Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда әлемдік
экономиканың көшбасшыларына айналып,
жоғары технологиялар саласы мен
инновациялық жүйені дамытудың
озық үлгісін көрсете білген бірқатар
елдер бар. Бұл елдер шикізатты
алу мен оны алғашқы өңдеу
үрдісін қамититын
Осы тұрғыдан алғанда
Қазақстан Республикасында
Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де көрініс бере бастады. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясының алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж.ж.), нәтижесінде даму институттары және инновациялық инфрақұрылым элементтері, яғни, инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты.
Міне мұның барлығы да отандық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың тиімді тетіктерін қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған инновациялық инфрақұрылымы қалыптасқан ел ғана инновациялық ортаның толыққанды қатысушысы бола алады. Бұған қоса, инновациялық әлеуеті дамыған елдер болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам капиталының, оның интеллектуалдық қуатының шамасына, инновациялық өнім, қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына қарап айқындайды.
Бәсекелік ортада ұлттық
экономиканың қуатты болуын қамтамасыз
ету еліміздің негізгі
Инновациялық инфрақұрылымды дамыту бағытында инновациялық әлеуеті мен өзіндік даму үлгісі қалыптасқан елдердің қолдануға тиімді тәжірибелері мен озық үлгілерін, олардың ғылыми сыйымды әрі жоғары технологиялы инновациялық өнімдерді шығарудағы жетістіктерін пайымдай отырып, еліміздің ұлттық инновациялық инфрақұрылымын дамытудың экономикалық механизміндегі негізгі тетіктер ретінде жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру, инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің белсенділігін арттыру, оларды мемлекеттің қоғамдық, өндірістік, әлеуметтік, ғылыми және басқа да істеріне тығыз араластыру, бір-бірімен өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-техникалық әлеуеттің мүмкіндіктерін пайдалану және оларды елдің барлық салаларында сынауға және қолданысқа енгізуге мүмкіндік жасау қажеттілігі туындайды.
Экономиканың жаңа, сапалы жағдайға көшуi барысында инновациялық мүмкiндiктерi маңызды деңгейі көтерiлдi. Инновациялық экономиканы қайта ұйымдастыруға ғылыми сыйымдылықты өндiрiстi тек дамытуға мүмкiндiк бередi. Бұл көрсеткiштер экономикалық өсудi қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.
Бiздің елiмiз үшiн экономикада инновациялық процестi мүмкiндiк қолдау бойынша дамыған елдердің тәжiрибелерiн шығармашылық түрде қолдану маңызды болып табылады. Ол инновациялық қызметтің отандық даму жүйесiн iске асыруға мүмкiндiк бередi. Бұл сұрақтарды зерттеу маңыздылығы – ғылыми-техникалық инновациялық саясатты аумақтық басқару органдарын құру арқылы жүзеге асырғанда арта түседi.
Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық тарту маңызды мәселелердің бiрi болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының маныздылығын анықтайды. Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын қамтамасыз етедi.
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы
«Инновация» ұғымын экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30– жылдарында Й.Шумпетер енгізді. Қазіргі кезде көптеген əдебиеттерде инновацияға əртүрлі анықтамалар берілген:
инновация дегеніміз жаңа идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім;
инновация – практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс;
инновация – əлеуметтік қызметтерге жаңа тəсіл.
Жалпы алғанда инновация дегеніміз – əкелетін ғылыми–техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық жəне коммерциялық іс–шаралар кешенін болжайды.
Шет елдік зерттеушілер Э.Дж.Долан, Я.Корани, П.Хейне, П.Ф.Друкер, Н.Г.Менкью, Г.Хоскинг, Й.Шумпетер, В.Леонтьев жəне т.б. өндірістік сферадағы кəсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытты [22, 23-25, 43, 79].
Алайда бұл ғалымдардың
Индустриалды–инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен өнімнің бəсеке қабілеттілігін арттырудың пəрменді тəсіліне айналуы инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық үрдістерді мемлекеттік реттеуде жетілдіру мəселелеріне дұрыс қарауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының индустриалды–
Шағын инновациялық бизнес мəселелері жақсы зерттелген шет елдерде оны қолдаудың бірқатар тиімді бағдарламалары бар. Алайда шетелдік тəжірибені қазақстандық болмысқа дəлме–дəл тікелей көшіру мүмкін емес жəне ол шет елдегідей тез жəне оң нəтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін өтпелі ғылыми–зерттеу жүйесінің қалыптасу кезеңінде шағын инновациялық кəсіпкерліктің айрықша секторын жан–жақты зерттеу қажет.
Экономикалық əдебиеттерде инновацияның көптеген түрлерінен технологиялық жəне технологиялық емес инновацияларға айрықша көңіл бөлінеді. Əлеуметтік жаңалықтар, басқару формалары мен əдістерінде болатын өзгерістер мен тағы басқаларды техникалық емес инновацияға жатқызамыз. Ал технологиялық инновация – жаңа немесе жақсартылған тауарлар мен техникалық үрдістерді əзірлеу мен енгізу болып табылады.
Инновацияны жаңалықтардан айыра білу тиіс, өйткені бұл екеуі мүлдем əртүрлі ұғым. Жаңалық – бұл тек идея немесе жаңа технологиялық үрдіс пен жаңа өнімнің жобасы. Алайда ол нарыққа жетпегенше инновация болмайды. Нарықтық экономикада ғылыми зерттеулердің тек 6–8%–ы жаңа тауарға немесе үрдіске айналады.
Ч.Фрименнің жіктеуінше, технологиялық инновациялар өнімдік жəне үрдістік инновацияларға айналуы мүмкін. Өнімдік инновация дегеніміз – жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім алу немесе технологиялық жаңа жəне технологиялық жетілдірілген өнімдерді əзірлеу жəне енгізу болып табылады. Ал үрдістік инновацияға технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау əдістерін қоса технологиялық едəуір жетілдірілген өндірістік əдістерді əзірлеу жəне енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жаңа əдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай–ақ зерттеулер мен əзірлемелер нəтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін. Əдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе кəсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай–ақ кəдімгі өндірістік тəсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе жеткізуге арналуы мүмкін. Өнеркəсіпте технологиялық инновацияға мынадай өзгерістер жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сəнінде жəне т.б.) эстетикалық өзгерістер; оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы немесе басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі əсер етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай–ақ оған енетін материалдар мен компоненттер.
Сонымен қатар инновациялар өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету сфераларына байланысты: салааралық, салаішілік, кəсіпорын ішіндегі инновация деп бөлінеді.
Салааралық ішіндегі инновация – екі немесе одан да көп сала арасындағы байланыстың нəтижесінен пайда болған инновация. Салаішілік инновация – белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық. Кəсіпорын ішіндегі инновация – кəсіпорын ішіндегі инновациялық жаңалық, яғни кəсіпорын жұмысының сапасына тиімді əсер ететін фактор.
Атақты экономист Г.Менш инновациялардың 4 категориясын көрсетеді [79]:
1. Базистік инновациялар. Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа бұрын болмаған жаңа тауарлар, қызметтер, машиналар, технологиялар келеді. Олар күрделі ғылыми зерттеулерді жəне аса ірі сомадағы капитал салымдарын қажет етеді.
2. Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір тауарлар мен қызметтердің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін жетілдіруге бағытталған.
3. Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар əлемдік тəжірибеден өткен жəне екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.
4. Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың немесе ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді [31].
Инновацияның дамуына қозғаушы күш нарықтық бəсекелестік болып табылады. Бұл жердегі инновациялық өнім дегеніміз-түрлі дəрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Ол мына бұйымдарды қамтиды:
жаңа (қайта енгізілген) – радикалдық өнімдік инновация;
жетілдірілген бұйымдар;
жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген əдістерінде құрылған бұйымдар – өзге де инновациялық өнімдер [3].
Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімнің «өмірге келу» процесін 7 элементке жіктеп көрсетеді:
1. Инновациялық идеяның тууы.
