Индустриально-инновационное развитие РК
КІРІСПЕ
Әлемдік экономиканың жаһандануы және қазақстандық экономиканың ашық жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекелік күреске дайын еместігі анық байқалуда. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрі қарай дамуында тек өндірістің тұрақтануы мен өсімі ғана емес, оның құрылымдық жағынан атқарады. Оның үстіне олардың бір бөлігі іс жүзінде жобалы инновациялық жүйенің әрекеттері болып табылады. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, мәдениетінің тұрақты дамуына байланысты екені шындық.
Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру.
Экономикамыздың жаңа даму
кезеңіне өту процесі халық
Индустриалды-инновациялық
даму – Қазақстанды қазіргі
Индустриялық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы – тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы.
Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын-энергетикалық ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өңдеудің күшті индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының көп профильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.
Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа инновациялық жүйелердің элементтері ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия мен қызмет көрсету саласындағы шағын сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын, шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемлекеттік емес, коммерциялық емес, ғылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталықтарды жатқызуға болады.
Диплом жұмысының өзектілігі - Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен индустриялық-инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі индустриялық-инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты – Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту
Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, қолданылатын әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының бірінші тарауында Индустриальды-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу механизмі,кәсіпорындағы инновациялық потенциал, Индустриальды-инновациялық менеджмент, инновациялық әрекет сипатталған.
Екінші тарауында Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламалар, Индустриалық-инновациялық тауарлар, жұмыстар және қызметтердің отындық және шет ел нарығында орын табуы, Қазақстан Республикасында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.
Үшінші тарауда Индустриялық-
Әдіснамалық негізі: Қазақстан Республикасының заңдары, заңнамалары, сонымен қатар көптеген отандық және шетелдік авторлардың соның ішінде: Мухамедьяров А.М. Фатхутдинов Р.А., Аньшина В. М., Дагаева А.А., Шумпетер Й. т.б. басылымдары қолданылды.
- НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ИНДУСТРИАЛЬДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Инновация мен инновациялық қызмет мәні
«Инновация» термині жалпы қолданыста кең мағынаға ие. Инновация (жаңашылдық енгізу) туындыларға, ашуларға, ескіні жаңартуға бағытталады. Соның нәтижесінде қоғамның дамуына және тұтастай прогреске алып келеді. Экономикалық теорияда инновация жаңа технологияларды, өнімдерді, индустриалды ұйымдардың формаларын енгізумен түсіндіріледі.
Белгіленген мерзімге дейін инновацияның дамуы толықтай қамтылмады.
Ғылыми идеяның немесе тұжырымдаманың толықтай мәнін ашу үшін оның тарихи мәніне үңілу қажет. Бұл «инновация» ұғымына да қатысты. Экономикалық мәні бір уақытта адамдар қызметтерінің үш бірдей саласына қатысты: экономика, ғылым әлемі және идеология. Үш салада экономикалық идеяның дамуына, инновацияның туындауына өз ықпалын тигізеді. [3]
Нарықтық экономикаға
дейінгі кезеңде инновация
Реттелмейтін нарықтық қатынастар кезеңіндегі инновацияның экономикалық оқылымдары инновацияның нарықты өзі реттеуші түрінде кең дамып, либерализм, еркін бәскелестік пайда болғанда туындады.
Осы кезде білімнің классикалық жүйесі қалыптасып, ойшылдар инновацияның экономикалық теориясын ең үздіктерін ұсынды. Ерекше орынды экономикалық ғылымның алғашқы классигіне айналған А. Смит алады. А. Смиттің еңбектерінде экономикалық ойлар екі бағыт бойынша ұсынылған: ол философ – моралист ретінде шаруашылық құбылыстарды этикалық тұжырымдаудың аристотелдік дәстүріне жүгінді, ал экономист ретінде экономикалық ойдың жаңа негізін –классикалық саяси экономиканы қалыптастырды. Классикалық саяси экономика идеологиялық және ғылыми міндеттерді шешудің жаңа бағыттарын ұсынды. Индустриальды-инновациялық бағыт екі бастама негізінде жүргізілді: айырбастау теориясы (нарық) және өндіріс теориясы (байлық). Классикалық мектептің осы теорияларының мәнділігін бағалағанда әртүрлі пікірлер қалыптасты: К.Маркс ең басты міндет ретінде Петти, Кенэ, Рикардо еңбектерінде аталғандай өндіріс теориясының маңыздылығын ерекшеледі; сонымен бірге батыстық білімде А. Смиттің айырбас теориясында айырықша орынға ие болды.
