Исламның жалпы сипаттамасы

Исламның жалпы сипаттамасы

Ислам – үш әлемдік діндердің ішінде ең жас дін болып саналады. Қазіргі уақытта мұсылмандар әлемнің 120 елдерінде өмір сүреді, мұсылман қауымдастығы 1,5 млрд. жуық, яғни бүкіл адамзаттың 20 %-ын құрайды.

Бұл дін Мысыр, Иордания, Тунис, Катар, Біріккен Араб эмираттары, Ирак, Иран, Кувейт, Марокко, Сауд Арабиясы және т.б. сияқты елдердің конституцисында өз көрінісін тауып, 28 мемлекетте мемлекеттік немесе ресми дін болып саналады. Мұсылмандардың шамамен ¾ 35 елдерде қоныстанған, бұл елдерде олар бүкіл халықтың 95%-дан 100%-ға дейін бөлікті құрайды, олар келесі елдер: Алжир, Ауғанстан, Бахрейн, Гамбия, Батыс Сахара, Индонезия, Иордания, Йемен, Катар, Коморы, Ливия, Мавритания, Мальдивы, Нигер, БАЭ, Оман, Сомали, Тунис, Түркия және т.б.

Ислам иудаизм мен христиандық діндер сияқты әлеуметтік-діни және тілдік ортада қалыптасқандықтан, қазіргі заманғы дінтану ғылымы оны аврааматикалық (иудеохристиандық) дәстүрге типологиялық туыстас болып қарастырады.

Оның негізгі ерекшелігі - ол дін мен құқық арасында, зайырлы және діни өмір арасында, сенім мен өмір сүру салты арасында нақты айырмашылықтардың болмауы.

Ислам сөзі араб тілінен аударғанда бағыныштылық деген сөзді, ал муслим немесе мұсылман атауы өзін Аллаға берілген, яғни мұндай бағыныштықты өмір сүру салты ретінде қабылдаған деген мағынаны білдіреді. Бұл дінге табынатын адамның өмірін шектеу әрекеті осымен түсіндіріледі.

Ислам VII ғ. Аравия түбегінде пайда болды. Бұл уақытқа қарай мұнда ежелгі таптық мемлекеттердің құлауы, транзиттік сауданың, дәстүрлі қоғамдық байланыстардың құлдырауы, көшпенділер мен отырықшы тайпалар арасында шиеленістің артуы сияқты объективті алғышарттар өрістей бастады. Осы барлық жағдай ортағасырлық араб халқының әлеуметтік және рухани ізденістерінде өз көрінісін тапты, оның нәтижесінде жаңа саяси құрылыстың – Халифаттың, жаңа этноконфессиялық қауымның – мұсылман қауымның (умма) қалыптасуына әсер етті. Исламға дейін араб халқында бір дін болмады, көп құдайларға сену болды, көпқұдайлылық уағыздалды. Бірақ біртіндеп жергілікті діндер арасында жалпыаравиялық құдайлар бөліне бастады. VII ғ. Аравияда курайшиттер тайпасы жоғарғы билікке жетеді, осыдан курашиттердің «илах» немесе «аль-илах» құдайы аз ықпалды және күшті тайпалардың құдайларын ығыстыра алды. Кейінірек, ол исламға жалғыз және нақты«Аллаха» құдайы ретінде енді.

Ислам қатаң монотеизмнің, яғни бірқұдайлылықтың діні болып табылады. Мысалы, бұл дінде Троица мәселесі – үшбірліктің, яғни Құдай-Әке, Құдай-Ұл, Құдай-Қасиетті Рух байланысы сияқты мәселесі кездеспейді. Алланың жалғыз болуы мен тұтас болуы туралы сенімнің әмбебап ұстанымы «Алладан басқа ешқандай құдай жоқ» деген формуламен айқындалады.

Тарихи тұрғыда ислам діні белгілі бір саяси орталығы жоқ, көптеген пұтқа табынушылық құдайлар пантеоны бар көшпенді, жартылай көшпенді және отырықшы тайпаларды біріктіріп, оларды адамзат тарихында өте маңызды және ықпалды дінге айналдырды. Исламның негізгі догматтардың пайда болуы мен қалыптасуы, оның әлемдік дінге айналуы қысқа мерзімде болды, тіпті ХІІІ ғ. араб өркениеті әлемнің жартысын қамтыды және өзінің мәдени дамуы бойынша ортағасырлық Батыстан озып түсті.

Қазақстандағы Ислам

Қазақстан жеріне және Орталық азия территориясына мұсылмандық идеялардың енуі б.з.д VII-VIIIғ. анықталады.

Қазіргі Қазақстан аумағында ислам дінінің тарауы бірнеше ғасырға созылған үрдіс. Алғашында жана дін ооңтүстік аудандарға енді. Х ғ. Соңында жетісу мен Сырдарияның отырықшы халықтарының арасында тұрақталды.

Ислам дінінің жергілікті халықтар арасына енуі бейбіт жолмен жүрді және халықты қыспаққа алмады. Исламды түрлі ұлтатар мен түрлі тап өкілдері өз еркімен қабылдады.

Ислам дінінің ХVІІ ғ.б. таралуы моңғол шапқыншылығы әсерімен тежелді, бұл шапқыншылық Орта Азия мен Қазақстанға діндік тәстүрлі діндері бар жаңа халық топтарын (түрлі түркі) моңғол тайпалары( әкелді. Көптеген қалалар қиратылып, ғылыми –мәдени орталықтар тоналып, мешіт-медреселер күл-талқан болды.

Алайда, жергілікті мәдени-рухани дәстүрлер кейін қиыншылықтарда жеңіп, уақыт өте келе қайта жаңғырды. Моңғол басқыншылары ислам дінін қабылдап, түркі тіліне көшті.

Берке хан (1255-1266) тұсында Алтын Орданың мұсылмандықты қабылдауынан кейін ислам діні нық тұрды. Бұл үрдіс келесі хандармен (Тудеменгу, Өзбек) жалғасын тапты.

Ислам дінінің көшпенді ақсүйектер арасында кең тарауы, (оның) мұсылмандық дін ілімінің барша қоғам таптарында нық орныққанын білдірмейді. Қарапайым халық ата-бабаларынан қалған діни түсінігін ұзақ сақтады.

Ислам діні XVғ. Жәнібек және Керей сұлтандары негізін салған қазақ хандығының ресми діні болды. Қазақ халқының қалыптасуы кезінде исламның енуі хандар билігінің нығаюына және әртүрлі қазақ руларының бір этникалық топқа бірігуіне ықпал етті.

Қазақ хандығының халқы ханафиттік мазхабтын сүнниттік ислам бағытын ұстанмен қоғамдық және жеке өмірде тәңіршілдік және шаманизм элементтерін исламмен араластыра қолданған.

Аймақтағы ислам дінінің нығаюы пұтқа табынушылықты ығыстырмады. Діни синкритизм, яғни пұтқа табыну мен ислам дінінің үйлесімі қалыптасты.

Осылайша, қазақ даласында исламға дейінгі наным-сенім элементтерін қамтыған халықтық ислам кең дамыды.

Исламның негізін салушы

Исламның негізін салған Мұхаммад пайғамбар, дәлме-дәл – Айтулы, Даңқты(570-632) – шынайы тарихи тұлға. Исламның Қасиетті жазуы – Құранды Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен уағыздаушы қызметі туралы мәліметтердің жалғыз сенімді дереккөзі ретінде есептейді. Өмірбаяндық сипаттағы алғашқы жазба шығармалар тек VIII ғ. ортасында пайда болды.

Генеологияға сәйкес, исламның негізін салушы Мұхамед пайғамбар Арабия түбегінің ең үлкен саудалық және діни орталығы болып есептелінетін Меккеде билік еткен курайш сияқты семит тайпасының Хашим деген атақты бай, бірақ одан кейін кедейленген рудан пайда болды делінген. Мұхаммед өте ерте ата-анасынан айрылды: әкесі (Абдұлла) оның дүниеге келуіне дейін қайтыс болды, ал шешесі (Амина) Мұхамедке 6 жас болғанда дүниеден қайтты. Ол Аравияның көшпенді және отырықшы тайпалардың 360 құдайлары сақталынған Кааба ғибадатхананың сақтаушысы болған өзінің атасында 8 жасқа дейін тәрбиеленді, атасы қайтыс болған соң оны туған ағасы Әбу-Талиб өзіне алады, ол Мұхамедті түйекеш және керуенші өнеріне үйретеді. Біраз уақыттан кейін оған немере қарындас болған және керуен саудамен айналысқан Хадиджа бай жесір әйелге қызметке барады. Біраздан кейін Мұхамед оның іс басқарушысы болып тағайындалады, ал одан кейін 595 ж. оған 25 жас, ал Хадиджаға 40 жас болғанда олар үйленеді. Оларда 6 немесе 7 бала туыпты, бірақ олардың ішінен тек 4 тірі қалған. Алайда жоғарыда айталғанның барлығы Мұхамед пайғамбар өмірінің күрделі рухани ізденістермен қосталынған тек сыртқы арқауы болып табылады.

Исламның дәстүрі бойынша құрандық ашылуына дейін Мұхамед иудей де, христианин де болмай тұра, ханиф (бір Құдайды ізденумен байланысты болатын Авраамның пайда болуынан бастап келе жатқан құдайды ізденуші формасы) болды екен, яғни монотеисттік сенімді ұстанды. 610 ж. қарай Мұхамедке әртүрлі елестеулер келе бастайды, «расул» елшісі рамазан айының 27 күнінде болатын «құдыреттілік түнде» Мұхамедке оның әулиелік міндетін ашқанын мұсылмандық доктринасы сендіреді. Дәстүрге сәйкес елші ретінде Гавриил періштесі (Джибрил – мұсылмандық мифологияда аллаға жақын Израил, Исрафил, Микал сияқты төрт періштенің бірі, оның міндетіне пайғамбарларға Алланың тапсырмасын жеткізу және еркін ашу болған) болғаны делінген.

Алғашқы уақытта Мұхамед нағыз туыстары мен достарының ортасында құпия түрінде өз өсиетін таратты. Ол бірнеше он шақты мүшелерден жиналған алғашқы мұсылмандық қауымдастықты құрай алды, одан кейін Мұхамед өз дінінің өсиетін көпшілік алдында таратуға кірісті. Әбу Талиб руымен болған туыстық ұзақ уақыт бойы Мұхамедті қала басқарушылары жағынан қуалаудан қорғады. Бірақ қорғаушысы қайтыс болғаннан кейін Мұхамед рудан қуғындалып, ол Йасриб деген алқапқа (кейінірек «Пайғамбар қаласы» - Медина деп аталған) өзінің көптеген ізбасарларымен құпия түрде қоныс аударды. Медина Меккадан солтүстікке қарай 350 шақырымда орналасты. Ресми нұсқа бойынша бұл қоныс аудару – Хиджра – 622 ж. 15 немесе 16 шілдеде болған, яғни ежелгі араб күнтізбе бойынша Жаңа жыл басталған күні. 16 жылдан кейін бұл күн жаңа жыл басы деп жарияланды (яғни қоныс аударудың – хиджраның бірінші күннен бастап мұсылмандар өз жыл санауын бастайды).

Мединада Мұхамед алғашқы мешітті салды, пайғамбардың еркін жіберілгендерінің бірі болған ол күшті дауыспен күнделікті істермен және жұмыстармен бас көтере алмаған мұсылмандарды намазға шақыртты. Дәл сол кезде мұсылмандық рәсімдердің басқа да ережелері айқындалады, ал Мұхамедтің насихаттарында қауымдастық өмірінің, оның мүшелерінің ережелері – мұрагерліктің, мүлікті бөлудің, неке қиюдың ұстанымдары, талаптары айтыла бастайды.

Мединалық кезең көптеген соғыстармен және әскери операциялармен белгіленген болатын. 624 ж. Мединаға жақын Бадр құдықтары қасында болған шайқасты атап өту қажет. Бұл шайқаста мұсылман халқы тайпалық және туысқандық мүдделеріне қарамастан мұсылмандық бірлікті алғаш рет көрсете білді. Өз жауынан сан жағынан әлсірек болуына қарамастан, мекке тұрғындарын қуғанға ұшыратып, мұсылмандар сөзсіз жеңіске жетті. Одан кейін басталған соғыс Мекканың толық жеңіліске ұшыраумен аяқталды, ал 630 ж. қаңтарда Мұхамед Кааба қаласын жаулап алып, онда барлық пұтқа табынушылық құдайларды жойып тастап, оны жаңа діннің орталығына айналдырды. Алайда, Мұхамед Медина қаласында тұра берді, тек 632 ж. соңғы қоштасу қажылығын жасап, туған қаласына барып келеді.

Исламның негізін қалаушы Мұхамед Пайғамбар 632 ж. 8 маусымда дүние салды. Мұхамедтің қайтыс болған күні ислам діні Аравия түбегінде толығымен орнықты.

Исламның негізгі дереккөздері

Ислам дінінің негізі ретінде Құран болып табылады. Құранда бұл діннің негізгі қағидалары, ережелері көрсетілген. Мұсылман аңызы бойынша Құран қасиетті жазуы Мұхамед пайғамбардың Джебраил періштеден алынған және Алла тағының қасында аспанда сақталынған деп айтылады.

