Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті



Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті

 

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады - банктердің ұзақ мерзімді қарыздар
- банктен тыс ұзақ мерзімдік қарыздар
- мерзімі шегерілген корпоративтіқ табыс салығы.
Банктердің және банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1жылдан астам мерзімге, әдепте, жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті кеңейтуге,оны қайта құруға, қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға беріледі.
Қарыздарды алу және өтеу бойынша операциялардың арнайы аудитін өткізу үшін келесі көрсетілген шоттар. 3010 «Банк қарыздар», 3020 «Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы» және 3390 бөлімшенің «Қарыздар», 3050 «Басқалар» қолданылды. Оларға «Ұзақ мерзімді қарыздар» мен «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоттар 1040 бөлімшенің “Банктердегі аккредетивтердегі, чектердегі; карт-шоттардагы ақша,” 1050 ”Ұлттықвалютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша” 3320 Еншілес ұйымдарға кредиторлық берешек”, 3310 Берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу” және басқа шоттармен корреспонденцияда алынған қарыздар сомалары кредит бойынша, ал дебет бойынша- ақша есебі жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген қарыздар соммасы беріледі.
Қарыздарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелерімен және қарыз алушы ұйым мен банк арасындағы кредиттік шарттармен реттеледі. Бұл мақсат үшін кредиттік шарт рәсімделеді, онда кредиттеу обьектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері проценттік мөлшерлемелер, оларды төлеу тәртібі, тараптардың қарызды берумен өтеу жөніндегі міндеттемелерді, құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдай көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексерген де, аудитор бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың бас кітаптың жоғарда аталған шоттарының журнал ордердің мәліметтеріне қарап сәйкестігін анықтауға тиіс.
Алайда мұны бірден жасауға болмайды, өйткені баланста синтетикалық шоттардың қалдықтары емес, аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледе. Басқаша айтсақ, баланстың «Қамтамасыз етілген қарыздар», «Қамтамасыз етілмеген қарыздар» және «Ұйымдардың бір-біріне және еншілес ұйымдарға беретін қарыздары», бабтары аналитикалық есеп мәліметтер негізінде толтырылуы тиіс. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалыққа сәйкес болуына баса назар аударуына тиіс.
Атап айтатын жайт 3020,4020 шоттары бойынша аналитикалық есеп мерзімінде өтелмеген қарыздар, оларды берген банк түрленрі бойынша: қарыз берушілер мен қарызды өтеу мерзімі бойынша иәліметтер банк көшірмелері мен расталуы тиіс. Қарыздарды банктер тиісті қамтамасыз етуге немесе кепілдікке және белгілі бір мақсаттарға беруге тиісті болғандықтан, Біріншіден кәсіпорын басшысын қамтамасыз ету құрамына кіруін немесе кепілдікті, екіншіден қарызды мақсатты пайдалану тексеру керек. Үшіншіден, олардан ынталандыруды толықтығы мен уақыттылығына ерекше назар аудару қажет. Бұл үшін банк көшірмелерін тексеру керек. Қайтару мерзімі бұзылғанда мұнын себебін анықтау талаб етіледі.
Басқа кәсіпорындармен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздарды тексергенде, аудитор қарыз берушілермен мәліметтерді салыстыру нәтижелерімен анықтауға тиісті, қайтарылмаған қарыздың қаржы қалдықтарының дұрыстығын айқындауға тиісті. Аудитор бір мезгілде басқа кәсіпорындардан қарыз алудың негізділігімен эаңдылығында, сондай ақ оларды өтеудің толықтығымен мерзімділігін тексеруі тиіс.
Сонымен қатар аудитор қарыз дәне алынған несие үшін процент төлеудің дұрыстығын тексеріп, сондай ақ кәсіпорынның өтелмеген қарыз қалдықтарымен бірге осы қарыз үшін банке тиесілі процентті көрсету жайлы шешім қабылдағанын анықтауы тиіс. Проценттер соммасы банктердің қарыздары жөніндегі процеттерді төлеу бойынша, шығыстар есебінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденциясында ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі шоттарышың кредиті бойынша көрсетіледі.
Тексеру кезінде аудитор берешек кәсіпорынға берілген вексельдермен қамтамасыз етілгенін, ұзақ мерзімді қарыздар шотынан есептен шығарылмайтынын, вексельдік операциялар есебі ережелеріне сәйкес ескерілетін назарда ұстауға тиіс.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің сондай ақ «Кейінге қалдырылған салықтар» бабы жатады. Бұл отандық бухгалтерлік есептің мүлдем жаңа обьектісі, жаңа термин, оның және «Салықтық төлем», «Табыс салығы», «Бухгалтерлік табыс», «Салықтық табыс», «Салықтық әсерә тағы басқаларының мазмұны 11 «табыс салығы бойынша есеп» БЕС-те ашылып көрсетіледі.
Олардың кейбірін қарастырайық:
1. есепті кезең ішіндегі салықтық төлем міндеттемелер тәсілімен салықтық әсер есебі негізінде анықталады. Бұл тәсілде табыс салығы кіріс алу барысында заңды тұлға шеккен шығыс ретінде қарастырылады және табыс пайда болған кезеңге есептеледі;
2. есепті кезеңде пайда болған уақытша айырманың салықтық әсері салықтық төлемге кіргізіледі және бухгалтерлік баланста «Кейінгіге қалдырылған салықтар» бабы бойынша көрсетіледі;
3. бап бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықтардың анықтығын айқындау үшін Бас кітаптың 4310 «Кейінгіге қалтырылған корпорациялық табыс салығы» шотынын және 5 журнал ордердің осы шотының мәліметтері мен салыстыруы керек
4. 4310 шот кредиті бойынша мыналар көрсетіледі
• 7710 Корпорация салығы бойынша шығыстар шоты мен бірге корреспонденцияда болашақта төлеуге тиісті салықтар сомасы.
• Дебет 7710 Кредит 4310 шотынын салықтық мөлшерлемесіне ұлғаюына байланысты түзету енгізу
• Дебет 5320 негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал шоты Кредиті 4310 кейінгіге қалтылылған корпорация табыс салығы шотының салықтық есептегі өсімінің артуы кезіндегі активтерді қайта бағалауға байланысты әлеуметтік салықтық әсер сомасы
5. 4310 шот дебеті бойынша мыналар көрсетіледі;
• Уақытша айырмалардың пайда болуы мен жойылуы нәтижесінде төленуге тиісті немесе 3110 төленетін корпорациялық табыс салығы және 7710 корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар шоттары мен бірге корреспонденцияда зиянды өтеу нәтижесінде есептке жатқызылатын салықтар сомасы
• Салықтық мөлшерлемесінің 4310 шоты кредиті 7710 шотынын кемуіне байланысты түзету енгізу
• 5320 негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал шоттары мен корреспондеция бухгалтерлік есептегі өсімнен салықтық есептесулердегі қайта бағалау сомасы.

