Инклюзивті білім беру

Инклюзивті білім беру – мүмкіндіктері шектеулі балаларды  оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл  арнаулы білім беру жүйесінде  дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қарсы қоймай, қайта жақындатады.  
Жалпы білім беретін мектепте сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру кезінде кері салдарлар туындау мүмкіндігін азайту үшін инклюзивті білім беруге қажетті арнаулы жағдайлар тізбесін нақты белгілеп алу шарт. Бұл тізбе оқу үдерісін ұйымдастыруды, оқу мазмұны мен әдістемесін, балалардың үлгерімін бағалауды және т. б. қамтуы тиіс.

Инклюзивті оқыту ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқытудың негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жою, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру мақсаты жатыр.

Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде  арнайы (психолог, әлеуметтік мұғалім, олигофрено мұғалімі, логопед) мұғалімдер болмаған жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш кластың мұғалімдерін, қазақ тілі пәні мұғалімдерін мүмкіндігі шектелген, кемтар, мүгедек балаларды инклюзивті оқыту курстарына оқытып алулары қажет.

Аудандық білім беру бөлімдері  облыстық кадрлар біліктілігін арттыру  және қайта даярлау институтының мамандарын шақыртып, келісім-шарт негізінде  арнайы курстарды аудан орталығында да ұйымдастыруға болады. Мектептер арнайы мұғалімдерге кемтар балалар аз болған жағдайда, жұмыс жасаған сағатына қарай ақша төлейді. Екінші жағынан, тәрбиеші, бастауыш кластардың және қазақ тілі мұғалімдеріне қосымша уақытша болса да табыс көзі. Көмекші бағдарламамен жалпы мектепте оқитындар қатарластарымен сыныптан сыныпқа көшіріліп, 9-сыныпты бітіреді. Егер көмекші бағдарламаны толық игерген болса, ол балаға арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, онда анықтама берулері қажет. Кемтар балаларға жалпы мектептің куәлігін беруге болмайды.

Қазір психикалық дамуы тежелген балаларды  Жайсаң арнайы мектеп интернатында оқытып жатыр. Егер ата-анасы  баласын арнайы мектеп-интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектеп кемтар баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.

Өз қатарымен 9-сыныпты бітіргесін, арнайы куәлік беріліп, кәсіби-техникалық лицейлерге жіберіледі.

Облыстық білім басқармасының  арнаулы білім беру, интернаттық  ұйымдар және бала құқығын қорғау бөлімінің бастығы Галина Еремеева ҚР бойынша және Ақтөбе облысындағы психикалық дамуы тежелген балаларды инклюзивтік оқытудың мәселелері тақырыбында лекция оқыды.

Инклюзивті оқыту - мүгедек пен  дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.[1] 

 

Инклюзивті білім беру – қайырымдылық пен адамгершілік бастауы

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының  назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен  ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. [1] Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын  қалыптастырады.

Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға  мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене  қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны  Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың  13 желтоқсанында енгізілді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім  мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша  реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы  мектептерге арналған типтік оқу  бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы. 

 Инклюзивті білім беру  мәселесі  шет елдерде 1970 жылдан бастау  алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім  беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:

-мүмкіндіктері шектеулі балаларды  біріктіріп оқытудың модульдік  бағдарламалары жасалады;

- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;

- түрлі кемістігі бар балалар  үшін бірігу нысандары анықталады;

-мүгедек балаларға қашықтықтан  білім беруді ұйымдастыру қағидалары  әзірленеді.[5] Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған. Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.[4,5]

Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:

·                        Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс.

·                        Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.

·                        Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.[6]

Осыған орай, инклюзивті білім берудің  негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер:

1. Адам құндылығы оның  мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге  және ойлауға қабілетті. 

3. Әрбір адам қарым-қатынасқа  құқылы.

4. Барлық адам бір-біріне  қажет. 

5. Білім шынайы қарым-қатынас  шеңберінде жүзеге асады. 

6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7.Әрбір оқушы үшін  жетістік кежетуөзінің мүмкіндігіне  қарай орындай алатын әрекетін  жүзеге асыру.

8. Жан- жақтылық адам өмірінің  даму аясын кеңейтеді.[1]

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.  Мұндай оқыту түрі  арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. 0,Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ . 

 

Пайдаланған әдебеттер: 

 

1.                     Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования. Париж, ЮНЕСКО, 2009г

2.                     Бгажнокова И.М. «Школа для детей с нарушениями интеллекта: тенденции перспективы развития» Дефектология 2004ж

3.                     Жарықбаев Қ. Жалпы психология, 2000

4.                     Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы

5.                     Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.

