Халықаралық стандарттар
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Халықаралық стандарттарды кірістіру негізі – сапалы өнім
- Өндіріске ИСО халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстарын талдау
- Техникалық реттеу жүйесін жетілдіру мақсаты
- ИСО және экологиялық менеджмент мәселесі
- Қазақстан ИСО ұйымының мүшесі ретінде
- “Техникалық реттеу туралы” ҚР Заңы. Халықаралық стандарттарға шолу
Қорытынды
Пайданылған әдебиет
Кіріспе
Оқу практикасы 2010-2011 оқу жылында «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасында өтті. Оқу практикасы барысында халықаралық стандарттармен, осы стандарттарды қолданыста ұстайтын дүниежүзілік ұйымдармен және халықаралық стандарттар ұйымдармен танысып, стандарттарға талдау жасадық. Сонымен қатар компьютер құрылғылары мен программаларымен таныстық. Жоғарыда көрсетілген мәліметтермен қоса жеке тапсырма орындадым. Отандық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру -бәсекелестікті арттыруда негізгі мүмкіндігі, нышаны екеніне көзім жетті. Осыған орай бұл мәселені талдап, мән-маңызын аша отырып, оқу практикасында өткен іліміме есеп бере отырып өздік жұмыс орындадым.
Жүмыстың мақсаты: Қазіргі таңда Қазақстанның алдында тұрған міндет экономиканы индустрияландыру мен отандық тауар өндірушілерге ең жақсы жағдай жасау, отандық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру арқылы бәсекелестікті арттырудың алғашқы қадамын жасау.
Негізгі бөлім
- Халықаралық стандарттарды кірістіру негізі – сапалы өнім
Сапалы өнім – әрбір тұтынушының арман-мұраты. Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында экономикамыздың барлық салаларын халықаралық сапа стандартына сәйкестендіру мәселесіне ерекше көңіл бөлуінің астарында тұтынушыларымыздың сапалы өнім сатып алуын, кәсіпкерлеріміздің әлем рыногында бәсекелестікке қабілетті өнім шығарып, мол табыс табуын қамтамасыз ету мүддесі жатқандығы анық. Яғни, мұның өзі мемлекеттік зор маңызы бар келелі мәселе болып табылады. Өкінішке қарай, қарапайым тұтынушылар мен кәсіпкерлеріміздің көбі халықаралық сапа стандарты, техникалық регламент деген терминдердің мән-мағынасын жете түсіне қоймайтыны рас. Сондықтан да бұл статьямды отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың алғышарты – отандық стандарттарға халықаралық стандарттарды кірістіру, үйлестіру екендігін ұғындыратын мәліметтерге негіздедім.
Елбасы биылғы халыққа Жолдауында дағдарыс салдарын еңсеру және экономикалык өсуге әзірленуде ел алдында үлкен міндеттер түрғанын, дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі жаңғыртудын жаңа жоспарын жүзеге асыру қажеттігін атап көрсетті.
Осы бағытта атқарылуы тиіс, кезек күттірмейтін шаралардың бірі өнім, жұмыс, қызмет сапасын үздіксіз арттыру, ол үшін стандарттау, сапаны басқару мәселесін халықаралық деңгейге жеткізе отырып бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына ену жолында жұмыла еңбек ету болып табылады.
Қазіргі кезеңде стандарттау өндірістік-техникалық, сауда-экономикалық, әлеуметтік және баска салалардағы өнім өндіру, қызмет көрсету, сапаны басқару үрдістерін реттеудің тиімді кұралы ретінде халықаралық деңгейде мойындалып отыр. Стандарттаудың осы заманға озық жетістіктерін пайдалану арқылы өнім, жұмыс, қызмет сапасын жақсарту, өндірістік, экологиялық және тұтыну саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәсіпорындардың ішкі және сыртқы экономикалық бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мүмкіндіктеріне қол жеткізуге болады. Бүгінде стандарттау, сапаны басқарудағы әлемдік тәжірибелерді елімізде өнім өндіру, қызмет көрсету, білім беру т.б. салаларына кеңінен қолдану мақсаты күн тәртібіне қойылып отыр. Сондықтан да Қазақстан халықаралык стандарттау ұйымына мүше бола отырып, отандық стандарттарымызды халықаралық стандарттармен үйлестіру, ИСО стандарттарын елімізде кеңінен қолданысқа енгізу жұмыстары қарқынды түрде қолға алына бастады. Қазақстанда мемлекет көлемінде осы жұмыстарды басқару, ұйымдастыру шараларын Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті жүзеге асыруда.
Осы комитеттің тікелей бастамасы бойынша, Премьер-Министрдің 2004 жылғы 6 ақпандағы және 2006 жылғы 27 маусымдағы бұйрықтарымен берілген Қазақстан кәсіпорындарына халықаралық стандарттарды енгізуді жеделдету жөніндегі нұсқауының нәтижесінде елімізде сапа менеджменті саласы бойынша халықаралық стандарттарды еңгізуге қажетті инфрақұрылыммен қатар нормативтік және әдістемелік база қалыптасты.
Өндіріске ИСО халықаралық стандарттарын енгізу БСҰ-ға ену карсаңыңдағы негізгі мақсат және отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай еліміздің өнеркәсіптік тараптағы экономикасының басты нысаны болып табылатын агроөнеркәсіп кешені саласындағы кәсіпорындарға ИСО-9000 және ИСО-14000 халықаралық стандарттарының сапа менеджменті жүйесін енгізу және осы тараптағы өндірілген өнім, атқарылған жұмыс пен көрсетілген қызмет сапасын жақсарту жұмыстары облыс әкімдері бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп келеді. Аталмыш облыстық іс-шара, әлбетте, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының ИСО-9000 және ИСО-14000 халықаралық стандарттарына жеделдетіп шешуінің 2004-2006 жылдарға арналған жұмыс жоспарына" сәйкес, талданып жасалған. Қазіргі таңда агроөнеркәсіп кешені саласының басты мақсаты — еліміздегі және Орталық Азия рыноктарынан көрнекті орын алуды жүзеге асыру, осы мақсатта етімді өнім өндіру болып табылады. Осы мақсатта өндістерді қайта құруды, оны дамытуға инвестициялар тартуды, республикадан белінген бюджеттік каржыларды пайдалануды ойластырып, жүзеге асыру қажет.
- Өндіріске ИСО халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстарын талдау
Қазіргі кезде мемлекеттік техникалық реттеу тізіліміне сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау бойынша 43 ұйым тіркелген. Сондай-ак республика бойынша оннан астам шетелдік сертификаттау жөніндегі үйымдар, 20-дан астам консалтингтік мекемелер, 130 сарапшы аудиторлар жүмыс істейді. Сапа менеджменті жүйесін енгізген кәсіпорындар саны 1300-ден асады. 2009 жылы олардың саны 1500-ге жетеді деп күтілуде. Бұл үрдіске барлық мемлекеттік ұйымдар мен облыстык әкімдіктер, жоғары оку орындары тартылуда. Бүгінгі таңда әкімдердің іс қызметін рейтингілік бағалау көрсеткіштерінің бірі ретінде сапа менеджменті жүйесін енгізген және сертификатталған кәсіпорындардың үлестік салмағы алынады. Қазіргі кезде Қазақстан кәсіпорындарының 20 пайызы ИСО 9001 халыкаралық стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізді.
Сонымен қатар, бүгінгі
таңда, еліміз бойынша халықаралық
стандарттар мен әдістемелер
негізінде 45 мемлекеттік стандарт және
15 әдістемелік ұсыныстар
- ИСО 9000 (сапа менеджмент жүйесі)
- ИСО 22000 (өнімдердің қауіпсіздік менеджменті)
- ОХSAS 18001 (кәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау стандарты)
- SA 8000 әлеуметтік жауапкершілік стандарты
нормативтік құжаттары
Қазақстан Республикасының
Өнім сапасын басқару, соның ішінде ауылшаруашылық, тамақ онімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде экологиялық менеджмент жүйесін енгізудің маңызы зор. Қазірде экологиялық менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардың үлестік салмағы небәрі 1,5 пайыз ғана. Осы заманда қоршаған ортаның металлургия, жылу энергетикасы, мұнай-газ кешені, көлік, тау-кен және химия өнеркәсіптерінің қалдыктарынан ластануы аса жоғары деңгейге жетіп отыр. Мысалы, қазіргі кезде Қазақстан аумағында 20 млрд. тонна өндіріс және тұтыну қалдықтары жинақталған. Соның ішінде 6,7 миллиард тоннасы зиянды қалдықтар болып табылады. Тұрмыстық қалдықтардың тек 5 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі немесе жойылады.
Менеджмент жүйесін енгізу үрдісі нәтижелі болу үшін бұл үрдіске мемлекеттік атқару ұйымдары, менеджмент жүйесін сертификаттау жөніндегі ұйымдар, консалтингтік мекемелер өз құзіреттіліктері бойынша қатысуы қажет. Сапа менеджменті жүйесін формальды түрде енгізген жайлар да байқалатыны жасырын емес. Бірақ мұндай жағдайлар мемлекеттік қадағалау жүргізу кезінде айқындалады. Әсіресе өнімнің сәйкессіздігі анықталған кезде өндірісті тексеру жұмысы, соның ішінде сапа менеджменті жүйесінің жағдайын тексеру жүзеге асырылады. Жүйенің формальды түрде енгізілген жағдайы анықталса тиісті шаралар қолданылады. Сапа жүйесін формальды түрде енгізу бәрінен бұрын кәсіпорынның өзін өзі алдауы болып табылады.
3. Техникалық реттеу жүйесін жетілдіру мақсаты
Еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі қарсаңында атқарылуға тиіс аса маңызды жұмыстардың бірі стандарттаумен қоса мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін әрі карай дамытып, жетілдіру болып табылады. БСҰ-ның толык мүшесі бола отырып, бұл ұйымның артықшылық жақтарын ұтымды пайдалану үшін отандық өнеркәсіп өнімдерінің бәсекелестік қабілетін жоғарғы деңгейге көтеру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып саналады.
Халықаралық тәжірибе бойынша
экономиканы басқарудың тарифтік және
тарифтік емес реттеу тәсілдері қолданылады.
Тарифтік тәсілдерге кедендік тарифтер,
әртүрлі салық тарифтері
Өндірілген өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру техникалық (тарифтік емес) реттеу аркылы жүзеге асырылады. Техникалық реттеу — санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу және белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі кызметті қоса алғанда, өнімге, көрсетілетін қызметке, үдерістерге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықгық және нормативтік реттеу.
Қазіргі кезде әлемде экономикалық дамудың формальды өлшемі ретіңде бір жылда қабылданып, жүзеге асырылған жаңашылдық патенттер саны мен бекітілген стандарттар саны алынады. Мысалы, Жапонияда стандарттың жаңартылу мерзімі 3-4 жыл. Себебі осы уақыт аралығында технология жаңаруы тиіс деп есептеледі.
Техникалық реттеу жалпы мемлекеттік тіпті дүниежүзілік көлемде маңызы бар мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін міндетті норма, талаптарды белгілеп қана қоймайды, сонымен катар экономиканың және тұтастай қоғамның дамуына оң ықпал ететін, ұсынымдық сипаттағы ережелерді де қамтиды. Зерттеулерге қарағанда, кейбір дамыған шетелдерде техникалық реттеуді жолға қою арқылы ішкі жалпы өнімнің өсімін тарифтік реттеумен салыстырғанда екі есеге дейін өсіру мүмкіндігіне қол жеткізген. Мысалы, Германияда техникалық реттеу ісшараларының нәтижесінде ІЖӨ-нің жылдық өсімі бір пайызға дейін яғни 16 миллиард еуро мөлшеріне көтеріледі екен. Басқаша айтқанда технологияны жаңарту, дамыту қарқыны жеделдеген сайын өндіріс тиімділігі артып, экономиқалық пайда жоғарылай түседі.
Елімізде нарықтық экономика жүйесі қалыптаса бастағаннан бері техникалық реттеу бәсекелестік қабілетті арттырудың негізгі тетігіне айналуда. Ал экономикалық ілгерілеудің негізгі қозғаушы күші — нарықтық экономика заңдылығына негізделген өнім өндірушілердің (қызмет көрсетушілердің) өзара бәсекелестігі болып отыр. Осы кезде Үкімет тарапынан ұстанатын басым бағыт, көзделетін негізгі нысана — адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаның қаұіпсіздігі болып табылады. Ал өнім өндіру мен қызмет көрсетудегі бәсекелестік, яғни сапаны жоғарылату нарық заңына негізделеді. Бұл жерде "бәсекелестік" сөзінің мәні мен мағынасы тек қана отандық шеңберді емес, әлемдік немесе халықаралық көлемді қамтиды. Сондықтан Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің іс-қимылы халықаралық техникалық, реттеу жүиесінің қызметімен толықтай үйлесуі қажет.
Техникалық реттеу жүйесінің іс-қимылы техникалық регламенттер арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Техникалық регламент — орындалуы міндетті болып саналатын әкімшілік ережелерді қоса алғанда өнім, жұмыс, қызметке қойылатын қауіпсіздік талаптарын немесе соларға байланысты өндірістік үдерістер мен әдістерді белгілейтін құжат. Техникалық регламенттің жалпы құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасының тиісті заң талаптары және нормативтік қуқықтық актілердің құрылымы мен мазмұнына сәйкес болуы тиіс.
Техникалық регламенттерде белгіленетін техникалық талалтар өнімге қатысты қауіпті факторлардың ең төменгі мөлшерімен шектелуі тиіс. Яғни өнімнің қәуіпсіздік деңгейі адам омірі мен денсаулығы және қоршаған ортаға келтіретін зиянды әсердің ең төменгі (үйғарымды) шегінде болуы қажет.
Техникалық регламенттер және олармен үйлестірілген стандарттарда көрсетілген талаптар "Техникалық реттеу туралы" заңда белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Сонымен қатар еліміздің экономикалық, ғылыми-техникалык. даму деңгейі мен материалдық-техникалық базасына сәйкесуі, қәуіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, жобалық жұмыстардың, патенттік зерттеулердің нәтижелері мен отандық және шетелдік ғылым мен техника, технологияның осы заманғы жетістіктері туралы ресми ақпараттарға негізделуі тиіс.
4. ИСО және экологиялық менеджмент мәселесі
14 қазан – Халықаралық стандарттау күні
ЖаҺандану заманы ілгеріге ұмтылып тұрған қазіргі уақытта, ең өзекті мәселенің бірі – экология екені даусыз. Экологияның зардаптарын бастарынан өткермеген ел жоқ.
Біздің егемен еліміз де, әрине, бұл жағдайға душар болғаны мәлім. Өкінішті. Десек те, Елбасымыздың елеулі еңбектерінің арқасында, бұл мәселе де жолға қойылып келеді.
1970 жылдың 14 қазанынан
бастап, жыл сайын халықаралық
стандарттау ұйымы (ИСО)
1946 жылдың 14 қазанында
Лондонда бас қосқан 25 ел делегаттары
жаңа халықаралық стандарттау
ұйымын құру туралы шешім
Бұл оқиға экономика дамуында, өнеркәсіп, сауда, басқарма құрамында және тұтынушылық қозғалыстардың мүдделерін қамтамасыз етуде стандарттар маңызының артқанын көрсетеді.
ИСО тәжірибесінің негізінде тұрақт
Мысал ретінде, Финляндияда орналасқан аты әлемге әйгілі «RAUTARUUKKI» металлургиялық зауытын алсақ та болады. Аталған зауыттың мамандары мүлтіксіздікке жету мүмкін емес деген пікірді ұстанады. Бұл кәсіпорында ХС ИСО енгізілген. Дегенмен, кәсіпорын басшылары тексеріспен келетін аудиторлардың кемшілікті аз табуы – мекеменің нарық заманында алға жылжуына көп кедергі келтіреді деп есептейді екен. Яғни, мұнда сынға кеңінен жол беру арқылы өздерін шыңдауға бейімделген.
ДСҰ елдері халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасайтын серіктестермен ғана тізе түйістіре қызмет атқарады десек, алдағы уақытта Қазақстан да бұл талаптарды толық орындап келеді.
- Қазақстан ИСО ұйымының мүшесі ретінде
Стандарттаудың халықаралық қолдауға ие болғаны мәлім және де ол экономиканы басқарудың бірден-бір тетігі болып табылады, сонымен қатар бәсекелестік, инновацияларды енгізу, саудадағы кедергілерді жою, сауданы кеңейту, тұтынушы міндеттерін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік жеткізулер және т.б. секілді мемлекеттік саясаттың бірқатар бағыттарын қолдаудың шешуші факторы болып табылады. ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңымен техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне көшу барысында стандарттарды қолданудың аумағы айтарлықтай кеңейді.
1994 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) және Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымының (МОЗМ) толық құқықты мүшесі, ал 2004 жылдан бастап, Халықаралық электротехникалық комиссияның (МЭК) бақылаушы мүшесі.
Сөйтіп, ұлттық қауіпсіздік пен тәуелсіздіктің жаңа сапалы деңгейіне, азаматтардың сапалы және тұғырлы тірлігіне бет ала отырып, Егемен Қазақстан стандарттаудың дамуындағы өз таңдауын жасады.
1997 жылы Стандарттар
мен стандартты үлгілердің
Қазіргі кезде Қазақстан
Стандарттау мен сертификаттау
институты — стандарттауды
Өзінің тарихында Стандарттау мен сертификаттау институты техникалық реттеу жүйесінің қайта құрылу шегіндегі үлкен және маңызды жұмыс атқарды және атқарып келеді, ол ұлттық стандарттар тұғырын құрудың, сапа менеджменті жүйелерін дамытудың негізін қалаған. Қазақстан экономикасының шынайы секторының өкілдері болып келетін барлық отандық тауар өндірушілер осы институттың қызмет көрсететініне назар аударғаны жөн.
Стандарттау бұрыннан-ақ халықаралық қолдауға ие болды. Сонымен қатар, ол экономиканы тиімді басқарудың қолайлы жолы болып табылады. Ол қоғамдағы бәсекелестік, инновацияларды енгізу, саудадағы кедергілерді жою, сауданы кеңейту, тұтынушы міндеттерін, қоршаған ортаны қорғау және тағы да бірқатар маңызды мемлекеттік саясаттың бағыттарын қолдаудың факторы болып табылады. ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңымен техникалық реттеудің халықаралық жүйесіне көшу барысында стандарттарды қолдаудың аумағы айтарлықтай кеңейді.
Үстіміздегі жылдың 16 – 18 қыркүйек аралығында Кейптаунда ИСО – Халықаралық стандарттау ұйымының 162 елді біріктіретін 32-ші Бас Ассамблеясы өтті, бұнда Қазақстан ашық сайлау арқылы ИСО кеңесіне 2011 жылға дейін екі жылдық мерзімге сайланды. Қазақстан кандидатурасын ИСО кеңесіне әлемнің АҚШ, Жапония, Израиль, Австрия, Польша, ОАР және басқа да елдері ұсынды және олардың жоғары өлшемдер мен талаптар қойғанын айтпай кетуге болмайды. Бұл, ең алдымен, стандарттардың үйлестірілу деңгейі, ИСО техникалық комитеттеріне қатысуы, экономиканың даму деңгейі. ИСО кеңесі басқарушы орган болып табылады және берілген ұйымның саясатын анықтайды. Берілген бағытта Қазақстан Республикасы ИСО жұмысына белсенді қатысады және халықаралық стандарттарды дайындаумен айналысатын жетпіске жуық ИСО техникалық комитеттерінің мүшесі болып табылады.
ИСО кеңесінің жұмысына қатысу, біздің мемлекетімізге және Орталық Азия аумағының барлық елдеріне халықаралық стандарттау саласындағы стратегияны жасау мен құрастыруға белсенді қатысуға, ғаламдық мәселелерді шешуде өз ойларын ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанда стандарттауды дамытуға қосымша серпін береді, республиканың экономика секторының дамуына, кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға белсенді ауысуына ықпалын тигізеді.
Халықаралық стандарттар саясаткерлерге, өнеркәсіптер мен тұтынушыларға климаттың өзгеруіне бірлесіп қарсы тұруға қажетті жалпы тетіктерді ұсынады.
Киото хаттамасына сәйкес, жуырдағы жылдарда климаттың өзгеруіне қарсы тұру үшін Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО), Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымы (МОЗМ), Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) сияқты халықаралық ұйымдар халық пен жеке сектор іс-тәжірибелік шешімдерін қабылдауға қатыса алады, қандай да болмасын халықаралық келісімнің бір бөлігі есебінде пайдаланыла алатын кешенді жүйені ұсынады.
Қазіргі таңда олар басқа да халықаралық ұйымдармен бірлесіп, 2009 жылдың 7-18 желтоқсан аралығында, Копенгагенде (Дания) өтетін климаттың өзгеруі бойынша Бірлескен Ұлттар Конференциясының қатысушыларын қазірде бар және болашақта шығарылатын халықаралық стандарттар ұсынатын шешімдер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде.
– Қазіргі таңда Қазақстанның
алдында экономиканы
“Қазақстан метрология институты” РМК бас директоры В.Н.Михалченко Қазақстанда қазіргі таңдағы өлшем құралдарымен қамтамасыз ету жүйесінің қарқынды дамып келе жатқандығы туралы баяндаса, “Халықаралық аккредиттеу орталығы” ЖШС-нің маманы К.Х.Әбенова “Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдарға арналған Қазақстан халқына Жолауын іске асыруда “Халықаралық аккредиттеу орталығы” ЖШС-нің алға қойған мақсаттарды іске асыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде қысқаша баяндама жасады. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті директоры Ә.Б.Бапалақов “Енгізілген тәуекелділік бағалау жүйесі аясында техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бағалауды дамыту және жетілдіру туралы” баян етіп, бұл үш бағытта асырылып жатқандығын айтты. Олар: Қазақстан Республикасында шығарылатын немесе шет елдерден әкелінетін өнімді өткізу (сату) кезінде қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау; мемлекеттік метрологиялық бақылау; тауардың шығу тегі жөнінде сертификаттың тәртібін сақтауға мемлекеттік бақылау.
6.“Техникалық реттеу туралы” ҚР Заңы. Халықаралық стандарттарға шолу
Еліміздегі болып жатқан осыншама көп шаралар заңнамаға жаңа толықтырулар енгізуді талап етеді. Соған дәлел ретінде, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 39 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережесі мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесінің негізгі толықтыруларын көрсетуді жөн деп санадым.(Ережедегі халықаралық стандарттауға қатысты пунктер ғана келтірілген!)
Осы Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережесі мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесі (бұдан әрі – Ереже) “Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес әзірленді. Осы Ереже халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына қолданылмайды (бұдан әрі – халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары), оны өнімдерді өндіру, процестерді, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және эксперимент жұмыстары кезінде қолдану жоспарланады.
Осы Ереже Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес немесе Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдерінің құрылысындағы техникалық нормалау және стандарттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия қабылдаған өңірлік стандарттарға таралмайды. Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланады:
1) өзара алмасымдылық
– бір бұйымның, процестің, көрсетілетін
қызметтің дәл сондай бір
2) мемлекеттік стандарттау
– бір елдің деңгейінде
3) техникалық-экономикалық
ақпараттың мемлекеттік
4) стандарттау жөніндегі
нормативтік құжаттардың
5) <*>
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартта жүйесі - өз құзыреттері шегінде стандарттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасында стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы; <*>
7) Қазақстан Республикасының
мемлекеттік стандарты –
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар қоры - Қазақстан Республикасының аумағында сақталуға міндетті стандарттардан, техникалық регламенттер мен құжаттардан тұратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарына мамандандырылған қорларының жиынтығы;
9) мемлекетаралық стандарттау – мемлекетаралық мүддені білдіретін объектілерді стандарттау;
10) мемлекетаралық стандарт
– Стандарттау, метрология
11) стандарттау жөніндегі
халықаралық ұйым - әрбір елдің
тиісті стандарттау метрология
және сертификаттау жөніндегі
тиісті мемлекеттік көрсетулерд
12) халықаралық стандарттау
– барлық елдердің тиісті
13) халықаралық стандарт
– стандарттау жөніндегі
14) ұлттық стандарт - стандарттау
жөніндегі ұлттық орган
15) стандарттау жөніндегі нормативтік құжат – стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне және олардың нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат;
16) стандарттау саласы
– стандарттаудың өзара
17) мемлекеттік басқару
органы - өнімнің сипаттамаларын
немесе онымен байланысты
18) негіз қалаушы стандарт – көп салада қолдануға болатын немесе белгілі бір салаға арналған жалпы ережелерді қамтитын құжат;
18 – 1) салалық стандарт
– салалық маңызы бар
19) стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым – тек бір географиялық, саяси немесе экономикалық аймақтағы әрбір елдің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі тиісті мемлекеттік органының мүше болуы үшін ашық стандарттау жөніндегі ұйым;

- Халықаралық стандарттау ұйымы
- Халықаралық стратегиялық альянстар
- Халықаралық тасымалдау
- Халықаралық тасымалдау шарты, түрлері, нысаны туралы
- Халықаралық тәртіп
- Халықаралық теңіз құқығы
- Халықаралық терроризм
- Халықаралық сауданың теориялары
- Халықаралық сауданың теориялары
- Халықаралық сауда саттық көиек
- Халықаралық сауда ұйымдары
- Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі
- Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі
- Халықаралық стандарт әлемдік нарыққа шығарады