына үлкен әсер береді. Бірақ бұл елдердегі туризм саясаты бір-бірінен ерекшеленеді.АҚШ-та туризмге көп көңіл бөлінеді. Туризм өнімінің бағалары, Франциямен салыстырғанда жоғары, осының салдарынан елге жоғарғы табысты туристер келеді. Францияда туризм өнімінің бағасы төмен. Францияға 1,5 есе көп туристер келеді, бірақ оның табысы АҚШ-тан 3 есе аз.
Франция тәжірибесінде егер барлық туристік ұйымдар қызметін мемлекеттік реттеуді, сонымен қатар олардың өзарабайланыстылығын қамсыздандырса, онда туристік сала бәсекге қабілеті және пайдалы болуы мүмкін. Бұдан төмендегідей қорытындыға келуге болады, дамушы елдер Франция елдерінің тәжірибесіне сүйену керек. Француз Республикасы еуропалық және әлемдік саясатта ерекше және бірегей орын алады. Өз тарихы барысында Еуропа тағдырының алдыңғы қатарында болған мемлекет – жеті жетекші экономикалық дамыған мемлекеттің бірі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, ракета-ядролық потенциалға ие және батысеуропалық интеграцияның белсенді қатысушысы есептелетін Франция 1960-жылдардың басынан бастап Еуропаның биполярлы құрылымында автономды орынға ие болуға талпынып, оның біртіндеп реорганизациясына бағытталған курсты бетке алды. Сондықтан да ХХІ ғасырдың басында көптеген оқиғалар мен мәселелер олардың тек бүкіл адамзаттың күш жұмылдыруымен шешілетіні себепті адамдарды біздің ғаламшарымызды бір бүтін қылып қарауға итермелейтін, әлем географиялық кеңістік ретінде толықтай зерттеліп, отарланып, бөлініп, мемлекеттердің шекаралары ендігі мөлдірленіп жатқан кезде ХХІ ғасырдағы «әлемдік тәртіп» қандай болмақ, онда жалпы Еуропа, атап айтсақ Франция қандай рөл ойнамақ деген сұрақ туындайды. Францияның жоғары экономикалық потенциалы, әлемдік саясаттағы беделі мен ықпалы оны Қазақстанның Еуропадағы приоритетті серіктестері қатарына шығарады. Франция Еуропалық Одақтың жетекші мемлекеттерінің бір болып табылады. Олсыз Еуропаның тағдырына қатысты бірде-бір шешім қабылданбайды. Көптеген маңызды мәселелер бойынша оның ұстанымы анықтаушы рөлге ие, ол өзге мемлекеттерге үлгі болып табылады. Онымен конструктивті ынтымақтастық орнату Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы ұстанымдарын нығайтуға жол ашады. Өз жағынан Франция да Қазақстанмен қарым-қатынасын дамытуға мүдделі. Қазіргі таңда Қазақстан туризмді дамыту бойынша Ресей, Түркия, Грекия, Қытай, Египет, Израиль секілді 31 елмен келісім-шарт жасасып отыр. Бұдан басқа Жапония, Франция, Катар, Сауд Арабиясы, Словения, Моңғолия, Малайзия, Таиланд, Швейцария, Чехия, Испания және Румыния сынды елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісім-шарт жобалары бар. Келешекте біз осы елдермен Бүкіләлемдік туристік ұйымның аясында ынтымақтастығымызды арттыра беретін боламыз. Көп ретте туризмді мұнайдан кейінгі табыс көзі деп санайды. Бұл шынымен де солай, Мәселен, бізде мұнай қоры көп болғанымен, елімізге жылына 5 миллион турист келеді. Ал, Түркияға мұнай қоры бізден аз болса да жылына 28 миллион, Францияға 72 миллион турист келеді екен.
Соңғы
уақытта Германия, Австрия, Франция,
Швейцария, Италия, АҚШ сияқты елдердің
туристерінің Орта Азияға, оның ішінде
Алтайға деген қызығушылығы артуда.
