Геоэкология: мақсаты мен міндеттері
- Геоэкология: мақсаты мен міндеттері.
Қазақстан Республикасының
жоғарғы оқу орындарында енгізіліп жатқан
жаңа пәндерінің бірі. Бұл пән қоршаған
ортаны қорғауда табиғатты аялауда туған
жердің табиғатының алуан түрлілігін
терең білдіруге маңызы зор. Табиғат пен антропагендік
геожүйе шекараларға қоршаған ортаның
экологиялық жағдайын білу, жақсартуға
ұсыныстар жасау, Қазақстан Республикасының
байлықтарын сақтау, оны ұтымды пайдалану,
қалпына келтіріп отыру, осы қоршаған
ортаны қорғау туралы мемлекеттік заңдар,
қаулылар, іс- шараларды халықаралық және
мемлекет аралық конвенцияларды бөліп
талдау пәннің негізгі мақсаты болып табылады.
Геоэкология және табиғатты
қорғау пәнінің маңызы - қазіргі уақытта
шығарылып жатқан заңды жүзінде ат салысу.
Бұл пәнді оқи отырып геожүйенің түсінігін,
оның басты элементтерімен байланыстарын,
айырмашылығын, экономикалық факторлардың
жергілікті жерге әсерін біле отырып Қазақстанды
геоэкологиялық аудандастырып, геоэкологиялық
жағдайын білу.
Қазақстан қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық жоспарларға (Батыс Тянь- Шаньның биоресурстарын қорғау Каспий теңізі бассейіннің экожүйелерінің өзгеруі) қатысады. Осы міндеттер аясында тақырлануға қарсы шаралар жасалып жатыр. Қазір Қазақстанда 36 тұрақты және 16 жартылай тұрақты экологиялық алаңдар бар. Аймақтың іс әрекеттер шеңберінде Қазақстан Азиядағы тақырлануды бағалау және аймақтық маниторинг тармақтарын ұйымдастыру бағдарламасына қосылып,өздерінің ұсыныстарын берді. Қазақстан Республикасының территориясының жартысынан жуығы (48,2%) ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланады, оның басым бөлігі жойылым жердің тақырлануы
Пәнді оқытудың міндеттері:
- Қоршаған ортаны зерттеудің теориясы мен әдіснамасын қарастыру;
- Әр түрлі деңгейдегі геожүйелер жөнінде түсінік қалыптастыру;
- Географиялық қабықтың құрам бөліктерінің ерекшеліктерін сипаттау мен олардың экологиялық қызметтерін көрсету;
- Химиялық элементтердің табиғи және антропогенді көздерін сипаттау;
- Қоршаған ортадағы техногенді ағымдардың қалыптасуының шаруашылық әрекетінен тәуелділігін көрсету;
- Географиялық ортаның құрамындағы қазіргі техносфераның қалыптасуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын айқындау
Геоэкология – жоғарғы
иерархиялық деңгейлердің (биосфераға дейін) экожүйесін
зерттейтін экология ғылымының
бір саласы. Геоэкологияны ландшафт экологи
- Антропогенез және қоршаған орта
Антропогенез (грек. anthropos –
адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның
шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол.
түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының
даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі
қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін
негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология,эмбр
- ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;
- эволюция даму жолдарымен
жетілгендер қатарына архантроп пен палеоан
троптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын; - ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.
Австралопитектер бұдан 4,5–1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. Көне адам тегінің бірі – шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды «Homо habіlіs» яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған. Адам тегінің келесі даму сатысына архантроптар жатады. Олардың сүйектері Азияда (питекантроп, синантроп), Шығыс және Солтүстік Африкада (атлантроп), Батыс Еуропада (Гейдельберг және Вертешселлеш адамдары) табылған. Бұл дәуірдегі адамдар шель мен алғашқы ашель мәдениеттерін жасаған. Ежелгі адамдардан ертедегі адамдар (палеоантроптар – неандерталь адамы), олардан қазіргі адамдардың арғы тегі кроманьон адамы, есті адам (неоантроптар) пайда болған. Морфология ерекшеліктері бүгінгі адамдарға жақын. Антропогенездік зерттеулері есті адамдарда бұрынғы адам тектерінің кейбір белгілерінің қайталануын (рудимент, атавизм), эмбрионалдық, анатомиялық, биохимиялық, т.б. ұқсастықтарды, әлеуметтік ерекшеліктерді (еңбек құралдарын жасау, пайдалану, т.б.), әр түрлі тағамдар әзірлеу, отты пайдалану, ойлау, сөйлеу қабілетін, т.б. жағдайларды анықтады. Бұл кезде жасанды тұрақжай пайда болды, еңбек құралдары күрделене түсті. Әлеуметтік ұйымшылдыққа бейімделу байқалды. Тілдің пайда болуының арқасында әлеум. қарым-қатынас жоғары сатыға көтерілді. Мұның барлығы қосылып табиғи ортаға бейімделуінің арқасында үйлесімділік тапты. Барлық адам баласы биологиялық бір түрге (Homo Sapіens) жататын болып қалыптасты. Демек, Homo Sapіens-тың тарихи дамуы тоқтамай, жалғасып жатыр. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар тұрақтары Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар), Орт. Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш) көптеп табылған.[1][2]
Қоршаған
орта – адамзат қоғамы өмір
сүретін табиғи және антропогендік орта; адамдар мен олардың
шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер
ететін биоталық, абиоталық жән
Қоршаған орта мәселелерімен
шұғылданатын бірнеше халықаралық ұйымдар
құрылған.
Олар:
- Қоршаған орта жөніндегі ғылыми к-ті (СКОПЕ, 1969 жылы құрылған),
- Қоршаған орта жөніндегі мониторингінің жаһандық жүйесі (1970),
- Қоршаған орта мен даму жөніндегі халықараралық ин-т (1971),
- Қоршаған орта мен даму жөніндегі бүкіл дүниежүзілік комиссия (1983),
- Қоршаған орта жөніндегі халықараралық ақпараттық жүйе (ИНФОТЕРРА, 1997), т.б.
Бұлардан басқа әр құрлықта Қоршаған орта жөніндегі алуан түрлі ғылыми-зерттеулер мекемелері, к-ттер, жүйелер, комиссиялар мен ин-ттар құрылған.[2][3]
- Техногенез және антропосфера
техногенез - адамды қоршаған және табиғи ортада өзгерістер туғызатын техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі. Техногенді әсер дегеніміз- Техникалық құрал-жабдықтармен байланысты пайда болатын кез келген экологиялық әсер
Техногенез дегеніміз- Адамның өндірістік әрекеті нәтижесіндегі табиғи комплекстердің өзгеруі
Ноосфера (гр. νόος – сана
және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (
Ноосфера – ақыл-ой
сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымд
XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны
материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара
қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің
жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген
адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа
Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның
ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық за
Ноосфераның пайда болуы мен дамуы[өңдеу]
Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.
Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.
Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалы
1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.
В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.
Ноосфера кезінде бүкіл
адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғы
Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.
Соңғы жылдары экологиялық мәселелер — бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігіненқоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау — қоғамның бастыміндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі—адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау.
XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.[3]
- 3 Антропогенездің экологиялық салдары
- Табиғи геожүйелердің антропогенді өзгеруі
Геожүйе, географиялық жүйе - географиялық қабыктың өзара байланыстағы және өзара әрекеттес көптеген құрамбеліктерінен тұратын географиялық түзілім. Қазірге дейін барлық қалыптасқан анықтамалар бойынша геожүйе - әр текті элементтердің жүйелік қасиеттерінің (тұтастығы, өзара байланысы) көрінуі; осы анықтамалардың екінші бөлігі - жүйенің теографиялылытъшың белтілері (жүйе элементтерінің немесе бөліктерінің аумақтық реттілігінің қатынастары; Жерге, жер бетіне, географиялық қабыққа, тағы да басқалары қатыстылығы) көрсетіледі. "Геожүйе" ұғымының 4 топтағы негізгі анықтамалары қалыптасқан термин: 1) табиғи географиялық түзілімдер үшін; 2) табиғаттың, халықтың ЭВМ шаруашьшықтың элементтерін бір уақытта бірдей қамтитын күрделі түзілім үшін; 3) табиғаттық және әлеуметтік-экономикалық түзілімдер үшін; 4) Геожүйе ғылымдарды қамтитын ғылымдарының барлық нысандарын белгілеу үшін қолданылады.[1]
ТТК туралы ұғым (геожүйелерде). Көпжүйелілік. Жіктелу. Инвариант және ТТК – ның сериялы – динамикалық қатарлары. «Жағдай» және «ауысу» түсінігі.
Фитоценоздар құрылымы (биоценоз), қызмет атқарауы, серпіні және эволюциясы. Тірі ағзалар және олардың бірлестіктері биогеография обьектісі ретінде. Биосфера өмір сүру ортасы ретінде. Өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі, әртүрлі деңгейдегі ареалдардың таксономиялық дәрежелері. Экологиялық байланыстар мен әртүрлі деңгейдегі тірі жамылғылардың қарама – қатынасы.
- Шумен ластануды бағалау в тетраде
- Ластанулар: түрлері, ластану көздері
Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас боынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар;
2) қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялық заттар).
Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары — өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады.
Ластаушы загтар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұлклассификациялау — ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:
-сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;
-инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;
-өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер;
-органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;
-шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток);
-радиоактавті заттар;
Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.
Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып табылытындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи заттардың бір заттың көптігі немесе онда басқа заттардың болмауы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде эколгиялық фокторлар болып табылыды. Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қандай да организмнің (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы, ендеше бүтін биогеоценоздың да өнімділігі кемиді.
Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез келген зат алмасушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттарды құрамдас бөліктер деп атайды. Құрамдас бөліктер табиғи да (мысалы, жанартаудың атқылау, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң т.б.),антропогенді де (қоғамның іс — әрекетінің нәтижесі) текті бола алады.
Ортаның ластануы – күрделі, көп түрлі үрдіс. өндіріс қалдықтарындағы химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқы болмаған жерлерге тап болады. Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына кіретін молекулармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті.
Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы). Шыққан тегі бойынаша ластанудың екі түрін қарастыруға болады:
– адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын ластанулар;
– адамдардың іс – әрекеттерінің нәтижесінде болатын антропогенді ластанулар; бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлердің үлкен үлес қосады.
Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:
1) Биологиялық — кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы;
2)Механикалық — қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің
нәтижесінде ластануы:
3)Химиялық — қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ
жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі;
4) Физикалық ластану — бұл бес түрге бөлінеді:
а) Өнеркөсіп жөне жылу-энергетикалық комплекстердің жұмысы
арысында коршаған орта температурасьшың бұзылуы, мұны жылулық деп атайды.
ә) Жарықтық — жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен баска, жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік жөне жануарлар дүниесінің тіршілікету жағдайының өзгеріске үшырауы;
б) Шу, дабыл нәтижесінде;
в) Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;
г) Радиоактивті ластану.
5) Микробиологиялық ластану — адамның тіршілік етуі барысында, антропогенді жүйелерде немесе ортада әр түрлі ауру тарататын зиянкес организмдердің көбеюі.
Қоршаған ортаның ластануы — кез келген экологиялық жүйеге, оған тән емес сипаттағы жанды-жансыз компоненттердің қосылуы немесеқұрылысының өзгеруі нөтижесінде, экожүйенің — зат, энергия алмасуы бұзылып, өнімділігінің төмендеуі.
Ластаушылардың табиғаты бойынша ластанудың мына түрлерін айырады:
1. биологиялық ластану – экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай – ақ бактериологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды;
2. физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік, шулық және т.б.);
3. химиялық (биосфераның химиялық заттармен ластануы.
Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды айырады. Біріншілік ластануға – биосферадағы табиғи және антропогенді процестер арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады. Екіншілік ластану – қоршаған ортадағы физикалық- химиялық процестердің нәтижесінде орта мен адамға зиянды заттардың түзілуі жатады. Мысалы, екіншілік ластануға ауадағы газдардың әр түрлі газдардың қосылысынан түзілетін қала үстіндегі тұманды келтіруге болады (смог).
Кеңістік тұрғыдан бүкіл әлемдік, аймақтық және жергілікті
Қоршаған ортаның компоненттеріне байланысты біріншіден атмосфераның, гидросфераның, (литосфераның) және атмосфералық ауаның, жербеті мен жерасты суларының және топырақтың ластануын қарастырады. Адам организміне ылғи түсіп тұратын ластаушы заттардың 70% тамақпен, 20% — ауамен, ал 10% — сумен бірге түседі.
Топырақтың ластануы (Загрязнение почвы) — топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2—3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады.
Топырақтың химиялық ластануы — топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8—10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады. Түсті металл кендерін алу және байыту процестерінен де топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың химиялық ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Соңғы кездері мұнайға байланысты ластану жиі кездеседі. Мұнаймен ластанған топыраққа лады. Мұнайдан топырақтың химиялық ластануының төменгі деңгейінде топыраққа микрофлора мен өсімдік дамуын реттейтін тыңайтқыш енгізу керек. Үлкен мөлшердегі және ұзак мерзімдік ластанудан топырақта қайтымсыз өзгерістер жүреді — топырақ асфальтқа ұқсас массаға айналады. Бұл кезде едәуір ластанған қабаттарды алып тастауға тұра келеді.
Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе
ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен ластану; радиоактивті
заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне
түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері
жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік
жерден келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып жатыр.
Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту топырақ эрозиясының пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып келеді.
Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы
нәтижесінде планетада 2 млрд гектар
ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.
Антропогендік әсердің бір салдары — топырақ жамылғысынын қарқынды ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда.
Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.
Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі — қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.
Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.
Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы бар ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін.
Топырақтың химиялық құрамына — тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:
- пестицидтер;
- минералдық тыңайтқыштар;
- өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;
- атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;
- Мұнай және Мұнай өнімдері.
Топыраққа антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшырауына (эрозия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
- табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;
- қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;
- топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу
тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;
- зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;
- қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір
түрлерінің қолданылуын шектеу;
- ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен
күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б.
бола алады.
- Экологиялық тепетеңдік
Экологиялық
тепе-теңдік - кез келген табиғи
қауымдастықтағы тірі организмдердің түрлік құрамының,
олардың санының, өнімділігінің, кеңістікте
бөлініп таралуының, сондай-ақ маусымдық
өзгерістердің, заттектердің биоталық айналымд
Орта жағдайларының
осы экожүйе үшін дағдылы шектен
шығып ауытқулары кезінде Экологиялық
тепе-теңдік бұзылып, бір түрлер
санының азаюына және басқа түрлердің
күрт көбеюіне апарып соғады. Сонымен
қатар, организмдердің табиғи қауымдастықтарының
әр түрлі зақымдаушы әсерлерге қарсы тұра
алатын және қалыпты жағдайлар қайта орнына
келгенде бастапқы күйіне қайта келетін
қабілеті болады, яғни белгілі бір тұрақтылығы
болады (қ. Экологиялық тұрақтылық). Жағдай
қолайсыз болған кезде белгілі бір түрдің
тығыздығы азаяды, бірақ оңтайлы жағдай
болғанда өніп-өсу, даму жылдамдығы жеделдеп,
тығыздық қалпына келеді. Экологиялық
тепе-теңдіктің болуы уақыт бойында заңды өзге

- Геоэкология: предмет задачи и объект исследования
- Геоэкономика
- Геоэкономика
- Геоэкономические войны
- Геоэкономическое пространство: теоретические и прикладные проблемы развития
- Геоэкономичкская тенденция
- Гепатит
- Геоэкологические проблемы строительства и эксплуатации ПХГ в отложениях каменной соли
- Геоэкологические процессы в городах
- Геоэкологическое проектирование в недропользовании
- Геоэкология
- Геоэкология
- Геоэкология водохранилищ и каналов
- Геоэкология, как наука о пространственно временных особенностях