Горнпеака
Кіріспе
Елімізде ауылшаруашылық саласын реформалау мен оны нарықтық қатынастарға ендіру “Қазақстан-2030” стратегиясына және бірқатар заңнамалар негіздерінде Үкімет бекіткен стратегиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылып келеді.
Қазіргі кезде көпукладты агроқұрылымдарға жеке меншіктегі еркін кәсіпкерлік негізінде өндірісті ұйымдастыру үшін бірқатар заңнамалық және нормативтік базалар жасалған. Бірақ қалыптасқан агроқұрылымдар бәсекеге қабілетті және Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына толыққанды мүше болуы мен еліміздің дамуының жаңа кезеңінде әлем рыногындағы жаһандану құбылыстарына сәйкес ұйымдастыру- экономикалық тұрғыдан бірқатар қайта құруларды жүзеге асыруды қажет етеді. Осыған байланысты Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” айдарымен жарияланған Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңіндегі ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды отыз бағыттары айқындалған. Осылардың төртіншісінде: “ҚазАгроның” негізгі міндеті – ауыл шаруашылығының өнімділік деңгейін көтеру, жердің тозуының алдын алу, еліміздің су және басқа табиғи ресурстарының пайдалану тиімділігін арттыру, сонымен қатар ескірген аграрлық технологиялардың қолдануына, аграрлық ғылымның кенжелеп дамуына тосқауыл қою, сондай-ақ ұсақ шаруа қожалықтарының бытыраңқылығын еңсеру мәселелерін жүйелі түрде шешу” екендігін атап айтқан. [2] Президент атап өткен проблемалар мақта саласына тікелей қатысы бар.
Аумақта экономикалық реформаларды жүзеге асыруда кейбір объективті және субъективті себептерге байланысты мақта шаруашылығымен айналысатын өңірдің табиғи –климаттық жағдайы, суармалы жердің ерекшеліктері және мамандандырылуы, тағы басқалар ескерілмеген. Осындай себептердің нәтижесінде мақта кешенінде шаруашылықты ұйымдастырудың біртұтас экономикалық механизмін қалыптастыру баяу жүзеге асырылуда.
Қазақстанның Оңтүстігінде негізінен техникалық дақыл –мақта өсіріледі. Оның жер көлемі 200 мың гектардан артық суармалы жерді алып жатыр, жалпы ауылшаруашылық өнімі құрылымындағы құны бойынша оның үлесі 40% артық. Ілгергі колхоз, совхоздарға тиісті жер және мүлік жекешелендіруден соң бөлінген пай үлестері өлшемдерінің негізінде құрылған шаруа (фермер) қожалықтары ұсақ тауарлы болып қалыптасқан.
Егістік жер көлемінің ұсақтығы (2-3-5га) оның контурларының шектеулі болуы, негізгі құралдардың және қаржының , жалпы өнімнің одан алынатын табыс мөлшерінің аздығы қазіргі замандағы бәсекелестікті арттырудың негізі болып тұрған инновациялық жаңалықтарды, техникалық жетістіктерді, жоғары өнімділікпен жұмыс атқаратын техниканы агроөндіріске кең түрде ендіру әлеуеті арасында қарама-қайшылықтар туындатып отыр. Сондай-ақ ұсақ тауарлы шаруа (фермер) қожалықтары қаржы тапшылығынан жаңа техниканы сатып алуға немесе лизингке алуға, озық технологияны қолдану мүмкіндіктеріне де ие емес. Ұсақ агроқұрылымдарға қымбат бағалы техниканы сатып алу мен оны пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз. Себебі техниканы жылдық нормативтік жүктемемен қамтамасыз ету, тиімді пайдалану проблемалары туындайды. Бірқатар агротехникалық операциялар ескі қарапайым әдістермен көбінесе тозығы жеткен техника күшімен немесе қол еңбегімен орындалады. Осыған орай олар дер кезінде, толық көлемде және сапалы орындалмайды. Артық өндірістік шығындар жұмсалады, еңбек өнімділігі және өндірістің соңғы нәтижелері төмен көрсеткіштермен аяқталады.
