Гносеология – таным туралы ілім
Алматы энергетика және байланыс университеті
Ақпараттық технологиялар факультеті
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Философия
№1 семестрлік жұмыс
Тақырып: Гносеология – таным туралы ілім.
Орындаған: Утегалиева Г.Д.
Топ. БВТк индекс: 11-1
Тексерген: доцент Мұхамеджан Қ.Ш.
Алматы 2012
Жоспар
- Кіріспе……………………………………………………………
..3 - Танымның философиялық тұғырнамалары.................
.........................4 - Интуиция, оның таным мен шығармашылық процесiндегi ролi........9
- Бiлiм түрлерi. Сенiм, пiкiр, түсiнiк.......................
.............................. .10 - Ақиқат мәселесi......................
.............................. .............................. ...13 - Қорытынды………………………………………………………
18 - Пайдаланылған әдебиеттер....................
...........................19
Кіріспе
Ежелден адамзат жаңа білімдерді
алуға әрқашанда ұмтылғаны
Аристотель “Метафизикада”, “Аналитикада” т.б. еңбектерінде таным туралы ілімді дамытады. Ол обьективтік шындықты танып білуге болатындығына күмән келтірмейді. Аристотельде барлық жерде обьективтік логика субьективтік логикамен араласып жатады және сонымен қатар, қай жерде болса да обьективтік логика көрініп тұрады.
Таным мәселесіне айтарлықтай өз әсерін тигізген классикалық неміс философиясының өкілі Иммануил Кант. Кант философияда таным теориясында шынында да өзі айтқандай «Коперниктік төңкеріс» жасады. Одан кейін философияда таным туралы көзқарас мүлде өзгерді.
"Таным" деген не?",
"Білімді қалай алуға болады?"
деген мәселелер төңірегінде
ойлана отырып, адам сонау ежелгі
заманда-ақ өзін табиғаттың
Танымның философиялық тұғырнамалары
Таным теориясы немесе гносеология философияның алғашқы даму кезендерiнен келе жатыр (гр. gnosis-таным, logos-ұғым, iлiм). Гносеология – адамның танымдық iзденiстерiнiң табиғатын, бiлiмнiң шындыққа қатынасын, оның мәдениет және байланыстар жүйесiнде алатын орнын, даму шарттарын, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтары мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады. Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдетте ғылыми таным теориясын белгiлейдi.
Декарт заманынан Батыс
Еуропаның философиясында танымды
“субъект-объект” арақатынасы
Қазіргі заманда ғылыми таным саласында объектi мен субъектiнiң арасында басқа да делдал қызметiн атқаратың әр-түрлi құралдар мен техникалық құрылымдар байқалады. Мысалы, атомдық физика саласында, микробиология және т.б. бiлiм салаларында алынған мәлiметтер таза объектiнiн қасиеттерiне, өзiнен-өзi өмiр сүретiнге жатпайды, өйткенi олар әр-түрлi құралдардың ықпалымен алынған болғандықтан, олардың iздерiн сақтап қалады. Және субъектiнiң өзiнiң табиғаты жағынан әлеуметтiлiкке негiзделгендiктен, ол да таза болмай, қоғамның даму денгейiмен байланысты болады. Сондықтан да, қазіргі гносеологияда бiлiмдi сараптаудың түпкi пунктi индивидуалды субъект және оған қарсы тұрған объектi емес, керiсiнше, қоғамдық жүйелер дамуы мен қызметi және субъектаралық iс-әрекет.
Танымның мәнiң түсiндiруде философтар әр түрлi пiкiрде болды.
Себептiлiк тұғырнама (Гоббс, Локк т.б.) бойынша таным – екi табиғи жүйелердiң арақатынасының нәтижесi, ал бiлiм енжарлы субъектiнiң сезiм мүшелерiне тигiзетiн объектiнiң белсендi де физикалық әсерiнiң нәтижесiнде қалыптасады.
Әрекеттiлiк тұғырнама (Выготский, Копнин, Лекторский т.б.) – әлеуметтiк таным теориясының бейнесi ретiнде түсiнуде көрiнедi, мұнда таным процесi субъект және объект арақатынасы деп қарастырылады, бiрақ субъектiнiң белсендiлiгi – әлеуметтiк мәдени ортаға тәуелдi қалыптасатын адамның қабiлетi деп түсiну.
Генетикалық эпистемология (Ж.Пиаже 1896-1980, “Баланың тiлi мен ойлау қабiлетi”, “Логика туралы трактат”, “Интеллект психологиясы”) танымды объектi мен белсендi әрекет жасаушы табиғи (биологиялық) субъектiнiң арақатынасы деп түсiнедi. Осы қатынастардың негiзiнде, “субъектi объектiнi тану және оның мәнiң түсiну негiзiнде өзiнiң әрекеттерiн, оның интеллект және ойлау операцияларын қамтитын бiркелкi жүйеге ұйымдастырады.”
Танымның эволюция теориясы (Фоллмер т.б.) танымның негiзi ретiнде “орташа өлшемдегi әлем”, “мезокосм”, тек ол ғана адамның танымына мәлiм болады, одан ғана адам түйсiк-бейнелердi ала алады. Ал танымның нәтижелерi мен танылатың әлемге сәйкестiгi психиканың қабiлетiне, эволюциялық және қоршаған ортаның өзгерiстерiне беймделуiне байланысты болады.
Жоғарыда аталған
Түйсiк – адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен сапаларының қарапайым, элементарлы бейнеленуi. Олар қоршаған айнала туралы жiктелмеген және затталған емес әсерлер, дабылдық және бағыттау қызметтерiн атқарады.
Қабылдау – адамның сезiм мүшелерiне тiкелей әсер ету нәтижесiнде, санада материалдық заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатын сезiмдiк танымның ерекше формасы. Қабылдау, мiндеттi түрде, субъектiнiң таным объектiсiмен тiкелей байланыс орнатқан сәтте, түйсiктер негiзiнде пайда болады. Ол бейнелер-белгiлер тұтастығымен сипатталады.
Елестету – сезiмдiк қабылдау негiзiнде қалыптасқан заттардың жанама-сезiмдiк бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердiң көрнекi бейнесiн сезiм мүшелерi арқылы қайта жаңғырту процесi. Елестету сезiмдiк байқау мен абстрактiлi ойлау арасында дәнекерлiк қызметтi атқаратын, индивидуалды жекеше бiлiмнiң сезiмдiк-тiкелей және абстрактiлi-жанама формаларын бiрiктiретiн, сезiмдiк танымның жоғары формасы болып табылады.
Сезiмдiк таным барлық формаларының бiртұтастығы ретiнде адам өмiрiнде үлкен орын алады. Сезiмдiк таным арқылы адам қоршаған дүние туралы және өзi туралы алғашқы бiлiмдерге ие болады, оның санасында әлемнiң сезiмдiк бейнесi қалыптасады, оның қажеттiлiгi өзiнiң болмысының жағдайларына беймделуiнде.
Бiрақ заттарды терең және жан-жақты танып бiлу үшiн, тарихта болған оқиғаларды, белгiлi бiр әлеуметтiк құбылыстарды түсiну үшiн жалғыз ғана сезiмдiк таным жеткiлiксiз. Мiне, осында адамға көмекке рационалды, жиi абстрактiлi ой деп аталатың таным келедi. Танымның бұл нысаңы адамның келесi мүмкiндiктерiмен: идеализация, пiкiр айту, ой қорыту және т.б. логикалық операциялармен тығыз байланысты.
Оның бiрiншi формасы ұғым – заттар мен құбылыстардың немесе олардың топтарының жалпы және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелейтін ойдың формасы. Жалпыланған заттардың саны әр түрлi болу мүмкiн. Ұғым бiр ғана заттың қасиетiн немесе бiркелкi топ заттардың қасиеттерiн анықтауы мүмкін. Ұғымдар әр түрлi болады: бiреулерi танымның арнаулы бiр саласында қолданылады, келесiлерi бiрқатар ғылымдарда, үшiншiлерi жалпы бәрiне де қатысты. Ойлаудың қандай түрi болмасын ол әрдайым ұғым арқылы жүзеге асады. Ұғым мазмұны жағынан объективтi, логикалық формасы жағынан субъективтi. Ұғымдар жалпы екi үлкен түрлерге бөлiнедi: а) күнделiктi тұрмыстық ұғымдар; б) ғылыми ұғымдар – терең жатқан, жалпы мәндi және заңды қасиеттердi бейнелендiредi. Ұғымның тiлдiк формасы сөз және сөздер болып табылады.
Пiкiр ұғымдардың логикалық байланысынан құрылады. Пiкiр арқылы адам шындық дүниедегi заттар мен құбылыстардың байланысын анықтайды. Басқаша айтқанда, пiкiр – адамның ойлау қабiлетi деуге болады. Пiкiр – ұғымның байланысының көмегiмен бiрдеңе жайында не қостайтын, не терiстейтiн ойдың формасы. Пiкiрдiң негiзгi элементi ұғым болып табылады, өйткенi пiкiр ұғымның мәнiн ашып бередi. Басқаша айтқанда, ұғымдарды “ұғуға”, түсiнуге көмектеседi. Пiкiрдiң тiлдiк формасы граматикалық сөйлем болып табылады. Пiкiрдiң таным формасы – ақиқатты немесе жалғандықты бiлдiредi. Ештеңе бiлдiрмейтiн пiкiр болмайды.
Абстрактiлi ойдың ең маңызды формаларының бiрi ой қорытынды болып табылады. Ол – белгiлi бiр нәтижеге, жаңа бiлiмге әкелетiн пiкiр болып табылады. Ой қортынды екi немесе одан да көп пiкiрлерден қорытынды жасап, жаңа пiкiр тұжырымдап шығарудың логикалық тәсiлi болып табылады. Ой қортындының маңызды белгiсi: ол арқылы адам шындық дүниенiң заттары мен құбылыстарымен тiкелей байланысқа кiрмей-ақ, ол туралы пайымдау арқылы жанама түрде бiлiм ала алады.
Рационалды таным туралы сөз қозғағанда, пайым және зерде өзара қатынасын да анықтау кажет. Антика кезеңiнде адамның танымдық қабiлеттерiн де, пайымдау қабiлетiн де ақыл-ой арқылы танылатың заттарды түсiнуге мүмкiндiк беретiн десе, ал зерде пiкiр талас жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, логикалық операциаларды саналы түрде бiртiндеп жүргiзу қабiлетiне жатқызған. Зерде адамның танымдық қабiлеттерiнiң ең жоғары болып есептелдi, өйткенi тек ол ғана мәндiлiктiң жалпы бiртұтас бейнесiн қамти алады және олардың негiзгi принциптерiн, заңдылықтарын, бастапқы негiздерiн танып бiлуге мүмкiндiк бередi. Ол – нағыз даналық, философтың түпкi мақсаты.
Пайым мен зерденiң өзара қатынасын түсiндiруге И.Кант та өз үлесiн қосты. Оның пiкiрiнше, “барлық бiлiм сезiмнен басталады да, сонан соң ол пайымға өтедi және зердеде аяқталады, бiзде одан жоғары ештеңе жоқ”. Канттың айтуынша, пайым – пiкiр айту, ойлау қабiлетi, ережелер берушi. Ол тәжiрибеге сүйенедi, сезiмдiк таным негiзiнде алынған материал. Бұл “материалдан” логикалық операциялар жүргiзу арқылы, ол жаңа ойлар тұжырымдайды, алған бiлiмдердi реттейдi, тәжiрибеден алған мәлiметтердi жүйелейдi, субъектiге таныс жағдайларда тез үйренуге көмектеседi. Ал зерденiң өзiнiң iшiнде ұғымдар мен принциптердiң қайнары бар. Зерде оларды ақылдан да, сезiмнен де алмайды. Ол өзi ұғымдар мен принциптердi жаратады. Және егер пайым бар бiлiмдер шеңберiнен шықпайтын болса, ал зерде олардан тыс шығып бiздiң бiлiмдерiмiздi кеңейтiп, тереңдетедi.
Таным процесiнде маңызды орынды сезiмдiк және рационалды танымның арақатынасы мәселесi алады. Бұл мәселемен байланысты екi қарама-қарсы пiкiрлер қалыптасты: сенсуалистер – танымда сезiмдiк формалардың маңыздылығын арттыра бағалайды және рационалистер – керiсiнше, абстрактiлi ойлау формаларына шешушi орын бередi. Ал соңғы кездерi бұл танымның екi түрлерi де маңызды екенiн, екеуiн бiр-бiрiнен бөлiп қарастыруға, ажыратуға болмайтыны дәлелдендi, өйткенi олар бiрi-бiрiнен өтiп жатады.
Интуиция, оның таным мен шығармашылық процесiндегi ролi
Өзiнiң заттық және теориялық әрекеттер барысында адам көптеген қиын жағдайлар, мәселелермен кездеседi. Оларды шешу үшiн адам қатты ойланып толғанады, өзiнiң барлық интеллектуалды мүмкiндiктерiн қолданады. Кейде күрделi мәселе аяқ астынан өзiмен-өзi шешiлгендей болады. Бұл кезде интуиция туралы айтқан жөн. Интуицияның келесi түрлерiн атауға болады: сезiмдiк және интеллектуалды, қарапайым және профессионалды. Тарихтан мысал келтiретiн болсақ: Менделеев, Пушкин, Кукуле шешiм түстерінде келген немесе Пуанкаре математикада автоморфты функциялардың болуы мүмкiн емес екендігін екi апта еңбектенiп тырысты, бiрақ шешiм аяқ-астынан көптеген ойлардың екеуi қосылып, мұндай функциялардың бар екенiн дәлелдемесi болып шықты. Сонымен, бұл мысалдар интуицияның келесi факторлармен байланысты:
* миға аяқ-астынан, күтпеген жерде кенет шешiмнiң пайда болуы;
* шешiмдi тiкелей көру және оған жанама түрде жету;
* шешiмнiң жаңа болуы, бұрында үлгiсi болмаған, ештеңеге ұқсамайды;
* шешiмдi табу процесiнiң бейсаналығы, шешiм табу жолдарының және тәсiлдерiнiң түсiнiксiздiгi, қайталанбастығы.
Егер айтылған факторларды есепке алса, интеллектуалды интуиция деп дәлелдеменiң көмегiмен басқа шындықтан шығармай және тек сыртқы сезiмдермен қабылдамай, жанама түрде ақылдың ақиқатты тану қасиетi деген анықтамасына келемiз. Ал егер интуиция бiлiмдi тiкелей сезiм мүшелерi арқылы қабылдау болса, онда бұл сезiмдiк интуицияның анықтамасы болады.
Интуицияны осылай, әр түрлi түсiну антика кезеңiнен келе жатыр. Платон интуицияны “ерекше iшкi көз”, “ақылдың жоғарғы қасиетi”, аяқ-астынан жанама бiлiм алу деп түсiндi. Декарт интуицияны интеллектуалды сфераға жатқызып, оны ақылдың мұқият және ашық түсiнiгi деп жариялады. Фейербах интуицияны сезiмдiк феномен деп түсiндi. Интуицияны бейсаналық сферасына жатқызған ойшылдар да болды.
Қазір оған келесi анықтама берiледi: интуиция – бұл ақиқатқа дәлелдемелер арқылы емес, оны тiкелей көрiп өту жолымен жеткен интеллектуалды феномен. Мұны ғылыми зерттеулер дәлелдеп қана қоймай, олардың механизмiн де ашып көрсетедi. Бастапқы кезеңде, адам психикасында санасыздық деңгейiнде белгiлi түрде түсiнбейтiн сезiмдiк және ұғымдық бейнелер жинақталады. Сосын осы санасыздық деңгейде интеллектуалды операциялар арқылы сол бейнелердi “өңдеу” жүредi. Мұнда сезiмдiк бейнелер логикалық бейнелерге және керiсiнше өтуi болады. Дәл осы сәтте адам алдында тұрған мәселенi саналы түрде түсiну процесi өтедi, нәтижесiнде мәселе айқын да, нақты шешiлуі мүмкiн. Интуицияның ең соңғы кезеңiнде аяқ-астынан шешiмге келу жалпы бiртұтас сезiмдiк-логикалық бейненiң қалыптасуы, санасыздықтың ең терен, ең түпкiрiнде жатқанның сыртқа саналық деңгейiне шығуымен байланысты болу мүмкiн. Уақыттық қатынаста бұл процесс ұзақ немесе тез, жылдам да болуы мүмкiн.
Бiлiм түрлерi. Сенiм, пiкiр, түсiнiк
Бiлiм бұл еске түсiру. Платон.
Бiлiм – ең бiрiншiден танымның нәтижесi, бұл процесте адамның дүние туралы түсiнiктерi қалыптасады, ұғымдар қалыптасады, адам құбылыстар жайында өз пiкiрiн айтып, объективтi дүниенiң идеалды моделiн, үлгiсiн жасайды, гипотеза немесе теория ретiнде. Бiлiм адамның практикалық қызметiнiң негiзi, оның тиiмдiлiгi қаншалықты адам нақты дүниенi барабар бейнелейтiніне байланысты болады.
Әдетте бiлiмнiң үш түрiн анықтайды: түрмыстық, көркемдiк-бейнелi, ғылыми. Бiрiншiсi, адамның ақыл-ой парассатылығына, зерделелiгiне негiзделген бiлiмдер. Күнделiктi тұрмыста алынған бұл бiлiмдер жиi саяз болып, қорщаған әлемде тез үйрену үшiн, тапқырлығын көрсетiп, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату үшiн қажет. Екiншiсi, нақты-сезiмдiк бейнелер жиынтығы, көпмағыналы метафоралар мен символдардың жүйесi, бiр құбылысты екiншi құбылыс арқылы түсiндiру. Ол өзiнiң ерекше құралдарымен адамға әсерiн тигiзедi, оның қиялдарының дамуына әкеледi, эстетикалық және өнегелiлiк құндылықтарың қалыптастырады. Үшiншi, ғылыми бiлiм ұғымдардың реттелген жүйесi болып табылады. Ол жоғарғы деңгейдегi жалпылығымен және абстракциялануымен, фактiлердi терең түсiнумен, зертелетiн объектiнiң табиғатына терең бойлаумен ерекшеленедi. Ғылыми бiлiмде объектiлер арасындағы себеп-салдық қатынастар және олардың даму заңдылықтары нақты айқындалады. Ғылыми бiлiм жүйелердiң дамуының нәтижелерiн айқын да, дұрыс та болжауға мүмкiндiк тудырады.
Таным теориясында дихотомия “нақты және нақты емес бiлiмдер” де орын алады. Нақты бiлiмдер тiлде ұғымдар мен пiкiрлер арқылы көрiнедi, индивид оны түсiнедi және оны оңай айыруға болады. Бұл бiлiм объективтендiрiлген, әлеуметтiленген болып келедi. Оны практикалық және теориялық әрекетте оңай қолдануға болады, өйкенi ол рационалды, мәлiмденген және процедуралық болып табылады. Нақты емес бiлiмдер рефлективтi болып келедi. Бұл жеке тұлғалық бiлiм, тiл арқылы жеткiзiлмейдi. Бұл бiлiм жанама түрде берiлмейдi, оны тек сол бiлiмнiң иесiмен тiкелей байланыс орнатып қана алуға болады. Нақты емес бiлiм шеткiшекаралық бiлiм, ол саналық пен санасыздықтың шекараларында орналасады. Ол тұлғалық бiлiм болып шығады, оның мәнi белгiлi бiр адамдар қауымдастықтарына тән келетiн, тұлғаның жұріс-тұрыс моделi болып табылады. Нақты емес бiлiм қарапайым сананың негiзiнде жатыр.
Бiлiмдi ұстаным-пiкiрден айыра бiлу қажет. Өйткенi, ұстаным-пiкiр бiлу мен бiлмеудiң аралығында орналасқан. Егер бiлiм белгiлi бiр тарихи қиырларда тұрақты болып келсе, пiкiр қысқа мерзiмде өзгерiп отырады. Егер бiлiм нақтылықпен, растылықпен байланысты болса, пiкiр - нақты емес, рас емес те болады. Дихотомия “бiлiм-пiкiр” антика кезеңiнде басталды, оны екi түрлi тәсiлмен дәлелдеуге болады. 1) пiкiр адамға тән деп есептелдi, өйткенi оның танымдық мүмкiндiктерi шектеулi. Бiлiм мүмкiндiктерi шексiз құдайларға тән. 2) болмыс пен бейболмыс қарама-қарсы қойылатындай, бiлiм мен бiлiмсiздiк те қарама-қарсы қойылады. Пiкiр бiлiм де, бiлімсіздiк те емес, ол екеуiнiң арасында орналасқан. Бұл – өзгермелi жаңа қалыптасып келе жатқан бiлiм. Платон: “пiкiр қалыптасуға қатысты, ойлау - мәңге қатысты. Және қалай пiкiр қалыптасуға қатысты болса, солай ойлау пiкiрге қатысты” – деп айтқан. Қазіргі заманда бiлiм растылықпен теңестiрiледi.
Философияда дихотомиядаң басқа “бiлiм-сенiм” деген антитеза бар. Сенiм дегенiмiз не, оның бiлiмнен айырмашылығы неде? Гносеологиялық көзқарас бойынша, сенiм – эмпирикалық және рационалды дәлелдеменi қажет етпейтiн, белгiлi бiр жайды қабылдау.
Сенiмнiң гносеологиялық түсiнiгiнен басқа түсiнiктерi де бар, онда бұл рухани феномен дiни көзқарастардың негiзi ретiнде қаралады. Бұл жағдайда сенiм дiни қасаң қағидаларды мойындау, Құдайға берiлiп қызмет ету, дiни жол-жораларды бұлжытпай орындауды бiлдiредi. Дiни сенiмдер адамның өзiндiк мүдделерiмен, оның өнегелiлiк сезiмдерiмен және эстетикалық уайымдарымен байланысты; ол бiлiмнiң ақиқаттылығына индифференттi.
Сенiм адамның бүкiл өмiрiнiң серiгi. Адамның мақсатталған әрекеттерiнде: еңбек құралдарын жасауда, олармен жұмыс iстеуге үйренуде ол үнемi еңбектiң жақсы нәтижесiне, оның практикалық құндылығына сенедi. Адамның “заттық әлем” бар дегенге сенiмi, ол көп түрлі деген сенiмi, оны танып бiлуге итермелейдi, өз болмысын жақсартып, игiлiгiне жаратуға мүмкiндiк бередi. Сенiм ғылыми танымның да элементi болып табылады. Бiлiмнiң бастамасы ретiнде кейбiр жайларды сенiмге алу қажет. Математика үшiн бұл - аксиомалар, физикада - қағидаттар, гуманитарлық бiлiмде - алғы шартты жүйелер.
Сонымен, “бiлу” және “түсiну” дегенiмiз бiр ұғым емес. Түсiну – бұл ең бiрiншiден мәнге терең үңiлу, ол бiлiмге әкеледi. Ал мәннiң өзiн түсiну әр қилы болып келедi, көркем бейненi түсiну, ғылыми текстi түсiнуден айрықша.
Философияда түсiнудiң келесi анықтамасы бар: әлеуметтiк практиканың нормативтi-құндылық жүйелер негiзiнде шындықты түсiну процедурасы. Мұнда түсiну – адамның рухани-практикалық тәжiрибесiнiң нәтижесi деп алынады. Сондықтан да түсiну әлеуметтiк процесс болып табылады және онда тұлғаның белсендi қатысуы қажет.
Ақиқат мәселесi
Адамның алған бiлiмдерi оның есiнде “жүк” ретiнде қала бермейдi, ол оны өзiнiң практикалық әрекеттерiнде қолданады. Қоршаған әлем туралы алған бiлiмдерiне сүйене отырып, адам бағдар жасайды, бұл дүниеге белсендi әсерiн тигiзедi, оны мақсаттарына сай өзгертедi. Бiрақ әр бiлiм адамның көмекшiсi бола бермейдi. Өйткенi, бiлiм шынайы емес, терең емес болуы да мүмкiн. Онда ол бiлiм керi әсерiн тигiзiп, адамның өмiрiне қауіп тудыруы да мүмкiн.
Танымның мақсаты шынайы бiлiм. Шындық, ақиқат дегенiмiз не? Бұл сұрак гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе жайында бiрқалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк теориясы. Келесiлерi ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама. Үшiншiлер ақиқат бұл келiсiмшарт деп уағыздайды - конвенционалды теория. Төртiншiлерге ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiк келiсiмдiлiгi - когеренция теориясы. Бесiншiлер бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана ақиқатты болады деп есептейдi - прагматикалық тұғырнама. Ақиқат концепциясының дәстүрлi немесе классикалық концепциясы бiрiншi түсiнiгiмен байланысты. Ол көне замандарда пайда болды. Аристотель: “үзiлгендi үзiлген деп, байланыстыны байланысты деп айтатын шындыққа жетедi” деген. Ортағасырларда, Фома Аквинский “ақиқат дегенiмiз интеллект пен заттың арасындағы келiсiммен айқындалады” деп айтып кеткен. Декарт “ақиқат - өзiнiн мән-мағынасында ойдың затқа үйлесiмдiлiгi” дейді. Бұл пiкiрмен материалистер де, идеалистер де, диалектиктер мен метафизиктер де, теологтар мен атеистер де келiстi. Қазіргі заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк қалыптасты: 1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықтың бар екенiн мойындауды бiлдiредi; 2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi; 3) ақиқат нақты болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты орынмен және уақытпен себептелiнедi; 4) ақиқат шексiз процесс болып табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту болып жатады.
Сонымен, ақиқат – таным субъектiсiнiң практикалық бiлiмде алынатын шындықты барабар бейнелеу. Әрбiр ақиқат өзiнiң формасы жағынан субъективтi: ол субъектiнiң әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден тыс өмiр сүрмейдi. Ол тұлғаның “iзiн” сақтайды, өйткенi ол өзiнiң әлеуметтiк-тарихи тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам санасынан тыс, одан тәуелсiз тұрған объектiнiң адам санасында бейнеленуi. Мұнда, ақиқат тұлғаның ерекшелiктерiне, танымның тәсiлдерiне тәуелдi емес.
Адамның және адамзаттың дамуымен объективтi дүние жайында бiлiмдер де өзгередi, өркениеттiң жаңа сатысына көтерiлуiмен бiлiм алу құралдары да өзгередi. Бұрын, басында танылмаған танылады, белгiсiз болған белгiлi болады. Бұдан ақиқаттың салыстырмалы болатыны анықталады, ол екi аспектiде көрiнедi: 1) салыстармалы ақиқат қоғамның дамуының белгiлi бiр деңгейiне лайықты, сол бiлiмдердi алудың тәсiлдерiн себептейтiн толық емес, нақты емес бiлiмдер; 2) оларды алу шарттарына, орыны мен уақытына байланысты тәуелдi бiлiмдер. Салыстырмалы бiлiмдердiң, оның бiрiншi анықтамасына сай мысал ретiнде кез келген ғылымды келтiруге болады. Әр ғылым, осы мағынада толық емес, толық аяқталмаған білім болып келедi. Екiншi мағынасына сай мысал ретінде келесі қағиданы келтiруге болады: “Зорлық бұл зұлымдық”, бұл қағида адамгершiлiкке қарсы мақсатта қолданған кезде ақиқат, ал қылмыскерлермен күрес жүргiзу барысында немесе отанының шекарасын қорғау кезiнде ол ақиқат болмайды. Және бұл мысал ақиқаттың салыстырмалылығы мен нақтылығының байланысын көрсетедi, келесi түйiнге әкеледi: абстрактiлi ақиқат болмайды, ол үнемi нақты. Абсолюттi ақиқат бұл: 1) шексiз дүниенi тұтас күйiнде түсiнумен байланысты толық жетiлген, сарқылған бiлiм; 2) келешекте терiстелмейтiн бiлiмдер. Бiрiншi жағдайда жалпы әлем және оның жеке салалары туралы толық жетiлген бiлiмдi аламыз, оған жету мүмкiн емес, өйткенi, адамның танымдық мүмкiндiктерi шектеулi және шексiз де, алуан түрлi дүние өзгермелi. Екiншi жағдайда еш уақытта терiстелмейтiн, тек толықтырылып, тереңдетiлiп отыратын және танымның кейiнгi барлық сатыларында шынайы болып қала беретiн бiлiмдi айтамыз. Мысалы, “қозғалыс - дегенiмiз кез келген өзгерiс болып табылады”, “Қоғам - табиғаттың ерекше бөлiгi”.
Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi шынайы бiлiмдердiң бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдердi абсолюттендiру релятивизмге әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредi, скептизм немесе объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi.
Ақиқат проблемасын шешу барысында келесi ұғымдарға көңiл бөлу қажет: расталған және расталмаған бiлiмдер, ақиқат, жалғандық және адасушылық. Расталған бiлiм - бұл объективтi, шынайы бiлiм. Және олар шынайы болып логикалық тұрғыда дәлелденген немесе эмпирикалық, эксперименталды, нақты дәлелденген кезде есептеледi. Мысалы, Абай 1845-1904 ж. өмiр сүрдi. Нақты, құжат арқылы дәлелдендi. Ал расталмаған бiлiм логикалық тұрғыдан толық дәлелденбеген немесе әлi практикада өз көрiнiсiн таппаған бiлiмдер. Мұндай бiлiмдер күмән тудырады және қосымша дәлелдемелердi қажет етедi. Бiлiмнiң ерекше түрi, растау немесе терiстеуге болмайтын, ол белгiсiз бiрдеңе туралы бiлiмдер, олар көбiнесе өз көрiнiстерiн мәселе ретiнде табады. Мысалы, философияда өмiр және өлiм мәселесi, қажеттiлiк пен еркiндiк мәселелерi т.б. гносеологияның спецификалық феноменi адасушылық болып табылады. Егер өтiрiк – бұл шындықты әдейi бұрмалау болса, жалған бiлiмдердi шынайы бiлiм деп көрсетуге тырысқан пиғыл болып табылады, онда адасушылық әдейi емес бiлiмдi бұрмалау болып келедi. Адасушылық - бұл қателiк. Адасушылықтың себептерi әр түрлi болады: психологиялық (жеке тұлға ұстанымдары, таптаурын-стереотиптер); логикалық (қорытынды жасау ережелерiн бiлмей бұзу); гносеологиялық (танылатын объектi туралы қалыптасып қойған субъективтi пiкiр, сынаржақтылық және фрагментарлы бiлiм); әлеуметтiк-мәдени (қоғамдық пiкiрге немесе идеологияға бағытталыну) т.б.
Ақиқаттың өлшемдерiне қоғамдық практика жатады: 1) ол таным процесiмен тiкелей байланысты, оның дамуын айқындайды және алынған қорытындылардың растылығы мен толық болуын анықтайды; 2) практика абсолюттi (адам басқа өлшемдердi тапқан жоқ), салыстырмалы (тарихи шектеулi болғандықтан қоғам жинаған барлық бiлiмдердi дәлелдей алмайды), универсалды (болған және келешекте болатын адамдардың тәжiрибесi мен әрекеттерiн қамтиды); 3) объективтi және субъективтi жақтары бар; 4) практика сезiмдiк, абстрактiлi (жалпы) және тiкелей шындықты қамтиды.
Маркстiң философиясында практика – дүниенi және адамды өзгертуге бағытталған адамның мақсатталған сезiмдiк-заттық әрекеттерi деп қарастырылады. Практиканың мұндай жалпы түсiнiгi теориялық танымның басқа салаларында ақиқаттың жеке өлшемдерiн қолдануды терiстемейдi. Соңғы кездерде ақиқат критерийлерiмен байланысты жаңа концепциялар пайда болды:
1. ақиқаттың когеренттi тұғырнамасы (Лейбниц, Спиноза, Гегель, Гемпель, Нейрат) бiлiмнiң байланыстылығын, жүйелiлiгiн, бiртұтастығын мойындайды. Мұнда логикалық өлшемдер басшылыққа алынады. Жалпы жүйеде бiр-бiрiмен байланысты үйлесiмдiлiкте пiкiрлердiң болуы, көп буынды логикалық құрылым. Бұл тұғырнама нормативтi болып келедi, өйткенi субъектiден алшақ болып, бiрiншi орынды танымдық процедуралар мен бiлiмнiң өзiне бередi.
2. ақиқаттылықтың конвенционалды тұғырнамасы (Пуанкаре) мұнда ғылыми теориялар және онда қолданылатың ұғымдар объективтi шындықтың бейнесi емес, ол адамдардың арасындағы келiсiмнiң болу нәтижесi.
3. ақиқаттылықтың прагматикалық тұғырнамасы: ақиқат – мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретiн пайдалылық. Олар өздерiнiң назарын ақиқаттың әлеуметтiк маңызына, оның комуникативтiлiгiне және қоғаммен мойындалуына аударады.
Қорытынды
Қорытындылай келе, біз
таным мәселесінің
Ұлы грек ойшылдары адамды тануға таным теориясы мен логика заңдарын қолданған. Аристотель рационалды білім мен ғылым арқылы адамды тану бағытын көрсеткен болатын. Аристотельдің айтуынша, ақыл мәңгі және еш уақытта жойылмайды, әр уақытта сақталады. Аристотель өзіне дейінгі философияның таным теориясын терендете талдаған болатын. Ал Кант болса таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Таным процесі, - деп атап көрсетеді неміс философы, - жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс-әрекетімен байланыстырды.

- Гносеология - теория познания
- Гносеологія как понятие
- Гносеологія це наука про пізнання
- Гносиология П.А.Флоренский
- Гностицизм
- Гностицизм
- Гностические зрительные расстройства
- Гносеология и естествознание
- Гносеология, или теория познания
- Гносеология как философская дисциплина
- Гносеология материалистического эмпиризма в трудах – Ф. Бэкона
- Гносеология-наука о познании
- Гносеология. Познание
- Гносеология: понятие и сущность