Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі

Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі

Экономика саласындағы мемлекеттің саясаты стратегиялық мақсаты әлеуметтік бағыт болатын инновациялық экономика құруға негізделуі керек. Инновациялық даму жүйелік көзқарасты қажет етеді, өйткені ол тек қана ҒЗТКЖ және инновацияларға апаратын жолдарды ғана емес сонымен қатар әлеуметтік, ұйымдастырушылық, экономикалық және т.б. факторлар кешенінің кері байланысын және қарым-қатынас үрдісін қарастырады. Мемлекеттің инновация саласына әсер етудегі мақсаты зерттеу жүргізудегі тәуекелдерді төмендетуге және нарықты реттеуге бағытталған жақсы инновациялық саясат құру болуы керек.

Шетелдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай инновациялық саясаттың ең негізгі қаржылық құралы сол салаға мемлекеттік бюджет қаражаттарын қолдану болып табылады.

Шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай әлемнің дамыған елдерінде ҒЗТКЖ қаржыландыруға ұлттық жиынтық шығындардың 30% жұмсалады екен, соның ішінде 50-70% іргелі зерттеулерге жұмсалады. Қазіргі таңда әлемдегі ҒЗТКЖ бөлінетін қаржының 80% мына бес мемлекетке тисілі, олар: АҚШ, Япония, Франция, Германия және Ұлыбритания [27.34-43б.]. Сонымен қатар әлемдегі 50% ғылыми персоналдар осы мемлекеттерде жұмылдарылған.

АҚШ-тың тәжірибесіне қарай Еуропа елдерімен салыстырғанда үкімет пен фирммалар тарапынан ҒЗТКЖ және инновацияға жұмсалатын шығындардың көлемі өте көп. АҚШ ҒЗТКЖ сұраныс өте жоғары және олардың ең үлкен тапсырыс берушілеріне келесілер жатады: Қорғаныс министрлігі, Ұлттық денсаулық сақтау институты, Ұлттық қауіпсіздік министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Ауыл шаруашылық министрлігі, Энергетика министрлігі, Ұлттық аэроғарыштық агенттігі, Ұлттық ғылыми қор жән Экономикалық даму және сауда министрлігі.

Инновациялық саясатты қалыптастыруға басты жауапты орган 1976 жылы Президенттің атқарушы басқармасында құрылған «Техника және ғылым істері жөніндегі басқарма» болып табылады. Мемлкеттік корпаративтік бағдарламаларды басқару орталығы және инновацияларды жасау мен нарыққа енгізуді бақылайтын орган сауда министрлігі болып табылады. АҚШ-тың тұрақты дамуы үшін 1993 жылы «Американың экономикалық өсуіне бағытталған технологиялар» атты мемлекеттік бағдарламасы құрылған болатын. Бағдарламаның негізгі міндеттеріне клесілер жатады: XXI ғасырдың инфрақұрылымын қалыптастыру; қоғаныс және азаматтық өндірістердің интеграциясы; жаңа технологияларды коммерцияландыруды және жасауды мадақтау; «білім экономикасына» жаңа жұмыс күшін қалыптастыру; инновацияға преференциялар беру арқылы іскрлік климат қалыптастыру [27.34-43б.]. Қойылған міндеттерді шешу механизміне келесілер жатады: инновациялық жобаларға адрестік салықтық жеңілдіктер; корпорациялардың ғылыми бағдарламаларын жеке бюджеттік қаржыландыру және несилік жеңілдіктер; корпарацияларға ҒЗТКЖ жүргізуне қағамдық инфрақұрылымға, жер төлелеріне, мемлекет меншіктеріне жеңілдіктер беру; ҒЗТКЖ кеткен шығындарды өнімнің өзіндік құнына қосуға рұқсат беру.

Аталған бағдарламадан басқада мемлекеттік бағдарламалары бар олар, «Алдыңғы қатарлы технологиялар» (ұзақ мерзімді тәуекелді жобаларды қаржыландыруға арналған) және «Кеңейтілген өндірістегі серіктестік» (шағын және орта фирмаларды жаңғыртуды технологиялық және қаржылық қолдау).

АҚШ-тың ұлттық инновациялық жүйесінің келесі артықшылығы Ұлттық лабораториялары саналады, олар АҚШ-та 700-ге жуық және олар екі категорияға бөлінеді:

-өзіне сәйкес министрліктер мен ведомствалардың бюджетінен қаржыландырылатын лаборатотиялар;

-министрліктер бюджетінен қаржыландырылатын, келісімшарт негізінде университеттер мен жеке корпорацияларға басқарылуға берілген, мемлекеттік келісімшарттық лабораториялар.

Бұлар ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, атомдық энергетика және басқа әлеуметтік мағынасы бар экономика салаларын зерттеуге қатысады [28.36-39б.]. Қазіргі кезде АҚШ-тағы инновациялық қызметті реттеу және мемлекеттік қолдау саясатының алдына қойған негізгі мақсаттарына келесілер жатады:

-инновация саласына жағымды климат туғызу арқылы жеке меншік секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

-ғылыми эерттеулерді қаржыландыру және инновациялық жасалалымдарды жүзеге асыру;

-ел экономикасының бәсекеге қабілттілігін арттыру үшін инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру;

-ҒЗТКЖ қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қайылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ету;

-ғылымға негізделген және әрдайым өзгеріп тұратын экономика құру және білікті мамандармен қамтамасыз ету;

-инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындарға тікелей және жанама көмек көрсету.

- салықтық жеңілдіктер арқылы инновациялық қызметті жанама реттеу жене жеке секторға қолайлы жағдай жасау, ол үшін:

1.Кәсіпорындағы ҒЗТКЖ кеткен шығындарды шығарылған өнімнің өзіндік құнына қосу;

2.Ғылыми зерттеулерге қажет жабдықтарды шығарғанда жылдамдатылған аммартизацияны қолдану;

3.Ғылыми-техникалық және тәуекелі жоғары жобаларды несиелеуде жеңілдіктер беру;

4.Инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпорындарға мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын мүлікті немесе қажетті жертөлелерін ақысыз түрде беру:

-сыртқы сауда саясатын жүргізу және ғылыми сыйымдылығы бар өнімдер мен жоғары технологиялы қызметтердің экспортын бақылау, тікелей шетелдік инвестициялар тарту;

-елдегі инновациялық үрдістерді заңнамалық қамтамасыз ету, яғни патенттер беру және авторлық құқықтарын қорғау;

-монополияға қарсы заңдарға өзгертулер енгізу [29.102-108б.]. Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің әлемдік моделдерінде америкалық моделді басқаларынан ҒЗТКЖ жұмсалатын шығындардың көлемінен және инновациялық жүйенің институционалдық қатысушыларының санының көптігімен ажыратуға болады. Сонымен қатар ең басты әлеуеті университеттерде зерттеу жұмыстарының дамуы болып табылады.

Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің Еуропалық моделі бар. Ол ұзақ мерзімді интелектуалдық және ғылыми дәстүрге негізделеді. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропаның үлкен мемлекеттері (Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия) өзінің ғылыми-техникалық қызметінің бағытын құнды ғылыми-техникалық ақпаратты жеңіл жолмен алуға өзгертті. Бұл жағынан ядорлық физика зерттеулерінен бас тартқан Ұлыбритания жақсы дамыды. Мұның салдары Ұлыбританияда екі іргелі ғылыми пәннің пайда болуына әкеп соқты, олар радиоастраномия және биологиялық құрылымы бар жоғарымолекулалық заттарды зерттеу бағыты болды. Сонымен қатар осы салаларда Нобель сыйлығының лауреаттары пайда бола бастады. Басқа бағыттарда британиялық инновациялық жүйе бірқатар университеттерге (Оксфорд, Кембридж, Лондон университеті) негізделіп жүзеге асты.

Осыған ұқсас бағытта ГФР мен Италияның да инновациялық жүйесі қалыптаса бастады. Ал, Франция болса фундаменталды зерттеулерге негізделген өзінің («Ғылыми зерттеулердің ұлттық орталығы» атты ғылым академиясы) бағытымен жылжыды.

Соңғы жылдары, ЕО елдерінің ғылыми болашағын анықтауда жоғары ұлттық органдардың әсері күшейуде. Олардың ғылыми зерттеулердің бағытын үйлестіретін ең басты құжаты 2004 жылы Еуропалық комиссиямен қабылданған ЕО елдерінің алтыншы Раммалық бағдарламасы болып табылады [30.10б.].

