Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері

Экономикалық  теорияның зерттеу  пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де әдістеме бірдей қажет. Әдістеме дегеніміз- ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім.                                                                                                           

Экономикалық  теорияның пәні – адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық теория пәнін өзінің «Экономика» атты еңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпен байланысты қызмет түрлері деп түсіндірген. П. Самуэльсон көптеген мысалдар келтіріп, экономикалық теория пәні тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген. Ол экономикалық теорияның бірнеше анықтамаларын берді.Олар:

адамдар арасында ақшалай келісім-шарттар  мен айырбасқа байланысты қызмет түрін зерттейтін ғылым;

әртүрлі тауарды өндіру үшін және оларды қоғам  мүшелері арасында бөлу үшін қажетті  шект.еулі ресурстарды пайдалану туралы ғылым;

адамның күнделікті өмірде тұтыну мен өндіріс  саласындағы міндеттерін жүзеге асыруды қарастыратын ғылым;

байлық  туралы ғылым.

2. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың  формалары. 

Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары  ҚРң Азаматтық кодексінде белгіленген. Кәсіпорынның ұйымдық нысаны-кәсіпорын  серіктестерінің ішкі қатынастары  мен мемлекеттік органдар ж/е  басқа да кәсіпорындармен қатынастарда болады. Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарын дұрыс таңдау көптеген факторларға  тәуелді болады, оның ішінде: жеке капитал  мен оны тұтыну мүмкіндігінің  болуы, кәсіпкерлік қызмет сипаты мен  масштабы, кәсіпкерлік жобаны іске асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті, рынок жағдайы ж/е т.б.

Кәсіпкерліктің  ұйымдық-құқық нысандары: 1. серіктестік: толық, сенім, жауапкершілігі шектеулі, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер. 2. акционерлік қоғам. 3. м емлекеттік кәсіпорын.

1. Толық серіктестік-қатысушылары кәсіпорынның міндеттемесі бойынша өзіне тиесілі барлық барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін серікткстік б.т. Т.с. құрылтай шарты негізінде құрылады ж/е әрекет етеді. Т.с.қызметі барлық қатысушылардыңжалпы келісімі бойынша басқарылады, серіктестіктің әрбір қатысушысы серіктестік атынан әрекет етеді. Серіктестіктің пайдасы мен шеккен зияны қатысушылары арасында жарғылық қордағы үлесіне қарай бөлінеді.

Сенім серіктестігі-серіктестіктің міндеттемелері бойыншаөзінің бүкіл мүлкімен жауап беретін қатысушылармен қатар, міндеттемеге өзінің салымының көлемінде жауап беретін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын бір н/е бірнеше қатысушылардан тұратын серіктестік сенім серіктестігі б.т. 

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік-бір н/е бірнеше адам құрған жарғылық қоры құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік б.т. Оның мүшелері қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді, серіктестіктің зияндарына тек өз үлестерінің мөлшерінде тәуекел етеді.

Қосымша жауапкершілігі бар  сер/к-тің қатысушыларысеріктестік міндеттемелеріне өздерінің салымымен ал бұл жеткіліксіз болса, салымдарының еселенген мөлшерінде қосымша мүлікпен жауап береді. Қоғамның бір қатысушысы банкротқа ұшыраған жағдайда оның жауапкершілігі қатысушылар арасында салымдарына қарай бөлінеді.

2. Акционерлік қоғам-Бұл өз қызметін асыру үшін акциялар шығаратын заңды тұлға. Акция д/з-оның иесі акционерлік қоғамның жалпы капиталында өз үлесін қосқандығын дәлелдейтін ж/е оның пайдасынан белгілі бір үлесін алуға құқық беретін құжат. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді, ал акционерлер қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Акц/к қоғамды құру үшін сер/к келісім шартн жасау керек, оны қоғамның жарғысы д.а.Бұл қордың мөлшерін сол елдің ұлттық заң шығарушы органы анықтайды.