Классикалық мектептің барлық интеллектуалдық мұрасындай, А. Смиттің жаңашылдығы мынада: шаруашылық өмірдің құбылыстарын жаңартып, байлық сырын ұғынуға тырысуы және оны түсіндіруі. Оның тұжырымы бойынша, байлық көзін саудадан, айырбастан іздемеу керек, өндірістің өзінен табуға болады. Өндірісті дамыту – халықтың шаруашылықтық игілігінің негізі. Бұл көзқарасты қоштаған ағылшын ғалымдарының бірі У. Петти болды. [4]
П.Л. де Буагильбердің ерекше идеясы экономикалық ойлардың әрі қарай дамуына өз ықпалын тигізді. Ол Ф.Кенэ, Ж. Б. Сэй, С. Де Сисмонда және П.Ж. Прудон еңбектеріне сүйенді. Оның байлық теориясына қосқан үлесі пропорционалдық теориясымен тығыз байланысты. Ғылым тарихында ол алғаш болып, нарықтық тепе-теңдік бағасына қоғамдық өндірістің пропорциясы сәйкес келетіндігін анықтады. Инновацияның экономикалық теориясына Д. Рикорданың техникалық прогресс туралы және басқа да индустриальды-инновациялық идеяларын да кіргізуге де болады. Й. Шумпетерде инновация теориясының ерекше ойын қалыптастырған ғалымдардың бірегейі болды. Шумпетердің экономикалық даму теориясындағы негізгі идеялары экономика өзінің дағдылы траекториясынан шығып, «өз көрсеткіштерін жедел өзгертуге» бағытталады. Ол үшін «жаңа комбинацияларды» құру қажет, оның негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1. Жаңа игіліктер өндірісі, яғни тұтынушыға әлі танымалдығы жоқ жаңа
сапалы игілікті құру.
2. Өндірістің және
игіліктерді коммерциялық
3. Өткізудің жаңа нарықтарын игеру.
4. Шикізаттың немесе жартылай фабрикаттардың жаңа көздерін игеру.
5. Салалық құрылымды өзгерту.
Инновацияның экономикалық теориясы дамуы әрі қарай түрлі бағыттар бойынша жүзеге асырылды. Инновация табиғатын, оның типологиясын зерттеуге және олардың экономикалық жүйедегі рөлін анықтауға көптеген тұжырымдамалар қалыптасты. [5]
Инновация жүйе үшін жаңа, қабылданатын және пайдаланылатын идея, қызмет және материалдық нысандар сияқты заттық ұғым мағыналарын білдіреді. Сонымен бірге инновация жаңа пайда болған нәтижелердің үрдісі, зерттелуі, бейімделуі және пайдаланылуы болып табылады. Индустриальды-инновациялық үрдістің кең қолданылатын қабылданған пікірлерден ерекшелігі ол жаңа өнімнің, қызметтің және технологияның пайда болуымен шектелмейді. Бұл үрдіс өндіріске енгізілгеннен кейін де үзілмейді, өйткені жаңа енгізімнің тарауына байланысты ол жетіледі, тиімділігі арта түседі, жаңа қасиетке ие болады, яғни пайдалану салаларында жаңа қолданыстар, тұтынушылар пайда болады.
А.Н. Цветков «жаңаенгізім» терминін аяқталған индустриальды-инновациялық үрдіс деп санамайды, үрдістің өзі деп есептейді. Ол: «Жаңаенгізім –бұл үрдіс. Бұл үрдістің негізінде – бір жаңа нәрсенің, жаңашылдықтың практикалық жүзеге асуы жатыр. Осылай жаңа нәрсе, жаңаенгізім үрдісінің негізгі мағынасы құралады». [6]
Анықтамалардың бұдан басқа толық және көлемді түрлері кездеседі: «Инновация–бұл кез келген өмір саласындағы, адам әрекетіндегі және нарықтағы тұтынушылықты қанағаттандыратын, экономикалық тиімділікке әкелетін жаңа идеяның жүзеге асуы».
Осы позицияны ұстанған
ресей зерттеушілері
Инновациялық әрекет, инновациялық үрдіс-бұл қоғамдық тәжірибеде инновацияны дамытуға бағытталған жаңа ғылыми зерттеулер мен идеяларды жүзеге асыратын және отандық, әлемдік ғылым мен техникада қолданылатын прогрессивтік технология, жүйе мен жабдықтарды пайдаланудағы ұжым қызметі деп түсіну керек.
Толық көлемде инновациялық әрекетке кешенділік, жүйелілік тән. Ол жаңаенгізімді жүзеге асыру кезеңін түгел қамтитын – идеяның пайда болуы мен практикада жүзеге асуы мен сатылуында адам әрекетінің барлық: идеяның пайда болуы, маркетинг, жоспарлау, ғылыми зерттеулер, жобалау – конструкторлы-техникалық, қызмет, өндіріс, кадрлық дайындық сияқты функционалдық салаларды қамтиды. Технологиялық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік жаңа енгізулерді бойында сақтаған инновация көпқырлы, көп жоспарлы мәнге ие болады. Оны жүзеге асыруда қоғамдық, табиғи, экономикалық ресурстарды пайдалану дамудың жаңа моделін қалыптастырады. Оның мақсаты – халықтың жағдайын жақсартуды жеделдету.
Үлкен экономикалық сөздікте инновацияны екі құрамдық бөлімге бөледі:
Инноватика – жаңаенгізім теориясын қарастыратын ғылым саласы- жаңаның қалыптасуы, оның таралуы, жаңалыққа қарсылық, индустриальды-инновациялық ұйымдардың үйренісуі, индустриальды-инновациялық шешімдердің қабылдануы.
Инновация:
1.Техника мен технологияны алмастыратын қаржыны экономикаға салу;
2.Ғылыми техникалық
прогрестің нәтижесі болып
Сонымен бірге, «инновация» мен «жаңашылдық» ұғымын ажыратылады.
Жаңашылдық–тұтынушыларға иелік етуге немесе қолдануға бағытталып жасалған шығармашылық қызмет нәтижесіндегі жаңа немесе жаңаартылған өнім. Ол жаңа материал, бұйым, әдіс, технология, қызмет түрінде болуы мүмкін. Жаңалық жаңалық ашу, туынды, патент, тауарлық белгі және басқадай түрде енгізіледі.
Инновация (жаңаенгізім синонимі)–бұл жаңалықты игерілу үрдісіне қосу, енгізу болып табылады.
Аталған екі ұғымды мынадай белгілер арқылы ажыратуға болады:
- Жаңалық ашу немесе ойлап табу фундаментальдық деңгейде жасалады да, ал инновация технологиялық тұрғыда іске асады;
- Жаңалықты жалғыз–ол ойлаптапқыш жасауы мүмкін, ал инновацияны ұжымдық (лабораториялық, бөлімдік, институттық) жұмыс болып табылады, яғни индустриальды-инновациялық жоба түріне енеді;
- Жаңалық ашу пайда табуды көздемейді. Инновация әрқашан үлкен көлемде ақша табуды, пайда көруді, еңбек өнімділігін көтеруді және жаңаенгізімдер, техника, технология негізінде өндірістің өзіндік құнын төмендетуді мақсат тұтады;
- Жаңалық ашу кездейсоқ, ойламаған жерден болуы мүмкін, ал инновация ізденістің нәтижесі. Оны кездейсоқ ендіре салмайды. Ол нақтылы техника-экономикалық негіздеменің болуын қажет етеді. [9]
Экономика инновациялы болып табылады, егер қоғамда мыналар орнаса:
- кезкелген индивид, тұлғалар тобы, кәсіпорын елдің әрбір нүктесінен және кезкелген уақытта автоматизациялық қол жетімділік негізінде және телекоммуникациялар жүйесі арқылы жаңа немесе танымал білім, инновациялар ( жаңа технологиялар, материалдар, машиналар, өндірісті ұйымдастыру және басқару туралы және т.б.), индустриальды-инновациялық қызметтер, индустриальды-инновациялық процестер туралы кезкелген қажетті ақпаратты алуы;
- кезкелген индивидуумға,
топтарға және ұйымдарға
- жедел дамып келе
жатқан ғылыми-техникалық
- барлық саланы және
өндіріс пен басқаруды
- жаңа идеяларды, білімді,
технологияны еркін қабылдауға,
- қазіргі инновацияны
жедел және икемді жүзеге
- инноватика және инновациялық қызмет саласында білікті кадрларды даярлаудың және қайта даярлаудың икемді жүйесі болуы, олар отандық өндірісті және территорияны қайта қалпына келтіру мен дамытуға кешенді жобаларды тиімді жүзеге асырады.
Индустриальды-инновациялық менеджмент- фирманы басқарудың ең жоғарғы деңгейіне қолданылатын стратегиялық басқарудың бір бағыты. Оның мақсаты келесі салаларда кәсіпорынның ғылыми-техникалық және өндірістік қызметінің басты бағыттарын анықтау болып табылады: жаңа өнімді өндіру және өндіріске енгізу (индустриальды-инновациялық қызмет); шығарылатын модернизациялау және одан әрі дамыту; өнімнің дәстүрлі өндіретін одан әрі дамыту;ескіріп қалған өнімді өндірістен алу.
