Гендік инженерия. 4

 

 

 

 

 

Кіріспе    

Негізгі бөлім  
1.1 Гендік инженерия туралы жалпы түсініктеме........................................... 2 
1.2 Гмо өнімдеріне ғалымдардың көзқарасы....................................................4 
1.3 Гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған өнімдердің денсаулыққа зияны мен пайдасы.................................................................................................................5

1.4 Қияр қауындай, шие  қызанақтай.................................................................9

1.5 Ұлттық заңнамамыз ГМО туралы................................................................11

 
Қорытынды  
Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе 

 
 Гендік инженерия - молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.  
Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру. Бұған рестриктаза мен лигаза ферменттерінің ашылуы мүмкіндік туғызады. Рестриктазалар ДНҚ молекуласын белгілі жерлерден жеке үзінділерге қиып бөлшектейтін ыдыратушы фермент. Қазір ДНҚ молекуласын бір-бірінен өзгеше 120 жерінен үзетін 500-ден астам рестриктазалар анықталған. Алынған полинуклеотид бөлшектерінінің комплементарлық немесе жабысқыш ұштарны ДНҚ лигазасы – бір-біріне желімдеп реттеп жалғасытырып қосады. Осы ферменттердің көмегімен бір ДНҚ молекуласынан қажетті ген бөлініп алынып, басқа ДНҚ молекуласын үзінділерімен құрастырылып рекомбинанттық, яғни жаңа будан ДНҚ жасалады. [1] 
Биологиялық қауіпсіздік – адамзаттың ең басты міндеттерінің бірі.  
1975 жылы биоқауіпсіздік туралы Халықаралық конференцияда (Асиломар, Колифорния) рекомбинантты ДНҚ молекуласы экспериментінің негізгі қағидасы қабылданды.  
1985 жылы Биоқауіпсіздік ақпараттық жұмыс тобы құрылды, оған БҰҰ индустриалды даму Ұйымының елдер-мүшелері кірді, және қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы БҰҰ, сонымен қатар Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы.  
1991 жылы оларға БҰҰ Тағамдық ресурстар мен ауылшаруашылық ұйымы қосылды.  
Биотехнология аумағында заңнама жасау әлі толық жөнге келмеді.  
Бір жағынан үкімет тарапынан биотехнологиялардың легализациясы болып жатса, екінші жағынан заңнамадағы өзгешеліктер өнімді глобаоды нарыққа шығаруға кедергі жасап отыр.[1]

 

    1. Гендік инженерия туралы жалпы түсініктеме

    Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру. Бұған рестриктаза мен лигаза ферменттерінің ашылуы мүмкіндік туғызады. Рестриктазалар ДНҚ молекуласын белгілі жерлерден жеке үзінділерге қиып бөлшектейтін ыдыратушы фермент. Қазір ДНҚ молекуласын бір-бірінен өзгеше 120 жерінен үзетін 500-ден астам рестриктазалар анықталған. Алынған полинуклеотид бөлшектерінінің комплементарлық немесе жабысқыш ұштарны ДНҚ лигазасы – бір-біріне желімдеп реттеп жалғасытырып қосады. Осы ферменттердің көмегімен бір ДНҚ молекуласынан қажетті ген бөлініп алынып, басқа ДНҚ молекуласын үзінділерімен құрастырылып рекомбинанттық, яғни жаңа будан ДНҚ жасалады.  
Одан кейін рекомбинанттық ДНҚ бірнеше әдістермен тірі клеткаға енгізіледі. Жаңа геннің экспрессиясы өтеді де клетка сол ген белгілейтін белокты синтездей бастайды. Сонымен, клеткаға рекомбинанттық ДНҚ молекуласы түрінде жаңа генетикалық информация енгізіп, ақырында жаңа белгісі жаңа белгісі бар организмді алуға болады. Бұндай организмді трансгендік немесе трансформацияланған организм деп атайды, себебі организмдер өзгеріп басқа қасиетке ие болуын трансформация дейді.  
Сөйтіп, гендік инженерияның дамуына негіз болған молекулалық биология мен молекулалық генетиканың мынадай жетістіктер: 

1. рестректазалармен лигазалардың  ашылуы;  
2. генді химиялық және ферменттерді қолдану арқылы синтездеу әдісі ; 
3. бөтен генді клеткаға тасымалдаушы векторларды пайдалану;  
4. бөтен генге ие болған клеткаларды таңдап бөліп алу жолдарының ашылуы. [1] 
Гендік инженерия гендерді тасымалдау тәсілі ретінде болашақта екпе өсімдіктердің селекциясының тиімді аспабы бола алады. Қазіргі кезде гендік инженерия алғашқы қадамдарын басып, екпінді дамып келеді.  Сонымен, In vitro өсірілетін клеткаларға гендік инженерияның әдістерін қолданып, өсімдіктің бағалы белгілері бар негізінде жаңа формаларын құруға болады.

 Гендік инженерияның  жұмысы мынадай кезеңдерден тұрады:  
1. басқа организмге көшірілетін құрылымдық генді алу;  
2. оны вектордың құрамына енгізу, яғни рекомбинанттық ДНҚ жасау;  
3. рекомбинанттық ДНҚ-ын өсімдік клеткасына тасымалдау;  
4. өсімдік клеткаларында бөтен ДНҚ-ның экспрессиясын талдау;  
5. геномы өзгерген жеке клеткалардан регенерант өсімдігін алу.  
Гендерді тасымалдайтын векторлар  
Бөтен генді клетка ішіне тасымалдап алып баратын арнаулы ДНҚ молекуласын вектор деп атайды. Оған мынадай талаптар қойылады:  
1. өз алдына репликациялану, яғни клетка ішіне бөтен генді алып кірген соң клеткамен бірге немесе өзалдына көбейе алатын болуы керек; немесе вектор клетка хромосомасының құрамына еніп, онымен бірге ұрпақ клеткаларға беріліп отыруы керек;  
2. трансформацияланған клеткаларды анықтау үшін оның ерекше генетикалық белгілері болуы керек;  
3. құрамында рестриктазалар үзе алатын нуклеотидтер тізбегі болуы керек және репликацияға қабілетін жоғалтпауы керек;  
4. векторға орналастырылған бөтен ген оның атқаратын қызметін бұзбауы керек, ал вектор болса, ол да енгізілген геннің ішінде дұрыс реттеліп жұмыс істеуін қамтамасыз ететін болуы керек;  
5. вектордың көлемі кішігірім болуы керек.[2]

1.2 Гмо өнімдеріне ғалымдардың көзқарасы

 Генетикалық инженерия  туындау кезінен бастап ғалымдар  қоғамда кейбір зерттеулердің  қауіптілігіне назар аудартты. Мұндай қорқыныштын туындаған қауіпсіздік пікір 1974 жылы айтылған болатын. Кейін бірнеше сәтті эксперименттен соң in vitro әдісі арқылы рекомбинантты молекуланың ДНҚ алынды. П.Берг бастаған әйгілі молекулярлы биологтар тобы гендік инженерия эксперименттерін жүргізуді шектеуге шақырды. Айтылған пікір екі жақты болды. Алдымен рекомбинантты ДНҚ молекулаларының зертхана сыртында немесе өнеркәсіп орнында шынымен жасушалардың «жоғалып» кетуі ескертілсе, сонымен қатар адам және жануарлар ағзасына келтірілетін зиян бақылаусыз концентрацияда өте жоғары екендігі айтылды. Екіншіден клондалған ДНҚ фрагментіндегі құрылымы мен қызметі туралы білімнің жетіспеушілігі, оларды реципиентті жасушаға енгізгенде олар қалаған затымызды ғана емес, одан да басқа қауіпті (токсиндер, онкоген) өнімдерді синтездеу ықтимал. [2] 
1975 жылы бұл мәселелер Халықаралық конференцияларда сөз болды, онда рекомбинантты ДНҚ молекулаларын алу сұрағына тоқталды. Онда биологиялық әр аумағын зерттейтін ғалымдар (медициналық микробиологтар, бактериальді генетиктер, эпидемиологтар, биохимикиер, ботаниктер, даму биологтар т.б.) жәнезаңгерлер, ақпарат көздерінің мүшелері, мемлекеттік және жеке өнеркәсіп иелері қатысты. Конференцияға қатысушылар гендік инженерия әдісімен жүретін эксперименттер жалғасуы керек деп шешті, бірақ белгіленген ережелер мен ұсыныстарды сақтауы қажет. Бұл ережелер келесі жылдары Англия, АҚШ, Франция мен басқа елдерде жасалынды. Олар бірнеше рет қайта қаралып, жеңілдіктер ұсынылды, себебі жинақталған мәліметтер олардың шектен тыс қаталдығын дәлеледеді, әсіресе дәстүрлі зертханалық штаммдармен жұмыс істеуге қатысты.  
Генотипке әсер ету адам, өсімдік, жануарлар мен қоршаған орта үшін қайта қалпына келмес өзгерістерге ұшыратуы мүмкін. Бақылаудан шығып кеткен немесе арнайы дайындалған генетикалық агенттер, тіршілікті жоятын, әдейілеп қолданылуы оларды биологиялық қару деп қарауға құқық береді.  
Дамыған елдерде азық-түлік сапасын бақылау оның шығаруына дейін жүзеге асады, ал дамушы елдерде – шыққаннан кейін.  
Трансгенді өнімдердің шығуына тыйым салудан жеңілген кей ұйымдар енді оларға арнайы маркировка берілуін талап етіп отыр. ТМД елдерінде биоқауіпсіздік туралы заң қабылдауды – «Гендік-инженерия әрекеті аумағында мемлекеттік бақылау жүгізу туралы».  
Қазақстанда гендік-инженерия өнімдері мен препараттарын маркілеу жөніндегі келісім шартқа қол қойды.  
Генетикалық модифицирленген микроорганизмдерді қолдануға байланысты қатерді бағалау. Барлық микроорганизмдар адам үшін патогендік көзқарас тұрғысынан төрт қатерлі топқа бөлінеді:  
1. қауіп тобы: адам ауруын қоздырмайтындар  
2. қауіп тобы: олар мен кім жұмыс жасап отырғандарда ауру тудырады. Алайда микробтар жалпы алғанда азконтагиозды (мысалы, E. coli, Mycoplasma pneumoniae, адам папилома вирусы).  
3. қауіп тобы: адамда ауру тудырады және олармен жұмыс жасушаларға да қауіп тудырады. Қоғамда тарап кету қауіпі бар, бірақ алдын алу шаралары да бар.(Bacillus anthracis, Mycobacterium leprae, АИВ)  
4. қауіп тобы: олармен жұмыс жасушаларда ауру тударады, қоғамда тарап кету қауіпі бар, алдын алу шаралары жоқ. (мысалы – геморрагиялық безгек вирусы). [2]

