Инновациялық жобаларды бизнес жоспарлау

 

Мазмұны:

 

Кіріспе................................................................................................................3 бет

  1. Жоспарлаудың түсінігі мен қажеттілігі. Жоспарлау типтері......................4 бет
  2. Жоспарлаудың экономикалық түрлері...........................................................8 бет
  3. Жоспарлаудың торлы моделі.........................................................................10 бет

Қорытынды......................................................................................................13 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жоспарлау, экономикада – нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау. Микроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау өңдіріс ішілік, фирма ішілік көрсеткіштерді қамтыса, макроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау қоғамды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттің әлеуметтік-экономика саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы болып табылады. Макроэкономикалық жоспарлау белгілі бір кезеңде елдің экономика және әлеуметтік даму жоспарын жасауды, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру мен орындалуын бақылауды қамтиды.

Макроэкономикалық жоспарлау  директивалық (нұсқаулық) жоспарлау  және индикативтік жоспарлау болып  бөлінеді. Директивалық (нұсқаулық) жоспарлау – тоталитарлық қоғамдағы халық шаруашылығын мемлекет басқарудың орталық буыны болып табылды. КСРО-дағы, т.б. елдердегі директивалық, яғни бір орталықтандырылған жоспарлауды жүзеге асыру тәжірибесіндегі мемлекет тапсырыстардың, разнарядкалардың, ресурстарды жинақтаудың, т.б. қатаң белгіленген жүйесі өнім өндірушіні еркіндіктен, дамуға деген ынталылықтан айырып, экономика өсу қарқынының баяулауына, сөйтіп, халық шаруашылығындағы дағдарысқа әкеліп соқты.

  Жоспарлаудың бұл түрінің зиянды салдарлары Қазақстанда да анық байқалды (қ. Бесжылдықтар, Жоспарлы экономика). Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналып, нарықтық экономикаға көше бастаған кезден бастап (1991), елдегі экономика және әлеуметтік өзгерістерді индикативтік жоспарлау үлгісі қолданылды. Индикативтік жоспарлау немесе экономикалық бағдарламалау – ел экономикасын мемлекеттік реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол – елдегі қоғамдық өндірістің дамуы мен әлеуметтік-экономика саясаттың стратегиялық тұжырымдамаларының ең оңтайлы нұсқасы таңдап алынған кешенді жалпы экономика бағдарламалар негізінде экономиканы реттеп отыру жүйесі саналады және индикативтік, яғни ұсыныстық сипатқа ие.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН  ҚАЖЕТТІЛІГІ . ЖОСПАРЛАУ ТИПТЕРІ

 

Жоспарлау бір жағынан  мақсаттар мен қажеттіліктер, екінші жағынан мүмкіндіктер мен потенциал  арасындағы ымыралыққа қол жеткізуге  бағытталады. Қол жеткізілген ымыралық негізінде ұйым туралы және оның даму бағыттары туралы түсінік қалыптасады. Барлық туындаған міндеттер мен  проблемаларды олардың барлық –  уақытша, кеңістікті, ресурстық, логикалық  өзара байланыстарының жиынтығында  қарастырған жөн. Бұндай жиынтықты  қарастыру сәйкессіздікті болдырмауға  және келісімді интеграциядан жоспар жасауға мүмкіндік береді.

Шешілетін міндеттердің типі бойынша жоспар: 1) стратегиялық; 2) тактикалық; 3) жедел болып бөлінеді.

Стратегиялық жоспар –  кәсіпорынның әлеуетін дамыту жоспары.

Тактикалық жоспар – тактикалық шешімдерді жүзеге асыру жоспары.

Оперативтік жоспар – тактикалық шешімдерді жүзеге асыру жоспары.

Потенциал - кез-келген әрекетті немесе кез-келген мақсатқа қол жеткізу  мүмкіндігі.

Стратегия анықтайды: даму бағытын; бәсекелес стратегиясын; жүзеге асыру құралдарын.

Стратегиялық жоспар: ұйымның миссиясын түсіндіреді; өнім мен нарықты таңдауды анықтайды; мақсатты анықтайды: сапалық; сандық; стратегияны ретке келтіреді (негізгі, бәсекелестік, атқарымдық, саясатты анықтау).

Тактикалық жоспар: әрекет етеді ұйымдық құрылымды, ресурстарды басқару, анықтайды ұйымның құрылымы, басқару жүйесі, ақпараттық, жоспарылық, - бақылау,  конпенсация жүйесі және мәжбүрлеу, мотивациялау, кадрларды таңдау, басқару стилі.

  Жедел жоспар: ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді; нақтылайды - әрекет бағдарламаларын нақтылайды; жоспарларды; анықтайды - функционалдық саясатты,  процедураларды; нормаларды; салымдарды анықтайды; барлық бюджетті нақтылайды - - фукциялардың; қызмет түрлерін; іс-шараларды.

Өндіріс процесін басқару бірнеше қызметті қамтиды, олардың  ішінде - жоспарлау  мен  болжау, ұйымдастыру,  реттеу, есептеу, бақылау, талдау және ынталандыру бар.:

Бұл - бөлімде  жоспарлау басқару қызметінің маңызды-бір-саласы ретінде   қарастырылады,   әрі   басқарушылық   бақылау процесінің бір бөлігі  болып  табылатын жоспарлау бойынша негізгі екі қызмет түрін бөліп қарастырады. Оның біріншісі - бағдарламаны әзірлеу - бұл қызметтің негізгі бағыты бойынша шешім қабылдау процесі, ол қабылданған стратегияны жүзеге асыру үшін орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді білдіреді. Екіншісі - бюджетті әзірлеу, тұтас кезеңдерге, әдетте бір жылға созылатын барлық ұйымдардың, оның жекелеген бөлімшелерінің қызметін жоспарлау процесі.

Жоспарлау кәсіпорынға  белгілі бір кезеңде кол жеткізуге  міндетті немесе мүдделі сандық және сапалы көрсеткіштер түріндегі қызметтің алдына мақсат қоюын ұйғарады.

Жоспарлау кезеңдеріне қарай (жоспарлау кезеңі - жоспар жасалатын және оның жүзеге асырылатын уақыт аралығы) ерекшеленеді:

  • оперативті (ағымдағы) жоспарлау - бір жылға дейінгі кезеңге жасалады;
  • тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау - бір жылдан үш жылға дейінгі кезеңді қамтиды;
  • стратегиялық (ұзақ мерзімді) жоспарлау - үш жылдан аса көп кезеңге арналған.

Кәсіпорынға жоспарлау  жүйесін енгізу мына міндеттерді шешуге тиісті:

  • кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру;
  • тұтас  кәсіпорын  мен  оның жекелеген  бөлімшелерінің мүдделерін   ұштастыру   және   қызметтерді   үйлестіруді қамтамасыз ету;
  • шаруашылық кызметтің әр түрлі нұсқаларына болжам жасау, талдау, бағалау және қабылданатын басқарушылық шешімнің негізділігін арттыру;
  • қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту.

Жоспар былайша  жіктелуі мүмкін:

Оперативті жоспар - ұйымның  өз мақсатына қол жеткізумен тікелей байланысты тактикалық жоспар. Оған мысал ретінде жылдық немесе тоқсандық бюджеттер түрінде қалыптасатын қысқа мерзімді өндіріс жоспарын айтуға болады.

Оперативті-күнтізбе жоспары кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелерінің күнделікті жоспарға сай, ырғақты жұмысын ұйымдастыру максаты мен тактикалық жоспардын, көрсеткіштерін нақтылай түседі. Ол өндірістің техникалык әзірлігін, оның материалдық-техникалық камтамасыз етілуін, аса қажетті материалдық ресурстардың қорын құруды және қолдауды, өнім өткізуді және т.б. осылардың бәрін қосып, біртұтас өндіріс организміндегі ұйымның барлық элементтерін бір-біріне байланыстырады.

Әкімшілік (тактикалық) жоспары - ұйымдык құрылымды дамытудың және қолдаудың тактикалык жоспары. Оның мақсаты - орындаудың қалаулы деңгейіне жететін ұйым құру. Ол жыл сайын қарастырылатын орта мерзімді жоспарлар болып табылады.

Бірқатар кәсіпорындарда орта мерзімді жоспарлау жеңілдетілген түрмен біріктіріледі. Бұл жағдайда бірінші жылы оперативті жоспар деңгейіне дейін нақтыланатын сырғымалы деп аталатын үш жылдық жоспар жасалады.

Стратегиялык  жоспар - бизнестің негізгі даму жоспары және ұйымдардың ұзақ мерзімді құрылымдык жоспары. Кәсіпорын стратегиясы жүйелі түрде қаралмайды, тек кажет болған жағдайда ғана қарастырылады. Мысалы, жаңа технология енгізілгенде, тұтынушылардың талғамы өзгергенде, жаңа бәсекелес пайда болғанда, міне осындай жағдайларда қарастырылады. Ол үш жылдан да ұзак мерзімге (үш жылдық, бес жылдық және он жылдық жоспарлар) әзірленеді, ал кен өндіру және электр энергиясы өнеркәсіптерінде жоспар 20 жылға немесе одан да ұзақ уақытқа жасалады.

Стратегиялық  жоспарлау арқылы бизнес саласындағы қызметті қалай кеңейту туралы шешім қабылданады, бизнестің жаңа саласын қалыптастырады, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру процесін ынталандырады, нарықтық сұранысты қанағаттандыру үшін кәсіпорын қандай шарттарды орындауы керектігін, қандай нарықта әрекет етуді, бизнесті қандай серіктестікпен жүргізуді анықтайды. Стратегиялык жоспарлаудың нәтижесінде  кәсіпорын алдағы  кезеңнің мақсаттарын айқындап, оларға қол жеткізетін құралды жасайды.

Оперативті, әкімшілік және стратегиялық жоспарлар кәсіпорын қызметін ұйымдастырудың, қызметкерлер санын ынталандырудың (мотивирования), нәтижелерді бақылаудың және олардың шаруашылық тұрғысынан да, қаржылық тұрғысынан да бағалаудың негіздері болып табылады.

Жоспарлау - ресурстарды  пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы. Бүгінгі таңда кәсіпорын қызметін жоспарлау мыналарға байланысты күрделі мәселе күйінде қалып отыр:

  • жоспар және қаражат бұрынғыдай "жоғарыдан" түспейді, кәсіпорын нарық жағдайына өздігінен бағдарлануы (бейімделуі) керек;
  • жоспарлау процесі уақытты созатындықтан (яғни оның жасалуына уақыт кететіндіктен) ол оперативті басқарушылық шешім қабылдауға жарамсыз болады;
  • көптеген кәсіпорындарда нарық конъюктурасы туралы, ағымдағы ресурстарға қажеттілікпен оны қаржыландыратын көздер туралы шындыққа жанасымды және уақтылы ақпараттар жоқ;
  • жоспарлау барысында баға белгілеудің шығын механизі тән;  бағалар  нарықтық жағдайларды  ескермей, толық өзіндік құндар мен пайдалылық нормативімен қалыптасады;
  • экономикалық жоспарлау жоспарлы құжаттарды дәстүрлі жолмен әзірлейтіндіктен олардың көбісі кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдауда жарамсыз.

Жоспарлау дегеніміздің өзі - кәсіпорынның проблемаларын алдын ала болжай отырып, асығыстық шешімге жол бермеу. Жоспарлау шешім қабылдаудың ерекше түрі ретінде барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтиды. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - кәсіпорыннын өндірістік-қаржылық операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

                                    

Экономикалық  жоспарлау түрлеріне тоқталып кетсек.

Стратегиялық жоспар. ҚР-да ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 10-15 жыл аралығына жасалынады. Бұл  жоспарда халық шаруашылығының ұзақ мерзімді мақсаттары, міндеттері және ұлттық экономиканың 1-ші кезекті даму қажетті бағыттары, олардың іске асырылу кезеңдері және мемлекеттің  әлеуметтік – экономикалық саясатының жалпы бағыты белгіленеді.

Микроэкономикалық жоспарлау  деп жеке кәсіпорын мен оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің шаралары мен көрсеткіштері  жүйесінің жоспарын жасауды айтады. Мұнда ең алдымен техникалық-экономика  есептер жасалады, жалпы кәсіпорын  бойынша да, оның құрылымдық бөлімшелері  бойынша да қажетті нормалар мен  көрсеткіштер әзірленіп негізделеді, сондай-ақ шаруашылық қызметтің жүзеге асырылуына басшылық жасалып, бақылау  орнатылады, ішкі өндірістік резервтер  анықталып пайдаланылады. Кәсіпорын  нарық жағдайында ойдағыдай жұмыс  істеуі үшін бірқатар мән-жайлар ескерілуге тиіс. Олар: сұраныс пен ұсыныс, өз өнімінің икемділігі, өндірістің ағымдағы шығыны, шекті пайда мен тиімділік (табыстылық), бәсеке, негізгі құрал-жабдықтың  бағасы, шикізат пен материалдар, т.б. Сонымен, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне тек микроэкономикалық  орта ғана емес, елдегі макроэкономикалық  саясат та ықпал жасайды. Кәсіпорынның жоспарлары рыноктың, бәсекенің талаптарын ескеруге, оның тұрлаулы экономика  және әлеуметтік дамуын көздеуге, жоғары табыс алуға жәрдемдесуге тиіс. Микроэкономикалық  жоспарлау ағымдағы жоспарлау және оралымды жоспарлау түрлеріне бөлінеді. Ал оралымды жоспарлау өз кезегінде  күнтізбелік жоспарлау және маркетингілік  жоспарлау болып бөлінеді.

Күнтізбелік жоспарлау –  жалпы кәсіпорын және оның жеке құрылымдық бөлімшелері (цехтар, телімдер, бригадалар, жұмыс орындары) үшін қысқа мерзімге (айға, тәулікке, ауысымға, сағатқа) арналған нақты өндірістік тапсырмаларды әзірлеуді қамтитын оралымды-өндірістік жоспарлаудың бір бөлігі. Жоспарлы тапсырмалар нормалар мен нормативтердің, шарттық міндеттемелер мен мемлекет тапсырыстардың негізінде әзірленеді, мұнда сондай-ақ оларды іске асырудың сол сәтте қалыптасқан нақты жағдайлары ескеріледі. Күнтізбелік Жоспарлау, әдетте, үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде көлемді Жоспарлау орындалады, яғни тапсырмалар тәптіштеліп, цехтарға бөлінеді. Әрбір цехқа (телімге) берілетін тапсырма заттай, еңбек және құндық өлшемдермен белгіленеді. Екінші кезең – өндірістің күнтізбелік жоспарларын әрбір цех үшін мерзім мен нысандар бойынша жасау және күнтізбелік нормативтерді әзірлеу. Үшінші кезең – жоспарлы тапсырмаларды әрбір жұмыс орнына жеткізуді қамтиды. Осы мақсатпен күнтізбелік жоспарлар орындаушылар арасындағы жеке тапсырмаларға бөлінеді, сөйтіп, ауысымдағы әрбір жұмысшыға берілетін жеке тапсырмалар көрсетілетін жоспар жасалады.

Маркетингілік жоспарлау – кәсіпорынның (фирманың ) маркетингілік қызметінің барлық бағыттар бойынша егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында мыналар қамтылады: негізгі көрсеткіштердің тізбесі; рыноктардың, олардың негізгі буындарының, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы; бәсеке салдарынан болатын негізгі қиындықтарға жасалған талдау; фирма қол жеткізуге тиіс жоспарлы кезең мақсаттарының тұжырымдамасы; маркетинг стратегиясын әзірлеу; жоспардың орындалу барысына бақылау белгілеу. Фирма өнімнің бірнеше түрлерін, топтарын өндіретін, түрлі рыноктарда жұмыс істейтін жағдайда әрбір сала бойынша жеке маркетинг-жоспар жасалады; қысқаша Маркетинг. 

 

 

  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТОРЛЫ МОДЕЛІ

 

Торлы модель (басқа атаулары:  желілік  кесте,  ау) деп  –  экономика-компьютерлік  модель,  жұмыстың   (операциялардың)    кешенін көрсететін  және кейбір жобаларды жүзеге асыруымен және логикалық, технологиялық және байланыс тізбектілігіне байланысты оқиғаларды айтамыз.

 Графикалық немесе таблицалық (матрицалық) түрде берілген торлы моделдің анализы біріншіден, жобаның жүзеге асуының кезеңінің арақатынасын анық көрсетеді екіншіден, белгілі бір мақсатта осы кезеңдердің орындалу тәртібінің ең оңтайлысын анықтайды. Мысалы, барлық  кешеннің жұмысының орындалуы  мерзімінің  қысқартуы. Ақырында,  торлық модельдеудің  әдістері  оңтайлы шешімдерді қабылдау әдісіне жатады.

Торлы модельдің  математикалық аппараты графтың қағидаларына базаланады.

Граф деп көпшіліктің  екі ақырғы құрамы аталады.

- Шыңдар деп аталатын көпшілік нүкте, және көпшіліктің жұбы қабырғалар деп аталады

Экономикада көбіне графтың  екі көрінісі: ағаш және тор пайдаланылады.

Ағаш  - циклсіз графты ұсынады. Онда бастапқы шың (тамыр) және шеткі шыңдар болады. Бастапқы шыңнан шеткі шыңға жолды бұтақ деп  атайды.

Тор -  бұл  бағыт алған  ақырғы байланыс графы. Оның бастапқы шыңы және соңғы шыңы болады. 

Экономикалық зерттеулерде  торлы модельдер экономикалық құбылыстарды торлы жоспарлау әдісімен модельдеу  кезінде пайда болады.

Торлы жоспарлаудың жүйесінде  басқарудың нысаны белгілі бір ресурстарды    орналастыру мен белгілі бір  кешенді операцияларды орындайтын    орындаушылар коллективы   болып  табылады. Мысалы, жаңа бұйым өндіру , жаңа құрылыс нысаны және т.с.с.

Торлы жоспарлаудың негізі торлы модель болып табылады. Онда белгілі бір мақсатқа жету жолындағы бір – бірімен тығыз байланысты жұмыстар мен оқиғалар қалыптасады. Ол белгілі бір график немесе таблица түрінде көрсетілуі мүмкін.

Торлы  модельдің негізгі  түсініктері:

  • оқиға;
  • жұмыс;
  • жол.

Сурет.1

1 – ші суретте торлы  модельдің графикалық түрі берілген. 11 оқиға, 16 жұмыс  бар. Ұзақтығы  жұмыста көрсетілген. 

Жұмыс ресурстарды пайдалануды  немесе оқиғалардың арақатынасын талап  ететін материалдық әрекетті сипаттайды. 

Графикада жұмыс екі оқиғаны  қосатын стрелкалық бағытпен көрсетілген. Ол жұп жақшадағы санға i – жұмыс шығатын оқиғаның нөмірі, j – жұмыс кіретін оқиғаның нөмірі. Жұмыс , оқиға басталмайынша, басталмайды.  Әр жұмыстың  белгілі бір ұзақтығы болады. (t) 

(i, j) – мысалы t (2,5) = 4 бұның мағынасы: (2,5 ) жұмыс 5 бірлік уақыт ұзақтығына тең.  Жұмысқа сонымен қатар, уақытты да, ресурстарды да керек етпейтін процестерде кіреді. Яғни олар жұмыстың логикалық арақатынасына байланысты болады, яғни, олар өзара бір біріне тығыз байланысты болады. Олар графикте пунктирлі сызықтармен көрсетіледі.

Оқиға деп бір немесе бірнеше  жұмыстардың орындалуының нәтижесі аталады. Олар уақыт ұзақтығына қарамайды.  Оқиға жұмыс біткен кезде ғана орындалған болып саналады. Оқиға белгілі бір санмен белгіленеді. Ал графикада торлы модель дөңгелекпен (немесе кез – келген басқада геометриялық фигурамен) суреттеледі. Оның ішінде торлы модельдің реттік саны беріледі. (i = 1, 2, 3,...., n).   Торлы модельде бастайтын бір оқиға болады, одан жұмыстар тек шығады және соңғы бір оқиға болады, оған тек жұмыстар кіреді.

Жол –  бұл бір жұмыспен екінші жұмысты қосып тұрған  стрелкалы бағыт болып табылады. Мысалы, 1 суретте көрсетілген жол  мынау болып табылады:  L1 = (1, 2, 3, 7, 10, 11) ; L2 = (1, 2, 4, 6, 11)

Жолдың ұзақтығы жұмыстың және оқиғаның ұзақтығына байланысты болып табылады.

Торлы модель   белгілі бір жұмыстардың әр қайсысының орындалу қиындығын анықтауға және  барлық кешенді жұмыстардың орындалу қиындығын анықтауға мүмкіндік береді, және  соған орай ресурстарды қайта бөлуге немесе қайта шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жоспарлау дегеніміздің өзі - кәсіпорынның проблемаларын алдын ала болжай отырып, асығыстық шешімге жол бермеу. Жоспарлау шешім қабылдаудың ерекше түрі ретінде барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтиды. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - кәсіпорыннын өндірістік-қаржылық операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау.

Торлы модель (басқа атаулары:  желілік  кесте,  ау) деп  –  экономика-компьютерлік  модель,  жұмыстың   (операциялардың)    кешенін көрсететін  және кейбір жобаларды жүзеге асыруымен және логикалық, технологиялық және байланыс тізбектілігіне байланысты оқиғаларды айтамыз.

Экономикалық зерттеулерде  торлы модельдер экономикалық құбылыстарды торлы жоспарлау әдісімен модельдеу  кезінде пайда болады.

Торлы жоспарлаудың жүйесінде  басқарудың нысаны белгілі бір ресурстарды    орналастыру мен белгілі бір  кешенді операцияларды орындайтын    орындаушылар коллективы   болып  табылады. Мысалы, жаңа бұйым өндіру , жаңа құрылыс нысаны және т.с.с.

Торлы модель   белгілі  бір жұмыстардың әр қайсысының орындалу қиындығын анықтауға және  барлық кешенді жұмыстардың орындалу қиындығын  анықтауға  мүмкіндік береді, және  соған орай ресурстарды қайта  бөлуге немесе қайта шешім қабылдауға мүмкіндік береді.


Инновациялық жобаларды бизнес жоспарлау