Испания. 11

 

Мазмұны 
 

Кіріспе                                                                                                     3

I Испания туралы  жалпы деректер 

1.1 Елдің географиялық орналасу ерекшеліктері                                         4

1.2 Испанияның тарихи мен  мәдениеті                                                            5

1.3 Туризм  индустриясы және инфрақұрлымы                                                7

II Испанияның туристік  индустриясы

2.1 Испания  еліндегі туристік объектілер                                                         9      

2.2 Испаниядағы  туристік демалу аймақтары                                                   11

Қорытынды                                                                                         16

Қолданылған әдебиеттер тізімі                                                        18

                                                                                            

Кіріспе 

     Қазіргі уақытта туризм индустриясы «қызмет  көрсету» саласында халықаралық деңгейде ең қарқынды дамып жатқан түрлерінің бірі болып табылады. Соңғы 20 жылда орташа жылдық дүниежүзінде шетелдік туристердің келу қарқыны 5,1% валюта түсімі 14% құрады. Егер 1950 жылы бүкіл әлемде туристер саны 25 млн., ал туристік индустриядағы айналым –  2,1 млрд. АҚШ долларын құраса, онда Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мәліметтері бойынша 1995 жылы дүниежүзінде 576 млн. туристік келулер және халықаралық туризмнен түсім 372 млрд. долларға жетті.

     Дүниежүзінде  туризмнің маңызы әрқашан да қарқынды өсу үстінде. Көбінесе, бұл туризмнің жекелеген елдердің экономикасына әсерінің артуымен байланысты. Жекелеген елдердің экономикасында халықаралық туризм бірқатар маңызды функцияларды атқарады:

     Халықаралық туризм – ел үшін валюталық түсімдердің  бастауы және еңбекпен қамтамасыз етудің құралы. Туризм саласында жұмыспен қамтылғандардың көбеюмен, халықтың пайда түсімдері де артып, ұлттың әл-ауқаттылық деңгейі өседі.

     Халықаралық туризм ең ірі үш экспорттық салаларының  ішіне кіреді, өз кезегінде әлемдік  экспортта үлестік салмағы 11% және 8,6% болатын, мұнай өнеркәсібі мен көлікқұрастыру өндірісіне жол береді. Халықаралық туризмнің ең дамыған аймағы  Батыс Еуропа елдері болып табылады. Бүл аймақтың үлесіне халықаралық туризм нарығының шамамен 70%-ы мен валюталық түсімдердің 60%-ы келеді. Халықаралық туризм байланыстарының осындай қарқынмен дамуы, бұл саладағы жұмысты жақсартуға бағытталған, көптеген халықаралық ұйымдардың құрылуына себеп болды. Франция, Швейцария, Австрия және Испания секілді көптеген жоғары дамыған Батыс елдері өздерінің әл-ауқаттылықтарының маңызды бөлігін туризмнен түскен пайдаларынан құрады.

     Туризм  – халықаралық қатынастарда маңызды  орын алады. Жыл сайын шетелге  туристік мақсатпен шамамен 500 млн.-дай  адам сапар шегеді. Халықаралық туризм жекелеген елдердің дамуына ғана емес, әлемдік экономикаға да зор әсерін тигізеді. Халықаралық сауданың және халықаралық экономикалық қатынастардың кеңеюімен, мәдениет пен білім деңгейінің өсуімен халықаралық туризм де дами береді./2, 151-160/

     Испания – көпғасырлық тарихы бар мемлекет. Ол бірнеше мықты мемлекеттердің ашылуы мен күйреуін көрген ел. Испанияның теңіз жағалауындағы аймақтарының әйгілілігі соншалықты, келуші туристілердің саны жылдан жылға жоғары қарқынмен өсіп келеді. 
 
 

1 Испания туралы жалпы деректер

1.1 Елдің географиялық  орналасуы

     Испания - Еуропаның қиыр оңтүстік – батыс  шетіндегі мемлекет. Пиреней түбегінің 5/6 бөлігін алып жатыр; құрамына Жерорта  теңізіндегі Балеар, Питиус және Атлант мұхитындағы Канар аралдары кіреді. Батысында Португалиямен, оңтүстігінде Гибралтармен шектеседі. Солтүстігін – Бикай шығанағы, солтүстік – батысы мен оңтүстік батысында – Атлант мұхиты, оңтүстігі мен шығыснда – Жерорта теңізі. Жері – 504, 78 мың. шаршы километр. Халқы – 40,28 млн. Халқының 72% - испандар, 27% - каталондар, галисилер, баскілер, цығандар, португалдар т.б. Халықтың тығыздығы 1 шаршы километрге 67 адамнан келеді. Ірі қалалары Мадрид (3,1 млн.), Барселона (1,7 млн.), Валенсия (653 мың), Севилия (548 мың), Сарагоса (479 мың), Бильбао (410 мың), Малага (374 мың). Астанасы – Мадрид қаласы. Әкімшілік жағынан 50 провинцияға бөлінеді, Пиреней түбегіндегі 47 провинциясы 13 тарихи облысқа бірігеді. Испанияның Африкада Батыс Сахара отары бар және Марокко жағалауындағы бірнеше шағын аралдар да соған қарайды. [Қосымша А]

     Ел  аумағында көптеген өзендер ағады, оларды ішіндегі ең ірілері - Тахо, Дуэро, Эбро, Гвадалквивир, Гвадиана өзендері. Өзендерніің көпшілігі атлант мұхитына ағылып құйылады. Гвадалквивир — елдің ең терең өзені. Негізгі пайдалы қазбалары: көмір, темір кені, уран, сынап, мырыш, қорғасын, вольфрам, мыс. /11, 72-74/

     Испания субтропиктік белдеуде орналасқан. Жері таулы, үстіртті болып келеді; территориясының 65:500 метрден жоғары биіктікте. Ең биік жері (3478м.) – Муласен тауы (Оңтүстік Испаниядағы Сьерра-Невада жотасында). Елдің оңтүстік бөлігін Месета үстірті (оның солтүстігі Ескі Кастилия, оңтүстігі Жаңа Кастилия деп аталады) алып жатыр, оны Орталық Кордильер тауы екіге бөліп тұрады. Солтүстік Испаниядағы Кантабри тауы елдің солтүстік – шығысындағы Пиреней тауына жалғасады. Испанияның солтүстік-батысында – Галисия таулы үстірті мен Леон тауы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында – Андалусия таулары, оңтүстік-батысында – Андалусия ойпаты орналасқан. Геологиялық құрылымы жөнінен Испания жерінің көбін алып жатқан протерозойлық және палеозойлық қатпарлы Ибериялық Месета комплексі 3 тектоникалық зонаға бөлінеді: олар Солтүстік (Кантабри, Иберия туалары), Орталық (Галисия, Кастилия аймақтары), Оңтүстік (Сберра- Морена) зоналар. Пайдалы қазыналары – темір рудасы (Галисия, Астурия, Леон, Бискайя, Сантандер, Грана провинцияларында), пирит (Уэльва, Севилья, Мурсия, Астурия), сынап (Сьюдад-Реаль), қорғасын-мырыш (Хаэн, Мурсия, Сантандер), уран рудасы (Саламанка, Касерес, Бадахос), вольфрам және қалайы рудалары (Галисия, Саламанка), көмір (Астурия, Леон, Паленсия).

     Испанияда туризм дамуының табиғи факторлары бар. Атап айтқанда, Испания Еуропаның  оңтүстік – батысында орналасқан және оңтүстік бөлігі Солтүстік Африкадан 13 шақырым жерде орналасқан Пиреней  жарты аралының орта шамамен 85% алады. Испания келесі мемлекеттермен шекаралас: Франциямен – 623 шақырым, Португалиямен – 1,214 шақырым, Андоррамен – 65 шақырым және Гибралтар ағылшын колониясымен – 1,2 шақырым. Испанияның меншігінде Жерорта теңізде орналасқан  Балеар архипелагының және Африка жағалауларынан алыс емес жерде орналасқан Атлант мұхитындағы Канар архипелагының аралдары бар. Испанияның қарауында Сеута және Мелилься қалалары және Велес де ла Гомера, Алусенас және Чафаранас аралдары бар. Мемлекет аумағы шығыс пен оңтүстікте Жерорта теңізімен, батыста Атлант мұхитының суларымен қоршалған. Испания Еуропаны Африкалық және Америкалық континент-терімен байланыстыратын маңызды су және ауа жолдарының қиысында орналасқан. /3, 5-11/

     Климаты – қоңыржай мұхиттық (солтүстік  және солтүстік-батыс бөліктері) және субтропиктегі жерортатеңіздік климат. Қаңтардың орташа температурасы – 4-5 градус (солтүстік жағы) және 12-13 градус (оңтүс-тігінде), шілдеде – 23-29 градус. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 300-500 мм (орталық, оңтүстік бөліктерінде) және 1000-2000 мм. (солтүстігінде). Испания жері беті суға бай, бірақ жазда ірі өзендері таяздап, шағын өзендердің арналары құрғап қалады. Ірі өзендері: Тахо, Дуэро, Гвадиана, Гвадалквивир (Атлант мұхиты алабы), Эрбо, Хукар, Сегура (Жерорта теңізі алабы). Жерінің көбі күлгін және сұрғылт қоңыр топырақты, өзен жайылымдары шөгінді шалғын топырақты. Территориясының 10% жуығы орман (емен, шампат, каштан, қарағай, хамеропс пальмасы). Испанияда ортаевропалық (түлкі, сусар, қоңыр аю, борсық, тау ешкісі), жерортатеңіздік және солтүстік афорикалық (виверра, испан қояны, алжир кірпікшешені) жануарлар аралас кездеседі. Құстың 400-ге жуық түрі бар. Теңіздері балыққа (сардина, треска т.б.) бай. Айгес – Тортес, Ордес (Пиренейде), Кавадонга (Кантабриде), Тейде (Канар аралында) ұлттық парктерә және Анайет (Пиренейде), Гредос (Орталық Кордильерде), Кото-Доньян (Гвадалаквавир өзенінің сағасында) қорықтары бар. Испания жері 7 табиғи ауданға (Галиясия және Кантибрия, Пиреней, Месета, Жерорта теңізінің шығыс жағалауы мен Балеар аралдары, Андалусия ойпаты, Андалусия таулары, Канар аралдары) бөлінеді.

     Испания ұлттық аквариумының Барселонада орналасқандығына таңдануға болмайды. Өйткені каталондықтар  теңізге керемет ынтызар халық. Балықшылар буырқанған толқындарды  тек жалаңаш әйелдің сұлу бейнесі ғана тыныштандыра алады деген сенімде. Негізінен каталондықтар теңіз табиғатын ғана емес, оны мекендеушілерді ұнатады және оларға қатыстының бәрін біледі. Өз сүйіспеншіліктерін күллі әлеммен бөлісу үшін олар орасан зор океанариум салды. Осылайша, су асты әлемінің ғажайыптарын қалың жұртшылықтың тамашалауына мүмкіндік туды. Барселона океанариумы - Еуропадағы ең ірі, ал, оның су асты туннельдері әлем бойынша ең ұзыны саналады. Мұнда Жерорта теңізінің, тропикалық сулардың, зүбәржәт шығанағы мен маржан аралдарының 8 мыңға жуық теңіз жәндіктері мекен етеді. /9, 57-61/ 
            Су асты туннелімен жүре отырып, теңіз тұңғиығындағы экзотикалық тіршілік иелерін тамашалау үшін, жыл сайын мұнда 2 миллионға жуық адам келеді. Океанариумнің, атап айтқанда, су асты бөлігі оны «әлемнің қазіргі заманғы ғажайыбы» атағын алудан үміткер етіп отыр. Аквариумда жүзген балықтарды қызықтау бір басқа да, теңіз түбіне түсу бір басқа.  
            Қасыңыздан бірнеше сантиметр жерде жүзіп жүрген алып акулаларды көргенде бойыңызды үрей билейді. Жерорта теңізінде бұл көне тіршілік иелерінің 39 түрі бар екен. Мұнда жолбарыс терілі, боз, лимон түстес және басқа да түрлі реңдегі акулаларды көресің. Су астындағы әр түрлі түстегі алып еңістер де аз әсер қалдырмас. Мұнда «Теңіз қыраны» да мекен етеді. Дегенмен де, океанариумдағы ең таңқалдыратын нәрсе - «Ай» балығы. Бұл өте ежелгі және сирек кездесетін балық. Алайда, окенариум Испаниядағы таңғаларлық дүниелердің тек біреуі ғана. Каталондықтар жүзі жайдары, меймандос, көңілді халық, әсіресе, ішімдікті, ән салып, би билегенді ұнатады. Халықтың ойын-сауыққа құмарлығы Испанияда, өзге Еуропа елдерінде кездеспейтін, көптеген мерекелерді дүниеге әкелді. Бір-біріне ұласатын салтанатты думандар іс жүзінде үзілген емес. Құлашын кеңінен сермейтін мұндай мейрамдар көбіне тіпті шектен шыққан көтеріңкі көңіл-күймен аталып өтіледі. Ең танымал мерекелердің бірі Таррагонда өтетін «әулие Хуанның түні». Өте жарқын әрі әсерлі от шеруі кезінде «мейрам қарақшысын» өртеу керек. Каталондықтар тағы бір ерекше сипаты - өнерге деген шынайы қызығушылығы. Замана ағымына орай, мұнда бай мәдени мұраны насихаттайтын көптеген мұражайлар пайда болды. Мәселен, кішігірім Фигейрос қаласындағы Сальвадор Далидің мұражайы. Жұмыртқамен және дәндермен безендірілген ғажайып мұражайдың залдары мен ішкі ауласында ұлы Сальвадордың туындылары, яғни бейнесін құбылтып тұратын картиналары тұр. Ішіне жаңбыр себелеген кадиллак, бет-әлбет түріндегі жиһаздар жиынтығы, ғажайып зергерлік әшекейлер. Осынау жұмбақ адамның шығармашылығында қаншама құпия жатқанын тек осы жерде ғана түсінесің. /3, 5-11/
 

1.2 Испанияның тарихи мен мәдениеті

      Испания – көпғасырлық тарихы бар мемлекет. Ол бірнеше мықты мемлекеттердің ашылуы мен күйреуін көрген ел. Ортағасырлық испан өнерінің дамуына арабтар үлкен үлес қосқан. Мавритандық стильдің ерекшеліктері интерьерді асулехо (немесе асулехос) техникасы бойынша геометриялық, өсімдік және каллиграфиялық оюлармен безендіруі. Мавритан құрылыстарының таға тектес аркаларын арабтар вестготтардан ауыстырған. Мавритан архитектурасының ең үздік үлгілері Оңтүстік Испанияда, әсіресе, Андалусияда сақталған. Гренададағы қорғаныс-сарай Альгамбра, Кордовадағы мешіт, Севильедегі Ла-Хиральда минареті әлемдік даңққа ие болды.

     Франциядан  Испанияға роман және готикалық  архитектуралық стилдер ауыстырылған.

     ХІV ғ. Басында Испанияда жаңару идеялары, олармен бірге ренессанс архитектуралық стиль тараған.  Бұдан бұрын испандық ренессанс платереско атауымен белгілі (испандық «платеро» - «зергер»). Платересконың бірегей ескерткіші – Леон қаласындағы Сан-Маркос үйі. Барокко испан архитекту-расына драматизм мен қозғалыс, әсемдеудің ерекшелігін және мүсіндердің салтанаттылығын әкелді. Барокконың испандық нұсқасын архитектор Чурригер  өз отбасының құрметіне «чурригереско» деп атаған. Испандық барокконың үлгісі – Вальядолид қаласындағы университет ғимараты.

     Испания бүкіл әлемге өзінің модерн дәуірінің  архитектурасымен аты шыққан. Осы  дәуірдің астанасы Барселона қаласы. Каталон архитекторлары – ең бірінші  Антонио Гауди өз нысандарының қайталанбас тілін құрастырған. Гауди туындылары ішіндегі ең белгілі болып танылатыны – Барселона қаласындағы мила Үйі (Каса Мила).

     Испанияда көптеген ортағасырлық сарайлар - парадорлар сақталған. Олар қазіргі кезде қонақ  үйлер ретінде пайдаланылады. Көптеген парадорлар көркем, тыныш және жайлы жерлерде орналасқан және демалыс пен жұмыс үшін тамаша мүкіндіктер туғызады. Қазіргі заманда ол қатал архитектуралық  сызықтарды бөлмелердің қазіргі заманға сай интерьерлерімен бірігетін ғимараттар мен құрылыстардың біртұтас кешені.  /8, 32-35/

     Испанияның  дәстүрлері мемлекеттің әр түрлі  облыстарында өзгешеленетін халық  архитектурасы аса қызығушылық  білдіреді.

     Испания - әлемге танылған бояу сурет өнері  мен әдебиеттің елі. Католикалық  шіркеудің ықпалы Испанияның ортағасырлық бояу өнерінде діни тақырыптың үстемдігіне әсер етті. Испаниядағы бояу өнерінің аса белгілі өкілі – көп жылдар бойы Толедо қаласында өмір сүрген суретші Эль Греко. Франс Гойя мен Диего Веласкес Испанияның классикалық бояу сурет өнерінің даңқын шығарды. Қазіргі кездегі өнердің үш негізін қалаушылар да испандықтар болған. Олар: Жоан (Хоан) Миро, Пабло Пика және Сальвадор Дали. Олар модернизм дәуірінің рәміздері болды. Қазіргі заманға сай өнердің ірі мұражайлары Мадридте (соның ішінде Прадо мұражайы, София ханым-ның өнер Орталығы) Барселонада (Пикассо мұражайы, қазіргі заманға сай өнер мұражайы), Бильбао (Гуггенхайм Мұражайы), Фигересе (Дали Театр-Мұражайы) және Испанияның көптеген басқа қалаларында орналасқан. /10,4/

     Испандық  әдебиетінің тарихы ежелгі Рим жазушылары мен даналары: Сенека, Лукан және Марциалдардан басталады. Араб үстемдігінің кезеңі әдебиет пен философияның өркенденуімен байланысты. Испанияда, мұсылман мәдениетнің ірі орталығы – Кордова қаласында араб аристоте-лизмнің ірі өкілі Аверроэс өмір сүрген. Орта ғасырларда трубадурлар поэзиясы дамыған. (Менің Сидім туралы өлең), сондай – ақ дін қызметкері Гонсао де Берсеоның (Құдай ана ғажайыптары) поэмасы бойынша белгілі діни поэзиясы Осы жанрдың ең белгілі шығармалары болды. Испан әдеби тілдің негізі болған Кастиль тіліндегі ең алғаш прозаикалық шығармалар ХІV-ХV ғасырларда жазылған.

     ХVІ  ғасырда испан әдебиетінің Алтын  ғасыры басталды, пикарески жанры  – алдамшы роман жанры пайда  болды. Осы кезеңде Мигеь Сервантес  Сааведраның «Дон Кихот» шығармасы  жазылды. Ол 1605 жылы басып шығарылды. Сатирик – романшы Франсиска де Кеведо және ақын Луис де Гонгора Сервантестің замандастары болды. Драматургия Лопе де Вега мен Кальдеронның аттарымен даңқты болды. ХVІІІ және ХІХ ғасрларда испан әдебиеті француз әдебиетінің ықпалында болды.

     ХХ  ғасырдың басы жаңа испандық әдебиеттің дамуымен ерекшеленеді. Кейін осы  кезең жалпы еуропалық экзистенциализммен байланысты болатын. Оның әйгілі өкілдері – Мигель де Унамино, Пио Бароха, Антонио Мачадо. Рамон Мария дель Валье-Инклан қазіргі заманға сай испан театрының негізін қалаушысы болып табылады. Хуан Рамон Хименес поэзия саласында Нобель сыйлығының лауреаты болды. 1936 жылы фашисттер өлтірген ақын Федерико Гарсиа Лоркидің поэзиясы бүкіл әлемге танымал болды. ХХ ғасырда әлемдік ауқымдағы көрініс болып табылатын латиноамерикандық испантілді әдебиет пайда болды.  Хорхе Луис Борхес және Габриэль Гарсия Маркес бүгінгі күнге дейін ең көп оқылатындардың қатарында.

     Испания – кельт, грек, финикиялық, рим, араб, иудейлік және христиандық  мәдениеттердің таң қаларлық үйлесуі. Тамаша сақталған романдық шіркеулер мен монастырьлар, айбынды кафедралық шіркеулер мен храмдар, корольдық сарайлар мен қорғандар – мұның барлығы да өткенді қазіргі заманмен байланыстыратын символ ретінде танытады. /4, 31-37/ 

     1.3 Туризм индустриясы және инфрақұрлымы

        Турист энциклопедиясында туризм  индустриясы туралы мынадай анықтама  берілген: бұл – материалдық-техникалық  базалардың құрылуын, туристік рекрациялық  ресуртардың пайдалануынын, туристік  тауарлар мен қызметтердің айырбасталуын, қолданылуын, материалды және материалды емемс сфера өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жиынтығы.

     Туризм  индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш топқа бөледі/1(112-118)/:

  1. Демалыс орындары мен маршруттардағы туристік экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері (турбазалар, қонақ үйлер, санаториялар, кемпингтер; саяхат және экскурсия бюролары; арнайы көлік, туристік-экскурсиялық тасымалдау; демалу орындары мен туристік орталықтары туристерді сауықтыру орындарымен, сувенир мен басқа туристік тауарлар мен қамтамасыз ететіндер.)
  2. Демалыс орындарындағы туристерге, жергілікті халыққа тұрмыстық,  мәдени-танымдық, сауда қызметтерін көрсететін мекемелер (жолаушылар көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, дүкендер, кинотеатрлар, клубтар)
  3. Материалдық-техникалық базаларды құру мен пайдалануды қамтамасыз  ететін өнеркәсіп орталықтары және оларға еңбек құралдарын, шикізат, инвентарь жеткізетіндер, туризм сферасында біліктілігі жоғары мамандар дайындайтын мекемелер.

        Туризм индустриясын үш айрықша  қасиеттерімен ерекшеленеді: біріншіден, туристік мекемелердің орналасуындағы  ресурстарға болжам; екіншіден, туристік  қызмет көрсетудегі мезгілдік; үшіншіден, туризм инфрақұрлымының даму деңгейіне жоғары талап.

        Туристік қызмет көрсетудің түпкі мәнін түсіну үшін, туристік қызмет көрсету процесінің түрін білу керек. Туристік қызмет көрсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде, заттар сатып алған кезде әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, көмектесу. Бұл процестің кешенді түрі келесі анықтауыштар арқылы анықталады:

  • Туристерге әр түрлі технологиялық өндіріс пен қызмет көрсетудің түрлі жағдайынжағы қызметтер мен тауарлардың ұсынылуы;
  • Туристік қызмет көрсету материалдық техникалық базаларда (қонақ үйлерде, мейрамханада, көліктерде, спорттық құрылымдарда, денсаулық сақтау мекемелерінде) орындалады.
  • Туристерге ұсынылған тауарлар мен қызметтер әр түрлі іс әрекет барысында пайда болған. Олардың кейбіреулері арнайы туристік ұйымдарда, екіншілері халық шаруашылығының салаларында: көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтауда паййда болған.
  • Қызмет әр түрлі кәсіптік дайындықтағы және білім деңгейіндегі адамдармен көрсетіледі

        Қызмет көрсетуді туристерге  бағыттап, үлгі бойынша былай  бөлуге болады:

  1. Қызмет пен тауарларға тарту.
  2. Олардың туристік өнімге қызығушылығын тудыру.
  3. Ұсынылған тауарлар мен қызметтерді пайдалануға қызығушылықтарын тудыру.
  4. Туристік қызмет пен тауарларды пайдалануда тура шешім қабылдауға көмектеседі.

     Тристік индустрия дегеніміз  туристік өнім шығарушылар, солар арқылы халықтың туристік сұранысын өтейді, олар адамдардың рекрациялық қажеттілігінің арқасында құрылады. /1, 112-117/ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II.  Испанияның туристік  индустриясы 

2.1 Испания еліндегі  туристік объектілер

     Испанияның Мадрид, Барселона, Толедо, Севилья, Валенсия қалалары мәдени-танымдық туризмнің орталығы болып табылады. Мұнда ертедегі заманның әр түрлі стильдерінің белгілі сәулет құрылымдары, тамаша өнер ескерткіштері кез келген туристті таң қалдырады. Қалалардың мәдени мұрасы миллиондаған  туристерді қызықтырады. [Қосымша Б]

     Испанияның  астанасы – 3 млн. жуық адам халқы бар  Мадрид қаласы.  Мадрид – қазіргі  заманға сай айбынды архитектура  ансамбльдері, әртүрлі дәуірлердегі көптеген сарайлары, таңғажайып көлеңкелі  бақтары, әдемі атқымалары бар еуропа қаласы.  Мадридте ойын – сауық жерлерінің таусылмас тізімі саяхатшының назарына ұсынылады: дикотекалар, фламенко-шоу, таверналар мен жайлы барлар, Толедо мен Эскориал қалаларына танымал саяхаттар Испания саяхатшыларының назарына ұсынылады. Испания астанасының көрнекті орындары үш алаңдармен: Басты, Мадрид орталығы болып табылатын (Күн қапалары) және Испания алаңы  шектелген қаланың орталығында шоғырланған. Осында бақшалармен қоршалған Король хандығының салтанатты ансамблі, Сан Хинес және Сан Исидро эль Реаль шіркеулері, ХVІІІ ғасырдың көркем атқымалары, Ретиро саябағы, Филипп ІІІ және Филипп ІV құрметтеріне салынған әйгілі атты мүсіндер, Колумб, Сервантес, Дон Кихот пен Санчо Пансе құрметтеріне салынған ескерткіштер бар.

      Мадрид  қаласына барғанда әйгілі Эль прадо мұрайжайында міндетті түрде болып қайту керек. Осы мұражайда батыс еуропалық бояу өнерінің ең бай топтамасы сақталған. Галереяның ең бай бөлігі – испандық бөлік. Осында Веласкес, Эль Греко, Мурильо, Рибейраның, Гойаның және басқа да атақты суретшілердің суреттері ұсынылған.

      Турист  – саяхатшы Мадрид қаланың көптеген бақтары мен 43 жасыл бұрыштары  арасында демала алады. Испандықтардың ең сүйікті бағы – Ретиро (Retiro) бағы. /7, 43-47/

      Көктемде  Испания астанасында қала қорғаушысы Қасиетті Исидроның ұланғайыр мейрамы өтеді. Испанияның негізгі көрнекті орны – коррида.

      Мадрид  – аса қызықты мәдени дәстүрлер  қаласы.  Олардың көбі мемлекеттің  басты діні - католицизммен байланысты, бірақ кейбіреулерінің тамыры христиандыққа  дейінгі өткен күндерде. Көпғасырлық діни дәстүрлер Испанияда мықты болғандығы соншалық, испандықтардың басым көпшілігі шіркеулік жораларды ұстанады, мерекелерді атап өтеді. Діни мерекелердің ішінен Испанияда аса танымалы – ортағасыр кездерінен бері атап өтілетін Страстная неделя мерекесі.  Балық қалалар мен ауылдар бойы жарқын безендірілген діни нерулер өткізіледі. Христос өмірінен жекелеген сәттер – керу мен қайта туу театралды көрініске айналдаралып ойналынады. Севилья, Малага, Мурсия және Вальдолид қалалары Страстная неделя шеруінің ең үздік процессияларымен атақтары шыққан.

     Мамыр айының аяғында немесе маусым айының басында Пятидесятница мерекесі өткізіледі, ең салтанатты мереке Эль-Росиода  өткізіледі. Христос денесінің мерекесі әсіресе Валенсияда, Толедода және Гранада қалаларында кеңінен аталып өтеді. 24 маусым күні Иоанн Креститель құрметіне бүкіл Испания бойынша және әсіресе Испанияның Жерорта теңізінің жағалауында от жағылады; балықшылардың қорғаушысы - қасиетті Петр мерекесі 29 маусымда атап өтіледі. Дәстүрлі аталып өтілетін мерекелер – Сочельник (Ночебуэна) және Рождество (Навидад). Рождество мерекесі күндерінде Испанияның барлық жерлерінде Ұлы Отбасының, бақташылар мен малдардың боялған пішіндері бар Вифлеем вертепінің түстесін - беленесті кезіктіруге болады.  Жаңа жыл түнінде Мадридта қалың топ адам жиналып Пуэрта-дель-Соль алаңында бір бірлерін құттықтайды.

      Мадридте  ең қызықты музейлер: Эль Греко, Веласкес, Мурильо және Гойя, Боттичелли мен  Тициан, Рембрандт жұмыстарының тамаша топтамалары бар бояу өнер және мүсін өнерінің ұлттық мұражайы (Прадо мұражайы), 1800 жылдан бастап испандық суретшілердің бояу өнерінде мамандырылатын қазіргі өнердің ұлттық мұражайы.   Мадрид қаласындағы ұлттық археологиялық мұражайда экспонаттардың бай топтамасы қана емес, сондай-ақ археология бойынша әдебиеттің аса әйгілі кітапханасы да бар. Ұлттық этнологиялық мұражай топтамасында бұрынғы испан колония-лардың экспонаттары да бар. Мадрид қаласының басқа мұражайлары: табиғи ғылымдар мұражайы, испан халқының мұражайы. /5, 92-101/

     Елдің маңызды рухани және саяси орталықтарының бірі – Толедо қаласы. Толедоның  ұзақ және бай тарих оқиғаларымен оны қазіргі қала - мұражайына айналдырды, бұл жерде христиан, еврей және мұсылман мәдениеттері қиылысады. Толедо сәулет өнері  бұрынғы бейнефильмдер мен декорацияларды еске түсіртеді: осында ерте заманның тамаша ескерткіштері сақталған.

     Каталонияның астанасы Барселона – жайдары және жарқын «кереметтердің қаласы», Испанияның нағыз шығармашылық орталығы. Қала кейібінде әртүрлі мәдениеттердің әсер етуі байқалады. Тар көшелер мен кең даңғылдар, теңіз жағалауындағы аудандар мен қалалық төбешіктер қаланың ұмытылмас бейнесін жасайды. Барселонада ұлы сәулетші Гаутидің жасаулары - Мила үйі, Қасиетті Үй шіркеуі, Гуэль бақ құрулары орналасқан.

     Испания қалалары инфрақұрылымның жоғары дамығандығы  және әртүрлілігімен ерекшеледі. Испандық туризм Ұлттық институтының мәліметі бойынша, Испанияда 11598 қонақ үй, солардың ішінде 1872 қонақ үйі 4-5 жұлдызды категорияға  жатады. Бұл жүйеде 144 мың қызметкер жұмыс істейді. Испанияның барлық орналастыру орындарының жалпы саны - 1.04 млн., оның ішінде  86%-ы қонақ үйлерге жатады. Қонақ үйлердің көбі Каталонияда (1197 қонақ үй және қонақ үйлік мекемелер орналасқан), ал орналастыру орындарының ең үлкен саны Балеар аралы ұсынады(301957). Туристердің қызметтеріне 58.8 мың мейрамхана және 226 мың бар, сонымен қатар гольфқа арналған 172 алаң, 27 тау шаңғы станциялары, 226 спорт порттары ұсынылады. Туристерге 2.992 туристік агенттіктер мен бөлімдер қызмет етеді.

     Қонақ үй секторынан басқа, Испанияда транспорттық коммуникация тізбегі жақсы дамыған. Елге келудің ең  әйгілі транспорттық құралы бұрынғыша -  ұшақ болып қала береді. Дәл осылай, 2000 жылы елге келгендердің 70%-ы – әуе жолдарымен (34,3 млн.), 22%-ы (10,8млн.) – автожолдармен, 5%-ы (2,5 млн.)  теңіз жолдары арқылы және қалғандар 3%-ы темір жолдарымен келген.

     Испанияда «Иберия» және «Авиако» атты екі мемлекеттік  әуе компаниялары жұмыс жасайды. Сонымен қатар, жергілікті тізбектерде  қызмет ететін кішігірім жеке әуе компаниялары жұмыс істейді. /6, 87-92/ 

2.2 Испаниядағы туристік демалу аймақтары

     Испанияның ең әйгілі курорттары – француз шекарасынан португалдықтардың жерлеріне дейін созыған Жерорта теңізінің жағалауындағы аймақтары болып саналады.[Қосымша В]

     Жерорта теңізінің жағалауы Испанияның 4 автономиялық облысын  қамтиды: Каталония (оның құрамында  Барселона, Таррагона, Лерида және Жерона провинциялары), Валенсия (Кастельо, Валенсия және Аликанте), Мурсия, Андалусия (Севилья, Кадис, Ээльва, Кордова, Гранада, Хаэн, Малага және Альмерия).

     Испандықтар  өздерінің жерорталық бөліктеріне  әдемі және зор дауысты аттар  қойды. Олар солтүстіктен оңтүстікке жалғасады: Коста-Брава; Коста-дель-Маресне (Марезме) – төменгі жағалау; Коста-дель-Гарраф, бұл жерде атақты Ситчес курорты орналасқан; Коста-Дорада (Даурада) – Алтын жағалау; Коста-дель-Асаар (Азахар) – Апельсинді гүлдер жағалауы; Коста-Валенсия – Валенсия жағалауы; Коста-Бланка – ақ жағалау; Коста-Калида – жылы жағалау; Коста-Тропикаль – тропикалық жағалау; Коста-дель-Соль – күнгей жағалау.

Испания. 11