Индустриальды-инновациялық менеджментте басты назар инновацияның (жаңашылдықтын) стратегиясын қалауға және оны іске асыратын шараларға аударылады. өнімнің жаңа түрлерін табу және өндіріске енгізу фирма стратегиясының басты бағытына айналады, өйткені ол фирма дамуының барлық басқа бағыттарын анықтайды.
Инновациялық менеджмент
- инновациялық қызметтің бағдарламалары мен жоспарларын жасап шығару;
- жаңа өнімді тауып шығару және өндіріске енгізу процестерін бақылау;
- жаңа өнімдерді шығару туралы жобаларды қарастыру;
- біртұтас индустриальды-инновациялық саясат жүргізу;
- инновациялық қызмет программаларын қаржымен және материалдық ресурстармен қамтамасыз ету;
- инновациялық қызметті мамандырылған жұмысшылармен қамтамасыз ету;
- инновациялық мәселелердің кешенді шешім жолдарын табу мақсатында уақытша мақсатты топтарды құру.
Инновациялық процесстің
- Жаңа енгізулер жайында хабардар болу. Жаңашылдықтын ұйымда қабылдануы және өндіріске енгізу мүмкіндігі ұйымның қаншалықты жаңашылдықтан хабардар болуынан және олардың тиімділігін бағалаудан тәуелді болады. Хабардар болу бір жағынан, ұйым жұмысшыларының сапасымен байланысты болса, екінші жағынан, жаңашылдықты іздеу процдурасының бар болуымен байланысты болады.
Белгілі бір жаңашылдықтын енгізілуі мәселені дұрыс түсінуінен әрі ұсынған жаңашылдықтын тиімділігінен тәуелді болады. Жаңашылдықты мақұлдау үшін, ол белгіленген немесе күтілген нәтижеге жету жолындағы ауытқуды түзету әдісі ретінде қолдануы тиіс.
- Сыртқы бағыныштылық – фирманың сыртқы ортадан тәуелділік немесе сыртқы жүйелер алдындағы жауапкершілік деңгейі. Бұндай тәуелділіктің белгілі түрі – ұйымның сыртқы ортадан алатын қарыз қаражатына , қорларға, клиентураға қажеттілік.
- Резервті ресурстар – басқа мақсаттарға әлі пайдаланылмаған ресурстар. Фирманың резервтерге ие болуы жаңашылдық пен мәселе түсінігінде үлкен роль атқарады. Кез келген жаңашылдықтарды енгізу белгілі резервтердің пайдаланылуын қажет етеді. Резерв бұрыннан бар болуы мүмкін немесе арнайы құралуы мүмкін.
Ұйымдастырушылық құрылым. Орталықтандыру, формализация, күрделілік, интеграцияға ұшыраушылық, ашықтық сияқты өзгерістер ұйымның проблемаларды, олардың шешу жолдарына ізденісін және шешім қабылдаудың өзін түсінуіне және қабылдауына әсер етеді.
Жаңашылдық мұқтаждық ретінде жиі қолданылады, сол жағдайда егер кәсіпорынның алдындағы туындаған мәселелерді жаңашылдықсыз шешу мүмкін емес. Бірақ, сонымен қатар жаңашылдыққа жеткілікті сақтықпен қарау керек. Түсіндіретін тағы бір жағдай, әрбір жаңашылдық қалыптасқан жүйелердің бұзылуына, оның ішіндегі өзіндік қарама-қайшылықтарға әкеп соғады. Инновация облысындағы мамандар ұйымды функционалдау мен оны өзгерту арасындағы белгілі қарама-қайшылықтың туындайтынын анықтап отыр. Фунционалдау қандай да бір әрекеттің нәтижені циклдік өзіндік өндіруді қарастырады. Ол тек оның тұрақты және әрдайым болған жағдайда ғана әсерлі болмақ.. Ұйымның мақсатының, құрамының, құрылымның, жүйесінің тұрақтылығы оның функционалдаудың маңызды жағдайы болып табылмақ. Қандайда бір жаңашылдық, тіпті қандай да бір уақытта функционалдауды «бұзады» оның параметрлері өзгереді және осылайша жүйедегі тепе-теңдік бұзылады. Мақсат пен жүйе тұрақтылығы арасындағы қарама-қайшылық және оның өзгеруін индустриальды-инновациялық деп атайды. Жүйедегі тұрақтылықты сақтау, жүйедегі өзінің бір элементін өзгерте отырып, өзгелерінің тұрақтылығын сақтау жасанды кезеңдер арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындағы инновациялық
потенциал белгілі
Ол кәсіпорынның (ұйымның) экономикалық саясатты әзірлеуі оның әлеуетті мүмкіндіктер мен тиісті ресурстармен қамтамасыз етілуін бағалау негізінде, жақын арадағы және болашақ даму стратегиясы мен қызметінің мақсатын анықтауды тұжырымдайды.
