Инновациялық кәсiпкерлiк

Мазмұны

  1. Инновациялық кәсiпкерлiк
  2. Инновациялық жобаларды салыстыру
  3. Инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Инновациялық  кәсiпкерлiк     

 Инновациялық  кәсiпкерлiк экономикалық қызметтiң  ерекше түрi ретiнде инновациялық  процестің негiзгi қозғаушы күшi болып табылады. 
      Инновациялық кәсiпкерлiктiң субъектілерiне инновациялық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар жатады. Инновациялық кәсiпорынның қызметi технологиялық немесе өнiмдiк инновацияларды пайдаланудың нәтижесiнде пайда табудан көрiнедi. Дамыған елдерде кәсiпорындардың 70%-на жуығы рыноктың жаңа сегменттерiн игеру мақсатында өнiмнiң ассортиментiн кеңейтумен байланысты инновацияларды жүзеге асырады. Осы ретте ҒЗТКЖ-ға арналған шығыстар инвестициялардың 30%-на жуығын құрайды.     

 Инновациялық кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi мыналарға: 
1.жаңа ғылыми идеяларды әзiрлеуге немесе iздеуге және оларды 
бағалауға; 
2.қажеттi инвестициялық ресурстарды iздеуге;

3.жобаны немесе кәсiпорынды басқарудың тиiмдi модельдерiн құруға; 
4.ақшалай табыс алуға негізделген.     

 Инновациялық  кәсiпкерлiктiң басты функцияларының  бiрi ғылыми-техникалық және өндiрiстiк  сала арасындағы байланыстырушылық  (делдалдық) рөлдi жүзеге асыру  болып табылады. Инновациялық кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеуi ғылыми-техникалық ұйымдар және шаруашылық субъектiлер көтеруге мәжбүр инновациялық өнiмдi құрумен немесе жаңа ғылыми-техникалық шешiмдердi олардың коммерциялық пайдаланылу мүмкiндiктерiне дейiн жеткiзумен байланысты шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi.

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады. Кәсіпкерліктің инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

- жаңалық  идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми  жұмыстар, өнімнің 
жаңа зертханалық үлшілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;

- өнімнің  жаңа түрлерін дайындау үшін  шикізаттар мен материал- 
дардың қажетті түрлерін таңдап алу;

- жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;

- қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;

- жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық- 
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;

- қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен 
қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;

- қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды 
жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;

- лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті 
құжаттарды алу;

- инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік  зерттеулерді жүргізу.

Кәсіпкерліктің  инновациялық қызметі көптеген жағдайда жаңа техника мен технологияның  техникалық деңгейінің көрсеткіштерінде айқындалады. Нарықтық экономикада жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде – жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тииімділігі. 
Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады:еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыдағы аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады. 
Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:

- еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқкы;

- материалдық қайтарымның үстелуі (материалды қажетсінуі), материалдық ресурстардың шығындарының салыстармалы ауытқуы;

- айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (босатып алу немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;

- қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;

- пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі;

- кәсіпорынның төлем қабілеттіліг және қаржы жағдайының көрсеткіштерінің үстелуі.

Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады.

Ғылыми-техникалық пррогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі 
Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады: 
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;

Екінші кезең – бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;

Үшінші кезең – бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;

Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.

Кәсіпкерлік өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:

- өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары және тарифтер;

- қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар (өндірістік қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер;

- қолданыстағы кәсіпкерліктің пайдадан нормативтік аударымы және орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;

- банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі кәсіпкерліктің тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;

- валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т.б.

Экономиаклық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сиымдылықтарын төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.

Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпкерліктегі ресурстарды босатып алу; материалдық , еңбек және қаржы.

Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.

Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету, т.б.

Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса. 
 

Инновациялық  жобаларды салыстыру

     Инновациялық  жобаларды салыстыру және олардың  ішінен ең тиімдісін таңдауды келесі көрсеткіштерді қолдану арқылы орындалады:

- таза  дискоттық кіріс (ТДК) немесе  интегралдық эффект;

- кірістің  индексі;

- кірістің  ішкі нормасы;

- есе қайтару мерзімі;

- баллдық көрсеткіштерді алу әдісі;

- әр-түрлі көрсеткіштердің ұқсастығы.

Таза дисконттық кіріс қазіргі эффектілердің бүкіл төлемдік мерзімі бойынша мөлшері болып табылады:

Э = ТДК = ∑ ( Р – З ) 1/(1+Е) ;

мұндағы, Э – интегралдық эффект;

Т – төлем горизонты;

Р – сол уақыттағы жүзеге асырылатын көрсеткіштер, тг;

З –  сол уақытта да жұмсалатын шығындар, тг;

1/(1+Е)  – көрсеткіштер мен шығындар  уақыты бойынша

коэффициент көрсеткіші;

Е –  дисконт нормасы.

Егер  де инновациялық жобаның ТД-сі оң болса, онда жоба эффектілі (пайдалы) болып  табылады және де іске асырылуы тиімді болып саналады. ТДК неғұрлым көп  болса, жобаның соғұрлым эффектісі молырақ болады. Егер де тнвестициялық жоба ТДК-сі теріс болса, онда инвестор шығынға ұшырайды да, жоба эффектілі болмайды.

Кіріс индексі (КИ) берілген эффектілердің қосындысының капитал салымына ара-қатынасын көрсетеді:

КИ = 1/К  ∑ ( Р – З ) 1/(Т+Е) ;

мұндағы, З – капитал салымы кірмейтін  жағдайдағы берілген 
уақыттағы шығыны;

Кіріс индексі ТДК-мен тығыз байланысты. Ол сол элементтерден құралады және оның мағынасы ТДК-нің мағынасымен  байланысты. Егер де ТДК оң болса, онда КИ > 1, және керісінше. Егер де К > 1, онда жоба эффектілі, ал егер КИ < 1 – онда эффектілі емес.Ішкі кіріс нормасы (ІКН) Е дисконтының нормасын білдіріп, сол арқылы берілген эффектілер көлемі берілген капитал салымына тең болады.німдерді Егер де инвестициялық жобаның ТДК төлемі «берілген дисконттық норма (Е) көмегімен эффектілі бола ма, әлде жоқ па?» деген сұраққа жауап берсе, онда ІКН төлем үрдісінде анықталып, артынан инвестордың талабы бойынша қойылған каиталды кіріс нормасымен салыстырады.Егер ТДК инвестор талап ететін капиталдың кіріс нормасына тең немесе артық болса, онда берілген жобаға жасалған инвестиция ақталады және жобаны қабылдауды қарастыруға болады.Егер ТДК және ІКН жоба нұсқаларын салыстыруда қарама-қарсы көрсеткішткерге әкелсе, онда ТДК анализі көрсеткіштеріне көңіл бөлу керек.Есе қайтару мерзімі – бұл бастапқы жобаны жүзеге асыру барысындағы минималдық уақыт арасы. Бұл жобаға байланысты бастапқы салым мен басқа да шығындардың қосындылық көрсеткінтеріне дұрысталатын уақыт мерзімі. Ол жылмен, үшайлықпен және аймен өлшенеді.

Жобаны  жүзеге асыру барысындағы көрсеткіштер мен шығындарды дисконтпен (егер есе  қайтару мерзімі 1 жылдан астам болса) және дисконтсыз (1 жылдан кем) анықтауға  болады.Инновациялық кәсіпкерлік −  новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызмет ең мағызды болып есептеліп қалыптасады. Кәсіпкер уақыт талапарына жауап беріп, келесі функцияларды қолдана отырып уақыт сұранысына жауап береді: 
- ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату;

- модельдердің ауысуы;

- қолданушының болашақ сұраныстарын бүгін-ақ қамтамасыз етуге 
дайын болу;

- жаңалықтарды (өнімдер, қызметтер, технологиялар, өндірістің жаңа 
ұйымы және еңбек) енгізу және тарату үшін қолданушылармен тығыз 
байланыста болу.