6.                     Саламан Декларациясы ЮНЕСКО 1994 ж 

 

 

 белсене қатысуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті оқыту- адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. 
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. 
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. 
4. Барлық адам бір-біріне қажет. 
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. 
Инклюзивтік білім беру- барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.  

Тақырыбы: Инклюзивті және арнайы білім  беру ұйымдарын оқу — әдістемелік  қамтамасыз ету 
Секциясы : Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы мектептерде оқыту. 
Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім процестеріне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын барьерлерді жоюға; отбастарын белсенді қатыстыру, баланың түзетім-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі,

яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған  тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік  саясат. Ол проблеманы баладан емес, жүйеден көреді. Барлық балалар оқытуға  жатады және мүгедектіктің әлеуметтік моделін қабылдайды. Бұл оқыту түрі оқу жоспарын және білім беру жүйесінің методологиясын икемді болуға, әр баланың қажеттілігін ескеруді айтады.

Бүгінгі таңда шет елдерін денсаулық  және тұрмыстық жақтарынан мүмкіндіктері  шектеулі оқушыларды интеграциялық оқыту тәжірибесі болғанына қарамастан, инклюзивті оқыту тек теория түрінде ғана жасалған. Қазақстанда және де басқа ТМД мемлекеттерінде бұл процестің құқықтық, ғылыми, оқу-әдістемелік, маманмен қамтамасыз етуі қарастырылмаған.

Дегенмен, жалпы білім беру жүйесінде интеграция проблемасы бар. Бұл академик В.И.Лубовскийдің сөзімен айтқанда «қажеттіліктен» туындаған интеграция. Оның себептері арнаулы мекемелердің болмауы немесе ол мекеменің бала мен отбасынан қашық жерде орналасуы, сонымен қатар ата-аналардың балаларын арнаулы мекемелерде оқытқылары келмеулері болып табылады.

Инклюзивтік оқытудың базалық құқықтың құжаты дамуында жетіспеушілік бар  балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облыстық білім  Департаменті ауылдық жалпы білім  беретін мекемелерде инклюзивтік оқыту шеңберінде шешілетін оның жаңалықтары, әлеуметтік маңыздылығын, проблеманың қиындығы мен жинақтылығын ескере қолдануға және арнаулы мектептері жоқ жерлерде келесі ұйымдастыру формаларын: жалпы білім беретін мектептердегі сыныптарда оқыту, яғни толық интеграцияны қолдануға кеңес беретін мектептердегі сыныптарда оқыту, яғни толық интеграцияны қолдануға кеңес береді.

Инклюзивтік оқыту сыныптары мектеп директорының бұйрығымен әр балаға оқытудың сай түрлерінің қажеттілігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерімен ашылды. Ақыл және дене дамуының кемшілігінің байқалу дәрежесіне байланысты әр балаға өз екпінінде даму құқығы берілуі керек. Ерекше қажеттіліктегі балалар жалпы білім мектептерінің бағдарламасын толық немесе толық емес ауқымды алулары керек. Жалпы білім беретін мектептер мүмкіндіктері шектелген балалар үшін «өмірлік орнын толтырудың» тәрбие институты болуы керек. Оны оқуға, жазуға, есепке, еңбектенуге оқыта отырып, бірлестік қарым-қатынасын, мәдени тәртіп ережелерін үйренуін, әртүрлі әрекетте икемдерін қалыптастыру маңызды болып табылады. Баламен және оның ата-аналарымен бірлестік, білім алу орталарын ұйымдастыруда психологиялық жайлылыққа жағдай жасау инклюзивтік оқытудың ең басты шарты.

Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім мазмұны дидактикалық талаптардан белгілі бостандық  алулары, яғни, оқыту дифференциональды, балаға түсінікті, психологиялық-педагогикалық  құралдар қолданылған және баланың  жеке дамуының әлеуметтік-мәдениетін ере дамытатын болуы керек.

Теориялық білім мен  негізгі пәндер бойынша оқу жоспарының міндетті компоненті олардың практикалық  дағдылары мен икемдері, сонымен  қатар осылардың білім стандарттарымен  және оқушылардыңң шынайы мүмкіндіктерімен сай келулерін, Қазақстан Республикасына білім және ғылым министрлігінің 02.3.04 №166 «Білім алушыларды аттестаттау әдістемесінің ережелеріне» сай іске асыруға кеңес беріледі.