Швеция, Нидерланды, Дания, Швейцария, Финляндия сияқты елдерде зерттеудің бағыттарын таңдайтын және оны әлемдік деңгейге көтере алатын атақты университеттері бар. Швецияда ол математика және классикалық зерттеулер, экономика және компьютерлік зерттеулер, биологиялық және медициналық зерттеулер елдің ең басты ғылыми бағыттары болып табылады. Ал Нидерландыда физика, құқық, экономика, классикалық зерттеулер және шығыстану жақсы дамыған. Бұл екі елдерде Ұлттық ғылым академиясы жоғары рөл ойнайды. Жалпы ЕО елдерінде фундаменталды және қолданбалы ғылымға жақсы көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, ҒЗТКЖ қаржыландыруда мемлекет пен шағын және орта бизнес белсенді ат салысады. ЕО елдерінде мықты фундаменталды университеттік ғылымды қолдау жақсы дамыған. Дания, Финляндия, Швейцария сияқты елдерде қолданбалы зерттеулерді қолдау арқылы бизнесті ұйымдастыру және аймақтарда ғылым мен технологияларды дамытуға жақсы көңіл бөлді [31.25-26б.].

Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің еуропалық моделін келесідей ерекшеліктері бар: ғылымды мемлекет тарапынан қаржыландырудың жоғары деңгейі; инновациялық технологиялардың кең көлемде енгізілуі; ЕО жағыры органдарымен, Еуропалық комиссия және Еуропалық ғылыми қормен ғылым мен инновацияны қаржыландырудың біртіндеп кеңейуі.

Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің келесі моделі ол Шығыс-Азиялық модель. Бұл көбінесе келесідей Шығыс Азия елдерінде көрінеді: Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай. Азияның бұл елдерінде іргелі ғылым онша дамымаған және бұл инновациялық модельдер экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өнімдерге негізделген. Бұған мысал ретінде Жапонияны алуға болады. Жапонияның экономикасының мықтылығына қарамастан инновациялық жүйесі АҚШ-тың инновациялық жүйесінен қалып қояды. Сонымен қатар, Жапониядағы Sony, Toshiba, Panasonic сияқты үлкен корпорацияларының зерттеу лабораторияларының қасында университетердің зерттеу жұмыстары онша маңызды емес болып қалады. Мұның барлығы Жапониядағы инновациялық жүйенің іргелі зерттеулерге онша қатты бағытталмағандығымен түсіндіріледі. Ең басты артықшылығы техникалық инновация және жаңа технологиялар болып табылады. ХХ ғасырдың 50 жылдарында ғана шетелдік қолданбалы инженерлік технологиялық патенттерін сатып ала бастаған Жапония бүгінгі күні өте үкен жетістіктерге жетіп отыр. Басында тұрмыстық электроника саласында көшбасшы болып келсе, қазіргі кезде автомобиль жасау саласында американдық үлкен компаниялардың өзін отандық нарықтарында жеңді. Жапония осы күндері инновациялық жүйесін коммерциялық тиімділігі бар инженерлік жасалымдарға бағыттауын жалғастыруда. Мұндай жасалымдардың бастамасын мемлекет қаржыландырады ал қалған арықарайғы үрдістерді жеке фирмалар қаржыландырады және Жапонияның инновациялық жүйесінің ең басты артықшылығы жоғары технологиялық саладағы жоғары сапалы өнімдер мен экспорттық бағытталу болып табылады.

Ал, Қытайдың тәжірибесінде жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізуді 1950 ж. құрылған ҒТИП (ғылыми-техникалық индустриалды парктер) жүзеге асырады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен дамып келеді. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасап ғылыми зерттеулер жүргізугеде қолдап отырады, ақпаратпен және қаржымен қамтамасыз етілуін қадағалап кәсіпорындарға “қолайлы орта” жасайды. ҒТИП Қытай экономикасынның инновациялық дамуына үлкен үлес қосып отырғанын оның құрамындағы кәсіпорындардың санының өсуінен байқаймыз. 1992 ж. –9678, 1996 ж. –13722, 2005 ж. –20796. 2009 ж. – 23516 құраған [32.53-55б.].

Оңтүстік Корея Республикасы ғылым мен техника саласын соңғы 50 жылда өте қарқынды дамыта білді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып тұрған ол, соғыстан кейін ғылыми зерттеулердің басым бөлігін ядролық, қорғаныс және космостық салаларға бағыттады. Оңтүстік Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын 60-жылдарының ортасында ғана қолға ала бастады. Ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыруға жауапты болып 1967 ж.болып Ғылым және технология Министрлігі құрылды және осы жылы Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Сол кезден бері кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланатын болды [33.50-51б.].