Кәсіпорынның мақсаты оның даму концепциясы мен іскерлік белсенділігінің негізгі бағыттарын анықтайды. Стратегия кәсіпорынның ғылыми-техникалық әлуеті мен өндірістік-тұрмыстық мүмкіндіктерін ескере отырып, шаралардың негізділігін және көзделген мақсатқа жету жоспарының әзірленуін қарастырады.
Мақсаттар – кәсіпорынның қызметі мен басқару процесі бағытталған жеке сипаттамаларының нақты жағдайы. Кәсіпорынды басқару жүйесінде мақсаттар келесідегідей маңызды қызметтерді атқарады.
- кәсіпорынның философиясын, оның
қызметі мен дамуының
- кәсіпорынның және жеке
- мәселелерді бөліп шығару, шешімдерді қабылдау, жүзеге асырылатын қызмет нәтижелерін бақылау мен болжау, сонымен бірге айрықша танылған (көрінген) қызметкерлерді материалды және моральды көтермелеу критерийлерінің негізін құрайды.
- мақсаттардың нақты не
- ресми түрде жарияланған
Аталған талаптардың сақталуы кәсіпорын мақсатын жүйелі түрде сипаттайтын оның (нақты) классификациясын береді.
Маңыздылық дәрежесіне байланысты, мақсаттар стратегиялық және тактикалық болып бөлінеді. Стратегиялық мақсаттар ұйымның тұлғасы мен оның өмірін сапалы түрде өзгертетін келешекке арналған мәселелерді шешуге бағытталады, мысалы: өз қызмет ету саласында біріншілікке жету, халықаралық нарықтарға шығу, өндірістік базаны түпкілікті жаңарту т.б; тактикалық – стратегиялық мақсат қатынасына аралықты болады. Ол нәтижеге жетудің жеке кезеңдерін бейнелейді, мысалы: күрделі жұмысты жүргізу.
Мақсатты жүзеге асыруға қажетті уақыт мерзіміне байланысты, мақсаттардың мынадай түрлерін бөліп шығарады:
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)
- орта мерзімді (1-5 жыл)
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
Ұзақ мерзімді мақсатқа қарағанда қысқа мерзімді мақсатқа әрекеттердің егжей-тегжейлігі және нақтылығы тән. Қысқа мерзімді мақсаттар ұзақ мерзімді мақсатқа жетудің жолы (кезеңі) болып табылады.
Мазмұны бойынша мақсаттар
Технологиялық мақсаттарға мал
шаруашылығы мен егіншілік
Экономикалық мақсаттарға: ұйымның қаржы орнықтылығын нығайту, пайдалылықты өсіру, акционерлік капиталдың нарықтық құнын нығайту т.б. жатады.
Өндірістік мақсаттарға тауар
мен қызметтің белгілі көлемін
өндіру, олардың сапасын арттыру,
өндірістің тиімділігін
Әкімшілік мақсаттарға ұйымды басқарудың жоғарғы (сапалы) деңгейіне жету, қызметкерлер арасында өзара сенімділік пен дұрыс тәртіпті орнату.
Маркетингтік мақсаттарға
Ғылыми-техникалық
Әлеуметтік мақсаттар жұмыскер
Бейнелеу формасы бойынша
мақсаттар сандық және сапалық
көрсеткіштер болып
Мақсаттар жатқызылатын

- Индустриально развитые страны и их роль в мировой экономике
- Индустриальные масла
- Индустриальные масла. Общего назначения
- Индустриальные стандарты рекламной деятельности в России: объекты, субъекты, содержание
- Индустриальные страны
- Индустриальный период развития менеджмента
- Индустриальный период развития менеджмента (1800 — 1917 гг.)
- Индустриальное общество (1)
- Индустриальное общество и его основные доминанты
- Индустриальное общество и экология
- Индустриальное общество по Гэлбрейту
- Индустриальное развитие Российской Империи
- Индустриальное рыбоводство
- Индустриальное страхование