Ұжымдық шарт
2012ж. кәсіподақ жұмысының жоспары
2012 жылға
А.М. Горький атындағы №2 ОМ
әкімшілік және кәсіподақ ұйымының
бірлескен жұмысының жоспары
1 |
· «Батыр» БЖК базасында теннис бойынша жарыс («Мұғалім – 2012» қалалық спартакида аясында). · 2011 ж. жасалған жұмыс туралы есеп. · 2012 ж. жұмыс жоспарын бекіту. |
Қаңтар |
2 |
· Номенклатур · Мектептің мрейтойы. |
Ақпан |
3 |
· 8 Наурыз – Халықаралық Әйелдер Күнін тойлау бойынша іс-шаралар. · Наурыз – мейрамы мерекелеу. · «Мұғалім – 2012» қалалық спартакиаданың ашылуы · Пневматикал · Спартакиада |
Наурыз |
4 |
· Дәрігерлік қарауға мектеп қызметкерлерінің тізімін дайындау. · Еңбек қорғау бойынша қоғамдық инспектордың оқуы. |
Сәуір |
5 |
· Соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету. · 1 жарты жылдыққа орындалған ұжымдық келісім бойынша есептік кәсіподақ кеңесі. · Кезекті еңбек демалысы туралы сұрақты қарастыру. · Мектепалды лагерінің қызметкерлерін дәрігерлік қарау. |
Мамыр |
6 |
· Жазғы демалысты ұйымдастыру және қызметкерлер мен балалардың сауықтыруы. · Мектеп қызметкерлерінің дәрігерлік қарауы (кесте бойынша). |
Маусым Шілде |
7 |
· Мектеп қызметкерлерінің дәрігерлік қарауы (кесте бойынша). · Тамыз айының кеңесі. · Педагогика |
Тамыз |
8 |
· Білім күні. · ТҚ, ӨҚ және еңбекті қорғау бойынша нұсқама жүргізу. |
Қыркүйек |
9 |
· Мұғалімдер Күнін мерекелеу аясында педагогикалық еңбек ардегердеріне құрмет көрсету. · Мұғалімдер Күнін мерекелеу. · « · «Әділет Дауысы» газетіне жазылу. |
Қазан |
10 |
· Шахмата бойынша жарыс. · «Әділет Дауысы» газетіне жазылу. |
Қараша |
11 |
· 2 жарты жылдыққа есептік кәсіподақ кеңесі. · 2013 ж. арналған жұмысты жоспарлау. · Мұғалімдер · Ұжымда жаңа жылдық құттықтау. |
Желтоқсан |
КК төрағасы Е. Подмогаева
Жоспары
Кіріспе…………3
І бөлім. Ұжымдық шарт……………4
1.1. Ұжымдық шарт туралы түсінік……………..4
1.2. ұжымдық келісім шартының маңызы………..5
1. 3. ұжымдық келісімнің мазұмыны, тараптар……….7
1.4. ұжымдық келісімге отыру тәртібі…………9
1.5. Ұжымдық келісім-шарт дауларын қарастыру…….10
Қорытынды………………16
Қосымша…………………20
Қолданылған әдебиеттер…………24
Загрузка...
Кіріспе
Ұжымдық шарт — кәсіпкер (немесе фирма әкімшілігі арқылы оның өкілі) мен қызметкерлер (кәсіподақ арқылы олардың өкілдері) арасындағы еңбек жағдайы, жалақы, кәсіпорындағы жұмысшы ұйымдарының құқықтары, т.б. туралы келісім. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу нысаны ретіндегі Ұжымдық шарттың өзіндік тарихы бар. Алғашқы Ұжымдық шарттар 19 ғ-дың ортасында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Еуропаның басқа да елдерінде, Солт. Америкада пайда болды. 1-дүниежүз. соғыстан кейін аталған елдерде заңнамалық құқықтық күшке ие болды. 20 ғ-дың 60-жылдары кәсіподақтар жұмыс берушілерден Ұжымдық шартпен реттелетін мәселелердің шеңберін кеңейтуге қол жеткізді. Жалақы мөлшері, жұмыс уақытының ұзақтығы және оны бөлісу мәселелерімен қатар жалдау, жұмыстан ауыстыру, босату, демалыс ұзақтығы, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу шарттары, еңбек жанжалдарын қарау тәртібі, жұмысшылар өкілдігі органдарының құқықтары, т.б. Ұжымдық шарт арқылы реттеле бастады. Дамыған елдерде ғыл.-тех. ілгерілеушіліктің жеделдеуі және жабдықтың жаңа технол. негізде жаңартылуы, тиісінше кадрлардың кәсіптік-біліктілік құрылымының неғұрлым серпінді түрде өзгеруі Ұжымдық шартқа жұмыс күшінің босауымен, оны қайта даярлаумен, әлеум. қорғаумен, т.