Инновациялық дамуды мемлекеттік реттеудің келесі моделі жаңа индустриялық елдерде қолданысқа ие болды. Яғни бұл модель іргелі және қолданбалы зерттеулері онша дамымаған және экономикасында ауылшаруашылығының әсері әліде жоғары елдерде қолданыс тапқан. Сонымен қатар бұл елдерде жергілікті трансұлттық компанияларды менеджментті дамытумен ерекшеленеді. Бұндай инновациялық дамуға бағдарланған елдерде экономикалық өсу қарқынының жоғарлағанын байқауға болады. Бұл инновациялық даму моделінің мысалы ретінде Тайланд, Турция, Португалия, Чили және Иордания сияқты елдердің инновациялық жүйесін айтуға болады.

Тайланд – урбанизациялану  деңгейі төмен ауылшаруашылығымен айналысатын тұрғындары көп үлкен мемлекет. Қазіргі таңда Тайланд әлемдегі ауылшаруашығы өнімдерін экспортаушы елдерлің алдыңғы қатарынан орын алған және осы саладағы инновациялық менеджметті жақсы дамытып жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Сонымен қатар туристік саласы қатты дамыған бүгінгі күні осы кі саласы мемлекет тарапынан қатты қалданылуда. Осындай мақсаттарға жету үшін 2003 жылы Тайлантта экономиканың инновациялық дамуы мен бәскеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған Ұлттық инновациялық агенттік құрылған болатын [32.53-55б.].

Чилидің экономикалық құрылымы дамыған елдердің құрылымынан ерекше. Бұл елдегі ЖІӨ көп бөлігін әлі күнге дейін ауылшаруашылығы құрайды. Инновациялық дамудағы және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуының басты көрсеткіші ауылшаруашылық саласы болып табылады

Экономиканың инновациялық дамуы мемлекет аралық, экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени байланыстардың интенсивтену шарттары негізінде жүзеге асады. Адамзаттың индустриалды өндіріс тәсілдерінен жоғары технологиялық өндіріс тәсілдеріне көшуіне байланысты жаһандану үрдісі құқықтық жүйеге тікелей әсер етеді. Қазіргі әлеуметтік және экономикалық жағдайға байланысты инновациялық даму түрлері мемлекеттердің географиялық және ведомоствалық шектеулерге қарамастан өзара әрекет етуі және идеялармен, білімдермен өзара алмасуы негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін.

XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық прогреспен инновациялық қызмет проблемаларын зерттеу шетелдік экономикалық әдебиеттерде басты бағыттардың біріне айналды. Бүгін әлемнің көптеген елдерінде инновациялық қатынастарды реттеу саласында салмақты тәжірибе жинақталған. Қазақстанның инновациялық саладағы нарықтық экономика жағдайында қолдануға болатын өзіндік заң шығарушылық тәжірибесі әзірге көп емес. Сондықтан бұл мәселелерді шешуде бірнеше он жылдықтар бойы қалыптасқан шет елдік мемлекеттер тәжірибесіне назар аударуымыз дұрыс болады. Бұрынғы буын өкілдерінің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, онда шетелдік жетістіктерді зерделеу «білімді өсіруге көмектесуге шақырылатын» құқықтың прогрессивті дамуының бірден-бір құралы. Бүгінде шетелдік құқықты жан-жақты және терең зерттеу қажетілігіне ешкімнің күмәні жоқ. Өйткені бұл зерттеулерді жүргізу тым жоғары күтулерден немесе жалғандықтардан құтылуға мүмкіндік туғызады.

АҚШ-та бұрыннан бері американдық аралас экономиканың барлық секторларындағы инновациялық үдерістерді ынталандыратын ішкі механизмдердің жұмыс істеуіне жағымды жағдай туғызатын кешендік тәсіл қалыптасқаны белгілі.

Жалпы алғанда, осы жағдайлардың барлығы ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық (ҒЗТКЖ) жұмыстарға ірі көлемде қаржылық аударымдар жасау үшін қолданылады. Осы мақсатта АҚШ өзінің сыртқы және ішкі саясатын жүргізуде “технологиялық көшбасшы” стратегиясын жүзеге асыруға басты назарды аударады. Алдыңғы қатарлы технологиялардың дамуына әсер ететін ҒЗТКЖ бағытталған «Техникалық өрлеу саясатының» ұзақ мерзім бойы ең өзекті мәселелердің бірі болуының өзі АҚШ инновацияға көп көңіл бөлетіндігінің бірден бір дәлелі.

Сондықтан да экономистердің еңбектерінде американдық ережелер бойынша “ойнау” жиі ұсынылады. Американың инновациялық қызметті қолдау саясатында заңшығарушылық көшбасшы болғаны және қазір де болып тұрғаны бәрімізге белгілі. Бұл елде ең ірі және барынша әртараптандырылған ұлттық инновациялық жүйе қалыптасқан. Бұл сонау тарихи кезеңдерден әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы міндеттерінде елдің ғылыми-техникалық даму мәселелері өзекті болғандығына байланысты. Бұл елдің тәжірибесі қазіргі заманда инновациялық үрдістердің әлеуметтік-экономикалық феномен болып қалыптасқанын сенімді турде дәлелдейді. Екінші жағынан, осы елдін тәжірибесі көрсеткендей мінсіз құқықтың қамтамасыз ету ерекше экономикалық, әлеуметтік және технологиялық контекстілерді талап етеді.

XX басында американлық ғылым негізінен университеттер мен жеке компаниялардың зертханаларында шоғырланғаны белгілі. Мемлекеттің ұлттық ғылым шығындарындағы үлесі 10-20% аралығын қамтиды. Осыған байланысты ғылыми және техниқалық саясат мемлекеттік реттеудің басым бағытына айналды.

Технологиялық шешімдердің коммерциялануы деңгейіне байланысты АҚШ ғалымдардың жиі сілтеме жасайтын бір заңнамалық актісі бар – ол 1986 жылы қабылданған федералды технологияларды беру туралы заң [34.36-39б.].

Осы заңды тура мағынада оқитын болсақ, онда бұл заңның жеке сектор мен мемлекеттік сектордың әріптестігін жетілдіруге бағытталғанын аңғаруға болады. Осы заңға байланысты университеттерге, федералды зертханаларға, жеке формаларға, консорциумдарға және штаттардың үкіметтеріне ҒЗТКЖ бірлесіп жүргізу туралы корпоративтік келісімдер жасасу құқығы берілді. Бұл заң АҚШ осы салаға қызығушылық білдірген барлық фирмаларға федералды зертханалардың ғылыми-технологиялық ресурстарын пайдалану мүмкіндігін берді.

Көптеген зерттеушілер үшін құқықтық проблемалардың шешімі шетелдік құқықтың нормаларының қызметін анықтау және осының нәтижесінде отандық заңнаманы жетілдіру жолдарын табу болып отыр. Бірақ бұл жерде тәжірибесіне жүгініп отырған елдің құқықтық жүйесінің ерекшелігі (специфика) ескерілмейді. Осыған байланысты АҚШ заңнамалық тәжірибесін және осы елдің инновация саласындағы жетістіктерін саралау барысында ағылшын-американдық құқық жүйесі мен континентальды құқық жүйесінің бір-бірінен өзгеше екендігін және осыған байланысты механикалық тұрғыдан бірігуі мүмкін еместігін ескеру қажет.

Германия экономикасындағы кедергілер оның АҚШ пен Жапониядан, ал жекелеген көрсеткіштер бойынша Швеция мен Финляндиядан артта қалуын анық көрсетуде. Бірақ, Германия ғылыми өнімдер экспортындағы жоғарғы пайызды иеленуіне байланысты инновациялық дамудағы көшбасшылардың бірі ретіндегі өзінің орнын сақтап қалып отыр. Германия экономикасы үшін көлікжасау және автомобиль жасау буынының маңызы зор. Европалық патенттік ведомоствоның тіркеген көлік саласындағы патенттердің жартысы Германияға тиесілі. Осы саладағы жаңашылдықтар аралас өндірістегі инновациялық белсенділікке күшті әсер етуде.

Германиядағы ғылыми зерттеулердің қаржыландырудың басты көзі-жеке бизнес болып табылады. Неміс ғылымын қолдау қорларының одағының өзінде бизнестен қаржыландырылатын 307 қор бар. Бұл одаққа көптеген ірі және өз бетімен қызмет ететін Фольксваген Қоры, Роберт Боштың Қоры, Бертельсманның Қоры, Кербердің Қоры және т.б. қорларының кірмейтіндігін ескерген жөн. Қорлардың қызметінің негізгі бағыты зерттеулердің жоғары сапасын қамтамасыз ету [30.10б.]. Мемлекет өз кезегінде салықтық жеңілдіктер беру арқылы қорлар үшін жағымды жағдай туғызып отыр.

Өнеркәсіп пен университеттер арасындағы өсіп келе жатқан ғылыми байланыстарды және елдегі ғылымды қаржыландыру мемлекеттік тарапынан жүзеге асырылуда. Университеттер мен жоғары оқу орындарының тек қана өнеркәсіптік кәсіпорындардың қаржысы негізінде өмір сүре алмайтындығын ескеріп, ЖОО зерттеу жұмыстарын мемлекеттік қаржыландыру аса маңызды екенін түсінуге болады. Дамыған нарықтық экономиканың өзінде мемлекет ұлттық ғылым мен инновация жүйесінің белсенді элементі ретінде көрініс табады. Бұл жағдайда мемлекет тек қана реттеуді жүзеге асырмайды, сонымен қатар барлық деңгейдегі биліктің міндетіне жататын әлеуметтік талаптарды шешуді жүзеге асырады және осы саладағы нарықтық механизмдегі кемшіліктерді реттеу арқылы ҒЗТКЖ тікелей қолдайды.

Германияның Федеральды білім және ғылым министрлігінің жылдық есебінің көрсеткіштері бойынша 2009 жылы бұл елде 750 ұйым ғылыми зерттеулерді жүзеге асырған, ал осы ғылыми зерттеулердің шығындары 59 млн. евро, яғни ЖІӨ-нің 2,6%-ын құрайды. 2010 жылы Германия ғылым және білім саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүргізу арқылы ғылым және инновация шығындарын ЖІӨ-нің 3%-на жеткізді [35.37-38б.].

Қазіргі заманғы мемлекеттік саясатының мақсатының бірі мемлекттік ғылыми зерттеу институттарының “нарықтық” бағдарлануын күшейтуді көздейтін интеграцияланған ғылыми-техникалық және инновациялық саясат жүргізу.

Германияда мемлекеттік  сектор мен жеке өнеркәсіп арасындағы, университеттер мен мемлекеттік зертеушілік зертханалар арасындағы коперацияланудың дамуына ерекше назар аударылады. Бұл жерде ҒЗТКЖ нәтижелерін тікелей өнеркәсіпке берілуіне (трансфер) негізгі назар аударылады.

Франция заңнамасы тарихи тұрғыдан көптеген елдер мен Ресей үшін үлгі бола алады. Бұл елде 1971 жылы 7 қаңтарда өнертапқыштардың патент алуға құқығы туралы алғашқы заң қабылданды [36.43-47б.].

1971 жылғы Франциялық заң өнертапқыштардың құқықтарын қорғайтын облигаторлық қағиданы орнатты, ол заң талаптарына сай өтінішке жауап ретінде өнертапқыштың патент алуға құқығын мойындайтын мемлекеттің міндетін бекітті.

1971 жылғы Заң патент иесінің өнертабысты пайдалануға «айрықша құқық» терминін алғаш қолданғандардың бірі болды. Өнертапқыш заңнамалық деңгейде үшінші тұлғаларға өз өнертабысын сәйкесінше рұқсатсыз қолдануға тыйым салу құқығына, сонымен қатар контрафакторларды соттық тәртіппен қудалау құқығына ие болды.

Қазіргі таңда Францияда инновациялық белсенділікті мемлекет ынталандырады және қолдайды, ал ғылыми зерттеулер мен технологиялық даму жалпы ұлттық басымдық ретінде мойындалады. Франциядағы ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға шығындар бүгінгі таңда шамамен жылына 35 млрд. құрайды, ол ЖҰӨ 2,13% тең. Оның ішінде ЖҰӨ 0,9% мемлекет, ал 1,4% - жеке меншік компаниялар береді, соңғы жылдары бұл арақатынас мемлекеттік шығындар пайдасына өзгеріп келеді [36.43-47б.]. Францияның 15.07.1982 жылғы № 82-610 «Зерттеулер мен технологиялардың дамуының негізгі бағыттары туралы» заңына сәйкес мемлекеттік ғылыми зерттеулер тек «мемлекеттік маңызы бар істі құрап» қана қоймайды, сонымен қатар «зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу» мақсатын қояды. Франция ұлттық экономиканың дамуын құрайтын инновацияны күшейту бағыттары бойынша шешімді қадамдар жасауда. 1999 ж. 12 шілдеде Францияда № 99-587 «Инновациялар мен ғылыми зерттеулер туралы» заң қабылданды, ол табиғаты бойынша 1982 жылғы заңның жалғасы болды. 1-13, 15-17, 21-24 баптары жаңа заңға өзгеріссіз ауысты, ал қалғандары – жаңа редакцияда мазмұндалды [36.43-47б.].

1999 жылғы Заң біріншіден, экономиканың мемлекеттік секторымен қаржыландырылатын зерттеу нәтижелерінің трансферіне, өнеркәсіпке және шағын инновациялық компанияларды жасауға бағытталды. Елдегі қолданыстағы азаматтық заңнаманы ескере отырып, бұл заңның пәні онымен қиылыспайды, алайда оның бар болу фактісін ескереді. Мұнда қолданбалы зерттеулерді басқарудың бағдарламалық-мақсатты әдістері қолданылады.

1999 жылғы «Инновациялар мен ғылыми зерттеулер туралы» заң Франциядағы жоғарғы оқу орындары білім беру ұйымдарының және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлеріне кәсіпорын жұмысына өз ғылыми үлесін қосуға мүмкіндік берді. Франциялық заңнаманың мұндай тәсілі, Франциядағы ғылыми жетістіктерді жасайтын ғалымдарды ынталандыруға бағытталған жаңа прогрессивті шараларды жүзеге асырудың алғы шарты болып табылады.

2002 жылы Францияда ғылыми саланы дамыту концепциясы қабылданды. Берілген концепция шегінде 2002 ж. «Инновациялық жоспар» бағдарламасы бекітілген, ол компанияның ғылыми-зерттеушілік және енгізушілік қызметін ынталандыруға бағытталды.

Бағдарламаның ерекшелігі болып қарастырылып отырған концепцияның шараларының фискалды сипатқа ие болуы танылады. Негізгі құрал – жақында құрылған инновациялық фирмаларға берілетін салықтық жеңілдіктер, оларға ерекше заңдық мәртебе беріледі – «жас инновациялық компания мәртебесі».

Мұндай мәртебе алған фирмалар келесілерден босатылады:

· алғашқы үш жыл ішінде корпаративтік салықтан, ал келесі екі жылдары жай салық соммасының жартысын төлейді;

· әлеуметтік қорларға жарналардан (толығымен 6 жылға);

· жергілікті салықтарды төлеуден (бұл төлемдерді мемлекет өз мойнына алады).

Бұл компаниялар шығарған бағалы қағаздарды иеленетін жеке тұлғалар бағалы қағаздан түсетін пайдаға салынатын салықты төлемейді. Берілген мәртебені алуға келесі шарттар қойылады:

·фирманың 8 жылға дейінгі жасы;

·фирманың қызмет етуінің орташа кезеңіндегі жалпы шығындардағы ҒЗТКЖ-ға кеткен 15%-дан кем емес үлестік салмағы;

·жеке меншік тұлғаларға компанияның 75%-дан кем емес капиталының тиесілі болуы.

2004 жылға дейін Францияда компанияға инновацияны ынталандыруға қаражаттар әр түрлі арналар арқылы бюджеттің барлық деңгейлерінен түсетін. Жергілікті деңгейде оны Ғылыми зерттеулер нәтижелерін енгізу бойынша ұлттық агенттік бөлімшелері жүзеге асыратын, ұлттық деңгейде – үш министрліктердің (экономика, көлік, ғылым және білім) департаменттері. 2004 жылы Францияда аймақтық деңгейдегі бірыңғай үйлесімдік органды – «Инновацияға көмектің аймақтық бөлімін» құру туралы шешім қабылданды, оның негізгі өкілеттілігі болып нақты аймақтың (олар Францияда 22) инновациялық қызметін дамыту мақсатында әр түрлі бюджеттерден бөлінетін қаражаттарды үйлестіру функциясы табылады [37.68-71б.].

Францияның инновациялық дамуының кезекті қадамы болып 2006 жылғы 18 сәуірдегі «Ғылыми зерттеулер бойынша бағдарлама туралы» заңның қабылдануы танылады, ол ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тәртібін жетілдіруге бағытталған. Сонымен, айтылған заңның 1-бабына сәйкес ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың негізгі көздері айқындалған:

· «ғылыми зерттеулер және жоғарғы білім беру» жобасының бюджеттік қаржыландыруы;

· бюджеттен тыс ресурстар;

· фискалды шығындар (бағдарлама шегінде бұларға зерттеушілік пен инновациялық қызметке бөлінетін қаражаттар шамасында берілетінін ерекше атап кеткен жөн) [27.34-43б.].

Инновациялық белсенділіктің шетелдегі (АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Австралия, Германия, Канада, Жапония, Франция, Швеция, Корея) ынталандыру формалары мен әдістерін талдау инновациялық және ғылыми-техникалық қызметті ынталандыру саласында жасақталған барлық шаралар қатарынан ең маңызды болып үш негізгі қағида табылатынын көрсетті:

·салықтық ынталандыру;

·амортизациялық саясат арқылы ынталандыру;

·өнімнің жаңа түрлерін меңгеретін компанияларға тікелей бюджеттік дотациялар.

Инновациялық белсенділіктің мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері туралы айтқанда оның басты құраушысы болып салықтық жеңілдіктер танылатынын айта кеткен маңызды, олар ғылыми ұйымдарға емес, өз кезегінде зерттеу мен инновацияға сұранысты қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен инвесторларға ұсынылады. Бұл кезде салықтық жеңілдік аванс ретінде емес, табысқа салынатын салықтан инновацияға шығындардың кезекті қосылмауы жолымен нақты инновацияға ұсынылады. Амортизациялық саясат капитал мен материалды емес активтердің құнын төмендету нормативтерін бекіту, сонымен қатар оларды өндірістік шығындар немесе шығыстарға жатқызу тәртібі ретінде қолданылады. Дамыған елдерде құрал-жабдықтар мен технологияларды қолдану мерзімдерін анықтайтын нормативті шектеулер қолданылады. Тікелей бюджеттік дотациялар жаңа өнімдерді меңгеретін немесе бұл өнімдерді қолданатын кәсіпорындарға беріледі. Әдетте дотацияларды мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды жабдықтаумен ұштастырады.

Сондықтан, инновациялық қызметтің құрылымдық-құқықтық механизмі екі өзара байланысқан құқықтық блоктар арасында көрінеді. Бірінші блок инновациялық қызмет саласында нақты қатынастарды ұйымдастыруды, мұндай қызмет пен мемлекет қатысушыларының қажеттілігімен сәйкес олардың қызметтері мен дамуын қамтамасыз ету мақсатына ие болатын нормаларды жасайды. Өзінің табиғаты бойынша бұл нормалар инновациялық қызмет қатысушыларының қатынастарын экономикалық өзін өзі реттеуге бағытталған. Екінші – мемлекеттік қорғаушылық реттеу нормалары, оған инновациялық үдерістерді олардың белгілі бір қызметтерімен бірге мемлекеттік басқару органдары жүйесін құру жатады. Бұл инновациялық үдерістерге субъектілерінің қатысуын (жеке меншік құқықтық) және субординациялық қатынастардың (көпшілік-құқықтық) заңдық теңдік қатынастарын реттейтін нормалар жиынтығы, ол инновациялық қызметтің құқықтық ортасын қалыптастырады және оның қатысушыларының тиімді экономикалық тәртібін қамтамасыз етеді. Жеке құқықтың оның рұқсат етілген тәсілдерімен бірге әдістермен, мүліктік қатынастардың қатысушыларының теңдігімен және еркіндігімен еркін нарықтың даму міндеттері шешіледі, мұнда өзін өзі реттеу мемлекеттік реттеудің көп жағдайда қолданылатын баламасы ретінде қарастырылады. Нарықтың қажет арнаға бағытталуы көпшілік құқықтың құралдарымен және әдістерімен шешіледі. Бұл жерде әкімшілік құқық нормалары маңызды рөлге ие болады, «олар атқарушы билік органдары мен негізгі нарықтық құрылымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейді».

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей инновациялық дамуды мемлекеттік реттеудің келесідей негіздердері бар:

-инновациялық қызметті заңнамалық құқықтық реттеу;

-университеттер мен ғызыми зерттеу орталықтарында фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамыту;

-инновациялық жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру;

-мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;

-салық салынатын базаны анықтау барысында инновацияларғы кеткен шығындарды шегеру және т.б. жеңілдіктер ұсыну арқылы тиімді салық саясатын жүргізу;

-қаржы-несиелік саясат арқылы ынталандыру;

-бюджеттен тыс ресурстарды жұмылдыру;

-ғылым мен өндіріс арасында тығыз байланысты ұйымдастыру;

-технопарктер, технополистер  және ғылыми зерттеу орталықтарын құру арқылы инновациялық қызметпен айналысатын кәсіпкерлікті дамыту;

-экономиканың маңызды салаларын жоғары технологиялармен қамтамасыз ету және т.б. арқылы тиімді мемлекеттік саясат жүзеге асырылады.

Сонымен қатар Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және инновациялық инфрақұрылымды дамыту, ғылыммен айналысуды ынталындыру және басқада әлеуметтік-экономикалық жағымды жағдайлар қалыптастыру. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекеттік реттеуді елдегі бар ресурстарды тиімді пайдалануға қарай бағыттау және дамыту.


Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі