Инновация түсінігі

Инновация түсінігі

 

Әлем елдерінің барлығының экономикалық сипаты мен дамуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі ретінде  бүкіл әлемде мойындалған ғылыми-техникалық прогресс(ҒТП) батыс және отандық  әдебиеттерде инновациялық процес ұғымымен байланыстырылады. Бұл процесс жаңалық табуды білдіреді және ғылыми идеяның туылуынан оның коммерциялық іске асуына дейінгі кезеңдерді, яғни өндіріс ,айырбас,тұтыну қатынастарының бүкіл жинағын қамтиды.

Инновациялық процестерді  зертеудің маңыздылығы, бір жағынан, қоғам экономикасын көтеру үшін ғылым мен инновациялардың ерекше маңыздылығымен, екінші жағынан, Қазақстан Республикасында инновациялық дағдарысты жеңу жолдарын анықтау қажеттілігімен түсіндіріледі.

«Инновация» термині өтпелі экономика кезеңінде белсенді пайдаланады.С.б. «инновациялық қызмет», «инновациялық процесс», «инновациялық шешім» және т.б туыстас түсініктер енді. Инновация түсінігін анықтау үшін ғалымдардың әртүрлі көзқарастарымен танысу керек.

Инновация дегеніміз белгілі  бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жаңашыл жаңалықтарды кешенді құру процесі, таралуы және қолданыс табуы.Әртүрлі ғалымдар, әсіресе шетелдік (Н.Мончев, И.Перлаки, В.Хартман, Э. Мэнсфилд, И.Шумпетер және т.б), инновация түсінігін өзінің зерттеу объектісі мен саласына байланысты тұжырымдар айтты. Мәселен, Б.Твисс инновацияны ғылыми ашылымдар немесе идея экономикалық мазмұнға  ие процес ретінде анықтайды. Ал, Б.Сантоның пікірінше, инновация – бұл қоғамдық, техникалықжәне экономикалық процесс, яғни идеялар мен ашылымдарды практикада қолдану арқылы қасиеттері жақсы өнімдер мен технологияларды құруға жеткізеді. Ал егер де инновация экономикалық табысқа, пайдаға негізделсе, онда оның нарықта пайда болуы қосымша табысты әкелуі мүмкін. И.Шумпетер инновацияны кәсіпкерлікпен тығыз байланысты өндіріс факторлардың жаңа ғылыми-ұйымдастырылған комбинациясы деген анықтама ұсынған.

Инновацияның әртүрлі  анықтамаларын талдау нәтижесінде, инновацияның спецификалық мазмұнын өзгерістер құрайды, ал инновациялық қызметтің  негізгі функциясы өзгеріс функциясы болатынын анықтадық.

Сонымен халықаралық стандарттарға  сәйкес инновация - (инно-қ қызметтің  соңғы нәтижесі) жаңа немесе жетілдірілген  өнімге айналған, жаңа немесе жетілдірілген  технологиялық процесс нарығына ендірілген, тәжірибе жүзінде пайдаланылатын немесе әлеуметтік қызметтерге қатысты пайдаланылатын инновациялық қызметтердің соңғы нәтижесі.

Инновациялық процесті жаңашылдарды өткізу поцесінде  болатын ғылыми-техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиынтығы ретінде  анықтауға болады. Ал жаңашылдарды құру, тарату және пайдалануды инновациялық цикл деп атайды.

 

Инновацияның негізгі мақсаттары

 

Инновацияның негізгі мақсаттары келесілер:

1.     мәселенің  жаңа техникалық шешімін табу-өнер  табыстарын құру;

2.     ғылыми-зерттеу  және тәжірибе конструкторлық жасалымдарды өткізу;

3.     өнімнің сериялық өндірісін бір қалыпқа келтіру;

4.     өткізуді дайындау және ұйымдастыру;

5.     нарыққа жаңа тауарды ендіру;

6.     технологияларды  үнемі жетілдіру жолымен жаңа  нарықтард аорнығу, өнімнің бәсеке  қабілеттілігін жоғарылату.