3. Мемлекеттік кәсіпорындар. Бюджеттік кәсіпорынға-заңды, шар/қ дербестігі жоқ кәсіпорындар жатады. Олар пайдадан салық төлемейді, олардың бүкіл табысы мен шығысы мемл/к бюджет арқылы өтеледі. Мемелекеттік корпорациялар-кең тараған түр. Олар белгілі бір құқық суб/рі ж/е өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Олар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам нысанында да құрылуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінің эк/қ негізін мемл/к қорлар есебінен құралатын өзіндік капитал, акционерлік капитал, пайда құрайды. Аралас компаниялар-акционерлік қоғам ж/е жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылады, акциялары мемлекет пен жеке салымшылардың қолында болады.

3.   Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.

     Капитал-бұл тауарлар мен қызметтер өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары мен ақшалай жинақтары.

Марстік теорияда өндігріс факторлары өзгеше сипатталынады: заттық факторлар мен  жеке фактор.марксизм үшін бұлайша  бөлу аса маңызды, өйткені ол барлық заттық факторлар қосымша құн  өндірмейтіндігі, ал тек жеке фактор-жұмыс  күшінің құн, қосымша құн өндіретінін  көрсетеді.Өндірістің дамуының әрбір  жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс  жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар  болып еңбек, жер, капитал қалады.

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Капитал котегориясына ең толық, жан-жақты зерттеуді өзінің  «Капитал» деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің    нақты формаларын зертеумен қатар, ол онын мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді.К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдайды. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті – станок, машина, шикізат т.б. түрінде.

Экономикалық  теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмның  қалыптасуының бастапқы қезеңі деп  тұжырымдады.

Заттық  немесе натуралдық концепция: Капитал - өндіріс құрал –жабдықтары н/е сатуға арналған тауарлар.

А.Смит: Капитал – заттардың қорланған запасы ретінде.

Д.Рикардо: Капитал - өндіріс құрал-жабдықтары ретінде.

А.Маршал: Капитал - өндіріс алғышарттарын жинайтын заттар.

Дж.Кларк: Капитал – еңбекпен қатар өндірістің мәңгі бастауын көрсететін өндірістік игіліктердің запасы дейді.

П.Самуэльсон: Капитал – ірі фабрикалардың дайын өнімі ж/е жартылай өңделген шикізат қоймаларының өндірістік құрал-жабдықтары ретінде анықтайды.

Ақшалай немесе монетарлық концепция: Капитал – процент әкелетін ақша.

Дж.Кейнс: Капитал – бұл ақша н/е оның ауыстырушысы – несиелік ақша деген қөзқарастарды қарастырады. Алайда басқалар капиталды табыс алумен байланыстырады

4.      Кіші, орта және  ірі фирмалардың  экономикадағы рөлі.

Осы заманда  батыс эк/да кіші бизнес шаруаш/ң ең ірі секторын құрайды.Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік нормасына франчайзинг мен венчурлік кәсіпкерлігі жатады. Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтердінде ірі фирмалардың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контранкт жасайды. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылу жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардын сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді ж/е қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып отырады. Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен ж/е оны әрі дамытумен айналысатын коммерциялық ұйым. Олар ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады ж/е консультация жүргізеді. Олар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Венчурлік кәсіпкерлік 2-ші дүнжүз. Соғыстан кейін тұңғыш рет АҚШ-да п.б. Венчурлік фирма Қазақстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселені шешеші:1.Қазақстан халқының елеулі бөлігін құратын жағдайы төмен адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз тұтыну тауарлары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;2.халықтың материалдық ж/е қаржылық қаражаттарын өндіріске тартуға көмектеседі;т.б.Орташа бизнестің рөлі аз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкін, н/е мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін. Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең тұрақтысы. Оның нарықтағы монополдық болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан ж/е мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.

5.    Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.

Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек  пайда табуды (алғашқы жүмсалған  сомадан артық сомаға ие болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда  табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті  үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды  пайдалану негізінде жүреді. Осы  процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық  форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі  бағытынан қарасақ, оны мынадай  түрде бейнелеуге болады:

A - T   ... O ... T1- A1

Бұл мынадай  заңды сатылардан тұрады:

A - Т ...

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы — өндіріске жағдайлар жасау:... Ө ...Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады:

... Т1 - А1 -

Тауарларға  сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

6.  Өндірістік шығындар теориясы Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығында»р деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген,н/е, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады,н/е, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді. Марксистук теория бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған сомасы болады. Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығында»р деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген,н/е, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады,н/е, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдейді. Марксистук теория бойынша өндіріс шығындары капиталиске тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне жұмсалған сомасы болады.

7. Экономикалық теория қызметтері.

Эк теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді  көздеген, адамдар мен топтардың  материалдық игіліктер мен қызметтерді  өндіру, бөлу, айырбастау ж/е тұтынудағы іс-әрекеттерін зерттеп, талдайтын  қоғамдық ғылым. Эк теория бұл:

- ұдайы  өндірістің фазалық динамикасы  ж/е ұзын толқындар динамикасы  арқылы жүріп отыратын, эк өсудің  заңдылықтары мен факторлары  туралы ғылым, ұлттық байлық  туралы ғылым;

- қажеттіліктерді  қамтамасыз ету үшін тауарлар  өндірісінде, оны айырбастауға  шектелген ресурстарды пайдалану  туралы ғылым;

- өндіріс  пен айырбас әрекетінің түрлері  туралы, адамдардың күнделікті іскерлік  өмірі туралы ж/е өмір сүруге  қажет заттар туралы ғылым.

Қызметтері: алдымен, ол танып білу, өйткені ол қоғамдық эк-қ өмірдегі проценстер мен көріністерді зерттеп, түсіндіре  білуі керек. Бірақ осы, н/е, басқа  болмыстарда тек атап өту жетімсіз болады. Олардың мәніне бойлап, даму заңдылықтарын айқындап, соларды  практикада қолдану бағыттарын белгілеу қажет. Екінші қызметі, практикалық  д.а. – бұл рационалды шаруашылық жүргізудің принциптері мен әдістерін  жасау, эк-қ өмірді реформалаудың  эк-қ стратегиясын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, т.б. Үшінші қызметі, қоғамлдық  дамудың ғылыми болжамын ж/е перспективасын жасауды қамтиды.

 Эк-қ  теорияның осы аталған қызметтері  өркениетті қоғамның күнделікті  өмірінде жүзеге асырылып отырады.  Эк ортаның қалыптасуында, эк  динамиканың көлемі мен бағыттарын  анықтауда өндіріс пен айырбастың  салааралық құрылымын жетілдіруде,  адамдардың жалпы өмір дәрежесін  ұлттық деңгейге жоғарылатуда, - оысның бәрәнде эк-қ теорияның  маңызы өте зор. 

8.           Қаржы жүйесі, мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет. Салық.

Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің де экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін  талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан  және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез  келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы  экономикалық қатынастардың құрамды  бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті  қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.

Қаржы жүйесі мемлекеттің көптеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әр түрлі  бағыттағы несие институттарымен  тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды.

Мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында  мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік  жүйе өте күрделі механизм. Ол сол  елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын  білдіреді.

Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік  құрылымымен байланысты. Унитарлық  мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі  деңгейден- мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады. Федеративтік мемлекеттерде  штаттардың, (АҚШ) республикалардың (Ресей) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.

Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының  орталықтанған қоры. Бұл қаражат  мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі  жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік  реттеудің, шаруашылық коньюнктураға  ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды  жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі  де көп қырлы құжат. Ең алдымен  бюджетте мемлекеттің кірісі мен  шығысының құрылымы бейнеленеді. Шығыста  бюджеттік ассигнациялардың, қаржылардың  бағыттары мен қызметтері көрінеді.

 Өзінің  құрылымы жағынан бюджеттің шығысы  мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті  басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы  шығындар, мемлекеттік шаруашылық  жұмыстарының шығындары, сыртқы  экономикалық қызметтердің шығындары.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері  орталық  және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен  тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады

Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі- салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс  салығы, одан басқа қоғамның құқықты  мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.

        Қазіргі кездегі салықтардың  маңызы мен рөлі мемлекеттік  органдарды қаржы ресурстарымен  қамтамасыз етумен шектелмейді.  Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің  басты құралы.

Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен  пайдаланылады. Осы мақсатта салықты  корпорация қызметтерінің түрлеріне  қарай пайдалану жөнінде түрлі  жеңілдіктер беріледі. Мұндай шараларға  мысалы, өндіруші компанияларды (әсіресе  мұнай мен газ өнеркәсібінде  олардың табиғи қорларының азаюына  байланысты) салық арқылы ынталандыру  жүйесі жатады. Бұл ережеге сәйкес өндіруші компаниялар пайдалы қазбалар көзінің азаюына және өндіріс  жағдайларының қиындауына байланысты салық төлемейді. Салықтық жеңілдіктер  беру арқылы мемлекет өндіргіш күштерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға және т. б. айтарлықтай  әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар  жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюнктураға ықпал  етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер  беру жолымен күрделі қаржыны  ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар  жасайды.

9.            Экономикалық заңдар мен категориялар.Экономикалық заңдар — адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді. Ерекше заңдар-шаруашылық жүргізудің нақты тарихи формаларының даму заңдары. Жалпы заңдар-барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.

Экономикалық  заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс-қарекетінен тәуелсіз емес.

Экономикалық  зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта  белгілі бір кезенде туындап, өзгеріп немесе жойылып кетеді. Олардың  көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін  жаңа экономикалық зандарға орын береді. Әрдайым ескеретін жайт - ескі экономикалық заңдар адамдардың еркімен жойылмайды, тек қана жаңа экономикалық құбылыстардың  туындауымен өз әрекетін тоқтатады.

Экономикалық  категориялар тарихи сипатта болумен қатар, қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Экономикалық категориялар-қогамның экономикалық өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы, тауар, құн, ақша, сұраныс, ұсыныс және т.б.

10.        11.       Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.

П капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын  қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп түр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=A> - A

Мұнда А—бастапқы жүмсалған капитал, d—үстеме құн.Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда Бұл капиталдың айналымыболады.Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып түскеңце капигал толық айналым жасайды.

Капиталдың  әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнньщ айналымдағы  әр қилы функцияларына сәйкес, капитал  непзгі және айналмалы болып бөлінеді.Негізгі  капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары  жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің  айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның  алмастыруының әдістерінің әр түрлі  болуымен байланысты болады.

12.       Жалақының мәні және оның формалары.

Экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар: 1. Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар- сұраныс және ұсыныспен анықталады. 2. Жалақы жұмыс күші- тауардың құнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), рыноктық факторлар- сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.

Жалақының негізгі екі типі бар: номиналды  және нақты. Номиналды жалақы ақшаға шағып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының мөлшеріне қарай жалақы дәрежесі туралы түсінік алуға болады, алайда ол тұтыну мен халық тұрмысының дәрежесін толық сипаттай алмайды. Ол үшін нақты жалақыны білу қажет. Нақты жалақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған жалақысы, яғни жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақының дәрежесі тікелей номиналды жалақыға және тұтыну заттары мен қызмет көрсету бағасына тәуелді.

Жалақының негізгі нысандары. Жалақы негізгі екі нысанда мерзімді және келісімді түрде орын алады. Мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының ұзақтығымен анықталады, сондықтан ол күндік апталық және айлық ақы болып бөлінеді. Кесімді жалақыда жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына тәуелді. Жалақының бұл нысаны мерзімді жалақымен байланысты, өйткені бір өлшем өнімнің бағасы мерзімді жалақыны (күндік) өндірілген, өнім санына бөлу арқылы анықталады. Кесімді жалақының мөлшері бір өлшем өнім бағасын өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Жалақының мөлшері жұмысшының еңбек өнімділігіне, өнім сапасына, шикізатты үнемдеу, жабдықтарды пайдалану коэффициенті және т.б. көрсеткіштеріне тәуелді. Жалақының дәрежесі мен динамикасы жалақының мөлшеріне әсер ететін факторлар.

13.        Экон\қ ресурс\р. Экон\қ теориядығы ресурстар\ң сиректігі ж\е шектеулігі.

Өнд\с  процесінде ресурс\р пайдал\ды. Ресурстар  –материалдық ж\е рухани игілік\р  мен қызметтерді жасау процесінде пайдаланылуы мүмкін түрлі өнд\с  элементтерінің жиынтығы. Ресурстардың бес түрін ажыратуға болады:

1.Табиғи  ресурстар –бұл адам\ң тіршілік  етуінің табиғи жағдайларының  барлық жиынтығының бір бөлігі, өнд\с процесінде пайдал\н қоршаған  ортаның ең маңызды құрамдас  бөлік\рі (топырақ, су ресурс\ры, пайдалы қазбалар);

2.Еңбек  рес\ры –еңбекке жарамды жастағы  халық, жұмыс күшіне ие адам\р;

3.Өнд\с  құралдары (машина\р, жабдық\р)  ж\е қоғам өндірістік процес  үшін бөлетін ақшалай қаражат  түріндегі капитал;

4.Ақпараттық  рес\р –автоматтандырылған өнд\тің  қызмет етуіне ж\е оны компьютерлік  техника көмегімен басқару үшін  қажетті мәліметтер;

5.Кәсіпкерлік  қабілет –басқа ресурстардың  барлығын игіліктер мен қызмет\р  жасау мақсатында үйлестіру мен  құрамдастыру бой\ша әрекет түрінде  көрінген адам\р капиталының айрықша  түрі.

Ресурс\дың  абсолютті ж\е салыстырмалы шектеулігі ажыратылып жүр. Абс\ті шектеулік ретінде  өнд\к рес\дың қоғам мүшелерінің  барлық қажеттіліктерін бір мезгілде қанағаттандыруға жетіспеушілігін  айтады. Егер қажеттілік\р шеңберін тарылтса, онда қажеттіліктердің абсол\к  шектеулігі салыстырмалы болады, өйт\ні кажеттілік\дің шектеулі шеңбері  үшін рес\р салыс\лы түрде шексіз болмақ. Өнд\с процесінде рес\р адамдардың қажеттіліктеріне бейімделеді, игіліктер\ң  жасалуы жүзеге асады. Рес\р өнд\с  факторлары, өнім жасау фактор\ры ретінде  көрінеді. Әрбір адамның өндірілуіне  қажетті өзі\ң факторлар жиынтығы бар. Факторлар былай жіктеледі:

Өнд\с  процесінде жүз\асатын еңбекке деген  қабілеттіліг бар адам рес\ры;

Табиғи  рес\р ж\е адамдардың бүкіл қызметінің нәтижесінде өзгеретін, олардан  жасалатын материалдар еңбек  заттары ретінде көрінеді;

Адам\р  олар арқылы еңбек процесінде заттарға әсер ететін еңбек қызметінің жинақталған  рес\ры (еңб\құралдары, жабдықтар) еңб\құралдары  ретінде көрінеді.

14.            Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың тозуы.

 Капиталдың  әр түрлі элементтерінің айналымы  бірдей жүрмейді. Капиталдық құнньщ  айналымдағы әр қилы функцияларына  сәйкес, капитал непзгі және айналмалы  болып бөлінеді.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары  жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің  айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның  алмастыруының әдістерінің әр түрлі  болуымен байланысты болады.

Негізгі капитал — бұл өндіріс процесше тұтас қатынасатын, бірақ өз құның өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, Бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.

Моралдық  тозу - Бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының төмең деуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.

15.             Өндіріс және оның факторлары.Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.

Өндіріс нәтижесінде қоғамда өнім немесе игілік жасалынады. Жиынтық қоғамдық өнім – бұл белгілі бір кезеңде (әдетте бір жыл ішінде) өндірістің барлық салаларында жасалынған игіліктердің жиынтығы. Өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану бастапқыдан адамның қолынан келер істің бірі. Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар – жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір телімдері адамның өндірістік қызметінде қолданылады.

Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері