Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездер жүйесі
«Астана Медицина
Қалыпты физиология кафедрасы
CӨЖ
Тақырыбы: Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездер жүйесі
Орындаған: Баулы М.
топ:218 ЖМ
Тексерген:Ибраева С.С
Астана, 2015жыл
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
1.Аралық мидың бөлігі гипоталамус
2.Гипофиз
3.Бүйрек үсті безі
4. Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті бездер жүйесі
IV.Қорытынды
V.Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.
Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жолмен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.
Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.
Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сгіпео — бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады (24-сурет). Соңғы екеуі аралас сөлініс бездер.
Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат (жүкті) әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады — эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының (кейбір жүйке жасушаларының) нейросөлініссы бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан баска ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады — бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы (энтеринді жүйе), бауыр, себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин, секретин, панкрео-зимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т. б
Негізгі бөлім
Гипоталамус.Ортаңғы ми мен ми сыңарларының
арасында а р а л ы қ ми орналасқан. Ол 2
төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан
тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік
асты аймағын гипоталамус деп атайды.
Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары
өтеді. Гипоталамус Дененің жоғары дәрежелі
вегетативтік орталығы болып саналады.
Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын,
аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі
мүшелердің қызметін реттеу орталықтары
бар. Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол
неиросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі.
Сондықтан Гипоталамус пен гипофиз зат
алмасуын реттейтін біріккен орталық
болып есептеледі. Гипоталамуста барлық
ішкі секрециялық бездердің қызметін
реттеуге қатысатын орталық бар. Бұларға
қоса, ол адамның ұйқысын және сергектігін
реттеуге қатысады.
Гипоталамус пен гипофиздің
қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып,
гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады.
Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар
— нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының
тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті
деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы
ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық
реттелуі жүзеге асады (1-кесте).
1-кесте Ішкі секреция бездерінен бөлінетін
гормондар және олардың адам ағзасына
әсері. Гормондар Бөлетін бездер Ағзаға
әсері
Тироксин Қалқанша
безі - Негізінен зат алмасу каркындылығын
арттырады.
Паратгормон Қалканшамаңы
безі - Кальций және фосфор алмасуын
реттейді.
Инсулин - Ұйкыбездің
аралды бөлігі Бұлшық ет және басқа жасушалардың
глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның
құрамындағы канттың мөлшерін азайтады,
гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның
алмасуына әсер етеді.
Глюкагон - Бауырдағы гликогеннің канда
глюкозаға айналуына әсер етеді. Адреналин - Бүйрек
үсті бездің без заты Симпатикалык жүйкелердің
әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі
гликогеннің ыдырауына әсер етеді.
Норадреналин -
Қантамырларын тарылтады.
Өсу гормоны (соматропты
гормон)- Гипофиздің алдыңғы бөлігі
Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді,
нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына
әсер етеді
Гиреотропты гормон
- Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін
түзілуіне әсер етеді
Адренокорти-котропты
гормон (АКТГ) —- Бүйрек үсті бездердің
өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне
әсер етеді
Окцитоцин Гипоталамус
(гипофиздің артқы бөлігі) Жатыр бұлшық
еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне
әсер етеді
Вазопрессин
—- Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына
жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады
Тестостерон (андрогендер)
Аталық бездер Аталық жыныс белгілердің
дамуына әрі сақталуына әсер етеді
Эстрадиол (экстрогендер)
Аналық бездер Аналық жыныс белгілердің
дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді
Гипоталамус
— көру төмпегінің (таламустың) төменгі
жағында, көру жүйкелерінің қиылысы мен
үлкен миаяқшаларының аралығында орналасқан
аралық мидың бөлігі. Ол үшінші ми қарыншасының
түбі мен қабырғасын құруға қатысады.Оның
қызметі: зат алмасуды, дене температурасын,
ашығу және шөлдеу сезімдерін, бүкіл ішкі
мүшелердің қызметін реттейді. Негізгі
биологиялық мотивация мен эмоцияның
қалыптасуында маңызды роль атқарады.
Гипофизбен бірігіп, эндокриндік бездердің
нервтік реттелуін қамтамасыз етеді. Гипоталамус
ядроларының дамуы жыныстық жетілу кезінде
аяқталады.
Гипоталамус ядролары(гипоталамические
ядра) — мультиполярлы нейроциттерден
құралған, гипоталамуста орналасқан сұр
заттық орталықтар, яғни ядролар.