15. Міндеттемелер  мен капитал аудиті.

29 лекция.

1.       Капитал аудиті.

2.       Жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті.

 

         1. Капитал аудиті

 

Жарғылық капитал құру туралы құрылтайшылық құжаттарды, есеп және есеп беру деректерін тексеру, келесі бағдарлама бойынша жүзеге асырылады:

-                     құрылтайшылық заттардың болуы мен формаларын тексеру;

-                     құрылтайшылық заттар мазмұнының заңдық және нормативтік актілерге сәйкестігі;

-                     жарғылық капиталды салу мерзімдерінің сақталуы мен толықтығы;

-                     акционерлік қоғамды құру кезінде акция төлеуге құрылтайшылар салатын мүлік құнының ақшалай бағалануын тексеру;

-                     оның құрылтайшылары ұйымның жарғылық капиталына берген, құралдарға салық салынуын тексеру;

-                     қызмет түрлерінің заңдылығын тексеру;

-                     жарғылық капитал мөлшерінің аталмыш құрылтайшы құжаттар мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігі:

-                     жарғылық капиталды құрудың толықтығы мен дұрыстығы;

-                     жарғылық капиталды төлеу бойынша түпкілікті есептеу үшін заңды белгіленген мерзімдерді сақталуы;

-                     жарғылық капиталды құрудың есепте көрсетілуінің дұрыстығын бағалау;

-                     жарғылық капиталға салынған соманың шынайылығын анықтау;

-                     жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру негізділігі.

Нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру үшін жарғылық  капиталдық белгіленген есеп ережелерін реттейтін құжаттар пакеті қарастырылуы тиіс. Мұндай пакет тұтынушы (клиент) қызметінің ерекшелігін ескере отырып құрылады.

Құрылтайшылық құжаттармен танысу кезінде аудитор:

-                     құрылтайшылық құжаттармен қандай қызмет түрлері қаралған;

-                     жүзеге асырылатын қызмет түрлері құрылтайшылық құжаттарға сәйкес келе ме;

-                     лицензиялауға жататын қызмет түрлері, осыларды анықтайды.

Лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша лицензиялық болуы және оның қолданылу мерзімдері тексеріледі, өйткені мұндай қызметтүрлерін жүзеге асыруды ұйымдастыру құқығы лицензия алған сәттен және онда көрсетілген мерзімнен бастап туындайды және оның қолданылу мерзімі аяқталғанда тоқтатылады. Ондай лицензиясыз жүзеге асырылатын қызмет заңсыз болып саналады. Егер ұйымдастырушы бір ғана құрылтайшы болса, онда ол осы құрылтайшы бекітуі тиіс жарғы негізінде әрекет етеді. Құрылтайшылық қызметтерімен танысу аудиторға, оның меншік иесі кім, қай пайдаланушылардың мүддесіне тексеру жүргізілуде, соларды нақтылуға мүмкіндік береді.

Егер ұйымды бірнеше құрылтайшы құрған болса, онда құрылтайшылық шарт жасалуы тиіс, ол жарғыны құрылтайшылар бекітуі қажет.

Шаруашылық субьектілері олардың қатысушыларының бүкілі қол қойған құрылтайшылық шарт негізінде құрылады және әрекет етеді.

Аудитор тиісті құжаттардың барлығын, бекіту процедураларының және мемлекеттік тіркеуден сақталуын анықтайды. Өйткені заңды тұлға, оны құру туралы құрылтайшылар шешім қабылдаған сәттен бастап емес, оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап құрылған болып саналады, егер құрылтайшылық құжаттарға өзгерістер енгізілген болса, мемлекеттік тіркеуден өу және қайта тіркеуден өту туралы куәліктерінің болуын тексеру көзделеді.

Құрылтайшылық шарттармен танысу кезінде қандай жағдайлар айқындалған, солар анықалады:

-                     мүлікті беру;

-                     қызметке қатысу;

-                     қатысушылар арасында пайдалар мен зияндарды бөлу; заңды тұлға қызметін басқару;

-                     құрылтайшылардың (қатысушылардың) оның құрамынан шығуы.

Шаруашылық субьектісінің құрылтайшылық шартында келтірілген ақпараттардан өзге:

-                     серіктестікпен жарғылық капиталының мөлшері мен құрамы туралы;

-                     жарғылық капиталға қатысушылардың әрбірінің үлесінің өзгеру тәртібі мен мөлшері туралы;

-                     олардың салымдар жасау тәртібі, мөлшері, құрамы мен мөлшері туралы;

-                     салымдар жасау міндеттемелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы;

-                     салымшылардың жасайтын салымдардың жиынтық мөлшері туралы жағдайлар болуы тиіс.

Ұйымның жарғысымен танысу кезінде аудитор, онда:

-                     ұйымның айрықша түрде ұйымдық формасын көрсетуден тұратын фирмалы атауы;

-                     мемлекеттік тіркеуден өткен жерімен анықталатын, ұйымның орналасқан жері;

-                     жарғылық капиталдың мөлшері және барлық құрылтайшылар арасындағы оның үлестерін бөлу;

-                     ұйым қызметінің мақсаттары мен түрлері;

-                     атқарушы органдар тағайындау немесе сайлау тәртібі;

-                     қоғамды басқару органдарының құрамы мен құзыры және олардың шешім қабылдау тәртібі;

-                     ұйым өкілдіктері мен филиалдарының болуы;

-                     капиталдар қалыптастыру тәртібі;

-                     дивидендтерді бөлу тәртібі;

-                     қолданылатын заңдарда қаралған; сол сияқты құрылтайшылармен келісілгені бірақ заңдылықтарға қайшы келмейтін өзге

-                     де түбегейлі мәселелер онда айқындалған ба, осылар анықталады.

