Инновациялық саясат
Кіріспе
Инновация ұғымы түсінігі
Ғылыми –техникалық және инновациялық саясат
Инновацияның рөлі мен функциялары
Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі
Инновациялық жобаларды бағалау
Қолданылған әдебиеттер
Кiрiспе
Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация
деңгейін, егеменді ел экономикасының
нақтылығы мен перспективасын, қазіргі
әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін
ақтайтын басты фактор болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстанда үлк
Қазіргі кезде Қазақстанда ескі және жаңа
инновациялық жүйелердің элементтері
ұштасқан ауыспалы типтегі ұлттық инновациялық
жүйеде (ҰИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру
арқылы қызмет атқаруда. Жаңа ҰИЖ-ге индустрия
мен қызмет көрсету саласындағы шағын
сектордың ғылыми-техникалық ұйымдарын,
шағын инновациялық кәсіпорындарды, көптеген мемле
Қурстық жұмысының өзектілігі Индустриалдық дамыған елдерде
экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті
мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен
индустриялық-инновациялық іс-әрекеттерді
жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл
бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі
индустриялық-инновациялық белсенділіктің негізгі қозғауш
Инновация туралы түсінік
Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және
қолдануды құрудың комлекстік үрдісі
немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың,
ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге
енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы.
Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер
беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше
мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та
ең бастысы “инновация” мен “жаңалық”
терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың
мағынасын білу керек. Жаңалық қандай
да қызмет саласында оның тиімділігін
жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы,
тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген
нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай
түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу; патенттер;
тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар;
жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары;
ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар;
ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер;
құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер,
нұсқаулар және т.б.); маркетингтік зерттеулердің
нәтижелері және т.б. жаңалықты жасаудағы
инвестиция – жұмыстың жартысы. Ең бастысы
— жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация
формасына айналдыру, яғни инновациялық
диффузияны жалғастыруға болады. Жаңалықты
жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу
қажет. Ал, инновация – жаңалықты енгізуде
басқару обьектісін өзгерту мақсатында
және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық,
ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік
түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты
ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда
болады. Қысқаша айтқанда, инновация –
жаңалықты енгізудің нәтижесі.
Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде
“жаңалық” және “инновация” дегенге
әр түрлі категорияларда түсіндірулер
кездеседі. Кей жағдайларда бұл түсініктер
синонимдер секілді қолданылады, бірақ
айқын айырмашылықтар бар. ¬ «Жаңалық»-деген
айқын жаңалыққа мінездеме береді, тап
мұнда түсінік «ойлап табу» деген ұғымға
таяу.
“Жаңалық енгізу”- бұл жаңа техника мен
технологияны меңгеру, басқару мен ұйымдастырудың
жақсарған әдістері.
Инновация – бұл іздеуге, жасауға және
жаңа бұйым түрлерін, технологияларын,
таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа
да анықтамасы бар. Иновация –бұл жаңалық
енгізудің жалпы процессі, адамдардың
қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын
және таратылатын жаңалық , қоғамның даму
әсеріне байланысты ауысып отырады.
Фирма жүйесінің “кірісі” сияқты сатушылардың
тез енуіне, инновациялық формаға өтуде,
өзінің енгізу үшін уақытын күтіп, жай
жинақталу жаңалығы болады. Фирманың “шығысында”
тауарлар сияқты тек жаңалық болады. ҒЗТКЖ
стратегиялық маркетинг процесі бойынша
өндірістің ұйымдастыру – технологиялық
дайындығының, жаңалықты рәсімдеу және
өндіру, оларды басқа салаларға таратуды
(диффузия), инновациялық қызметті айтады.
Инновацияның жіктелуінің негізгі критерийлері
болуы қажет:
а) талдау және кодтау үшін ескерілетін
классификациялық жинақтаудың кешенділігі;
б) критерийді анықтаудың сандық (сапалық)
мүмкіндігі;
в) ұсынылған жіктелу белгілерінің ғылыми
жаңалығы;
Инновация және жаңалық портфелін қалыптастыру
барысында тауардың бәсекеге қабілеттілігін
талдау нәтижесі негізінде ұйымдардың
ұйымдастыру, әлеуметтік, техникалық,
қаржылық жағдайын, оның бәсекелестік
мүмкіндігі ұйымның қызмет және кешенді
даму саясаты қалыптасады. Ұйымның саясаты
– басты жолы, қандай да бір қызмеи саласында
(техникалық, экономикалық, әлеуметтік,
сыртқыэкономикалық және т.б.) ұйымдардың
басшыларымен өткізілген стратегиялық
шама жүйесі болып табылады.Кез-келген
саясаттың негізі жаңалығы, яғни инновацияны
ендіру болып табылады. Ұсыныстар бойынша
орындалған жұмыс негізінде ұйымның инновация
және жаңалық портфелі қалыптасады. Инновация
портфелі ұйымда енгізуге жататын (кіргізуге)
жеке еңбектер мен сатып алынатын өзінше
кешенін жаңалық тізімін көрсетеді. Осылайша,
стратегиялық маркетинг ісінің әдістері
мен ғылыми тұрғыда келу негізінде тауарлардың
бәсекеге қабілеттілігі, нормативтері
ұйымдардың жаңалық және инновация портфелінде
жасалған.
Инновация жіктелуін қарастыруда жаңалық
санын алынатыны және жеке жасалған болу
мүмкіндігі айтылған, ал жаңалықты ендіру
нәтижесі сияқты тек ұйымда іс жүзіне
асырылуы мүмкін. Инновация сатылмайды,
жаңалық инновацияда тұтыну саласында
оларды айналдыруүшін сатылады.
Жаңалықтың өмір сүру циклы үш жолдың
біреуі арқылы дамуы мүмкін: 1) инновациялық
ұйымда жинақталу; 2) жаңалықтың инновацияға
айналуы; 3) тауар сияқты сатылуы;
Ұйым қызметінің тиімділігі экономикалық
және қаржылық көрсеткіштерге қарай бағаланады.
Нарықтық қатынас жағдайында көрсеткіштің
бірыңғай жүйе болуы мүмкін емес. Әрбір
инвестор инновациялық жобаның ерекшеліктерінен,
мамандардың, менеджерлердің және т.б.
факторлардың шеберлігіне байланысты
бұл жүйені анықтайды.
Ұйымдардың қызметінің тиімділігі мен
қарқындық негізгі көрсеткіштерінің бірі
оның тұрақтылық көрсеткіші болып табылады.
Экономикалық тиімділікті кіріс формасында
алу есебінен ұйым қызметкерлерінің жағдайын
кешенді көтеру және дамытуды іс жүзіне
асырады. Тиімділіктің басқа түрлері өзіне
потенциалды экономикалық тиімділікті
алып жүреді.
Мұнда қорытынды бағалау принципіне фактілі
экономикалық тиімділікті алу уақыты
мен оны алудың анықталмаған дәрежесі
болып табылады.
Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат
Экономикалық катынастардың жалпы жүйесінде иновациялық қызметті
Дамыған индустриялы елдерле технологиялардан, кұрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жаксартудың негізгі кұралы болып отыр.
Қазіргі уақытта ғылымды көп кажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп кажетсінетін жаңа технологияларды және акпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми–техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету.Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық міндеті болып табылады.
Қазақстанның ғылыми-
Шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуы тежелуінің негізгі себебі шағын кәсіпорынның әдетте, ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті өнімдер шығара алмауында болып отыр.
Шағын кәсіпкерлікті ірі кәсіпорындармен біріктіру (коперациялау) мақсатында табиғи монополия субъектілерінің негізхгі қызметіне қатыссыз қызметтер көрсету жөніндегі функцияларын шағын бизнес субъектілерінің бәсекелестік ортасына беру тетігін әзірлеу қажет. Бұдан өзге, шағын бизнесте инновациялық және ғылымды көп қажетсінетін өндірістерді, оның ішінде лизинг бойынша құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алу, және шағын және ірі бизнестің франчайзингтік қатынастырының кең таралуы есебінен дамыту үшін жағдай жасау керек.