Гипоталамустың сүрзаттық
орталықтары алдыңғы, ортаңғы және артқы
бөлімдерге бөлінеді. Аталған ядролар
нейроциттері биологиялық тұрғыдан тым
белсенді және жүйке жүйесі медиаторларымен
салыстырғанда, алыстан және ұзақ уақыт
әсер етуге бейімделген нейрогормондар
бөледі. Гипоталамустың алдыңғы бөлімі
— нейросекрет бөлетін ірі мультиполярлы
нейроциттер құрайтын жұп супраоптикалық
және паравентрикулалық ядролардан тұрады.
Ядролар нейроциттерінің эндоплазмалық
торында протеинді (нонапептидтер) нейрогормондар
түзіледі. Оларға вазопрессин жәнеокситоцин
гормондары жатады.
Окситоцин мен вазопрессин гормондарының
қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің
қызметіне сәйкес келеді, яғни бұлар мүшелер
құрамындағы бірыңғай салалы ет ұлпасы
қабықтары мен қабаттарына әсер етеді.
Сондықтан, гипоталамустың алдыңғы ядролары
нейроциттерін — холинергиялық нейроциттерге
жатқызады.
Вазопрессин мен окситоцин гормондары
нейросекреторлы нейроциттер аксондары
бойымен жылжи ағып, медиальды дөңес пенгипофиз
аяқшасы арқылы гипофиздің артқы нейрогипофиз
бөлігіне өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен
жанаса орналасқан ұсақ денешіктер (Херринг
денешігі) түрінде аяқталады. Гормондар
кейіннен организмге керекті мөлшерде
соңғы денешіктерден қанғаөтеді.
Гипоталамустың ортаңғы және артқы бөлімдеріндегі
ішкі- негіздік (медиобазальдық) және төмпектік
(туберальды) ядролары, қызметісимпатикалық
жүйке жүйесіне сәйкес келетін ұсақ мультиполярлы
нейроциттерден құралған. Сондықтан, бұл
ядроларды — адренергиялық нейроциттерге
жатқызады. Аталған нейроциттер гипофиздің
безді бөлігі — аденогипофиздің гормондар
түзу процесін реттеп отыратын, қарапайым
молекулалы олигопептидті аденогипофизотропты
гормондар бөледі.
Бұлар өз кезегінде гипофиз аденогипофизінің
гормондар бөлу қызметін күшейтетін —
либериндерге (күшейткіш гормондар) және
керісінше, аталған қызметті баяулататын
— статиндерге (баяулатқыш гормондар)
бөлінеді. Гипоталамустың гормондар бөлу
қызметін мидың жоғары бөлімдері бөлетін
нейроаминдер (дофамин, норадреналин,
серотонин, ацетилхолин) мен гормондар
(эндорфиндер, энкефалиндер) реттеп отырады.
Гипофиз. Гипофиз, немесе мидың төменгі қосындысы,
ми сыңарларының астыңғы жағында, ашамай
сүйектің үстіңгі ойысында орналасады.
Ол сол жағынан мидың қатты қабығымен
қапталады. Гипофиз құрылысы мен қызметі
жағынан аралық ми мен тығыз байланысты.
Без қанмен өте жақсы
жабдықталады. Оған келетін қан гипоталамус
арқылы өтеді сондықтан гапоталамустың
нейросекрециялық торшаларынан бөлінген
биологиялық белсенді заттар аденогипофизге
өтіп, оның троптық гормондарының түзілуін
күшейтеді.
Гипофиз барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Ол төрт бөліктен — туберальдық, алдыңғы, аршық (ортаңгы) және нервті (артқы), — құралған. Туберальдық, алдыңғы және аралық бөліктерді біріктіріп аденогипофиз деп атайды. Ал, нервті бөлік, гипофиз шанағы, сұр төмпешіктің ортаңғы денесі нейрогипофизді құрайды. Құстарда, киттерде, дельфиндерде, пілдерде аралық бөлік болмайды.
Гипофиздің алдыңғы безді бөлігінде 3 түрлі торшалар кездеседі хромофобтар немесе негізгі торшалар, базофильдер және ацидофильдер. Хромофобтар гормон түзбейді, олар торша қоры болып табылады да, организм жағдайына қарай базофильдерге не ацидофильдерге айналып отырады. Ацидофильдік торшалар соматотроптер және лактотропоциттер болып екі топқа жіктеледі, ал базофильдік торшалар — тиреотропоциттер, кортикотропоциттер, фолликулотропоциттер және лютеотропоциттер болып төрт түрге бөлінеді. Гипофиздің аралық бөлігінде меланотропоциттер орналасады. Ал, гапофиздің артқы бөлігі питуициттер мен миелинсіз нерв талшықтарынан құралады.
Гипофиз гормоңдары организмнің негізгі биологаялық процестерін, денедегі зат алмасуды — судың, минералды заттардың, көмірсулардың, белоктардың, майлардың алмасуын, — реттейді. Ішкі секрециялық бездер жүйесінде гипофиз ерекше орын алады. Ол басқа эңдокриндік бездер қызметін реттеуге қатысады, соңдықтан оны орталық без деп есептейді . Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормон бөледі оларға мыналар жатады.