Сөйтсе де, 2009 жылғы статистикалық
деректер бойынша кіру туризмінің үлесі
2008 жылмен салыстырғанда 9,5 % төмендеуі
байқалады.
Қорытынды
Қорыта келгенде, Франция мәдени, тарихи байлықтары көп, туристерді қызықтыратын мемлекет болып табылады. Сонымен бірге, ғажайып табиғаты, әртүрлі тарихи адамдардың өмірбаянымен ерекшеленеді. Туризмді дамытудағы қажетті көлік құралдарының және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы, сонымен қатар әлеуметтiк - экономикалық және экономика - географиялық факторлардың әсер етуі маңызды болып табылады. Франциядағы туризмге байланысты ұйымдар мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Франция - әлемдегi туристер көп баратын ел болғандықтан туризмнің барлық түрлерiн дамыту үшiн мүмкiндiктерi көп.
Қазіргі уақытта туризм мемлекетке табыс келтіретін үлкен табыс көзіне айналып отыр. Франция осы мақсатта да соңғы уақытта көптеген мемлекеттермен тығыз байланыс орнатып, саяхаткерлердің жылдан жылға саны артып келеді.
Мен осы жұмысты жазу барысында Франция туралы көп ақпараттар білдім. Франция туристердің көп келетін мемлекеттердің бірі. Яғни келетін туристердің 87% еуропалықтар, немістер және ағылшындар құрайды. Сонымен қатар, 35 млн француз саяхатшыларды қосуға болады. Соңғы он үш жылдықта Франция жаппай туризм елiне айналды.
Францияда 12 мың тарихи ескерткіштер, 1200 мұражай қатаң мемлекет бақылауында. Келген туристерді орналастыруда қонақ үй жүйесінде шамамен 45 мың отельдер, 1 млн жоғары нөмерлік қоры бар. Сонымен қатар, мемлекетте 8200 кемпингтер, 830 курорттар, 42 мың ауылдық мейманхана, және 2820 мың саябақ тектес үйлер бар. Туристік ағымның жартысы теңізге барады. Курорттық орындар Довиль, Аркашон және Биарриц. Ал қалған жартысы Лангедока және Аквитания жағажайларына барады екен. Францияға келетін туристердің саны жөнінен алдыңғы орында тұрған район Прованс – Альпі – Лазур жағажайы, келесі орында Лангедок – Руссильон және Корсика жатқызуға болады. Тау туризмі Шамони жерінде соғыстан кейінгі жылдары жоғарғы нәтижені көрсетті. Негізінен тау туристері Солтүстік Альпіге бет алады.
Парижде
әлемге әйгілі Эйфель мұнарасы, Үлкен
және Кіші сарайлар, Юнеско ғимараты, Шайо
сарайы, Пантеон, Сен Женевьев кітапханасы,
т. б. көрікті жерлерді тамашалауға болады.
Парижде болған адам көп архитектуралық
ескерткіштерге күтпеген жерде кезігіп
жатады. Сондай мұралардың бірі - Сен-Мартен
каналы. Каналдың үстіне ұзақ жылдарда
көптеген көпірлер тұрғызылып, әрқайсысы
өзгеше сәулет туындысына айналды.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Энциклопедический словарь, Москва 1987г.
2. "Франция.
Особенности и проблемы
3. Журнал министерства иностранных дел Франции "Label France", №33, сентябрь 1998 г.
4. Ушаков Д.С. «Страноведение»
5. Романов А.А «Зарубежное туристкое страноведение»
5. www. Google.kz

- Франциядағы туризмнің даму жолдары
- Франция дипломатиялық қызметі
- Франция и её территории за пределами Европы
- Франция и судетский кризис
- Франция, какая она есть
- Франция как государство
- Франция как член Евросоюза
- Франция в мировой экономике
- Франция в мировой экономике
- Франция в мировом хозяйстве
- Франция в середине XIX века
- Франция в системе международных экономических связей
- Франциядағы ағартушылық
- Франциядағы монархиялық жүйе тұрпаты