ұжымға педагогикалық жетекшілік
Жоспары:
1. Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері
2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принциптері
1. Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері
Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік немесе қалаған басқа да оқу-тəрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін əрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей жүйешелер (подсистемы) бірлігі ретінде қарастыру қабылданған:
- дидактикалық. Бұл жүйеше өз ішіне сабақ жəне сабақтан тыс оқу-тəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив дəрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы оқушы жəне мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз алдына жүйе бірліктері ретінде қамтиды;
- тəрбиелік – үлкен жүйе бола тұрып, келесідей сыныптан тыс жəне мектептен тыс тəрбие жұмыстары, отбасы тəрбиесі, қоғамдық мекемелердегі тəрбие жəне өзіндік тəрбие жүйешелерінен құралады;
- оқушылардың қарым-қатынастары жəне олардың мектептегі өзіндік басқару жүйешесі (мұның құрамына енетіндер: сыныптағы өзіндік басқарым, əрқилы іс-əрекет бағыттары бойынша кіші жүйешелер);
- мектептің əкімшілік жүйесі: оқу процесін басқару, тəрбие жұмыстарына жетекшілік, басқа да жұмыс түрлерін алып бару жүйешелерінен құралады.
Əкімшілік жүйенің қажеттігі – дидактикалық, тəрбиелік, материалды-техникалық жүйешелер мен оқушылардың өзіндік басқару жүйешелерінің басын қосып, үлкен біртұтас жүйелікке келтіру мақсатынан.
Оқушылардың жан-жақты тəрбиесі мен дамуына қатысты міндеттердің шешілуі , яғни жүйенің тиімді жұмыс атқарушы барша жүйелік бірліктердің іс-əрекеттері бір бағытта орындалып бару шартына байланысты. Тұлға бөлшектеніп қалыптаспайды. Бұл кешенді де (комплексті) əрі педагогикалық жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшелігін танытады.
Басқаруға тəн жəне бір сипат- бұл жұмысқа баршаның: əкімшілік, мұғалімдер, оқушылар – араласуы. Мұндай жағдай басқару қызметінің мазмұны мен нəтижесіне үлкен əсерін тигізеді, себебі бұл істің қалаған сатысында қай деңгейде болмасын, басқарушы адам өз əрекетінің кез-келген сəті мен жүйенің қалпы тек оның шешіміне тəуелді болмайтынын мойындауы тиіс.
Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тəрбиелік қызметті де атқарады. Тəрбиеленушілерді басқарушы болып есептелетін педагог — тəрбиешілер оларға жетекшілік етеді, ал тəрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тəрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан да басшының, тəрбиешінің, мұғалімнің моральдық, əдептілік кейпіне жоғары талаптар қойылады. Кəсіби іс-əрекетті əрқилы деңгейде бірдей тең басқару – бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс-əрекетін тəрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пəн мұғалімдері, сынып жетекшісі жəне басқа да күнделікті ықпал жасаушы мектептің барша қызметкерлері араласады. Сондай-ақ, мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директоры мен директордың оқу, тəрбие жəне сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары əкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады. Ол – сынып басшысы, пəн мұғалімі, əдістемелік бірлестік мүшесі.
Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен қатынастар негізінде атқарылып барады.
Мектеп — мемлекеттік (немесе онымен тығыз байланысқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет араларындағы бірлікті іс-əрекеттердің ұштаса орындалуынан тəрбиенің жалпы мақсаттары іске асып барады. Мұндайда өзара байланыстар міндетті түрде жүйелі басқарымда болуы шарт. Бұл да педагогикалық жүйелерді басқарудың өз ерекшелігі. Білім берудегі мектеп жағдайы «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасына тəуелді екенін ескеретін болсақ, білім жүйесін басқарудың келесі ерекшеліктерін де біліп қойған жөн: əртүрлі жас деңгейіндегі балалар бірлестіктеріне басшылық; материалдық ынтадан гөрі моральдық ынтаның басым болуы; басқарушының өз басқарымындағылармен жеке таныс болу қажеттігі, білім саласын басқаратын тұлғаның жоғары дəрежеде білікті, білімді болуы.
2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың негізгі принциптері
Директор жəне басқа да басшылардың оқу-тəрбие процесін нақты басқару қызметтері белгілі принциптерге негізделіп орындалады. Ол принциптер төмендегідей:
- педагогикалық жүйелер басқарымын демократияластыру жəне гуманизациялау. Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының өзіндік іс-əрекеттері мен ынтасының дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу жəне басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты қажет етеді;
- орталықты басқару мен өзіндік басқарымдарды оңтайлы үйлестіру. Мұндай басқару үйлесімдері əкімшілік жəне қоғамдық органдар басшыларының іс-əрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау жəне қабылдауды, кəсіби деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, əрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді;
- жеке басқару жəне ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті ұстанудағы мақсат- біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм мен əміршілдікке жол бермеу. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген ұжым мүшелерінің əрбірінің жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды. Ал жеке басқару тəртіп жəне жөн-жосақ қамтамасыз етіп, педагогикалық процесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды.
- педагогикалық жүйелерді басқарудағы шынайылық жəне ақпарат молдығы.
Басқару ақпараттарын əрқилы белгілеріне қарай жіктеуге болады:
- уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық;
- басқару қызметі бойынша- талдауға орай, бағалық, құрастырушылық, ұйымдастыруға байланысты;
- келіп түсу көздері бойынша- мектепішілік, ведомстволық, қарым-қатынастағы мекемелерден;
- мақсаты бойынша — өкімдік, ұсыныс, нұсқау-таныстыру жəне т.б.
- өкілеттіктер беру принципі.
Басқару жауапкершілігінің келесідей түрлері қалыптасқан: жалпы – қызметке орай жағдайларды жасау; белгілі қызметтік – нақты іс-əрекеттерге байланысты шарттарды түзу. Өкілеттік тапсырыстар лауазым иесінің атына емес, лауазымның өзіне байланысты беріледі( мысалы, мектеп директоры С.Қасымовқа емес, мектеп директорына (С.Қасымов) тапсырылсын). Жеке адамдарға жүктелетін тапсырмалар – күнделікті шаруашылық; кешенді істерге дайындық; арнайы орындалатын іс-əрекеттер; жекеленген мəселелер. Жекелеп берілмейтін міндеттер- басшы қызметі;мақсаттар тағайындау; мектеп стратегиясына орай шешім қабылдау; нəтижеге бақылау салу; қызметкерлерге басшылық, оларды еңбекке ынталандыру; аса маңызды міндеттер;тəуекелдікті талап ететін жоғары дəрежелі тапсырыстар; тосын, қалыптан тыс істер; түсіндіріп, қайта тексеріп жатуға мерзімі тығыз қауырт жұмыстар; жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Педагогикалық жүйе» түсінігінің мəнін ашып беріңіз.
2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері неде?
3. Білім беру жүйелерін басқарудың негізгі принциптерін атап беріңіз.
4. Білім беру мекемесін басқарудағы жүйелілік бағыт мəнін қалай түсіндіресіз.
Мектеп – педагогикалық жүйе жəне басқару нысаны
Жоспары
1. Осы заман мектебіндегі ғылыми басқарым мəні
2. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары
1. Осы заман мектебіндегі ғылыми басқарым мəні
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару əрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:
- мектеп түрі мен мақсаты;
- ақпараттық жабдықталуы( оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері , ата-аналар тапсырыстары);
- мамандар, материалдық-техникалық, психологиялық жағдайлар (анықталған қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін);
- оқу жоспарының мектептік баламасы;
- оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дəрісбаян-тəжірибелік, мектептің əрқилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды-ағымдық жəне т.б.);
- оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тəртібі (бес-алты күндік, апта, түске дейінгі не күннің екінші жартысында);
- мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар, материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-əдістемелік, əлеуметтік-психологиялық).
Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан- ондағы жүйе бірліктерінің əрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған мақсаттардың дəл мезетінде орындалып баруына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске асырылуы, өз кезегінде көптеген , əрқилы əдістер мен формаларды ойластыруды керек етеді.
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар – педагогикалық ұжым жəне оның басшыларының қызметтік іс-əрекеттері (В.А.Сластенин). Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей- мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей- мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; əлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, əкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей- оқу барысында жəне оқудан тыс білім-тəрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.
Төртінші деңгей- сыныптық жəне жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект-субъектті» сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста оқушы өзара ықпал нысаны болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші – субъект ролін де атқарады.
Сатысына қарай əрбір басқару субъекті бір уақытта жоғары деңгейлі басқарудың объекті – нысаны болып есептеледі.
Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі- жалпы мектептік жəне сынып ұжымы; екіншісі- оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары (бригадалары) жəне т.б. Педагогикалық жəне оқушылар ұжымдарының өзара бірлестік іс-əрекеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен жалпы білім беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп барады.
2. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары
Басқару іс-əрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:
- мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр кезеңінің соңғы нəтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау);
- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақ пен əр жылға жоспар түзу);
- ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру жəне бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру);
- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру);
- ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау);
- қадағалау (талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру);
- педагогикалық талдау (оқу процесін, тəрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тəрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер жəне талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру).
Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұнын екі жікке келтіруге болады: 1) ұйымдастыру- бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс-əрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау жəне т.б.) жəне 2) басқарушылар іс-əрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-əрекеттердің технологиялық негізін қалау).
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру);
- əкімшілік – ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.);
- психологиялық – педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);
- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау).
Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс болуы міндетті.
Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік –психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп Жарғысына ендіріледі.
Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай – педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі.
2. Мектеп ұжымы
Көп авторлардың пікірінше, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы тек ұжымдық тәрбие жүйесінде іске асуы мүмкін. Осы жағдайда ғана ұжым дұрыс әрекеттегі өзіндік басқарым органына, тұлғалық арақатынастағы ұжымшылдыққа және өзара жауапкершілікке ие болады. Бұл өз кезегінде жан-жақты дамуға, еркіндікке, қорғанысты болуға, сонымен бірге әр тұлғаның мәртебесін көтеруге жол ашады.
Педагогикалык әдебиеттерде келесідей белгілерге ие болған әрқандай тәрбиеленушілер бірлестігі - ұжым деп аталады:
- ортақ әлеуметтік мәнді мақсатқа ие. Қалаған топтың мақсаты бар: дүкен кезегінде тұрған не автобус күтіп тұрған адамдардың да, қылмыскерлердің де. Әңгіме, ол мақсаттың мағынасында, неге бағдарлануында. Ал ұжым мақсаты әлеуметтік мақсаттармен ұласады, оны қоғам да, мемлекет те қолдап, қуаттайды.
- іс-әрекет - ортак мақсатты іске асыруға бағытталады.: ол бірлікті ұйымдастырылып, ұжым мүшелерінің іс-әрекет нәтижесіне болған ерекше жауапкершілігін танытады.
- жауапкерлі тәуелділік қатынасында болуы. Ґжым мүшелері арасында мақсат не іс-әрекет бірлігі ғана емес, сонымен бірге оларға байланысты ерекше бірін-бірі ққжетсіну катынастары жүйесі қалыптасады.
- Сайлаумен тагайындалатын ортақ басшы орган. Ґжымдарды басқару органдары ұжымның аса беделді мүшелерін тікелей және ашық сайлау жолымен қалыпқа келтіріледі.
Сонымен, мектеп ұжьшы — бұл әлеуметтік мәнді мақсатпен іс-әрекетпен, сол іс-әрекетті ұйымдастыру багытымен бірлескең ортақ сайлану органымен, ынтымағымен, ортақ жауапкершілгімен, теңдей құқық пен міндеттерге ие бола тұрып, өзара тәуелділігін тани білген барша тәрбиеленушілер тобынан құралады,
Тұлға әлеуметтенуінде мектеп ұжымының ықпалы өте күшті. Себебі, бұл ұжым өз ішіне біртұтас жалпы мектептік ұжымды, сыныптар, уйірмелер, спорттық бөлімдер, уақытша ұжымдық бірлестіктер кұрылымдарын қамтиды. Тәрбиеленушілер өз алдына ұжым есептелетін оқу, еңбек, қоғамдық, көркем өнер - шығармашылық клубтық, сиорттық және өзге де бірлестіктердің мүшелері болуы ықтимал.
Тәрбиеленушілер тобының аса мәнді сапасы- элеуметтік-психологиялық кемелі. Себебі, осындай кемел деңгейі ғана топты түбегейлі жаңа әлеуметтік кұрылым - топ-ұжым дәрежесіне жетілдіреді.
Ұжым қалыптасуының төменгі деңгейі бұл топ- конгломерат («қырық рулы- тобыр»), бұрыш бірін-бірі танымаған, бір кеңістікте, бір уақытта қандай да себептермен кездесіп, топтасып қалған балалар бірігімі (балалар лагерлері, әрқилы денсаулык сақтау және т.б. топтар). Бұл топтағылардың ара-қатынастары үстірт, жағдайға байланысты. Мұндай топ бірте-бірте өз атамасына ие болып, ортақ мақсат төңірегінде бірлесе бастауы да мүімкін.
Егер осындай бірлесу жүріп,ортақ іс-әрекет белгіленсе, конгломераттар бір саты көтеріліп - (ассоциативті) топка айналуы мүмкін. Осы деңгейде топтың ортақ өмірлік тіршілігі, іс-әрекеті өрбіп, ұжым құрылымына тән бастау алуы мүмкін.
Ресми алғашкы топ аймағындагы бірлікті іс-әрекет одақтасқан (ассоциативті) топқа жоғары деңгейлі құрылымға, ең бастысы тұлға аралық қатынастарға жаңа өң беретін еңбектік мақсат төңірегінде ұжымдаскан топ- кооперацияларга есік ашады.
Еңбек тобы- кооперация нақты және ұжымдаса әрекетке келуші кұрылымға ие, жоғары кызметтестік қатынасқа бейім топ дәрежесіне көтеріледі, оның тұлғааралық қатынастары іскерлік сипатқа ие болып, жоғары нәтижелер көзіне айналады. Бұл кооперация тобының келесі жоғары деңгейдегі дербестенген - автономиялы тобына айналуына мүмкіндік береді.
Дербестенген автономиялы топ жоғары ынтымағымен ерекшеленеді. Дәл осы деңгейде топ балалары өздерінің ұжым мүшелігін сезінеді. Осы жағдайда ғана ұжымның әрбір мүшесі өзінің даралығын сезіне отырып, іштей бірлік және ынтымакқа келіп, аса жоғары деңгейге жетуге ұмтылыс білдіреді.
Дегенмен, кейде дербестікке ие болған топ, еңбек бірлестігі -ұжымнан бөлініп, өз бетінше кетуге де ынта білдіруі мүмкін. Мұндай жағдай топтың тұйықтыққа беріліп, басқа топтардан ажыралып, оларды өзіне карсы қоюынан да болуы мүмкін. Осыдан топ жалған ұжым сипатына енуі күтіледі.
Керісінше, егер бірлестік тұлғааралық қарым-катынас пен өзара әрекетке келетін болса, онда ұжымдасқан бағыт-бағдар калыптасып, топ кәдімгідей бір мақсатты, ортақ іс-әрекет төңірегінде біріккен ұжымға айналады.
Ұжымдар өндірістік, саяси, мектептік, отбасылық көркем өнер бірлестіктері болып ажыралады.
Мектеп ұжымы күрделі сипатқа ие болуымен, өз ішіне окушылар ұжымын және мұғалімдер ұжымын қамтиды.
Оқушылар ұжымында келесі бірлестіктер болуы мүмкін:
- бастапқы (не өзара байланысты) ұжым- ұзақты қарым-қатынасқа түскен бір сыныптағы окушьшар (сынып);
- жалпы мектептік ұжым - ол сынып бірлестіктерінен құралады. Кейбір оқу-тәрбие жұмыстарды орындау үшін ұзақты не қысқа мерзімді, уақытша ұжымдар түзіледі: үйірмелер, спорт секциялары және т.б.
Соңғы кездері әлеумет танушылар ұжым ішінде шағын топтарды бөліп қарастыруды жөн көруде. Шағын топ қатысушыларының өзара жақындығы әлеуметтік мәнді мақсаттардан болмай, олардың арасындағы жеке сыйластық пен кішігірім топтық қызығуларға негізделеді.
Мектеп ұжымының даму процесі кездейсоқ емес, ол педагогикалық басқарымды. Ұжымды педагогикалық басқару тұрғысынан келесі ережелерді ескеру қажет:
- педагогикалық басшылық тәрбиеленушілердің өз бойына тән дербестік пен еркіндікке болған ұмтылысына негізделуі шарт;
- педагогикалық басшылық жүйелі түрде ауысып барғаны дұрыс, себебі, ұжым- қозғалысты, үздіксіз дамудағы құбылыс;
- барша тәрбиелік ықпалдар: отбасы, қоршаған орта, сынып мұғалімдері өзара сәйкестендіріле, бірлікті іске асырылуы тиіс;
- ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын бақылау, қадағалау және реттеу демократиялық басшылық шеңберінде іске асуы міндетті;
- тапсырмалар бөлістіруде олардың ұжымға ғана қажеттігін ескеріп қоймай, тәрбиеленушілер қызығуларына сәйкестігін де ойластырған жөн;
Ұжым ынтымақтастығын болдырудың келесідей жолдарын пайдалану қажет:
- бірлікті іс-әрекет. Оқушылар әрқилы іс-әрекеттермен айналысады: оқу, қоғамдық пайдалы жұмые, еңбек, ойын, көркем өнер, эстетикалык, спорт, туризм және т.б.
Мектеп субъекттерін алдымен біріктіретін оқу істері, себебі олар бір бағдарлама негізінде орындалады, оқуды жүргізетіндер де бір мұғалімдер тобы, үйренетін әлеуметтік тәжірибелері де, әртүрлі себептермен болатын толғаныс, күйзелістері де ортақ. Ұжым басын қосуға себепкер - дұрыс педагогикалық басшылықпен ұйымдастырылған еңбек және ойын әрекеттері. Ойын арқылы тәрбиеленушілер қоршаған болмысты таниды, ойынды ойластыратын да өздері;
- ұжым салт-дәстүрлері;
- ұжым қызметтерінің мазмұны және жүрісі;
- тәрбиеленушілердің ұжымда не болып жатқанынан хабардар болуы, осыдан балалардың ортақ толғанысы туындайды;
- салыстыру, жариялылық, жәрдем, ұнамды баға принциптеріне сәйкес өткізілетін жарыс, бәсекелер;
- ұжым кейпі мен эстетикасы;
- өзіндік басқарымның шымдастырылуы.
Өзіндік басқарым - бұл ұжым тіршілігінің өкілетті тұлғалар тарапынан реттеліп баруы.
Өзіндік басқару органдары және олардың саны нақты жұмыстарға байланысты белгіленеді. Олар тұрақты (сынып кеңесі, оқушылар комитеті, староста) және уакытша (штабтар, комиссиялар, жұмыс бабындағы кеңестер) болуы мүмкін.
Мектептегі өзіндік басқарудың ең жоғары органы - жалпы мектеп ұжымының не оның өкілдерінің жиналысы. Жиналыс шешімдері өкілетті мұрагелерге берілген құқықтар деңгейінде қабылданады.
Мектептегі өзіндік басқарудың орындалу шарттары төмендегідей:
- басқару органдары мен сайланған өкілетті тұлғалардың ретімен ауысып баруы;
- сатылы жауапкершілік жүйесінің болуы;
- уақытымен берілетін есеп;
- баскару істеріне ойын элементтерін қосып бару.
Әдебиеттер тізімі
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақгы тұжырымдап берді: ұжым – басқа ұжыммен органикатық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.
Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратын-дай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудін әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдіру-дің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы,оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.
Оқушылар ұжымы деп мақсатты, әлеуметтік маңызды іс-әрекет негізіндегі оқушылар бірлестігін ұйымдастыру формасын түсінуге болады.
Оқушылардың іс-әрекеті оқу және оқудан тыс уақыттағы іс-әрекет. Балалар ұжымының үлкендер ұжымына карағандағы ерекшеліктері:
- қоғамдық құндылық пен жеке тұлғаның маңызды мақсатына бағытталған
бірлескен іс-әрекеті;
- ұжым мүшелерінің еркін қарым-катынас жасауы;
- ұжым мүшелерінің бір-бірімен өзара жауапкершілігі және тәуелділігі;
- өзін-өзі сайлау органдарының болуы.
Зерттеушілер балалар ұжымдарының басқада ерекшеліктеріне тоқталған, олардың қатарында тапсырмаларды және рөлдерді бөлудегі тең кұқықгык,
өзі басқару органдарынын болуы, ұйымшылдық, адамгершілік психологиялық ықыластық, тәртіп т.б. Балалар ұжымы — өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасын басшылығымен ғана дамиды (В.А.Сухомлинский). Сондықтан мұғалім ұжымның даму заңдылктарын, оның даму сатыларын, оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін және ұжымда орнықты сезінуін білуі кажет.
А.С. Макаренко балалар ұжымының технологиясының негізгі қағидаларын «Ұстаздық дастанда» келтірген. Онын пікірінше ұжымдағы ұжым мүшелерінің ілгері жылжуы еркін адамдар ұжымының болмыс формасы. Ұжым қоғамның бөлігі болғандыктан ілгері жылжығанда ғана дамиды. Қозғалыссыз ұжым әлеуметтік тұрғыдан дағдарысқа ұшырайды. ¥жым дамуының негізгі зандылығы — перспективалык бағыттарының
болуы оның мәні ұжымының дамуы тек перспектива (мақсат.іс) болса және жаңа перспективалар байқалғанда ғана мүмкін. Балалардың алдында перспективалар тек педагогпен ғана қатынаспайды, олар өздері қызықты, әлеуметтік маңызды істерді іздейді. А.С. Макаренко перспективалык бағыттарды үш топқа бөледі: жақын, орта, алыс перспектива.
Перспективаларды-ертеңгі қуанышты субъекті жүзеге асыру күш-жігерді талап етеді, сонымен қатар мақсатка жету қуанышына бөліп, ұжым мен оның мүшелерінің қанағат сезімін тудырады. Ұжымның іс-әрекеті арқылы бірте-бірте дәстүр қалыптасады. Олар ұжымда қалыптасқан, оның стилін, құндылық бағыты, мақсатылығы көрсететін салт-сана, тәртіп, мінез-кұлық ережелері. Бірлескен іс-әрекеті барысында ұжым мүшелерінің мұғалім, ұжым, белсенділер ыкпалында тікелей емес, жанама түрде, оның
оқушыға жүйелі әсері тәрбие механизмі арқылы болуы мүмкін.
Балалар ұжымында тәрбие міндеттерін шешуде қатынастар жүйесін басқару ұжымның дамуының келесі заңы — параллельді ықпалдар заңы.
Оқушылар ұжымында (ер балалар мен қыздар арасында, белсенділер, микротоптар, лидерлер т.б.) өте күрделі қатынастар кездеседі. Бұл қатынастарды 2 негізгі топтарға жіктеуге болады: жауапкершілікті тәуелділік (іскерлік, ресми) және эмоциональды-психологиялық – тұлға аралық (достық, үнату, жаратпау т.с.с). Ғылыми зерттеу еңбектері көрсеткеңдей жеке тұлға мен ұжымның арасындағы қатынастардың үш моделы қалыптасады:
1. Жеке тұлға ұжымға тәуелді;
2. Жеке тұлға және ұжым оптимальды қатынасты болуы (И.П.Подласый).
3. Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы.
Жеке тұлғаның және ұжымның әртүрлі қатынасы бұл модельдермен шектелмейді. Бұл жағдайда мұғалім жеке тұлғаның даралығын,өзін-өзі көрсете білу қабілетін қалыптастыру үшін балалар арасындағы қатынасты күрделі зерттеп, ұжым мен әр-бір жеке тұлғаның ара қатьшасын, білуі кажет.
Ұжым даму зандылықтарына сәйкес әртүрлі кезендерден өтеді (А.С. Макаренко) олар ұжымға қойылатын талаптармен сипатталады. Әрине, осы кезеңдердің арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуге болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса да ұжымды дамытудың негізгі үш кезенінің барлығын педагогтардың дұрыс меңгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қальштастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға көмектеседі.
Оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақгалған «құрама сынып» оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан окушылар ұжымымен
жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Бұл кезенде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсеңцілері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек.
Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.
Әрбір оқушы бұл кезенде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттері-нің қоғамдық маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушының рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек.
Оқушы ұжымының дамуьшың үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділер мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыкқа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.
Ұжымның барлық даму сатыларыңда мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады? (1 суретгі караныз).
Ұжым дамуының бастапқы деңгейінен жоғарғы деңгейге көтерілуі көп жағдайларда мұғалімнің дұрыс позициясына байланысты.
Сонымен қатар сынып жетекшісінің оқушыларға ұжым дамуының жақын, орта және алыс (А.С. Макаренко) деп аталатын үш көрінісін түсіндіру үшін үлкен жұмыстар жүргізуі қажет.
Оқушылар міндетті түрде алыс көрініс қоғам мүшелерінің жеке жоспарларымен байланысты екендігін терең түсінулері тиіс.

- Ұжымдық еңбекті реттеуші жергілікті акт
- Ұжымдық шарт
- Ұзақ мерзiмдi қаржылық жоспарлау
- Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау
- Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті
- Ұйқы процесінде түстің пайда болуы
- Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі
- Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
- Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері
- Үстеме шығындардың есебі және төлеудің ставкалары
- Үстіміздегі жылдың 30 қазаны Қазақстан
- Үшінші әлем елдерінің артта қалуы
- ұғымы және мәні
- Ұдайы өндіріс процессіндегі ақша рөлі