 

Инновацияның негізгі кезеңдері келесілер:

1.     Келіп түсетін идеяларды бір жүйеге келтіру;

2.     Идеяларды  сұрыптау және жаңа өнім туралы идеяны өңдеу;

3.     жаңа өнімнің  экономикалық  тиімділігін талдау;

4.     жаңа өнімді құру;

5.     нарықта тестілеу

6.     өнім жөнінде маркетинг бағдарламасы  негізінде  өндіріске жаңа  өнімді енгізу туралы шешімді  қабылдау.

 

Инновациялық поцесс циклдық сипаттамасы

 

Инновациялық  поцесс циклдық сипатқа ие. ИП-тің  жалпы түрі келесідей: ФЗ-ҚЗ-Ж-Жб-Қ-Иг-ӨӨ-М-Өт, мұнда ФЗ-фундаменталды зерттеулер, ҚЗ-қолданбалы зерттеулер, Ж-жасау(өңдеу), Жб-жобалау, Қ-құрылыс, Иг-игеру, ӨӨ-өнеркәсіптік өндіріс, М-маркетинг, Өт-өткізу.

Инновациялық  процесстің бастапқы кезеңі фундаменталды  зерттеулер(теориялық), ол ғылыми қызметпен байланысты. С.б. әрбір циклдың элементі(ФЗ,ҚЗ,Ж,Жб,Қ,Иг,жәнеӨӨ) ғылыми қызметпен толық байланысты болады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей,  ФЗ-дің  тек 10% ғана тәжірибеде қолданыс тауып, қалған 90% теріс нәтиже бере алады.ФЗ мақсаты- процесті тану және дамыту.Сонымен, инновациялық менеджер инновациялық процестің әртүрлі фазаларымен қызмет жасайды және осыны есепке ала отырып,өзінің басқару қызметін жүргізеді. Инновациялық менеджмент- бұл инновациялық поцесстерді, инновациялық қызметті, осы қызметпен айналысатын ұйымдық құрылымдарды және оның персоналын басқару принциптері, әдістері және формаларының жиынтығы. Менеджменттің басқа да облысы сияқты, инновациялық менеджментке де келесі тән:

 

-         мақсаттар қою және стратегияны таңдау;

-         циклдық 4 кезеңі: жоспарлау, шарттар мен ұйымдастыруды анықтау, орындау, басшылық ету.

 

Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі

 

Кәсіпкерліктің  инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін  қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Инновацияның  екі тұрпаты ажыратылады:

-         өнімділік;

-         үрдістік.

Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі  өнімділігі ретінле анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде  пайдалануын ұштастырады.

Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.

Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибеде ұқсастығы  жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып  тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

Кәсіпкерліктің  инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

-         жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің

жаңа зертханалық  үлшілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;

-         өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материал-

дардың қажетті  түрлерін таңдап алу;

-         жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;

-         қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан

өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;

-         жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-

басқарушылық  шешімдерді әзірлеу және енгізу;

-         қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен

қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;

-         қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды

жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және

қызметкерлерді  арнайы әдіспен іріктеу;

-   лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті

құжаттарды алу;

-         инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік

зерттеулерді  жүргізу.

Кәсіпкерліктің  инновациялық қызметі көптеген жағдайда жаңа техника мен технологияның  техникалық деңгейінің көрсеткіштерінде айқындалады. Нарықтық экономикада жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде  — жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тииімділігі.

Техникалық-ұйымдастырушылық  деңгейінің экономикалық тиімділігін  арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады:еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыдағы аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.

Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін  арттыру шаралары мына төмендегі  топтарға бірігеді:

-         еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқкы;

-         материалдық қайтарымның үстелуі (материалды қажетсінуі), материалдық ресурстардың шығындарының салыстармалы ауытқуы;

-         айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (босатып алу немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;

-         қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;

-          пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі;

-          кәсіпорынның төлем қабілеттіліг және қаржы жағдайының көрсеткіштерінің үстелуі.

Қолданылатын  техникалық және технологиялық шешімдердің  үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен  тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық  деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық  әдістік заттарға технологиялық  қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады. 

 

Ғылыми-техникалық пррогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

 

Жобалауда, әзірлеуде  және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең  – бұл инновациялық шараларды  іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;

Екінші кезең  – бұл қаржыландырудың мүмкіншілік  көздерін анықтау;

Үшінші кезең  – бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;

Төртінші кезең  – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың  тиімділігін бағалау.

Кәсіпкерлік өндіріс  жағдайында экономикалық тиімділікті  анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:

-         өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары және тарифтер;

-         қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар (өндірістік қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер;

-         қолданыстағы кәсіпкерліктің пайдадан нормативтік аударымы және орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;

-         банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі кәсіпкерліктің  тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;

-         валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т.б.

Экономиаклық  нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің  артуы, еңбек және материалдық сиымдылықтарын төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.

Ресурстық нәтижелілік  – бұл кәсіпкерліктегі ресурстарды  босатып алу; материалдық , еңбек  және қаржы.

Техникалық нәтижелілік  – бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.

Әлеуметтік нәтижелілік  – бұл халықты материалдық  және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде  мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету, т.б.

Бұл нәтижелерге  қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми-техникалық прогресті  жеделдетуге толық жағдай жасалса.

 

Инновациялық жобаларды бағалау

 

Кез-келген бір  инновациянымен жобаны іске асыру материалдық және қаржылық шығынды қажет етеді. Жаңа өнімге немесе қызметікеқызметке  қолданушылардың табылуы және де жобаның қаншалықты коммерциализацилауға өтетіндігін білмегендіктен ол әрқашанда рискке байланысты болады. Сондықтан да инновациялық үрдісте бағалау уақыты маңызды болып табылады. Бағалаудың қиындығына қарамастан, ол керекті және инновациялық үрдістің  рискін  түсіретін фактор болып табылады.

Инновациялық жобалардың эффектілігін бағалау кезінде жобаның  белгіленуіне байланысты эффектіліктің бірнеше түрлерін анализдеу керек.

Инновациялық жобаларды  салыстыру және олардың ішінен ең тиімдісін таңдауды келесі көрсеткіштерді қолдану арқылы орындалады:

-         таза дискоттық кіріс (ТДК) немесе интегралдық эффект;

-         кірістің индексі;

-         кірістің ішкі нормасы;

-         есе қайтару мерзімі;

-         баллдық көрсеткіштерді алу әдісі;

-         әр-түрлі көрсеткіштердің ұқсастығы.

Таза дисконттық кіріс қазіргі эффектілердің  бүкіл төлемдік мерзімі бойынша  мөлшері болып табылады:

Э   = ТДК =  ∑ (  Р  -  З  )   1/(1+Е) ;

мұндағы,  Э    — интегралдық эффект;

Т     — төлем горизонты;

Р    — сол уақыттағы жүзеге асырылатын көрсеткіштер, тг;

З     — сол уақытта да жұмсалатын шығындар, тг;

1/(1+Е) – көрсеткіштер  мен шығындар уақыты бойынша

коэффициент көрсеткіші;

Е     — дисконт нормасы.

Егер де инновациялық жобаның ТД-сі оң болса, онда жоба эффектілі (пайдалы) болып табылады және де іске асырылуы тиімді болып саналады. ТДК  неғұрлым көп болса, жобаның соғұрлым эффектісі молырақ болады. Егер де тнвестициялық жоба ТДК-сі теріс болса, онда инвестор шығынға ұшырайды да, жоба эффектілі болмайды.

Кіріс индексі (КИ)  берілген эффектілердің қосындысының капитал салымына ара-қатынасын көрсетеді:

КИ  =  1/К  ∑  (  Р  -  З  )  1/(Т+Е) ;

мұндағы,   З   — капитал салымы кірмейтін жағдайдағы берілген

уақыттағы шығыны;

Кіріс индексі ТДК-мен  тығыз байланысты. Ол сол элементтерден  құралады және оның мағынасы ТДК-нің  мағынасымен байланысты. Егер де ТДК  оң болса, онда КИ > 1, және керісінше.  Егер де К > 1, онда жоба эффектілі, ал егер КИ < 1 – онда эффектілі емес.

Ішкі кіріс нормасы (ІКН) Е дисконтының нормасын білдіріп,  сол арқылы  берілген эффектілер көлемі берілген капитал салымына тең болады.німдерді

Егер де инвестициялық  жобаның ТДК төлемі «берілген  дисконттық норма (Е) көмегімен эффектілі бола ма, әлде жоқ па?» деген сұраққа жауап берсе, онда ІКН төлем үрдісінде анықталып, артынан  инвестордың талабы бойынша  қойылған каиталды кіріс нормасымен салыстырады.

Егер ТДК инвестор талап  ететін капиталдың кіріс нормасына тең немесе артық болса, онда берілген жобаға жасалған инвестиция ақталады және жобаны қабылдауды қарастыруға болады.

Егер ТДК және ІКН жоба нұсқаларын салыстыруда қарама-қарсы  көрсеткішткерге әкелсе, онда ТДК  анализі көрсеткіштеріне көңіл  бөлу керек.

Есе қайтару  мерзімі – бұл бастапқы жобаны жүзеге асыру барысындағы минималдық уақыт арасы. Бұл жобаға байланысты бастапқы  салым мен басқа да шығындардың қосындылық көрсеткінтеріне дұрысталатын уақыт мерзімі. Ол жылмен, үшайлықпен және аймен өлшенеді.

Жобаны жүзеге асыру барысындағы көрсеткіштер мен шығындарды дисконтпен (егер есе  қайтару мерзімі 1 жылдан астам болса) және дисконтсыз (1 жылдан кем) анықтауға  болады.

Инновациялық  кәсіпкерлік − новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің  моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызмет ең мағызды болып есептеліп қалыптасады. Кәсіпкер уақыт талапарына жауап беріп, келесі функцияларды қолдана отырып уақыт сұранысына жауап береді:

- ғылыми-техникалық  прогресті жылдамдату;

- модельдердің  ауысуы;

- қолданушының  болашақ сұраныстарын бүгін-ақ  қамтамасыз етуге

дайын болу;

- жаңалықтарды (өнімдер, қызметтер, технологиялар, өндірістің жаңа

ұйымы және еңбек) енгізу және тарату үшін қолданушылармен  тығыз

байланыста болу.

Осы себептер өмірге нарыққа жаңа талаптарға сай құрыла білетін көптеген кішігірім өндірістерді тудырады. Үлкен фирмалар өзінің инерционалдығын  және «бұрылмаулылығынан» тез қалыптаса алмайды, бірақ үлкен мөлшерде кіші өндірістер ұсынатын жаңалықтарды қоса алады. Кәсіпкерліктің бұл ролін Й.Шумпетер былай айтты: «Кәсіпкердің мақсаты – ашуларды енгізу арқылы өндіріс тәсілдерін жаңадан құру және оны дамыту, ал нақтылай мағынада жаңа тауарлар немесе көне тауарларды өндіруде жаңа технологияларды қолдану арқылы шикізаттың жаңа қайнар көзін немесе дайын өнімнің жаңа нарығы ашу».

 

Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері

 

Жаңалық енгізудің  негізі болып табылатын инновациялық іскерлік инвестициялық іскерлікпен тығыз байланыста болады. Инвестциясыз жаңалықтың болуы мүмкін емес, өйткені ол өндіріс, таранспорттық және сонымен қатар жаңалық-тауардың қолданушға жетуін қамтамасыз етеді.

Инвестициялау – бұл түсімді қалыптастыру мен алудағы ұзақ мерзімдік капитал салымы. Бұл бизнеске салынған инветициялар болып табылады (экономикалық инвестицияларда). Сол инвестициялардың көмегімен күшті өндірістік жарақтар құрылуда, жұмыс күшін жалға алу қалыптасуда, өндірістік үрдіс ұйымдастырылуда.

Әрқашанда инвестициялау  бағдарының альтернативтік түрлері  болады:

–       ұзақ мерзімдік қолданудағы тауарлар мен қозғалмайтын мүлікті (сұраныс инвестициялары) сатып алу жолымен ақшалай салым;

–       бағалы қағаздар түріндегі активтерді алу (қаржылық инвестициялары);

–        инновациялық бизнеске арналған инвестициялар.

Инвестициялау бағдарын таңдау тиімді тәуекелдегі  үлкен кірістерді болжауын көрсетеді.

Жаңалық енгізулерге  арналған инвестициялардың өзіндік  қасиеттері болады:

1)     Олар инновациялық үрдістің өзіндік қасиетін қарастыру қажет, өйткені кейбір экономика салаларында  тұрулар, ал кейбреулерінде – новацияға және өндірістік ақпараттық және өнімнің интенсивтік жаңаруына деген үлкен сұраныс қалыптасады. Инвестциялық үрдістің бұл қасиеті негізгі капитал жинағының механизмдері тығыз байланысты болып, жаңа білім мен интеллектуалдық еңбек өнімдерінің дискреттік қасиетін көрсетеді.

2)     Бұл инвестицияларға спкуляцияның байланысы болмайды, өйткені олардың нақты болашақ кірісі мен ұзақ уақыттық салым мерзімі бар.

3)     Ішкі және сыртқы факторларға байланысты оның ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік параметрлерінің болуымен қатар, бизнеске арналған ивестицияларға обьект туралы мағлұмат білу керек.

Кәсіпкер сонымен  қатар инвестициялық үрдістің өзімен анықталатын кейбір талаптарды есінде сақтау керек. Жаңалық енгізу обьектсі мен қаражат қайнар көзінің тәуекелін табу; инвестициялардың түрі (ақшлай қаражат, меншік, басқа активтер және міндеттемелер) мен жүзеге асырудың ұйымдастыру формасын таңдау; инвестицияларды қорғау және т.б.

Жаңалықты енгізу обьект тәуекелінің бірнеше түрлері  кездеседі:

Нарықтың тәуекелмен инвестицияланған капиталдың сұраныс, өнімге және өндірістің факторларына арналған бағалардың қозғалысының нәтижесінде  жоғалуыныі мүмкіндігімен айқындалады.

Бизнес тәуекелі — жаңалық енгізудің экономикалық бағалау эффектіліндегі нақтылықпен, соның ішінде инвестициялық мерзімнің  ұзақтылығымен айқындалады. Қаржылық тәуекел – ақшаның қабілеттілігінің төмендеуі мен инветициялау, коммерциялық жүзеге асыру кезіндегі активтердің құнсыздауына байланысты.

Жаңалық енгізудің  инвестициялауының шешу негізіне этаптық  мерзімде жүзеге асырылатын стратегия  мен бизнес әдісін таңддау кіреді.

Инвестициялық талаудың статистикалық және динамикалық  әдістердің қолдану арқылы критериалдық бағалар құралады. Солардың негізінде инвестициялауға шешім қабылданады.

Статистикалық әдістерге жобаның есе қайтару  мерзімі, кіріс деңгейі, таза келтірілген  баға, түсім индекс, рентабельдіктің  ішкі коэффициенттің анықтамалары қатысты.

Динамикалық әдістерге  – инвестициялық жобаның бағалауына әсер ететін көптеген фркторлар анықтамасы.

Өнеркәсіптің  қаржылық жағдайын талдау (анализ) инвестициялауда  маңызды орын алады. Бұл жерде  жаңалық енгізу жүзеге асыру кзделіп  отырады, сол үшін де жаңалық енгізуге дейін мен кейінгі обьекттің жағдайын көрсететін арнайы көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Бұған өнеркәсіптің өзінің міндеттерін орындау қабілеттілігін сипаттайтын ликвидтілік және жаңалық енгізуге теріс ықпал ететін меншіктік міндеттемелер қолданылуы мүмкін.

Ұйымдық жобалау  келесі кезеңдерден тұрады:

-         жобаның маңыздылығын анықтау (федералдық, аймақтық, жергілікті);

-         фиксация рангі жіне ұйымдастыру-құқықтық қатысушы формасы, сонымен қатар негізгі жеткізушілер мен жіберушілер;

-         мемлекеттік және аймақтық басшылықтың жобаны қолдау дәрежесін орнату;

-         инвестицияның кепілдігін қамтамасыз етуін анықтау, сонымен қатар тәуекелдерді сақтандыру, саясатты және банкілік кепілдіктер.

Үстіде келтірілген  түсініктемелер, жобалаудың түрлері мен сценариилері болжау сипаттамасын анықтайды және көбінесе қарсылық сипаттаманы ұстанады. Бүкіл факторларды сандық көрсеткішпен көрсету мүмкін емес, өйткені мұнда жоба бойынша инегралдық эффектілік көрсеткіштері жоқ. Жаңалық енгізудің тиімділігі сонымен қатар оның қатысушыларының субьектік қызуғышылықтарына баланысты болады.

Сондықтан да кәсіпкер әрқашанда өндіріске арналған ивесициялар  туралы шешімдер қабылдағанда тәуекелдейді. Дұрыс қабылданған бизнес стратегиясы, жаңалық енгізуді мамандырылған техника-экономикалық бағалау және керекті нәрселерді білу инновациялық процесті қазіргі үлгімен ұйымдастыру және де басқару қабілеті сол тәуеклелді тиімді қылдырып, көрсеткіштерді жоғары және тұрақты бір деңгейге жеткізеді.

 

Қазақстандағы инновация: ғылыми жетістіктерді бизнес ортаға енгізу

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Әлеуметтік-Экономикалық жаңғырту –  Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты Қазақстан халқына арнаған  Жолдауында отандық иннновациялық  жүйені нығайта түсу керек екенін атап өтті. Ғылым мен өндірістің жинағы, ғылыми жетістіктерді бизнес ортаға енгізу елдің инновациялық дамуындағы басты бағыт болып табылады.

 

«Үкімет Қазақстанның инновациялық жүйесін нығайта түсуі  керек. Инновациялық гранттар бөлу арқылы перспективалық ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға кететін бюджет шығындарын көбейту керек», - деп мәлім етті Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.

 

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында 2014 жылға қарай ғылымды  қаржыландыру мөлшерін елдің ЖІӨ-нің 1 пайызына дейін жеткізу міндеті көзделген. 2012 жылы ғылым саласында мемлекеттік қаржыландырудың барлық түріне кеткен шығын 42 млрд. теңгені құрайтын болады. Бұл көрсеткіш соңғы 3 жылдағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 2 есеге көп.

 

2010 жылы Астанада  халықаралық «Назарбаев Университеті»  зерттеу нысаны жұмысын бастады,  болашақта оқу орнының айналасына  инновациялық-зияткерлік кластер  шоғырлануы керек. Астанада жоғары  технологиялық кәсіпорын құра  отырып, болашақта бұл тәжірбе  Қазақстанның ғылыми-білім беру орталықтарының бәріне таралады. Сонымен қатар, елімізде 9 технопарк, 5 ұлттық және 15 аймақтық зертханалар, 9 венчурлық қор және ғалымдар мен өнертапқыштар үшін қолжетімді 9 құрастырымдық бюро құрылған.

 

Инновациялық  қызметке мемлекеттік қолдау көрсету туралы қабылданған заңға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы ұлттық компаниялар жыл сайынғы тұтас кірістерінің 1 пайызын отандық ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға бөлетін болады. Алдын ала есептеулер бойынша, жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан жыл сайын шашамен 1 млрд. долларға жуық қаражат бөлініп отыратын болады.

 

Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия қазақстандық ғылымның жаңа  басым бағыттарын бекітті. Бұл энергетика және энергия жеткізу, шикізат пен  өнімдерді терең өңдеу, өмір туралы ғылым, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар. Бұл басым бағыттар өндіріс пен халық денсаулығын ғылыми-техникалық тұрғыда дамытуға бағытталған.

 

ҚР Білім  және ғылым министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда жалпы құны 3,7 млрд. теңге болатын 6 бағытта фундаменталды ғылыми зерттеулер, жалпы құны 5,9 млрд. теңге болатын 25 ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 200 инновациялық жобалар каталогы құрылған.

 

Қазақстанда «100 қазақстандық инновация» атты Жалпыұлттық жобаны әзрлеу басталды, жобаның негізгі мақсаты нақты технологиялық міндеттерге бірлесе жетуде бизнес, ғылым мен мемлекет күшін бір жүйеге жұмылдыру. 100 абсолютті инновация болашақта Қазақстанда ғылыми-технологиялық серпін жасауға мүмкіндік туғызады.

 

 

Индустриалды-инновация Қазақстан  экономикасын дамытудың бірден-бір  жолы

 

«Индустриялды-инновациялиқ даму» дегеніміз жаңа жаңалық  пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстырумен көзделген  экономикалық даму бағыты.Қазақстан  Республикасының Индустриалдық  – инновациялық  дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстан Президентінің «Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсіпкерлерінің оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзірленген болатын.     2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын дамыту көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: әлемдегі өнеркәсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, әлемді жаһандану процесінің орын алуы, еліміздің ДСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету болып отыр.

Инновация түсінігі