Инклюзивті оқыту жалпы  мектептің педагогынан басқаша  дайындықты, жоғары мамандандырылуды, шығармашылықты және тәжірибені талап етеді. өйткені баланың психикалық даму мәселесіне сауатсыздықпен қарау оның жеке басына қосымша кемістіктер пайда болуына себепкер болуы мүмкін.

Сондықтан инклюзивтік  оқыту тек жалпы мектептердегі  педагог мамандардың арнайы дайындықтары мен қайта даярлықтары бар болған жағдайда ғана нәтижелі болмақ.

Мұндай дайындықтардың мақсаты жалпы мектеп, балабақша  педагогының дене және ақыл-есінің дамуында кемшілігі бар балаларды  толық біліммен қамтамасыз ететін оқыту  мен тәрбиелеудің негізгі әдістерін игеруі болып табылады.

Инклюзивтік оқыту жағдайындағы арнайы түзетім көмектерін беретін  педагог-дефектологтар жалпы білім  беретін мектептердің тәрбиешілері мен мұғалімдеріне нұсқаушылар  болулары керек.

Мүгедек және дамуларында  шектеушілік бар балаларды инклюзивтік оқыту практикаға мамандандырылған мамандарды даярлау, оларды жалпы түрдегі мекемелерде оқыту үшін жағдайлар жасау және қоғамның мүгедек балаларға деген көзқарастарын өзгертумен бірте-бірте енгізілуі керек.

Қазіргі кезде мектептерде  кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім дағдысын тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына екі түрлі міндет қойылады:

1. Баланың мектепке  дайындығын анықтау

2. Тәрбиесіндегі кемістігін  жою.

3. Сабақты жүйелі жоспарлау.

Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес бұрын олардың қабілеті бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындық байқау керек. Белгілі психологтар Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов, Р.С.Немов зерттеулері бойынша баланы жүйелі оқыту үшін психологиялық дайындығына ерекше назар аудару керек дегенді атап айтады. Қазір мектептерде коррекциялық сабақтар жүргізіле бастады. Коррекция дегеннің өзі «түзету» деген мағына береді. Бұның басты мақсаты – бала бойындағы, тәртібіндегі кемшіліктерді түзету. Ол баланың өзіне 1) сенім; 2) көз жеткізу; 3) кеңес беру; 4) психоанализ; 5) логотерапия; 6) аутотренинг сияқты методикаларды қабылдау арқылы жүзеге асырады. Үйден оқитын балаға сабақ беретін мұғалім алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойынның, қиялының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек. Ол үшін «Дөңгелек қию», «Лабиринт», «Танграм», «Көру әдісі», «Есту әдісі» тәрізді тесттерді қолданып, баланың шама-шарқын анықтап алады. Сабақ барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыру қажет. Осы бағытта қазақтың халық педагогикасының алатын орны ерекше. Қазақ халқы санамақ, жұмбақ, жаңылтпаштар арқылы баланың сөйлеуге деген ынтасын ашып, қабілетін арттырып отырған. Баланың байланыстырып сөйлеуіне жануарлар, олардың төлдері туралы өлең, тақпақ ертегілерді көп қолданған.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзу кабинеттері мен сыныптарға балаларын  бергісі келмесе, жалпы балалар  оқитын мектептерге ПМПК-ң ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуға толық құқылары бар. Ол үшін жалпы мектептер ПМПК-ң қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы мұғалімдер болмаған жағдайда мұғалімдерді мүмкіндігі шектелген, кемтар, мүгедек балаларды инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады

Жоғарыда айтылған ойларымды  қорыта келе,инклюзивті білім беру жүйесін қолдаймын. Себебі, мүмкіндігі шектеулі балаларда дене кемсітігіне  немесе ақыл-ойының баяу дамуына қарамастан,оларда қандай да бір өнерге деген табиғи дарындылық, бейімділік болатыны заңды құбылыс. Сондықтан да инклюзивті оқыту арқылы бала бойындағы қабілетті дер кезінде байқауға, ақыл-ойын дамыта отырып, дарындылығын ұштауға болады. Бұндай мүмкіндікке қол жеткізе білсек, бала болашағына жол ашқанымыз деп білемін.

Әйтсе де, мұндай балалармен жұмыс істеу үлкен еңбекті, табандылық пен шыдамдылықты қажет ететіндігі белгілі. Осы орайда өзіме келтіріп жүрген қиыншылықтарды айта кетсем, әр жыл сайын жалпы білім беретін  мектеп бағдарламалары бойынша өзім оқытатын мүмкіндігі шектеулі балалардың жасына, сыныбына сәйкес оқу бағдарламаларын жасап отырамын. Мұндай балаларға білім беретін мұғалімдер үшін, жеңілдетілген «Рауан» баспасынан шығатын оқулықтар бойынша тұрақты оқу – әдістемелік бағдарламалары жасалынса,осындай бағдарламалар негізінде оқу-әдістемелік құралдар жасалынса, балалардың әріп, түс айыру деңгейіп дамытатын түрлі –түсті көрнекі құралдармен жеткілікті қамтылса нұр үстіне нұр болар еді. Осының барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда үлкен маңызға ие деп ойлаймын.

Сіздерге өзім құрған оқу бағдарламамды үлгі ретінде  ұсынамын.

№ Күнтізбелік жоспар III-сынып Математика Сағат

1 10 саны 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сан  өсіне кескіндеу 2

2 Суреттер, заттар, таяқшалар,  жемістер арқылы 10 санын оқу 2

3 Сандардың реті бос орынды толтыру артық, кем салыцстыру 3

4 1-10 ға дейінгі сандарды  қосу, азайту есептерді шығару 4

5 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандардың  реті бойынша жазу, керсінше жазу 1

6 6,7,8,9 сандарын қосылғыштарға  жіктеу 2

7 Қосылғыш, қосынды, азайғыш,  азайтқыш, азайтынды ұғымдары туралы есептер шығару 3

8 Санды бірнеше бірлікке  арттыру 2

9 Санды бірнеше бірлікке  азайту 2

10 Тәулік (Таңертең, күндіз, кешке, түнде) 2

11 Түзу, сызық, сәуле,  кесінді сынық т.б кесінділерді  салыстыру 2

12 Ұзындық өлшемдері  (см, дц) өлшем бірлігі туралы түсінік есептер шешу 3

13 Артық, кем және <, > белгілерінен екі санның айырмашылығын  таба білу 3

14 Ауызша есептеу көп  нүкте орнына қажетті санды  жазу 2

15 Бір ондық туралы  түсінік карандаш, түймелер ондықты  есеп шотты көрсету 2

16 Он бір саны 10+1=11 11-дің жазылуы, оқылуы, түрлі түсті суреттер 3

17 Он екі саны 10+2=12; 11+1 12-нің жазылуы, оны заттар  мен сурет арқылы сипаттау. 10 қызыл  карандаш, 2 көк карандаш 3

18 Он үш саны: он  үшті заттар арқылы тану, он  үшті жазу. 10-13 көлеміндегі сандарды қосу, азайту 4

19 Он төрт саны оны  белгілеу, жазу, оқу заттар арқылы  сипаттау 13+1=14 14=10+1+1+1+1 12+2=14 14=10+1+1+2 11+3=14 14=10+1+3 4

20 Артық, кем және <, > белгілерінен екі санның айырмашылығын  таба білу 2

21 Қайталау есептері 1

№ Күнтізбелік жоспар Сағат

III-сынып Қазақ тілі

1 Қайталау 2

2 Дауысты және дауыссыз  дыбыстар мен әріптер. Дауысты  дыбыс 4

3 Дауыссыз дыбыстар 4

4 Қазақ алфавиті 4

5 Кісі аттарын алфавит  ретімен жазу 3

6 Жуан және жіңішке  дауысты дыбыстар мен әріптер  жуан дауыс сөзден жуан дауысты дыбысты табу 5

