Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп
Дәріс-1 Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп
Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
- Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
- Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
- Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
- Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
- түрлері.
- Есеп түрлері.
- Бухгалтерлік есептің мәні
- Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.
Кез
келген ұйымда бухгалтерлік
Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:
- болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
- ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;
- қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.
2. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметін пайдаланушыларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастырады:
- ішкі пайдаланушылар;
- сыртқы пайдаланушылар
Кәсіпорынды ішкі пайдаланушылар яғни басқарушыларға осы ұйымның алдына қойған мақсатына жетуіне және оның қызметіне толықтай жауапты адамдар жатқызылады. Бұндай адамдарға: кәсіпорынның иесі, кәсіпорынның басшысы, директорлар кеңесінің мүшелері, менеджерлер, бөлім басшылары, және тағы да басқалар жатқызылады. Бұл аталған санатқа жататын адамдарды кәсіпорынның:
- соңғы есепті жылдағы таза пайдасының көлемі;
- нақты алынған табыс көлемінің жоспармен сәйкестігі;
- өндірген әрбір түрлі өнімнің өзіндік құны;
- қызметтің қандай түрінен табыс көбірек алынатындығы және тағы да басқа жағдайлар қызықтырады.
Сыртқы пайдаланушылар екіге бөлінеді:
- кәсіпорыннан тыс орналасқан бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей қызығушылығы бар тұлғалар;
- кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама қызығушылығы бар тұлғалар.
Тікелей мүдделі тұлғалар болып: қаржы салымшылары (инвесторлар), несие берушілер, жабдықтаушылар және басқалар есептелінеді. Бұл тұлғалар өздерінің салған салымдары мен сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ берген несиелерінің уақтылы қайтарылатындығын білу үшін ұйымның қаржы тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін зерттейді.
Ал кәсіпорынның қаржылық
Қаржылық
ақпараттық мәліметтерді дер
кезінде пайдаланушыларға
3. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
Кәсіпорындар
мен ұйымдардағы болып
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорындағы
шаруашылық операциялардың
Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.
4. Бухгалтерлік
есеп жұмысын жүргізуде
Кәсіпорындар
мен ұйымдардағы күнделікті
- Сандық (натуралдық) өлшем.
- Еңбек өлшем.
- Ақшалай өлшем.
Сандық өлшем кәсіпорынның кіріске алынуға, есептен шығаруға және сонымен қатар түгендеуге тиісті өнімдері мен заттарын, материалдары мен негізгі құралдарын өлшеу, санау, көлемін анықтау үшін қолданылады. Бұл сандық өлшемнің өзі өлшенетін шаруашылық құралдарының түріне қарай әр түрлі болып келеді.
Мысалы: ағашты өлшеу үшін – текше метр (куб/м), жерді өлшеу үшін – гектар, астықты өлшеу үшін – центнер және тағы да басқа өлшемдер қолданылады.
Еңбек өлшемі өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытын өлшеуге арналған. Басқаша айтатын болсақ еңбек өлшемі бір дана өнімді өндіруге қажетті уақытты анықтауға немесе белгілі бір уақыт аралығында өндіріліп шығарылатын өнім санын анықтауға арналған. Бұл еңбек өлшемі жұмыс күнінің саны, сағаты және минуты сияқты уақыт өлшемдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Жұмыс уақытының көрсеткіштері кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге тиесілі еңбекақы сомаларын және еңбек нормалары мен оның өнімділігін есептеу үшін қажет. Алайда еңбек өлшемі жұмсалынған еңбек күшінің нақты санын анықтауға немесе өлшеуге толық түрде нәтиже бере бермейді. Олар көп жағдайда сандық өлшеммен бірге қосылып қолданылады.
Ақшалай өлшем кәсіпорындағы жұмсалған шығындар мен алынған табысты, өндірілген өнімдер мен тағы да басқалардың есебін жүргізу үшін қажет. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында ақшалай өлшем көбіне сандық өлшем және еңбек өлшемімен бірігіп барлық мәліметтерді жинақтап қорытындылау үшін қолданылады.
Мысалы: құрылысты салуға кеткен барлық шығынның құнын анықтау үшін, сонымен қатар өндірілген өнімдерді, сатылып алынған тауарларды сату, бағалау және тағы басқалары үшін ақшалай өлшем көп һолданылады. Кәсіпорынның балансын құру барысында да тек қана ақшалай өлшем қолданылады.
5. Есеп түрлері
Шаруашылық есептің жүйесі есептің өзара байланысты үш түрінен: жедел, бухгалтерлік және статистикалық есептерден тұрады.
Жедел есеп шаруашылық процестері мен құбылыстарына оларды тікелей жүзеге асыру барысында бақылау жасауға арналған.
Оның ерекшелігі – басшылық пен басқарманы деректермен қамтамасыз етудің жылдамдығы, жеделдігі. Жедел есептің көмегімен басқару қызметкерлеріне кәсіпорындағы материалдық ресурстардың қозғалысы туралы, шығарылған өнімнің көлемі, оның тиеп-жөнелтілуі және сатылуы жайында, өндірістік қорлардың қолда бары, шарттың тәртібін жеткізушілер мен сатып алушылардың сақтауы туралы және т.с.с. ақпараттар келіп түседі.
Бұл
есептің басқаларына қарағанда (техникасы
жағынан) ең қарапайым түрі. Жедел
есеп әр түрлі процестер мен
құбылыстарды әр түрлі
Оны бөлім, цех, қойма сияқты бөлімшелердің қызметкерлері жүргізеді.
Оның
деректері міндетті түрде
Статистикалық есеп немесе статистика экономика, мәдениет, білім беру және т.б. салалардағы көпшілік сипаттағы құбылыстарды зерттейді.
Статистика экономикалың жағдайы, оның дамуының үрдістері, жұмыс күшінің қозғалысы, тауарлар, бағалы қағаздар, халықтың саны мен құрамы туралы ақпараттарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау және жорамал жасау мақсатында әзірлейді және жинақтайды.
Халық
шаруашылығы есебінің
Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстарының сандық жағын сапалық жағымен байланыстыра отырып, заттық көрсеткіштермен, сондай-ақ ақшалай түрде шаруашылық фактілерін жалпылама, үздіксіз, құжатты негізделген және өзара байланыстыра тіркеу жолымен зерттейді.
6. Бухгалтерлік есептің мәні
Бухгалтерлік
есеп кәсіпорынның қызметін
Жекелеген құрамдас бөліктері
бухгалтерлік есептің объектіле
- қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арадатуындаған қарым-қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады;
- өндірістік, өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есептежалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
- өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері, өткізу жөніндегі шығындар (буып-түю, орау іріктеу, тасымалдау), субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептеледі.
Қолда
бар құралдарды ұтымды
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы мен орналасуы бойынша, және пайда болу көзі бойынша жіктеледі.
Негізгі құралдар – өндіріс процесстерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын (құнына қарамастан) еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысына (бір жылдан астам) қатысады. Өндіріс барысында олар бірте-бірте тозады, жөндеуді немесе толығымен ауыстыруды талап етеді. Сондықтан негізгі құралдар құнының бөлігін дайын өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету (амортизация) жолымен қосылады.
Материалдық емес активтер – бұ
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивидент немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.
Айналымдық қаржы қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады.
Меншікті капитал – кәсіпорынның ұзақ уақыт бойы пайдаланатын меншігіндегі қаражат.
Жарғылық капитал – кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сәйкес оның меншік иелерінің (қатысушылардың, құрылтайшылардың) салымдары есебінен құралған жарғылық қор.
Резервтік капитал – пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс-әрекетке кететін шығынды жабу, жарғы капиталын толтыру, дивиденттер мен субъектінің басқа шығындарын өтеу үшін қолданылады.
Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) – барлық шығыстар мен салық төленгеннен кейінгі шығарылатын кірістің қалған сомасы.
Қарыздық қаражат – айналымдық қаржыға қосымша қажеттілікті, соның ішішде шикізаттың, материалдардың, отынның және т.б. маусымдық қорларын жасауды жабады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзімнен соң қайтарылуға тиісті.
Негізгі оқу әдебиеттер:
- Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет Учебное пособие. Алматы 2005
- Радостовец В.К., Радостовец В.В Ғабдуллин Т.Ғ. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2003.
- Радастовец В.В. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы 2000
- Назарова В.Л., «Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік есеп» - Алматы: Экономика, 2006 ж.
- Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях. Алматы Экономика 2005
- Баймуханова С.Б. „Бухгалтерлік есеп". Алматы; Экономика, 2005 ж.
- Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., «Бухгалтерлік есеп теориясы
- және негіздері» Алматы, Экономика 2006ж.
- Мырзалиев Б.С., Сәтмурзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С. «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі» Алматы: Экономика 2008 ж.
- Әбдіманапов Ә. «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері»
- Алматы, 2006 ж.
Өз-өзін бақылау сұрақтары
- Бухгалтерлік есеп деген не?
- Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар кімдер?
- Бухгалтерлік есептің міндеті дегеніміз не?
- Бухгалтерлік есептің мақсаты дегеніміз не?
- Бухгалтерлік есепті жүргізуде қандай өлшем түрлері қоданылады?
- Қандай есеп түрлерін білесіз?
Дәріс-2 Бухгалтерлік есеп пәні мен әдісі
Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалары, принциптері мен негізгі әдіс тәсілдерін қарастыру.
- Бухгалтерлік есептің стандарттары және тұжырымдамалық негізі
- Бухгалтерлік есептің принциптері
- Бухгалтерлік есептің әдістері
- Бухгалтерлік есептің стандарттары және тұжырымдамалық негізі
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болын табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминалогиясын анықтайды.
Бухгалтерлік есеп пен
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қолданылу аясы (орны). Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа (күшіне) енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне енетіндігі осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.
Кей кездерде стандарттың
Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың халықаралық комитеті жасап шығарады.
Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл стандарттардың арасында тікелей байланыс болу қажет.
Қаржылық есеп беру
- Жалпы тұжырымдамада бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.
- Жеке тұжырымдамада тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.
Тұжырымдамалар халықаралық
- Бухгалтерлік есептің принциптері
Кез келген ғылымның, соның ішінде
бухгалтерлік есептің өз
Қазақстан Республикасының
- есептеу;
- үздіксіз;
- түсініктілік;
- мәнділік;
- маңыздылық;
- сенімділік;
- әділетті әрі тура көрсету;
- бейтараптық;
- сақтық;
- толықтылық;
- салыстырмалық;
- дәйектілік.
1.Есептеу принципі.
Кәсіпорындағы кез келген
2.Үздіксіз принципі.
Ұйымның қызметі үздіксіз
3.Түсініктілік принципі.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі.
4.Мәнділік принципі.
Ұйымның бухгалтерлік есеп
5.Маңыздылық принципі.
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен түсіндіріледі.
Бухгалтерлік ақпараттық
- Уақтылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз пайдаланушыларына керекті уақытында жеткізіліп отыруы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.
- Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазіргі кездегі жасалынған болжаулардың нәтижесінде алынған бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.
- Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар немесе оларға енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.
6. Сенімділік принципі.
Берілген ақпараттық
7.Әділетті әрі тура көрсету принципі.
Кәсіпорынның қаржылық
8.Бейтараптық принципі.
Ақпарат сенімді болуы үшін
алдын ала бір шешімді
9.Сақтық принципі.
Бухгалтерлік есептің
10. Толықтылық принципі.
Ұйымның қаржылық қорытынды
11. Салыстырмалық принципі.
Қандайда бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мәліметтері (қаржылық есебі) өткен уақыттардағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығы мен мазмұндылығы арта түседі.
12. Дәйектілік принципі.
Кәсіпорын өзінің қызметі
- Бухгалтерлік есептің әдістері
Кәсіпорындар мен ұйымдарда
Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:
- құжаттау;
- түгендеу;
- шоттар;
- екі жақты жазу;
- бағалау;
- калькуляциялау;
- бухгалтерлік баланс;
- есеп беру.
1. Құжаттау – шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.
Құжат бухгалтерлік жазбалар
үшін міндетті негіз болып
саналады. Әрбір шаруашылық операциясына
ол жасалған сәтте құжат
2. Түгендеу – мүліктің нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректері бойынша заттай сәйкестігін тексерудің әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің растығы мен кәсіпорын меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі. Негізгі құралдар, тауарлы-материалдық құндылықтар, ақша қаражаттары, аяқталмаған өндіріс, сауда кәсіпорнының тауарлары және басқа мүліктерін есептегімен (құжаттағымен) салыстырып түгенделіп отырылуы тиіс.

- Ұйымдық құжаттар
- Ұйымның қаржы-экономикалық қызметі
- Ұйым туралы түсінік
- “Ұйым туралы түсінік және оның түрлері”
- Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
- Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
- Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
- Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау
- Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті
- Ұйқы процесінде түстің пайда болуы
- Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі
- Ұйымдағы коммуникация
- Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде туралы қазақша
- Ұйымды басқару жүйесі