Қазақстандық өндірушілерге ғыл
Қазақстандағы ғылымның
қазіргі таңдағы жағдайы
Инновациялық дамудың базалық үлгісі негізінде ішкі және сыртқы инновация көздерінің арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсіру стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке зерттеулерге негізделген өзіндік технологияларын белсенді жетілдіретін алдыңғы қатардағы елдерге тән. Технологиялардың трансферті стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке әзірлемелері жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулі елдерде де іске асырылады.
Сонымен, ғылыми-техникалық және қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:
- Мемлекеттің қатысуымен маманданған венчурлік капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;
- Инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау нысандарымен әдістерін әзірлеу;
- Инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік сипаттағы маманданған субъектілерін құру енетін инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру.
Инновациялық сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау;
- Өнеркісіптің базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру
- Технологиялардың өркенитетті нарығы үшін жағдайлар жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгілерін қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының тренсфертін ынталандыру
- Отандық кәсіпорындардың үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес сапа стандартына өтуін жандандыру
- Халықаралық донор ұйымдардың, мүдделі қаржы – несие және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту болып табылуы тиіс.
Инновацияның рөлі мен функциялары
Қазіргі таңда кез-келген
бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға
деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан
да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік
көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді
талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет
ролінің маңыздылығын талдау мақсатында
инвестицияның берген анықтамасы мен
оның механизмін зерттеу болып табылады.
Мұның ішінде келесі талдау бағыттары
қарастырылады:
- мәселелердің негізделген құрылымдық
идеясын талдау;
- ұйымның рационалды құрылымын талдау;
- ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын,
олардың командаларының кәсіби шеберлігін
талдау;
- ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын
талдау;
- ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент
әдістерін жобалауда қолданылатын сәйкестікті
талдау;
- ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды
талдау;
- инновация және жаңалық портфелі құрылымын
талдау (сатып алынатын жаңалық, ұйымға
ендіруге арналған жаңалық, жинақтауға
арналған жаңалық, жеке жасалған жаңалық,
сатуға арналған жаңалық);
- жоба экспертизасының сапасын талдау;
- ұйымның инновациялық қызмет тиімділігінің
есеп көрсеткішінің сапсаын талдау;
- инновациялық қызметтің ынталандыру
жүйесін талдау;
Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін,
рөлін талдауды келесі принциптерді сақтай
отырып іс-жүзіне асыру керек:
- диалектика (жүйелікпен келу, динамикалықпен
келу). Қажеттілік және кездейсоқтық ашу
принципі, бірлік және қарама-қарсылықты
күрес принципі, өту принципі, жоқты жоққа
шығару принципі;
- талдау мен жинақтау бірлігі;
- ранжирлеу;
- баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз
ету;
- оперативтілік;
- сандық анықтамалылығы және т.б.
Талдау әдістері: салыстыру, балансты,
индексті, факторлық және т.б.
Инновация бұл – экономикалық категория.
Категория бойынша инновация жаңа енгізудің
жалпы және маңызды қасиеттерін, себептерін,
қатынасын көрсетеді.
Категорияның маңызы оның функцияларында
көрінеді. Экономикалық категорияның
функциясы оның ішкі құбылысын нақты түрде
енгізеді. Инновацияның функциялары оның
экономикалық жүйедегі көрінісін және
де шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді.
Инновация жаңа өнім немесе операцияға
(технология, үрдіс) салынған капиталдың
пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады.
Сатуға дайын инновацияны іске қосарда,
«ақша-инновация» айырбасы жүзеге асырылады.
Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен
(продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша
мүліктері, біріншіден, инновацияны құру
және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны
жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі;
үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға
үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден,
жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру
қайнар көзі болып табылады.