Қазіргі уақытта гендік инженерия жоспары 1996 жылы қабылданған заңмен қадағалынады. Олар екі түрге бөлінеді – «жабық» немесе «ашық» жүйеде жүретіндер. Жабық жүйелі жұмыстарда гендік-инженерия ағзаларымен қоршаған орта арасында химиялық, биологиялық, физикалық барьер бар. Ашық жүйеде мұндай контак жүзеге асырылады (мысалы, генді-инженерияның көкеністерді культивирлеуі).  
Жабық жүйедегі жұмыстар қатерлі деңгейіне қарай төрт топқа бөлінеді:  
1. Жұмыс адам денсаулығына зиянын келтірмейді. Қауіпсіз шаралары патогенді емес микроорганизмдермен жұмыс істегенмен бірдей.  
2. Жұмыс адам денсаулығына шамалы қауіп төндіреді. Қауіпсіздік шаралары белгілі бір жағдайлардағы патогенді микроорганизмдермен салыстырғандай.  
3. Жұмыс адам денсаулығына біршама қатер туғызады. Қауіпсіздік шаралары инфекциялық аурулардың жұғуы ықтимал микроорганизмдермен жасаған жұмыс кезіндей.  
4. Жұмыс адам денсаулығына едәір қауіп туғызады. Қауіпсіздік шаралары өте қатерлі аурулар тудыратын микроорганизмдермен жұмыс жасағандай. [3]

 

1.3 гЕНДІК ТҰРҒЫДА ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАҒАН ӨНІМДЕРдің ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНы мен пайдасы

Гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы айтқанда, әлем ғалымдарының да, қоғамның да пікірі екіге жарылады. Біреулер бұл адамзат үшін өте қажет десе, келесілері олардың адам денсаулығына зияндығын алға тартады. 

ГМО өнімдерін жақтаушылар бұндай өнімдерін шығару адамзатты аштықтан құтқаратын бірден-бір жол деп тұжырымдайды. Өйткені тағы 40-50 жылдан кейін Жер бетіндегі тұрғындардың саны 11 миллиардқа дейін жетуі мүмкін. Яғни ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс та артады. Бұл мәселені ГМО арқылы бірден шешуге болады. Ал қарсыластары оның адам денсаулығына әсері толықтай зерттелмегенін алға тартады. Қалай десек те, гендік тұрғыда өзгерген өнімдер адамзат өміріне дендеп еніп келеді. Бір мемлекеттер оларды шығаруға, таратуға заңмен қатаң тыйым салса, кейбір елдерде рұқсат берілген, келесілері либерал көрқарас ұстанады. Мәселен, қазіргі кезде Ресей Думасы ГМО өнімдерін елге кіргізуге тыйым салу туралы заң жобасын талқылап жатыр. Яғни бұл саланы мемлекеттік тұрғыда бақылауды қолға алмақ. Ал Қазақстанда бірнеше жылдан бері олардың пайдасы мен зияны туралы қанша рет талқыланса да, мәселе ашық күйінде қалып отыр. Өйткені нақты сүбелі зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Ал азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі шеттен келетіндіктен, сарапшылар Қазақстан дүкендерінде де құрамында гендік тұрғыда өзгеріске ұшыған компонентттері бар азық-түліктер дүкен сөрелеріне түсе бастағандығын айтады. [4]

Дегенмен ел Президенті биылғы жолдауында агросекторды дамыту мәселесіне тоқтала келіп, ГМО  өнімдерінен қорқудың еш қажеттілігі жоқ деп тұжырымдады. Алайда, Қазақстанда әлі күнге ГМО өнімдеріне қатысты заңдық негіз қалыптаспады. Тек 2010 жылы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР заңы күшіне еніп, сол жерде бір-екі ауыз айтылады. Аталмыш заң өндірушілерді егер өнім құрамында ГМО 0,9 пайыз және одан да жоғары болатын болса, өнімдерін маркілеуді міндеттейді. Маркілік таңбаның жоқтығы үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, лицензиясынан айыру немесе бұл іспен айналысуға 3 жылға дейін тыйым салу қарастырылған. Осыдан 2 жыл бұрын «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасы әзірленіп, Парламентке жолдаған болатын. Сол кезде Ұлттық биотехнологиялық орталықтың директоры Ерлан Рахманқұлов бұл заң бір жылдың ішінде қабылданады деп мәлімдеген еді. Алайда талай талқылаудан өтсе де, нақты шешім қабылданған жоқ. Ақпан айының басында ауылшаруашылыгы министрлігі таратқан ақпаратта бұл заңның әлі күнге Парламенттің төменді палатасында жатқандығы айтылады. 

 

Гендік модификацияланған ағзалар дегеніміз – гендік инженерия көмегімен жасалған тірі ағзалар мен азық-түлік өнімдері. Бұл өзгеріс өсімдік геніне жануалардың генін енгізу арқылы жүзеге асырылады. Жалпы, құрамында ГМО кездесетін өнімдерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ құрамы гендік өзгеріске түскен азық-түліктер (трангендік бұршақ, соя), екінші топ – трангендік шикізатты өңдеу нәтижесінде алынған азық-түлік өнімдері (соя сүті, қызанақ пастасы, соя қосылған түрлі шұжықтар, чипсы, бұршақ өнімдері). Үшінші топ – трансгендік жеміс-жидек пен көкөністер.  

 Гендік инженерияның  иновациясы саналатын бұл тәсіл өсімдіктер әлемінде кеңінен пайдаланылады. Ең алғашқы гененикалық негізі өзгертілген ағза – ішек таяқшалары болған. Ал 1978 жылға қарай трансгендік адам инсулині пайда болды. Ол қазіргі кезде дәрі-дәрмек шығаруда кеңінен қолданылады. Гендік тұрғыда өзгертілген ең бірінші өсімдік – темекі. Бұндай өзгеріс  өсімдіктердің өнімділігін арттырып, қуаңшылыққа, түрлі ауруларға, құрт-құмырсқаларға төзімділігін жоғарылатады. Алғаш рет азық-түлік нарығында трансгендік өнімдер АҚШ-та 1994 жылы пайда болған. Бұл ұзақ сақталатын қызанақ пен соя еді. Осыдан кейін өндірушілер азық-түлік нарығына бірінен соң бірі түрлі трансгендік өнімдерді ұсына бастады. Қазіргі кезде АҚШ-тың азық-түлік өндрісінің 70-80 пайызына ДНҚ-сы өзгертілген құрамдас заттар кіреді. 

Ал БҰҰ-ның экономикалық әріптестік және даму ұйымының мәліметін сүйенсек, қарзіргі кезде ауылшаруашылық өнімдерінің ішінде картоптың гердік тұрғыда өзгертілген – 24, сояның –11, бұршақтың 32 түрі бар екен. Одан бөлек қант қызылшасының үш түрі, күріштік 5 түрі, қызанақтың трансгендік 8 түрі тіркелген. Гендік модифкацияланған өнімдер табиғи өнімдердан анағұрлым арзан болғандықтан, азық-түлік өндірушілер үнемдеу мақсатында пайдаланады.[4]

2000 жылы биоқауіпсіздік  туралы Картахен келісімі қабылданған. Бұл құжатта көптеген мемлекеттердің ГМО өнімдеріне қатысты көзқарасы белгіленеді. Оған 166 мемлекет қол қойды, оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл құжатта зияндылығы дәлелденген жағдайда, кез-келген гендік тұрғыда өзгертілген өнім зиян деп танылсын деп жазылған. Алайда ондай өнімдердің зияндылығын дәлелдеу оңай емес. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары ГМО өнімдерін зияны туралы қаншама зерттеу жүргізілсе де, оның нәтижесі жалпы жұртқа жарияланбайтынын айтады. Жарияланып кеткен күннің өзінде, артынша ол жоққа шығарылып отырады. Бұл саланың өркендеуі кімдерге тиімді екені айдан анық. Осыдан 2-3 жыл бұрын халықаралық экологиялық «Гринпис» ұйымы түзген делінген, өнімдерінің құрамына  гендік тұрғыда өзгертілген ағзалар кіретін өндірушілердің қара тізімі таралды. Бұл тізімде әлемдік азық-түлік нарығының ірі-ірі ойыншыларының есімі аталған. Алайда артынан «Гринпис» бұл тізімді біз түзген жоқпыз деп теріске шығарды. Дегенмен, «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтыны» белгілі... 

Ал Еуроодақ құрамына кіретін мемлекеттерде жем-шөп ретінде қолданылатын ГМО-өнімдеріне тыйым салынбаған. Дегенмен, салмақты себептері болса, өз аумағына ГМО өнімдерін кіргізуге тыйым сала алады. 2005 жылы Венгрия гендік тұрғыда өзгертілген бұршақты өсіруге, сырттан кіргізуге шектеу қойды. Бұндай шектеуді Франция, Германия, Польша сынды елдер де енгізген. Австрия, Греция, Польша түбегейлі ГМО-дан бас тартса, Болгарияда гендік өзгеріске ұшыраған өсімдіктерді өсіруге жол жоқ. Сондай-ақ, гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған тұқым өсіруге Венесуэла, Эквадор, Перу сынды елдерде шек қойылған. [4]

Әрине, Қазақстан әлемдік өзгерістерден сырт қала алмайды. Сондықтан Президент ауылшаруашылық ғылымын дамыту, аграрлы-инновациялық тәжірибелік кластерлерді құру туралы міндет қойды. Әсіресе құрғақшылыққа төзімді ауылшаруашылық мәдени  дақылдарын шығару жолдарын қарастыру қажет. Осы бағыттағы ғылыми зерттеулерды жүргізу – уақыт талабы. Қазіргі кезде Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, өнімнің құрамында ГМО-ның бар-жоқтығын тексеретін 6 зертхана болғанымен, гендік тұрғыда өзгертілген ағзаларды өсіру мен айналымға шығуын бақылайтын ещқандай механизм болмай тұр. Тіпті қазақстандық нарықта құрамында ГМО-сы бар қандай азық-түліктер жүргеніне мониторинг жасалмаған, нақты ақпарат жоқ. Тек бірді-екілі ГМО-сы шектен тыс бұршақ пен сояны әкелуге тыйым салынғанын естігенбіз. 

...Бүгінде АҚШ гендік  модифицияланған өнімдерді өндіретін  ең ірі коммерциялық өндіруші  болып табылады. Бұл елде тіпті  трансгендік өнімдерге арнайы  белгі қоймайды. Сонымен қатар  Қытай, Бразилия, Аргентина сынды  елдер ГМО өндірушілер болып  табылады. Бүгінде әлем азық-түлік  қауіпсіздігінен, коммерциялық мүддені  жоғары қойып тұр. КІМБІЗ? ҚАНДАЙМЫЗ? Немесе гендік модификацияланған өнім генімізге әсер етіп жүрмей ме?

Көкөніс пен жеміс-жидекті көптеп тұтынатын кез де келіп жетті. Сауда орындарында, әсіресе, жеміс-жидек сатылатын бөлімдер қызу алыс-беріс алаңына айналған. 
Нарықтағы бағаны байыптап қарасаңыз, әзірге өзгеріс жоқ. Өзіміздің оңтүстік өңірлердің, Өзбекстанның жылыжайларында өскен өнімдердің бағасы аспанда да, қалыпты Қытай өнімдері – жерде. Ақшасы аздар қытайдыкін қанағат тұтқанымен де, қалталылар қымбат болса да, әрине, өзімізге жақын жерде өскендерге жүгіреді. 
Бірақ, сонда да осында ойландырмай қоймайтын бір мәселе бар екені анық. Айталық, мысалға, Америкадан әкелінген тауықтың еті бізде 440 теңге тұрады да, өзіміздің қазақстандық өнімдер 480 теңгеге сатылады. Құрлық асып келгеніне, үнемі семіз болып май басып тұратынына, ірілігіне қарамастан, америкалық тауықтар – қолжетімді. Сол секілді, шекара асырылып, алыстан ат арылтып жеткізілген Қытайдың көкөністері де арзан да, мына іргеміздегі Ташкенттің өнімдері қымбат. 
Мұның мәнісі неде?[6]

 

 

1.4 Қияр қауындай, шие қызанақтай

Осыдан бірнеше жыл бұрын ақын ағамыз Мұхтар Шаханов Парламент Мәжілісінің депутаты болып отырған уағында осыған ұқсас мәселе көтерген. «Қытайдың алмалары өзіміздікінен арзан және түрі үнемі әп-әдемі болып жылтырап тұрады. Оған құрт та түспейді. Ұзақ сақталады. Дәмі жоқ болса да, қазір бәріміздің дастарханымыздан орын алған. Ал енді осында бір гәп бар сияқты. Соны зерттеп, тексеріп жатқан адам бар ма? Осы Қытайдың жемістері денсаулыққа қалай әсер етуі мүмкін?» – деп, мәселе көтерген. 
Таң қаларлығы сол, бізде шет елдерден әкелініп жатқан азық- түлікті, соның ішінде көкөністер мен жеміс-жидектерді толыққанды қадағалап, лабораторияда зерттеп отырған орталықтар жоқ екен. Сауда орындарындағы зертханалар тек нитраттарды, ағзаға бірден әсер ететін зиянды заттар мөлшерін анықтайды. Сол себепті, әлгі құрт түспейтін, шірімей, езілмей, ұзақ сақталатын трансшекаралық өнімдер өзінің ғажап қасиеттерімен ертегілер елінен әкелінгендей жұмбақ болып қала береді.[5] 
Десек те, кез келген өсімдік өзінің тарихтан белгілі қасиеттерін, дәмін, пішінін өзгерткенде оның табиғи өнім еместігін пайымдай беруге болады. Ол – гендік өзгеріске ұшырағандықтың белгісі. Ал гендік модификация мәселесі бүгінге дейін біздің елімізде жете мән беріліп, назарға алынбаса да, халықаралық тағамтану институттары ғалымдарының қызыл кеңірдек болып айтысып, тартысып жүрген мәселесіне айналды.

Не жеп жүрміз?

Гендік модификация – биотехнологиялық жолмен улы заттарға, суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік түрін жасап шығару. 
1950 жылдарда атом энергиясымен қосанжарласа дамыған биотехнология ғылымы бүгінде осылай адам баласына өсімдіктің Құдай жаратпаған жаңа түрлерін тұтынуға мүмкіндік тудырды. Мұның бір пайдасы – бүгінгі күні талғажу қылуға тиімді ас өнімдерін дайындап шығаруға көмектеседі. Мәселен, қазір әлeмдегі жеті миллиард халықтың бір миллиарды ашығып, халыққа тамақ тауып беру мәселесі туындап отырғанда биотехнологияның жетістігімен қиындықтан өтуге болады. Америка, Англия елдері ғалымдардың көмегімен осындай жаңа өнім түрлерін өндіріп, Кения, Индия, Африка елдеріне апаруды қолға алған. Бірақ, бұны мемлекеттік деңгейде жүргізбеген. Жекелеген кәсіпкерлердің қолымен жүзеге асырды. Бір ескере кететін жайт, биотехнология арқылы өндірілген азық-түлік пен жеміс-жидектер өз елдерінде сатылуына жол берілмейді. 
Биотехнология арқылы ас өндіруді Қытай мықтап қолға алған. 9,2 миллион шаршы шақырым жерде екі миллиардтай халқымен нығыздалып отырған Қытайдың, әрине, кең алқапқа егіс салып, жағасын жайлауға жіберіп жатуға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті де, химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шектен тыс пайдаланып, жылдам өсіп шығатын, тез пісетін және ұзақ сақталатын өсімдіктер өсіру жолын пайдаланды. 
Ғылымның осы түрінің арқасында бүгін адам баласы азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністер тұтына отырып, түрлі жан-жануарлар мен жәндіктердің генін сіңіруде. Мәселен, оңайлықпен езіле қоймайтын қып- қызыл тастай қызанақ жеп отырып, ағзасына акуланың азу тісінің гені еніп жатқанын байқай бермейді. Сол секілді, құрт тұмсығын батыра алмайтын, қап-қатты, әдемі алмамен бірге шаянның, ал бір түйірі бір келіге дейін баратын картоппен бірге доңыздың генін ағзаға сіңіреді. 
Бір түйірі қызанақтай шиелерге тағы да сол доңыздың гені, ал жүгеріге жәндіктер залалын тигізбеуі үшін жыланның уынан алынған белсенді ген енгізілетін көрінеді. 
Түсінікті тілмен айтқанда, мәселен, акуланың азу тісінің бір генін алып, қызанақ жасушасының ішіндегі ДНК-ның бір бөлігімен алмастырып жібереді. Осылайша қызанақ ДНК- сы өзгеріп, мүлдем басқа өсімдік өсіп шыға келеді.[6]

ДНК-сы өзгерген өсімдік денсаулыққа қауіпсіз бе?

Дүниежүзілік сауда ұйымының талабы бойынша, құрамдас елдер генетикалық түрлендірілген тағамдарды импорттауға шектеу қоймауға тиіс. Алайда, айтып өткеніміздей, АҚШ пен Англия гендік модификациядан өткен өнімдердің өз елдерінде сатылуына шек қойып отырады. 
Бүгінде дүниенің төрт бұрышында сауда орындарын Қытай тауарлары жаулап алған. Алайда, Америка осыдан бірнеше жыл бұрын Қытайға қарсы нота жариялап, қытайлық азық-түлік тауарларының елге кіргізілуіне тыйым жасады. Дәл осылай Еуроодақ, жекелеген елдерден– Малайзия мен Жапония да Қытай тағамдарының кейбір түрлерінің әкелінуіне тосқауыл қойды. 
Осы жағдайлардың өзі тағамтану саласының ғалымдарын біраз сарсаңға түсірді. Ресей ғалымдары, мәселен, алпауыт елдер қамданып, қауіптің алдын алып жатқандықтан, гендік модификацияланған тағам түрлері адам денсаулығына зиян деген байламға келді. 
Қазақ тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шарманов бұл пікірмен келіскен емес. 
«Кезінде селекция деген шығып, одан жұрт ат-тонын ала қашқан еді. Тіпті, дүниежүзі бұған қарсылық танытқан. Бірақ, қазір селекциясыз күн көру мүмкін болмай қалды. Сол секілді, қазір жылдан жылға көбейіп келе жатқан гендік модификацияланған өнімдерге қауіптене қарайтындар бар. Тіпті, Ресей ғалымдары гені модификацияланған өнімдер адамның генін өзгертіп, күрделі ақауларға ұшыратады деп жүр. Бұл – әлі толық тексеріліп, ғылыми мойындалмаған нәрсе. Сондықтан, бүгін біржақты пікір айта салуға болмайды. Менің ойымша, гендік модификацияланған тағамдардың адам ағзасына ешқандай да зияны жоқ. Қайта бұл технология тағамның жаңа қасиетін жасап шығаруға мүмкіндік беріп отыр», – дейді ол. 
Десе де, қауіп сейілер емес. «Кедейдің бір тойғаны – шала байығаны» демекші, мүмкіндігі жеткен кез келген адам бір рет жесе де, бағасына қарамай, табиғи өнім алып тұтынғанды құп көреді. Олай болатыны, бір ғана Канададағы жағдай да әлем ғалымдарын ойландырып тастаған. Канаданың мал шаруашылығы мамандары қарапайым сиырдан сүтті екі есе көп беретін сиыр түрін биотехнология әдісімен өсіріп шығарған еді. Бұл, әрине, құпия түрде жүзеге асырылған. Осылайша, сүті көп сиырдың берген өнімі сатылымға шыға бастады. Артынан эколог, дәрігерлер сүт құрамын, оның ағзаға әсерін толықтай тексеруден өткізді. Нәтижесінде, зиянды деп табылып, мұндай өнімге тыйым салынды. 
Сол секілді, Ресей ғалымдары да бір елді мекен тұрғындарына Қытайдың трансгенді өнімдерін ғана беріп отырып, екі жыл бойы бақылау жүргізген. Ауыл тұрғындары таза органикалық өнімдермен тамақтанған көршілес ауыл тұрғындарымен салыстырғанда, ас аллергиясына көп ұшырағыш болып кеткені анықталғанға ұқсайды… 
Гендік модификациялау төңірегіндегі пікір қайшылықтарының сағызша созылуына түрткі болып отырған да – осы жағдайлар. 
Ал өсімдік құрамындағы ДНК- ның адам геніне қаншалық әсер ететіні әлі күнге басы ашылмаған мәселе.[7]

 

1.5 Ұлттық заңнамамыз  ГМО туралы....

Бүгінде елімізде жыл он екі ай бойы сатылатын көкөністер мен жемістердің 90 пайызы – Қытай өнімдері. Көптеген шет елдерде тағам құрамына трансгеннің қай түрі және қанша қосылғаны бақыланып отырады. Қазақстанда шетелден әкелінген тауарларға әзірге трансгені тұрғысынан тексеру жасалмайды. Себебі, гендік инженерия елімізде соңғы жылдары ғана қалыптасқан. 
Өсімдіктер биология және биотехнология институтының клеткалық биология зертханасының меңгерушсі Нәзира Бишембаеваның айтуынша, бізде қазір ГМА (гені модификацияланған ағза) бағдарламасы енгізілген. Тіпті, ғалымдар алғашқы жоба бойынша трансгенді өсімдік өсіріп те көріпті. Ол бірақ өндіріске енгізілген жоқ. Өйткені, гендік модификациядан өткен өнім әбден тексеріліп, ұрығы алынып, көбейтіліп болғанша біраз уақыт өтеді. 
Мәлім болғаны, қазірде ғалымдарымыз күріш, мақта, соя, картоп, т.б. өнімдер бойынша ғылыми жұмыстарын жалғастыруда. Мұнымен 1993 жылы құрылған Биотехнология орталығы айналысады. 
Сонымен, Қазақстан ГМА бағдарламасы қабылдаған. Алайда, әлемде болып жатқан гендік модификацияланған өнімдердің адам ағзасына әсері деген мәселе бойынша қазақ ғалымдары енді ғана үн қоса бастайды. 
2010 жылы қабылданған «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заң бойынша, бізде қазір трансгенді өнім нарыққа енгізілмесін деген тыйым жоқ. Алайда, бүгінгі күні Парламент «Гендік инженерия қызметін мемлекеттік бақылау туралы» заң жобасымен жұмыс жасап келеді. Қазіргі бет алыс бойынша, депутаттардың мақсаты – гендік өзгеріске ұшыраған өнімдердің отанымызда кіргізілуіне, сатылуына шек қою. Мұндағы мақсат, әрине, халықтың денсаулығына төнуі мүмкін қауіптің алдын алу.[7]

 

 

Қорытынды  
  Биотехнологияның тағы бір өрісі, ол биоинженерия әдістерін қолданып медицинада арзан әрі қол жетімді, экономикалық жағынан тиімді дәрілік препараттар мен вакциналар алу болып табылады. .  
Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру.  
  Биотехнология ғылыми-техникалық прогресстің қуатты қозғаушы күші болып келе жатыр. Биология ғылымының сонғы жылдардағы жетістіктері, әсіресе молекулалық биология мен клеткалық биология саласында, биотехнологияның қалыптасуы мен дамуының теориялық және әдістемелік негіздері болды. Сонымен қатар, биотехнология биологиялық процестермен объектілерді пайдаланып экономика жағынан маңызды заттарды (антибиотиктер, витаминдер, ферменттер, амин қышқылдары, белоктар, нуклеотидтер, стероидтар, алкалоидтар, интерферон, гормондар, вакциналар, моноклондық антиденелер, биопестицидтер, биогаз т.с.с.) шығаратын өндірістің ерекше бір саласы болып қалыптасты. Демек, азық-түлік, фармацевтикалық, химиялық өнеркәсіптері мен ауыл шаруашылығының болашақта дамуы биологиялық технологияларсыз мүмкін емес.  
Биологиялық қауіпсіздік – адамзаттың ең басты міндеттерінің бірі.  
1975 жылы биоқауіпсіздік туралы Халықаралық конференцияда (Асиломар, Колифорния) рекомбинантты ДНҚ молекуласы экспериментінің негізгі қағидасы қабылданды.  
Биологиялық және физиологиялық қауіпсіздікті таңдау нақты бір гендік инженерлік экспериментке байланысты. Клондалушы ДНҚ тазалығы, сипаттамасы, ұзындығы және т.б. қасиеттеріне қарай анықталады.

  Бүгінде жер бетінде күн сайын 20 мың адам аштықтан қырылып жатыр дейді статистика. Жантүршігерлік осы жағдайды ойлағанда, гендік инженерия арқылы өнім өндіру, әрине, қажет. Ол – уақыт мәжбүрлігі. 
Ал енді қазаққа гендік модификациядан өткен өнімді тұтынудың қажеті қаншалық? 
Кең-байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін егуге қолайлы территорияда тұратын 16 миллион халық жасанды тағамға зар болып отыр ма? 
Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған тартасың» деген екен. Адамның қандай малдың етін көбірек жесе, мінезі соған ұқсап кететінін басқа ғалымдар да дәлелдеп баққан. Ал, расында, доңыздың гені қосылып, пішіні өзгерген, үлкен-үлкен шие мен қауынмен бірдей қытай қиярларын жеу бізді жылқымінезімізден алыстатып жібермей ме?.. 
Жан-жануардың гені қосылып өндірілген өнімді тұтыну ертеңге ұрпағымыздың да геніне, мінезі мен болмысына әсер етіп жүрмей ме? 
Қытай көкөністері, әрине, арзан. Бірақ, байқап қараңыз: біз не жеп, қандай болып бара жатырмыз?

Пайдаланылған әдебиеттер 

 
1. Медициналық және ветеринарлық  биотехнология. ОӘК.

2. Ж.Ж. Жатқанбаев. «Биотехнология»  Алматы 2009ж.

3. ОӘК «Молекулалық биотехнология» Алматы-2009ж.

4. WWW.TEMAKOSAN.NET САЙТЫ

5. С. Ж. Стамбеков, В. Л. Петухов. «Молекулалық биология» Новосибирск-2003г.

6. А. Ж. Сейтембетова, С. С. Лиходий. «Биологиялық химия» Алматы «Білім»-1994ж.

7. www.google.kz- сайты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Гендік инженерия ғылымы және біз

 

 

 

Орындаған: ТППЖ мамандығы

І курс магистрантары

 ЖалгасоваЛ.

Тексерген: Омарова Г.С

 

 

 

 

 

 


Гендік инженерия. 4