">Жаңалықты енгізу обьект тәуекелінің бірнеше түрлері кездеседі: 
Нарықтың тәуекелмен инвестицияланған капиталдың сұраныс, өнімге және өндірістің факторларына арналған бағалардың қозғалысының нәтижесінде жоғалуыныі мүмкіндігімен айқындалады.

Инвестициялық талаудың статистикалық және динамикалық әдістердің қолдану арқылы критериалдық бағалар құралады. Солардың негізінде инвестициялауға шешім қабылданады.Статистикалық әдістерге жобаның есе қайтару мерзімі, кіріс деңгейі, таза келтірілген баға, түсім индекс, рентабельдіктің ішкі коэффициенттің анықтамалары қатысты. 
Динамикалық әдістерге – инвестициялық жобаның бағалауына әсер ететін көптеген фркторлар анықтамасы.Өнеркәсіптің қаржылық жағдайын талдау (анализ) инвестициялауда маңызды орын алады. Бұл жерде жаңалық енгізу жүзеге асыру кзделіп отырады, сол үшін де жаңалық енгізуге дейін мен кейінгі обьекттің жағдайын көрсететін арнайы көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұған өнеркәсіптің өзінің міндеттерін орындау қабілеттілігін сипаттайтын ликвидтілік және жаңалық енгізуге теріс ықпал ететін меншіктік міндеттемелер қолданылуы мүмкін.

Ұйымдық жобалау келесі кезеңдерден тұрады:

- жобаның маңыздылығын анықтау (федералдық, аймақтық, жергілікті); 
- фиксация рангі жіне ұйымдастыру-құқықтық қатысушы формасы, сонымен қатар негізгі жеткізушілер мен жіберушілер;

- мемлекеттік және аймақтық басшылықтың жобаны қолдау дәрежесін орнату; 
- инвестицияның кепілдігін қамтамасыз етуін анықтау, сонымен қатар тәуекелдерді сақтандыру, саясатты және банкілік кепілдіктер.

Үстіде келтірілген түсініктемелер, жобалаудың түрлері мен сценариилері болжау сипаттамасын анықтайды және көбінесе қарсылық сипаттаманы ұстанады. Бүкіл факторларды сандық көрсеткішпен көрсету мүмкін емес, өйткені мұнда жоба бойынша инегралдық эффектілік көрсеткіштері жоқ. Жаңалық енгізудің тиімділігі сонымен қатар оның қатысушыларының субьектік қызуғышылықтарына баланысты болады.Сондықтан да кәсіпкер әрқашанда өндіріске арналған ивесициялар туралы шешімдер қабылдағанда тәуекелдейді. Дұрыс қабылданған бизнес стратегиясы, жаңалық енгізуді мамандырылған техника-экономикалық бағалау және керекті нәрселерді білу инновациялық процесті қазіргі үлгімен ұйымдастыру және де басқару қабілеті сол тәуеклелді тиімді қылдырып, көрсеткіштерді жоғары және тұрақты бір деңгейге жеткізеді. 

