Халықаралық тасымалдау шарты, түрлері, нысаны туралы
Халықаралық тасымалдау шарты, түрлері, нысаны туралы
Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жүк жөнелтушінің, жүкті алушының, жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі.
Осы тараптар арасындағы құқықтық қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасаған шартымен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін заңдылықтармен анықталады.
Тасымалдау шартын жасасу мен орындау нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастардың жалпы жиынтығын білу үшін оны құрайтын элементтерді қарастыру қажет, әсіресе, жүкті тасымалдау мен жолаушылар қол жүгін ажырата білген дұрыс.
Тасымалдау шартын жасаудың негізі жүк тасымалдаушының жүкті немесе жолаушыны бір орыннан екінші жерге белгілі бір көлік құралымен сыйақыға өткізуге міндеттенуі болып табылады.
Сонымен, халықаралық тасымалдау дегеніміз - мүліктерді және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушыларды өткізу.
Халықаралық тасымалдауды ішкі тасымалдаудан айырудың негізгі белгілері:
-жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек;
-жүкті немесе жолаушыны
шекарадан өткізбей-ақ
-халықаралық тасымалдауда
ұлттық валютадан басқа
Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың екі жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі. Осылайша, жүкті тасымалдау шарты ереже бойынша, консенсуалдық шарт болып табылады, яғни шарттық мазмұны мен екі тарап танысқан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады, бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әр түрлі ұлттық заңдарда бекітілген.
Жүкті тасымалмаду шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптық (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді.
Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді.
Жол жүру билеті мен теңдеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте белгіленеді.
Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы мақсатты жүзеге асыруды қабылдап алған сәтінен жасалған деп танылады.
Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын ұсынады (билетті сатып алу сәті, көлік құралына отырғызу басталған сәтте және т.с.с.).
Халықаралық жеке көлік құқығында тасымалдау шарты екі жақты сипатқа ие көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен қатар, құқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартының қайтарымсыздығын білдіреді.
Сондықтан әр мемлекеттердегі тасымалдау шартының нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенмен, өзара айырмашылықтарға ие.
Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген ұйымның өзі эволюцияға ұшырады. Англосаксондық, француз, неміс құқығы бойынша тек қана тасымалдау шартын жасаған көлік құралын меншіктенуші (Shipower-англ; Her-неміс; le bourdeois Navire-француз). Француз және неміс құқығында (көлік иеленушімен» (armature, Reeder) қатар «фрахтователь» (freteur, Verfracher) термині пайда болады, осындай өзгерістер Солтүстік Еуропаның көптеген елдерінде және Голландияда пайда болды. АҚШ-та олар freight / con tractors деп аталады.
1921жылы Гаага ережесінде «тасымалдаушы» термині енгізілді (transporteur-франц., transportowiec –поякты?).
«Қазақстан Республикасының Көлік туралы» Заңына сәйкес тасымалдаушы - бұл меншік құқығы негізінде немесе басқа да заңдылық негізде көлік құралын иеленетін жүкті, жолаушыны, теңдеме жүкті және поштаны өтемақыға немесе, сәйкесінше, рұқсат не белгіленген тәртіпте берілген лицензия негізінде жалдауды ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.
Халықаралық тасымалдауда тасымалдаудың бірнеше түрі бар.
1.Теңіз тасымалдауы.
2.Әуе тасымалдауы.
3.Теміржол тасымалдауы.
4.Автокөлік тасымалдауы
5.Аралас тасымалдау.
Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау
Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдаудағыдай сияқты шарт негізінде жүзеге асырылады. Жолаушыны тасымалдау шарты — ол бір тарап тасымалдаушы жолаушыны мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал екінші тарап жолаушының белгіленген жолақысын төлеуге міндеттенуі.
Жолаушыны тасымалдау шарттың тараптары болып жеке тұлға (жолаушы) және тасымалдаушы танылады. Жолаушыны тасымалдау шарты ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады.
Жолаушыны автобустарда тасымалдау жол жүру билетімен рәсімделеді.
Ағылшын құқығы бойынша осы рейске берілген билет, егер онда шарттар көрсетілген болса, шарт құжат болып табылады. Бірақ та, қала ішіндегі билет бұл жолаушының билет ақысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді.
Жолаушыны халықаралық тасымалдауда да тасымаддау шартын жасау билетпен бекітіледі. Халықаралык келісімдер билеттің мазмұнына кейбір ерекше талаптарды кояды.
Жолаушы құқықтары:
1) өзімен бірге балаларды
тегін немесе өзге де
2) белгіленген нормалардың
шегінде өзімен бірге қол
3) тендеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға тапсыруға құқығы бар;
Құқықтарымен қатар, жолаушы міндеттерге де ие. Оның негізгі міндеті болып, жол ақысын төлеу міндеті табылады. Жолаушылардың жол ақысын төлеуі сәйкесінше, тариф негізінде жүзеге асырылады.
Жалпы ереже бойынша тендеме жүкті тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенуі, ал екінші тарап жолаушы тендеме жүкті тасымалдауына ақы төлеуіне міндеттенеді. Тендеме жүкті тасымаддау құқығы жолаушыны тасымалдаушы шарты негізінде жүзеге асырылады.
Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлерi
Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекенiне, ал жолаушы теңдеме жүктi тапсырған жағдайда теңдеме жүктi де апаратын мекенге жеткiзудi және оны теңдеме жүктi алуға құқық берiлген адамға беруге мiндеттенедi; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгiн тапсырған кезде – теңдеме жүгiн алып баруға ақы төлеуге мiндеттенедi. Жолаушы тасымалдау шарты – екi жақты, ақылы және жүктердi тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды.
Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шартының нысаны жазбаша, ол тиiсiнше жол жүру билетiмен және теңдеме жүк түбiртегiмен рәсiмделедi. Аталған құжаттарда шарттар негiзiнен бiржолғы болып табылады, яғни белгiлi бiр көлiкпен бiр рет жол жүру мақсатында бекiтiледi. Жолаушыларды қалалық және қала маңы көлiгiмен тасымалдау туралы сөз болғанда белгiлi бiр (әдетте бiр айлық) мерзiмге бекiтiлетiн тасымалдау шарттары да қолданылады, бұл мерзiм iшiнде тасымалдаушы ұйым жолаушыны тасымалдауға мiндеттенедi. Мұндай шарттар жеке сипатқа ие болуы мүмкiн, мысалы, тасымалдаушы жеңiлдiк жағдайларымен тұлғалардың белгiлi бiр категориясын тасымал-дауды жүзеге асырғанда. Бiржолғы жолаушылар билетi жеке адамға да, сондай-ақ адамдар тобын тасымалдауға берiлуi мүмкiн, осындай жолмен бекiтiлген тасымалдау шарты жеке сипатқа ие емес, бiрақ тасымалдау басталғаннан кейiн ол тек билет бойынша жол жүрудi бастаған тұлғаға, тұлғалар тобына қатысты ғана жарамды болады. Жол жүру барысында жол жүру билеттерiн басқаға беруге, қайта сатуға тиым салынады. Ал, әуе тасымалдауы кезiнде шарт жеке сипатқа ие, билеттi басқа тұлғаға қайта сату мен беруге тиым салынады. Қайта сату немесе беру фактiсi анықталған жағдайда билеттiң күшi жойылады және оның бағасы қайтарылмайды. Шарт бекiту (билет беру) жолаушының жеке басын куәландыратын құжат негiзiнде жүзеге асады.
Әрбiр жолаушы жол жүру билетiн иеленуге мiндеттi, тасы-малдаушы оның сатылуын жолаушы көрсеткен мекенге жеткенге дейiн қамтамасыз етуге мiндеттi (егер сол немесе басқа мекенмен байланыс болған кезде ғана). Егер жолаушы жол жүру құжаттарын жоғалтса немесе бүлдiрсе, онда олар қайта қалпына келтiрiлмейдi, оларға төленген ақша да қайтарылуға жатпайды.
Жолаушыларды темiр жолмен тасымалдау үшiн пайдала-нылатын поезд түрi маңызды болып табылады. Мәселен, жылдамдығына қарай шапшаң жедел және жолаушы поездары (тиiсiнше тасымалдаулар) ажыратылады. Поездар жол жүру қашықтығына қарай алысқа қатынайтын, жергiлiктi және қала маңына қатынайтын болып бөлiнедi. Жоғары сапалы қызмет көрсетулер көзделетiн поездар фирмалық болып бөлiнедi. Сондай-ақ жолаушы орналасатын вагонның, орынның түрi де маңызға ие. Су көлiгiмен тасымалдау кезiнде берiлетiн каютаның класы (не палуба орындарында тасымалдау көзделуi мүмкiн) маңыздылыққа ие. Жолаушыларды әуемен тасымалдау кезiнде жолаушы орналасатын салонның класына (қызмет көрсету деңгейiне) қарай градация көзделуi мүмкiн.
Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi жалпы түрде Азаматтық кодексте анықталады, ал толығырақ олар ҚР-ң “Көлiк туралы” Заңында көрсетiлген, көлiктiң жекелеген түрлерiмен жолаушыларды тасымалдау бойынша олар жолаушыларды тасы-малдаудың сол немесе өзге бiр түрiн реттейтiн нормативтiк актiлерде нақтыланады, бiрақ негiзгi тұстары бойынша олардың нормалары аталған заңның нормаларымен сәйкес келедi.
Тасымалдау шартының жария сипаты жолаушыны тасымалдау шарты үшiн айрықша нақтыланады. Оған кез келген көлiк түрiне және жолаушылар тасымалы үшiн ашық болатын кез келген бағыт бойынша билет алу құқығы берiледi. Бекiтiлген шарт бойынша жолаушы көлiк құралында билiкке сәйкес орын-ды иеленуге құқылы. Бұл көлiк құралындағы орын категориясына да, нақты орынға да қатысты.
Жолаушылардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн тасымалдаудың тiкелей жағдайларының өзi ғана емес, сонымен қатар қажеттi инфрақұрылымның, тиiстi қосымша сервистiк болуы маңызды болып табылады.
Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдаумен байланысты операцияларды орындау үшiн ашық болатын станциялар осы операциялардың орындалуын қамтамасыз ететiн талаптарға сай болуға тиiс. Тасымалдаудың мөлшерiне қарай вокзалдарда теңдеме жүктi қабылдау мен беру бөлмелерi, қол жүгiн сақтау камералары, күту залдары, анықтама бюролары, транзиттiк жолаушылардың, ана мен баланың демалу бөлмелерi; ресторандар мен буфеттер, жолаушыларға мәдени-тұрмыстық және санитарлы-гигиеналық қызмет көрсететiн үй-жайлар (почта, телеграф, радиожелiлер, шаштараздар, дәрiгерлiк көмек пунктерi және т.б.) жабдықталады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшiн және олардың жол жүру, түсу және өту қауiпсiздiгiн арттыру үшiн станцияларда төбесi жабылған, павильондары бар платформалар, өту тоннельдерi немесе көпiрлер салынады. Вокзал маңындағы алаңдар жақсы жабдықталуға және жаяу жүретiндер мен қала көлiгiнiң ыңғайлы және қауiпсiз қозғалысының талаптарына сай болуға тиiс.
Жолаушы билеттi өзiнiң жол жүруi үшiн, сондай-ақ өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымал кезiнде 5 жасқа дейiнгi, бiр баланы (жеке орын берiлмейтiн) тегiн алып жүруге пайдалана алады. Яғни, мұндай жағдайларда тасымалдаудың жеке шартын бекiту талап етiлмейдi. Мұндай мүмкiндiк жолаушыға көлiктiң таксимен жүзеге асырылатын тасымалдан басқа барлық түрiмен тасымалдау кезiнде берiлдi.
Жолаушыға iшкi тасымалдар кезiнде 7-ден 15 жасқа дейiнгi және халықаралық тасымалдар кезiнде 5-тен 12 жасқа дейiнгi балаларға қатысты шартты билет құнын 50% мөлшерiнде төлеумен жеңiлдiк жағдайларында бекiтуге құқық берiледi. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған бала ересек адаммен бiрге немесе бөлек жол жүретiндiгi маңызды болып табылмайды.
Тасымалдау әртүрлi мемлекеттердiң бiрнеше тасымалдаушыларымен жүзеге асырылатын және оған солармен бiрге Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы қатысатын кезде бұл жеңiлдiк (құқық) тек Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымал жолының бөлiгiнде ғана берiлетiн болады.
Жолаушы көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалдау кезiнде жүрiс барысындағы аялдамада билет күшiн 10 тәулiктен аспайтын мерзiмге, қалалық және қала маңына қатынайтыннан басқа, көлiктiң барлық түрлерiнде ұзартуға құқылы. Жүрiс барысындағы аялдама кезiнде билеттiң әрекет ету күшi тасы-малдаушымен ұзартылуы мүмкiн. Мәселен, темiр жолмен тасы-малдау шарты бойынша жолаушы ауруына байланысты жол жүру барысында аялдаған кезде емдеу мекемесiнiң анықтама қағазын көрсеткенде билет күшiн ауыру уақытына ұзартуға құқылы. Жолаушыға поезда орын берiлмеген жағдайда билет күшi жолаушыға орын берiлетiн келесi поезд жөнелтiлгенге дейiн ұзар-тылады.
Тасымалдаудың барлық түрлерi бойынша жолаушы көлiк қызметтерiн көрсететiн тасымалдаушының кез келген мекемесiне тасымал басталғанға дейiн билеттi тапсыруға және тасымал үшiн төленген соманы қайта алуға құқылы. Тасымалдаушымен қайтарылмайтын соманың мөлшерлерi және оларды қайтару тәртiбi көлiк жарғыларымен (тасымалдау ережелерiмен) анықта-латын болады. Темiр жол тасымалдары бойынша қайтарылатын сомалардың мөлшерi ТЖУЖ-дiң 105-бабының “и” тармағында көрсетiлген. Егер пайдаланылмаған темiр жол билеттерi темiр жол станциясының кассасына поезд жөнелтiлгенге дейiн 24 сағат бұрын қайтарылса, онда жолдың толық құны қайта алынуы мүмкiн, ал поездың жөнелтiлуiне 24 сағаттан кем, бiрақ 6 сағатқа дейiнгi уақытта қайтарылса билет құнын және плацкарт құнының 50%-ын алуға болады. Егер билет поездың жөнелуiне 6 сағаттан кем уақыт iшiнде қайтарылса тек билет құны қай-тарылады, бұл кезде плацкарт құны қайтарылуға жатпайды.
Егер кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың тапсы-рыстары бойынша алынған жол жүру құжаттары поезд жөнел-тiлгенге дейiнгi 7 тәулiктен кем, бiрақ 3 тәулiктен кешiктiрiлмей қайтарылса плацкарт құнының 50%-ы ұсталады, егер олар поезд жөнелтiлгенге дейiнгi үш тәулiктен кешiктiрiлiп қайтарылса плацкарт құны толығымен ұсталып қалады.
Ұжымдық жол жүру билеттерiн қайтару кезiнде өзгеше мерзiмдер мен ұстап қалуды белгiлеу, ең алдымен, тасымалдаушының бұл жағдайларда ұжымдық тапсырыстан бас тарту салдарынан анағұрлым көп шығынға ұшырауымен байланысты, өйткенi дәл сол орындарға билеттердi қайта өткiзуге мүмкiндiк болмай қалуы мүмкiн. Дегенмен, жол жүруден бас тарту барлық жағдайларда билет алған тұлғаның құқығы ретiнде қарасты-рылады, және қандай да бiр жауапкершiлiк санкциясын қолдану туралы сөз болмауға тиiс.
Жол жүру билетi алынған поезға (қала маңына қатынайтыннан басқа) үш сағатқа, ал ауруына немесе оқыс жағдай салдарынан – поезд жөнелтiлген сәттен бастап үш тәулiкке кешiккен кезде жолаушы сол жол жүру құжатының күшiн плацкарт құнын қайта төлеу арқылы басқа поезға қайта жаңартуға құқылы. Сонымен қатар жолаушы плацкарт құнын шегерiп тастап, жол жүру құнын қайта алуға құқылы.
Жол жүру бойында (темiр жол тасымалы кезiнде) жүрiсiн тоқтатқан кезде жолаушы жүрмеген қашықтығының жол құнын плацкарт құнын шегерiп тастап қайта алуға құқылы.
Жол жүру барысындағы уақытта жолаушыға бос орындар болған кезде жоғары категориялы вагоннан орын алуға құқық берiледi.
Жолаушы өзiмен бiрге қол жүгiн (теңдеме жүктi) алып жүруге құқылы. Әуе көлiгiнде, қалалық және қала маңына қатынайтын автобустармен тасымалдағанда салмағы 20 кг аспай-тын қол жүгiн және теңдеме жүктi тегiн алып жүру белгiленедi. Темiр жол, теңiз, iшкi су көлiгiнде, сондай-ақ халықаралық автобустарда салмағы 35 кг аспайтын қол жүгiн және теңдеме жүктi тегiн алып жүру белгiленедi. Тасымалдаушылар өз шешiмi бойынша көлiктiң барлық түрлерiнде тегiн тасымалданатын теңдеме жүктiң салмағын ұлғайтуға құқылы. Темiр жол тасы-малы кезiнде жолаушы жол жүру құжаты бойынша, ұсақ заттар-ды есептемегенде, салмағы 36 кг болатын теңдеме жүктi тегiн алып жүру үшiн тапсыруға құқылы, белгiленген тарифтер бойынша алып жүру ақысын төлей отырып ол салмағы 100 кг-нан аспайтын теңдеме жүктi алып жүре алады.
Тасымалдауды жалғастырудан тасымалдаушы бас тартқанда ол жолаушыны баратын жерiне өз есебiнен жеткiзуге немесе шартты бұзу салдарынан жолаушыға келтiрген барлық шығындарды өтеуге мiндеттi.
Егер темiр жол тасымалы кезiнде жолаушыға сатып алынған билетке сәйкес орын берiлмесе, онда темiр жол жолаушыға оның келiсiмiмен басқа вагоннан орын тауып беруге мiндеттi, ал вагонның категориясы жоғарырақ болса, ол үшiн қосымша ақы алынбайды. Жолаушыға өзi сатып алған жол жүру құжатының құнынан төмен тұратын орын берiлгенде, оған жол жүру құнының айырмашылығы да қайтарылуға тиiс.
Теңдеме жүктi тасымалдау жөнiндегi мiндеттеме – тасымалдаушының жолаушы көрсеткен бағытта теңдеме жүктi алып жүру мен оны тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап сатып алушыға бергенге дейiн оның сақталуын қамтамасыз ету мiндеттемесi болып табылады. Жолаушылар мен теңдеме жүктi автомобиль көлiгiмен тасымалдаған кезде теңдеме жүк әдетте оны автобустың теңдеме жүк бөлiмшесiнде орналастыру үшiн қабылданады. Дәл осылай теңдеме жүк су, әуе көлiгiмен де тасымалданады. Жолаушы мен теңдеме жүктi әртүрлi көлiкпен тасымалдау да жоққа шығарылмайды. Темiр жол тасымалдауы кезiнде теңдеме жүктi тасымалдауға қабылдауға және оны сол немесе теңдеме жүк вагоны бар тиiстi бағыттағы келесi поезбен жiберуге мiндеттi. Егер жолаушының мәлiмдеуi болса, онда теңдеме жүк жол жүру құжатында көрсетiлмеген басқа бағыт бойынша жөнелтiлуi мүмкiн. Көлiктiң барлық түрлерiнде теңдеме жүктi тасымалдауға алуды куәландыратын теңдеме жүк түбiртегi берiлетiн болады. Жолаушы теңдеме жүктi тапсыру кезiнде тарифке сәйкес алымды төлей отырып оның құндылығын жария ете алады.
Жолаушыдан теңдеме жүк ретiнде тасымалдауға өзiнiң көлемi, буып түйiлуi мен қасиеттерi бойынша еш қиындықсыз теңдеме жүк вагонына тиелiп орналастырыла алатын және басқа жолаушылардың теңдеме жүктерiне зиян келтiрмейтiн заттар мен нәрселер қабылданады.
Теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмi баратын жерiне дейiн теңдеме жүк бiрге жөнелтiлген көлiк құралының жүру уақытымен анықталады. Егер теңдеме жүк жол бойында қайта тиеу маршруты бойынша жөнелтiлсе, онда оны жеткiзу мерзiмi қайта тиеуге кеткен уақыт шығынын ескере отырып жол жүру уақытымен анықталады. Темiр жол тасымалы бойынша әрбiр қайта тиеуге бiр тәулiктен қосылады. Егер теңдеме жүк оны жеткiзу мерзiмi аяқталғаннан кейiн 7 тәулiк iшiнде баратын жерiне келмесе, онда жолаушы теңдеме жүктi жоғалтылды деп есептеуге және оның құнын талап етуге құқылы ТЖУЖ-ға сәйкес темiр жол тасымалдауы кезiнде 60 күн iшiнде талап етiлмеген теңдеме жүк iске асырылу үшiн жергiлiктi сауда ұйымдарына берiлуге жатады. Жолаушылардың ұмытып кеткен және тауып алынған заттары да iске асырылуға жатады.
Кеме жалдау (чартер) шарты бойынша бiр тарап (кемемен жалданушы) басқа тарапқа (кеме жалдаушы) жолаушыларды, теңдеме жүктi және жүктердi тасымалдау үшiн бiр немесе бiрнеше көлiк құралын толық немесе оның сыйымдылығының бiр бөлiгiн бiр немесе бiрнеше рейске ақы төлеттiрiп беруге мiндеттенедi.
Чартер шартының жүктердi жолаушыларды немесе теңдеме жүктi тасымалдау шартынан жалпы ерекшелiгi оның сөзсiз консенсуалды екендiгiнде. Өз кезегiнде бұл тасымалдау көлемiнiң айырмашылығымен байланысты, өйткенi чартер шарты, әдетте, клиенттiң көлiк құралы сыйымдылығының барлық немесе көп бөлiгiн алуын көздейдi, соған байланысты тасымалдаушы көлiк құралының сиымдылығы толтырылмаған кезде елеулi шығындар қаупiнсiз тасымалдауды жоспарлай алады.
Бұрын әуе кемелерiн жалдау шарттары басымды маңызға ие болатын. Оларды тiкелей бекiту мен орындау Азаматтық кодекс пен өзге де заңнама нормаларынан басқа, жоғарыда аталған, халықаралық және Қазақстан Республикасының iшкi әуе жолдарында тұрақты емес авиа тасымалдауларды жүзеге асырудың Ережелерiмен реттеледi.
Республиканың батыс аймақтарында экономикалық қызметтiң жандануына байланысты теңiз тасымалдары аясында да чартер қатынастары зор маңызға ие бола бастады. Қазақстан Республикасының “Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы” За-ңы кеменi экипажымен жалдау шарттарын (тайм-чартер), кеменi субжалдау (субтайм-чартер) шарттарын, кеменiң экипажы, жалдау шарттарын (бербоут-чартер) көздейдi. Олардың мазмұны чартер шарттарында жалға алу элементтерi басым екенiн түсiнуге мүм-кiндiк бередi. Бiрақ, тасымалдау тiкелей жүзеге асырылатын тасымалдау шарттары бойынша субъектiлердiң құқықтары (мiндеттерi) да аса зор маңызға ие екенiн ескеру қажет.
Халықаралық жеке құқықтың коллизиялық нормаларын қолдануға байланысты бiзде шетелдiк заңнама актiлерi және сонымен қатар халықаралық көлiк келiсiмдерi де қолданылады. Чартер халықаралық тасымалдар кезiнде жиi қолданылады және ол аталған актiлермен реттеле алады.
Чартерлiк тасымалдаулардың тағы бiр ерекшелiк белгiсi – олардың тұрақты емес (кестеден тыс) сипатында. Осының салдарынан чартерлiк тасымалдаулар жоспарлы тасымалдар үшiн арналған көлiк құралдарын пайдаланумен, сондай-ақ тұрақты тасымалдар үшiн арналған жолдарды, әуе трассаларын пайдаланумен олар орындалуға тиiс болса да жүзеге аспайтындығы алдын ала белгiлi болып табылады.
Халықаралық және iшкi чартерлiк тасымалдауларды жүзеге асыру су жолдары мен әуе кеңiстiгiн пайдалану талаптарын сақтауды талап етедi. Чартерлiк авиатасымалдаулар шет мемлекеттердiң құзiреттi органдарының, ал iшкi чартерлiк тасымалдаулар кезiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайда-лануға бақылауды жүзеге асыратын органдардың рұқсатын алуды талап етедi.
Чартерлiк тасымалдаулар тасымалдау шарттарының айқын көрсетiлген жеке мазмұнымен ерекшеленетiн болады. Дегенмен де оларды бекiту кезiнде көлiк аясындағы қатынастарды реттейтiн заңнаманың мiндеттi талаптарын сақтау да қажеттi болып табылады.
ҚР Азаматтық кодексiнде (695-бап) жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау жеке қарастырылған. Бұл шарт тұтыну шарттарына жатады, онда тасымалдау қатынастарына бiр жағынан өз теңдеме жүгiн бiр уақытта өзiмен бiрге алып жүре алатын жолаушылар түседi. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты жүктердiң де тасымалын қамти алады.
Бұл қатынастарға тасымалдаушы жағынан шарттық қаты-настарға заңнама және тиiстi тасымалдауларға берiлген лицензия (патент) негiзiнде түсетiн коммерциялық ұйымдар (кәсiпкерлер) түседi. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау негiзiнен коммуналды шаруашылық аясына жататын болғандықтан, ол, соның iшiнде, жолаушыларды қала көлiгiмен тасымалдау, көбiнесе жергiлiктi өкiлдi органдардың актiлерiмен реттеледi. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау оларды жолаушылармен аумақтық монополияға қарсы органдар бекiткен тарифтер бойынша төлеу арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтық кодекстiң аталған бабында жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты жария болып табылатындығы нақты көрсетiлген. Жоғарыда бiз Қазақстан Республикасының “Көлiк туралы” Заңына сәйкес жариялылық жалпы ереже бойынша тасымалдаудың басқа да шарттарына тән екенiн айтқанбыз, онда тасымалдаушының тасымалдауға жүгiнгеннiң кез келгенiмен шарт бекiту мiндетiнен ерекшелiктер көлiк заңнамасымен көзделуi мүмкiн екенi көрсетiлген. Өз кезегiнде бiз арнайы көлiк заңнамасын қарастыра отырып онда тасымалдаушының сол немесе өзге бiр тасымалдау шартын бекiтудiң мiндеттi немесе мiндеттi емес екендiгiн нақтылайтынын байқаймыз. Бiз сол немесе өзге бiр жағдайда анықтаушы факторлар ретiнде тасымалдау мiндеттемесiнiң мәнiсi, сондай-ақ тасымалдау жүзеге асырылатын iс жүзiндегi жағдайлар бола алатын-дығы туралы қорытынды жасай аламыз. Бiрақ, тасымалдаудың тұтыну сипаты оны сөзсiз жариялылыққа мәжбүр етедi және жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты туралы нормаларды қолдануға себепшi болады.
Көлiк шарттарының тағы бiр түрi болып көлiк ұйымдары арасындағы шарттар табылады. Олар әртүрлi көлiк ұйымдарының әрекеттерiн үйлестiрудi қамтамасыз етуге есептелген, сондай-ақ олар аралас тасымалдаулар кезiнде жүк жөнелтушiлердiң құқықтарының сақталуына мүмкiндiк бередi.
Мұндай шарттарға торапты келiсiмдер, жүктердi орталықтандыра кiргiзу (шығару) шарттары және т.б. жатады. Оларды бекiту тәртiбi көлiк туралы заңды актiлермен анықталады.
Тасымалдауды теңiз көлiгiмен жүзеге асырған кезде көлiк шартының тағы бiр түрi ретiнде – тiркеуге алу шарты бөлiнiп шығады.

- Халықаралық тәртіп
- Халықаралық теңіз құқығы
- Халықаралық терроризм
- Халықаралық терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу
- Халықаралық ұйым
- Халықаралық ұйымдар
- Халықаралық ұйымдар және классификациялары
- Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі
- Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі
- Халықаралық стандарт әлемдік нарыққа шығарады
- Халықаралық стандарттар
- Халықаралық стандарттау ұйымы
- Халықаралық стратегиялық альянстар
- Халықаралық тасымалдау