7 Жіңішке дауысты дыбыстар 5

8 Жуан және жіңішке  айтылатын сөздер 5

9 Жуан және жіңішке  жұп дауыстылар 6

10 Буын 6

11 Тасымал 6

12 Дауыссыз дыбыстардың  жуан және жіңішке айтылуы  3

13 Қ, ғ дауыссыздарының  жуан к, г дауыссыздарының жіңішке айтылуы 3

14 Кім? Кімдер? Не? Нелер?  Сұрақтарына жауап беретін сөздер 6

15 Қайталау

№ Күнтізбелік жоспар III-сынып Ана тілі Сағат

1 Қайталау 3

2 Ғылым таппай мақтанба 3

3 Бұл кім? (Ы. Алтынсарин ) 3

4 Апаның тілін алса  егер 3

5 Кішкентай қыз 3

6 Ұстаз (Ж. Молдағалиев ) 3

7 Жылу (Ф. Оңғарсынова  ) 3

8 Әже (Ф. Оңғарсынова  ) 3

9 Атыңа міндім 3

10 Тәкаппар 3

11 Сүт қалай ұйықтады? 3

12 Түлкі мен тиын 3

13 Ботақан 3

14 Қошақан 3

15 Бұзауқан 3

16 Лағым 3

17 Құлыншағым 2

18 Ана жыры 3

19 Көктем 3

20 Атай 3

21 Қайталау 4

№ Күнтізбелік жоспар III-сынып Еңбекке баулу Сағат

1 Еңбек және түрлі  кәсіп иелері жайлы әңгіме 1

2 Еңбекке баулу сабағының  ерекшеліктері 1

3 Мүсіндеуге кереті  материалдарды дайындау жаттығуы 1

4 Ұзындығы мен жалпақтығы  әр түрлі саты, шарбақ, үйшік, шырша бөлшектерін орналастыру 2

5 Үлгі бойынша жемістер  мен көкөністер алма, апельсин  мүсіндеу 2

6 Үлгі бойынша пішіні  сопақ заттарды алмұрт мүсіндеу 1

7 Қияр суретін мүсіндеу 1

8 Гүл бөлшектерін құрастырып  желімдеу 1

9 Түсті материалдарды  қолданып үй құстары мен жабайы жануарларды мүсіндеу 1

10 Табиғи материалдарды  жинау жапырақтар, бұтақтар, ағаш  жаңқасы мен қабығы т.б. экскурсия  ұйымдастыру 1

11 Қатырма қағазға  түсті қағаз желімдеп, оның бетіне  қураған ағаш жапырақтарын жапсыру  1

12 Математика пәніне арналған керекті құралдар жасау 1

 

Мүмкіндігі  шектеулі балалар оқытумен қамтылды арнайы бала бақшаларда 419, арнайы топтарда-161, арнайы мектептерде -2044, арнайы сыныптарда-712, инклюзивті оқыту-994, үйде-788, КМ, колледждарда-121. Өткен жылдармен салыстырғанда мүмкіндігі шектеулі балалар деңгейінің болмашы төмендеуі байқалады. Облыста мүгедек балалар-1983 адам. Оның ішінде 1624 бала оқытуға жатады, соның ішінде 371 –интернат ұйымдарында, 671-облыстың жалпы білім беру мекемелерінде, 524 бала үйде оқытылады, 359 адам оқытуға жатпайды және 86 бала оқытумен қамтылмаған.

ТҰЛҒАНЫҢ  АДАМГЕРШІЛІК РУХАНИ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ– ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУІНЕ ҚАЖЕТТІ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ

Тұлғаның адамгершілік рухани және азаматтық–патриоттық тәрбиеленуіне  қажетті инклюзивті білм беру мазмұнын жетілдіруге байланысты Елбасымыздың салиқалы, парасатты, көрегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың өз қатарларынан қалмай білім алуды көздеуінен көрінеді. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-2 «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық – педагогикалық түзету арқылы қолдау» туралы заңын іске асыру бағытында басшылыққа алынып жүзеге асырылуда.[1] 
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың дәстүрлі жолдауында даму мүнкіндігі шектеулі балалар тәрбиесіне ерекше мән беріліп, мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс- тәжірбиелерін саралай келіп, коррекциялық тәрбие жүйесіне байланысты Жезқазған қаласындғы №10 орта мектепте «Бәріне бірдей мүмкіндік » принципін ұстана отырып мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған инклюзивті білім беру сыныбы жұмыс жүргізіп жатыр. Оқушылар арнайы психологиялық — медициналық- педогогикалық коммисияның шешімі бойынша қабылданған. Дамыта – түзетіп оқыту сыныбында 5 оқушы оқиды.Әр оқушының диагноздары әр түрлілігіне байланысты барлық пәндер бойынша оқушылардың деңгейіне қарай бағдарлама дайындалды. 
Бұл оқушылардың жастары да, ойлау қабілеттері де әр түрлі. Бұл дамыта – түзетіп оқыту сыныбының негізгі мақсаты- балалардың жеке дара ерекшелігіне қарай қарапайым білім негіздерін меңгерту, тәрбиелеу, еңбекке үйрету, өмірде өз орнын таба білуге, өмірге икемді, адамгершілігі мол, патротизм жеке тұлға етіп қалыптастыру. Бағдарламаны дайындаудағы негізгі ұстанымдар: 
- Баланың психофизологиялық ерекшеліктерінің даму мүкіндіктерін ескеру. 
- Тәрбиелеу мен білім берудің үздіксіздігі, жүйелілігі мен бірізділігінің сақталуы. 
- Сабақтарды түрлендіріп өткізу. 
- Балаға қамқорлықпен қарау. 
- Шектен тыс күш түсірмеу. 
- Орынды талап қою. 
Мұндай оқушыларды оқытып, білім беру үшін: көп еңбек, ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілдік, имандылық, шыдамдылық, төзім, оқушыларға деген махаббат, азаматтық парыз керек. Ақыл- есі кем дамыған баларға білім беру, оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес. Оларды оқытып қана қоймай, көкейіне тоқыту үшін көп тер төгуге тура келеді. Кейбір ата- аналар баласының кемістігін бетіне басып, ұрсып, кекетіп, кемісітіп ұрып соғады. Бұл әрине дұрыс емес. Баланың психологиясына кері әсер ететіндігін түсінбейді. Өз шәкіртеріме әрқашан саналы, ақылды, инабатты екендерін айтып, көңіл – күйлерін көтермелеп отырамын. Жетістіктерге қол жеткізу үшін алдымда отырған шәкірттерімнің мінез- құлқын, сана сезімін, жетілу дәрежесін дұрыс қалыптасқандығын қадағалап әрі дамытып отырамын. Бұл сыныппен мектеп пихологы, логопед, дефектолог мамандары тығыз жұмыс жасайды.

Логопедтің оқушылармен  жұмысы:

Логопед дефектолог маманы оқушылардың  тілін, таңдайын, қандай дыбыстарды дұрыс  дыбыстай алмайтының тексере отырып, оқушылармен мынандай жұмыстар жасайды: артикуляциялық жаттығулар , дыбыстарға байланысты жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал- мәтелдер жаттатқызады. 
Өмірге бейім болу үшін түстерді айыра білу, қандай мезгіл, оң мен солды, өз мекен — жайын, ата — анасының қайда жұмыс істейтінін, таза мен ласты, т.б айра білуді үйретеміз. Бұл оқушыларға денгейлеріне қарай жеке тапсырмалар беріледі. 
Өз тәжірбиемнен: 
Оқушының алғашқы келгендегі суреті. Қазіргі кездегі суреті

Бұл оқушылар оқи алсада мазмұнын айта алмайды. Мазмұндама, шығарма жазу білмейтін оқушылар тақырыпқа сай  сурет салады. 
Сөздік, көру, терме, суреттік, шығармашылық диктантары жиі алынады. Мысылы:Терме диктант. Заттың атын білдіретін сөздерді табу. 
Қазды, күреді, күрек, құс, қызыл, қонжық, екі, бала.

Инклюзивті білім беруде балалармен әрбір сабақты өз күштеріне сенімділігін сезінетіндей етіп олардың оқуға  деген ынта — ықыластарын оятып, қызықтыратындай етіп ұйымдастыру қажет. Шәкіртерге әсер ету жолдары түрліше. 
Мысалы: «Өзгерген қай әріп» ойыны оқушыларға дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту үшін қолданылады. 
Бер – жер тақта- мақта 
Көл – шөл жас- тас 
Еңбекке баулу сабағында біз көпнесе күріш, бұршақ, моншақ, жұмыртқанның қабығымен,биссер мен жұмыстар жасаймыз.Майда заттармен жұмыс жасаған сайын баланың қолының икемділігі, ойы, эстетикалық талғамы дамиды. 
Әрбір мерекелер сайын тәрбиелік іс-шаралар өтіліп тұрады. 
«Мен де өзгелер сияқтымын» тәрбие сағатында «Әжелер әңгімесі»атты саханалық көрініс,би, ән айту, тақпақ өлеңдерін, «Шар жару» мимикамен жануарларды бейнелу тәрізді оқушылардың жан- жақтылығын көрсетеді.

Гүлденіп ой- өлкен- деп Абай атамыз ата – анның қуанышы, гүлденген үміт арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген. Ендеше, ата – аналар, ұстаздар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. 
«Отбасында берілген тәрбие жігердің құм қыл, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер» деп, ата – бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата – ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан – жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Әдебиеттер тізімі: 
1. Мектептегі психология №3 2010 
2. Білімдегі жаналықтар №1 2010 
3. Қазақстан мектебі №2 2008

Инклюзивті білім беру