Осыларды қарастыра отырып, инновацияның
үш функциясын көрсетуге болады:
- өндірістік;
- инвестициялық;
- ынталандырушы;
Өндірістік функция мынаны білдіреді:
яғни, инновация кең өрістің маңызды қайнар
көзі болып табылатынын көрсетеді.
Нарықта сатылған инновациялардан түсетін
ақшалай түсім қаржылық ресурстардың
қайнар көзі және де инновациялық үрдістің
эффектілік мөлшеріндегі қызметін жасайтын
қызметкерлік пайданы құрайды.
Қызметкерлік пайда сауда-өндірістік,
инвестициялық, инновациялық және қаржылық
істердің көлемін кеңейтуге бағытталуы
мүмкін. Пайданың қолдану бағыттары «Шаруашылық
субьект ақша ағымының жоспарында» көрсетіледі.
Осылайша, инновациядан пайда көру және
оны қаржылық ресурстардың қайнар көзі
ретінде қолдану өндірістік функцияның
инновациясын құрайды.
Инновацияны өткізу нәтижесінде түскен
пайда әрбір бағытта қолдануы мүмкін,
соның ішінде капиталдың қызметінде.
Капитал пайда көру үшін алынатын ақша
болып табылады. Бұл капитал бүкіл инвестициялардың
қаржыландыруы немесе белгілі бір инновацияның
жаңа түрлері үшін қолданылатын инновация
пайдасы инновацияның иевестициялық функциясын
құрайды.
Инновацияны енгізу нәтижесінде кәсіпкердің
алатын пайдасы кез-келген коммерциялық
шаруашылық субьект мақсатының функциясына
тікелей сәйкес келеді. Бұл құбылыс кәсіпкердің
жаңа инновацияларға стимул ретінде қызмет
атқарады; әрқашанда оған сұранысты үйренуге,
маркетингтік істерді жүргізуді ынталандыруға
, қаржылық басқарудың жаңа қасиеттерін
қолдануға (реинжиниринг, брэнд-стратегия,
бенчмаркинг және т.б.) қызуғышылық тудырады.
Жоғарыда айтылғандар ынталандырушы функцияның
құрамын құрайды.
Жаңалық нарығының механизмі және функциялары.
Жаңалық нарығын инновациялық кәсіпкерлікпен,
тауар-жаңалықтарының өндіру амалы мен
мекеніне байланысты экономикалық формалардың
және механизмдердің жүйесі ретінде қарастыруға
болады. Нарықтық механизмге бағалар,
ақша, несие және басқа да бағалы категориялар
жатады. Жаңалық нарығына жаңалық сұранысы
мен ұсынысы, бағалар масштабы, жаңалықтардың
өзіндік құнының сұранысы және т.б. байланысты.
Нарықтық механизм тауар-жаңалықтарының
байланысына қызмет етеді және оны бақарудың
факторы болып табылады. Сонымен бірге
де ол жаңалық өндірушінің және кәсіпкердің
қолданысы үшін пайдалынады.
Астыдағы кестеде жаңалықтар нарығының
тауарлары мен инновациялық тауарлар
топтарының жалпы мінездемесі мысал ретінде
берілген:
Инновациялық тауарлардың
түрлері Тауар мінездемесі
Бірлік жаңалық Белгілі бір өмір уақыты
мен моральдық қартаюының интеллектуалдық іс-шаралары ретіндегі
өнімді білдіретін инновациялық тауар
Обьектік жаңалық Жаңа
қолданушы бағалықты құрайтын және
техника мен технологияның
Негізгі жаңалық Жаңа өнімдерге сұранысты немесе экономикалық өсудің жаңа сапасын қамтамасыз ететін жаңалықтардың біртестік комплексі
Программалық жаңалық Жаңа сұранысты қамтамасыз ететін бірлік обьектер мен негізгі жаңалықтардың, және де бірыңғай өзгермелі комплексі.
Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі
Кәсіпкерліктің инновациялық
қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің
жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің
жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы
ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік
шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар
жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның
мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
- өнімділік;
- үрдістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның
түбегейлі өнімділігі ретінле анықталады.
Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға
негізделеді, не тіршілікте қолданылып
жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын
ұштастырады.
Процестік инновация – бұл жаңалықты
енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны
едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті
ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде
жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік
тәжірибеде ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің
салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады.
Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы
және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік
жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп
нұсқасы болып табылады. Инновацияның
өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің
және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын
көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі
уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге
келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға
дейінгі инновациялық өнімнің негізінде
анықталады.
Кәсіпкерліктің инновациялық қызметін
әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда
қосылатындары:
- жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық
ғылыми жұмыстар, өнімнің
жаңа зертханалық үлшілерін, техниканың
жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және
бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу
және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
- өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін
шикізаттар мен материал-
дардың қажетті түрлерін таңдап алу;
- жаңа өнімді дайындауда технологиялық
процесті әзірлеу;
- қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау,
жасау, сынақтан
өткізу және жаңа техниканың үлгілерін
енгізу;
- жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған
ұйымдастырушылық-
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және
енгізу;
- қажетті ақпараттық ресурстарды және
инновацияны ақпаратпен
қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
- қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық
жұмыстарды
жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық
беру және
қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
- лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын
жүргізу немесе қажетті
құжаттарды алу;
- инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру
және маркетингтік
зерттеулерді жүргізу.
Кәсіпкерліктің инновациялық
қызметі көптеген жағдайда жаңа техника мен технологияның техникалық
деңгейінің көрсеткіштерінде айқындалады.
Нарықтық экономикада жағдайында инновациялық
қызметінің тиімділігін талдау қиындайды
және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың
бірінші кезеңінде — жаңа техниканы және
технологияны қолдану қажеттігін көрсеткіштер
және жаңа техника мен технологияның тииімділігі.
Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің
экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері
және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни
техниканың, технологияның, ұйымдастырудың,
басшылықтың және ғылыми-зерттеу және
конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді
әдіснамалық тұлға айру қажет. Ең ақырында
өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі
өндірістік процестің негізгі элементтерін
пайдалану деңгейінде байқалады:еңбек,
еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне,
сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер,
еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды
қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы
ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын
пайдалануды қамтитын жаңа техника мен
технологияның экономикалық деңгейін
арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыдағы
аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі,
қор қайтарымы, материалды қажетсіну және
айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың
жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды
талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің
нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен
қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де
пайдаланылады.
Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық
тиімділігін арттыру шаралары мына төмендегі
топтарға бірігеді:
- еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің
саны және еңбекақы қорының салыстырмалы
ауытқкы;
- материалдық қайтарымның үстелуі (материалды
қажетсінуі), материалдық ресурстардың
шығындарының салыстармалы ауытқуы;
- айналым қаражатының айналым жылдамдығының
үстелуі, (босатып алу немесе байлау) айналым
қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
- қарқындату есебінен еңбек, материалдық
және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда
өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;
- пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының
үстелуі;
- кәсіпорынның төлем қабілеттіліг және
қаржы жағдайының көрсеткіштерінің үстелуі.
Қолданылатын техникалық және технологиялық
шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен
тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық
деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық
әдістік заттарға технологиялық қарқындылық
және технологиялық басқарылатын процестерге,
оның бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер
етуіне байланысты болады.
Ғылыми-техникалық пррогрестің
экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника
мен технологияны өндіріске енгізуде
бұл шаралардың экономикалық тиімділігін
анықтау төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды
іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;
Екінші кезең – бұл қаржыландырудың мүмкіншілік
көздерін анықтау;
Үшінші кезең – бұл жаңа техника мен технологияны
өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті
бағалау;
Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді
салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың
тиімділігін бағалау.
Кәсіпкерлік өндіріс жағдайында экономикалық
тиімділікті анықтау кезінде мыналар
пайдаланылады:
- өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы
көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары
және тарифтер;
- қолданыста заңды түрде белгіленген
өндірістік ресурстар (өндірістік қорлар,
еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер;
- қолданыстағы кәсіпкерліктің пайдадан
нормативтік аударымы және орталықтандырылған
салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру
үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және
жергілікті бюджеттердің бірігуі;
- банкілердің несие берудегі немесе жеке
қаржыларын сақтау жөніндегі кәсіпкерліктің
тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;
- валюталық түсімдерді қайта есептеу
нормативтері, т.б.
Экономиаклық нәтижелілік – бұл еңбек
өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық
сиымдылықтарын төмендету, өнімнің өзіндік
құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты
одан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпкерліктегі
ресурстарды босатып алу; материалдық
, еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника
мен технологияның, ашу, өнертабыс және
оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа
да жаңа енгізілімнің пайда болуы.
Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты
материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің
артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде
мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және
техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту,
ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету,
т.б.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады,
егер де үкімет тарапынан ғылыми-техникалық
прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.
Инновациялық жобаларды бағалау
Кез-келген бір инновациянымен жобаны іске
асыру материалдық және қаржылық шығынды
қажет етеді. Жаңа өнімге немесе қызметікеқызметке
қолданушылардың табылуы және де жобаның
қаншалықты коммерциализацилауға өтетіндігін
білмегендіктен ол әрқашанда рискке байланысты
болады. Сондықтан да инновациялық үрдісте
бағалау уақыты маңызды болып табылады.
Бағалаудың қиындығына қарамастан, ол
керекті және инновациялық үрдістің рискін
түсіретін фактор болып табылады.
Инновациялық жобалардың эффектілігін
бағалау кезінде жобаның белгіленуіне
байланысты эффектіліктің бірнеше түрлерін
анализдеу керек.
Сурет 1 – Инновациялық жобаның эффектілігін
бағалау.
Инновациялық жобаларды
салыстыру және олардың ішінен ең
тиімдісін таңдауды келесі көрсеткіштерді
қолдану арқылы орындалады:
- таза дискоттық кіріс (ТДК) немесе интегралдық
эффект;
- кірістің индексі;
- кірістің ішкі нормасы;
- есе қайтару мерзімі;
- баллдық көрсеткіштерді алу әдісі;
- әр-түрлі көрсеткіштердің ұқсастығы.
Таза дисконттық кіріс қазіргі эффектілердің
бүкіл төлемдік мерзімі бойынша мөлшері
болып табылады:
Э = ТДК = ∑ ( Р — З ) 1/(1+Е) ;
мұндағы, Э — интегралдық
эффект;
Т — төлем горизонты;
Р — сол уақыттағы жүзеге асырылатын көрсеткіштер,
тг;
З — сол уақытта да жұмсалатын шығындар,
тг;
1/(1+Е) – көрсеткіштер мен шығындар уақыты бойынша
коэффициент көрсеткіші;
Е — дисконт нормасы.
Егер де инновациялық
жобаның ТД-сі оң болса, онда жоба эффектілі
(пайдалы) болып табылады және де іске
асырылуы тиімді болып саналады. ТДК
неғұрлым көп болса, жобаның соғұрлым
эффектісі молырақ болады. Егер де тнвестициялық жоба ТДК-сі
теріс болса, онда инвестор шығынға ұшырайды
да, жоба эффектілі болмайды.
Кіріс индексі (КИ) берілген эффектілердің
қосындысының капитал салымына ара-қатынасын
көрсетеді:
КИ = 1/К ∑ ( Р — З ) 1/(Т+Е) ;
мұндағы, З — капитал салымы кірмейтін жағдайдағы берілген
уақыттағы шығыны;
Кіріс индексі ТДК-мен
тығыз байланысты. Ол сол элементтерден
құралады және оның мағынасы ТДК-нің
мағынасымен байланысты. Егер де ТДК
оң болса, онда КИ > 1, және керісінше.
Егер де К > 1, онда жоба эффектілі, ал егер КИ < 1 – онда эффектілі
емес.
Ішкі кіріс нормасы (ІКН) Е дисконтының
нормасын білдіріп, сол арқылы берілген
эффектілер көлемі берілген капитал салымына
тең болады.німдерді
Егер де инвестициялық жобаның ТДК төлемі
«берілген дисконттық норма (Е) көмегімен
эффектілі бола ма, әлде жоқ па?» деген
сұраққа жауап берсе, онда ІКН төлем үрдісінде
анықталып, артынан инвестордың талабы
бойынша қойылған каиталды кіріс нормасымен
салыстырады.
Егер ТДК инвестор талап ететін капиталдың
кіріс нормасына тең немесе артық болса,
онда берілген жобаға жасалған инвестиция
ақталады және жобаны қабылдауды қарастыруға
болады.
Егер ТДК және ІКН жоба нұсқаларын салыстыруда
қарама-қарсы көрсеткішткерге әкелсе,
онда ТДК анализі көрсеткіштеріне көңіл
бөлу керек.
Есе қайтару мерзімі – бұл бастапқы жобаны
жүзеге асыру барысындағы минималдық
уақыт арасы. Бұл жобаға байланысты бастапқы
салым мен басқа да шығындардың қосындылық
көрсеткінтеріне дұрысталатын уақыт мерзімі.
Ол жылмен, үшайлықпен және аймен өлшенеді.
Жобаны жүзеге асыру барысындағы көрсеткіштер
мен шығындарды дисконтпен (егер есе қайтару
мерзімі 1 жылдан астам болса) және дисконтсыз
(1 жылдан кем) анықтауға болады.
Инновациялық кәсіпкерлік − новаторлық
функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің
моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды,
бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық
дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және
капитал) қолдана отырып табу болып табылады.
Осылайша, новаторлық қызмет ең мағызды
болып есептеліп қалыптасады. Кәсіпкер
уақыт талапарына жауап беріп, келесі
функцияларды қолдана отырып уақыт сұранысына
жауап береді:
- ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату;
- модельдердің ауысуы;
- қолданушының болашақ сұраныстарын бүгін-ақ
қамтамасыз етуге
дайын болу;
- жаңалықтарды (өнімдер, қызметтер, технологиялар,
өндірістің жаңа
ұйымы және еңбек) енгізу және тарату үшін
қолданушылармен тығыз
байланыста болу.
Осы себептер өмірге нарыққа жаңа талаптарға
сай құрыла білетін көптеген кішігірім
өндірістерді тудырады. Үлкен фирмалар
өзінің инерционалдығын және «бұрылмаулылығынан»
тез қалыптаса алмайды, бірақ үлкен мөлшерде
кіші өндірістер ұсынатын жаңалықтарды
қоса алады. Кәсіпкерліктің бұл ролін
Й.Шумпетер былай айтты: «Кәсіпкердің
мақсаты – ашуларды енгізу арқылы өндіріс
тәсілдерін жаңадан құру және оны дамыту,
ал нақтылай мағынада жаңа тауарлар немесе
көне тауарларды өндіруде жаңа технологияларды
қолдану арқылы шикізаттың жаңа қайнар
көзін немесе дайын өнімнің жаңа нарығы
ашу».
Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері
Жаңалық енгізудің негізі
болып табылатын инновациялық іскерлік инвестициялық
іскерлікпен тығыз байланыста болады.
Инвестциясыз жаңалықтың болуы мүмкін
емес, өйткені ол өндіріс, таранспорттық
және сонымен қатар жаңалық-тауардың қолданушға
жетуін қамтамасыз етеді.
Инвестициялау – бұл түсімді қалыптастыру
мен алудағы ұзақ мерзімдік капитал салымы.
Бұл бизнеске салынған инветициялар болып
табылады (экономикалық инвестицияларда).
Сол инвестициялардың көмегімен күшті
өндірістік жарақтар құрылуда, жұмыс күшін
жалға алу қалыптасуда, өндірістік үрдіс
ұйымдастырылуда.
Әрқашанда инвестициялау бағдарының альтернативтік
түрлері болады:
– ұзақ мерзімдік қолданудағы тауарлар
мен қозғалмайтын мүлікті (сұраныс инвестициялары)
сатып алу жолымен ақшалай салым;
– бағалы қағаздар түріндегі активтерді
алу (қаржылық инвестициялары);
– инновациялық бизнеске арналған инвестициялар.
Инвестициялау бағдарын таңдау тиімді
тәуекелдегі үлкен кірістерді болжауын
көрсетеді.
Жаңалық енгізулерге арналған инвестициялардың
өзіндік қасиеттері болады:
1) Олар инновациялық үрдістің өзіндік
қасиетін қарастыру қажет, өйткені кейбір
экономика салаларында тұрулар, ал кейбреулерінде
– новацияға және өндірістік ақпараттық
және өнімнің интенсивтік жаңаруына деген
үлкен сұраныс қалыптасады. Инвестциялық
үрдістің бұл қасиеті негізгі капитал
жинағының механизмдері тығыз байланысты
болып, жаңа білім мен интеллектуалдық
еңбек өнімдерінің дискреттік қасиетін
көрсетеді.
2) Бұл инвестицияларға спкуляцияның байланысы
болмайды, өйткені олардың нақты болашақ
кірісі мен ұзақ уақыттық салым мерзімі
бар.
3) Ішкі және сыртқы факторларға байланысты
оның ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік
параметрлерінің болуымен қатар, бизнеске
арналған ивестицияларға обьект туралы
мағлұмат білу керек.
Кәсіпкер сонымен қатар инвестициялық
үрдістің өзімен анықталатын кейбір талаптарды
есінде сақтау керек. Жаңалық енгізу обьектсі
мен қаражат қайнар көзінің тәуекелін
табу; инвестициялардың түрі (ақшлай қаражат,
меншік, басқа активтер және міндеттемелер)
мен жүзеге асырудың ұйымдастыру формасын
таңдау; инвестицияларды қорғау және т.б.
Жаңалықты енгізу обьект тәуекелінің
бірнеше түрлері кездеседі:
Нарықтың тәуекелмен инвестицияланған
капиталдың сұраныс, өнімге және өндірістің
факторларына арналған бағалардың қозғалысының
нәтижесінде жоғалуыныі мүмкіндігімен
айқындалады.
Бизнес тәуекелі — жаңалық енгізудің
экономикалық бағалау эффектіліндегі
нақтылықпен, соның ішінде инвестициялық
мерзімнің ұзақтылығымен айқындалады.
Қаржылық тәуекел – ақшаның қабілеттілігінің
төмендеуі мен инветициялау, коммерциялық
жүзеге асыру кезіндегі активтердің құнсыздауына
байланысты.
Жаңалық енгізудің инвестициялауының
шешу негізіне этаптық мерзімде жүзеге
асырылатын стратегия мен бизнес әдісін
таңддау кіреді.
Қ.Мейірбеков / «Кәсіпорын экономикасы»/ Алматы 2001
Интернет сайттары www.google.kz
Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегияс
Әбдiжапар Сапарбаев Инновация – негiзгi қозғаушы күш// Егемен Қазсқстан, 24 наурыз.- 2004 ж.
Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны //Саясат . - №2. - 2001 г
.

- Инновация мен кәсіпкерлік туралы түсінік
- Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея
- Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы
- Инновация туралы түсінік
- Инновация туралы түсінік
- Инновация түсінігі
- Инновация утюга
- Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің әлемдік тәжірибесі
- Инновациялық қызметтің басқару тетіктерінің қазіргі жағдайын талдау
- Инновациялық менеджмент
- Инновациялық менеджмент
- Инновациялық менеджмент пәні
- Инновациялық өнім
- Инновациялық процестерді