Инновациялық  кәсiпкерлiктi дамыту     

 Осы  бағдарлама шеңберiнде мемлекет  инновациялық кәсiпорындар жүйесiн  қалыптастыру және оларды жандандыру жөнiнде бiрқатар шаралар қабылдайды. 
      Инновациялық кәсiпорындардың тиiмдi төлемдiгiнiң негiзгi себептерiнiң бiрi Қазақстанда технологияларды коммерцияландырудың iскерлiк қағидаттарына, құқықтық қорғаудың теориясы мен практикасына және зияткерлiк меншiктi пайдалануға ие болып отырған, инновациялық және жоғары технологиялық жобаларды басқара білетiн кәсiби инновациялық менеджер-мамандардың институтының жоқтығы болып табылады. 
      Осыған байланысты жақын перспективада инновациялық кәсiпкерлiктi дамытудың маңызды бағыттары жоғары оқу орындарында да жоғары оқу орындарынан кейiн де, оның iшiнде шетелдерде оқуды, сондай-ақ мұндай бағдарламаларды қаржыландыруда мемлекет қатыса отырып, жұмыс iстейтiн менеджерлердiң білiктілiгiн арттыру үшiн қысқа мерзiмдi курстарды, семинарларды, дөңгелек үстелдердi қамтитын инновациялық кәсiпкерлiк саласындағы кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн құру болып табылады. 
      Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде Бiлiм және ғылым министрлiгi, Индустрия және сауда министрлiгi және ҰИҚ жетекшi шетелдiк бизнес-мектептермен және жетекшi қазақстандық жоғары оқу орындарымен бiрлесiп, "Инновациялық менеджмент" мамандығы бойынша басқару кадрларын даярлау жөнiндегi оқу бағдарламасы әзiрленетiн болады. 
      Инновациялық кәсіпкерлік саласында кадрларды дайындау және қайта дайындау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1439 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған бiлiм берудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджеттен қаржы ресурстары көзделетiн болады.  Сондай-ақ мақсаты инновациялық кәсiпкерлерге, инфрақұрылымдық ұйымдар қызметкерлерiне,өнеркәсiптiк кәсiпорындардың менеджерлерiне инновациялар менеджментiнiң теориясы мен практикасын енгiзу жөніндегі қысқа және орта мерзiмдi бағдарламаларды жүргізу болатын технопарктер жанындағы бiлiм беру орталықтары ашылатын болады. 
      Мемлекеттiң инновациялық кәсiпкерлiктi ынталандыру жөнiндегi күш-жiгерi мына бағыттарға да шоғырланатын болады:    меншiк нысанына және қаржыландыру түрлерiне қарамастан барлық субъектiлердiң инновациялық қызметтi жүргiзуi үшiн тиiмдi жағдайлар жасау мақсатында салық жүйесiн одан әрі жетiлдiру;    бiлiмдердiң мамандандырылған желiлерiн құруға және олардың жаңа технологияларды дамытудың аумақтық аймақтарында коммерцияландыруға бағытталған кластерлiк стратегияларды әзiрлеу; 
ақпараттық алмасу және инновациялық қызметте қажеттi деректерге, регламенттерге, дерекқорға және т.б. ену жүйесiн дамыту; 
инновациялық қызмет үшiн iскер және ақпараттық қызметтердi дамытуға жәрдемдесу - қаржылық және құқықтық консалтинг, патенттiк қорғау және басқалары;инновациялық қызметтiң басым бағыттарын дамыту саласындағы шетелдiк мамандарды шақыру;     кәсiпкерлiктiң тиiмдi түрлерiнiң бiрi ретiнде инновацияны насихаттау; шетелдiк инвесторлармен бiрлескен инновациялық кәсiпорындар құруды ынталандыру; 
монополияны реттеу және адал бәсекенi қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетiлдiру; өнер табыстарды патенттеу рәсiмдерiн оңайлату; 
 мемлекет пен жеке бизнес арасындағы диалогты оңайлатуға жәрдемдесетiн бизнес қауымдастықтарды құруға жәрдемдесу; инновациялық инфрақұрылым элементтерiн құруға пайдаланылмаған өндiрiстiк алаңдарды және ресурстарды беру жолымен инновациялық қызметті күшейту мақсатында мемлекеттiк меншiктi тиiмдi пайдалануды арттыру; 
жабдықты қайта бөлу үшiн инфрақұрылымдарды құру (ақпараттық және лизингтiк агенттіктер, пайдаланылған жабдықты сату жөнiндегi сауда кәсiпорыны және т.б.); өнiмдердi стандарттау және технологиялық процестердi, тауарлар мен қызметтердi сертификациялау жүйелерiн құру;

мемлекеттiк сектордан технологияларды мемлекеттiк емес секторға берудiң тиiмдi тәртiбiн әзiрлеу; инновациялық тәуекелдердi сақтандырудың тетiгiн құру; басқармалық және кәсiпкерлiк мәдениеттi дамыту; 
зияткерлiк меншiк құқығын қорғау бөлiгiнде заңнаманы жетiлдiру жөнiндегi шараларды қабылдау.

Инновациялық кәсiпкерлiк