Инвестициялық меншік түсінігі
Инвестициялық меншік түсінігі
Инвестициялық меншік түсінігі
Жоспар :
I-Кіріспе
1 Инвестицияның мәні , қызметі .
2 Инвестициялық меншік
1. Инвестициялық меншік
2. Инвестицияларды жіктеу.
.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Инвестиция-бұл шығын
жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық
кәсіпорындардағы және т.б. экономика
саласыңдағы күрделі салым
Инвестиция көздері болып жаңа құрылған
құн немесе басқаша айтқанда жинақталған
таза кіріс бөлігі табылады.
Кәсіпкерлер оны меншіктік кіріс(өзін-өзі
қаржыландыру) шотында және саудалық капитал
рыногында(таратылынды қаражат) жұмылдырылады.
Инвестиция көзі амортизатциялық аударым
болып табылатын негізгі капиталды жаңарту.
Инвеститция өзінің бағыттары немесе
сатып алу мақсаты бойынша қаржы инвеститция
мен нақты инвеститця болып екіге бөлінеді.
1.1 Инвестицияның мәні, қызметі.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.
Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.
Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке адамдар).
- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары).
Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.
Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.
Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
- Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
- Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
- Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
- Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;
- Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп,
сауда т.б. кәсіпорындарына
- портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды және басқа да құды қағаздарға алу үшін);
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.
Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.
Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.
1995 жылдың шетелдік
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды , басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады.
2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі (98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді.
2004 жылғы қаңтарда негізгі капиталға инвестициялар 56.9 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17.2%көп.
2004 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан(1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы қаласында да (4-13%) байқалды.
Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды.
Мұнай өндіру және табиғи газ
(негізгі капиталға
Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар – сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады.
2002 жылы Қазақстан
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке өсіп, 4.8% құрады.
Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек- жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді.
Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық барлауға жұмсалған.
Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4%тиеді.
Көлік және байланыста негізгі
капиталға жұмсалған
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз (1.3%).
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар 47.7% құрады.
2 Инвестициялық меншік
Инвестициялар дегеніміз - өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығы.
Инвестиция өзінің мақсаты
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болып екіге бөлінеді.
Еліміздің
нарықтық экономикалық жолымен
дамуы барысында қаржылық
инвестициялардың маңызы өте
үлкен. Біздің еліміздің
- валюталық нарық;
- құнды қағаздар нарығы;
- несие-капиталы нарығы (ақша нарығы);
- асыл металдар нарығы (алтын нарығы).
Қаржы нарығының айырықша бөлігі – құнды қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субъектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Жоғарыда аталған субъектілірдің барлығы құнды қағаздар нарығының қатысушылары болып табылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушы болса, ал екіншілері инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субъектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялаукапитал салысын қажет етеді. Бұл жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Шаруашылық субъектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент – деп аталады, сонымен бірге олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.
Эмитент
ретінде кім болғанына
Мемлекеттік
құнды қағаздар – бағалы
- Ұлттық жинақ облигациялары;
- Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме;
- Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме.
Муниципалды
құнды қағаздар - бағалы қағаздардың
бұл түрін жергілікті
Корпоративтік
құнды қағыздар – шаруашылық
субъектілерінің жарғылық
Барлық бағалы қағаздар 2 топқа бөлінеді: ақшалай және күрделі.
Ақшалай
бағалы қағаздар ақшаны
Капиталды құнды қағаздар – шаруашылық субъектісінің қорын құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады.
Өздерінің алынатын табысына байланысты құнды қағаздар қарыздық және инвестициялық болып екі топқа бөлінеді.
Қарыздық құнды қағаздар - бойынша эмитент өзі белгіленген уақыт бойында пайызымен тиісті қарыздарын төлеуге міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигцияның барлық түрлері, вексельдер жатады.
Инвестициялық құнды қағаздар – иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты қорлы және саудалық болып екіге бөлінеді.
Қорлы құнды қағаздар – қор
биржаларында айналысқа түседі
және көп мөлшерде
Саудалық
құнды қағаздар – сауда
Нарықтағы
айналымдағы ерекшеліктеріне
Нарықтық құнды қағаздар – айналыста еркін сатылады немес сатып алынады.
Нарықтық емес құнды қағаздар – қолдақ-қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға еркін түспейді.
Атқаратын
қызметіне және роліне
- негізгі (акция,облигация);
- көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар);
- туынды (варанттар, опциондар, фьючестер, бондар) болып үш топқа бөлінеді.
Қаржылық инвестициясының басты мақсаты – пайда, яғни табыс табу және капиталдың құнсызданып кетуіне жол бермеу. Қаржылық инвестицияның есебі 1100 «Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» бөлімінде жүргізіледі. Оларға:
1110 – қысқа мерзімді қаржы инвестициялары;
1120 – саудаға арналған
қысқа мерзімді қаржы
1130 - өтеуге арналған қысқа мерзімді инвестициялар;
1140 – сату үшін арналған
қолда бар қысқа мерзімді
1150 - өзге де қысқа мерзімді қаржы инвестициялары шоттары жатады.
Ұзақ
мерзімді қаржылық
2010 – ұзақ мерзімге берілген қарыздар;
2020 - өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар;
2030 – сатуға арналған
қолда бар ұзақ мерзімді
2040 - өзге де ұзақ
мерзімді қаржылық
2200 бөлім шоттарында үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар есетелінеді.
2210 – үлестік қатысу
әдісімен есепке алынатын
2300 бөлім шоты жылжымайтын
мүлікке инвестицияларды
2310 – жылжымайтын мүлікке инвестициялар;
2320 – жылжымайтын мүлікке
салынған инвестициялардың
Бұл шоттардың дебетіне
Жалпы
бағалы қағаздар нарығы
Қорытынды
1993-2001 жыл аралығындағы біздің елге тартылған тікелей шетел инвестициясының жалпы көлемі 16.98 млрд. АҚШ долларын құрайды . 1999 жылы экономикамызға қозғау салған шетел инвестициясының жалпы мөлшері , 1.85 млрд. АҚШ долларына тең келіп, 1998 жылға қарағанда 1.5 есеге өскені айқындалды. Ал , 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның көлемі 49 пайызға өскені , яғни 2.75 млрд. АҚШ долларына жеткені белгілі болды. Шетел қаражатының Қазақстанның « тайқазанына» келіп түсуі және оның көлемінің көбеюі еліміздің әлемдік компанияларға ұнай бастағанын көрсетеді. 2001 жылы шетелдік инвестицияның көрсеткіші , мамандар есептеуінше, 4.41 млрд. Ақш долларын құраған. Инвестициялық белсенділік Қазақстанда Ресейден де жоғары дәрежеде екенін мына мәліметтен – ақ аңғаруға болады . Бүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім – шарт негізінде шетел инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 млн . АҚШ доллары көлемінде « көк қағазын» сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астанаың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 2001 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты.
Аралығында инвестициялық
Алайда , шетелдік инвестицияны тарту барысында да көп кедергілер бар көрінеді . Олар мыналар :
- Қазақстан нарығының іскерлік белсенділіктің төменілігі;
- Реттеуші шаралар шалағайлығы ;
- Өтімді қаржы құралдарының азаюы , төлем күшінің әлсіздік дағдарыстың орын алуы ;
- Шынайы ақпараттың жеткіліксіз болуы ;
Инвестициялық саясаттың
Қолданылған әдебиеттер:
- «Гос. рег. рыночный экономики » - Кушлин: Москва-2000
- «Эк. Мем. Рет. өзекті мәселелері » Ихданов, Орманбеков: Алматы-2002
- «Гос. рег. условиях Казахстана » Мамыров: Алматы -1998
- «Гос. и бизнес » Мамыров, Брузатый: Алматы-1999
- «Қ. Р. Индустриялды – инновациялық дамуының 2003-2015 ж. арналған стратегиясы » :Астана-2003

- Инвестициялық операциялар
- Инвестициялық операциялар есебі
- Инвестициялық өндіріс
- Инвестициялық салық преференциясы бойынша корпоративтік табыс салығының қолданылуы
- Инвестициялық саясат
- Инвестициялық саясат
- Инвестициялық саясат
- Инвестициялық қызметті басқару
- Инвестициялық қызметтің мәні мен қызметі
- Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
- Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
- Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
- Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні мен мазмұны
- ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