Франциядағы туризмнің даму жолдары
КІРІСПЕ
Жұмыстың мақсаты: Франция туризмнің дамуын ашып көрсету, сонымен қатар Франция туризмінің дамуына әсер еткен ХХ ғасырдағы еуропа елдерінің туризмдік бағыттары мен халықаралық аренадағы орнын толық қамту болып табылады. Франция
Жұмыстың міндеті: қойылған мақсатқа сәйкес Францияның туризмнің қалыптасып дамуы, туристік саланы дамытудағы атқарылған және атқарылып жатқан жұмыстар, болашақта туризм жөніндегі алға қойған мақсаттарын талқылау. Сонымен қоса Францияның және көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды салаларына (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б.) зор ықпал ететіндігін, туризмге әсерін тигізетін факторлар: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық мәселелерді толық жеткізу.
Жұмыстың нысаны: Францияда және еуропа мемлекеттерінде ХХ ғасырдағы туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуына және бос уақытын өзкізуіне негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың негізгі құралына айналды.
Ал қазіргі уақытта туризм мемлекетке табыс келтіретін үлкен табыс көзіне айналып отыр. Франция осы мақсатта да соңғы уақытта көптеген мемлекеттермен тығыз байланыс орнатып, саяхаткерлердің жылдан жылға саны артып келеді.
Алға қойылып отырған басты нысан Франция туризіндегі жоғарыда айтылған мәселелерді жан жақты зерттеп, қорытынды жасау. Францияның халықаралық туризмнің дамуын ашып көрсету, сонымен қатар Франция туризмінің дамуына әсер еткен ХХ ғасырдағы еуропа елдерінің туризмдік бағыттары мен халықаралық аренадағы орнын толық қамту болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі: Туристік формальділіктер – заңды және орнатылған тәртіп бойынша туристік саяхатты тіркеу мен жүзеге асыру мақсатындағы, сонымен қатар мемлекет шекарасынан өту үшін қажет шарттар жүйесі. Туризм сферасындағы формальділіктер төлқұжаттық-визалық, кедендік, санитарлық немесе медициналық ережелер, валюталық бақылау мен валюта айырбастау тәртібі, елге келу мен ел ішіндегі жүріп-тұру, иммиграциялық ережелер және басқа да әрекеттерге бөлінеді. Халықаралық туризмнің дамуына өзіндік зор әсерін мемлекеттердің кедендік жүйелері әсер етеді. Мемлекеттің кедендік жүйесінің қаншалықты дамуына байланысты елдің де жағдайы тікелей қарастырылады. Туризм түсінігін қалай түсінеміз? Бір адамдарда туризм – бұл жүрілмеген жолдарды палаткамен, оттағы әнмен километрлеп жүру, екіншілерге – тарихи орындарға бару, кейбіреулерге – шет елдерге саяхаттау. Бұның барлығы да дұрыс, себебі туризм - әртүрлі.
Бүгінгі күні Туризмді XX ғасыр жалпы феномені, осы кездегі жарық бір құбылыс ретінде біздің өміріміздегі барлық ортаға кіріп, қоршаған ортамен ландшафтын өзгертетіндей қарастырамыз. Туризм – экономиканың маңызды бір факторы, сондықтан біз оны жай ғана демалыс немесе сапарға шығу деп қарастырмаймыз. Бұны кеңірек қарасақ байланыс, қатынастар жиынтығы және құбылыс бірегейлігі адамды саяхатта алып жүреді. Туризм саяхатының әртүрлігімен - белгілі орындарда саяхаттаушылармен келушілерді, өздерінің күнделікті ортасынан шыққан демалу, жұмыспен және т.б. мақсаттардағы тұлғаларды қамтиды. Бір қарағанда «Туризм» әр адамға түсінікті, себебі барлығымыз сапар шеккенбіз, газет – журналдардан туризм туралы мақалалар оқығанбыз, телебағдарламалар көргенбіз, отпускімізді өткізуге туризм агенстволарымен ақылдасқанбыз. Бірақ ғылыми және оқу мақсаттың туризмнің халық шаруашылығымен арақатынасын анықтап алуымыз маңызды. Туризм дамуы процессінде осы түсінікті талқылау пайда болса да бұл құбылысты анықтауда келесі талаптарды қарастыру керек:
ØОрын өзгеруі. Бұл жағдайда сапар шегу туралы, яғни күнделікті жерден басқа жерде орындалуы. Бірақ туристер деп күнде үймен жұмыс орнының арасында немесе оқу орнының арасында сапар шегуді айтуға болмайды, өйткені олар күнделікті ортадан шықпайды.
ØБасқа орында болуы. Бұл жерде басты шарт болған жері тұрғылықты немесе мекен жайы болмауы керек. Бұдан басқа бұл жұмыспен байланысты болмауы керек. Бұл ньюансты ескеру қажет, себебі жұмыс қызметіндегі адам жүріс – тұрысы туристен өзгеше. Тағы бір шарт саяхатшылар барған жерінде 12 ай не одан артық болмауы керек. Егер болса туризм бойынша ол – тұрғылықты тұрушы, сондықтан турист деп аталмайды.
ØЕңбек ақыны барған жер қорынан алу. Бұл талаптың басты мағынасы – бару мақсаты қызметті іске асырып, еңбек ақыны барған жер қорынан алу болмауы шарт. Әйтпесе ол – мигрант деп аталады. Бұл халықаралық туризмге ғана қатысты емес, бұл бір елдегі туризмге де қатысы бар.
Бұл 3 талап туризм анықталуында басты рол атқарады және базалық болып саналады. Бұнымен қоса туристер ерекше категориялары бар және бұларға қатысты бұл талаптар аз болып келеді, олар – босқындар, сотталғандар, транзиттік пасажирлер (олар формальді түрде елде жүрмейді) және оларды алып жүрушілер.
ØЖұмыспен сапар, бос уақытты өткізу мақсатындағы саяхат – бұл күнделікті жұмыс орнымен тұрғылықты жерінен орын ауыстыру. Егер қала тұрғыны заттар сатып алуға орын ауыстырса ол турист емес, және ол функциональдік орнын тастап кетпейді.
ØТуризм – бұл экономиканың саласы ғана емес сонымен қатар маңызды адам өмірінің бөлігі. Адамның сыртқы қоршаған ортамен араласуы.
Көп елдерде бұрыннан бері «Туризм» ұғымы қолданылады, ол ұлы тур сөзінен пайда болған. Ұлы тур – алғаш таныстыру сапарын білдірген.XVII-XVIII ғасырларда дворяндықтар жүзеге асырған, ал XIX ғасырда бұндай сапарлар басқа халық арасында белсенділік танытты. Саяхат мақсаты – басқа мәдениетпен танысу болды. «Ұлы турларды» қазірде туризм – басқа елдермен танысу, халықтарымен қатынас қалдыру және өзара түсініктер үшін қолдануда.
Туризм анықтамасы демалыс пен саяхат факторларын қамтымайды, ол экономика саласында туристік ұйымдар агенттерімен делдалдарының қызметтерін қамтиды.
- Франциядағы туризмнің даму жолдары
Жалпы туризмің дамуы қандай мемлекет болмасын халықаралық жағдайда достық қарым – қатынастар тарихымен және халықтың әлеуметтік жағдайымен сабақтас ұғым. Туризмді дамытуда алдымен мемлекеттің өзі өзіндік саясат ұстанады, саясаттың негізгі мақсаты осы туризм жолымен мол қаражат табу.Францияда туризмнің дамуы ХІХ ғасырдың аяғында қалыптасады. Францияның қоғамдық қарым – қатынас пен техника және технологияның қарқынды даму кезеңінде – ХХ ғасырдың екінші жартысында туризм гүлдене дами түсті. Бүгін де туризм ірі капиталдарды, негізгі қаражаттарды және еңбек ресурстарының ауқымды бөлігін іске қосқан. Бұл Франция үшін жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып саналады. Бүгінгі таңда әр мемлекеттің өзіндік ұстанымы, өзіндік саясаты бар, соның ішінде туризм саясаты өзекті мәселелердің бірі екені белгілі.
Туризм - әр адамға белгілі құбылыс. Барлық заман кезеңдерінде біздің ғаламшарымыз – жер бетін көптеген саяхаттанушылар мен алғашқы ашушылар кесіп өткен. Алайда туризм адамдардың арнайы бір қызмет түрі ретінде қазіргі заманда ғана қалыптаса бастаған. Туризм салыстырмалы түрде өте жас феномен, алайда оның түптамыры ежелгі заманға ұласып жатыр. Біз нарықтық шаруашылыққа туризмге қатысты халықаралық рынокта көптеген өзгерістер енген кезеңде жеттік. Туризм бүкіл әлемде экономиканың ең маңызды салаларының біріне айналды, ал тіпті кейбір дамып келе жатқан елдерде экономиканың қарқынды дамып, мемлекет тұрғындарының сапалы өмір сүруінің, және елдің мемлекеттік қаражатының негізгі көзіне айналды.
Туризм бүгінгі таңда қазақстандық немесе әлемдік экономиканың ең маңызды мекторына айналды. Туризмнің дамуы - болашақтағы экономикалық жағынан өте тиімді жаңа әлемдік нарықтық шаруашылықтың бір бөлігі. Көптеген елдерде туризм экономиканың маңызды сала ретінде - (көлік және қатынас, құрылыс, ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарлар өндірісі т.б.) қандай бір мемлекет болмасын ішкі және сыртқы экономикады зор ықпал етеді. Бұдан туризмнің өзіне бірнеше факторлар әсерін тигізеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, діни және саяси-құқықтық.
Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада басты орында және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас күнделікті шындыққа айналды. Көптеген кәсіпкерлердің туризмге қызығушылық білдіруі бірнеше факторлармен түсіндіріледі. Ең бірінші, туристік бизнеспен айналысуды бастау үшін, көп инвестицияның қажеті жоқ. Екіншіден, туристік нарықта ірі, орта, кіші фирмалар өзара әрекет етеді. Әлемдегі туризмның дамуына ғылыми-техникалық прогресс, тұрғындардың өмірлік жағдайын жақсарту, бос уақытты, демалыстарды көбейту, экономикалық және саяси тұрақтылық тағы басқа да факторлар әсерін тигізеді.
Қазіргі уақытта туристік жолмен дүниежүзінің бірқатар мемлекеттері жақсы дамып, мемлекеттік бюджетке көптеген кіріс кіргізуде. Олардың қатарында туристік жолмен көптеген елдермен тығыз байланыс орнатқан Франция, Испания, Греция, Түркия, Венгрия және Египет елдерді айтуға болады. Бұл мемлекеттерде туризм арқылы мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономикалық саласы болып табылады. Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі.
Ал қазіргі уақытта туризм мемлекетке табыс келтіретін үлкен табыс көзіне айналып отыр. Франция осы мақсатта да соңғы уақытта көптеген мемлекеттермен тығыз байланыс орнатып, саяхаткерлердің жылдан жылға саны артып келеді. Алға қойылып отырған басты нысан Франция туризміндегі жоғарыда айтылған мәселелерді жан жақты зерттеп, қорытынды жасау.
- Францияның жалпы географиялық сипаттамасы
Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент (Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады. Француздар өз елін «гексагон» деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі. Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым – қатынастарының дамуына оң әсер етеді. Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр. Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден – ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды.
Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік – аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады. 1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі – Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар, ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді. Президент тағайындаған премьер – министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді. Елдегі заң шығарушы орган – екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент. Елордасы – Париж, ресми тілдері - француз тілі. Президенті Николя Саркози , Премьер-министрі Франсуа Фийон . Ұлттық ақшасы: еуро. Франция – халықаралық туризм орталығы. Қазіргі кезде Франция жылына 77 млн –дай шетел туристері қабылдайды.
Францияның ішкі ұлттық өнімінің көлемі АҚШ, Жапония, Германиядан кейінгі төртінші орын алады . Франция жоғары дамыған елдер қатарына жатады. Өнеркәсіптің табысы ауыл шаруашылығына қарағанда бес, алты есе көп, Франция экономикасында сауда, қаржылық операциялар және туризм үлкен рөл атқарады.
Франция-жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша дүние жүзінде 4-орын (АҚШ, Жапония, Германиядан кейін), Еуропада Германиядан кейін 2-орын алады. Ұлттық табысты жан басына шаққандағы жылдық мөлшелері 24990 АҚШ долларына тең (2003 ж). Франция автомобильдер шығару жөнінде дүние жүзінде 3-орын, авиациялық және ғарыштық техника өндірісі бойынша Еуропада 1-орын алады. Сондай-ақ экспортқа көп мөлшерде қару-жарақ, АЭС-тер үшін құрал-жабдықтар, химикаттар, маталар мен киім-кешек шығарады. Француз өнеркәсібінің жетекші салаларына автомобиль жасау, химия мен мұнай химиясы, ұшақ жасау (аэробустар мен әскери ұшақтар), электроника, металлургия, темір жолы техникасын шығару жатады. Парфюмерия — косметикалық сала мен жоғары талғамды сәнді киімдер шығаруда Франция дүние жүзінде бірінші орынды иеленеді. Жылына шамамен 3,5 млн. автомобиль шығарса, оның жартысына жуығы экспортқа жіберіледі. Автомобильдердің 90%-дан астамын “Рено” мен “Пежо-Ситроен” компаниялары шығарады. Кеме және станок жасау, ауыл шаруашылық машиналары өндірісі де жақсы дамыған. Химия өнеркәсібі минералды тыңайтқыштар, синтетикалық каучук пен пластмасса, парфюмерия, дәрі-дәрмектер жасауға маманданған. Ірі мұнай, химиялық кәсіпорындары көп. Химия өнеркәсібі биотехникалық және гендік инженериямен тығыз байланысты. Тоқыма өнеркәсібі өзінің бұрынғы маңызынан айрылса да, Франция киім-кешек пен маталар шығарудан Еуропада алдыңғы орындардың бірін иеленеді (мақта-мата, жібек, синтетикалық, жүн, кендір, зығыр маталары өндіріледі). Француз кәсіпорындары шығарған ірімшік, шараптар, кондитерлік бұйымдар дүние жүзіне танымал. Өнеркәсіп өнімдерінің 1/5-іне жуығы Париж бен оның айналасында, сондай мөлшері Лион мен солтүстік аудандарда өндіріледі. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің көлемі бойынша Франция дүние жүзінде АҚШ пен Канададан кейін 3-орынды иеленеді. Ол ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз етіп, 40%-ын экспортқа шығарады. Франция - Еуропадағы астық, сары май, ірі қара етін, ірімшікті ең көп мөлшерде өндіретін ел. Өсімдік шаруашылығының негізгі саласы - дәнді дақылдар өсіру (негізгілері -бидай, жүгері, қара бидай, арпа, күріш). Картоп, қант қызылшасы, күнбағыс, рапс та көп мөлшерде өсіріледі. Ницца өңірінде гүл өсіру дамыған. Жүзімнің негізгі бөлігі шарап дайындауға (жылына 60 млн-дай л) жұмсалады, неғұрлым белгілі түрлері шампан, кагор, коньяк. Жеміс-жидек (алма, алмұрт, шабдалы, Жерорта теңізі жағалауларында цитрустық жемістер мен қара өрік) пен көкөніс өсіру дамыған. Ірі қара (20,6 млн. бас), шошқа, қой, жылқы өсіріледі. Балық аулау кәсібінің негізгі порттары Атлант мұхиты жағалауларында (Булонь, Лорьян, Ла-Рошель) орналасқан. 2005 ж. елде 70 млн-нан аса шетелдік туристер демалды. Экспортының негізін өнеркәсіптік құрал-жабдықтар, тұрмыстық бұйымдар, ауыл шаруашылық өнімдері, химиялық тауарлар мен шикізаттар, тігін бұйымдары, киім-кешек, аяқ киім, парфюмерия мен косметика, автомобильдер құрайды. Сырттан тұтыну тауарларын, өнеркәсіптік шикізаттар алады. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Бельгия, Люксембург, Ұлыбритания мен АҚШ. Франция Қазақстанның сауда серіктестері ішінде 12-орын алады. Француз кәсіпорындары Қазақстандағы өз қызметінің қарқынын біртіндеп арттырып келеді. 2005 ж. ҚР мен Франция арасындағы тауар айналысы 2665,1 млн. долларды құрады. Қазақстан Францияға мұнай, кентастар, химия өнеркәсібінің шикізаттарын, тері мен астық береді. Франциядан негізінен дәрі-дәрмектер, азық-түлік өнімдерін, қосалқы бөлшектер, автомобильдер, тұрмыстық электроника, шарап, теңіз өнімдерін, ірімшік, парфюмерия мен косметикалық бұйымдар, жоғары сән киімдерін алады. Қазіргі кезде Қазақстанда француз кәсіпкерлері араласқан 19 шағын кәсіпорын тіркелген. 4 француз банкі Қазақстанмен бірлесіп жұмыс атқаруда, мұнай-газ, тау-кен, энергетикада, көлік пен қызмет көрсету салаларында көптеген француз компаниялары еңбек етуде. 2004 ж. 10 наурызда Парижде экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-француз үкіметаралық комиссиясының кезекті, алтыншы мәжілісі болып өтті.
Пари́ж - Франция елінің астанасы, маңызды экономикалық және мәдени орталығы. Франция ортаңғы бөлігінің солтүстігінде, Иль-де-Франс аймағында, Сена өзенінің жағасында орналасқан. Ұраны - Fluctuat nec mergitur.Эйфель мұнарасы бүкіләлемдік көрмеге арналып 1889 жылы салынады. Париж климаты қоңыржай, теңіздік. Парижде 13 млн. халық тұрады. Тарихи деректерге сүйенсек қала Филлип Август королінің тұсындағана өркендеп өсе бастаған. Қала жоспары шеңбер үлгісінде құрылған. Архитектуралық ансамбілдері ғасырлар бойы қалыптасты. Готика үлгісіндегі архитектуралық құрылыстардың дені Сита аралына шоғырланған. 13 ғ-да шіркеулер мен монастырьлар салына бастады. Нақ осы тұста атақты НотрДам де қолға алынса керек. В.Гюго оны (Париж құдай аналарының соборы) деген атпен әлемге әйгілі етті. Атақты Лувр 1204 жылы салына бастапты, сол түста 20 мың шәкірті бар Париж мектептері университет болып бірігеді, алғашқы университет 1629 жылы салыныпты.
- Францияның экономикасы
Францияның экономикасы әлемдік шаруашылықта маңызды рольдердің бірін ойнайды. ЖІӨ көлемі бойынша Франция әлемде тұрақты төртінші орында. Франция – Европадағы, территориясы мен халық саны бойынша ең ірі мемлекеттердің бірі болып табылады. Елдің аумағы (метрополия және Корсика) – 551 мың шаршы шақырым, халық саны - 58 млн. адам. Олардың 95% - ы француздар, қалғандары–бретондықтар, немістер, итальяндықтар, португалдықтар, түріктер. Елдің экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш–нақты ЖІӨ өсімі- соңғы жылдарда оң нәтиже көрсетіп келді.Экономикалық рецессия болған жылы, яғни 1993 жылы ғана ерекшелік болды. Басқа жылдары, әсіресе 1990 жылдың соңында ішкі сұраныстың өсуі есебінен тұрақты экономикалық өсу болды. Сөйтіп, 1998 жылы ЖІӨ-нің өсімінің төрттен үші нақ осы параметрдің есебімен өсті.Тез тірілген ішкі сұраныс дайын өнім секторына тұрақты оң әсер көрсетті. 1997 жылдың ортасынан басталған жеке тұтынудың кеңеюі тұтыну тауарларының секторындағы конъюктураны қолдап тұрды. Тұтынудың кеңеюі төмен инфляциямен және жұмбастылықтың өсуімен байланысты болды. Сонымен қатар, жинақ нормасы (жинақтардың нақты ақшалай табыстарға қатынасы) 14% - ға дейін қысқарды, бұл да ішкі сұранысты көбейтті. Бұған пайыздық мөлшерлеменің біртіндеп, бірақ тұрақты төмендеу саясаты әсер етті.Сөйтіп, жинақ депозиттерінің номиналды мөлшері 1998 жылдың аяғында 3,2% - ға дейін төмендеді, нәтижесінде тұтыну өсімі 4 еседен артық өсті. Ішкі сұраныстың екінші компоненті – инвестициялар да жеткілікті динамикалы түрде дамыған. 1998 жылы 1997 жылғы теріс нәтижесінен темпі 6 % - ға өсті.
2000 жылы экономикалық өсудің 3% - ға дейін төмендейді деген жоспарға қарамастан олар өзгерген жоқ және евро аймағындағы алдыңғы қатарлы үш елдердің бірі болып қалды. (Германия, Италия) 2001 жылы нақты ЖІӨ – нің өсімнің темпінің төмендеуі әлемдік қоғамдастықтағы экономикалық дамудың баяулауымен түсіндіріледі. 2015 ж дейін Францияның даму ықтималдылығы бойынша Батыс Еуропалық региондағы жалпы тенденцияларға сәйкес келетін болады. Орташа жылдық өсу темпі 2,4 – 2,6% - ға жоспарланған.
Соңғы он жылдықтағы
Франция экономикасының маңызды
позитивті факторы –
1998 жылы Азиялық қаржы дағдарысының салдарынан инфляция деңгейі 0,7% - ға дейін төмендеді, 1999 жылы – 0,6% - ға дейін. 2000 жылы ол 1,8% - ға дейін жоғарылады.2001 жылы инфляция 1,0 – 1,6% деңгейінде жоспарланған.
Теория тұрғысынан
инфляцияның мұндай төмен деңгейі
экономикадағы стадионды
Қолайлы экономикалық конъюктура Франциядағы жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне мүмкіндік берді.
Жұмыс күшінің санынан % / 2 * жұмыссыздық деңгейі / 1
1991 |
1992 |
1993 |
1994 |
1995 |
1996 |
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
9,4 |
10,4 |
11,7 |
12,5 |
12,5 |
12,3 |
12,5 |
11,8 |
11,2 |
9,7 |
8,8 |
Жұмыссыздар санының қысқаруына үкіметтің жаңа жұмыс орындарын құруға тырысуы да әсер етті. 1997 жылы 190 мың жұмыс орны құрылды, мемлекет арнайы жастар үшін 40 мың жұмыс орнын құруға қаражат бөлді. 1998 ж жұмыс орындары 300 мыңға көбейді, оның ішінде 100 мың орын арнайы жастарға үшін құрылды. Нәтижесінде дәл «жастар» жұмыссыздығы ең көп деңгейде қысқарды: 1998 жылдың 10 айында 8,5% - ға, 25-49 жас аралығындағы топта 5,3% - ға төмендеді, жоғары жастағы жұмыссыздар тобында одан да аз.
2001 жылдың 1 қаңтарында Францияда кең қоғамдық резонансқа ие болған заң қабылданды. Ол жұмыс аптасының жалғасуын 39- дан 35- ке қысқартты. Сонымен қатар, осы заң шеңберінде кәсіпорын деңгейінде кәсіподақтар мен кәсіпкерлердің бірқатар келісімдері жасалды.
35 сағаттық жұмыс аптасына ауысу көбінесе жыл жұмыс уақытын пайдаланудың көбеюіне әкеледі, себебі өндірістік құрал жабдықтың эксплуатациясының ұзақтығы көбейеді. Сонымен қатар, жұмыс уықытының қысқаруы өндіріс шығындарын едәуір өсірді және кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне әсер етті. Шағын кәсіпорындарда да өнімділікті өсіру қиын, себебі олар көбіне шағын болғандықтан, басқа еңбек ұжымын енгізу қиыншылық туғызады. Еңбек нарығында жағдайдың нашарлауы уақытша келісім - шарт бойынша жұмыс істейтіндерге сезілді, бірақ бұл ақпараттық қызметтерге және құрылыс өнеркәсібіндегі жалғасып жатқан сұранвс негізінде компенсацияланды. Сонымен қатар сағаттық төлемнің автоматты түрде өсуі жұмыс аптасының бұрынғы ұзақтығын сақтаған кәсіпорындарға кері әсерін тигізді. Сондықтан 2002 жылы шағын және орта кәсіпорындарда 35 сағаттық жұмыс аптасын енгізу ұсынылды.
Француз экономикасы ішкі байланыстар үшін кеңінен ашық. Франция қызметтерді және ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты бойынша әлемде екінші орынға, өнеркәсіп өнімнің экспорты бойынша - төртінші орынға ие. Францияның негізгі ішкі – экономикалық серіктестері – Еуроодақ мүшелері. ЕО елдерінде елдің тауар айналымының 63 % - ы және француз экспортының 60% -ы келеді. Францияның ЕО – пен оң тауарлы сальдосы 1998 жылы 63 млрд франкке ( 9,6 млрд евро) жетті. Германия – Францияның артықшылықты сауда серіктесі болып табылады. (16% экспорт, 20% импорт). Екінші орында – Италия( 12%), одан кейін Ирландия мен Нидерланды. Францияның тауар айналымында АҚШ – тың үлес салмағы 6,1 % - ды құрайды.
Елдің экономикалық өсуінің себептерінің бірі болып француз экспортының шапшаң өсуі есептеледі( 1997 жыл нәтижесі бойынша шамамен 12%) .1997 жылы ағымдық төлем балансының оң сальдосы 220 млрд франктен асып, соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. 1999 жылы оң тауарлы сальдо 124 млрд франкке жетті (18,9 млрд евро). 1998 жылы 1814,5 млрд франк ( 276,61 млрд евро) құраған өнім экспорты ЖІӨ – нің 26% - ын құрады.
Франция үшін тура инвестицияларды қосқанда капитал экспортына тенденция тән 1997 жылы француздық шетелдегі портфельдік инвестициялар 413,5 млрд франктен асты, оның ішінде 257,4 млрд франк облигация сатып алуға жұмсалды. Француздық резиденттер 158 млрд франкке басқаруға қатысуға құқық беретін шетел акцияларын және басқа бағалы қағаздарды сатып алды. Француздық резиденттердің тура шетел инвестицияларына келетін болсақ, онда олар 1997 жылы 181 млрд франктен асты. Франция Жапониямен қатар тура шетел инвестицияларының мөлшері бойынша әлемдегі алдыңғы қатарға ие болды.
Сөйтіп мемлекет шетелдік серіктестер үшін инвестициялық тартымдылықты сақтауда 1997 жылы тура шетел инвестицияларының көлемі бойынша Франция әлемде АҚШ, Ұлыбритания және ҚХР – дан кейін төртінші орында . 1997 жылы резидент еместер француз бағалы қағаздарына 257 млрд франк салды, оның ішінде 149 млрд франк – акцияларға және басқа ассимилирленген бағалы қағаздарға салынды. Әсіресе Азиядағы қор нарықтарындағы дағдарыс басталғаннан кейін резидент еместер бұл бағалы қағаздарға қаражаттарды белсенді сала бастады. Францияда дәл осы шетел инвесторларының арқасында инвестициялық өрлеу қамтамассыз етілді. Сөйтіп, тек 1997 жылы олар Францияда 360 ірі инвестициялық жобалар негізінде 24 мың жұмыс орнын құрды.
Франция Банкінің мәліметтері бойынша 1997 жылдың 1 қаңтарына тура шетел инвестициялары 753,8 млрд франкті құрады. Негізінен олар ЕО елдерінен түсті.(64%). АҚШ инвесторлар арасында бірінші орында болды. (152,3 млрд франк немесе 20,2%) . Францияда тура шетел инвестицияларының салынуының негізгі салалары болып және түрлі холдигтер (20,5%), несие мекемелері (17,5%) , көбінесе банктік (9,2%), химия өнеркәсібі (12%). Резидент еметердің француз бағалы қағаздарын сатып алу көлемінің өсуі, динамикалық экспорт , шетел туризмінен едәуір түсімдер ағымдық төлем балансының оң сальдосының 2 есе өсуіне мүмкіндік береді. Ол шамамен 232 млрд франкті құрады. 1998 жылы ьұл көрсеткіш азиялық дағдарыс салдарынан едәуір қысқарды.
2015 жылға дейін экономиканың позитивті динамикасы үшін экспорттың кем дегенде биылғы көрсеткіштерін сақтау қажет.
Бұл үкімет алдына ауыспалы ғылыми сыйымды өнімнің мәні күшейетін әлемдік сұранысқа белсенді адаптация мәселесін қояды. Әзірге Франция бұдан артта. Ұлттық экспортта көлік пен құрал – жабдықтар үлесіне шамамен 48 % келеді, бұл АҚШ пен ФРГ – дан едәуір аз. Керісінше, өңдеу деңгейі төмен өнімнің үлес салмағы негізгі бәсекелестерге қарағанда жоғары. Сонау 1950 – ші жылдары қате таңдалған жалпы шаруашылық және өнеркәсіптік маманданудағы кемшіліктерден арылу үшін, Францияға алдымен жеке бизнестің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату қажет.
Франция экономикасы дүниежүзілік шаруашылықтын ажырамас бөлігіне айналды. Сыртқы сауда экономикалық өрлеуге негіз болып отыр, оған оң сальдо тән. Экспорт көлемі жөнінен ел батыс Еуропада тек Германияны ғана алға салады, Францияның сыртқа шығаратын тауарларының жалпы құны дүниежүзілік тауар экспортының 5,1% -ын құрайды. Экспорт құрылымында машиналар мен жабдықтар 43 және ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізаты 20 басым болып отыр .Соңғы жылдары әскери техника мен қару – жарақты сыртқа сату жөнінде АҚШ – тан кейінгі екінші орынға шықты.Импорт көлемі жөнінен Франция Жапониямен қатар АҚШ, Германиядан кейінгі үшінші орынды бөліседі.Франция – халықаралық туризм орталығы. Қазіргі кезде Франция жылына 77 млн –дай шетел туристері қабылдайды. Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуда туризмнің маңызы зор. Францияның ірі қалалары:
2.1 Визалық формальділіктер
Туристік формальділіктер – заңды және орнатылған тәртіп бойынша туристік саяхатты тіркеу мен жүзеге асыру мақсатындағы, сонымен қатар мемлекет шекарасынан өту үшін қажет шарттар жүйесі. Туризм сферасындағы формальділіктер төлқұжаттық-визалық, кедендік, санитарлық немесе медициналық ережелер, валюталық бақылау мен валюта айырбастау тәртібі, елге келу мен ел ішіндегі жүріп-тұру, иммиграциялық ережелер және басқа да әрекеттерге бөлінеді. Халықаралық туризмнің дамуына өзіндік зор әсерін мемлекеттердің кедендік жүйелері әсер етеді. Мемлекеттің кедендік жүйесінің қаншалықты дамуына байланысты елдің де жағдайы тікелей қарастырылады. Туризм түсінігін қалай түсінеміз? Бір адамдарда туризм – бұл жүрілмеген жолдарды палаткамен, оттағы әнмен километрлеп жүру, екіншілерге – тарихи орындарға бару, кейбіреулерге – шет елдерге саяхаттау. Бұның барлығы да дұрыс, себебі туризм - әртүрлі.
1989ж. Гаага туризм бойынша декларациясы мемлекеттер мен туристік идустрия үшін туристік формальділіктер мен кедендік іс-әрекеттерді жеңілдету мақсатында соның ішінде саяхат жасаған кезде төлқұжаттар, визалар, медициналық және валюталық бақылау, туристер үшін басқа мемлекет шекарасына өту үшін шарттардың жеңілдетуі керек деп шешті.
Франция шенген келісім шарт елдерінің тізіміне кіреді.
Туристік визаны алу үшін құжаттар тізімі:
● шетел төлқұжаты
● 1 анкета ( француз немесе ағылшын тілінде). Міндетті түрде жеке сауалнама сапардың әр қатысушысында толтырылады, ата-аналар паспортына жазылған балаларды да қоса.
● Жақында түскен 2 фотосурет.
● Төлқұжаттың барлық беттерінің көшірмесі.
●Қонақ үйді бромдау( міндетті түрде факс), алдын ала төлеммен,егер сапардың мақсаты туризм болса, немесе француздар жағынан жеке сапар үшін шақырудың түпнұсқасы және көшірмесі.
● Елде болудың жете суреттелген бағдарламасы.
● Шенген
елдеріне арналған болудың барлық мерзімін
қосатын медициналық
● Жұмыс орнынан анықтама қағазы, барлық координаттары болуы қажет. ( жалақысы, атқаратын қызметі, мекеме директорының қолы).
Жұмыс істемейтін зейнеткерлерге:
- зейнеткерлік куәліктің көшірмесі,
- сапарға шығын ақы төлейтін адамның жұмыс орнынан анықтама қағазы, қол қойылған мәлімдемесі.

- Франция дипломатиялық қызметі
- Франция и её территории за пределами Европы
- Франция и судетский кризис
- Франция, какая она есть
- Франция как государство
- Франция как член Евросоюза
- Франция. Краткая история Франции
- Франция в мировой экономике
- Франция в мировом хозяйстве
- Франция в середине XIX века
- Франция в системе международных экономических связей
- Франциядағы ағартушылық
- Франциядағы монархиялық жүйе тұрпаты
- Франциядағы туризм дамуының қазіргі жағдайы