Интеллект ұғымына анықтама. 2

Жоспар:

І Кіріспе

  • Интеллект ұғымына анықтама

ІІ Негізгі бөлім

    1. Интеллект дамуы
    2. Интеллект деңгейін анықтау әдістері
    3. Интеллект зақымдануы
    4. Интеллекті қалпына келтіру

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

    Психикалық қызметтің бірлігін айта отырып,  қазіргі психология психиканы «психикалық үрдістердің» жай қосындысы деп қарамай, оларды белгілі бір жағдайға байланысты жекелейді. Бұл жағдай көбінесе интеллектке қатысты. Интеллект (латын тілінде «intellectus» - түсіну, таным деген түсінікті білдіреді) - жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдарда туа берілетін мінез-құлықтың қарапайым түрін айтамыз. Интеллект ұғымы адам ақыл ойының ойлау қабілетінің ерекшелігін, қасиеттерін, сапасын бейнелейді. Іс жүзінде шығармашылық пен қолдану оқиғаларға талдау жасап олардың келешегін болжай білу - адам ойының осындай қасиеттерінің біртұтас ерекше көрінісі оның интеллектісін анықтайды. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны, ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект ойлау процесінде әсіресе тың мәселелерді шешу кезінде байқалады.Интеллект жеке психикалық үрдіс емес. Интеллект туралы айта отырып, психикалық үрдістердің бірлігіне ерекше көңіл аудару керек. Интеллект термині адамның психологиялық іс-әрекетін зертеуде көп қолданады. Бұл жағдайда абстракты символдарды дұрыстығының тексеруде маңызды рөл атқарады. Жаңа жағдайларға қалай бейімделуді бұрынғы пайдаланған тәжірбиені осылай пайдаланып интеллект арқылы жол табуға болады, жағдайды үйренуге деген қабілет туындайды. Интеллектің бастауы қалай болатынын ұмытуға болмайды. Адам үшін интеллектің маңызы қоршаған орта мен заттарды танып білуде ғана емес, оларды ары қарай шығармашылық түрде дамытуда. Қазіргі ғылымда адам интеллектісі туралы көп біледі және зерттеліп те келеді. Жалпы интеллект табиғатында бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуынан яғни, белгілі бір әрекеттің үздіксіз айналысуына тәуелді. Кез-келген адамда кездесетін жалпы қабілеттермен: ойлау, сөйлеу, оқу, жазумен қатар арнайы қабілеттер де болады. Интеллектінің қазіргі ғылымда бәрін тереңдетіп әлі де толық зерттеп бітпеген. Оған адам интеллектісінің тереңдігі, оның шексіздігінің әлемді тануға деген қабілетте жасырын іскерлігі себеп.

 

 

 

 

 

 

 

 

      

Негізгі бөлім

2.1 Интеллект дамуы

 

    Интеллект жалпы қабілеттіліктерді бағалауға бағытталған психодиагностиканың типі. Интеллектің алдыңғы себептері ретінде ес пен назарды айтуға болады. Дарынды, ақылды адамдардың көпшілігінің есі өте жақсы болады. Кейде данышпан адамдардың есі нашар (Дарвин), ал кейде кемақыл адамдарда механикалық есі жақсы болады. Сондықтан, ес интеллекттің ең басты емес, бірақ маңызды шарты. Бала кездегі назардың сапасы, тұрақтылығы, шоғырлану қабілеттілігі интеллект  дамуына әсер етеді. Білім көлемі интеллекттің ең маңызды құраушысы болып саналады. Білім неғұрлым жоғары болса, интеллект деңгейі соғұрлым жоғары болады. Бар білімді жағдайға қарай қисынды түрде пайдаланудың маңызы зор. Бірақ адамның байымдау мен қорытынды шығару қабілеті ойлау деп аталады. Сондықтан, интеллектің алдыңғы себептері ес пен назар болғандықтан оның ойлаумен тікелей байланысы бар. Белгілі бір жағдайға байланысты білімді пайдалану арқылы өткір анализ және синтез арқылы байымдау мен қорытынды шығару жоғарғы түрдегі интеллекттің қасиеті деп санауға болады. Интеллект пен ойлаудың байланысы соншалық тығыз болғандықтан ойлауды жылжымалы интеллект деп санауға негіз бар. Бұл туралы қазақ психологы М.Мұқанов өзінің «Ақыл – ой өрісі» деген кітабында былай жазған: «Философия энциклопедиясында интеллект деген сөзге бұл термин оймен бір мағынада қолданылады деп анықтама берілген. Бірақ бұл анықтама бізді қанағаттандырмайды. Совет психологы  Б.Г.Ананьев (1907-1972) соңғы еңбектерінде интеллектті ой қабілетіне тән нәрсе деп санайды. Бұл дұрыс пікір. Осы пікірді басшылыққа алып,  біз ақылды немесе интеллектті ой процесінің жемісі екенін дәлелдемекшіміз. Ойлау үстінде адам бір ниеттен екінші ниетке ауысып отырады. Бұл процессуалдық құбылыс». Интеллектің өзін басқа когнитивті процестерден бөлек алып қарау мүмкін емес. Ол басқа құрылымдармен қатар тұрған құрылымдарға жатпайды. Интеллект бұл теңдіктің белгілі бір пішіні, қабылдау базасында әдет және қарапайым сенсомоторлық механизмдерден құрылған барлық құрылымдарды тартады. Ойлау операцияларының (анализ, синтез, жалпылау, абстракция) ерекшеліктеріне байланысты интеллект деңгейі туралы айтуға болады. Ойлау мен интеллекттің тығыз байланысына қарамастан, медицина психологиясы мен психиатрия тәжірибесінде бұлар жеке түсінік ретінде қаралады. Мұның дұрыстығын және мақсатқа лайықтығын тәжірибенің өзі көрсетті. Мысалы, кейбір психикалық патологияда ойлау үрдісі бұзылмағанда ес пен назардың зақымдануынан білу мүмкіншілігі төмендейді. Керісінше жоғары интеллекті адамда ойлау үрдісінің зақымдануы (жабысқақ, сандырақ, қалыптан тыс ойлар) мүмкін. Осы айтылғанға байланысты патопсихологияда интеллектті жеке қарау заңды және қажет.

   

 

    Балаларға жасаған зерттеу процесінде клиникалық әңгімелесу әдісін ойлап тапқан швейцариялық атақты психолог, логик, философ әрі генетикалық психологияның негізін салушылардың бірі Жан Пиаже (1896-1980) болды.  Содан соң бірнеше кезеңдерден тұратын балалардың баяу дамитын процесін, яғни когнитивтік тұжырымдамасын шығарды. Пиаже интеллектің дамуы психикалық дамудың ең негізгі діңгегі деп ойлайды. Ол бұл тұжырымдаманың принциптері әртүрлі тарихи дәуірлерде ойлау эволюциясын және әрқилы білім салаларын түсінудің кілті деп санады. Осы жағдайды ескере отырып, өзі кейіннен атағандай генетикалық эпистемологияны зерттеудің жаңаша бағытын ойлап тапты. Автордың өткен ғасырдың екінші жартысында ұсынған идеялары мен теориялары қазірге дейін өз құнын жойған жоқ және бүгінгі күннің мамандары тарапынан тәжірибелік зертханалық және өндірістік зерттеулердің ең өнімдісі болып бағаланады.

 

Интеллект дамуы  кезеңдері туралы Ж. Пиаже теориясы

 

Кезеңдер

Жасы

Қысқаша мінездеме

Сенсомоторлы  интеллект

0-2 жас

Сыртқы дүние заттары  мен құбылыстарымен жасалған іс әрекеттер  «іс әрекет схемасының» қалыптасуына әкеледі. Баланың іс әрекеті «топтама»  құрайды.

Операцияға дейінгі  интеллект

2-8 жас

Баланың тілі шығып, оның жасаған  іс әрекетінің нәтижесі еріксіз оның ойлауымен байланысты. Бұл кезең екі фазаға бөлінеді:

1) Тіл шыққаннан бастап ересектермен байланыс жасағанға дейін  (1,5 жастан 3-4 жасқа дейін);

2) Когнитивтік құрылымдардың қалыптасуы,яғни баланың сөздің мағынасын түсінетін  фаза (3-4 жастан 6-7 жасқа дейін). Дамудың қорытындысы: қоршаған ортаға деген өзіндік түсініктің қалыптасуы. Субъективті топтан объективті топқа ауысу.

Тиянақты операция кезеңі

8-12 жас

Байқау елестетулерінің  «топтамасымен», интеллектуалды операциялардың пайда болуымен сипатталады. Ақыл ой операцияларын орындауда қабылдау маңызды рөл атқарады.

Формальды операция кезеңі

12 жастан бастап

«Операциямен операцияға» көшу, яғни абстракты ойлау негізінде дедуктикалық талқылау әдісі қалыптасады. Тепе-теңдік тұрақты. Логикалық операциялар «топтамасы».


2.2 Интеллект деңгейін анықтау әдістері

 

    Адамның интеллект  деңгейі туған нәсілінен басқа  тәрбиеге, біліміне және әлеуметтік  мәдени жағдайларға байланысты. Интеллекттің қарқынды дамуы  барлық психикалық қызмет сияқты  балалық және жастық шақта  болады. Интеллект қолайлы жағдайда, өмір бойы байиды. Биологиялық  және әлеуметтік себептердің  әсерінен интеллектуалдық даму  артта қалуы не тоқтап қалуы  мүмкін. Арнайы мектепке дейінгі  мекемелерде не мектепке орналастыру  кезінде балалардың интеллектік  дамуын анықтаудың маңызы зор.  Клиникалық психологиялық тексерулерден  басқа интеллект деңгейін анықтау  үшін эксперименттік патопсихологиялық  тәсілдер қолданылады.

    Интеллект тесттері  объективті диагностикалық келістер  шеңберінде пайда болған әдістемелердің  жиынтығы болып табылады. Олар  интеллектуалдық даму деңгейін  өлшеу үшін қолданылады. Интеллект  тесттері психодиагностикада едәуір  кең таралған әдістердің бірі  болып табылады. Интеллект көріністері  әр түрлі болып келеді. Бірақ  та оларда мінез-құлықтың басқа  ерекшеліктерінен ерекшелеп тұратын  ортақ қасиет бар. Ол кез  келген интеллектуалдық актыдағы  яғни, ойлау, ес, қиял және барлық  психикалық функционалдардың активизациясы  болып табылады. Дәл осы қасиет  қоршаған ортаны тануды қамтамасыз  етеді. Интеллектіні өлшеу объектісі  ретінде түсінудің өзі индивидуалдылықтың  кез келген көрінісін өлшеу  емес, ол ең алдымен таным қасиеттері  мен ерекшеліктеріне қатынасы  барын өлшеу болып табылады. Бұл  өзінің көрінісін көптеген әр  түрлі интеллектуалдық функцияларды  бағалау үшін қолданылатын тесттерде  тапты (логикалық ойлау тесттері, арифметикалық тесттер, кеңістік  визуализация тесттері және т.б.). осылайша империкалық тұрғыдан  құрылған тесттердің бір қатары (реакция уақытын, көру мен  естудің ұшқырлығын, бұлшықеттің  күшін өлшеуден «тазаланған»  тесттер) жеткілікті тұрғыда белгілі  бір әлеуметтік ситуацияларда  мінез-құлықтың ерекшеліктерін, эмоцияларын,  қызығушылықтары танып білуге  бағытталған тұлға тесттерінен  – яғни индивидуалды-психологиялық  ерекшеліктерді өлшеу әдісінің  басқаларынан ерекше бөлініп  шектеледі. 

    Алғашқы интеллект тесттерін Ф.Гальтон ұсынған болатын. Ол «Ақыл-ой операциясының санын және оларды оларды өлшеуге» талпынған еді (Ф.Гальтон 1879 ж.). сонымен қатар Гальтон индивидуалдық айырмашылықтар бойынша мәліметтерді талдаудың математикалық статистикалық әдісін өңдеп шығарған болатын. Гальтонның идеясын дамуына үлес қосқан Кэптел болатын. Ол ақыл-ой тесттерін кеңінен пайдаланудың бастауын салды. Кэптелдің зерттеулерінен одан кейін Еуропалық психологтар мен клиницистердің зерттеулері қазіргі интеллект тесттерінің негізін салды, мұнда 1905 жылы өңделген Бине Симонның – «Ақыл-ой дамуы шкаласының жатқызсақ болады». Интеллект тесттерінің дамуының мықты стимулы болып ХХ ғ. басында қолға алынған әр түрлі тесттердің көмегімен түрлы зерттелінушілерден алынған көрсеткіштердің арасындағы өзара байланысып, орнату мақсаты болып табылған, интеллект табиғаты бойынша статистикалық жұмыстар табылды. Спирмен (1904-1927), Тэрстаун (1901-1947) қазіргі психодиагностика кеңінен пайдаланды, жүрген кешендік тестілік батареялардың пайда болуына себеп болды. Интеллект тесттерінің көмегімен алынған нәтижелер сандық тұрғыда интеллект коэффициенті түрінде көрсетіледі. Интеллект тесттерінің нәтижелеріне белгілі бір мәдениет пен әлеуметтік топқа жату ғана әсер етпейді. Сонымен қатар субмәдениет формальды біртекті таңдаудың өзіне де сынаушылар бір әлеуметтік қабатқа жатады, жынысы және білімі бойынша айырмашылық жоқ. Олардың микроорталарындағы нақты жағдайлармен байланысты, жекеленген адамдардың арасында айтарлықтай айырмашылық болады. Интеллект тесттерінің мәдениетпен және белгілі бір әлеуметтік топтың тәжірибесімен алғашқыдағы өзара қатынасы олардың қолданылу сферасын шектейді. Интеллект тесттері өздері құрылған мәдениетпен басқа, басқа мәдениеттің адамдарын зерттеу үшін адекватты болып табылады.

Түрлі этникалық топтардағы интеллектіні тесттерінің сандық көрсеткіштерін салыстырудың ешқандай мәні жоқ. Интеллектіні зерттеу дифференциалды психологияда да белгілі бір орын алады. Жалпы  интеллектіні өлшеу диагностикалық ерекшеліктермен сенсомоторлы  және перцептивті психиканы байланыстыра қарағанда бір қатар ашылуларға алып келеді.

Адам интеллектісінің  басты сапаларына алғырлық, байқағыштық, логикалық дәйектілік ойдың тереңдігі  мен кеңдігі бейімділігі мен  белсенділігі жатады. Интеллект танымның негізгі формасы болып табылады.

       Роберт  Стенберг үшбірлік теориясын  психиканың үш түрлі процесінің  компонентінен тұратынын ұсынды:

1. Метокомпонентер- мәселелерді  шешуді айқындау және бақылауды  этап бойынша шешу, ақырғы шешім  қабылдау.

2. Орындаушы компонентер-  трансформация жолдары арқылы  өзекті мәселелерді шешу процестері.

3. Білімділік компонентері- арнайы алған біліммен болашақта  пайда әкелу.

   «Үшбірілік» термині  біздің өміріміздің үш аспектісімен  интеллектінің байланысын ішкі  және сыртқы ақпарат процесі  мен  тәжірбие байланысында  адам интеллектісі көп факторлы  кеңдікті таныстырады. Адамға  әлеуметтік пайда ғана емес  оның даралық ерекшелігінде, незгі  ақыл пайда болумен ерекшеленеді. Адамдардың жануарлар әлемінен  айырмашылығы жоғарғы сатыдағы  интеллектінің болуында, жануарлар  жағдайға қарай ығайланса, ал  адамдар ыңғайлы жағдайды өзіміздеріне  жасайды.

    Интеллектіні тексеру немесе тест тапсырмасы негізгі тұлғаның дамуын жоспарлауда интеллектуалды моральды адамның психологиялық эволюциясын анықтауда қолданады. Интеллектінің дамуы адамның болашағы ғана емес тағдырында айқындайды. Интеллектіні зерттеу адамдарды ерте замандардан – ақ қызықтырған. «Кім пайдалы, ақылды, керекті» деген сұрақтарға жауап іздеген. Психологиялық әдістемелерді интеллектінің дамуын тексеру үшін тесттердің алатын орны ерекше.

 

 

   Интеллекті психологиялық зерттеу әдістері үш түрге бөлінеді:

1. экспериметті;

2. сұрақ;

3. креативті.

    Сұрақ кейде дұрыс нәтиже бермеуі де мүмкін ал, экспериментті әдістер тез және анық нәтиже береді. Креативті әдіс арнайы класқа ерекше ақпаратты беруге қолданады, бірақ нәтижесін өңдеп дәлелдеуде қиындау. Сонымен қатар осындай топтың көмегімен алынған нәтиже басқа топтың нәтижесімен ұқсас бола бермейді. Төменде бірінше және екінші топтың мысалдары қолданады. Көп теориялық негіздер мен біркелкі емес интерпретациялардан аулақ болу үшін. Мекетепке дейінгі кезең, сәби кезінен мектепке дейінгі кезеңге өту 3-7 жас аралығы бұл кезде продуктивті, конструктивті суретті іс-әрекетті балаларда перцептивті аналико-синтетикалық іскерлік түрде қалыптасады. Затттың формасына қатысты жаңа перцептивті бейнелердің мазмұнын қалыптастырады, сонымен бірге заттың құрлымы және пішіні оның бөлігінің кеңістіктегі ерекшелігіне және қатынасына бөледі.

Соңғы жылдары интеллект  парасаттылық деген қағидалардың тенденциясы  кеңінен көрсетілуде, мазмұны тек  когнетивті сферадағы шекарадан  шығуда Г. Ольвард интеллект терминінің көп реттік қабілеттілік деп анықтауда  бұлардың әр біреуі өмірлік іс-әрекетке белгілі жетістіктер және табыстарға жетуге өте қажет. Интеллектінің  әр компонентінің бағалылығы нақты  қоғамдық ережелермен анықталады, бұларды  мақталатын немесе мақталмайтын келесі интеллектілердің қабілеттілігі дамиды:

• лингвистикалық;

• логико-математикалық;

• кеңістік (психологиялық  бейне негізіндегі кеңістіктен  бағдар алу);

• денелік-кинестетикалық;

• интер (немесе ара) жеке (басқаны  түсіну);

• интера жекелік (өңін түсіну);

     Тұлғалық сұрақнамалар. Тұлғалық тесттер. Бұл интеллектуалды компоненттер адамның потенциалды аспектілеріне әсер етеді, бейімделу мен дамуды қамтамасыз етеді.

    Психологиялық  тестілеуде ерекше бағыт тұлға  тестінің әртүрлі текстердің  өңдеумен байланысты. Оның негізін  мінез-құлықтың аффективті немесе  интеллектуалдық емес аффектілерін  өлшеу үшін құрылған тесттер  құрайды.

Тұлға тесті терминінің бірдей түсіндірілуі жоқ, кейбір психологтар  оның кең мағынада қолданады, бұл  түсінікті интеллектуалдық емес сонымен қатар интеллектуалдық  кескіндермен де біріктіріп түсіндіріледі. Көбінде психологиялық тестілеуде бұл термин (тұлға тесті) өзіне  эмоционалдық тұрақтылық (реттеу), тұлғааралық  қатынастардың ерекшеліктері мотивациялар, қызығулар және т.б. сияқты бірнеше  мазмұндарды өлшеу сферасын қамтиды. Тұлға тесттерін пайдаланудың алғашқы  жұмыстарын Э.Крепелиннің клиникалық зерттеулерінен көруге болады. Ол еркін  ассоциация тесттерін пайдаланған  болатын. Бұл тест субъектінің арнайы іріктелген сигналдық сөз-тітіркендіргіштеріне бірінші келген ойды жауап ретінде қайтаруға негізделген әдіс болатын Э.Крепелин шаршау, ашу наркомания сияқты феномендерді зерттеген болатын.

    Тұлғалық тесттер  негізінен 3 топпен ұсынылады:

1) сұрақнамалар (өзіндік  есеп берулер);

2) ситуативтік тесттер; 

3) проективті тестілеу.

        Ситуативті тесттер басқаша жұмысты орындауға арналған тесттер деп аталады.Тесттердің көпшілігінде зерттелінушіге кәдімгі өмірге модельдейтін элементтерді іс-әрекет ретінде орындау ұсынылады. Ситуативтік тесттердің негізгі дамуы ХХ ғ. 2-3 онжылдығында олардың стандартизациясы жүргізілуіне байланысты. Ситуативті тесттердің көмегімен көбінде тұлғаның мынандай аспектілері диагностикаланады: алааяқтылыққа, өтірікке, ұрлыққа, қайтпаушылыққа икемдіктерді анықтау. Ситуативтік тесттер II Дүниежүзілік соғыс кезеңінде кеңінен пайдаланылды. Негізінде ситуативтік тесттердің кешендік мазмұны бар, олар көбіне тұлғаның эмоционалдық кескінімен қатар әлеуметтік кескінін де анықтайды. Ситуативтік тесттердің интерпретациясы көбінде субъективті болып табылады, сондықтан да оны массалық зерттеулерде таза зерттеу мақсатынан бөлек қолдану мүмкіндігі мақұлданбайды. Тұлғаны тестілеуде ерекше бағытты негізінен клиникалық тәжірибеде пайда болып қолданылған проективтік техникалар құрайды. Шын мәнінде еркін ассоциациялар принципі проективтік техникаларды пайдаланудың (тестте) алғашқы типтері болып табылады. Интерпретация барысында субъективтілікке тәуелділік өте жоғары барысында болғандықтан бұл техниканы пайдалану күрделі болып табылады.

 

    Р.Амтхауэрдың интеллект құрылымы тесті

    Қазіргі кезде кең тараған әдістердің бірі Амтхауэр тесті. Бұл тестті тәжірибеде қолданудың пайдасы адамның интеллектуалдық мүмкіндіктері мен білім деңгейінің дамуын нақты анықтауға болады. Адамның еңбек ету әрекеттеріндегі басқарушы мен орындаушы арасындағы қарым қатынасты да жақсартуға да мүмкіндік береді.

   

    Тест жүргізудің уақыты:

 

1-субтест – 6 мин; 

2-субтест -6 мин; 

3-субтест -7мин; 

4-субтест -8 мин; 

5-субтест -3мин еске  сақтауға, 6 мин. қайта жаңғыртуға; 

6-субтест -10мин; 

7-субтест -7-мин; 

8-субтест -9 мин; 

9-субтест -10 мин.

    TSI жеке субтестері нәтижесінің интерпретациясы

    

    1-субтест «СТ» (сөйлемді толықтыру): пікірдің тууы, дұрыс ой, нақты практикалыққа акцент жасау, ойдың дербестігі.

    2-субтест «АШ» (артықты шығару): тілді түсіну, индуктивті сөздік ойлау, сөздік мағыналарды дәл беру, вербалды жоспарға қатысты жоғарғы реактивтілікті сезіну.

   3-субтест «Ан» (аналог): комбинациялауға қабілеттілік, ойлаудың тұрақсыздығы және жылдамдығы, қатынастарды түсіну, ойлаудың жағдайлығы, шешімдерге қанағаттанбаушылық.

    4-субтест «Жп» (жалпылау): абстракциялауға деген қабілеттілік, ұғымдарды құру, ақыл-оймен құрушылық, өзінің ойларының мазмұнын сауатты көрсету және рәсімдеу ептідігі.

   5-субтест «Ем» (ес, мнемикалық қабілеттер): еске сақтауға деген жоғарғы қабілеттілік, мағыналы қайта жаңғырту, кедергі және логикалылықта сақтай алу. Зейіннің жақсы шоғырлануы.

6-субтест «АТ» (арифметикалық  тапсырмалар): практикалық ойлау,  қалыптасқан мәселені жылдам  шеше алу қабілеті.

    7-субтест «СҚ» (сандық қатар): теориялық, индуктивті ойлау, есептеуге деген қабілеттілік, белгілі бір темп және ритмге, ретке келтіруге ұмтылу.

    8-субтест «КҚ» (кеңістіктік қиял): геометриялық тапсырмаларды шеше алу ептілігі, кеңістіктік елестердің бай болуы, конструктивті практикалық қабілеттер, көрнекі-әрекеттік ойлау.

   9-субтест «КЖ» (кеңістіктік жалпылау): кеңістіктік бейнелерге сүйне алу, сондай-ақ олардың қатынастарын жалпылау алу ептілігі. Аналитикалық-синтетикалық ойлаудың дамуы, теориялық және практикалық қабілеттің конструктивтілігі.

  

 

    TSI нәтижелерін интерпретациялауда субтестерді келесі кешендерге біріктіру қолайлы.

1. Сигнал және символ  ретінде сөздерге сүйенетін жалпы  қабілеттерді ұсынатын вербалды  субтесттер кешені: 1-5 субтесттер. Осы  кешен бойынша жоғарғы нәитижеде  вербалды интеллектіге ие болады, қоғамдық ғылымдарға және шет  тілін үйренуге жалпы бағдар  бар. Тәжрибелік ойлау вербалды  болып табылады.

2. Тәжірибелік математика  және программалау облысындағы  жалпы қабілеттерді ұсынатын  математикалық қабілеттер кешені: 6,7 субтесттер. Екі субтестен де  бірдей жоғарғы нәтижеге ие  болу «математикалық дарындылықты»  көрсетеді. Егер бұл дарындылық  үшінші кешен бойынша да жоғарғы  нәтижемен толықтырылса, сонда мамандықты  дұрыс таңдау жаратылыстану-техникалық  ғылымдармен сәйкес практикалық  іс-әрекетпен байланысты болуы  керек.

3. Теориялық және практикалық  жоспарда конструктивті қабілеттерді  дамытуды ұсынатын конструктивті  субтесттер кешені: 8-9 субтесттер  бойынша жоғарғы нәтижелік тек  жаратылыстану-техникалық ғана емес  жалпы ғылымдық дарындылықты  көрсетеді. 

4. Қабілеттердің тоериялық  және практикалық кешені –  олар: 2-4 және 1-3 осы субтесттер бойынша  нәтижені салыстыру мүмкін кәсіби  дайындықты және оқудағы жетістік  жөнінде резюме айтуға болады.

 

    Интеллект  коэффициенті (IQ)

    Интеллектті бағалайтын арнайы көрсеткіштер мен сан тәсілдердің тағы бірі интеллект коэффициенті деп аталады (ағылшын тілінде Intellectual quotient, қысқаша IQ). Жалпы баға мөлшерін сыналушының жасына бөлу арқылы интеллект коэффициенті шығарылады. Стандарт бойынша қалыпты жағдайда бұл коэффициент 75-100 тең, интеллекті шүбәлі болған жағдайда 70-74, аз мөлшерде кемақыл болғанда 50-70, орташа кемақыл болғанда 25-49, толық кемақыл болған жағдайда 25-тен төмен. Интеллект коэффициенті генетикалық факторлардың ең тәуелдісі ретінде білім беру саласында , коммерциялық іс-әрекеттерде және Батыстың барлық ресми жүйелерінде үлкен роль атқарады. Ол біздің өмірімізге жан-жақты ықпал етеді. Бірақ бұндай көзқарас маңызды шектеулерге тап болады және коммуникация қабілетіне , яғни әлеуметтік интеллектке негізгі зейін аудармайды. 

   

                                         2.3 Интеллект зақымдануы

   

Интеллект зақымдануы (патологиясы) интеллект жетіспеген жағдайда болады. Интеллект жетіспеушілік туа біткен, тұқым қуалау салдарынан және баланың миының дамуы кезіндегі теріс әсер еткен әртүрлі факторлардан болуы мүмкін. 

    Кемақылдылық (олигофрения) (умственная отсталость) - туғаннан не тұқым қуғаннан  пайда болатын кемістік. Ол жеңіл, орта, ауыр дәрежеде болады  яғни дебильдік, имбецильдік және идиотия.

    Деменция - аурудың әсерінен, ми қантамырларының зақымдануынан (артериялық гипертония, церебросклероз т.б.)  пайда болатын интеллектуалдық кемістік. Себебіне байланысты клиникалық деменцияның түрлері көп: жарақаттық, қантамырлық, кәрілік, эпилептикалық т.б.

    Сонымен қатар  интеллектің зақымдануымен көрінетін  ауруларға: Альцгеймер, Пик, Паркинсон аурулары, спонгиоформды энцефалопатиялар, нейросифилис, авитаминоздар, ауыр металлдармен улану, депрессия, шизофрения, церебралдық паралич т.б жатады.

   

2.4 Интеллектті  қалпына келтіру

 

    Интеллект зақымдануын диагностикалаудың негізгі әдісі – интеллект коэффициенті болып табылады. Сонымен қатар интеллект зақымдануында науқастың этносы мен мәдениет ерекшеліктері де ескеріледі. Мысалы кейбір этникалық топтар абстрактылы білімді бағаламай, керісінше тәжірибелік жағын құп санайды. Сондықтан олардың коэффициент көрсеткіші төмен нәтиже көрсетуі мүмкін, бірақ негізінде олар ортаның стресстік жағдайларында өте бейімді келеді.

    Интеллектің зақымдануы  түрлі аурулармен қатар жүргендіктен  оны қалпына келтіру де медициналық жолмен іске асырылады. Интеллекті қалпына келтіруде төмендегі дәрігерлер көмектеседі:

  • Педиатр
  • Психиатр
  • Невролог
  • Отоларинголог
  • Окулист
  • Нейропсихолог
  • Психолог (Векслер тесті арқылы)
  • Логопед
  • Эндокринолог (көрсеткіштер бойынша)
  • Дерматолог (көрсеткіштер бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

    Сонымен, интеллект жоғары дамыған организмдердің психикалық қызметінің айрықша функциясы ретінде ақпар алуға, оны сақтауға, өңдеуге және беруге, жаңа білімдер қорытып шығаруға, жеткілікті негізделген шешімдер қабылдауға, алға қойылатын мақсаттарды тұжырымдап, соларға жетуге бағытталған іс-әрекеттерді қадағалауға, қоршаған ортада болатын хал-ахуалдарды дұрыс бағалауға қабілеттілікті қамтамасыз етеді. Ақыл-ой өңдейтін хабардың аса маңызды қайнар көзі және ол қорытып шығаратын білімдерді, шешімдер мен мақсаттарды қолданудың объектісі объективтік дүние. Осы тұрғысында адамның ақыл-ой немесе интеллектілік қызметі объективті шындықты өзгертуге бағытталған қызметтің негізінде бейнелендіру болып табылады. Психологтар адамның интеллектін анықтаудың біріккен жалпы жүйесін қалыптастыруға әрекет жасағанда, бір қиындыққа кездеседі. Ол әр интеллектің өзінің мүмкіндігіне ғана тән әртүрлі ақыл ой операцияларын орындауға қауқарлылығы. Егер интеллектің мүмкіндігін  анықтауда әртүрлі өлшемдерді, математикалық әрекеттерді орындағанда да, оның жалпы көрсеткіші қандай болмақ? Бұл тапсырманы шешу бүгінгі күні мүмкін емес, бірақ жоғарыда айтылып кеткен психологиялық практикада кеңінен тараған бірнеше интеллект деңгейін анықтау әдістері (Стенфорд-Бине, Векслер шкаласы, IQ-тест т.б.) көп көмегін тигізіп жүр. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, әлемдегі әрбір үшінші адамда IQ деңгейі орташа мәнге ие және 84-100 баллды құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  • «Медициналық психология» Илешова Р.Г. Алматы, «Эверо» 2009;
    1. бет: 73-76 бб.
  • «Адамзат ақыл ойының қазынасы» 7 том: «Когнитивті психология» Алматы, «Таймас» 2006; 480 бет: 379-391 бб.
  • «Адамзат ақыл ойының қазынасы» 9 том: «Ойлау теориялары» Алматы, «Таймас» 2006; 464 бет: 399-416 бб.
  • «Интеллектік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері» Автореферат,Аяғанова А.Ж. Алматы,2009; 50 бет.
  • http://www.allbest.ru
  • http://www.wikipedia.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Интеллект ұғымына анықтама. 2