Үндістан мәдениеті
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері құжырасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ж ү з ж ы л д ы қ м е н е д ж е р л е р
Қостанай 2009
Мазмұны
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
І.
1.1 Менеджмент, менеджер ұғымдары......................
1.2. Менеджменттің тарихы........................
II.
2.1. Менеджмент эвалюциясы....................
2.2. Басқару мектептері....................
2.3. Басқару мектептерінің өкілдері......................
ІІІ.
3.1. Менеджердің базалық сапасы........................
3.2. Менеджерге қойылатын талаптар......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқада салаларды жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түсінігінше – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.
Тарихнама:
Менеджмент – дәстүрлі, тарихты, тұжырымдарды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл саласыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру басталған мезетте пайда болады.
Басқару практикасы да ұйымдастыру секілді өте ертеде қалыптасты. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбекпен оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалады. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта саз балшықтан істелген табличкаларға көне жүйелердің комерциялық келісімдері мен заңдары туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасының болғандығын дәлелдейді.
Ғылыми болжам:
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеумен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқарудың түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдаумен сипатталады.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі болғандықтан оның қоғамдағы ролін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:
менеджерлердің ұйымдастырушылық қабілетін дамытудағы негізгі талаптарын анықтау;
менеджерлер мектебінің негізгі бағыттарының жолдарын көрсету;
мектеп өкілдерінің өмірі мен қызметіндегі өсуі мен нәтижесін анықтау;
менеджерлердің қазіргі өндіріс шарттарында – басқару бойынша мамандардың базалық сапасын анықтау.
Зерттеу жұмысының құрылымы:
Бұл курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
І. 1.1. Менеджмент, менеджер ұғымдары
Менеджмент – ағылшын тілінен аударғанда, басқару ұғымын білдіреді. Басқару дегеніміз – қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру.
Бұрын «Менедмент» және «Менеджер» ұғымдары қанаушылық анықтаушы ретінде қолданылады. Ал қазіргі бұл сөздер жалпы бұқаралық мәнге ие болып, адамдардың әлеуметтік билік дәрежесін, олардың арнайы қызметі түріне жататындығын бейнелейді. Менеджмент сөзін қазақшаға аударатын болсақ, «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып шығады.
«Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни, «қол күш» деген сөзінен шыққан, алғашында мал бағу саласында қолданылған, дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми-практикалық мәнін білдіретін болды. [2,160]
Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігіне бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі.
2. Билік және басқару өнері.
3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды.
4. Басқару органы, әкімшілік бөлігі.
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып өз мақсатына жету мағынасын білдіреді.
Менеджемент ұғымына Э.Петерсон мен Э. Плоумен кеңірек түсінік береді. Бұлар батыстағы іскерлік әлемге «Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру» кітабының авторлары ретінде танымал. Олардың пікірінше, кең мағынада алғанда, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән техника немесе тәсіл.
Басқарудың жалпы қағидасын осылай атап көрсетеді. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:
1. Үкімет. Петерсон мен Плоуменнің пікірінше оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджментің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
2. Мемлекеттік менеджмент. Мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қаулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
4. Құрама одақтық немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелердегі сияқты, мұнда да қызметкерлердің тобының іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
5. Бизнес – менеджмент. Ұкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше менеджменттің ерекше түрі.
6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес-менеджменттің арнайы түрі. Жекеменшік іскерлік кәсіпорын функциясымен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалар мен ой-пікілер де ықпал етеді.
Петерсон мен Плоумен былай деп атап көрсетті: менеджменттің мұндай өзгешеліктері бола тұрса да, бұлардың барлығы адамның мінез-құлқы туралы негізгі алынатын түсініктерге сүйенеді. Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз түрде қарастырылады.
Менеджмент – нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы.
Менеджмент – нарықты жүйеге асыру үшін кәсіпорын жұмысын басқаруға байланысты адамдар қызметінің түрі.
Белгі американ экономисті В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша: «Менеджмент – бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы». [2,162]
Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау функциясы мазмұнының өзгеруімен, фактілерді жан-жақты зерттеумен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқарудың түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастыруымен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам факторын жандандыратын шешімдер қабылдаумен сипатталады.
Менеджменттің бірнеше ұғымы бар.
Вольфганг Хайер өзінің «Еуропада бизнес қалай жасалады» кітабында балай жазды: «Менеджмент – бұл жұмыс істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы». Егер батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы қоғамға танылатын да тек басшылар.
Сонымен, менеджмент бастапқы ұғым – бұл басшылық.