Қатысушылардың құрамын талдау кезінде шаруашылық субьектілерінің қатысушылары жеке және заңды тұлғалардың болуымүмкін екендігіне назар аударылады.

Құрылтайшылардың санын және жарғылық капитал салымдарындағы олардың үлесін тексеру кезінде аудитор бір құрылтайшының жарғылықкапиталға жасаған салымдарының ең көп үлесі мен құрылтайшылардың көп саны ескеріледі, сондай-ақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшері заңды тұлғалар үшін (тиісті түрі бойынша) заңмен анықталады.

Бұл талаптарды орындау ұйымның қызмет істеуінің, сондай-ақ кредиторлардың мүдделерін құқықтық және экономикалық қорғаудың бірден бір жағдайы болып саналады. Бұл мақсатта, оның жарғылық капиталының мөлшерінен ұйымның таза активтері мөлшерінің артып кетуі (немесе теңдігі) туралы міндетті талаптардың сақталуы тексеріледі.

Егер аудитор жылдық есеп деректеріне сәйкес таза активтердің мөлшері тіркеуден өткен жарғылық капиталға қарағанда аз болып шықса, оның таза активтерінің құнынан артып кетпейтін мөлшерге дейін ұйым жарғылық капиталды азайтқан жоқ па, сол тексеріледі.

Жарғылық капиталды салу мерзімдерінің сақталуы мен толықтығын тексеру:

-                     жарғылық капитал толық қалыптасқан ба;

-                     қатысушылардың нақты жарналары құрылтайшылық құжаттар жағдайларына сәйкес келе ме;

-                     заңмен және құрылтайшылық құжатпен белгіленген, жарғылық капиталға жарналар салу мерзімі сақталған ба, осыларды анықтау болжанады.

Аудитор, заңдарға сәйкес құрылтайшылар жарғылық капиталға өз салымдарын уақтылы және дұрыс салды ма, осыларды анықтайды.

Жарғылық капиталға жарналар ақшамен, бағалы қағаздармен, өзге заттармен немесе мүліктік құқықтармен немесе ақшалай баға, не өзге де құқықтармен салынуы мүмкін. Аудитордың қатысушылар салымдарының ақшалай бағалану дұрыстығын тексеру маңызды болып саналады. Шаруашылық субьектісі қатысушысының салымдарын ақшалай бағалау субьекті құрылтайшылары (қатысушылары) арасындағы келісім бойынша жүргізіледі, ал заңда қаралған жағдайларда тәуелсіз сараптық бағалауға жатады.

Капитал сомаларын салу шынайылығы, растайтын құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру арқылы анықталады. Ақшалай жарналар кассалық және банктік құжаттармен бекітіледі. Бекітуші (растаушы) құжаттарда жарғылық капиталға салымдар жасағаны туралы ақпарат болуы тиіс. Бұл салық салу үшін маңызды болып саналады.

Ақшалай емес салымдар жасау, салымшылар шотынан  жарғылық капиталға мүлікті, мүліктік және ақшалай бағалауға ие мүліктік құқықтарды (жүк құжаттары, шоттар, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді өткізіп беру-қабылдау актілерін, сараптық бағалау актілерін, жарғылық капиталға салымдарды бағалау келісім актілерін және т.б.) беру фактілерін бекітетін бастапқы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру арқылы анықталады.

Шетел валютасында көрсетілген жарғылық капиталға салымдар бойынша құрылтайшылардың борыштары мен жарғылық капиталды құру құрылтайшылық құжаттарға қол қою күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша теңгерген қайта есептеуге жатады. Аудитордың қолданылған шетел валютасы бағамының дұрыстығын және теңге эквивалентіндегі қайта есептеу дұрыстығын тексереді.

Бөлінбеген кіріс – бұл бүкіл салықтар мен міндетті төлемдерді төлеп болғанна кейінгі субьектісі кірісі. Ал бухгалтерлік есеп стандарты мен  анықталатын субьекті кірістері мен шығыстары арасындағы айырма ретінде есептеліп шығарылады.

Негізгі және негізгі емес қызметтен алынған субьектінң бүкіл кірістері бухгалтерлік есеп шоттары Бас жоспары 7 бөлімі шоттарының кредиті бойынша есепті кезең ішінде есепке алынады, ал жыл соңында осы шоттардың дебетінен 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотына есептен шығарылады.

Субьектінің бүкіл шығыстары есепті кезең ішінде дебет бойынша, бухгалтерлік есеп шоттары Бас жоспары 8 бөлімінің шоттарында есепке алынады, ал жыл соңында осы шоттар кредитінен 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотына есептен шығарылады. Бұдан көзделетіндей, 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотының дебеттік айналымы субьектінің барлық шығыстарының мөлшерін, ал кредиттік айналым – кірістерді көрстеді. Дебеттік және кредиттік айналымдарды салыстыра отырып, қаржылық нәтижені анықтайды: егер дебеттік айналым кредиттік айналымнан көп болса, онда қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі – зиянды болады, егер дебеттік айналым кредиттік айналымнан аз болса, онда – табысты.

Сөйтіп, 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шоты бойынша алынған нәтиже (сальдо) 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шотына ауыстырылады.

Аудиторлық тексеру жүргізілетін субьекті бөлінбеген кірістері есебінен құрылтайшыларға дивидентерді алады, ал қалған соманы 5520 «Өткенжылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шотына ауыстырады. Аудитор 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоттары бойынша бірнеше кезеңмен сальдоның шынайылығын тексереді. Бірінші кезекте, аудитор:

-                     есепте кірістері мен шығыстардың көрсетілуі шынайлығын;

-                     5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал)» шотына қаржылық нәтижелерді шығару дұрыстығын;

-                     5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шотында деректердің обьективтілігі және қаржылық есеп беруді дайындау кезінде оларды пайдаланудың дұрыстығын;

-                     5510 «Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)», 5520 «Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)» шоттары бойынша деректердің тексереді. Мұндай өлшемдер субьектінің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы тарихи анықтама береді.

Тексеру аудиторлық тексеру жүргізілетін субьектінің бүкіл қаржылық-шаруашылық қызметін толықтай сапалы бағалауды қамтамасыз ететін, қаржылық жағдайына талдау жасаумен аяқталуы қажет.

 

3.       Жұмыскерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті.

 

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудиторлық тексеруінің негізгі мақсаты - еңбекақы есебін жүргізудегі құқықтық-нормативтік актілердің әрекеттілігін тексеру, бухгалтерлік есеп жағдайы мен оны ұйымдастыру және еңбекке ақы төлеу бойынша жүргізіліп жатқан есеп айырысудың дұрыстығын тексеру.

Еңбекке ақы төлеу өндіріс циклінің бір бөлігі болып табылады және кәсіпорын ресурстарының маңызды бөлігін құрайды. Сол үшін еңбек ресурстары мен еңбекақы қорының тиімділігін тексеріп тұру кәсіпорын үшін өте маңызды.

Қызметкерлермен есептесуді тексеру үшін қажет ақпарат көздері ретінде штаттық кесте, жарғы, бұйрықтар, жарғылықтар, келісім-шарттар, азаматтық құқықтық сипаттағы келісімдер, жеке қамсыздандыру бойынша келісім–шарттар, ссуданы беру бойынша, тауарды несиеге сату, жұмыс уақытын қолдану, есептеу табелі, наряд, жолдама қағаздары, уақытша еңбекке жарамсыздық қағаздары, атқару қағаздары, есептеу және төлеу карточкалары, авнстық есеп берулер және соған қосыла берілетін алдыңғы құжаттар, мүлікті инвенторлар, мүлік актілері құжаттарын пайдалануға болады.

Еңбекақының қандай түрлері кәсіпорында қолданылатынын біліп алу керек. Қызметкерлерге еңбекақыны төлеудің ішкі ережесі бар ма және ұжымдық келісім шарты бар, әлде жоқ екенін анықтау, қызметкерлердің тізімдік және орта тізімдік құрамын, еңбекақыны төлеу бойынша есептеулерді есепке алу қалай ұйымдастырылғаны т.б. осындай және осы сияқты сұрақтарға жауап алу үшін ішкі бақылау жүйесі мен оны бөлім бойынша есептесуді тексеру үшін қосымша есептеулерді жүргізу дұрыс. Тексеруден соң аудитор тексеру бағдарламасын дайындауды  соған сәйкес қызметкерлермен есептесудің әртүрлері бойынша операцияларды, бөлшек тексеруді іске асырады.

Негізінде еңбекақыны есептеуде жүргізілген алғашқы құжаттар, құжаттардың нормативті талаптарына сәйкес дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. 

Кесте 1

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысуларды аудиторлық тексерудің бағдарламасы.

 

Процедуралар

Ақпарат көздері.

1.

Барлық негіздер бойынша қызметкерлерге төлемдерді есептеу мен толтырудың дұрыстығын бақылау.

Есептеу-төлем тізімдемелері, нарядтар, жұмыс уақытын есепке алу табелі, штат кестесі.

2.

Еңбекақыдан ұсталынатын салықтардың зейнетақы қорына төленетін жарналардың дұрыс есептелуін тексеру.

Есептеу-төлем тізімдемелері, материалдық көмек беру туралы бұйрықтар.

3.

Қызметкерлердің еңбекақысын төлеу реестрлеріндегі мағлұматтарды тексеріп және оны Бас кітап шоттарымен салыстырып тексеру.

Тізімдемелер, журнал-ордерлер, машинограммалар, Бас кітап.

4.

Қызметкерлердің еңбекақысын есепке алу бойынша шоттар корреспонденцияларының дұрыстығын тексеру.

Тізімдемелер, журнал-ордерлер, машинограммалар.

 

    

         Аудитор 3350 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шотын тексере отырып, қызметкерлерге тиісті демалыс ақысын және көп жылғы сіңірген еңбекақысының бекітілген тәртіп бойынша құрылған қор есебінен төленетін еңбекақысы сомасының, әлеуметтік сақтандыруға және зейнет ақысымен қамтамасыз етуге жіберілген қаржы есебінен шығарылған жәрдемақы сомасының, кәсіпорын табысы сомасының, ал дебет бойынша еңбекақының, сыйлық ақшаның, уақытша еңбекке жарамсызға арналған жәрдемақының төленген сомаларының, сонымен қатар кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне еңбекақысы жөніндегі қарызын сальдо шоты көрсететін орындаушы құжаттар бойынша есептелген салықтар мен төлемдердің сомасының, еңбекақысы сомаларының қамтып көрсетілетінін білуге тиіс.

Көбінесе осы шот бойынша аналитикалық есеп деректер синтетикалық есеп деректеріне сәйкес келе бермейді. Бұл сальдо есеп айырысу-төлем тізімдерінің қорытынды сомаларымен берілген есеп бойынша тексеру арқылы анықталынады.

Қызметкерлерге еңбекақы төлеу өндірістік программасының орындалуымен тікелей байланысты. Еңбекақы айнымалы шығындар сияқты өндірістің және өткізу көлеміне байланысты жоғарылап не төмендеп отырады. Сол үшін аудитор бұлардың қатынасын әр түрлі кезеңдерде, кәсіпорынның әртүрлі бөлімдері бойынша, және шығарылып жатқан өнім түрлері бойынша талдау жасауы керек. Өндірістің есепке алынбаған көлемінің шығарылуымен байланысты бухгалтерлер еңбекақының көлемін дұрыс талдап есептеуі керек. Еңбекақы қаншалықты дұрыс есептелгенін, еңбекақының есептелуі қай көздерден жасалғанын, өнімнің өзіндік құнының қай дәрежеде қымбат болғанын, осы және осы сияқты жағдайлардың барлығын аудитор тексеріп отыру керек.

 

30 лекция.

1. Бюджетпен есеп айырысу аудиті.

2. Басқа да несиелік борыштар аудиті.

 

              1. Салықтар, жиындар, пошлиналар және басқа да міндетті төлемдер болып бюджетке төлеушілердің құжаттарын табылады.

              Салықтар, жиындар, пошлиналар және басқа да міндетті төлемдердің төлеушілері заңды және жеке тұлғалар.

Салықтар мен жиындарды және басқа да бюджетке төленетін төлеушілерді есептеу тәртібі ҚР-ның «Салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер» заңдымен белгіленген.

              Бюджеттің кірістер бөлімін толықтыратын негізгі салықтардың бірі – корпоративтік табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері болып заңды тұлғалар табылады, мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестер коорперативтер, коммерциялық емес ұйымдар.

Корпоративтік табыс салығы заңды тұлғалармен олардың тапқан табыстың салық салынатын үлесінен бюджетке төленеді. Салық салынатын табыс болып есепті кезеңнің табыс сомасынанн Салық заңдылығына сәйкесті табылған сома есептеледі.

Жоғарыда айтылғаннан басқа да салықтар түрлері бар, оларға:

1)      Қосылған құн салығы

2)      Жеке табыс салығы

3)      Әлеуметтік салық

4)      Жер салығы

5)      Мүлікке салынатын салық және т.б.

 

              Бюджетке салықтарды төлеген кезде 1030 «Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты шоты» кредиттеліп, салықтар түрлері бойынша шоттар дебеттелінеді.

 

2. Кредиторлық борыш – бұл, ақшалай төлеу, өзге активтерді (өзара жеткізіп беру) беру, бұл міндеттемелерді өзгелермен алмастыру (өзара есептесу) жолымен кәсіпорынның экономикалық ресурстары өтеуге (орнын жабуға) қатыстырылуы мүмкін өткен оқиғалар мен келісімдердің нәтижесі. Оған мыналар жатады: төлеуге арналған шоттар-келесідей құрылымға ие, тауарлық-материалдық қорларды, құрал-жабдықтарды және қызметтерді несиеге сату, алу бойынша туындайтын міндеттемелер: а) жабдықтаушылар мен мердігерлер алдындағы борыш; б) еншілес (тәуелді) серіктестіктерге борыш;  в) алынған аванстар-алдағы тауарлар жеткізу мен жұмыстар үшін қол ақшаның түсуінен пайда болатын міндеттемелер; г) бюджетке түсетін салықтар бойынша борыш-бюджетке кірістің белгілі бір бөлігін аудару бойынша кәсіпорынның өзі есептеген міндеттемелер; д) төлеуге арналған дивиденттер – шаруашылық қызметінен алған кірісті бөлу бойынша құрылтайшы алдындағы міндеттеме; е) алдағы кезеңдер кірістері-сол уақытта алынған, бірақ алдағы уақыттың кірістеріне есептелетін түсім; и) өзге кредиторлық борыш – еңбек ақы төлеу бойынша жалдық ақы бойынша, пайыздар және басқалар бойынша борыштар.

Пайда болу (құралу) сипаты бойынша ол қалыпты және қалыпты емес болып бөлінеді.

Шарт бойынша төлеу мерзімі келмеген кредиторлық борыш қалыпты болып саналады.

Төлеу мерзімі өткен, бірақ талап білдіру мерзімі өтпеген кредиторлық борыш қалыпты емес болып саналады.

Міндеттемелер аудиттің міндеттері:

-                     кредиторлық борыштардың пайда болу күндері бойынша есеп жүргізудің дұрыстығы және бухгалтерлік есеп регистрлері және Бас кітаппен салыстыру жолымен оны баланста көрсетудің обьективтілігін;

-                     талап білдіру мерзімдерінің сақталуын және салық есебінде 2 жыл өткен соң, бухгалтерлік есепте – 3 жыл өткен соң, кәсіпорынның кірісі ретінде кредиторлық борыштарды танудың уақыттылығын;

-                     талап бідіру жұмыстарының жай-күйі және кәсіпкерлердің оларды қанағаттандыруын;

-                     есеп айырысулары түгендеу және салыстыру жолымен кредиторлық борыштардың шынайылығын тексеру болып саналады.

Міндеттемелер аудитінің ақпараттық базасы өзіне мыналарды енгізеді: кәсіпорынның есеп саясаты; бухгалтерлік баланс; Бас кітап; № 6,8 журнал-ордер (есепті қолмен жүргізу кезінде) немесе машинограммалар (компьютерлендіру кезінде); кредиттік шарт; шот-фактура; темір жол жүк құжаты; тауар-көлік жүк құжаты; коносамент; авиажүк құжаты; сәйкестік сертификаты; кеден декларациясы; сақтандыру полистері; коммерциялық акті; сан мен сападағы алшақтықты анықтау актісі; қабылдау актісі; комиссия шарты мен консигнация және т.б.

 

 



Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті