Имандылық – тәрбие негізі
Имандылық – тәрбие негізі
Имандылық – тәрбие негізі
Дін – адамгершілік тірегі
Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер
Имандылық қасиет
Дiни бiлiм- тарбие бастауы
Дiни тарбие
Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ, қатты қателескеніміз.
Адам баласының тура жолдан адаспай, толық, кемел, ақыл-есі түзу азамат қатарына жетуі оның жас шағында алатын тәрбиесіне, ата-анасының мейірім көрсете алуына байланысты. Жасыратыны жоқ, бүгінде космополиттік идея кеуделерін улап, туған ұлтына жандары ашымайтын «мәңгүрт» типіндегі жастардың көбейіп келе жатуы алаңдатарлық жайт. Бұған «жол беріп жатырсың» деп, жетпіс жылдай уақыт бойы кеңестік сүзгіден әбден сүзіліп, қорғаншақтық күйге ұшыраған аға ұрпақ өкілдерін кінәлау қиянат та болар. Әйтсе де, кез келген нәрсеге көзді жұмып қарау, сүйекке сіңген салғырттық, көзді байлап, көрер алдымызды тұмшалап тастаған. «Құлдық психологиядан», қараңғы қорқыныштан, ит түртпектен арыла алмай отырғанымыз шындық. Мына мәселеге де байыпты көзқарас танытқанымыз жөн. Тәуелсіздік алған кезден былай қарай он бес жыл уақыт ішінде өмірге келген ұрпақ бойында ерекше ұмтылыс, ерекше қуат сезіледі. Қоғам мен адамды қатар шырмаған қат-қабат қиындықтардың, дауасыз даулардың көп уақыт өтпей, күні бітеріне күмәнсіз сенгіміз келеді. Бұл арманды біздің жас өскіндеріміз жүзеге асырмақ. Тек өскелең өркенді жаһанданудың жойқын соққысына, тілсіздік дертіне ұрындырып алмай, өз ұлтының мәдениет мәйегінен алшақтамай өсуіне жол ашуымыз керек. Ол үшін жүріп өткен ізімізге тағы бір бұрылып, жеткен жетістіктерімізді салмақтап, рухани құндылықтарымызды ұрпақ санасына ендірген абзал.
Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан балаға аманаттап, жүрекке дарытып келген асыл қасиеттері көп-ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал – мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші – иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей «мал үшін біреуді алдап, біреуді арбаған» жандар кездесіп отырған кезде мұндай сөздің маңызы да жоғары. Жиған – терген дәулетіне жүрегін байламай, одан да биік нәрсе бар деп білген аталарымыздың имандылық төңірегіндегі түсінігіне біраз толғаныс жасауды жөн деп санадық.
Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата – бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі – осы. Барлық бет – болмысының, мінез – құлқының айнасы. Яғни, Шәкәрім атамыз айтқандай,
Кімде болса шын мінез,
Болмас онда екі сөз.
Өлтірсе де көзбе – көз
Иманын сатып алмас бөз, - дегендегі иман. Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «иманигүл» деп атбереді:Махаббатпен-жаратқан-
Сен-де,сүй,ол-Алланы,жаннан..
Және хақ жол осы деп әділетті.Дәстүрлі қазақ руханиятынан тамыр тартып, нәр алған данышпан тұлғалардың елді жақсылыққа үндеудегі көптеген ой – пікірлерінің имандылық маңына келіп тоғысатыны шындық. Кешегі «біз барлық қайратымызды ел үшін еселеп жұмсайық. Халық түзеуді жол қылайық» деген кемеңгер Мұхтар Әуезов те жас жеткіншектерге кемел тәрбие беру үлгісін имандылықтан іздеген. Бесікте жатқан жас сәбидің жүрегіне имандылық нұрын құйған жөн деп есептеген. Ендеше, арысы Абайдай бабалар, берісі Мұхтардай даналар ұлт болмысының дәнекеріне жатқызған имандылық негіздерінен бас тартуымызға мүлдем жол жоқ.
Имандылық қасиеттің сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен. Ол, біріншіден, дін. Яғни, ерте ғасырлардың өзінде – ақ ұлан – ғайыр қазақ сахарасына кең тарап, жергілікті ұлттардың (оның ішінде түркі тектес тайпалардың) арасына сіңіп, олардың өмір – тіршілігімен қабысып кеткен ақиқат дін – Ислам діні. Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын қаймағын бұзбай, сол қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Халқымыз имандылық нұрының бастауларын сондай жүрек көзі ашылған перзенттерінен алды деп толық сеніммен айта аламыз. Екінші тірегі – салт – дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі. Салтынан, әдет – ғұрпынан қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым – зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз. Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан – ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды.
Міне, осындай басты – басты үш қасиетті берік ұстаған ата – бабалар біздерге, кейінгі ұрпақтарына «адастырмас айқын жолды» көрсетіп кетті. Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнә, келер ұрпақ алдында қарабет те біз болмақпыз. Данышпан Абай бір қара сөзінде: «ата – бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен… Екіншісі намысқор келеді екен,»- деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып жүрмейік. Иманымызды ту етіп, соған жету үшін бар күш – жігерімізді салып, аянбай еңбек етейік дегім келеді.
Дінге көзқарас өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа баулуда игілікті іс-шаралар іске аса бастады. Жалпы білім беретін орта мектептерде діни-рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға болады. Балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай діни-моральдық ахуалмен таныстыратын, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік, болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистерді үйрете беруге болады. Мұхаммед пайғамбардың хадистерін, мұсылмандықтың бес парызын, Халифа Алтайдық "ғылымхалін", Абайдың "Қара сөздеріндегі" дінирухтық идеяларды және қасиетті Құранның сүрелерінен бала қабылдасауына лайықтарын үйрете беру артық емес. Мұғалім молда не діни лауазымды кісілермен кездесулер ұйымдастырып, діни-рухтық тәрбие сағаттарын жүргізе беруіне болады. Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты - баланың өзіне сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.
Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер.
Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.
"Патриот" деген сөз, гректің раігів - отан деген сөзі, ең біріншііІ рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолда-м ылды. Монархияғақарсы күресіп революцияны қорғаушылар-дІ.ІІ Іатриоттар деп атады. В.И. Даль сөздігінде: Патриот -отанын с үіоіпі, оның ңуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте "патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын ңиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам" - делінген. Философия сөздігіндегі "патриотизм - Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу". Педагогикадағыанықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінедіБұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсаң.
- Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.
• Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.
• Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.
• Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп-өсуі.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нерсенің - жүректің, ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған. Қорыта келе, адамгершілік тәрбиесін мына сызбадағы құрамды бөліктерден көруге болады:
Адамгершілік тәрбиесі
Міндеттері. Мазмұны мен негізгі бағыттары.
Бұл жолда мақсатқа жету үшін өркениеттілігіміз бен азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың жоғары деңгейі болып табылатын толеранттылық (өзгеге төзімділік, қамқоршылық, жұмсақтылық, кішіпейілділік, мейірімділік таныту) қасиетімізді сақтай білуіміз қажет.Дүние жүзіндегі оқиғалар экстремизмнің (шектен тыс қарсылық танытушылықтың) етек жаюын экономикалық және әлеуметтік прогреске қол жеткізу арқылы бөгеп қалуға болатындығын көрсетті. Алайда, бұл прогресс дағдарыстардың тууына байланысты тоқырап, бұзылуы мүмкін. Сол кезде қандай экстремизм болса да алдына тосқауыл бола алатын бір-ақ нәрсе бар, ол – қоғамның толеранттылығы.Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда болатын нәрсе емес. Ол – тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез. Ал, мінездің негізі дінде. Дін білім арқылы келеді. Қазақстан Республикасы – түрлі конфессиялардың мекені. Әрбір конфессияның өзіне тән діни білім қоры бар. Соны пайдаланып кәдеге жарату үшін қоғам өмірінде діни білім беру жүйесін қалыптастыру қажет.Діннің Қазақстан қоғамы өміріндегі орны ерекше екендігін жергілікті әкімдіктердің діни бірлестіктермен бірлесіп, Құрбан айт, Ораза айт, “Рождество Христово”, “Пасха” мерекелерінің өткізілуіне атсалысуынан байқауымызға болады. Бұл құбылыстар мемлекеттің заман талабына сай көп векторлы саясатын түрлі бағыттарда, оның ішінде дін саласында да ұстанып келе жатқандығының айғағы. Қоғамымыздың бүгінгі басты мәселелерінің бірі – еліміздегі түрлі діндерді ұстанушылар арасында экстремистік көзқарастардың орын алуына жол бермеу. Бұл азаматтардың рухани білім алуы арқылы ғана жүзеге асуы мүмкін. Азаматтардың рухани білім алуын діндер де, мемлекет те, қоғам да әрқашан қолдаған. Алайда, сол рухани (діни) білімді “кім және қалай” беруі қажет деген сұраққа жауап беруге біз әлі де дайын емес сияқтымыз.
Елімізге уақытша келген шетелдіктер немесе шет елдерге барып діни білім алған азаматтарымыз бөтен елдің идеологиялық келімсектік немесе жат түсініктері мен пиғылдарын діни тұрғыдан халық санасына сіңіруге бар күшін жұмсайды. 2006 жылы Шымкент, Петропавл, Қарағанды, Өскемен, Атырау, Астана, Алматы қалаларының жастары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалдама бойынша: “Аумағыңыздағы таныс жастардың қатарынан шетелдік діни мекемелерде оқу үшін жолданғандар туралы хабарыңыз бар ма?” деген сұраққа олардың 32,7%-ы “естігенім бар”, 11,7%-ы “таныстарым бар”, 55,6%-ы “бұл туралы ешнәрсе білмеймін” деп жауап берген. Қоғам мүшелерінің мемлекеттік бағдарламасынсыз шетелде діни білім алу мақсатымен оқуға аттануы толғандыратын жәйт. Өйткені, мұның – келешекте ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіруі ықтимал. Сондықтан, діни білім беру жүйесін мемлекет өз қолына алуға тиіс.
Мемлекет конфессиялардың өкілдерімен бірлесе отырып, Конституциямыз бен заңнамаларымыз шеңберінде әрбір конфессияға арналған діни білім беру жүйесін қалыптастыру мүмкіндігіне ие (Бұл құқықтанушылар мен дінтанушылардың иығына түсетін ауыр жүк). Осылайша қалыптасқан білім беру жүйесі “дінтану” пәні аталып, Қазақстан Республикасының барлық оқу орындарының жоспарына енетін болса, қоғамымыздың мәдени және әлеуметтік өміріндегі тәрбиесінің айнымас негізі қаланар еді. “Дінтану” пәнін оқыту азаматтарға діни құндылықтардың маңыздылығын үйретіп қана қоймай, оларға құрметпен қарауға, қоғамымыздың мәдени әрі әлеуметтік көріністеріне түсіністік таныту сана-сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. “Дінтану” пәнін оқыған азамат діни идеялар мұхитында өз жолын табу ісінде алған білімін ерекше “компас” ретінде пайдалану мүмкіндігіне ие болады (Бұл мақалада “дінтану пәні” ұғымы дәстүрлі діндердің негіздерін барлық жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған жалпы пән ретінде пайдаланылып отыр).
Діндердің барлығы “әділдік пен махаббат” жолына үндейтіндігі ақиқат. Бірақ, сол әділдік пен махаббатқа білімсіз жету мүмкін емес. Діни білім туралы мұсылман дінтанушысы Абу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед Әл-Ғазали (1059-1111) былай деген: “Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы білім”.