Менеджерлер дегеніміз кім? Менеджер деген сөздің өзі, жоғарыда айтқандай, бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен, тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға бас болатын болса, онда ол әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, клиниканы меңгеретін дәрігер жөнін де осыны айтуға болады.
Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқада салаларды жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түсінігіше – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.
«Менеджер – бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жеке мүддесіне бағындыра білуге, өзінің жанұясы – фирма гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс». Жапониядағы менеджерлер мектебінің – негізгі жапон корпорацияларының болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орындарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды.
Әрбір менеджерге өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда, барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.
Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ой ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп, бөледі, қажетті ұйымдық құрамын іріктейді т.б.
Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдамен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін бар барлық мүмкіндікті – сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.
Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.
Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.
Әрбір менеджер жоғарыда аталған қызметтерді міндетті түрде атқаруы тиіс. Мұндағы бір ескеретін жәйт, осы аталған функциялардың әрқайсысы жеке элементтерден құралған жиынтық форма болып саналады.
Менеджер жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қытысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірінше айқындай алуы тиіс.
Менеджерлік шеберліктің маңызды жақтарының бірі – келлісөз жүргізе білу - әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестіндіре білетін өнері болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай.
Келіссөзді ойдағыдай жүргізе білу шеберлігі төрт кезеңнен тұрады:
1.Өз ұйымының мұқтаждығы мен өз қызметкерлерінің мүддесі үшін келісім жасайтын адамдар арасында тепе-теңдік қарым-қатынас орнату қажет.
2.Өзінің келісім жүргізетін жақты ұнататындығыңды, оның пікірлерін ескеретіндігіңді білдір.
3.Келісім кезінде қайшылық туа қалған жағдайда айқын позиция ұста. Мұндайда «Мен бұған келісе алмаймын», - деп айтуды үйрен және де не себепті келісе алмайтыныңызды айқын түсіндір.
4.Өзіңізбен әңгімелесіп отырған адамның басқа мәдени дәстүрде тәрбиеленуі мүмкін екендігін ұмытуға болмайды. Проблеманы шешудің американдық жолы бірден-бір дұрыс жол деп ойлауға болмайды. «Әңгімелесушіге өктемдік ету – келісім жүргізудің тұрпайы әдісі. Біз адамдарды ұзақ мерзімдік іскерлік қарым-қатынас орнатуға үйретеміз». [2,166]
1.2. Менеджменттің тарихы
Менеджмент – дәстүрлі, тарихты, тұжырымдарды, институттарды, теория мен практиканы қамтитын бүкіл адам мәдениетінің элементі. Бұл саласыз дәлелденген қағида. Өйткені, тиімді басқару проблемасы адамдарды ұйымдастыру басталған мезетте пайда болады.
Басқару практикасы да ұйымдастыру секілді өте ертеде қалыптасты. Басқару ісін жетілдіруге мыңдаған жылдар бойы қажырлы еңбекпен оны тиімді ұйымдастыру қажет болды, бұған өз уақытында ең озық ақыл-ой жетістіктері жұмсалады. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта саз балшықтан істелген табличкаларға көне жүйелердің комерциялық келісімдері мен заңдары туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасының болғандығын дәлелдейді.
Үлкен Клод пен кіші Джордтың «Басқару ақыл-ойының тарихы» кітабында біздің заманымыздан 5 мың жыл бұрын, шумерлер сына жазудың (клонописьті) ойлап шығарған кезден бастап менеджменттің дами бастағандығы айтылады.
Көне мысырлықтар бізге жазбаша ескерткіштер қалдырады. Онда да басқару туралы әңгіме болады. Осыдан 4 мың жылдай бұрын жазылған «Птаххотепа үйрету» кітабында қазіргі басқарушылар үшін әлі күнге мәнін жоғалтпаған мынадай ойлар айтылады: «Егер сен басшы болсаң байсалды бол. Өтініш айта келген адам саған ойындағысын айтып біткенше сөзін бөлме. Бақытсыздыққа тап болған адам, өз мәселесін дұрыс шешкеннен гөрі, ақтарыла сөйлеп, іштегі шерін тарқатқанда жөн санайды».
Жұмыскерлер арасындғы бірлесіп әрекет етуге қол жеткізу, сөйлеу мәдениеті жөніндегі ғылыми қағидалар Марка Тулия Цицеронның «Шешендік өнер жөніндегі үш трактатында» қамтылады.
Көне римдіктерде мемлекеттік басқару жүйесіндегі қызмет сатысында төмен шенділердің жоғарғы шенділерге бағыну тәртібі енгізілген. Жер қожасы өзінің басқарушысына бір жылдық жазбаша жұмыс жоспарын беріп, міндетті айқын қоюы, белгіленген жоспарды нәтижесімен үнемі салыстырып отыруы, талдауы және қорытынды жасауы тиіс. Әсіресе, жедел түрде басқаруға ерекше көңіл бөлген.
Ресейде елді және өндірісті басқарудың бірқатар маңызды идеясы І Петр заманында дүниеге келді. Ол мемлекеттік биліктің және терең экономикалық өзгерістің бірқатар реформасын жүзеге асырады. І Петр самодержавиелік басқарудың бас идеясын ұсынды: «Государь өз ісі туралы жарық дүниеде ешкімге жауап беруді тиіс емес».
Сол кезеңгі өндірісті басқару туралы Сібір мен Уралдың бас зауыттарының бастығы В.И.Лениннің «Урал және Сібір зауыттарының жазбасы» атты кітабында қызғылықты материал келтірген. Онда былай деп жазған: «Басқарушы мейірімді, қамқоршы, еңбекқор, салауатты болуы, істі жан-жақты білуі, қарамағындағы шеберлерге қолынан келетін істі тапсыруы, әрі оның айтылған сағатта орындалуын қадағалауы тиіс». Аталған кітапта осы уақытқа сәйкес келетін ой-пікірлер де бар: «Басшы нақты істен гөрі бұйрықтың алынғандығы және орындалғандығы, жауабы мен түсініктемесі туралы біріңғай рапорт қабылдаумен шұғылданса – бұдан келер ешқандай пайда жоқ... Мұның барлығы қағаз жүзінде қалады». [2,167]
Өндірісті басқаруды дамытуға ХҮІІІ ғасырдағы ірі кәсіпорынға ауысқан өнеркәсіптік төңкеріс күші қозғау салды. Қол өнерінің, бармағынан бал тамған шеберлердің орнына көбінесе жөнді мамандығы жоқ жалдамалы жұмысшылар келді.
Басқарудың теориясы мен практикасының дамуын қарастыра отырып, бірнеше тарихи кезеңдерді атап өтуге болады:
1.Ерте кезең б.э.д. 9-7 мың жылдан ХҮІІІ ғ.
2.Индустриялық кезең (1776-1890 ж.).
3.Жүйелеу кезеңі (1856-1960 ж.).
4.Ақпараттық кезең (1960 ж.- қазіргі кезге дейін).
Басқару өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтар мен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттігі пайда болды. Дегенмен, басқару қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым жіне зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. ХХ ғасырға дейін жүйелі, жан-жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймады. Мәселен, ХХ ғасырдың басындағы Нью-Ланердегі Роберт Оуэннің батыл да тамаша әлеуметтік сипаттағы тәжірибесін ешбір басшы өз тәжірибесінде қолданған емес.
Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу ХХ ғасырдың басынан басталды. 1911 жылы жарияланған Фредерик Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді.
Басқару жүйесінің басты тұжырымдамалары
Қазіргі кездегі басқару теориясының дамуы ғылыми басқару мектебінің өкілдері Ф.Тейлор, Г.Гант, Г.Эмерсон және Г.Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылды.
Ф.Тейлор ғылыми басқарудың міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру салаларында дамытты. Тейлордың ғылыми басқару жүйесіндегі қағидалары мынадай:
- қызметкерлерді ғылыми түрде сұрыптау және баулу;
- еңбекке мамандандыру;
- еңбекақыда ынталандыру жүйесін қолдану;
- жауапкершіліктің әділетті арттырылуы.
Г.Эмерсон өз еңбегінде «Өнімділіктің 12 қағидасы» деп аталатын кәсіпорынды басқаруды төмендегідей белгіледі:
- әрбір басшы мен қызметкер ұмтылатын дәл тұжырымдалған мақсат;
- болашақ мақсатты ескере отырып, әрбір жаңа процесі талдауға шынайы көңіл бөлу;
- білікті кеңес беру, арнайы білімділік беделінің маңызы;
- нақты белгіленген ереже мен тәртіпке бағыну;
- қызметкерлерге әділ көңіл бөлу;
- дер кезінде, әрі сенімді есеп беру;
- ұйым қызметін мұқият және жедел басқару;
- көрсеткіштер мен жұмыс кестелері;
- уақыт, күш-қуат пен шығындарды үйлесімді ұштастыра білу;
- операциялар көрсеткішін жасау;
- еңбек өнімділігін арттыру үшін сыйақы төлеу.
Г.Эмерсон алғашқы болып өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудағы күрделі міндеттерді шешуде әрекеттер қажеттілігін және ұтымды ету ұғымын енгізді.
Г.Форд өндірісті ұйымдастырудағы «тейлор жүйесін» жетілдіре отырып, төмендегідей басқару қағидаларын атап өтті:
- өндіріс процесі мен оның сатыларын байланыстыра отырып дәл есептеу мен жоспарлау;
- қажетті жұмыс пен басқа да ресурстарды әзірлеу;
- стандартты технология мен механизмдерді қолдану;
- өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру.
Аталған ғылыми-практиктер жіне басқалардың еңбектері нәтижесінде басқарудағы «ғылыми қағидалар» тұжырымдамасы осылайша қалыптасып дамыды. .[2,170]
ІІ. 2.1. Менеджмент эвалюциясы
Еңбектік қызметті ұйымдастыру жүйесі менеджмент ғылым ретінде, АҚШ-та ХІХ-ХХ ғғ. пайда болды. Осы кезеңдегі менеджменттің негізгі бағыттары (мектептері):
Тейлор, Гилберт және т.б. ғылыми басқару мектебі (1885-1920) еңбектің ұтымдылығы, материалдық қызығушылық тиімділігінің жоғарылауына әкеледі;
Файоль, Вебер және т.б. классикалық мектебі (1920-1950) – басқарудың жан-жақты принципі;
Маслоу және т.б. адамдық қатынастар мектебі (1930-1950) – адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар;
Арджирис, Майкерттің іс-әрекет мектебі – психология мен әлеуметтану негізіндегі адамдық потенциалды максималды қолдану;
Винер, Аккофаның көлемдік мектебі – оқиғаларды компьютерлі математикалық үлгілеу.
Ғасырдың басынан басқару теориясының пайда болуынан бастап және 1960 жылдары басқару принциптері жабық тип бойынша құрылған. Басқаша айтқанда, жетекшілерді кәсіпорыннан тыс пайда болатын мәселелер қызықтырмады, әсіресе: бәсеке, өткізу сұрақтары және басқа да сыртқы мәселелер. Фирма қызметі жабық жүйе тұрғысынан қарастырылады. Қазіргі уақытқа дейін біздің республикамыздың кейбір кәсіпорындарында басқарудың бұл түрі қолданылды.
Басқару ғылыми фирманың қызметі сыртқы ортамен байланысты болғанда туындайтын мәселелерді шешу амалдарына қоғамның дамуымен, шығарылатын өнімнің күрделенуімен, ғылыми сыйымды өндірістердің өсуімен қадам жасай бастады.
Алайда, басқару идеялары өзінің дамуында егер фирманың қызығушылықтары орындаушылардың, яғни жұмысшылар мен қызметшілердің қызуғушылықтарымен сәйкес келсе ғана максималды пайда алу мүмкін екендігін түсінді, бұл ұтымдылықты адам факторына бейімдеуге әкелді.
ХХ ғасырға дейін ұйымды жүйелі басқару жүйесіне байланысты сұрақтар ешкімді қызықтырмады, дегенмен ХІХ ғасырдың басында Роберт Оуэн өзінің көп уақытын ұйымның мақсаттарына басқа адамдардың көмегімен жету мәселелеріне арнады. Тұрақ-жай беріп, жұмыстың жағдайын жақсартып, қосымша еңбекақы төлеп, материалды қызығушылықты дамытты. Қоғамның дамуы жүйелі басқаруды талап етті. Англияда өнеркәсіптік рефолюция басқаруға деген қызығушылықты арттырады. 1911 жылы Фредерик Тейлордың «Ғылыми басқару принциптері» еңбегі жарық көреді. .[8,10]
Басқарудың ғылыми пән ретіндегі дамуы алға қадам жасауға әкелмеді.
Басқару теориясының жетістігі басқа математика, әлеуметтану облысындағы білімдердің жетістіктермен байланысты болды.
Эволюция – біртіндеп даму, өзгеру. Қазіргі уақытта бір-бірін толықтыратын әйгілі төрт басқару мектебі бар, олар басқарудағы мектептердің төрт маңызы амалдарынан тұрады.
2.2. Басқару мектептері
Ғылыми басқару мектебі, 1885-1920
Мектептің көрнекті өкілдері – Фредерик Тейлор, Фрек және Лилия Гилберт. Классикалық мектептің негізін қалаушы болып Федерик Уинслоу Тейлор саналады. Тейлорға дейін еңбек өнімділігін жоғарылату қозғаушысы «пәндік» принцип болды – қанша жасасаң, сонша аласың. Дегенмен бұл амал ХІХ ғасырдың басында өзінің қызметін жойды. Өнеркәсіптің дамуымен қоса басқару осындай қарапайым негіздеме алмады. Тейлор еңбекті жеке жұмысшының өз талқылауы алмастыратын көптеген заңдар мен формулаларды, ережелерді шығаратын және статистикалық есеп, өлшеу, олардың қозғалысы арқылы тиімді пайдаланатын еңбекті ұйымдастыруды ойлады. Тейлордың пікірін орындаушы өндіріс процесін толығымен игеруге қозғалыс. Осылайша әсіресе, ол үнемі өзгеріп тұратын қозғалыс. Осылайша ғасырдың басында басқарушының рөлі орындаушы не істейді, қалай істейді, қандай көлемде істеу көректегі туралы шешумен негізделді.
Тейлор орындаушының жұмысын құрамды бөліктерге бөлді. Бөлік қозғалыстарды хронометрлеп, ал жұмыс күндерін секундтармен белгіледі. Алайда, Хронометраж жұмыстың өзін ұтымды жасау нәтижесінде барлық мүмкіндіктерді нақты анықтауға әкелді деп санауға болмайды және кей жағдайларда еңбек пен демалыс кезектілігін кіргізу керек.
Мысалы, Ф.Тейлор ұсынған әдісті қолдана отырып жұмыс күйінде 12,5 тонна жүкті тасымалдайтын жоғары маманды жүк тиеуші 47 тонна салмағы бар жүкті тасымалдады. Хронометраж көрсеткендей ол әр жұмыс уақытының 26 минутында жұмыс істеген, ал 34 минут дем алған, яғни шаршауға мүмкіндік бермеген десе де болады, жұмыс күннің жартысынан артық уақыт тыныққан.
Осылайша, Тейлор тәжірибеде жұмысшының өз жұмыс күнін ұзақ уақытта ұтымды жіберуін анықтап, жұмыстың белгілі бір көлемін тапты.
Тейлордың теоретикалық жұмыстарын ережелерге сәйкес, неміс әлеуметтанушы Макс Вебер талдаған, негіздеген қатаң тәртіп жұмыстың неғұрлым тиімді әдісі болып табылатындығын негіздеді.
Бөлек құрамды элементтерге жіктелген жұмыс – қатаң регламентация мен бақылауға негізделген Тейлор – Вебердің теориясына негізделген қозғалыстар болу керек.
Классикалық мектеп үшін арнайы сағаттар – микрохронометр және кинокамера арқылы Френк және Лилия Гилберт зерттеулері бір үлгідегі болып табылады және ол сағаттар еңбекті ұйымдастыру 17 қол сағаттарының элементарлы қозғалыстарына негізделгендігін сипаттады.
Вебердің ойынша, қызмет жасап тұрған ұйымды құрамды бөліктерге бөлу мүмкін және оның әрбіреуінің жұмысын нөмерлеу де мүмкін. Еңбекті бұлай бөлу қызметшілерді мамандырады және ұйымды желілік белгі бойынша құрайды, демек әр орындаушы өз қозғалысы үшін тек қана жоғарғы басшы алдында жауапты болады. Сонымен қатар, бюрократиялық жүйелерді құру бойынша басқа да ойлар негізделді және ұсынылды. Ол басқарушылардың көлемі мен функцияларын реттеуге болады деп болжады.
Вебер бұл құрылымының негізінде қандай жарылыс күші жатқандығын сезбеген де. Бюрократиялық жүйенің ерекшелігі бар, «қызметшілердің көмегі мен жұмыстың көлемі бір-бірімен байланысты емес».
Бұл қорытындыны анықтауға байланысты жұмыстар Паркинсон заңының авторының атымен аталған елеулі жорамалды растады. Паркинсонмен анықталған статистикалық мәліметтер өте пайдалы.
Бұл мектептің басты негіздері:
Ғылыми менеджменттің әдістемесінің алғашқы фразасы жұмыстың мазмұнын талдау және оның негізгі компонентерін анықтау болды;

- Үнді философиясы
- Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері
- Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері
- Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері
- Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
- Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері
- Үстеме шығындардың есебі және төлеудің ставкалары
- Үлестірмелі материалдармен жұмыс түрлері
- Үнді, Қытай философиясы
- Үнді мұхитының экологиялық жағдайы
- Үнді пәлсапасы
- Үндіс аттары
- Үндістан мәдениеті
- Үндістан мәдениеті