б. байланысты жаңа мәселелерді енгізу қажеттігін туғызды. Кәсіподақтардың талап етуімен жұмыстан босату, жұмыстан босатылғандарға әлеум. кепілдіктер беру (кәсіпорын есебінен кәсіптік қайта даярлау, қосымша жәрдемақы төлеу, т.б.) жөніндегі қатынастарды реттеуге байланысты мәселелер енгізілді. Қызметкерлердің мүдделілігін арттырудың жаңа нысандары да талап етіліп, пайда мен капиталға қатысу, басқарудың бірқатар атқарымын тікелей орындаушыларға беру кеңінен таралған құбылысқа айналды. Бұлардың бәрі Ұжымдық шартта көрініс тапты. Қазіргі кезде Ұжымдық шарт неғұрлым әлеум. тиімді еңбек үдерісіне мүдделі екі тараптың келісімшарты нысанына ие болып отыр. Ұжымдық шартта елдің еңбек заңнамасының нормалары нақтылана түсуде. Көптеген дамыған елдердің заңдарында Ұжымдық шарттың ережелері жеке еңбек келісімі бойынша тек қызметкерлердің пайдасына өзгеруі мүмкін міндетті ең төмен нормалар ретінде мойындалады. Ұжымдық шарт барлық салалар үшін де, жергілікті жер үшін де, сатыластық бойынша және деңгейлестік бойынша жасалады және жұмыс істеушілердің бәріне қолданылады. Жұмыс беруші Ұжымдық шарттың қайсыбір бабын орындаудан бас тартқан жағдайда қызметкерлер оны сот арқылы орындатуға құқылы.
Кәсіподақ: мұғалімдер қауымының мүддесі
21 қаңтар 2010 | 1 пікір
Күні кешегі өтпелі шақта еңбекақының, зейнеткерлік жарналар мен әлеуметтік жәрдемақылардың кешіктірілуі секілді шиеленістер мұғалімдерді де айналып өткен жоқ. Сірә, өзінің отыз жылғы тәжірибесінде Ақтөбе қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының талай тығырыққа тірелген тұсы осы шығар. Шүкір, ол күндер кейінде қалды. Бірақ қазірде де арқаны кеңге салудың реті және жоқ. Себебі, қазіргі таңда аталған комитетке қала аумағындағы 69 мектеп пен 34 балабақша, 24 мектептен тыс ұйым қарайды. Атқарылар шаруалардың тіпті де аз болмайтыны осы цифрлардан-ақ байқалады.
Білім беру қызметкерлерінің бары мен жоғын түгендейтін, мәртебесі мен мақсатын ойлайтын кәсіподақ ұйымының бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Осы орайда ұйымның төрағасы Лидия Оралбаевамен тілдескен едік.
Келісім-шарт — кепілдік құжаты
— Кәсіподақтың қолға алуымен білім беру қызметкерлерінің мәртебесін мемлекеттік деңгейге көтеру мақсатында бірқатар жұмыстардың атқарылғаны белгілі. Осы орайда соңғы жылдары кейбір заңдарға өзгерістер де енді. Әңгімемізді осыдан бастасақ…
— Иә, бұл ретте алдымен айтарым, «Еңбек кодексінде» «Азаматтық қызметкер» мәртебесі бекітілді. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогикалық қызметкерлер «Азаматтық қызметкер» деп аталып келеді. Сондай-ақ білім беру қызметкерлері ҚР «Еңбек кодексінің» 239-бабы негізінде еңбек демалысына шығарда қызметтік жалақы көлемінде денсаулығын түзетуге байланысты жәрдемақы алатын болды. Оқу демалысы бұрын «Еңбек туралы» заңның 112-бабында жай оқу демалысы болып қарастырылса, ал қазір жұмыс беруші «Еңбек кодексіне» сәйкес, мамандығы бойынша оқып жатқан қызметкерлерге емтихан тапсыру үшін ақылы оқу демалысын береді.
Былтыр ақпан айында Жезқазған қаласында Елбасымыздың бастамасымен барлық жерде ұжымдық келісім-шарт жасау міндеті қойылғаны белгілі. Шарт тек мемлекеттік қана емес, жекеменшік мекемелерде де құрылуы тиіс. Қазіргі күні қаладағы білім беру мекемелерінде бұл талап жүз пайызға орындалды.
