Жоспар
IКіріспе
IIНегізгі
бөлім
1)Гистологияның
зерттеу пәні
2)Цитология
ғылымы,даму тарихы
3)Эмбриология
IIIҚорытынды
IVПайдаланылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адам организмі
тірі материяны қалыптастыратын
иерархиялық структура-функциялық
деңгейлердің жүйесі болып табылады:жасушалар-тіндер-органдардың
морфофункциялық бірліктері-мүшелер-мүшелер
жүйесі-организм.Олардың әрбірі өзіне
тән,басқа деңгейлерден айырып тұратын,морфофункциялық
ерекшеліктер мен заңдылықтарға
ие.Сондықтан,бұл деңгейлердің әрқайсысы
нақтылы медицина-биологиялық ғылымдардың
зерттеу нысанасы болып табылады
Адам гистологиясы-адам
ағзасын қалыптастыратын тіндердің
микроскоптық құрылысы мен тіршілік
әрекеттерін,яғни тіршілік қалыптасуының
тіндік деңгейін зерттейтін медицина-биологиялық
ғылым.Ол,ғылыми және оқу пәні ретінде
екі бөлімнен тұрады: жалпы гистология
және жеке гистология.
Жалпы гистология-негізгі
тіндер топтарының фундаментальді қасиеттерін
зерттейтін ғылым.Ал жеке гистология-нақтылы
орган құрамындағы әртүрлі тіндердің
құрылым-функциялық қалыптасу және
өзара әрекеттесу заңдылықтарын
зерттейтін ғылым.
ГИСТОЛОГИЯНЫҢ ҚЫСҚАША ДАМУ ТАРИХЫ
Гистология
ұлпаларды зерттейтін ғылым саласы
ретінде микроскопты зерттеулердің
негізінде әр түрлі ұлпалар
мен құрылымдарды бір топқа
топтастырып қарау қате еді.
Бұл кезең XVIII ғасырдың аяғына
дейін созылған.
Гистология
саласының дамуындағы жаңа дәуір
микроскоптын шығуынан басталады.
Микроскопты ойлап табу тарихы
әлі күнге дейін нақты емес,
ол туралы әр түрлі деректер
бар. Бірақ та микроскопты жасаушылар
кезінде көзілдірікті жасап шығарушылар
тәжірибесін пайдаланғаны күмәнсіз.
Көзілдірік алғаш рет 1285 жылы
Италияда шыққан. Кейбір аңыздарда
алғашқы микроскопты голландиялық
оптиктер Янсендер 1590 жылы жасап
шығарған делінді. Атақты Галилей
де 1612 жылы микроскоп құрастырған
екен деген мәлімет бар.
Алғашқы
ойлап табылған микроскоптар
ғылыми-зерттеу құралы ретінде
қолданылмады. Ағылшын математигі,
физигі әрі механигі Роберт
Гук 1665 жылы өзі жасаған микроскоппен
тоз ағашының құрылысын зерттеп,
жеке ұяшықтардан тұратынын анықтаған.
Осы ұяшықтарды Р. Гук "клетка"
деп атады (гректің "китос"—
қуыс деген сөзінен шыққан). Сонымен
Р. Гук "клетка" деген терминді
алғаш қолданған ғалым. Бұл
қазіргі әрине біздін ұғымымыздағы
клетканың ашылуы емес.
Кейінірек
Грю мен Мальпиги микроскопты
өсімдіктердің құрылысын зерттеуге
қолданды. 1671 жылы Мальпиги "Өсімдіктер
анатомиясы жөніндегі түсініктер"
деген еңбегін, 1672-1675 жылдарда "Өсімдіктер
анатомиясы" деген кітабын жариялады.
Сонымен бірге Грю 1671 жылы "Өсімдіктер
анатомиясының бастамасы" деген
еңбегін де Лондонның Королевалык
қоғамына тапсырады. Мальпиги, әсіресе,
Грю өсімдіктердің микроскопиялық
күрылысын зерттей жүріп өсімдіктердің
әр түрлі беліктерінің күрамында
көпіршіктердің болатынын анықтайды.
Өсімдіктердің клеткалық қүрылысын
зерттеген XVII ғасырда зерттеуші
А. Левенгук болды, бірақ та
ол өзі ашқан жаңалықтарынын
маңызын үғына алмады. А. Левенгук
жануарлар клеткаларында эритроциттерді,
сперматозоидтарды, бір клеткалы
жануарларды алғаш зерттеп көрді.
Сонымен XVII ғасырда өсімдіктердің
"клеткалық құрылысы" ашылды. Бірақта
шын мағынасындағы клетка осы
ғасырда өмір сүрген оқымыстыларға
белгісіз болды.
XVII ғасырдағы
микроскоптың құрылысы әлі де
тым қарапайым болатын. Ал XVIII
ғасырда микроскоптың құрылысына
біршама жаңалықтар еңгізілді
— штативі азды-көпті жетілдірілді.
Бұның себебі XVIII ғасырда ғұмыр
кешкен ғалымдар микроскопқа
аз көңіл бөлді, күнделікті
ғылыми жұмысқа қолдана бермеді.
XVII ғасыр
мен XIX ғасырдың бас кезінде
өсімдіктер клеткасын зерттеуде
елеулі жаналықтар болмады. XVII және
XVIII ғасырларда өсімдік клеткасының
қабықшасы зерттелді. XIX ғасырдың
басында ғалымдар өз назарын
клетканың ішіне аудара бастады. XIX ғасырдың
алғашқы ширегінде зерттеушілер клеткада
ядроны (1825) байқады. Оны алғаш тауық жұмыртқасынан
тауып, ұрык көпіршігі деп атады. Кейінірек
өсімдік клеткасының ядросьш 1831 жылы.
Р. Броун ашты. Осыдан соң клетканың қалған
құрылымьш атау үшін Я. Пуркинье протоплазма
(1839-1840) деген термин енгізді. Сонымен 1830
жылдары өсімдіктер анатомиясьш зерттеу
ісінде елулі жаңалықтар ашылды. Егер
де XIX ғасырдың басында клетканың өзінің
не екендігі, өсімдіктердің клеткалық
қүрылысының маңызы жөніңдегі мәселе
әлі де анық болмаған болса, өткен ғасырдың
екінші ширегінің бас кезінде жағдай баскаша
өзгерді. Клетканың барлық өсімдіктер
организмінің қүрылымдық элементі екендігі
белгілі болды.
XIX ғасырдың
басында микроскопиялық зерттеулердің
кең таралуы клеткалық қүрылыстын
өсімдіктерге ғана емес, жануарлар
организміне де тән екенін
көрсетті. Бүл бағытта Я. Пуркинье
мен И. Мюллердің мектептері
көп еңбек сіңірді. Ян Эвангелиста
Пуркииье өзінің шәкірттерімен
бірге (әсіресе Валентинмен) адам
мен жану-арлардың әр түрлі
үлпаларын зерттейді. Пуркинье
микро-скопиялық анатомияның ғана
емес, сонымен бірге микроскопиялық
техниканың да негізін салушылардың
бірі болды.
Иоганнес
Мюллер мектебі ғылым тарихында
ерекше орын алады. Оның шәкірттері:
Т. Шванның, Я. Генленің, Р. Ремактың,
гистологияның негізін қалаушылардын
бірі А. Келликердін, Э. Дюбуа-Реймонның,
Р. Вирховтын, Э. Геккельдің, И.
М. Сеченовтың енбектері бүкіл
әлемге мәлім. 1838 және 1839 жылдары
немістін екі ғалымы, ботаник
М. Шлейден мен зоолог Т.
Шванн көптеген деректік материалға
сүйеніп клеткалық теорияны жасады.
Т. Шванн клетканы өсімдіктер
мен жануарлардың универсал-дық
құрылымдық компоненті деп қарастырды.
Алайда,
М. Шлейден мен Т. Шванн организмдегі
клет-калар қүрылымы жоқ заттан
пайда болады деп қате түсінген.
Клеткалық теория барлық тірі
табиғаттың біртүтас екендігін
көрсетеді. Оның биологияның дамуына
ғана емес, философияның да дамуьша
үлкен прогрессивтік әсері болды.
Ф. Энгельс
клеткалық теорияны XIX ғасырдағы
үш үлы жаңалықтың (энергиянын
түрақтылық заны, клетка-лық теория
және Ч. Дарвиннің эволюциялық
ілімі) бірі деп жоғары бағалады.
Клеткалық теория шыққаннан кейін
20 жылдан соң неміс дәрігері
Рудольф Вирхов (1859) клет-ка клеткадан
ғана пайда болады деген корытынды
жасап клеткалық теорияны одан
әрі дамытты.
Қазіргі
кездегі клеткалық теорияның
негізгі қағидалары мьгаалар:
1. Клетка
— тіршіліктің ең нәзік әрі
кішкене бірлігі (единицасы);
2. Түрлі
организмнін клеткалары қүрылысы
жағынан ұқсас;
3. Клеткалар
бөліну арқылы көбейеді;
4. Көп клеткалы
организмдер клеткалар мен олардың
туындыларының жиынтығы.
XIX ғасырдың
ортасынан бастап гистология
жедел да-мыды. Клеткалық теорияның
негізінде түрлі органдар мен
ұлпалар қүрамы және олардың
гистогенезі түбегейлі зерт-телді.
Осымен бірге Еуропада Гассельдің,
Келликердің, Лейдигтің және басқалардың
алғашқы гистология жөніндегі
оқулықтары щықты.
Микроскоппен
зерттеу әдістері мен оның
техникасының жетілуі XIX ғасырдың
екінші жартысында гистологияның
жедел дамуына жағдай жасады.
Осы кезде жақсартылған иммерсиялык
объективтер тәжірибеге енгізіліп,
микроскоп-тың үлкейтіп көрсету
мүмкіндігі артты, жаңа фиксаторлар
— формалин (Блум 1893), хром қышқылы
(Ганновер 1840) жәие пикрин қышқылы
(Ранвье 1865) тағы басқалары қолданыла
бастады. XIX ғасырдың екінші жартысындағы
елеулі жаңалық микротомның шығуы,
оны Я. Пуркиньенің шәкірті
А. Ошац жасап шығарған. Осы
қүралдың гистология тәжірибесіне
енуі клеткалар мен үлпалардың
нәзік қүрылысын зерттеуге мүмкіндік
берді. 1876 жылы клетка орталығы, 1894
жылы митохондриялар, 1898 жылы Гольджи
аппараты ашылды. Осы органоидтардын
ашылуы ци-топлазмада клетканың
тіршілігі мен кызметіне байланысты
маңызды процестердің жүретінін
көрсетті.
Клеткалық
теорияның қалыптасуьша клетканың
бөлінуі жайындағы жаңалыктың
ашылуы игі әсерін тигізді.
Клетканың тікелей емес бөлінуі
жөніндегі алғашқы мәлімдемені
1873 жылы Шнейдер жасаған. Оның
бүл жаңалығы кезінде тиісті
бағасын ала алмады. Сонымен бірге
автордын өзі де жаңалығшшң
универсалдық зор маңызын жете
ұғына қоймаған болатын. Бүдан
кейінгі жылдары клетка бөлінуінің
жаңа әдістері туралы көптеген
ғылыми еңбектер жарияланды.
1874 жылы
Н. Д. Чистяков митоздық бөлінудің
бірнеше фазаларьш жазды. Ол
жанадан пайда болған клеткалардың
ядросы аналық клеткалар ядросының
бөлінуінің нәтижесінде пайда
болатынын түсінді. Бірақ та
Н. Д. Чистяков бөліну фазаларының
тәртібін толықтай біле алмады.
1875 жылы клетка бөлінуінің жаңа
ашылған әдісіне ар-налған бірнеше
енбектер басылып шықты. Э.
Страсбургер бірнеше өсімдіктер
митозын баяндауға арналған "Клетканың
бөлінуі және клетканың пайда
болуы" деген моногра-фиясьш
жарыққа шығарды. Страсбургер
өсімдіктермен бірге шеміршек
клеткаларының, асцидий жүмыртқасының
бөлінулерін де қарастырды. Түрлі
организмдердің тікелей емес
бөлінуі ортақ заңдылықпен жүретінін
Страсбургер дүрыс түсінді. Бірақ
та митоздың жеке детальдарына
баға берген кезде ол еңбегінде
көптеген кателер жіберді.
1978-1879 жылдар
кариокинез ашылуының шарықтау
кезеңі болып саналады. 1878 жылы
Страсбургердін "Клетканың бөлінуі
және үрықтану жөнінде" деген
екінші монографиясы шықты. 1879 жылы
В. Шлейхердің, П. И. Перемежконын
және В. Флеммингтің осы тақырыпқа
арналған еңбектері жарық көрді.
Флемминг өзінің "Клетканың субстанциясы,
ядросы және клетканын бөлінуі"
деген 1882 жылы шыққан монографиясында
кариокинез жөнінде шықкан жүмыстарды
қорытты. Осы кездегі қолданылып жүрген
кариокинезге байланысты көптеген терминдер
Флеммингтің осы монографиясында қолданылады.
Мысалы: тікелей және тікелей емес бөліну,
митоз және амитоз, ядро торы, хроматин
мен ахроматин, экваторлық пластинка,
аналық және балалық жұлдыздар. "Кариокинез"
деген терминді казіргі мағынасында пайдаланған
да Флемминг.
"Профаза",
"Метафаза" және "анафаза"
деген терминдерді Э. Страсбургер
1884 жылы, "телофаза" деген тер-минді
1894 жылы Гейденгайн үсынған.
Шет елдерде
гистологияның өркендеуіне орай,
бүл сала Ресейде де дами
бастады. ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан бастап, Санкт-Петербург
(1864), Мәскеу (1866), Харь-ков (1867), Қазан
(1871), Томскі (1883) университеттерінде
және Санкт-Петербургтің Дәрігерлік-хирургиялық
академиясында (1869) гистология кафедралары
ашылды. Осы кафедралардың алғашқы
меңгерушілері А. И. Бабухин,
Ф. В. Овсянников, Н. М. Якубович,
Ф. Н. Заварыкин, К. А. Аршптейн,
П. И. Перемежко, Н. А. Хржонщевский
болған еді. 1869 жылдан бастап Мәскеу
университетінің гистология кафедрасын
А. И. Бабухин (1835-1891) басқарды.
Оның шеткі нерв талшықтарының
нәзік қүрылымын анықтаған, балықтардың
электрлік органдарынын гистофизиологиясын,
кез бүршағын және иіс-сезім
органьш зерттеуге арналган енбектері
осы күнге дейін маңызын жойған
жоқ. А. И. Бабухин өзінің
гистофи-зиологиялық бағытын одан
әрі жалғастырған көптеген шәкірттерін
(И. Ф. Огенев, А. А. Колосов,
Н. А. Арсеньев) кдлдырды.
Қазан
гистологтар мектебін ашқан К.
А. Арнштейн (1840-1919). Оның негізгі
еңбектері шеткі нерв ұштарын
зерттеуге арналған. Қазан нейрогистологтар
мектебіне жа-татындар: А. С. Догель,
А. Е. Смирнов, Д. А. Тимофеев,
Б. А.
Лаврентьев, А. Н. Миславский тағы
басқа көрнекті мамандар.
Санкт-Петербург
университетіиде гистология кафедрасын
1864 жылдан бастал академик Ф.
В. Овсянников (1826-1906) басқарды. Ол
морфологиядағы гистофизиологиялық
бағыттың негізін салушылардың
бірі болды. Ф. В. Овсянников
әр түрлі жануарлардын нерв
жүйесі мен сезім мүшелерін
зерттеген.
А. С.
Догель (1852-1922) Томск, кейіннен Санкт-Петербург
гистологтар мектебін ашкан ғалым.
Ол өз еңбектерінің көпшілігін
вегетативтік нерв жүйесі мен
сезім мүшелеріне арнаған. А.
С. Догельдің шәкірттерінің бірі
— академик А. А. Заварзин (1886-1945)
болды.
Санкт-Петербург
гистологтар мектебінің негізін
қалаушылардың бірі М. Д. Лавдовский
(1847-1963) қуықтың ганглия клеткаларына,
нерв талшықтарының ре-генерациясы
мен дегенерациясы жөніндегі
еңбектерімен әйгілі. Ол Ресейдегі
салыстырмалы гистология мен
микро-физиология саласында да
танымал.
Орыс
гистология ғылымының негізін
салушылардың бірІ — орталық
нерв жүйесінің нәзік құрылысын
зерттеумен есімі танылған Н.
М. Якубович (1817-1879). Киев университетінің
гистология, эмбриология және салыстырмалы
анатомия кафедрасын ұйымдастырған
П. И. Пере-межко (1823-1863). Оның
негізгі енбектері клетканын
белінуіне арналған. Кенес өкіметінің
гистология мектебі цитологияның,
гистологияның онан әрі дамуына
үлкен үлес қосты (Д. А. Тимофеев,
А. Н. Миславский, А. А. Заварзин,
Б. И. Лаврентьев, Н. Г. Хлопин,
А. В. Румянцев және т. б.).
Б. И.
Лаврентьев пен А. А. Заварзин
нерв жүйесінің салыстырмалы
морфологиясын, А. В. Немилов
пен А. В. Румянцев ішкі секреция
мүшелерішң қүрылысын, Н. Г.
Хлопин үлпалардың қүрылысы мен
дамуын, Г. Н. Хрущев лейкоциттер
жүйелерінің салыстырмалы гистологиясын
зерттеуде үлкен табыстарға жетті.
Қазақстан галымдары да: академик
Ф. Мүхамедғалиев, Қазакстан ҰҒА-ның
кор-респондент мүшелері Т. Масенов,
А. М. Мырзамадиев, А. Ракышев,
профессор Г. Мұсағалиева, биология
ғылымдарынын докторы, профессор
М. Нүрышев т. б. гистология
мен цитологиянын дамуына белгілі
дәрежеде өздерінін үлестерін
қосты.
Гистология
кептеген биологиялық пәндермен,
жалпы және салыстырмалы анатомиямен,
эмбриологиямен, физиологиямен, биохимиямен,
зоологиямен тағы пәндермен тығыз
байланысты.
Цитология – клетка туралы ғылым. Цитологияның
пәні болып көпклеткалы жануарлар мен
өсімдіктердің клеткалары, сондай-ақ,
құрамына бактериялар, қарапайымдылар
және бір клеткалы балдырлар кіретін жалғыз
клеткалы ағзалар табылады. Цитология
клеткалардың құрылысын, олардың химиялық
құрамын, жасуша ішіндегі құрылымдардың
атқаратын қызметін, жануарлар мен өсімдіктер
ағзаларының жасушаларының қызметтерін
зерттейді.
Цитология
– биологиялық пәндердің арасында
алдыңғы орынды алатын экспериментальды
ғылымдардың бірі. Қазіргі кезде
цитология тек қана клетканың
құрылымын зерттеп қоймай, оның
ішінде жүретін физикалық және
химиялық үрдістерді де зерттейді.
Цитология молекулярлы биологияның
негізі бола отырып, оның цитохимия,
цитогенетика, цитоэкология сияқты
және тағы да басқа салаларының
жетілуіне себеп болды.
Цитология
– биология ғылымдарының ішіндегі
ең жас ғылым, оның жасы шамамен
– 100 ж. Ал «клетка» ұғымының
жасы 300 ж. астам екен.
Клетка (жасуша)
– біздің планетамыздағы тірі
ағзалардың құрылымы мен дамуының
негізін құраушы бірлігі. Көп
уақыттар бойы биология жануарлар
мен өсімдіктердің құрылыстарының
қасиеттерін, олардың көзге көрінетін
макроскопиялық құрылысының негізінде
зерттеп келді. Ағзалардың жасушалық
құрылысын ашқаннан соң, клетканы
тірі ағзалардың құрылымдық және
функциональді бірлігі ретінде қарастырғаннан
бастап, биология ағзалардың құрылысы
мен қызметін неғұрлым терең зерттей бастады.
Клеткалар
жай көзге көрінбейді, сондықтан
тірі ағзалардың клеткалық құрылымын
оқып, зерттеу жұмыстары оптикалық
аспаптардың жасалуы және жетілуімен
тығыз байланысты. XVI ғ. аяғы мен
XVII ғ. басында жаратылыстану ғылымдары
саласында оптикалық аспаппен
тәжірибе жүргізу қауырт дамыды.
1609-1610 жж. Галилео Галилей ең алғаш
оптикалық аспапты ойлап құрастырды,
ол тек 1624 ж. ғана сол аспапты
тәжірибелерде пайдалана алу
деңгейіне жеткізді. Бұл аспап
35-40 ретке ұлғайтатын болды. Бір
жылдан кейін И. Фабер осы
аспапқа “микроскоп” атын берді.
1665 ж. ағылшын
жаратылыстанушысы Роберт Гук
микроскоптың көмегімен кездейсоқ
алынған өсімдік объектісі –
тозағашының кесіндісінен ара
ұясы тәрізді қуыстарды көріп,
алғаш рет өсімдіктердің “клеткалық
құрылысын” анықтайды. Тозағашындағы
бос ұяларды ол “cell” – яғни
“клетка” деп атады. Уақыт
өте келе “клетка” ғылыми
ұғымға айналды. Гук тірі материяның
барлық қасиеттерін клетка қабығымен
байланыстырды.
XVII ғ. 70 ж.
Марчелло Мальпиги өсімдіктердің
кейбір мүшелерінің микроскопиялық
құрылысын зерттеді. 1682 ж. Н. Грю
“Өсімдіктер анатомиясының бастамасы”деген
еңбегін жазды.
XVII ғ. III жартысында
голландиялық ғалым Антон ван
Левенгуктың еңбектерінде жануарлар
клеткасының құрылысы туралы
зерттеулер орын алды. Ол микроскоп
құрылысын жетілдіре отырып, жануарлар
клеткаларын зерттеп, ұлпалар
мен мүшелердің құрылысын қарастырды.
1696 ж. оның “Жетілдірілген микроскоптар
көмегімен ашылған табиғат құпиялары”
атты еңбегі жарық көрді. Левенгук
алғаш рет эритроциттерді, сперматозоидтарды
зерттеп, сипаттама берді, көзге
көрінбейтін құпия әлем – микроағзаларды
ашып, оларды инфузориялар деп
атады. Левенгук – ғылыми микроскопияның
негізін қалаушы болып саналады.
1715 ж. Х.Г.
Гертель микроскоп объектілеріне
жарық түсіруге алғаш рет айнаны
пайдаланады, дегенмен тек 1,5 ғасырдан
кейін ғана Э. Аббе микроскоп
үшін жарық түсіргіш линзалар
жүйесін құрастырды. 1781 ж. Ф. Фонтана
жануарлар клеткаларының небір
құпияларын ашып, жануар клеткасын
ядросымен қосып суретін салды.
XIX ғ. I жартысында чех ғалымы Ян
Пуркинье микроскоп техникасын
жетілдіріп, клетка ядросын (“ұрық
көбігі”) сипаттап, жануарлар мүшелерінің
әр түрлі клеткаларын зерттеді.
Ол клетка ішіндегі сұйықтыққа
“протоплазма” деген ұғымды
қолданды. 1831 ж. Роберт Браун жасуша
ядросын маңызды да тұрақты
құрылым ретінде сипаттап, “nucleus”
– ядро ұғымын енгізді.
1838 ж. неміс
ботанигі Матиас Шлейден цитогенез,
яғни клетканың түзілуі теориясын
енгізді.
Шлейден
ағзадағы клеткалардың пайда
болуы сұрағының басын ашты, сондай-ақ
ол ядро – барлық өсімдік
клеткаларының міндетті компоненті
деген қорытындыға келді. Шлейденнің
отандасы зоолог Теодор Шванн
өсімдіктер және жануарлар ағзаларының
клеткаларын салыстырып, олардың
құрылысы ұқсас деп қорытындылады.
Клетка туралы өздеріне дейінгі
мәліметтерді жинақтап және өз
зерттеулерінің нәтижелерін пайдалана
отырып, ботаник М. Шлейден мен
зоолог Т. Шванн жасуша теориясының
негізін қалады. Клетка теориясының
қағидалары Шлейденнің 1838 ж. “Өсімдіктердің
дамуы туралы деректер” Шванның
1839 ж. “Жануарлар мен өсімдіктердің
құрылымы мен өсуіндегі сәйкестік
туралы микроскоптық зерттеулер”
деген атақты еңбектерінде жарық
көрді. Осы жылдардан бастап
клетка теориясының негізі қалыптасты.
Клетка
теориясының негізгі қағидалары:
- барлық
ұлпалар клеткалардан түзіледі;
- өсімдіктер
мен жануарлар клеткаларының
құрылысы ұқсас, өйткені барлық
клеткалардың пайда болуы бір
заңдылыққа бағынады;
- әрбір жасуша
дербес, ал ағзаның тіршілік етуі
жеке клеткалардың тіршілігінің
жиынтығы салдарынан туады;
Клетка
теориясының негізі алғаш қаланған
кезде клетка ағзада қалай
пайда болатындығы шешілмеген
мәселе болды.
Клетка
теориясын ары қарай дамытуға
неміс ғалымы Рудольф Вирхов
өз үлесін қосты. Ол ағзадағы
клеткалар саны олардың бөлінуі
нәтижесінде көбейетіндігі және
клетка тек клеткадан туындайтындығын
дәлелдеді.
Ф. Энгельс
тірі ағзалардың клеткалық құрылысының
ашылуын, энергияның сақталу заңы
мен Ч. Дарвиннің эволюциялық
ілімін XIX ғ. жаратылыстану саласындағы
ең маңызды жаңалықтары деп
атап көрсетті. Дегенмен клетка
теориясы бірден көпшілік құрметіне
бөленбеді, бірақ ол клетканы
тереңінен зерттеуге жол ашты.
Алғаш
рет клетканың цитохимиялық құрамын
1870 ж. Швейцария медицина ғалымы
Ф. Мишероле сипаттама берді.
Ол лейкоциттің ядросынан нуклеин
қышқылдарын тапқан. Кейіннен ақуыздың
биосинтезі тап осы қышқылдардың
көмегімен жүретіні белгілі болды.
Цитология
тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің
заңдылықтарын клетка деңгейінде
зерттеуге жағдай туғызды. Осының
негізінде Америка ғалымы Томас
Морган өзінің әйгілі тұқым
қуалаушылықтың хромосомдық теориясын
түзді.
Цитоэкология
тірі ағзаларда түрлі аурулар
тудыратын әртүрлі экологиялық
өзгерістердің әсерінен жасушалардың
құрылыстарының өзгерулерімен айналысады.
XIX ғ. II жартысында
жасуша – элементар ағза деген
түсінік пайда болды.
1874 ж. Ж.
Карнуа “Жасуша биологиясы”
деген ұғым енгізіп, клетканың
пайда болуы, функциясы және
құрылысы туралы ғылым цитологияның
негізін қалады.
1877-1881 жж. Э.
Руссов пен И. Горажанкин өсімдік
клеткалары арасындағы цитоплазмалық
қосылыстар – плазмодесманы бақылап,
сипаттама берді. Кейіннен плазмодесманың
түзілуі мен құрылымын неміс
ботаниктері Э. Страсбургер мен
Ю. Сакс зерттеді. Сонымен, мүшелер
мен ұлпалардағы клеткалардың
өзара байланысы көрсетіліп, соның
нәтижесінде ағзаның тұтастығының
материалды негізі дәлелденді.
1879-1882 ж.
В. Флеминг митоздың сипаттамасын
берді, ал 1883 ж. В. Вальдейер
“хромосома” ұғымын енгізді,
бір жылдан кейін О. Гертвиг
пен Э. Страсбургер бір-бірінен
тәуелсіз, бір уақытта ядрода
тұқымқуалаушылық нышаны бар
болуы гипотезасын енгізді.
Клетканың
клетка ішінің құрылымы мен
физиологиясы туралы білімдерін
жетілуі ядролардың бөлінуі –
кариокинездің және клетканың
бөлінуі – цитокинездің ашылуларымен
байланысты (П. Чистяков, Э. Страсбургер,
Л. Гиньяр және т.б. еңбектері).
XIX ғ. аяғында
И.И. Мечников фагоцитоз теориясын
ашты.
XX ғ. басында
Р. Гаррисон мен А. Каррель
клеткаларды пробиркада өсіру
тәсілін ашты.
XIX ғ. аяғында
жарық микроскопының шешуші қабілеттілігі
толығымен белгігі болды. Ол
микроскоптарда объектіні 2000 еседен
артық ұлғайту мүмкін емес
еді. Осы кезде электронды оптиканың
күрт дамуы ондаған миллион
есе ұлғайта алатын, шешуші қабілеттілігі
0,1 ангстремге дейін жететін электронды
мироскоптың перскпективті екендігін
көрсетті.
1928-1931 ж.
Германияда Эрнст Руска (Нобель
премиясының лауреаты), М. Кнолль
және Б. Боррис электронды микроскопты
құрастырды, соның нәтижесінде клетканың
нағыз құрылысы мен көптеген
ертеде белгісіз болған құрылымдар
зерттелді. Клетканың жұқа құрылымдарын
100 000 есе рет ұлғайтып көрсететін
электронды микроскоптың ашылуы
клетканы зерттеулердің мүмкіндіктерін
арттырды.
Клетканы
молекулалы деңгейде зерттеу
үшін қазіргі кезде 1931 ж. Девиссон
мен Калбектің құрастырған электронды
микроскопы қолданылады. Ол микроскопта
жарық сәулелері электронды сәулелермен
алмастырылды, ал шыны линзалар
электромагниттік өріспен алмастырылды.
Элекронды сәулелер аса жоғары
жылдамдықпен зерттелуші жасушаға
бағытталып, оны экранға суреттейді.
Электронды
микроскоптың пайда болуы адам
баласына қауіпті ауруларды табуда
маңызды роль атқарды. Жалпы
оптикалық аспаптардың пайда
болуынан биологиялық ғылымның
жаңа саласы – микробиология
дамыды.
Электронды
микроскоптың пайда болуы XX ғ.
негізгі ғылыми жетістіктерінің
бірі.
1929-1949 ж.
А. Клод клеткаларды зерттеу
тәжірибелерінде электронды микроскопты
қолдана отырып, ультрацентрифуга
көмегімен клеткаларды фракциялау
әдісін ойлап тапты.
Қазіргі
кездегі зерттеу тәсілдері клетканың
құрылымы мен функциясын, оның
физиологиясымен біріктіре отырып
зерттейді. Мысалы, биохимиялық тәсілдердің
бірі – хроматография, клетка
ішінің компоненттерінің сапалық,
сондай-ақ сандық қатынасын анықтайды.
Ал фракциялы центрифуга тәсілі
клетканың жеке компоненттерін
– ядроны, пластидтерді, митохондрияларды,
рибосомаларды және т.б. зерттейді.
Қазіргі
заманның клетка теориясы төмендегі
төмендегі тұжырымда сипатталады:
- клетка
барлық тірі ағзалардың құрылысы
мен дамуының негізгі бірлігі;
- барлық
бір клеткалы және көп клеткалы
ағзалардың клеткаларының құрылыстары,
химиялық құрамдары, тіршілік
әрекеттері мен зат алмасулары
ұқсас;
- клеткалар
бөліну арқылы көбейеді, әрбір
жаңа клетка алғашқы (аналық) клетканың
бөлінуінен пайда болады;
- клеткалар
генетикалық ақпаратты сақтайды,
өндіреді;
- көпклеткалы
ағзаларда клеткалар атқаратын
қызметтеріне сәйкес жинақталып
ұлпалар түзеді, ұлпалар мүшелерді
құрайды;
- тек қана
клеткалардың әрекеттерінің арқасында
күрделі ағзаларда өсу, даму, зат
және энергия алмасу үрдістері
жүзеге асады.
Клетка
теориясы әлемдегі барлық тірі
ағзалардың шығу тегі бір екендігін
дәлелдейді
Эмбриология (ұрық және грек. логос – ілім)
– жыныс клеткаларының қалыптасуын, дамуын,
құрылысын, ұрықтануды, ұрықтың пайда
болуын және оның эмбрионалдық дамуының
негізгі кезеңдерін зерттейтін биологиялық
ғы-лым; қ. Ұрықтың дамуы, Жануарлар, Өсімдіктер
эмбриологиясы.
Эмбриология
(ембрёлогіа, грек, ембрён — ұрык, логос
— ілім) — ұрыктың пайда болуы
және дамуы туралы ілім. Эмбриология
жыныс жасушаларының қалыптасуын,
дамуын, құрылысын және эмбриондық
дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтантыс
мүшелердің дамуын зерттейтін морфология
ғылымының саласы. Ол биология ғылымдарының
жедел дамып келе жатқан саласы.
Эмбриологияның соңғы қол жеткен
ғылыми жетістіктері биологияда, медицина
мен ветеринарияда кеңінен қолданылуда.
Атап айтқанда, қолдан ұрықтандыру, ұрықтануды
аналық организмнен тыс пробиркада
жүргізіп, ұрықтарды мұздату өдістері,
клондау, мал шаруашылығындағы суперовуляция
және ұрықтарды басқа организмдерге
көшіру және т.б. өдістер. Эмбриология
— медициналық және ветеринарлық
пәндердің (акушерство, педиатрия, гинекология)
іргетасын қалайды.
Қорытынды
Гистология-
адам организмі ұйымының тіндік деңгейін
зерттейтін ғылым.Басқа медицина-биологиялық
пәндермен (анатомия,физиология,биохиимия,генетика,иммунология)
бірігіп,гистология болашақ дәрігерлердің
іргелі теориялық дайындығын қамтамасыз
етеді.Гистологиялық құрылымдарды
атқаратын функцияларына орайластырып
зерделеу болашақ дәрігерлерлің
ой-өрісін кеңейтіп,клиникалық ойлау
қабілетін дамытады.