2006 жылғы әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде Қазақстан имамдарының Ислам дінін оқытуға қатысты төмендегідей ұсыныстары анықталған болатын: мемлекеттің келісімімен орта мектептер мен жоғары оқу орындарында аз мөлшерде “дінтану” пәнін енгізу; мемлекеттің дәстүрлі емес діндер мен секталарды (негізгі діннен бөлінген топтарды) бақылауға алып, олардың қызметін шектеу; мемлекеттік іс-шараларға діни қызметкерлердің шақырылып отыруын қамтамасыз ету; Исламды тереңдетіп оқытатын білім беру және ағартушылық мекемелер санын арттыру; радио және теледидар мүмкіндіктерін ауқымды түрде пайдалану; дінмен тікелей айналысатын мемлекеттік қызметкерлердің діни сауаттылығын арттырып, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасымен тығыз байланыста болуын қамтамасыз ету.Бұл ұсыныстарды әрбір мұсылман азаматтың қолдайтындығы хақ. Дегенмен, Қазақ елінің толеранттылығы тұрғысынан қарайтын болсақ, тура осындай ұсыныстардың басқа да дінді ұстанушы азаматтарымыз тарапынан жасалуы мүмкін екендігін ойдан шығармағанымыз жөн. Азаматтарының рухани дамуын қамтамасыз етуге мүдделі зайырлы мемлекетіміздің басқа да дәстүрлі діндерді Ислам дінімен терезесі тең түрде қарастыруы ел Конституциясының 14-бабына сай келеді. Сондықтан, “дінтану” пәнінің бағдарламасы мен басқа да іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлары Қазақстан азаматтарының мүддесі мен діни наным бостандығы тұрғысынан ел Конституциясының 19-бабына (әрбір азаматтың өз дінін басқаларға білдірмеу құқығына) нұқсан келтірместен түзілуі қажет. Мұндай тұжырым жасауымызға 2007 жылы Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының 18-30 жас аралығындағы Қазақстан жастары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалдама көрсеткіштері негіз болды. Ол сауалдама бойынша: “Сіздің өміріңізде дін қандай рөлге ие?” деген сұраққа жастардың 37,4%-ы “өте маңызды”, 32%-ы “өте маңызды емес”, 10,8%-ы “рөлі жоқ”, 19,9%-ы “жауап бере алмаймын” деп жауап берген. “Дінді қай тұрғыдан қарастырған дұрыс?” деген сұраққа респонденттердің 18,6%-ы “адамгершілік, мораль тұрғысынан”, 19,6%-ы “философиялық дүниетаным тұрғысынан”, 5,8%-ы “ерекше психологиялық құбылыс (феномен) тұрғысынан”, 56,1%-ы “жауап бере алмаймын” деп жауап берген. “Дін туралы ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласыз?” деген сұраққа 7,7%-ы “теледидардан ғана”, 25,7%-ы “Интернеттен ғана”, 24,2%-ы “БАҚ-тардың барлық түрінен”, 17,8%-ы “басқа отбасыдан”, 24,7%-ы “жауап бере алмаймын” деп жауап берген. “Еліміздің оқу орындарының бағдарламасына “дінтану” пәнін енгізу қажет пе?” деген сауалға 57,6%-ы “қажет”, 0,5%-ы “қажет емес”, 31%-ы “факультатив ретінде қажет”, 11%-ы “жауап бере алмаймын” деп жауап берген. “Оқу орындарында “дінтану” пәнін кім оқытуы тиіс?” деген сауалға 76,5%-ы “оқытушы”, 9,2%-ы “дін қызметкері”, 14,3%-ы “жауап бере алмаймын” деп жауап берген.
Сондықтан, діни білім беру мәселесін қарастырған кезде қоғамның талаптары мен ұсыныстарын есепке ала отырып, аса байыптылықпен шешім қабылдаған дұрыс. Себебі, діни білім беру саламыздың біржақты дамуының салдарынан заңсыз жолдар арқылы діни білім беруге тырысушылардың әрекеттеріне жол ашуы мүмкін. Оған мысал ретінде Оңтүстік Қазақстан облысында 2005 жылы “Хизб-ут-Тахрир-әл-Ислами” діни саяси партиясы мүшелерінің 72 рет парақшалар таратқандығының фактісі тіркеліп, 174 адамның ұсталғандығын, заңға қайшы мазмұндағы 7720 парақша, 1127 кітап, 236 журнал, 486 брошюра, 23 бейнетаспа, 4 компакт-диск тәркіленгендігін келтіруімізге болады. Дегенмен, Қазақстанда “дінтану” және “теология” мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.), Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар мен әлемдік тілдер университеті (Алматы қ.), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қ.), “Нұр-Мүбәрак” Ислам мәдениеті Египет университеті (Алматы қ.) ғана мамандар даярлауда. Бұл Білім және ғылым министрлігінің барлық жоғары оқу орындарының оқу жоспарына “дінтану” пәнін енгізу мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанның әлемдегі ерекше орнын жоғалтып алмау үшін қоғамымызға толеранттылық дүниетанымды нығайту арқылы экстремистік пиғылдардың алдын алу қажет. Ол үшін мемлекет діни білім беру жүйесін өз қолына алуға тиіс. Сонда ғана дін қоғам өмірімен үйлесім тауып, ұрпақ тәрбиесіне оң әсерін тигізеді. Діндер халқымызды шынайы жақсылыққа үндеп, діндераралық толеранттылықтың заманы орнайды.Діни бірлестіктер - діни сенімді уағыздау, тарату мақсатында құрылған. Осы мақсатқа лайықты белгілері: дін тұту, құдайға құлшылық ету, басқа діни салттар мен ырым-жоралғылары бар, сондай-ақ дінге үйрету және өз ізбасарларына діни тәрбие беруге ұмтылатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Олар діни топтар (заңды тұлға емес) және діни ұйымдар (заңды тұлға ретінде тікеуден өткен) ретінде құрыла алады. Діни ұйымдар жергілікті (ізін қуған адам оннан кем емес) және орталықтандырылған (құрамында үштен кем емес жергілікті ұйымдар кіретін) болып бөлінед
Адам баласы дін арқылы өзінің тірліктен қажитын жанына тыным іздеп, баянсыз дүниеден берік тірек, мәңгілік тиянақ табуға тырысады. Бірақ, өкінішке орай қазіргі кезеңде бір дінбасыға бой ұсынып, бір діннің аясында алаңсыз құлшылық ететін заман келмеске кетіп барады. Өйткені, жаппай сауаттылық, «жаппай ақылдылыққа» жол ашып, соның нәтижесінде, кім көрінген дін мәселелері жөнінде білгіштік танытып, «бас-басына би болған өңкей қиқым, бұзбады ма мінеки «діннің» сиқын» дейтін жағдайға туындады. Соның салдарынан дін өзінің мейрімділік, сабырлылық, бірігу, өркендеу, кемелдік тәрізді сипаттарынан айрылып, өшпенділік, төзімсіздік, ыдырау, тоқырау, пендешілік сипаттарымен көбірек көрініс бере бастады.
Мұндай жағдайда дін өзінің қарапайым тартымдылығынан да айрылып, көпшілік тарапынан оған қатысты жақтырмаушылықтың, тіпті жеккөрініш сезімдерінің пайда болуы заңды. Өйткені, сөздері мен істері үйлеспейтін, көкейге қорқыныш ұялатып, болашаққа қатысты зор алаңдаушылық тудыратын «ақиқатты» ұстанатын небір әсіре топтардың әрекеттеріне қарасаң, жалпы діннен көңілің суйтыны рас. Сол себепті де қоғамда «көйлек көк, қарын тоқ, қызық көп мына заманда дінсіз де тым жақсы өмір сүруге болады ғой, осыларға не жетпейді екен, жұрттың мазасын алып» деген көңіл күй өрістеп, «дін жоқ болса, ешқандай мәселе де жоқ» деген дінге қарсы пікір орныға бастайды. Соның нәтижесінде дінсіздікті ту еткен «коммунизм елесінен» шаққа арылған халық тағы да бір дінсіз қоғам құрып, сол арқылы тағы бір «жарқын болашаққа аттанбақ» болады.
Бірақ, шындығына келгенде адам баласы үшін дінсіз қоғам құрмақ түгел, діннен тыс өмір сүруі де мүмкін емес. Өйткені, діни ұғым бойынша Алла бар, Ол біреу, Ол жаратылыс иесі, және де бәрі де Соның қолында. Және бұл ақиқат ұғым болып табылады. Олай болса, адам баласы қаласа да, қаламаса да, мойындаса да, мойындамаса да осы ақиқаттың аясында, басқаша айтқанда діннің аясында өмір сүреді. Бірақ, кейбір жандар дін жөнінде қате түсінікте болуы себепті «құдайға сенбесем, белгілі бір дінді ұстанбасам болды мен діннен аулақ боламын» деп ойлайды.
Бірақ, адам бұл дүниеге белгілі бір мерзімге келеді, және жақсылық пен жамандық арасында таңдау жасап өмір сүреді, және ақирет күні сол өмірінің қортындысы шығарылып ол өз істерінің түпкілікті бағасын алатын болады. Сондықтан да оның «дінді ұстанбасам болды мен діннен тыс боламын» деген түсінігі қате түсінік болып табылады. Ол қалай болғанда да ақиқат болып табылатын діннің аясында өмір сүріп, одан ешқайда да қашып құтыла алмайды. Бұл дүниеде қанша жерден шындықтан жалтарса да, ақирет күні ол діннің ақиқат, ал, ақиқаттың дін екенін түпкілікті мойындайтын болады.
Дін өзінің ақиқат болмысымен жақсылық жөніндегі шым- шытырық түсініктерді бір ізге салып, оны бірден-бір тура жолға айналдыратын кемел ілімге айналса, ақиқат өзінің дін ретіндегі көрінісімен адам жанына кір шалдырмай, оны үздіксіз тазартып отыратын, оның мәңгілік табиғатын жалғандық қоспалардан аршып, оны нұрландыратын нақты амалға айналады.
Дін- санамен танығанда ақиқат болса, жүрекпен танығанда ол махаббатқа айналады. Осы дүниемен ғана шектелген адамзат санасына ақиқатты тану қиынға соғады. Өйткені, ол көбінесе игерген білімдері мен ашылған жаңалықтардың ауанымен үнемі құбылып, бүгін ақиқат деген нәрсесінен ертең күманданып, бас тартып отырады.
Ол білімге тәуелді болып, білім арқылы дүниеден қисын іздейді. Ал, санасы шектеулі болған соң, оның алатын білімінің де ауқымы шектеулі. Сол себепті де қандай дүниетанымнан болмасын белгілі бір қисынсыздық табуға болады. Сондықтан да тек білімге ғана тәуелді болған адам адасуға бейім тұрады. Сондықтан да діндар адам иманын білімге тәуелді етпей, иманды басшылыққа ала отырып қана өз танымын кеңейтуге тиісті. Имани негіздегі ізденістер ғана адаспаудың кепілі.
Білім арқылы адамның иманын жойып, оны ақиқаттан адастыру әрекеттері жүйелі түрде жүргізілуде. Бірақ, кезінде иманды жоққа шығарған талай ілімдер мен білімдер уақыт өте келе көнеріп жайына қалды. Ал, иман болса әлі жас, әлі қуатты, әлі өміршең.
Мұндай жағдай қашанда да болған, және ақиретке дейін солай бола береді. Небір көкейге қонымды ілім-білімдер алдыдан шығып, жолды кесіп, адамның иманын үздіксіз сынаумен болады. Оларға алданып жолдан тайған адам болса сол ілім-білімдермен бірге көнеріп, солардың қоқыстарының астында тұншығып қала беретін болады.
Ал, діннан ажырамай, дінге берік табан тіреген адам құлшына құлшылық етеді. Ал, құлшына құлшылық еткен жанның жүрегінде Аллаға деген махаббат оты жанып тұратын болады. Ондай жан дінді махаббат деп жүрегімен түсінеді. Ондай жанға күманданып тайғақтық таныту жат мінез. Себебі, Алланың барлығына да, діннің хақтығына да оның жүрегіндегі махаббат куә. Ондай жан жан-жүрегін нұрландырған Аллаға деген махаббатын ешқашанда, ешнәрсеге де айырбастауы мүмкін емес. Өйткені, ондай нәрсе бұл дүниеде жоқ!
Бірақ, дінге ішінен емес сыртынан көз салып, сол себепті де оның ішкі мәнін түсіне алмаған кейбір жандар дін жайындағы өздерінің үстірт те шала танымдарының құлы болуда. Осындай жандардың қатарындағы небір ғалымдар дінді жалған ілім деп дәлелдеумен келсе, небір ойшылдар оны алмастыратын ілімдерді жетілдіруде. Ал, қоғамның бетке ұстар азаматтары болса сондай ілімдерді ұстана отырып, сөздерімен де істерімен де оларды қызу насихаттауда. Сол себепті де оларға сенім артқан қарапайым көпшілік дінді надан халықты билеу үшін ойлап табылған, өркениетті жаңа заманға ілесе алмай аяққа оратылған жалған ілім деп түсінуде.
«Егер дін жалған болса, онда жұмақ пен тозақтың да жоқ болғаны, демек, өмір бойына талғажау болатын жұмақ үміті пен сананы буатын тозақ үрейінің де бекер болғаны. Ендеше, ескіліктің қалдығы болған тыйымдар мен шектеулерді серпіп тастап, еркін де ашық түрде жаңа заманға лайық жарқын өмір сүру керек.» Міне, осындай шолақ қортындыға келген әр адамның да көңіліне желік кіріп, ол өзінің кемшіліктері мен әлсіздіктеріне бой алдырып, алаңсыз азғындай бастайды.
Шындығына келгенде Алланы ескерусіз тастап, Оның дінін де айналып өтіп, бар мәселені олардың қатысынсыз-ақ шешуді ұсынатын мұндай ілім-білімдер адамдарды ақиқатқа жолатпай, оларды қаңғыртып қоятын жалған ілім-білімдер болып табылады. Осындай жалған бағыттарда сөз сапырып, мәселелерді шешілмейтін қырларынан шексіз талқылап жүріп-ақ абырой-атақ жинап, тіпті кемеңгер атануға да болады. Және, осындай «кемеңгерлерді» пір тұтып соңына ілесетіндер де көптеп табылып отырады. Өйткені, ақиқатты жаны қаламайтын жандардың басқа таңдаулары жоқ!
Мұндай жалған ілім-білімдердің қай-қайсысы болмасын қашанда адамгершілік құндылықтарды бетке ұстанады. Бірақ, шын мәнінде, адамгершілік мәселесіне діннен тыс қарап, оны діни танымсыз өркендету әрекеті тиісті нәтиже бермейтін бос әурешілік. Ғасырлар бойына небір ойшылдар адамшылық жайында ұлы сөздер айтып, соны негізге алған небір жарқын ілімдер ойлап тапты. Бірақ, олар сөз жүзінде ғана өрбіген адамгершіліктің небір асқақ көріністерін жасағанмен іс жүзінде, қарапайым өмірде ол ілімдерге сұраныс болмай, тірлік қисыны өз дегенін істеп, пендешіліктің тасы жоғары өрлеумен болды.
Пайдаланған әдебиет
Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,
Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: 2007. — 344 бет.
Имам әл-Хафиз Хааким «Әл-Мустадрак лис-сахихайн» І-том, 323-бет. «Мәктәбә шәмила» электрондық кітапхана
бу Абдурахман Ахмад ән-Насаии «Сунан ән-Насаии» ІІІ-том, 209-бет. "Дарул Мағрифа", Бейрут-1999 ж.
Сахих әл-Муслим, білім бабы.