Ұжымдық келісім-шарт — ұжымды да, жұмыс берушіні де қорғайтын және кепілдік беретін құжат. Ұжым жұмысының тұрақтылығы келісім-шарт мазмұнының қаншалықты нақты және сапалы жасалуына байланысты. Мәселен, еңбек ақы, жұмыс күндік нормативі, емдеу-сауықтыру, еңбек демалысы, осының барлығы да ұжымдық шартта көрсетіледі. Осы келісім-шартта кәсіподақ қандай кепілдеме бере алатыны нақты айтылады.
Тағы бір соңғы ерекшелік, ұжымдық келісім шарттың барлығын облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінен мониторнигтен өткіздік. Департамент заңгерлері құжатты тексеріп, тіркеуге алды. Шарттың бір данасы — аталған департаментте, екіншісі — кәсіподақта, үшіншісі мекеменің өзінде қалады. Себебі, мекемеден арыз-шағым түскен жағдайда біз ең әуелі ұжымдық шартқа жүгінеміз. Егер бұл мәселе шартта қаралмаса, «Еңбек кодексіне», «Білім туралы» заңға жүгінеміз.
Директорлар мен деректер
— Дегенмен, бұндай шарттарға қарамастан, мектеп басшыларының заңсыздықтарға жиі баратыны айтылады. Жалпы, биыл мектеп директорларының тарапынан осындай оқиғалар орын алды ма?
— Биылғы оқу жылының басында мектеп директорларына қатысты заңсыздықтар №33, №42, №51 мектептерде орын алды. Мәселен, №33 мектептің директоры мұғалімді қызметінен заңсыз босатқан. Яғни, мұғалімнің жазбаша түсініктемесі алынбастан-ақ қатаң сөгіс беріліп, суреті мұғалімдер бөлмесіне ілінген. Және екі аптадан кейін жұмыстан шығарылыпты. Жалпы, кез келген сөгіс түрі азаматтан жазбаша түсініктеме алынғаннан кейін, оның мазмұнына қарай берілуі тиіс. Мектеп директоры бұны ескермеген. Ал мұғалімнің кінәсі — облыстық білім басқармасының бұйрығымен Алматыға екі аптаға оқуға кеткені. Мектеп басшысы оқуға барып келуге рұқсат бере отырып, осындай түсініксіз әрекетке барған. Кәсіподақ жәбірленуші мұғалімнің құқығын қорғады, сөйтіп сотта мұғалім жеңіп шықты. Алайда мектеп директоры өзінің заңсыз іс-әрекетін мойындамай, облыстық сотқа шағымданғанымен, бұл іс те мұғалімнің пайдасына шешілді. Мұғалім моральдық және материалдық зиян шеккені үшін мектеп директорынан айыппұл өндіріп алды. Жарайды, іс әділ шешіммен аяқталды делік. Дегенмен, мен қарамағындағы қызметкердің конституциялық құқын әдейі бұза отырып, оған моральдық шығын келтірген басшының қызметінде қалуын жөн санамаймын. Бұл мәселені қалалық мәслихаттың және қалалық білім бөлімінің алдына да қойғанмын, бірақ әзірге шешілген жоқ.
Ал №51 мектепте білім ордасының әкімшілігі мен мектеп директорының қолға алуымен мектеп басшысының екі орынбасары жұмыстан шеттетілген. Шеттету сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда ғана жүргізілуі тиіс. Бұл мәселені де сотқа жеткізбей, бұрынғы қалпына келтірдік.
Тағы бір дерек. №42 мектептегі мәселе мектеп директорының жемқорлыққа жол бергеніне қатысты қозғалды. Тексеру кезінде 4 мұғалімнен басқа барлық ұстаздар мектеп директорын қолдап, оның бұндай әрекетке бармайтынын алға тартты. Яғни, тексеру кезінде мектеп басшысына жазықсыз жала жабылғаны белгілі болды. Ал кінә тағушы 4 мұғалім «оқушыларды 10 минут ерте жіберіп едім, ескерту алдым» немесе «менің сабақ жазбаларымды тексереді» дегенді айтты. Бұл жерде мектеп директорының мұғалімге ескерту жасауы орынды. Себебі, мұғалім оқушыны ерте жіберіп, «Еңбек туралы» заңды бұзып отыр. Ал директор білім ордасының басшысы ретінде өз қарамағындағы азаматтардың әрекетіне жауап беруі тиіс. Қазіргі таңда осы білім ордасында тоғызыншы комиссия жұмыс жүргізіп жатыр. Негізінде дау-шар 1-2 рет комиссия барғаннан кейін шешілуі керек. Өйткені комиссия неғұрлым ұзақ жұмыс жасаған сайын әріптестер арасында түрлі алаауыздықтар туындайды.
Жалпы, біз көп жағдайда бұндай мәселелерді қалалық білім бөлімімен бірігіп, құрған комиссия арқылы сотқа жеткізбей шешуге тырысамыз.
Мүдде мен мүмкіндік
— Ұстаздар қауымы қандай мәселелермен жиі хабарласады?
— Сұрақтардың басым бөлігі еңбек дауы, еңбек ақысы, жұмыс орындарының қысқаруы, еңбек кітапшаларының дұрыс жүргізілмеуі және мекеме басшыларының заңды білмеуі салдарынан орын алған оқиғаларға байланысты болады. Сондай-ақ еңбек дауы және аттестацияға байланысты шағымдар да көп түседі.
Соңғы жылдары сұраныстың жоқтығына байланысты мектепке дейінгі мекемелерге маман даярлау тоқтатылып, осының салдарынан тәрбиешілер жетіспеді. Олардың орнына бастауыш сыныптың немесе педагогика, психология пәндерінің мұғалімдері еңбек етті. Осы кезде еңбекақы төлеу мәселесінде түрлі түсініспестіктер туындады. Сондай-ақ категорияны бастауыш сынып бойынша алып, тәрбиеші ретінде жұмыс істеген қызметкер категориясын бекіттіру кезінде қиындықтарға тап болды. Кәсіподақ, міне, осындай даулы мәселелерді қызметкердің мүддесіне қайшы келмейтіндей етіп тиянақтауға белсене араласты.
— Ал сауалдар қайткенде азаяды?
— Біздің қарамағымызда сегіз мыңға жуық кәсіподақ мүшесі бар, яғни, жоғарыда айтқанымдай, білім беру мекемелерінің барлығында кәсіподақ бөлімдері жұмыс істейді. Олар өз мекемелерінде тоқсан сайын жоспар бойынша және жоспардан тыс жиналыстар өткізіп, жылына бір рет ұжым мүшелерінің алдында есеп береді. Біз оның барлығын қадағалап отырамыз.
Қай кезде де кәсіподақ мүшелерінің көкейлерінде жүрген сауалдар назардан тыс қалған емес. Мәселен, күніне оннан астам сұрақ түседі. Сондықтан біз арнайы семинарлар өткізіп тұрамыз. Биыл облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментімен бірлесе отырып, №38 және №23 мектептерде екі тілде арнайы семинар-кеңестер өткіздік. Кеңесте қаралған сұрақтарды жазбаша түрде әр мектептің сайтына жарияладық. Қатысушыларға арнайы әдістемелік құралдар, яғни кітапшалар таратылды. Бұндай жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес. Қазір азаматтар қарапайым қағидаларды нақты біледі.
— Кәсіподақ қызметкерлердің білім беруден тыс кезгі тіршілігін де назардан сырт қалдырмайтыны белгілі…
— Қысқы, күзгі каникул кездерінде білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында қалалық спартакиада өткізу дәстүрге айналды. Спартакиаданың мақсаты — дене шынықтырумен белсенді айналысу, педагогтар тұрмысына салауатты өмір салтын енгізу. Сайыста үздік танылған мектептер бағалы сыйлықтармен марапатталады. Биылғы жарысқа 69 мектептен 50 команда қатысты. Жуырда қорытынды кезеңді өткіземіз. Үздік командалардан құрама команда даярлап, наурыз айында өтетін облыстық спартакиадаға қатысамыз. Кәсіподақ тарапынан жол және өзге де шығындарға арнайы қаражат қарастырылады. Соңғы бес жылда қалалық құрама команда бірінші орынға ие болып жүр. Бұған қоса білім ордаларының мерейтойлары мен ұстаздардың шығармашылық кештеріне де белсене қатысып, марапаттау рәсімдерін жасаймыз. Жалпы, Ұстаздар күні мен өзге де атаулы мерекелерде бұндай шаралар жиі өтіп тұрады.
— Ал кәсіподақ мүшелерінің тұрмыс, денсаулық, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында нақты қандай шаруалар жасалып жатыр?
—Мәселен, ауыр ота жасау кездерінде қаржылай қол ұшын береміз. Республикалық кәсіподақ федерациясының еліміздің бірқатар санаторий және сауықтыру орталықтарымен арнайы келісімі бар. Мұғалімдер өтініштері бойынша сауықтыру орталықтарында тынығып қайтады. Ал кәсіподақ демалу ақысының 30 пайызын төлейді. Зейнеткерлерге 50, соғыс ардагерлеріне 100 пайыз жеңілдік жасалады.
Қазіргі күні 18 соғыс ардагері әр мектепке бекітілген. Мереке кездерінде білім ордалары өздеріне бекітілген ардагерге сый-сыяпат көрсетіп, өзге уақыттарда үйін тазалап көмек көрсетеді. Қандай мереке болмасын, ардагерлер ескерусіз қалмайды. Азық-түлік, дәрі-дәрмек пакеттері беріледі. Жалғызбасты ардагерлерге медбикелер тұрақты түрде қызмет көрсетіп тұрады. Қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен хабарласып, жағдайды біліп отырамыз. Қарттар күнінде алпысқа жуық ардагерді шақырып, құрмет көрсетеміз. Қариялардың өздері де кейде қоңырау шалып, алғыстарын жаудырып жатады.
Кәсіподақтан көз жазбаңыз…
— Шешімін таппаған мәселелер көп пе?
— Шешілмей жүрген мәселенің бірі — балабақшаға қатысты шаруалар. Қазір қаладағы балабақшаларда бала көп. Тексеру кезінде бір топта 56-58 бала тәрбиеленетінін байқадық. Ал талап бойынша әр топ 25 балаға арналып, онда 2 тәрбиеші, 1 күтуші жұмыс істеуі тиіс. Егер, қосымша бала болса, онда қосымша жұмыс күші болуы керек. Ал жұмыс күші болмаса, екі есе жұмыс жасаған қызметкердің еңбекақысына қосымша қаржы төленуі тиіс. Алайда бұндай талап әзірге орындалып жатқан жоқ. Біріншіден, балабақшалардағы жағдай санитарлық талапқа сай болмаса, екіншіден, берілмек тәрбиенің сапасы нашар. Дегенмен, менің кәсіподақ төрағасы ретінде айтайын дегенім — еңбекақының дұрыс реттелмеуі. Өйткені қызметкер екі есе жұмыс жасап, бір айлық алады. Бұл мемлекет бойынша да үлкен мәселеге айналып отыр. Біз бұны кәсіподақ федерациясының және қалалық білім бөлімінің алдына да мәселе қылып қойып отырмыз.
Шешілмей жүрген мәселенің бірі — тұрғын үй. Соңғы үш жылда «Жаңа үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспанаға өтініш білдірген 3 мыңға жуық мұғалімнің 900-і үй алды. Биыл жалға берілген 60 пәтерлі үйге 5 мұғалім ілікті. Бірақ бұл жеткілікті емес, себебі 2 мыңға жуық мұғалім жалақысының аз болуына байланысты банк қойған талаптан өте алмай отыр. Бір үйде үш мұғалім болса да, бір бөлмелі пәтерге ие бола алмай жүр. Өйткені банктің талабы қиын. Сондықтан мұғалімдерге белгілі бір жеңілдіктердің болғаны дұрыс. Егер арнайы жеңілдіктер қарастырылып, мұғалімдердің баспаналы болуына жағдай жасалса, олардың еңбекке деген ынтасы күшейер еді. Жалақының аздығынан білікті физика, информатика пәнінің оқытушылары банк саласына, дене шынықтыру мен еңбек пәнінің мұғалімдері күзет пен техника саласына кетіп қалады. Менің білуімше, ұстаздардың жалақысы республика көлеміндегі орташа жалақыдан 30 пайызға төмен.
— Кейде кәсіподаққа қатысты айтылып қалатын ұшқары пікірлер бар. Мысалы,«Кәсіподақ деген қазір бар ма, олар не бітіріп жүр» деген тәрізді өкпелер кезігіп қалады…
— Әрине, бұндай пікірлер болуы заңды. Себебі, кешегі өтпелі шақта адамдар түрлі себептермен кәсіподақтан көз жазып қалды. Ал бүгінгі жағдайға келсек… Өткен жылы ұжымдық келісім-шарт жасау кезінде мен көп жағдайды байқадым. Жекеменшік мекемелер кәсіподақтың болғанын қаламайды. Өйткені олар ортақ заңды орындауға аса құлықты емес. Мәселен, олар еңбекақыны қолға береді, әрі төменгі жалақының көлемі сақталмайды. Сондықтан қызметкердің мүддесін қорғайтын кәсіподақтың жұмыс істегені олар үшін тиімсіз. Қазір бірқатар жеке меншік білім беру мекемелерін кәсіподақ қатарына тарттық, дегенмен жыл сайын олардың, яғни жекеменшік білім беру мекемелерінің қатары көбейіп келеді. Ал олар қандай лицензиямен ашылып жатыр, ондағы қызметкерлердің еңбек құқығы сақтала ма, ол жағы бізге беймәлім. Ал біздің мақсатымыз — қызметкерлердің мүддесін қорғау, екі ортада әріптестік орнату.
Кәсіподақ дегеніміз не?
Белгілі уақыт аралығы тапсырмаларына сүйеніп, тек өзінің қызметі мен құрылымы бойынша өзгеріп, екі жүз жылдықта кәсіби одақтар қоғам құбылысы ретінде қолданылады. Ең алдымен, олар өзінің ұжымдық құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған жұмыскерлер ұйымы ретінде пайда болды.
Және қазіргі күні кәсіптік
одақтар қызметкерлер өмірінде үлкен
рөл атқарады. Кәсіптік одақтар қызметкерлер
құқықтары мен мүдделерін сақтауға ерекше
кепілдердің бірі болды және болып табылады.
Түрлі-деңгейдегі кәсіптік одақтар еңбек және әлеуметтік
қатынастармен байланысты, түрлі салалардағы олардың
ұсынуы мен қорғауын қамтамасыз етеді және қызметкерлер
мүдделерін қалыптастырады және
Кәсіптік одақ бұл — қызметкерлердің
құқықтары мен мүдделерін жарғылық тапсырмаларға сүйене
отырып ұсынатын және қорғайтын қоғамдық
бірлестік.
Қазақстан Республикасының 1933 жылы 9 сәуірінен
«Кәсіптік одақтар туралы» № 2107–XII Заңына сәйкес.
Кәсіптік одақтар — өз мүшелерінің
еңбек, және тағы да басқа әлеуметтік-
Осы анықтамадан кәсіптіік одақтың келесі принциптер шығады:
- еріктілік, азамттардың кәсіптік одақ мүшелігіне ерікті түрде өз еркін білдіруді жорамалдайды;
- дербестік, кәсіптік одақтардың заңды тұлға ретінде құқықтық қатынастар субъектісі болуын көрсетеді;
- азаматтардың бейкоммерциялық бірлесу сипаты;
- кәсіподақ мүшелігінің белгіленуі;
- кәсіптік одақтарғы бірлескен кезде азаматтардың кәсіби және өндірістік мүдделері бойынша ортақтығы;
- өз мүшелері құқықтары мен мүдделеріне өкілдік және қорғау.
Кәсіптік одақтар қызметкерлердің
еңбек және әлеуметтік-
Бұрын кәсіптік одақтың негізгі
функциясына түрлі материалдық және әлеуметтік
игіліктерді бөлу болатын. Осымен оның
атақтылығы байланысты болды. Ал қазігі
кезде кәсіптік одақтың негізгі мақсаты бұл —
қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-
Өкінішке орай, кәсіптік одаққа көптеген мәселелерді шешуі іске асатындықтан, бұл әлбетте қабылданады. Осы барлығының артында қандай күш пен жұмыс тұрғанын адамдар түсінбейді — келіссөздер, кеңестер және т.б.
КәсіптіК одАқтАр не үшін қажет?
Жұмысшылардың өз құқықтарын жеке
дара қорғау мүмкіндігі еңбек шарттарымен
ғана шектеледі. ал, еңбек нарығында жұмысты
беру немесе қайтарып алу жұмыс берушінің
еркі. Осыны ескерсек, заңсыз ұйымдарда екі
жақтың мүддесі барынша қамтылған келісім
мен шарт жасалуы мүмкін емес. Жергілікті
кәсіподақ ұйымдарының салалық одақтарға,
өңірлік бірлестіктерге бірігуі, олардың
кәсіпорын, мекемелердегі еңбек және әлеуметтік
қатынастарға заңдық тұрғыда ықпал етуін
кеңейтеді.
Қазіргі кәсіподақ еліміз үкіметімен,
республикалық жұмыс берушілердің
бірлестігімен бас келісімге, салалық,
өңірлік келісімдерге қол қойған тарап.
Әрі өз мүшесінің заңды құқықтары
мен мүдделерін бастауыш кәсіподақ
ұйымынан бастап, Қазақстан Респуб
ликасы кәсіподақтарының Федерация
сына дейін қорғаумен айналысатын
демократиялық ұйым.
Өткен жылы «Кәсіптік одақтар
тура лы» жаңа заң жобасы дайында
лып, Парламенттің қарауына енгізілді.
Соған сәйкес, қолданыстағы бірне
ше заңдарға, ең алдымен Еңбек ко
дексіне толықтырулар мен өзгерістер
енгізу қоса қаралмақшы. Алайда,
бұл заңнамалық жобалар қоғамды
әлеуметтік жаңғыртуды құқықтық
жағынан мей лін ше қамтамасыз етеді
деуге негіз емес. Себебі, қолданыстағы
Еңбек ко
дексінің 2бабына сай, Қа
зақстан Республикасының басқа заң
дарына еңбек қатынастарын, әлеу
меттік әріптестік пен еңбекті қорғау
қатынастарын реттейтін нормалар ды
енгізуге тыйым салынған. Сон дық
тан, «Кәсіптік одақтар туралы» заң
жобасындағы кәсіподақтардың әлеу
меттікеңбек қатынастарына байла
нысты өкілеттіктері мен кепілдік
тері жөніндегі нормалар Еңбек ко
дексіне енгізілетін толықтыруларда
көзделуі тиіс. Әйтпесе, заңның талап
тары сол ұйымдардың ішкі қызметі
шеңберінде қалып қояды және еңбек
ұжымдарындағы жалпы еңбек қатынас
тарына ықпал етуді қамтамасыз ете
ал майды.
Қорыта айтқанда, Еңбек кодексінің
10, 12, 56баптарындағы және «Кәсіптік
одақтар туралы» заңындағы жұмысшы
өкілдерінің өкілеттігі жөніндегі нор
малар көбіне ұжымдық шарттармен
бекітіліп, заңдастырылмаған күйінде
қалуына ықпал етеді. Бұл олқылықтар
іс жүзінде жұмыс берушілер үстемді
гіне жол ашып, қатардағы еңбек адам
дары ның мемлекеттік кепілдік берген
құқықтарын қорғау қиындығын туын
датады.
Селбай ҚОЖЫҚОВ,
заң кеңесшісі
АҚТӨБЕ ҚАлАСы
Шипажайға жолдама алу үшін қажетті құжаттар:
• Кәсіподақ ұйымының ұсынысхаты.
• 070/у формасындағы анықтама.
• Жеке куәлігінің көшірмесі.
• Жұмыс орнынан анықтама.
• Жолдама алуға сенімхат.
Кәсіподақ ұйымында академияның кәсіподақ ұйымы мүшелерін жоғары тұрған ұйымдарға мемлекетік наградалармен және мақтау қағаздары, граммоталармен, алғыс хаттармен марапаттау үшін шешім қабылданып, ұсынысхат беріледі.
Кәсіподақ ұйымының мүшесі:
• кәсіподақ ұйымы мен оның органдары арқылы өзінің еңбек, кәсіптік, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен қызығушылықтарын мемлекеттік билік органдарының, жұмыс берушілер мен сот және басқа да органдар алдында қорғауға;
• кез-келген кәсіподақ ұйымы мен органына кеңес алу үшін, өтінішімен, ұсыныстарымен жүгінуге және оларға жауап алуға;
• еңбек және басқа да дауларды шешу барысында тегін заң көмегін қолдануға;
• кәсіподақ қаражатынан материалдық көмек алуға;
• кәсіподақ органын сайлауға және сайлануға;
• кәсіподақ ұйымы жасасқан келісімдер мен шарттарда қарастырылған басқа да жеңілдіктер мен компенсацияларды пайдалануға құқылы.
Кәсіподақ ұйымының мүшесі:
• Жарғыны сақтауға, біріншілік ұйым мен барлық деңгейдегі кәсіподақ ұйымы органдары қабылдаған шешімдерді орындауға;
• ай сайын белгіленген көлем мен тәртіпте мүшелік жарнаны төлеуге;
• еңбек және ұжымдық шарттарда қарастырылған міндеттерді орындауға; міндетті.
• Кәсіподақ ұйымы мүшелеріне олардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау барысында тілектестік ниетте болуға, Кәсіподақ ұйымының ұжымдық әрекетін қолдауға міндетті.
Кәсіподақ ұйымы
Кәсіподақ қызметінің нысаны, мақсаттары және түрлері
Қызмет нысаны - өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және қорғау.
Негізгі мақсаттары
Жалпы мәселелерді шешуде кәсіподақ мүшелерінің қызметін біріктіру және үйлестіру; ұжымдық шарттар мен келісімдер әзірлеу және қабылдау, олардың орындалуын қадағалау; ұйымдарда еңбек заңдары мен нормативті актілердің сақталуын қадағалау; ересектер мен балаларды сауықтыруды ұйымдастыруға көмектесу; Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік және экономикалық жағынан қорғау жөніндегі іс-шараларын әзірлеуге қатысу, құқықтық көмек көрсету және кеңес беру, сотта немесе басқа құқық қорғау органдарында олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; Кәсіподақ құрамына жаңадан мүшелер тарту және жаңадан құралымдық бөлімшелер құру.
Жүзеге асыралып жатқан жоспарлар
Кәсіподақ комитетінің төрағасы жаңа жылдың басында өткен жылдың қорытындысы туралы есеп берді және жаңа жылдың жұмыс жоспары бекітілді. Ұжымдық келісім бөлімдерінің орындалуын қадағалау және міндеттерді кәсіподақ мүшелеріне бөлу, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жұмыстарын тексеру сияқты жұмыстар жүргізілді. Көптеген мәдениет шараларына кәсіподақ тарапынан қаржылық көмек көрсетілді. Мысалы: 8-ші Наурыз және 22-ші Наурыз, 1-Мамыр және 9-Мамыр, барлық мемлекеттік мерекелер, «Денсаулық үшін дауыс беремін» акциясы, жаңа жыл және т.б.. Әр факультетте өткізіліп жатқан шараларға кәсіподақ әрқашан көмек көрсетуде.
Жаз және қыс айларында оқытушылар мен университет қызметкерлері арасындағы «Денсаулық және сергектік» спартакиядасының жеңімпаздарына сыйлық пен қаржылай көмек ұйымдастырылады. Жазғы демалыс кезінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуаразия ұлттық университетінің Зеренді спорт-сауықтыру кешеніне қызметкерлер мен студенттердге демалып келуге жағдай жасалынған. Екі жетімбалалар үйіне әкімшілік, кәсіподақ ұйымы мен жастар жөніндегі комитет бірігіп барып, кездесіп, сыйлық тапсырады. Университет зейнеткерлері мен соғыс және еңбек ардагерлері де біздің қамқорлығымызда.
Жазғы демалыста мұғалімдер мен қызметкерлерге санатория және курорттарда емделуге 30 пайыз жеңілдік жасалады. Қызметкерлердің балаларына жазғы демалыс лагерлеріне 50 пайыздық жеңілдікпен баруына мүмкіндік бар.
Білім мекемелері біріншілік кәсіподақ ұйымдарындағы кәсіподақ жұмысын жоспарлаудың негізгі басылымдылықтары.
I Көпшілік-ұйымдастыру жұмысы.
1. Кәсіподпқ мүшелері есебі мен кәсіподаққа қабылдауды ұйымдастыру, кәсіподақтық мүшелік жұмысын арттыру бойынша ұйымдастырылған шараларды жүзеге асыру (салалық кәсіподақ жарғысымен таныстыру, кәсіподақ ұйымы туралы ережемен, ұжымдық келісім-шартпен).
2.Кәсіподақ жұмысын кәсіподақ стендтерінде, кәсіподақтық web парақтарында, КАҚ(көпшілік ақпаратты құралдарда), мектеп газеттерінде үнемі жарыққа шығару жән ұйымдастыру;
3 Кәсіподақтық жиналыстар:
Кәсіподақ төрағасының өткен оқу жылына есебі, кәсіподақ ұйымының жаңа оқу жылына міндеттері;
Ұжымдық келісім-шарттың орындалу барысы туралы;
Кәсіподақ комитеті әкімшілігінің ҚР еңбек кодексін сақтау жөніндегі жұмысы туралы;
Кәсіподақ ұйымы мен әкімшіліктің кәсіби аурулар мен жарақат алудан сақтандыру, қызметкерлердің еңбек қорғау және жұмыстың үйлесімді жағдайларын құру бойынша бірлескен жұмысы.

- Ұзақ мерзiмдi қаржылық жоспарлау
- Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау
- Ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті
- Ұйқы процесінде түстің пайда болуы
- Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі
- Ұйымдағы коммуникация
- Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде туралы қазақша
- Үстеме шығындардың есебі және төлеудің ставкалары
- Үстіміздегі жылдың 30 қазаны Қазақстан
- Үшінші әлем елдерінің артта қалуы
- ұғымы және мәні
- Ұдайы өндіріс процессіндегі ақша рөлі
- ұжымға педагогикалық жетекшілік
- Ұжымдық еңбекті реттеуші жергілікті акт