Тауар өндірушілердің шағын формалары өзін-өзі қаржыландыру арқылы ұдайы дамыған өндірісті ұйымдастыруға және бәсекеге қабілетті болуға дәрменсіз болып қалыптасқан.
Осындай өндірістік –экономикалық қарама-қайшылықты оңтайлы шешудің жолы: шаруа (фермер) қожалықтарын өз еріктерімен біріктіру арқылы ірілендіру, яғни орта және ірі параметрлі шаруашылық бірліктеріне айналдыра отырып жаңа техниканы, технологияны қолданудың өндірістік –экономикалық әлеуетін нығайту проблемаларын қарастыру.
Біздің зерттеулеріміз бен ізденістеріміздің мақсаты- суармалы жерге мамандандырылған мақта шаруашылығындағы ұсақ агроқұрылымдарды біріктіру арқылы оңтайландырудың (ірілендірудің) ұйымдық - экономикалық негіздері мен мақта саласындағы типтік шаруашылықтар моделінің жобасын ұсыну.
Мақта өсіруде және жинау технологиясында 1 га егістіктің еңбек сиымдылығын анықтаудың, қолда бар техника мен технологияның мүмкіндіктерін есепке алудың маңызы ерекше. Көп жылдық зерттеулер мен озық тәжірибеге сүйенетін болсақ мақта өсіруде жүктеменің оптимальды мөлшері әрбір адамға 4-5 гектардан артық болмауы керек [7]. Бұл өлшем шаруашылықтың техника және технологиялармен қарулану деңгейіне қарай өзгеруі мүмкін.
Біз қарастырып жатқан жағдайда агроқұрылымдарды ірілендіруді техника, яғни капитал мөлшерін есептеуді реттеу арқылы өзге параметрлерді – жер көлемін, адам санын анықтауға болады. Сондықтан шаруа қожалықтары ірілендіріліп қауымдасқан жағдайда мысалы, жалпы егістігі 100-га, соның ішінде 65 га мақта алқабы яғни 1 баптау тракторының (МТЗ-80Х) бір жылдық жүктемесі бастапқы оңтайлы өлшем бірлігі болып қабылданады.
1. Суармалы жердегі агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидалары мен тәжірибесі
“Агроөнеркәсіп кешенінің және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу экономика институтының” зерттеулері мен ұсыныстары бойынша өндірісті шоғырландырудың бірнеше деңгейлері белгіленген. Олар - ең төменгі, рациональды және оңтайлы. Ең төменгі деңгейі- кешенді мәшинелер жүйесімен озық технологияны пайдаланудың мүмкін болмауы. Ал, рациональды және оңтайлы деңгейлерде орта, сондай-ақ ірілендірілген шаруашылықтардың барлық артықшылықтарын толық пайдаланудың мүмкіндіктері болады.
Мақта саласында пайдаланылатын суармалы жерлердің меншік иелері болатын орта және ірілендірілген агроқұрылымдар төмендегі жағдайларды ескерту қажет:
- табиғи –экономикалық жағдайларды және нақты өңірдегі болжамдалған даму бағдарламасына орай егістікті ғылыми-негізделген құрылымда қалыптастыру;
- жер пайдалану көлемін оңтайландыру арқылы ауыспалы егіс жүйесін ендіруді қолға алу;
- су және мелиоративтік жүйелердің техникалық жағдайын жақсарта отырып, су пайдалану мен жер асты минералды суының деңгейін төмендетудің тиімділіктерін арттыру.
Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіретін аумақтары табиғи климат жағдайларына орай төрт аймаққа бөлінеді:
Мырзашөл аймағына –Мақтаарал ауданы
Қызылқұм аймағына – Шардара ауданы, Арыс қаласы
Түркістан аймағына –Түркістан қаласы, Ордабасы, Бөген аудандары
Келес аймағына- Сарыағаш ауданы
Олардың ішінде ең үлкені Мырзашөл аймағы. Мақта егістігінің -2/3 бөлегіне жуығы осы аймақта орналастырылған. Мырзашөл аймағының жері сұр топырақты, әртүрлі деңгейде сорланған. Жер асты минералданған су деңгейі жер бетіне 1,5-2 м жақын орналасқан. Ыстықтың режімі басқа аймақтарға қарағанда мақта үшін қолайлы.
Түркістан аймағының жері құмшауытты және аралас сұрғұлт топырақты. Жылына 180-200 мм жаңбыр жауады, сортаңдану деңгейі төмен.
Келес аймағының жері адырлы, насоспен суғарылатын алқаптар басым. Сұртопырақты, сортаңдану мөлшері аз, жер асты сулары тереңде жатыр.
Осы аймақтардың барлығындағы суармалы жерлер мақта саласына мамандандырылған. Сонымен қатар басқа да дақылдар өсіріп мал шаруашылығын (ірі қара, сүт өндіру бағытында) дамытуға қолайлы.
2. Мақта саласы және агроқұрылымдардың қазіргі жағдайын талдау
2.1. Қазақстанның Оңтүстігінде мақта саласына мамандандырылған агроқұрылымдардың қалыптасуы
Мақта саласындағы агроқұрылымдарда жер көлемінің 65-70% мақта, қалғанына басқа дақылдар (жоңышқа, жүгері, бақша және көкөністер) егілсе оңтайлы егістік құрылым қалыптасады. Мақта саласына мамандандырылу мақта- жоңышқа - жүгері ауыспалы егіс жүйесіне негізделеді, бұл жүйе жердің құнары мен қоса өнімділікті де 3-4 центнерге арттырады. Сонымен қатар мал шаруашылығын кепілді жем-шөппен қамтамасыз етуге де мүмкіндік жасалады. Бұл саланы дамыту еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттырады.
Облыстық статистика басқармасының шаруа (фермер) қожалықтарының қызметі туралы мәліметтерінде, облыс бойынша 2005 жыл қаңтар айының 1 жұлдызына 67,1 мың шаруа (фермер) қожалығы тіркелген, оның 60,1 мыңы яғни 89,6% белсенді шаруашылықтар қатарына жатады [5].
Шаруа (фермер) қожалықтарының басым бөлігі Мақтаарал (барлық шаруашылықтың 33,0%), Сарыағаш (11,4%) аудандарында және Түркістан қаласында (10,6%) тіркелген.
2005 жылдың 1 қаңтарында белсенді шаруа (фермер) қожалықтарында 159,8 мың адам жұмыс істеді, оның 49,7% Мақтаарал, 9,3% Шардара аудандарының шаруашылықтарына тиесілі. Облыс бойынша орта есеппен бір шаруа (фермер) қожалығында үш адам жұмыс істейді.
Төмендегі мәліметтер мен ақпараттар мақта шаруашылығында қалыптасқан қазіргі өндірістік жағдайды сипаттайды (1-кесте).
1-кесте . Агроқұрылымдар санаты бойынша мәліметтер.
№ |
Барлығы: |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
% өсімі |
1. |
Мақта алқабы мың, га |
183,9 |
167,8 |
196,4 |
219,3 |
201,2 |
109,4 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
417,4 |
360,7 |
402,7 |
467,1 |
465,0 |
111,4 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
22,7 |
21,5 |
20,5 |
21,3 |
23,1 |
101,3 |
Соның ішінде: Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары | |||||||
1. |
Мақта алқабы мың, га |
28,8 |
22,8 |
24,0 |
20,5 |
16,6 |
57,6 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
44,3 |
31,7 |
29,6 |
27,1 |
22,4 |
50,6 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
15,4 |
13,9 |
12,3 |
13,2 |
13,5 |
87,7 |
Шаруа (фермер) қожалықтары | |||||||
1. |
Мақта алқабы мың, га |
127,3 |
116,7 |
162,3 |
198 |
182 |
143,3 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
315,9 |
261,5 |
338,0 |
428,0 |
440,2 |
139,3 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
24,1 |
22,5 |
20,9 |
21,6 |
24,2 |
100,4 |
Жұртшылық шаруашылығы | |||||||
1. |
Мақта алқабы мың, га |
27,8 |
28,3 |
13,1 |
4,4 |
2,1 |
7,6 |
2. |
Жалпы өнім, мың тонна |
57,1 |
67,4 |
35,1 |
11,6 |
2,4 |
4,2 |
3. |
Өнім шығымы, 1 га-дан центнер |
20,4 |
23,8 |
26,8 |
26,4 |
11,4 |
55,9 |
Негізі: ҚР және ОҚО статистика агенттігі, басқармасы мониторингі негізінде құрастырылған. | |||||||
2001 жылы 19,6 мың га болса, 2006 жылы 16,6 мың га-ға азайған, сөйтіп тиісінше 84,7% құраған. Яғни, ірі кәсіпорындардан шаруа (фермер) қожалықтарының бөлініп шығу үдерісі аяқталмаған. Ірі ауылшаруашылық кәсіпорындарында тұрақты шаруашылық экономикалық жағдай қалыптаспаған. Сондықтан олардың экономикалық- қаржылық жағдайы айнымалы, жалпы өнімнің төмендеуі орын алған.
Жоғарыдағы үдеріске керісінше шаруа (фермер) қожалықтарының мақта алқабы 127,0 мың гектардан 182,0 мыңға дейін артқан яғни 143,3% га. Бірақ егістік көлемі ұсақталып қалыптасуда, 1 гектардан алынған өнім тұрлаулы және өсу тенденциясы байқалмайды, жылдар бойынша ауытқулар бар, 2000 жылы орташа көрсеткіш гектарынан 24,1ц болса, 2003 жылы 20,9 центнерді құраған.
Жұртшылық шаруашылығында мақта алқабының егістік көлемі қысқарған, 2001 жылы 27,8 мың га болса, 2005 жылы 2,1 мың га –ны құраған, яғни 13 еседен артық қысқарған. Мұның себебі үй іргесіне басқа дақылдар (көкөніс, жеміс-жидек) егілген және шаруа (фермер) қожалықтарының құрамына қосылып біріккен.
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мақта саласындағы бір агро-құрылымның орташа жалпы өнімі төмендегі 2- кестеде келтірілген.
2-кесте. Агроқұрылымдар санына шаққанда жалпы өнімнің көлемі туралы мәліметтер
Жылдар | ||||||
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2005 жыл, 2001 га, % | |
Жалпы өнім, млн. тенге (нақты қолданыстағы бағада) |
12570 |
23740,5 |
27052,5 |
23822,1 |
17670 |
140,6 |
Агроқұрылымдар саны |
23524 |
28327 |
34142 |
39210 |
39314 |
109,4 |
1 агроқұрылымға келетін жалпы өнім, мың тенге |
534,9 |
838,9 |
793,3 |
607,7 |
441,8 |
82,6 |
Өнім өткізудің пайдалық деңгейі, % |
11,6 |
28,7 |
40,5 |
5,4 |
- |
46,6 |
Негізі: ҚР және ОҚО статистика агенттігі, басқармасы мониторингі негізінде автор құрастырылған. | ||||||
Облыс бойынша орташа 1 агроқұрылымға жалпы өнімнің көлемі және пайдалық деңгейінің төмендеу тенденциясы байқалады.
Бұл көрсеткіш 2001-2005 жылдары 838,9 мыңнан 441,8 мыңға дейін, яғни екі есе аралығында ауытқыған. Ең төменгі көрсеткіштер 2001, 2005 жылдары байқалған яғни тиісінше 534,8 млн, 441,8 млн.тенге болған. 2004 жылы 2001 жылмен салыстырғанда пайдалылық деңгейі 2,2 есеге төмендеген.
Агроқұрылымдар жер көлемінің ұсақтылығы, жалпы өнім шығымының төмендегі агротехнология бойынша орындалуға тиісті агротехникалық шараларды үздіксіз, дер кезінде орындалуын қамтамасыз ете алмайды. Осының салдарынан өндірістің тиімділігі төмен, бәсекеге қабілетсіз болып қалыптасқан.
Мақта өсірудің экономикасынан белгілі болғандай, ірілендірілген шаруашылықтардың ұсақ агроқұрылымдардан артықшылығы сол, барлық өндіріс факторларын -жерді, капиталды және еңбекті пайдалануда озық және тиімді экономикалық, басқа да тәсілдерді қолдануға кең мүмкіндік береді.
Мақта саласының соңғы жылдардағы тиімділігі негізінен рынокта қалыптасқан шитті мақтаның орташа конъюктуралық сату бағасына тікелей байланысты: 2001 жылы- 43750 тенге/тонна, 2002-50400, 2003 -72600, 2005 жылы- 43300 және 2006 - 48000 тенге/тонна.
Осы және басқа бағаларға байланысты шитті мақтаның пайдалылық деңгейі 2003 жылы 40,5% тең болған болса, 2004 жылы 5,4% төмендеген.
3. “Мырзакент” корпорациясы ЖШС әріптестік қатынастағы шаруа (фермер) қожалықтарының параметрлерін зерттеу.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында орналасқан “Мырзакент корпорациясы” ЖШС – мен 345 шаруа (фермер) қожалықтары арасында фъючерстік келісім-шарт жасалып мүліктік кепілдікке ауылшаруашылық жер пайдалану құқығы қойылған. Жалпы егістік көлемі 1980,8га, шаруа (фермер) қожалықтарының мақта алқаптарының көлемін статистикалық топтау әдісімен зерттеулер мен сараптаулар жүргізгенімізде төмендегідей нәтижелер алдық.
3-кесте Шаруа (фермер) қожалықтары мақта алқаптарының орташа өлшемдері және үлесі туралы мәліметтер
Топтардағы мақта алқабының мөлшері, га |
Шаруа (фермер) қожалықтары |
Жалпы мақта алқабының көлемі; |
Орташа мақта алқабының мөлшері, га | ||
Саны |
Үлесі, % |
Га |
Үлесі, % | ||
0-3,0 |
87 |
25,4 |
186,2 |
9,4 |
2,14 |
3,1-5,0 |
95 |
27,7 |
428,3 |
21,6 |
4,50 |
5,1-7,0 |
83 |
23,6 |
511,6 |
25,8 |
6,31 |
7,1-10,0 |
53 |
15,5 |
444,4 |
22,5 |
8,23 |
10,1-15,0 |
20 |
5,8 |
272,7 |
13,8 |
13,64 |
15,1-20,0 |
5 |
1,4 |
89,7 |
4,5 |
17,94 |
21 және артық |
2 |
0,6 |
47,7 |
2,4 |
23,83 |
Барлық |
345 |
100,0 |
1980,8 |
100,0 |
5,74 |
Жоғарыдағы 3- кестеде келтірілгендей, зерттелген 345 шаруа (фермер) қожалықтарының 3 гектарға дейін мақта егістігі бар шаруа (фермер) қожалықтарының саны 87 немесе олардың үлесі төрттен бірін құрайды, 5 га дейін -182 немесе 53,1 % (өсіммен топтастыру есебімен қорытынды), 7 га дейін 263 немесе -76,4%, 10га дейін 316 немесе 91,9%. Жалпы шаруа (фермер) қожалықтарының жер көлемі 1980,8 га, орташа мақта алқабының мөлшері 5,74 га құрайды.
Төменде шаруа(фермер) қожалықтарының мақта алқабы және орташа мөлшері бойынша топтаудың нәтижесі келтірілген. 0-3 га-ға дейін мақта алқабы бар шаруа (фермер) қожалықтарының жалпы егістік алқабы 186,2 га немесе үлесі -9,4%, орташа мөлшері -2,14 га құрайды.
0-5 га дейін -614,5 га, үлесі -31,0 %, орташа мөлшері - 3,37 га;
0-7 га дейін -1125,8 га, үлесі 56,8 %, орташа мөлшері - 4,28га;
0-10 га дейін дейін -1570,2 га, үлесі -79,3%, орташа мөлшері -4,97га;
Мақта алқабы жер көлемінің ұсақтығы (2,14; 3,37; 4,28; 4,97га) оның контурының шектеулі болуы, негізгі құралдар мен қаржының, жалпы өнімнің одан түсетін табыс мөлшерінің аздығы қазіргі заманғы бәсекелестік қабілетінің негізі болып тұрған инновациялық, техникалық жетістіктерді, жоғары өнімділікпен жұмыс істейтін техниканы агроөндіріске жүйелі, кең түрде ендіру әлеуеті арасында қарама-қайшылықтар туындатып фъючерстік келісім- шарт міндеттемелерін орындай алмаған.
4- кесте. “Кетебай” ӨК мақта өсірудің экономикалық тиімділігі туралы мәліметтер
№ |
Көрсеткіштер |
жылдар |
Орташа 3 жылда (2003-2005 ж.ж) | ||
2003 |
2004 |
2005 | |||
1 |
Жалпы сатылған өнімнің құны, млн. тенге (нақты қолданыстағы бағада) |
129,3 |
80,4 |
90,7 |
110,1 |
2 |
1 га-дан алынған қаржы түсімі, мың тенге. |
141,2 |
89,3 |
103,1 |
111,2 |
3 |
1 тұрақты жұмысшыға өндірілген өнімнің құны, мың тенге |
353,9 |
228,9 |
264,4 |
256,7 |
Пайдалылық деңгейі, % де |
42,9 |
31,0 |
33,6 |
35,8 | |
Негізі: “Кетебай” ӨК бухгалтерлік балансы негізінде құрастырылған. | |||||
Өндірістік кооперативтің жалпы сатылған өнімнен алынған табысы 3 жылда (2003-2005ж.ж) 80,4-129,3 млн. тенге аралығында ауытқыған, орташа көрсеткіш 100,1 млн. тенгеге тең. Осы көрсеткішке байланысты 1га егістіктен алынған түсімі, 1 тұрақты жұмысшыға өндірілген өнімнің құны, пайдалылық деңгейінде де ауытқулар бар.
Орташа 3 жылда (2003-2005ж.ж) 1 га-ның қаржы түсімі-111,2 млн. тенгені, 1 тұрақты жұмысшыға өндірілген өнімнің құны 256,7 мың тенгені, ал пайдалылық деңгейі 35,8% құраған.
Мақта шаруашылығының ең қауырт кезеңі сәуір - мамыр айларының аралығы. Осы мерзімде кооперативте еңбек, техника және қаржы ресурстарын шоғырландыру арқылы тиімді пайдалану агротехникалық шараларды қысқа мерзімде, сапалы және аз шығындармен орындауға мүмкіндік береді. Жерді шит себуге әзірлеу және шит себу кезеңінде техника түрлері шоғырландырылады. Агрегаттар 5-6 бірліктен жасақталған отрядтарға топтасып жоғары өнімділікпен жұмыс атқарады. Дәл осындай жинау –тасымалдау отрядтары мақта жинау маусымында ұйымдастырылады.
“Кетебай” ӨК–де жылдық нәтижеге орай мамандар мен жұмысшыларға табысқа қосқан үлестеріне сәйкес қосымша еңбекақы төленеді. 2003 жылдың түпкі нәтижесі бойынша жалпы жиналыс 20048 мың тенге қосымша ақы төлеуге шешім қабылдаған. Жалпы кооператив бойынша қосымша ақыны есептеу үшін үш түрлі коэффицент пайдаланылады. Яғни ең маңызды шешуші рөлге ие мамандар үшін (механизаторлар, сушылар және мамандар) -1,9, тұрақты жұмысшылар -1,2 және басқалар 1,0;
Осы жолмен есептегенде барлық жұмыс істеуші 437 адамның 130-на 1,9 коэффицентпен қосымша ақы төленген. Екінші топтағы жұмысшыларға 11117 мың тенге, орташа 36,8 мың тенгеден қосымша ақы төленген. Өндірістік кооперативтің пайдалылық деңгейінің жоғарлылығы шаруашылықты ұдайы дамытып, жұмысшыларды материалдық тұрғыдан қызықтыруға мүмкіндік туғызған.
Бұл өз ретінде “Кетебай” елді мекені оның тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартты.
4-кесте. Орта тауарлы оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрылымдардың өндірістік –экономикалық көрсеткіштері
Параметр өлшемдері |
орта тауарлы (рационалды) агроқұрылымдар варианттары | |||
1 |
2 |
3 |
4 | |
Мақта алқабы, га |
130-195 |
195-260 |
260-325 |
325-390 |
өнім, ц/га |
24,0 |
25,0 |
26,0 |
27,0 |
Жалпы өнім, тонна |
312-468 |
488-650 |
676-845 |
878-1053 |
Орташа жұмысшылар саны, адам |
26-39 |
39-52 |
52-65 |
65-78 |
Жалпы өнімнің құны, млн.тенге |
15,0-22,5 |
22,5-31,2 |
31,2-40,6 |
40,6-50,5 |
1га мақта алқабынан түсім, мың тенге |
115,2 |
120,0 |
124,8 |
129,6 |
1 орташа жұмысшыға түсім, мың тенге |
576,9 |
576,9 |
600,0 |
624,6 |
1 тонна шитті мақтаның сату бағасы, мың тенге |
48,0 |
48,0 |
48,0 |
48,0 |
1 тонна шитті мақтаның өзіндік қүны, мың тенге |
44,0 |
40,0 |
38,0 |
37,0 |
Пайдалылық деңгейі, % |
9,1 |
20,0 |
26,3 |
29,8 |
Баптау тракторының саны, бірлік |
2-3 |
3-4 |
4-5 |
5-6 |
Шынжырлы трактор саны, бірлік |
2 |
3 |
4 |
5 |
Мақта жинайтын мәшинелер саны, бірлік |
2 |
2 |
3 |
4 |
Тіркемелер саны, бірлік |
6 |
6 |
9 |
12 |
5-кесте. Ірі тауарлы оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрылымдардың өндірістік- экономикалық көрсеткіштері
Параметр өлшемдері |
Ірі тауарлы (оптималды) агроқұрылымдар варианттары | |||
1 |
2 |
3 |
4 | |
Мақта алқабы, га |
390-455 |
455-520 |
520-585 |
585-650 |
өнім, ц/га |
28,0 |
28,0 |
29,0 |
30,0 |
Жалпы өнім, тонна |
1092-1274 |
1274-1456 |
1508-1697 |
1755-1950 |
Орташа жұмысшылар саны, адам |
78-91 |
91-104 |
104-117 |
117-130 |
Жалпы өнімнің құны, млн.тенге |
52,4-61,2 |
61,2-69,9 |
69,9-81,5 |
84,2-93,6 |
1га мақта алқабынан түсім, мың тенге |
134,4 |
134,4 |
139,2 |
144,0 |
1 орташа жұмысшыға түсім, мың тенге |
671,8 |
672,5 |
672,1 |
719,7 |
1 тонна шитті мақтаның сату бағасы, мың тенге |
48,0 |
48,0 |
48,0 |
48,0 |
1 тонна шитті мақтаның өзіндік қүны, мың тенге |
37,0 |
37,0 |
36,0 |
36,0 |
Пайдалылық деңгейі, % |
29,8 |
29,8 |
33,3 |
33,3 |
Баптау тракторының саны, бірлік |
6-7 |
7-8 |
8-9 |
9-10 |
Шынжырлы трактор саны, бірлік |
5 |
6 |
7 |
8 |
Мақта жинайтын мәшинелер саны, бірлік |
5 |
6 |
7 |
8 |
Тіркемелер саны, бірлік |
15 |
18 |
21 |
24 |
Мақта шаруашылығындағы зерттеулер мен есептеулер суармалы жерлерде бастапқы және болжамды кезеңдерде оңтайландырылған (ірілендірілген) агроқұрылымдардың нақты өндірістік-экономикалық параметрлері жоғарыдағы 4-5 кестелерде келтірілген.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы: Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы, “Егемен Қазақстан”, ақпан 2006жыл
- Назарбаев Н.Ә.Қазақстан халқына Жолдауы: Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. “Егемен Қазақстан”, 1 наурыз, 2007ж
- ҚР статистика агенттігі. Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы, Алматы 2005-2006 ж.
- Милов Л., Үдерістің ерекшеліктері және ұлы орыс жер жыртушысы., Москва., 2006ж
- ОҚО статистика агенттігі, ОҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы, Шымкент., 2000-2005 ж.ж
- Ауылшаруашылық жерлерін ағылшын әдісімен сату туралы хабарлама., “Мақтаарал” № 32-33, 11 тамыз, 2006 ж
- Серіков Б., Мақташыға көмек., “Талант”., Алматы, 2002ж
- Чаянов А.В. “Шаруа қожалығы”, Москва., Экономика., 1989г
- Молдашев А.Б. және басқалар МҚМ АӨК ЭҒЗИ., Ауылшаруашылық кәсіпорындарының орта және ірі тауарлы құрылымдардың ұйымдық- экономикалық негіздері (ұсыныстар)., Алматы., 2004
- Көпешов Ш., Мақта өндірудің экономикасы., Қайнар., Алматы., 1975ж
- Үмбетаев И., Батькаев Ж., Қазақстанның Оңтүстігінде қоза баптау жүйесі., “Құс жолы”, Алматы, 2000ж
- Ли Тен Хан және басқалар., “Пахтаарал”., “Қайнар” Алматы., 1979ж
- “Кетебай” ӨК және “Хает” шаруа (фермер) қожалықтарының Жарғылары, бухгалтерлік балансы және салық деклорациялары 2001-2005 ж.ж.
- Ливерпуль тауар биржасындағы А.Котлук индексі 1993-2005ж.ж. Жаршы., № 10., Алматы 2006ж
- Мулдашев А.Б., Мадиев Г.Р., Шаракымбаева Ж. и др. Нормативы прямых затрат на одно животное, единицу продукции. – Алматы, РГП “НИИ экономики АПК и РСТ”, 2005 г.
Мазмұны
Кіріспе ------------------------------
1. Суармалы жердегі
агроқұрылымдарды ірілендірудің қағидалары
мен методикалық әдістері ------------------------------

- Горные машины
- Горные машины и оборудывание
- Горные машины и проведение горных выработок. Ленточный конвейер
- Горные науки и горнотехническое образование в России в XVII-XVIII веке
- Горные породы
- Горные породы
- Горные породы
- Горнолыжный спорт
- Горнолыжный спорт
- Горнолыжный туризм
- Горнолыжный туризм в Австрии
- Горно-лыжный центр олимпийских игр Роза хутор
- Горноспасательная служба
- Горноспасательное дело в России