2. Жаңа өнімді шығару.
3. Өнімді өткізу нарығын анықтау.
4. Сұранысты анықтау.
5. Өнімді жарнамалау.
6. Сату процесін ұйымдастыру.
7. Өнімді өткізу.
Сонымен қатар, инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін арттыру, оған деген сұранысты жоғарылату мақсатында тауарлардың бағасын төмендету, тұтынушыларға қосымша сыйлықтар ұсыну сияқты жанама тəсілдерді қолданылады. Белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін–өзі өтеген инновациялық өнім ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа ауыстыру қажеттілігі туындайды.
Қазіргі кезеңде әлемдік экономикалық жүйенің қарқынды дамуы ғылымды қажетсінетін өнімдер мен оны өндіретін технологияларды тиімді құру және пайдалануға байланысты. Ол үшін негізделген ғылыми–зерттеулер жүргізу қажет және олардың нәтижелерін шұғыл түрде өндіріске енгізу үлкен жетістік. Сонымен, ғылымда жаңа технологиялық бағыттар пайда болады. Осылардың бәрін дұрыс бағытқа салу, тиімді пайдаланып нақтылы нәтижеге жету үшін арнайы инфрақұрылым қажет.
Әдетте инновациялық
инфрақұрылымның мынадай жүйелі
өндірісті–технологиялық: технопарктер, инновациялы–технологиялық орталықтар, бизнес–инкубаторлар және т.б.;
қаржылық: қорлардың әртүрлі типтері–бюджеттік, венчурлік, қамсыздандыру, инвестициялық;
ақпараттық: орталық–талдау, статистикалық, ақпараттық және т.б.;
кадрлық: дайындау, қайта дайындау, оқу мекемелері (әсіресе инновациялық менеджмент саласынан), технологиялық аудит, маркетинг және т.б.
Бәсекеге қабілеттілік мәселелерін шешу үшін Қазақстанда көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы қарастырылған. Оған мыналар жатады:
білім-инновациялық кешендер – жоғары оқу орындары, ғылыми–зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, оқытатын компаниялар. Бұлардың бәрі білікті кадрлар дайындау мен жаңа ой–пікірлер ұсынады;
бизнес-технологиялық кешендер – жаңа ғылыми пікірлерді өндіріске енгізу мен жаңа тауарларды әзірлеумен айналысады;
қолдаушы кешендер.
Инновациялық қызметті қолдау және қаржыландыру, маркетинг, көрме жұмыстары, интеллектуалды меншіктерді қорғау мәселелерімен шұғылданатын құрылымдар кіреді.
Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін жоғарыда келтірілген жағдайлар міндетті түрде қажет. Олардың барлығының жиынтығы аймақтық инновация жүйесін құрайды.
Инновациялық үрдістерге мынадай ерекшеліктер тән:
әрдеңгейдегі қатысушылардың болуы;
қатысушылардың
шығындар мен нәтиже арасында уақыттық, кеңістік, құндылық бөлшек болуы;
болжамдық сипат;
экономикалық және әлеуметтік мән.
Инновациялық үрдістерде қатысушылар ретінде макро-, мезо- және микродеңгейлерде әртүрлі экономикалық субъектілер бар: мемлекет; корпоративтік құрылымдар; кәсіпорындар; академиялық; салалық; ғылыми зерттеу орындары.
Инновациялық инфрақұрылымның субъектілерінің жұмысы бас кезінде инновациялық кәсіпорындардың қызметіне тиісті жағдай жасау, жоғары технологиялар және оларды өндіріс аясында іс жүзінде пайдалану.
Қазақстан республикасының экономикасына байланысты технопарктердің үш үлгісін пайдалану орынды: ұлттық технопарктер; аймақтық инновациялық орталықтар; жоғары технологиялық аумақтар.
Ұлттық технопарктер
республикалық бюджеттің
ғылыми–зерттеу мекеменің негізінде белгілі мамандандыруды құру;
нақтылы ғылыми бағыттарды дамыту;
отандық ғылыми жетістіктерді пайдалану;
жаңадан өндірілген өнімдердің күрделі дәрежелігі.
Ұлттық технопарктерді
құру мақсаты отандық ғылыми–
Аймақтық инновациялық орталықтардың инфрақұрылымның элементі ретінде ерекшеліктері төмендегідей:
бір инновациялық орталықтың шеңберінде әртүрлі ғылыми бағыттарды дамыту;
орталықтарды жеке аймақтық ғылыми–зерттеу кешенінің негізінде құру;
қызмет нысанасы жеке аймақтық ресурстары мен қажеттілігіне сүйенеді.
Қазақстанда жоғары технологиялық аумақтарды құрудың алдынғы себептері:
ұтымды географиялық орналасуы;
өндірістік инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамуы;
бай минералдық ресурстардың барлығы;
экономикалық және саясаттық тұрақтылық.
Ұлттық инновациялық жүйенің дамуы барлық компоненттердің болғанын қажет етеді.
Инновациялық жүйеге
бірнеше инфрақұрылымдар
мемлекеттік ғылыми ұйымдар – ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, жобалау институттары;
ұлттық компаниялар, күрделі кәсіпорындар жанындағы ғылыми ұйымдар;
меншік ғылыми–зертту және жобалау институттары;
ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлік;
ғылыми кадрлар және жеке өнертапқыштар;
материалдық–техникалық база.
Тиімді инновациялық жұмыс мүмкін егерде мынадай функциялар атқарылса:
көпдеңгейлі инновациялық инфрақұрылым (өндірістік, ақпараттық, білім беру) инновациялық қызметті іске асыру үшін тиісті жағдай жасалса;
қаржылық инфрақұрылым
инновациялық жүйенің негізгі
элементерін қаржыландырумен
Сонымен инновацияның құрылымы келесідей: технопарктер, технологиялық инкубаторлар жəне инновациялық орталықтар.
Технопарктер дегеніміз – ғылымды, білімді жəне өндірісті территориялық жағынан біріктірудің капиталистік елдердегі жаңа, бірақ қазірдің өзінде кеңінен таралған тиімді нысаны, ол ғылыми–техникалық талдамалардың жəне жаңа технологияның өндірісіне жедел енгізілуіне септігін тигізеді. Жақсы жарақтандырылған ақпараттық – эксперименттік базасы құрылған жəне білікті кадрлар жоғары дəрежеде шоғырланған жағдайда жұмыс істейтін ғылыми, конструкторлық жəне өндірістік бөлімшелердің бірлестігі болып табылады.
Технологиялық инкубатор – ғылыми ұйымдардың, инновациялық кəсіпорындардың, жоғары оқу орындары жəне шағын кəсіпкерлік субъектілерінің əлеуетін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді.
Инновациялық орталық – конструкторлық–технологиялық жаңалықтарды жетілдіру мен өндірістерді дайындауға, бəсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнімдерді жəне жоғары технологияларды əзірлеу кезінде инновациялық кəсіпорындарды өндірістік–технологиялық қолдауға жəне бұл құрылымдардың ғылыми–техникалық əзірленімдерді жəне маркетингті, жарнамалық жəне көрме қызметін, патенттік – лицензиялық жұмысты жəне интеллектуалдық меншікті қорғауды қоса алғанда, жергілікті жəне шетелдік нарықтарға ғылымды қажетсінетін өнімдерді жылжыту үшін құрылған инфрақұрылымдар [5].
Сонымен инновация – инновациялық үрдістерді ғана емес, тауарларды өткізу нарықтарын маркетингтік зерттеу, сонымен қатар ақпараттық, консалтингтік, əлеуметтік жəне басқа қызметтерге деген жаңа зерттеудің нəтижелерін енгізетін техникалық, технологиялық жəне ұйымдық жаңалықтарды құрастыру мен тəжірибелік меңгеру сферасы.
Инновациялар бірігіп инновациялық жүйені құрайды. Инновациялық жүйе əр алуан қатынастардың – фирмалардың, жаңа білім жасаушылардың технологиялық жəне аналитикалық орталықтардың кешенді үлгісі. Осы орайда зерттеудің негізін қалаушы ретінде өткен ғасырдың 80–ші жылдарының соңында жаңа заманға сай білімдерді жасауға, сақтауға, таратуға, оларды халық тұтынатын жаңа технологияларға, өнімдерге, қызметтерге түрлендіруге қатысушы экономикалық субъектілер мен қоғамдық ұйымдардың күрделі жүйесі ретінде инновациялық жүйе ұғымын енгізуші ретінде К.Фридманды айтуға болады. Лундвал мен Нельсонның классикалық анықтамаларына сəйкес инновациялар дегеніміз – бір–бірімен көптеген күрделі байланыстар арқылы біріккен жүйе болып табылады [79].
Инновациялық қызметті басқару жүйелерін, тиімді құрылымдар мен институционалдық формаларды əзірлеу мен дамыту, оларды мемлекеттік қолдау Қазақстанның əлемдік нарыққа өту, ғылымды қажетсінетін тауарларды өндіру мен өткізудің негізгі шарты болып табылады. Алайда ҚР–ның Индустриялық – инновациялық дамуының 2003-2015 жырдарға арналған стратегиясында [17] қазіргі кезде инновациялық инфрақұрылым субъектілері қажетті деңгейде жұмыстарын атқармайтыны жəне Ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) қатысушылары үшін керекті қызметті көрсетпейтініне баса назар аударылып отыр.
Бұл жерде ең негізгі кемшілік – инновациялық инфрақұрылымда жүйеліліктің жəне негізгі элементтерінің құрылымдығының болмауы.
Отандық ғылымда инновациялық инфрақұрылымның экономиканың дамуына əсер ету деңгейін зерттеу жөніндегі материалдар тапшы. Негізінен көптеген зерттеушілер келесі жағдайларды түсіндіре алмайды: ҰИЖ–нің құрылуына жəне тұрақтануына қандай факторлар жағымды əсер етеді, ал қандайлары жағымсыз əсер етеді. ҚР–ның 2006 жылдың 23 наурызындағы №135–ІІІ–ҚР3 «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»
Заңының 15 бабына сəйкес
«инновациялық инфрақұрылым»
Инновациялық жүйені қалыптастырудың бастапқы сатысында инновациялық кəсіпкерлікті дамытуда мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі елімізде технологиялық бизнес–инкубаторлар жүйесін құру болып табылады.
Технологиялық бизнес–инкубатор өз бетінше дербес бірлік ретінде, сондай–ақ технопарктің бөлігі ретінде жұмыс істей алады. Яғни технологиялық бизнес– инкубатор дегеніміз – инновацияларды құру, қорғау құжаттарын алуға өтініштерді рəсімдеу жəне инновациялық жобаны дайындау үшін жеке жəне заңды тұлғаларға ұйымдық-құқықтық ақпараттың жəне өзге де қызметтерді ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Инновациялық қор – инновациялық жобалар мен инфрақұрылымдарды жəне инновацияның қызмет көрсету сферасында қаржыландыру арқылы инновациялық қызметтің дамуына көмектесетін заңды тұлға.
Сонымен қатар ҚР-ның 09.07.2001 №225-2 «Ғылым туралы» Заңының 1 бабында [12] инновацияның келесі мамандандырылған субъектілеріне анықтама берілген:
Технопарк дегеніміз – негізгі қызметі инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсыну болып табылатын біртұтас материалдық – техникалық кешенге меншік құқығы бар заңды тұлға.
Технопарктер əлемдік тəжірибеге сəйкес 3 түрге бөлінеді:
американдық;
жапондық;
аралас.
Технополис – бұл қаланың немесе аймақтың өмірін қамтамасыз ететін технопарктер, инкубаторлар жəне құрылымдар кешені. Яғни, басқаша айтқанда, технополис жекелеген аймақ немесе қала негізінде құрылған жəне сол аймақтың өмірлік қызметін қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымы бар ғылыми өндірістік кешенді білдіреді.
ҚР-ның Индустриялық–инновациялық стратегиясында мамандандырылған субъектілердің өзгеше тізімі берілген:
ұлттық технологиялық парктер;
аймақтық технологиялық парктер;
технологиялық бизнес–инкубаторлар;
ғылыми қалашықтар.
Инновациялық инфрақұрылым 8 элементтен тұрады (сурет 1.1). Олардың
ең маңыздысы қаржы инфрақұрылымы болып тыбылыды. Өз алдына қаржы
инфрақұрылымы келесі элементтерден тұрады:
мемлекеттік даму институттары;
венчурлық қорлар;
кəсіпорындар;
жеке кəсіпкерлер;
екінші деңгейдегі банктер.
Дүние жүзінде жаһандану үрдісінің күрделенуіне байланысты бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда әрбір мемлекет өзінің ұлттық инновациялық жүйесі мен инновациялық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық беріп отыр. Өйткені ұлттық экономикасы қалыптасқан және дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйенсек, олардың жеткен жоғары жетістіктеріне инновациялық инфрақұрылымның оңды әсер еткенін байқаймыз. Олардың әлемдік нарықтағы үлесі де қомақты. Сондықтан да, дамыған елдердің қатарына кіруге талпыныс білдіріп отырған Қазақстанның өзінің мүмкіндіктері мен стратегиялық мақсаттарына сай ұлттық инновациялық жүйесі мен инфрақұрылымын дамыту өзекті мәселе болып отыр.
Сурет 1.1 – Инновациялық инфрақұрылым элементтері
Әлемдік экономиканың қарқындап дамуы – адами және интеллектуалдық ресурстардың нәтижелі еңбегінің жемісі екені белгілі. Қазіргі заман талабына сай дамыған елдерде тиімді әзірлемелер жүйесі және түрлі қызмет сфераларына жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге негізделген инновациялық экономикаға өту үрдісі байқалады. Сонымен бірге, табиғи ресурстардың молдығын пайдалану маңызды болған дәуір өтіп барады, оның орнына экономиканың технологиялық тұрғыдан дамуын тездету, үдету мақсатында тиімді тетіктерді қолдану мүмкіншілігі үлкен мәнге ие болып отыр. Арзан, сапасы төмен еңбекке негізделген өндіріс кезеңі аяқталуда. Дәл қазіргі қоғам – адамның интеллектуалдық ресурстарына, оның инновацияларды қабылдауы мен жүзеге асыру қабілетіне негізделген қоғам болып қалыптасуда.
Өнеркәсібі жан–жақты дамыған елдер индустриялдық әлеуеті қалыптасқан топқа кіреді. Дәл осы топ құрамына кірудің арнайы ережемен белгілемеген шарттары да бар. Солардың қатарына, өнеркәсіптік өнімнің жылдан-жылға артуы, тек оның көлемінің ғана емес, сапалық және ассортименттік құрамының да көбейуі, шикізаттық сектордың жалпы экономикадағы үлесінің қысқаруы сияқты және басқа да көрсеткіштер бойынша нәтижелі болу жатады. Мұның барлығы да инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселесіне жете мән беріп, оны мемлекеттің арнайы стратегиялық мақсаттарының бірі етіп белгілеуді міндеттейді.
Инновациялық инфрақұрылым – ғылыми идеяның өндірісте қолдау тауып, нақты өнім, қызмет, жұмыс түрінде көрініс табуына дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын іс-шаралардың жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын, қажетті жұмыстар мен қызметтерді орындайтын ұйымдар жиынтығынан тұрады.

- Инновация туралы түсінік
- Инновация туралы түсінік
- Инновация түсінігі
- Инновация утюга
- Инновацтонная деятелбность в РК
- Иннокентий Михайлович Сибиряков
- Иннокентий Федорович Анненский
- Инновациялық менеджмент
- Инновациялық менеджмент пәні
- Инновациялық өнім
- Инновациялық процестерді
- Инновациялық саясат
- Инновация мен кәсіпкерлік туралы түсінік
- Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея