Инвестициялар түсінігі және оның жіктелуі
Жоспар
Кіріспе ..............................
І тарау. Инвестициялар түсінігі және оның жіктелуі.
1.1. Инвестиция туралы
жалпы түсінік және оның
экономикалық мәні..........................
1.2. Инвестицияның жіктелуі мен олардың сипаттамасы ......8 - 12
ІІ тарау. Бухгалтерлік есептегі ұзақ мерзімді инвестициялар есебін ұйымдастыру
2.1. Бірлесіп бақыланатын
және тәуелді
2.2. Қаржылық инвестициялар
есебі.........................
2.3. Ұзақ мерзімді инвестициялардың
ағымдағы құнының есебі.................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер....................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Инвестиция деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауылшаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай – ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынар ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бұл өндірісте дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз (процент) түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро – пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейсиандық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы (яғни көзі немесе инвестиция резервуары) әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Осы мақсатты ескере отырып, бұл тақырыпта көтеріліп отырған басты мәселе инвестицияның жалпы экономикалық мәнін талдау, осыған байланысты ұзақ мерзімді инвестицияның ағымдағы құнының есебін қарастыру. Осы және басқа да мәселелер жұмыстың келесі бөлімдерінде қарастырылған.
Жұмыстың бірінші бөлімінде инвестиция ұғымына жалпы сипаттама берілді. Ал, екінші бөліміне тоқталатын болсақ, бұл бөлімде бухгалтерлік есептегі ұзақ мерзімді инвестициялар есебін үйымдастыру жолдары қарастырылған.
Курстық жұмысты жазу барысында келесідей атақты экономист – ғалымдардыі еңбектері негізге алынды: Кеуліжаев К.К., Төлегенов Ә.Г., Байдаулетов М.Б., Құдайбергенов Н.А., Андросов А.М., Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И., Кондраков Н.П.
бұл курстық жұмысты жазғандағы мақсат – инвестиция есебіне жалпы сипаттама бере отырып, қазіргі нарықтағы бухгалтерлік есептегі ұзақ мерзімді инвестициялар есебін ұйымдастырудың жолдарын ашып көрсету.
І тарау. Инвестициялар түсінігі және оның жіктелуі.
1.1. Инвестиция туралы жалпы түсінік және оның экономикалық мәні.
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестиция қызметінің мақсаты - түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі каптиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алдыңғы мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық - өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар – бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активті (мысалға, пайыздар, роялтилер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді – ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қағаздарды алғандағыдай етіп әсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс осы бір мәртелік сипатқа ие болады және өзінің номиналдық (атауы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілер куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
- бағалы қағаздар ұсынушыға – құқықтарын ортату үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді (идентификациялаушы) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға қарапайым жолмен қолына береді.
- атаулы бағалы қағаздар – белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындауы емес, ондағы тисілі топтың заңды еместігіне жауап береді.
- ордерлі бағалы қағаз – ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағаздар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп - индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты олардың борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (процесттерді) төлеуді және негізгі қарыздардың негізгі сомасын графике сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.
Инвестициялы бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға элесменттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жаратады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша мемлекеттік (Үкімет пен Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті қару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыруы немесе қаржылық – шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылтын) болып бөлінеді.
Мәсәлеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар, облишгациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, конносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы көптеген шығарылумен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерцияллық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмаситыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржыалық емес айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылу және сатып алуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын үсынылдмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай – ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі – бір кұннан бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілдігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозитік, сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдам астам мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай – ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сақтылу құқығын куәландыратын шартты бағалы қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер, сатып алу құқығынгың артықшылғы).
1.2. Инвестицияның
жіктелуі мен олардың
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен мақсатына сәйкес басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін) жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды тараптандырудың (диверсификацилаудың) принципін ұстауы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылу керек. Бұл салымдардың тәукелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуекелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына салытнатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптардың (дивнрсификациялау) принципін ұсынатын болса, онда ол инвестициялық (фондылық) портфнл деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.
Қоржындық (портфелдік) инвестициялардың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы қарыздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау көзінің құрамына тәуекелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбегін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынға құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуға тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін. Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады.келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип - өсім қоржыны, екінші тип - табыс қоржыны.
Қордынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық (курстық) өсімінің есебінен алу болып табылады. ол негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан, тағы басқа қоржынның түрлерін, атап айтқанда: агрессивті, консервативті және орташа өсімін бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдық максималды өсіміне бағытталды. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысы екенін көрсетеді, бірақ эмитент – кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қордын жеткілікті жоғарғы табысқа және тәуекелді орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.
Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялық объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамында енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелген, нарықтық ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелген (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигациялдарынан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық конктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де, қосымша табыс келуі мүмкін. Басқаша жағдайда қоржын ивестиициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі.
Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамында ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамен көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбастауы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.
Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие.
Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.
Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай, алдын ала уаықты белгіленген кезеңнің шегінде табыс алуды көздейді. Ал мерзім шектелген қоржынның уақыты шектеліп белгіленбейді.
Мүмкіндігінше толықтырылатын, қайтарып алынатын және тұрақты қоржындар ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша қаражаттарының есебінен емес, сыртқы қаражат көздерінің есебінен өсуі (толықтырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын қоржындар бастапқы салынған қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді. Тұрақты қоржындарда бастпақы салынған қажаттар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін сақтайды.
Инвестиция - экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми - техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін үлкен ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыру мен валютаның бағамдық пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартуды қиындықтармен және т.б. осы сияқты мәселелермен байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат зілзалаларымен және саяси тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық – экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым – қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының зацдар экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциядар әзірленіп жасалынған.
Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты - жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу – хауды енгізу; ішкі нарықтық жоғарғы сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импорты алмастырушы өндірістерді дамыту. Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіктсіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамсыз ету; қоршаған ортасын жақсарту болып табылады.
ІІ тарау. Бухгалтерлік
2.1. Бірлесіп бақыланатын және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі.
Заңды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, қатысу үлесін алу арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе субъектінің басқа да саясатына едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 50 % және одан да көп дауыс беру құқық бар акциясы болса, онда ол қаржыландырылатын объекті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес серіктестігі болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20 % - тен астам болса, бірақ оның дауыс беруге құқы бар акциясы 50 % - тен аспаса, онда ол қаржыландыратын объекті бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20 % акциясынан аспаса, онда ол бірлесіп бақыланатын заңды тұлға болып табылады.
Инвестицияның есебі 14 «Инвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 141 «Еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар», 142 «Тәуелді серіктестікрелге салынған инвестициялар», 143 «Бірлесіп – бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар», 144 «Басқа инвестициялар».
Бұл бөлімнің шоттары еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың акциялары мен жарналарындағы инвестициялардың нақты бары мен қозғалысы туралы мәліметті талдап қорытындылауға бағытталған.
141 – 144 шоттар активті
және күрделі болып келеді.
Талдамалы (аналитикалық) есеп инвестицияланған
кәсіпорындар мен
Инвестицияларды есепке алу бухгалтерлік есептің № 14 «тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің инвестициялық серіктестіктерінің инвестициялық есебі» деп аталынатын стандарты бойынша реттеледі.
Тәуелді шаруашылық
серіктестіктердің инвестициялы
- үлестік қатысу әдісі;
- құндық әдіс (немесе құн әдісі).
Үлестік қатысу әдісі – инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза активтеріндегі өзгерістерге инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серкітестерінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық – шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.
Тәуелді шаруашылық серіктіестігінің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивиденттер инвестициялардың баланыстық құнын кемітеді.
Егерде инвеститордың салған инвестицицясының баланыстық құны тәуелді шаруашлық серіктестіктеріндегі алған зиянына тең немесе артық болса, ондай бұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестиция нольдік құны бойынша көрініс табады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалауына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.
Инвестор өзінің тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза табысында үлестік қатынасын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы керек.
Егер де тәуелді серіктестіктің активтері қайта бағаласа, онда олардың баланстық құны да өзгереді. Баланыстық құнның өсуі меншік капиталындағы төленбеген қосымша капиталда көрініс табады, ал егер ол азайса, онда сол төленбеген қосымша капиталды азайтады.
Мысал. «Шығыс» ААҚ қоғам «Темір» ААҚ – ның 33 % және «Цемент» ААҚ – ның 28 % акциясын сатып алған, ол сатып алынған акцияға сәйкес олардың құны: 3110 теңге және 4600 мың теңге құрыалған.
«Шығыс» ААҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан соң, «Темір» ААҚ өзінің кейбір негізгі құралдарына 300 мың теңгеге қайта бағалауды жүргізген. Бірінші жылдың қортындысы бойынша «Темір» ААҚ 9900 мың теңге зиян шексе, ал «Цемент» ААҚ 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивиденті жария еткен. Ал келесі жылы «Темір» ААҚ кейбір құралдарының бағасын 410 мың теңгеге түсірілген, ал «Цемент» ААҚ керісінше, 500 мың теңгеге көтерген.
Екінші жылдың қорытындысы бойынша «Темір» ААҚ 1000 мың теңге таза табыс тауып, 200 мың теңгеге дивидендті жария еткен, ал «Цемент» ААҚ – 1500 мың теңгеге дейінгі зиян шеккен.
Енді осы жасалған операциялармен байланысты шоттар корреспонденциясы қосымша - бетте көрсетілген.
Құн әдісі – инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілген есептік әдіс. Инвестордың қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кеін барып мойындалады.
Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы прнвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұнадай шектеулерді тудыратын себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай – ақ олар кәсіп орындардағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай – ақ, саяси хал – ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырылған, дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.
Егер дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды.
Енді біз жоғарыда келтірілген мысалға ораламыз. Келесі жылдың (яғни екінші жылдың) наурызында «Темір» ААҚ – 3500000 теңгеге, ал «Цемент» ААҚ 5000000 теңгеге өз акцияларын сатқан.
Енді осы бойынша шоттар
корреспонденциясы қосымша
Тәуелді шаруашылық серіктестік деген анықтама сәйкес келмеген күннен бастап, инвестициялар ұзақ мерзімге инвестицияны есептейтін есепке алу саясатына сәйкес есептелінеді.
2.2. Қаржылық инвестициялар есебі
Қаржылық инвестициялардың есебі 40 «Қаржылық инвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 401 «Акциялар», 402 «Облинациялар» және 403 «Басқа қаржылық инвестициялар» шоттары кіреді.
401 – 403 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвесторлардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлер марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының коммисиондық төлемдері кіреді.
Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынғаен құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады.Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланс төмендегідей жолмен анықталады:
- сатып алу құнымен;
- қайта бағалау құны ескерілген құнмен;
- сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайтабағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді инвестициялардың бір ғана түрі қайта бағаланады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған сомасы меншік қапиталының өсіміне жатқызылады. Инвестициялар құны төмендеген жағдайда азайту инвестициясының үстеме бағасының сомасы есебінен жүргізіледі. Бір инвестицияның үстеме сомасы жоқ болған жағдайда (жетіспесе) оның құнының төмендеуі зиянға есептелінеді. Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар құны төмендеген жағдайда сөзсіз бұл инвестициялардың баланстық құны қайта қарауды талап етеді. Құнды тап осылайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталынады және есептелінеді. Бұл кезде инвестицияланған субъектідегі инвестордың үлес салмағы және тәуекелділіктің түрі ескерілуі керек. Қаржылық инвестициялар есептен шығарылғанда, оны сатқаннан түскен пайда мен баланстың құнының арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін (брокердің немесе диллердің қызметі) ол не табысқа, не шығысқа жатқызылады. Егер инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда ол қайта бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбеген табысқа жатқызылады.

- Инвестициялау обьектісі ретінде бағалы қағаздардың артықшылығы
- Инвестициялык катынастардың құқықтық негіздері
- Инвестициялык компаниялар жане корлар
- Инвестициялык кызметтин экономикалык мени
- Инвестициялық
- Инвестициялық жоба
- Инвестициялық жоба
- Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтер
- Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері
- Инвестициялардың тиімділігін бағалау
- Инвестициялар есебі
- Инвестициялар есебі
- Инвестициялар және оның жіктелуі
- Инвестициялар:мәні, мақсаттары мен нысандары