Соматотроптық, немесе өсу гормоны (СТГ), — организмнің барлық торшаларында белоктың синтезін күшейтіп, РНК мөлшерін көбейтеді, кемірсулар мен липидтер алмасуын жандандырады, организмнің өсіп дамуын реттеп, сүйектің жетілуін жақсартады, кальций мен фосфор алмасуын реттейді. Бұл гормон жетіспесе организмнің өсіп-дамуы тоқтап, ергежейлік байқалады, ал ол көп бөлінсе — өсу процесі шапшаңдап, алыптық (гигантизм) қалыптасады. Пісіп жетілген организмде бұл гормонның көп бөлінуінің салдарынан акромегалия (кейбір сүйектер мен мүшелер өсуіндегі теңсіздік) немесе спланхоме галия (ішкі ағзалар өсуіндегі теңсіздік) байқалады. Гипофиз қызметінің ауытқуларымен байланысты организм кахексия (көтерем) және гипофиздік май басу сияқты ауруларға да шалдығады.
Адренокортикотроптық гормон (АКТГ) бүйрек үсті безінің шоғырлы және торлы аймақтарына әсер етіп, глюкокортикоидтардың түзілуін күшейтеді. АКТГ бүйрек түтікшелерінде натрийдің, хлордың, судың кері сіңірілуін арттырып, организмде май мен амин қышқылдарының биосинтезін жаңдандырады, қандағы қанттың деңгейін жоғарылатады. АКТГ — катаболизмдік әсері бар гормон. Ол организмнен азоттың бөлінуін күшейтіп, капиллярлар қабырғасының өтімдігін төмеңдетеді, қабынуға қарсы әсер етеді.
Тиреотроптық гормон (ТТГ) — қалқанша бездің қызметін жандандырады, фолликула ішінде жинақталған тиреоглобулиннің ыдырауын шапшандатады, қанға тироксин мен трийодтирониннің бөлінуін күшейтеді, қалқанша безде йодтың жинақталуын жақсартады. Гонадотроптық гормондар (ГТГ) — жыныс бездерінің өсіп-дамуына жағымды әсер етіп, олардың қызметін реттейді, жыныс гормондарының секрециясын күшейтеді. Гонадотроптық гормондар фолликуланы жандандырушы (ФЖГ), лютеиндеуші (ЛГ) және лютеотроптық (ЛТГ, пролан) болып үш топқа бөлінеді. Бұл гормоңдар аналық организміңде де, аталық организмінде де синтезделінеді, бірақ аналық организмдер лютеиндеуші гормондарды көбірек бөледі.
Фолликуланы жандандырушы гормон (ФЖГ) аналық бездің дамуын, қызметін реттейді. Оның әсерімен фолликулалар дамып, фолликулалық сұйық түзіледі, түйіршікті (гранулезді) торшалар көбейіп, олардан аналық гормондар (эстрогевдер) бөлінеді. Аталық организмде ФЖГ аталық жыныс торшаларының көбеюін (сперматогенезді) жандандырады.
Лютеиндеуші гормон (ЛГ) жетілген фолликулалардың жарылуын -овуляцияны, жыныс торшаларының аналық безден бөлінуін реттейді, овудяция жүрген фолликулада уақытша ішкі секрециялық қызмет атқаратын құрылым — сары денешік, түзіледі. Аталық организмде ЛГ жыныс гормондарының түзілуін күшейтеді.
Лютеотроптық гормон (ЛТГ) сары денеден прогестерон гормонының бөлінуін күшейтіп, желіндеу және сүттену процестерін реттейді.
Пролактин (ПРЛ) — сүт безінің (желіннің) қызметін реттейді, сүт қантының (лактоза) және сүт белогының (казеиноген) түзілуін жандандырады, жүктілік (төл көтеру) кезінде сары дене қызметін сүйемелдейді, денедегі су мен тұздар балансын реттеуге қатысады. Бұл гормон кептер балапанын асырайтын кезде олардың жемсауының қабырғасында ерекше сүт бездерінің өсіп-дамуын, құсық сүттің бөлінуін реттейді.
Әдеби деректерге сәйкес гипофиз қалқанша серік бездің, ұйқы безінің қызметін реттеуге де қатысады.
Гипофиздің аралық бөлігі көп қабатты эпителийден құралған жіңішке табакша іспеттес құрылым. Ол интермедин немесе мелано-форлык, гормон бөледі, пигменттер алмасуын реттейді. Кейбір деректерге сәйкес интермедин көздің фоторецегщиялық торшалары — таяқшалар мен сауытшалар, қызметін жандандырып, көздің жарық күшіне бейімделгіштігін жақсартады.
Гипофиздің артқы бөлігі, немесе нейрогипофиз, түрленген нейроглия торшаларынан — питуициттерден, құралады. Қазіргі деректерге сәйкес нейрогипофизден бөлінетін гормондар гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларында түзіледі де, липопротеидтік секрет түйіршікгері түрінде гипоталамус-гипофиз жолы арқылы гипофиздің артқы бөлігіне өтеді. Нейрогипофиз тек нейро-секреттер қоймасы ғана емес, олардың белсенді күйге айналуын қамтамасыз ететін құрылым болып табылады. Нейрогипофизде жинал-ған нейросекреттер окситоцин және вазопрессин гормондары түріңде бөлінеді. Вазопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал окситоцин — паравентикулярлық ядроларында түзіледі.
Вазопрессин зәрдің түзілуін азайтады — антидиурездік әсер етеді, бүйрек түтікшелерінде алғашқы зәр құрамындағы судың қайта сорылуын күшейтеді, калий, натрий және хлоридтердің кері сорылуын тежейді. Осымен байланысты оны антидиурездік гормон (АДГ) деп те атайды. Сонымен қатар, вазопрессин артериолалар мен капиллярлар арнасын тарылтып, қан кысымын жоғарылатады.
Окситоцин — холинэстеразаны бейтараптап, ацетилхолиннің белсенділігін арттырады, жатырдың бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтеді. Бүл гормон желіннің альвеолалық бөлігіндегі миоэпителийдің жиырылуын күшейтіп, ию процесін, сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді. Аталық организмде окситоцин шәуеттік жолдың бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтіп, эякуляцияны қамтамасыз етеді.
Әр түрлі тосын, қолайсыз факторлардың әсерімен (инфекция, улану, қансырау, тоңазу т.с.с.) организм әрекеттері өзгеріп, ол шамадан тыс ширығады, булығу (стресс) күйіне ұшырайды. Стресс деген терминді канада ғалымы Ганс Селье ұсынған.
Күшті тосын әсер тек сол тітіркендіргіш табиғатына байланысты реакция тудырып қана қоймай (мысалы, суықта тері тамырларыньщ тарылуы), сонымен қатар нақтылы әсерге катысы жоқ басқа да жалпылама реакциялар тудырады. Осымен байланысты организм өз қызметін жаңа, тосын жағдайға үйрену, бейімделу үшін жұмылдырады. Осындай жалпылама реакциялар тудыратын факторларды стрессорлар деп атайды. Стрессорлардың әсер күші үйреншікті деңгейден жоғары болады, сондықтан олар организмнің бейімделу тетігінің тек нервтік жолын ғана емес, гормондық жолын да әрекетке қосады.
Булығу (стресс) жағдайында қан құрамындағы адреналиннің, норадреналиннің, глюкокортикоидтардың, АКТГ, СТГ, глюкагонның, тироксиннің және йодпен байланысқан белоктардың, қанттың, еркін май қышқылдарының деңгейі жоғарылайды. Сонымен қатар қанның ұйығыштық қасиеті өзгеріп, қарын сөлінің бөлінуі азаяды, қан түйіршіктерінің саны көбейіп, жүрек жұмысы жиілейді, қан қысымы жоғарылайды, жүректегі қан айналым күшейіп, организмнің қорғанғыштық қабілеті артады. Сондықтан стресс жағдайын жалпылама адаптациялық синдром (ауруға тән белгілер жиынтығы) деп атайды.
Огрессор әсерімен алдымен рефлекс ретінде адреналиннің бөлінуі артады. Адреналин гипоталамусқа әсер етіп, одан кортиколиберин бөлінеді. Кортиколиберин аденогапофизден АКТГ- бөлінуін үдетеді. Ал, АКТГ бүйрек үсті безінің қыртыс бөлігінен зат алмасу процесінің қарқынын реттейтін глюкокортикоидтардың бөлінуін күшейтеді.
Стресс үш сатыда өршиді.
1) Дабыл сатысы — АКТГ
мен глюкокортикоидтар
2) Төзімділік сатысы —
зат алмасу процесі қарқынының
күшеюімен байланысты
3) Қажу сатысы — стрессор
әсері тым күшті болып, ұзаққа
созылса, глюкокортикоидтардың бөлінуі
тиылып, зат алмасу процесінің
қарқыны басылады да, организмнің
қолайсыз әсерге қарсыласу
Бүйрекүсті бездері . Бүйрекүсті бездері бүйректердің
жоғары жағында орналасқан. Олардың салмақтары
6-12 г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан
тұрады. Қыртысты қабат без салмағының
4/5, милы қабаты 1/5 бөлігін алып жатыр.
Милы және қыртысты
қабаттардың шығу тегі, құрылысы және
қызметі жағынан әртүрлі. Олардың қанмен
қамтамасыздануы ерекше.
Бүйрекүсті бездерінің салмағы аз болғанымен
тіршілік маңызы өте зор. Егер жануардың
екі безін де сылып алып тастаса (экстирпация)
7-10 күннің ішінде ол өліп қалады. Мұндай
жағдайда жануар еттері әлсіреп, тамақтан
қалады, өте тез арықтап салмағы азаяды,
кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын
құса береді, жүрек-қан тамырлар жүйесінің,
тыныс ағзаларының, асқорыту, бүйрек, зәр
шығару қызметтері нашарлайды қантамырлары
қабырғасының өткізгіштігі күшейеді,
қаны қоюланады және басқа өзгерістер
пайда болады. Жеке бөліп алынған қыртысты
және милы қабаттарға жасалған тәжірибелер
арқылы аталған өзгерістердің көбі қыртысты
қабаттың ішкі сөлініс қызметіне байланысты
екені анықталды. Мысалы, бездің милы қабатын
қалдырып, қыртысты қабатын сылып алып
тастаса, жануар өте тез өліп қалады. Ал
милы қабатын алып тастап қыртысты қабатын
қалдырса, жануар салыстырмалы ұзақ уақыт
айтарлықтай өзгеріссіз өмір сүре алады.
Мұның себебі милы қабатты құрайтын хромаффиндік
жасушалар бүйрекүсті безінен басқа да
ағзаларда кездеседі (ұйқы артериясының
бифуркациясы (айырық) тұсында, омыртқа
бағаны бойындағы симпатикалық шеткі
торапта т.б.). Оған қоса симпатикалық жүйкелердің
ұштары норадреналин бөліп шығарады. Ол
милы қабаттың гормонындай әсер етеді.
Сондықтан (бүйрекүсті бездерінің ми қабатын
алып тастағанда (демодулляциясы) оның
гормондарының кемшіліктері хромаффиндік
құрылымдар арқылы толықтырылады.
Бүйрек үсті бездерінің гормондары. Бүйрекүсті
безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостероидтарды
түзеді. Олардың бәрі де холестериннің
туындысына (өніміне) жатады. Мұның ішіндегі
тек қана негізгі онында биологиялық белсенді
гормондық қасиет бар. Қалғандары осы
негізгі гормондардың өніміне, немесе
олардың ыдырауынан пайда болған заттарға
жатады да көбінесе қанға өтпейді. Физиологиялық
қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа
бөлінеді: 1) глюкокортикостероидтар (ГКС);
2) минералокортикостероидтар (МКС); андрокортикостероидтар
(АКС);
Глюкикортикостероидтар бүйрекүсті безінің
қыртысты қабатының шоғырлы зонасында
түзіледі. Бұл топқа кортизон (өте белсенді
гормон), гидрокортизон және кортикостерон
(белсенділігі төмендеу) жатады. Кортизон
молекуласының С17 бөлігінде окситобы
болғандықтан оларды 17-оксикортикостероидтар
деп те атайды (әсіресе емханаларда жиі
пайдаланылады).
Гипоталамус-гипофиз жолы (гипоталамо-гипофизарный
тракт)(грек, hypothalamus жәнеhypophysis, лат.
tractus — жол) — гипоталамустың супраоптикалық
және паравентрикулалық ядроларынан басталып,
медиальды дөңес пен гипофиз аяқшасы арқылы
гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофизге
өтіп, қан капиллярлары қабырғасымен жанаса
орналасқан ұсақ денешіктер түрінде аяқталатын
эфферентті жүйке талшықтарының будалары.
Гипоталамус-гипофиз жолының
аксондары арқылы гипоталамустың супраоптикалық
және паравентрикулалық ядроларында түзілетін
окситоцин және вазопрессин гормондары
гипофиздің нейрогипофизіне өтіп, қан
капиллярлары қабырғасымен жанаса орналасқан
ұсақ денешіктерде (Херринг денешігінде)
жинақталады. Аталған гормондар кейіннен
организмге керекті мөлшерде Херринг
денешіктерінен қанға өтеді.
Қазіргі кезде
эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне
орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің
әсері (ми сыңарларының қыртыстары, гипоталамус,
лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде
зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде
гипоталамус ерекше орын алады.
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы
жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің
атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді.
Гипоталамустық супраоптикалық және паравентрикулярлық
нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары
арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың
аталған ядролары нейросекрециялық қызмет
атқарады, яғни олар түрлі нейросекрециялық
гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың
жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі
нейрогистологиялық, физиологиялық және
биохимиялық әдістермен дәлелденген.
Нейрогипофиздің гормондары белок – нейрофизинмен
қосылыста болып, қанға өткенде бұл байланыстан
босайды.
Гипоталамустың түзетін заттары гормон
емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің
артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға
айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі
мен гипоталамус біртұтас құрылымдық
және әрекеттік құрылым болып саналады.
Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері
гипоталамуспен қан тамырлары арқылы,
яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи
шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз
артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден
тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді.
Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық
жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық
түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды.
Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық
(стимуляторлар) әсер етушілер шығады.
Қан капиллярлары 10-20-дан қуыс вена тамырларына
құйылады. Олар гипофиз сабағы арқылы
оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр
торын құрады. Соның арқасында гуморальдық
стимуляторлар без тіндеріне тікелей
әсер етуге мүмкіндік алады.
Гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларынан
гипофиздің алдыңғы бөліміне босатушы
факторлар (ағыл. release – фактор) (кортикотропин
босатушы, тиротропин босатушы, фолликулотропин
босатушы, соматотропин босатушы, лютеотропин)
өтеді. Олар соматотропин, АКТГ, ГТГ, ТТГ
т.б. осы сияқты аденогипофиз гормондарының
пайда болып бөлінуін қамтамасыз етеді.
Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі. Мұнда
жүйкелік реттеу эндокриндік реттеуге
ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары
бөліп шығаратын нейропептидтер либерин
және статин деп аталады.
Соңғы кездегі химиялық зерттеулердің
нәтижесінде гипоталамуста полипептидтерден
құралған бірсыпыра биологаялық белсенді
заттар түзілетіні анықталды. Олардың
әр қайсысы гипофиздің алдыңғы және аралық
бөлімдерінде белгілі бір гормонның түзілу
жылдамдығына әсер етеді. Либерин (лат.
liber – бос деген мағынада) босатушы, күшейтуші,
ал статин – тоқтатушы, тежеуші (ағыл.
state – тежеу) факторлар. Қазіргі кезде
7 либерин мен 3 статин анықталып отыр.
Либериндер тобына кортиколиберин, тиролиберин,
люлиберин, фоллилиберин, соматолиберин,
меланолиберин және пролактолиберин жатады.
Сәйкес үш гормондардың шығуын тежейтін
статиндер тобына соматостатин, меланостатин
және пролактостатин жатады. Түрлі либериндер
мен статиндердің сөлініссы өздеріне
сәйкес қандағы гормондарға байланысты
және гормондар реттейтін үрдістердің
сипаты мен түріне байланысты.
Орталық жүйке жүйесінің ішкі сөлініс
бездерге әсері вегетативтік жүйке жүйесінің
талшықтары мен гипоталамус – гипофиз
жүйесі арқылы іске асады.
Бұл әрекеттік жүйенің
болуы да тұтасқан екі реттеу тетіктері
– жүйкелік және гуморальдық тетіктер
бар екенін дәлелдейді. Ішкі сөлініс бездерінде
кең көлемде өзін-өзі реттеу үрдісі жүреді,
қызметтердың өзін-өзі реттеуі осы екі
реттеуші тетіктерінің қызметінің үйлесімділігіне
байланысты. Гормондардың түзіліп, қанға
өтуінің маңызды себептері – реттелетін
жүйелермен үрдістердің өзіндік қалпы
болып келеді. Мысалы, қандағы кальцийдің
(Са2+) өзгеруі қалқанша және қалқансерік
бездерінің гормондарының шығуын реттейді.
Ал қандағы қанттың мөлшері ұйқы безінің
инсулинді және бірқатар инсулинге қарсы
гормондарды шығаруға әсер етеді. Тироксин,
глюкокортикоидтар мөлшеріне лайық гипофиздің
троптық гармондары түзіледі.
Сонымен бездер мен
олар реттеуге қатысатын ағзалар қызметі
арасында екі жақты – тура және кері байланыс
бар. Солардың арқасында реттеуші тек
қана реттелетін үрдістерге әсер етіп
қоймай, ондағы өзгерістер бездердің қызметіне
әсер етеді. Өзіндік реттелуде қан тамырларының
қабырғасында, тіндерде және гипоталамустың
өзінде орналасқан арнайы рецепторлардың
маңызы күшті. Гипоталамуста баро-, термо-,
хемо-, осмо- және глюко-рецепторлар орналасатыны
анықталды. Олар гомеостаздың түрлі өзгерістерін
сезгіш келеді. Тіпті гормондар мөлшерлерінің
өзгерістерін сезетін рецепторлары да
бар деген болжамдар да кездеседі.
Түрлі рецепторлар мен сөліністік жүйкелердің
гипоталамуспен байланыстығының барлық
бездерде болуы олардың қызметінің рефлексті
түрде өзіндік реттелуін қамтамасыз етеді.
Мысалы, Na+ мөлшерінің артуы альдостеронның
бөлінуін рефлекс арқылы тежейді, сөйтіп
артық Na+ несеп құрамында сыртқа шығарылады.
Қандағы Са++ мөлшері артқанда қалқансерік
безінің паратгормон бөлуі тежеледі, ал
тирокальцитонин артады. Тироксин мөлшері
көбейгенде гипофиздің тиреотропин шығаруын
тежейді. Глюкокортикоидтар мөлшерінің
көбеюі алдыңғы гипофиздің адренокортикотропинді
шығаруын тежейді.
Өзіндік реттелу гипоталамус арқылы да,
тікелей гуморальдық әсерлердің ішкі
сөлініс бездерге әсері арқылы да орындалады.
Ішкі сөлініс бездердің өзіндік реттелуінің
көбінесе ішкі ортаның -гомеостаздың –
тұрақтылығын сақтауында мадызы зор. Қандай
да болмасын организмдегі өзіндік реттелу
жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді. Ол
өзін-өзі реттеуші жүйелердің қызметін
сыртқы ортаның жағдайларына бейімдейді.
Организмнің бейімделу
әсерленістерінде жағымсыз жағдайларға,
зиянды экстремалді әсерлерге қарсы тұру
әсерленістерінде гипофиз-адренал жүйесінің
маңызы зор.
Организмнің бейімділігі
мен ішкі сөлініс бездерінің қарым-қатынасы
канадалық ірі физиолог дәрігер, эндокринолог
Ганс Сельенің лабораториясында көп зерттелді.
Барлық зиянды, қалыптан тыс төтенше әсерлерді
Г.Селье стрессор деп атаған (ағыл. stress
– зорлану деген мағынада). Стрессорларға
организмнің зорлануын, яғни стресті тудыратын
көптеген агенттер жатады. Химиялық немесе
бактериялық интоксикация, шектен тыс
тоңу, қызу, аштық, өте ауыр дене еңбегі,
психикалық әсерлер гипоксия, организмнің
ішкі жүйелер қызметтерінің бұзылуы т.б.
стрессор болуы мүмкін. Тіпті орта шамадағы
ауру, күшті эмоциялық қозу (жағымды, жағымсыз
болсын) да стресс тудыруы мүмкін. Жағымды
стресстер эвстресс, жағымсыздары дистресс
деп атапады. Стресс тетіктеріне қамшымен
қатты ұру және құшырланып сүю де есептеледі.
Г.Селье мен оның шәкірттерінің зерттеулері
бойынша, барлық стрессорлар алғашқы кезде
біркелкі жалпы әсерленіс тудырады: ең
алдымен адренокортикоидтардың гиперсекрециясы
(әсіресе глюкокортикоидтардың) пайда
болады. Себебі гипофизде АКТГ көп өндіріледі.
Оған қоса айырша бездің гиперқызметы
байқалады. Лимфа түйіндері мен көкбауырдың
салмағы мен көлемі азаяды, қанда лимфоциттер
мен эозинофилдер азаяды (эозинопения).
Соңғы екі өзгеріс Торн зерттеуі арқылы
оңай анықталады. Мұндай организмнің арнайы
емес әсерленісін жалпы адаптациялық
синдром деп атайды. Бұл зиянкес әсерлерге
организмнің қарсы тұру қабілетін күшейтеді.
Бүйрекүсті бездерінің қандай да болмасын
әсерге гиперсекрециясымен жауап беруін
Г.Селье алғашқы стресс әсерленісі яғни
«қобалжу әсерленісі» деп атаған. Бұл
әсерленістен кейін стрестің келесі кезеңі
резистендігі (төзімділігі) яғни бейімделуі
басталады да бүйрекүсті бездері гормондарының
сөлінісі қалпына келеді. Сонымен бүйрекүсті
безінің мұндай әсерленісі арқылы организмнің
компенсация (өтеміс) тетіктері іске қосылады
да, ол өзгерген жағдайға бейімделеді.
Глюкокортикоидтар мен адреналиннің физиологиялық
мол әсері бейімдеу үрдістерін қалыптастырады.
Адаптациялық синдромның
негізі – бүйрекүсті бездерінің белсенділігінің
іске қосылуы жүйкелік механизмнен гөрі
гипофиздің АКТГ-ның қанға шығатын мөлшеріне
байланысты. Гипофизэктомиядан (гипофизді
алып тастағаннан) кейін жануарларда адаптациялық
синдром дамымайды. Ал гилофизі сақталған,
бірақ бүйрекүсті безінің жүйкелері кесілген,
яғни оны кесіп алып миға қондырған жануарларда
«қобалжу әсерленісі» байқалады.
Бүйрекүсті бездерінің кортикоидты гормондары
организмнің төзімділігін қалай күшейтетіні
әлі де белгісіз. Мүмкін бүйрекүсті безінің
адренокортикоидты гормоны жасушада энергияның
жиналуы мен босауына әсер етіп, жасушалар
мен ағзалардың жұмыс қабілетін және энергия
тепе-теңдігіне ықпалын тигізетін шығар.
Егер зиянкес жағдай әсерін жалғастыра
берсе және оның күші үдесе, стрестің 3-і
кезеңі «әлсіреу кезеңі» басталады да,
бүйрекүсті бездері қажетті мөлшерде
глюкокортикоидтарды (кейде бұларды бейімдеуші
гормон дейді) өндіруді тоқтатады. Мұндайда
организмнің жағдайы мүлде нашарлап кетеді.
Организмнің бейімделу әсерленістерін
белсендіруге басқа да ішкі сөлініс бездері
қатысады. Бұл бездердің қызметінде өзара
байланыс айтарлықтай орын алады. Жалпы
алғанда ағзаға, оның қандай да болмасын
қызметіне тек қана бір без әсер етіп коймайды.
Қалыпты жағдайда бұл бездердің қызметіндегі
өзара байланысына қарай бірнеше без қатысады.
Кейбір бездер бір-бірімен антогонистік
байланыста болады (мысалы, көмірсуларға
адреналин мен инсулиннің әсері немесе
паратгормон мен тирокальцитониннің Са++-ға
әсері т.б.).
Синергист бездер де бар. Олардың гормондары
бір бағытта әсер етеді. Мысалы, көмірсу
алмасуына адреналин мен глюкогон, глюкокортикоидтар
тағы басқа гормондар әсері бір бағытта
жүреді де қандағы қантты көбейтіп гипергликемия
тудырады. Гипоталамус-гипофиз жүйесінде
сонғы жылдары нейрондарды реттейтін
пептидтер тобы ашылды. Олар эндорфин,
энкефалин, нейротензин, Р заты және басқа
қосымша гормондық жүйелер.
Қазіргі кезде гастро-интестиналды гормондар
(ГИГ) – асқорыту жолының көп гормондар
тобы зерттеліп жатыр.
Қорытынды.
Қазіргі кезде эндокриндік бездердің
секрециялық қызметіне орталық жүйке
жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері
(ми сыңарларының қыртыстары, гипоталамус,
лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде
зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде
гипоталамус ерекше орын алады.
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы
жүйкелік-гуморальдық байланыс екеуінің
атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді.
Гипоталамустық супраоптикалық және паравентрикулярлық
нейрондар аксондары гипофиз аяқшалары
арқылы оның артқы бөліміне өтеді. Гипоталамустың
аталған ядролары нейросекрециялық қызмет
атқарады, яғни олар түрлі нейросекрециялық
гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың
жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі
нейрогистологиялық, физиологиялық және
биохимиялық әдістермен дәлелденген.
Нейрогипофиздің гормондары белок – нейрофизинмен
қосылыста болып, қанға өткенде бұл байланыстан
босайды.
Гипоталамустың түзетін заттары гормон
емес, прогормон болып саналады. Гипофиздің
артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға
айналады, яғни гипофиздің артқы бөлімі
мен гипоталамус біртұтас құрылымдық
және әрекеттік құрылым болып саналады.
Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы бөлімдері
гипоталамуспен қан тамырлары арқылы,
яғни гуморалды жолмен байланысады. Виллизи
шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз
артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден
тұратын алғашқы капиллярлы торды түзеді.
Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық
жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық
түйіспелер түзетін жүйкелік тор жасайды.
Қолданылған әдебиеттер:
- Әбилаев С.А., Қуандықов Е.О. Медициналық биология және генетика. Алматы-Шымкент, 2004
- Рымжанов К.С., Төленбек И.М. Адам және жануарлар физиологиясы. Алматы, 2000
- Сәтбаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдібаева Ж.Б. Адам физиологиясы. Алматы, 2005
- Аймаутов Ж. Психология. Алматы ”Рауан”, 1995

- Гипоталамус-гипофиздік жүйе. Гипоталамустың нейрогормондары
- Гипоталамус гормондары (нейропептидтер). Гипофиз гармондары:құрлысы, әсер ету механизмі, медициналық маңызы
- Гипотеза
- Гипотеза
- Гипотеза.
- Гипотеза А. И. Опарина о происхождении жизни на Земле
- Гипотеза А. Н. Леонтьева о происхождении чувствительности и ее экспериментальная проверка
- Гипостатическая пневмония
- Гипоталамо-гипофизарная система
- Гипоталамус
- Гипоталамус
- Гипоталамус
- Гипоталамус
- Гипоталамус