Тарихи мәліметтерге сәйкес Құран Пайғамбардың өлімінен кейін бірнеше онжылдықтардан кейін жазылғаны және өз таризында екі редакциядан өткені туралы делінеді. Сол редакциялардың біріншісі – ол Мұхамедтің жеке хатшысымен және оған барлық жақын адамдармен жазылған хаттары бірнеше жыл бойы жинақталған және салыстырылған кезде Омар халифпен құрастырылды. Екінші редакциясы, ең соңғы нұсқасы 644 жылдан 656 жылға дейінгі аралықта Осман халифі кезінде, яғни «Алла ашуларының» барлық тізімідері мен нұсқалары жинақталып, Құранның бірінші редакциясымен салыстырылып, әр түрлі нұсқаларды мақұлдап немесе қабылданбай, құрастырушылар барлық түпнұсқаларды жойған кезде жасалынды. Одан кейін жазба түрінде Құранның төрт дұрыс нұсқалары жасалынды, олар әлемнің төрт жағына: Шығысқа – Иранға, Парсы еліне, Батысқа – Мысырға, Солтүстікке – Сирияға, Ливан еліне, Иорданияға, Оңтүстікке – Йеменге жіберілді. Құранның алғашқы рәсімделген жазулары VII-VIII ғғ. болды, ары-қарай Інжілден гөрі Құран редакциялық-әдеби өңдеуге ұшырамады.

Құрандық мәтін рифмалық прозамен «таза араб тілінде» жазылған және 114 сүреден (тараудан) құралады. Ислам дәстүріне сәйкес Құранды аудару мүмкін емес, оны тек түсіндіруге болады, осыдан құрандық түсіндірмелер (тақсыр Әл-Құран) әдебиетінің көп санының пайда болуын түсіндіруге болады. Алайда осы діннің мәдени мирасқорлықтың қирауымен қосталған рулық құрылыстан таптық құрылысқа дейін екі тарихи кезеңнің межелігінде пайда болуына байланысты ежелгі Аравияның рухани өмірінің көптеген көріністері біздің түсінігіміз үшін әрқашан жоқ болуына әсер еткенін атап өту қажет. Тіпті арабтардың кейбір ұрпақтары идеологиялық тілде өз арғы аталарын түсінбей алмады, ал ортағасырларда Құранды түсіндірулерсіз мүлдем оқи алмайды. Сондықтан Құранның мәтінімен алғаш рет танысуға ұмтылатын адам нақты композициялық жолы бар біртұтас әдеби шығарманы іздемеу керек, яғни Құран ешбір жоспарсыз стихиялық түрде (ашулардың сәттері пайда болған кезде) жазылған болатын. Ол 610-632 жж. аралығындағы жиырма жыл ішінде пайғамбармен айтылған әртүрлі пікір сөздерден, өсиеттерден, «пайғамбарлық ашулардан», нақылдардан, дуалардан, этикалық-құқықтық және рәсімдік ұйғарымдардан тұрады.

Сурелер өлең шумақтарына бөлінеді (айа – «таңба», «белгі», «ғажап»; бізде «айат» деп айтылады), Құранда 6204-тен 6232-ге айат бар. Сүре мен айаттардың реттілігі де ережелерге бағынады, сүрелер ұзындығы бойынша: ең ұзын – басында, ең қысқасы – соңында орналасқан. Әдетте, сүрелер меккелік, яғни хиджраға (араб тілінде – қоныс аудару, кету – Мұхамедтің Меккадан Мединаға көшуі) дейін Меккеде пайғамбармен алынған ашулар болып және мединалық болып екіге бөлінеді. Редакцияға дейін Құран ауызша түрде ойда сақталынып беріліп отырды. Құранды жатқа білген адамдар хафиз деген атаққа ие болды. Ұзындығы мен орналасуына қарамастан барлық сүрелер «Бісміллә» - «Қайырымды, рақымшыл Аллах атымен» деген бұлжымас рәсімдік сөзден басталады.

Құранды ыңғайлы түрде пайдалану үшін әрбір сүреде өзінің бірінші сөзіне байланысты өз атауы болады, бірақ әдетте бұл атаулар сол тарауда мазмұндалған мәселеге ешбір байланысы болмайды. Құран «Фатиха» деген сүреден басталады. Бұл сүре исламға кіріспе ретінде болып табылады, өйткені оның мазмұнында исламның негізгі идеялары қысқаша түрде айтылған. Исламда сенімдер мен доктриналар христиандықта сияқты онша маңызды еместігін атап өту қажет. Ислам үшін тек белгілі бір діни оқытушылық пайымдауларды ұстанбау ғана емес, сонымен қатар адамдар нақты бір өмір салтпен өмір сүру қажеттілігі маңызды болып табылады. Исламда ортодоксиядан гөрі (дұрыс дін), ортопраксияны (дұрыс әрекет) ұстанады. Осымен әр мұсылман мұндай жағдайларда Пайғамбар сияқты жасау керек. Өзгеріп жатқан дүниеге қарамастан, мұсылмандар Мұхамед үлгісіне бет ұстау қажет және ол сияқты әрекет жасау керек. Осыған байланысты Құраннан кейінгі келесі дереккөз ретінде Сунна болады. Сунна (араб тілінде – жол, үлгі, мысал) барлық өмірлік мәселелерді шешуде әрекет етудің үлгісі болатын Мұхамедтің және оның ізбасарларының пікірлері (каул) мен істері (фи'л) туралы куәлік қағаз ретінде болып табылады. Ол ІХ ғ. мұсылмандық дін мамандарымен құрастырылған болатын. Сунна хадистер (сунниттерде) және ахбарлар (шииттерде, араб тілінде – шиттік имамдарға берілген хат, әңгіме) түрінде жазылған.

Композиялқ тұрғыдан, әрбір хадис әңгіменің өзінен (матн) және оны таратушылардың тізбегін көрсететін сілтемеден (иснад) тұрады. Мұхамедтің ең жақын ортасынан келетін хадистер күшті иснады бар хадистер деп аталады, ал сенімсіз хадистерге әлсіз синады бар хадистер жатады. Жалпы айтқанда, Суннаны білмейтін білімді мұсылман, дін маманы, факих ( араб тілінде – тұсіну, білу; мұсылман заңгері, фикха мәслелері бойынша маман) ретінде болу мүмкін емес.

Тақуа халифтер

Пайғамбардың өлімінен кейін оның идеяларын Мұхамед пайғамбарға аға ретінде болған және оның қызы Фатиманың күйеуі болған Алимен басқарылған қандас туыстары хашимиттері де, Әбу Суфьянмен және Дамаск қаласында омейядтік халифаттың негізін салушы оның ұлы Муавиймен басқарылған Әбу Бакр, (Әбу Бекр), Омар, Осман, сонымен қатар Омейя руы сияқты оның ізбасаралары ансарлар (араб тілінде - көмекшілер) ары –қарай жалғастырды.

Билік үшін кескілескен күреске қарамастан бірінші халиф ретінде Әбу Бакр тағайындалды, ол ас-Сиддик (Әділетшіл) деген құрметті атаққа ие болды. Ол Мұхамед пайғамбардың ең бірінші ізбасарларының бірі болды. 631 ж. Мединадан Меккаға мұсылмандардың алғашқы қажылығын басқарды, намазды оқи алмаған пайғамбар өмірінің соңғы күндері мединалық мешітте өзіне осы міндеттерді алған болатын.

Әбу бакрдің билік ету кезеңі 632-634 жж. аралығын қамтиды, бірақ та осы қысқа уақытта ол жекелеген араб тайпаларын біріктіре алды, оның нәтижесінде Аравияның өзінде исламның тұрақталды және мұсылман дінінің Сирия мен Ирак территориясында кең таралды.

634 жылдан бастап 644 жылға  дейін екінші халиф ретінде  Аравия шектерінен тыс исламның бекітілуі бойынша саясатты жалғастырған Омар(Умар ибн ал-Хаттаб, 591 ж. немесе 581-664 жж.) болған. Оның билік ету жылдары Халифаттың шекаралары кеңейді және мұсылмандық мемлекеттің құрамына византиялық Палестина, Сирия және Мысыр, сонымен қатар сасанидтік Иран мен Ирак елдері енді. Омардың халиф атағына амир аль-муминин (сенімді адамдардың патшасы) деген қосымша атағын беру әрекеті мұсылмандық қауымның теократиялық елге тез айналуының айқын белгісі ретінде болып табылады.

Осман ибн аль-Аффан ( – 656 ж.) 644 жылдан бастап 656 жылға дейін билік етті, Мұхамед пайғамбардың асхабтарының (араб тілінде – серіктес, жолдас) бірі. Араб-мұсылман дәстүрге сәйкес Османның тарихи мәні ол Құранның соңғы мәтінің бекітілуінде.

Али ибн Аби Талиб ( – 661 жж.) – төртінші діни (солай Мұхамедтің дәстүрін ас-суннаны ұстанатын суннитерді атады) халиф. Жоғарыда айтылғандай, Мұхамед пайғамбарға қандай туыстықтан басқа Әлі халиф шииттердің рухани басшысы болды. Әлині халиф ретінде тағайындауға Сирияның наменгері, өлтірілген Осман халифтің туысы Муавий қарсы шықты. 656 ж. Ирактың Басра қаласы қасында Әли мен Муавия әскерлері арасында шайқас болды (тарихта «түйелердің соғысы» ретінде белгілі болған), осы шайқаста Әли жеңіске жетті. Келесі жылы ол қайтадан муавийге қарсы шықты, бірақ сириялықтар өзінің билеушісімен бірге найзаға Құранның беттерін қадап, Алидің өзіне қарсы айналған аралық сотты өткізуді талап етті. 658 ж. аталған жиналыс жаңа халиф ретінде муавийді тағайындады. Саяси жағдай өте қатты күрделене түсті: екі халифі бар мұсылман халқы екі бөлікке бөлінді. Али тұрағының өзінде бөліктену болды, оның жақтаушылар қатарынан хариджиттер (араб тілінде – қарсы шығу) деген діни-саяси топ бөлінді, бұл топ билеуші ретінде Алиден безер болып, Омейядтерге де қарсы, Алиге де (шиттерге) қарсы күрес жүргізе бастайды. Мұсылмандардың көп бөлігі жаңа халифті қабылдады, ал Али 661 ж. хариджиттермен өлтірілген болатын.

Сонымен билік туралы мәселе исламда екі негізгі бағыттың – суннизм мен шиизмнің пайда болуына әкелді.

Негізгі ағымдар

Сүннеттер (толық атауы – әхл ас-сунна ва-ль-джама) – сүннет адамдары мен қауым келісімі) – бұл Х-ХІ ғғ. ағым сияқты құрылған ортодоксалды бағыттағы өкілдер. Сүннеттер шиизмге қарсы көзқараста болса да, шиизмге қарағанда термині нақты мазмұнды береді, сонымен қатар парыздардың жалпы бекітілген жинағы жоқ. Бірақ нақты сүннеттер Алидің ерекше табиғаты туралы идеяларды және оның мұрагерлерінің имаматқа құқықлы екендігі қарсы көзқараста, олар тек қана өздері (Сүннеттер) нақты Құранға сай деп санайды, сонымен қатар Мұхаммед және оның жалғастырушыларын көрсетіп, яғни дәстүрге сай деп санайды. Шииттерге қарағанда Суннаны құқық пен сенімге үйрену көздері Құранмен бірге тең құқылы деп есептейді. Сүннеттердің көз қарасына сәйкес басшылыққа мұрагерлікпен ғана емес, сонымен қатар өздерінің қабілеттеріне байланысты пайғамбарға жақын таңдаулы адамдарынан немесе оның оқушыларынан сайланады. Осыдан басқа шииттермен иноверцтерге байланысты қарама-қайшылықтар бар, оларға салттары, заңды шешім қабылдаулар принципі, азаматтық құқық жатады. Қазіргі әлемде сүннеттер мұсылман әлемінің көп бөлігін алады (85% жуық).

Шииттер (араб тілінен шиа – привержендер, топтар, партиялар) – Алиді қолдағандар және оны Мұхаммед Пайғамбардың жалғыз заңды мұрагері деп санады, яғни мұсылман басшысы – имам – Мұхаммедтің қанды туыстары бола алады. Али өлгеннен кейін басшылыққа мұрагердің келуі шииттердің нұсқасы бойынша пайғамбардың немерелері Хасан мен Хусейн болуы керек. Бірақ олар әкелері сияқты басшылық үшін шайқасқа қаза болды, алайда осы үш имам шиит имамдарының династиясына бас салды. Шиит имамдары Мұхаммед Пайғамбардан алған «пайғамбарлық рухымен» иеленген. Али Имам пайғамбармен қанды туыстықта болғандықтан оны Алладан берілгені, сондықтан Суннаны қабылдамайды, және Али имамның өмірі жайлы мәліметтерге бағынып хабар немесе ахбар деген өздерінің тарихына ғана сенеді. Шииттер саясаттық басшылыққа ие болмағандығын айта кету керек, осыған қарамастан осы қауымның рухани көшбасшылары болған. Жоғарғы діни басшылық – шиизде имамат деп аталатын үш имам ұрпақтарында ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Ең соңғы он екінші имам Мұхаммед ес – түссіз жоғалып кетті, осылай «сырлы имам» туралы оқыту пайда болды (араб тілінен – әл-имам әл ғаиб). Шииттердің нұсқасына сәйкес имам тірі деп саналады, бірақ адамдарға көрінбейді, Аллах оны қажетті уақыттарға дейін тауларда тығып қойған деген, керек уақытында жерге қайта келеді. «Сырлы имамға» сену осы бағыттың басты парыздарының бірі, шииттердің бойында сенімді және бейбіт өмір жолдарында оның мәртебесінің күшіне байланысты діни адалдықты орнатуға үмітін сақтайды. Қазіргі деңгейде шииттер мұсылман әлемінің біраз бөлігін қамтиды (мұсылмандардың жалпа санынан ¼ төмен) және Иранда, Иракта, Ливанда, Йеменде және Бахрейнде таратылды.

Құқықтық мектептер

Исламда мазхабтар (араб тілінен – жол, бағыт, қызмет образы) деп аталатын діни-құқықтық мектептер пайда болды. Мұсылмандық діни ғылымды негізінен фикхедегі мамандар заңгерлер дамытты. Әр мазхабқа үйрену осы мектеп бастаушыларымен, оқушыларымен және ірі факихтермен жазылған жұмыстармен жүргізілді. Көбінесе бірдей сұрақтарда мазхабтар өқілдерінің пікірлері түрлі болып келеді, яғни бұл мектептер бірдей мәртебемен пайдаланбайды. Қазіргі кезде бес мазхаб бар: төрт мектеп сүннеттік және бір мектеп шииттік бағыт. Оларды хронологиялық ретте атап өтеміз.

Ханафиттер ескі жазуы – ханифиттер; ханафийла) – Әбу Ханиф (699-763жж.) жалғастырушылары, Куфа қаласында (Ирак) туған, саудагер және ғалым. Деректерде түрік деп аталған, мұсылман әлемінде имам әл-Ағзам (ұлы имам) деген атпен әйгілі болған. Бұл мектеп VІІІ-ІХ ғғ. салынды. Ислам әлемінің әйгілі мамандарынан мұсылмандық құқық бойынша сабақ алып, Әбу Ханиф өзінің оқу әдісін ойлап тапты, грек Сократтың әдісіне ұқсас келеді. Әдістің мақсаты дәріс оқу емес, қойылған сұраққа жауапты оқушыларымен бірге әңгімелесу барысында табу болып табылады. Осылай Әбу Ханиф осы мектептің шығармашылық мінездемесіне, еркін ойлануына, критикасына, парызсыз қабылдауларына, шыдамдылығына интеллектуалды дәстүр негізін салды.

Осы мазхабта сунна заңгерлік фикха (араб тілінен – терең түсіну, білім) үшін құқықтық принциптері мен прецеденттеріне басты көздері болып саналды. Аналогия әдісіне әкеп соғатын қажет емес шешімдер (кийас) «қажетті шешімдерге» (истихсан) түзетілуі мүмкін, яғни, егер Құран және сунна сияқты ақпарат көздері дұрыс жауап бермесе, онда иджма (араб тілінен – консенсус, келісім) қандай да бір сұраққа заң құраушылардың пікірімен дұрысталып қолданылады, бұл осы мазхабты демократты, жұмсақ, қоғамдық қатынастарда өзгеруге, түрлі дәстүрлерге шыдамды болуға үйретеді. Саны бойынша ханафиттік мазхаб басқа мектептерден бастапқы орында (мұсылман қауымның 50% жуық) және Түркия, Ауғаныстан, Индостан, Индонезия, Балқан, және Кавказда (Әзербайжаннан басқа), Поволжьеде дамыды; Орталық Азияның бұрынға кеңес республикасында көптеген мұсылман қауым ханафиттер болып табылады. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) өзінің фетваларында (фавта, араб тілінен – заңды шешім) хнафитті мазхаб қорытындыларымен негізделеді.

Маликиттер (маликийа) – сүннеттік мектептердің арасында ең ескісі (мұсылмандардың арасында 24%), Малика ибн Анас (713-795жж.), VІІІ ғ. саудагер және ғалым, маликиттер фикха нормаларын ұстанады, Мұхаммед пайғамбардың өмір сүру кезінде пайда болғандарды қалайды. Сондықтан фикханың негізгі көзін Құран мен Сүннеде көрген. Бұл мазхаб Ливия, Тунис, Алжир, Марокко, Батыс Африка, Кувейт, Бахрейн елдерінде дамыды және мұсылман Испанияда болды, маликиттердің көп бөлігі Жоғарғы Египетте және Суданда өмір сүрді.

Шафииттер (шафийа) – осы мектептің негізін қалаушы Мұхаммед ибн Идрис аш-Шафийдің (767-820жж.) атына сәйкес аталған, Аш-Шафий ханафиттік мазхабпен жасалған истихсан принципін қолдамады және әйгілі болғанмен (истисхаб) байланыс орнатуды талап етті, оның мақсаты келесіде: «қандай да бір ереже белгілі бір уақытқа дейін қызмет етеді, айналадағы жағдайдың өзгеруіне байланысты дәлелденуі тиіс». Шафий мектебі Сирия, Ливан, Палестин, Иордания, Йемен, Иран, біраз бөлігі Ирак, Шығыс Африка, Пәкістан, Индия, Малайзия, Индонезияда кеңінен тарады.

Ханбалиттер (ханабила). Мазхабтың негізін қалаушы Ахмад ибн Ханбал (780-855 жж.) болып саналады, Багдадта туған. Ханбалиттер Исламды суннада көрсетілген Құранға жазылған түсіндірме арқылы жоюға тырысты. Ибн Ханбал қадірлі тапсырулардың буквалистикалық немесе аллегориялық түсіндірмелерін қолдамаған, оның сенімін (иман) «қалай?» деген сұрақсыз қабылдау мүмкін еместігін айтқан (би-ла кайфа). Бүгін ханбалисттік Сауд Аравиясында, Ислам әлемінің түпкір-түпкірінде мұсылмандық фундаменталисттер арасында тараған.

Барлық төрт мазхаб – сүннеттік; фикханың 4 тамырымен қабылдайды; ХІғ. «иджтихада қорғаны жабық», яғни парыздықта, салттарда, этикада және қоғамдық тіреулерде Исламның негізгі принциптер жұмысы аяқталды. Джафариттік мазхаб осы сұрақтарға басқаша қарайды.

Джафариттер (джафарийа) – Джафара ас-Садық (700-765жж.) жалғастырушы, шиттер-имамиттер алтыншы имам, Мединада туған, діни ғылым маманы. Махзаб Джафардың өлімінен кейін көп жылдан кейін құрылды, шиттік рационалисттік-усулиттердің көз қарасын білдіреді, төрт тамырлы құқығы бар: Құран, ахбар («тапсыру»), иджма және кал («сана»).

Джафариттік мағына Иранда дамыды және имамиттер тұратын басқа да облыстарда дамыды (Ирак, Ливан, Кувейт, Бахрейн, Сауд Аравия, Иордания, Ауғанстан және т.б.). 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Кислюк К.В., Кучер О.Н. Дінтану: Жоғарғы оқу орындар оқулығы. – 3-баспа, қос. / Серия «Жоғарғы білім». – Ростов Н/Д: Феникс; Х.: Торсинг, 2004. – 512 б.

2. Лобазова О.Ф. Дінтану. –  М.: Баспа-сауда корпорация «Дашков  и К», 2005. - 384 б.

3. Құран – араб тілінен  – акад. И.Ю. Крачковского, М. СП ИКПА. 1990. – 512 б.

4. Ислам. Атеист сөздігі / Авксентьев А. В., Акимушкин О. Ф., Акиниязов Г. Б. және т.б.; Пиотровский М. Б., Прозоров С. М. – М.: Политиздат, 1988. – 254 б.

5. Тэнк Анри. Әлем діндері. Иллюстрленген энциклопедия /Француз тілінен аударма Е.В. Нетесова – М.: ЖШС «Әлем Кітап Баспасы», 2007. – 384 б.

6. Дін тарихы дәрістері. Оқулық. – «Лань» баспасы, СПб, 1997 – 271б.

7. Майоров Г. Г. Оратғасырлық  философияның қалыптасуы, М., 1979, 9 б.

8. Армстронг. Ислам: Қысқаша  тарих. Басынан аяғына дейін. / Карен  Армстронг:– М.: ЭКСМО, 2011. – 325 б.

9. Васильев Л. С. Шығыс  дінінің тарихы. – М., 2000. – 115 б.

10. Дінтану: Оқулық / М. Я. Ленсу, Я. С. Яскевич, В.В. Кудрявцев и др.; М. Я. Ленсу: Жаңа білім, 2004. – 421б. – («Әлеуметтік-гуманитарлық оқулық» сериясы)

11. http://www.antisekta-kyzylorda.kz/content/religii-v-kazahstane

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖОЛДАР КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

        Реферат

Тақырыбы: Ислам дініне жалпы сипаттама

 

 

 

 

Тексерген: Абдыхалыков Е.Е

Орындаған: Жеткергенов Н.М

 

 

Алматы 2015


Исламның жалпы сипаттамасы