Үндістан мәдениеті. 2
ЖОСПАР
Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Ежелгі Үндістан
- Үндi-будда мәдениетi
- Әдебиеті
- Өнері
- Музыка және би
- Театр
мен кино
III. Қолданылған әдебиет
Үндістан - таң ғажайып ел, тіпті мыңдаған жылдарға ұласқан мәдениет, дәстүрлерін қазіргі таңға дейін өзгеріссіз ұрпағына жеткізе білген бірде-бір ел десекте артық болмайды. Индия, оның тарихы және мәдениеті қазіргі бар мәдениеттерге мағыналы түрде ықпалын тигізуде.
Үндістан - Оңтүстік
Азияда орналасқан мемлекет. Үндістан
– өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі
өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы
философияның, мол өзіндік ізгі рухани
мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар
мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат
күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік
жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың,
ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді
шайының елі. Ол – “барлық халықтардың
жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған”
(Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің
үлгісі.
Ежелгі Үндістан – адамзат өркениетінің жоғары деңгейдегі мәдениетінің ежелгі ошақтарының бірі.
Үнді мәдениеті мен ғылымы б.з. дейінгі IV –IIғ.ғ. – б.з. VІІІ ғ. өркендеді. Осы кезеңде есептеудің ондық жүйесі, цифрлерді жазу түрі (кейінірек өзгертілген түрде араб цифрі деп аталған) жасалды. Квадрат және куб түбірлерді шығару, “р” санын есептеу (3.1416…), арифметикалық және геометриялық прогрессиялар, тригонометрия мен алгебра негіздері белгілі болған. Астрономдар жылды 12 айға бөлген, әр айда 30 күннен болған, жылдар 6 маусымға бөлінді. Әр бес жыл сайын 13-інші ай қосылып отырды. Жер шарының әр алуан ендіктерінде күн мен түн ұзақтығының айырмашылығы белгілі болды. Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігін білді, оның өз осінің бойымен айналатындығын болжады. Химияны білу қышқылдар, бояулар, дәрілер, иіс су, цемент, тұздар жасауға, металдарды білу сынаптан күрделі аппараттар дайындауға мүмкіндік берді.
Б.з.
дейінгі ІІ мыңжылдықтың аяғы - І
мыңжылдықтың басынан бізге ежелгі
үнді діни әдебиеті –Веда ескерткіштері
жеткен. Шамамен б.з. дейінгі 800 жылы
пайда болған упанишадтар индоарийцтердің
діни түсініктерінің дамуында келесі
қадам болып табылады. Эпикалық әдебиеттің
негізгі ескерткіштері “
Үндістанның ежелгі тарихының көптеген құпиясы ашылмаған. Алайда б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта шыққан ескі әдебиет көздерінде құл иелену қатынастарының дамуы туралы айтылады. Үндістанның б.з. дейінгі VI ғасырдағы қоғамдық-мемлекеттік құрылысын бейнелейтін «Ману заңдарында» қоғамдық еңбек бөлінісі, билеу мен бағынышты болу қатынастары жазылған.
Әлеуметтік шығу тегімен және сипатымен ескерілген ежелгі үнді қоғамын қатты дифференциация тұйық қоғамдық топтарды қалыптастырумен аяқталды: сословиелер бойынша – варналар (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер, шудралар), кәсіптік қызметі бойынша – касталар (олар 3,5 мың). Брахмандар атақты абыздар руының өкілдері болды, олар құдайлармен байланыс жасап, мемлекетті басқарды. Кшатрийлер деп әскери ақсүйектердің өкілдерін атаған. Қос варна қоғамның пұрсатты тобын құрады. Еңбекші халық вайшьилер мен шудралар варнасына кірді. Вайшьилер шаруашылық қызметпен шұғылданды: егіншілікпен, қолөнермен, саудамен. Шудралардың үлесі – басқа касталардың мүшелеріне қалтықсыз қызмет ету. Олар құқықсыз болды және жеке меншігі болған жоқ.
Дін қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін пайдаланылды. Құдайлар иерархиясы қаланды. Олардың ішінде жоғарғылары – Брахма (Ғаламды жасаушы), Вишну (оны сақтаушы), Шива (оны бұзушы).
Б.з. дейінгі VI ғ. дамыған құл иеленуші қоғамның идеологиясы буддизм болады. Оның негізін қалаушы – Будда б.з. дейінгі 563 ж. туды. Ол Шакья-Муни патша руынан шыққан ханзада болды, оның шын аты – Сиддхартха Гаутама. Гаутама өз ілімінің мәнін төрт игілікті шындықта айтқан. 1. Өмір мәні қайғы-қасірет көру. 2. Қайғы-қасірет көру себебі, көзі - өмір сүруді көксеу: ләззат алуды, билік жүргізуді көксеу, тілек тілеу, құштарлық. 3. Қайғы-қасіреттен құтылу үшін тілек пен құштарлықты түп тамырымен жұлып алып, одан құтылу керек. 4. Ол үшін алдымен көзін ашатын, одан соң нирванаға әкелетін сегіз сатыдан тұратын өзін-өзі қайта құру жолы бар. Нирвана – бұл ішкі күй, онда барлық сезім мен құштарлық жоғалып, онымен бірге адамға ашылатын әлем есігі де жабылады. «Нирвана» сөзі «сөну», «өшу» деген мағынаны береді. Іштен сөну адамды қайғы-қасірет шегуші «меннен» және барлық тірі жандарды жаңа өзгерістерге тартатын өмірге құштарлықтан босатады. Сонымен карма билігі үзіліп, данышпан абсолютті тыныштықтың шат-шадыман бос кеңістігінде соңына дейін жоғалып кетеді. Көзін ашу - өмірмен кез-келген байланысты толық үзетін соңғы нирвананың бастауы. Түсінбеген бақылаушы үшін нирванаға жету болмыстың жоқтығы, өлім ретінде (шат-шадыман өлім болса да) қабылданады. Алайда нирванаға кірушінің көзқарасы жағынан – бұл күйде өмір мен өлім, «мен» және «мен еместің», жақсылық пен зұлымдықтың арасында айырмашылық жоқ, тек осындай ішкі көзқарас қана буддист үшін мәні бар.
Буддизмнің
универсальдығы мен иілімділігі
оның әлемге алуан бағыттарда тарауына
мүмкіндік берді (ламаизм, дзен-буддизм,
тантризм және т.б.). Буддизмнің Батыста
ізбасарлары аз емес: кейде адамдар
бөтен мәдениет жолдарында өзінің рухани
проблемаларын жеңіл шешуге болады
деген үмітте болады.
Үнді — будда мәдениеті.
Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
Үнді-будда мөдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»
Бір-бірімен
өзара тығыз байланыста, ірі табиғи
бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының
алты классикалық мектебі де адамның
әлемге дүниетанымдық қарым-
Брахманизмде о дүниемен салыстырғанда
адам өмірінің өткінші екендігі және оның
мәнсіздігі туралы идеялар басты орын
алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның
бүл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік
іс-әрекеттеріне байланысты. Ендеше, бүл
дүниеде күнәкар болғандар, атап айтқанда:
адам өлтірушілер — жыртқыш аңдарға, ет
үрлаушылар — қаршыға- ға, астық үрлаушылар
— сабауқұйрыққа, брахманды өлтірушілер
— ит пен есекке, ал маскүнемдікке салынған
немесе үрлық жасаған брахманның өзі де
сарыбас жыланға айналады. Брах- мандарды
сыйлап-құрметтеу, күншіл болмау, адамның
өзін-өзі үстай білуі, мейірімді бола білу
және т.б. қасиеттер қоғамның әрбір мүшесінің
өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты
шарттар болып саналады.
Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік
дінге айналған,
будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін
қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына
жататын Будда болды. Оның шын аты
— Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша
Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер
жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы,
өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен
салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін
арттыра түсті.
Буддизммен қатар джайнизм ағымы
да дами бастады. Оның негізін қалаушы
— Махавира (Вардамана) болады.
Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан
азат болудың басты құралы ретінде — аскетизмді насихаттады. Нағыз
джайнистердің фанатизмінде шек болмады.
Олар бүл өмірдің барлық рахатынан саналы
түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда,
олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан
да бас тартты. Джайнизм брахманизммен
ымыраға келудің арқасында осы уақытқа
дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси
өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның
жолына түскендер негізінен саудагерлер
болды.
Будда өзінің діни
уағыздарында брахманизмді
де, джайнизмді де сынға алады. Брахманизмдегі
байлық пен сән-салтанатты өмірге бойүрушылық,
ал джайнизмдегі аскетизм Будданы қана-
ғаттандырмады, сондықтан да ол орталық
межені қалап алады. Ол өзінің негізгі
діни көзқарастарын «Бенерес уағыздары»
атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді.
Онда былай делінген: «Рухани тіршілігі
таза адам бүл өмірде екі нәрседен арасын
аулақ салу керек. Оның біріншісі — сауық-сайран
мен думанды қызыққа толы өмір, бүл адамның
рухына қарама-қайшы келетін бейшаралық,
өткінші өмір, ал екіншісі — ерікті түрде
қалап алынған азапты, қатыгез өмір, бүл
өмір де мөнсіз, мағынасыз. Рухани дүниесі
бай адамдар өмірдің аталған екі жағынан
да өздерін алшақ үстағандары жөн. Ең бастысы,
адамдар танымға, білімге бастайтын, олардың
ақыл-ой өрісін кеңітетін дүрыс жолға
түсулері кажет» . Бұл жол тармақтары көп
сегіз салалы жол. Олар:адал
сенім, әділ шешім, шындық
сөз, шындық өмір, шыншыл
ұмтылыс, шындықпен
еске алу және адамның
өз бойындағы қасиеттерін
үнемі байыту болып табылады.
Буддизм бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынандай: өмірге келу — азап, қартаю — азап, жүрегің қаламайтын адаммен қосылу — азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу — азап, көздеген мақсатыңа жете алмау — азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы — сегіз салалы қасиетті өмір жолын тандап алу.
Адамзат дүниесіне,
адамға және оның жасампаздық іс-әрекеттеріне
құрметпен қарап, зорлық-зомбылық пен
қатыгездіктерден бас тартуға шақырып,
адамгершілік пен ізгілік принциптерін
алға тартқан бұл дінҮндістан мен Қы
Индуизм — бір-бірінен тәуелсіз
бірнеше діни наным-сенімдерден тұратын
діни-мәдени ағым. Оның негізінде — Брахманға, Вишнуға, Шивағата
Вишну — адамдардың адал қамқоршысы,
көмекшісі. Ол адам- дарды зұлымдық пен
қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп-
қатерден сақтайды және адамдарға шындықты
жариялап оты- рады. Ал оны жүзеге асырушы
Будда. Сөйтіп Будданың беделі көтеріліп,
құдай дәрежесіне жеткізілді.
Шива — қатал да, қорқынышты құдай.
Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан,
мойнында — бас сүйектер. Шива — өнер
мен ғылымның, салтанатты өмір мен махаббат
сайранының құдайы. Үнді халқының санасындағы
құдайлардың басқа діндердегі (христиан,
ислам) құдайлардан басты айырмашылығы
— олардың Жер бетіндегі тіршіліктің
қайнаған ортасында болуы және оған белсене
араласуы болып саналады. Вишнудің әйелі
Лакшми әсемдік пен бақыт құдайы, ал Шиваның
әйелі Кали қырып- жою мен өлім құдайы.
Үнді-будда дініндегі
бүл дүниеге көзқарастар
Дхарма — будда дініндегі моральдық заңның басты бөлігі болып есептеледі. Үнділердің қасиетті кітаптарында (смрити) дхарманың тізімі, яғни түрлі касталардың міндеттері мен функ- циялары атап көрсетілген. Касталық жүйеде бүл парыз- міндеттерден ауытқуға жол берілмейді.
Артха — адамның күнделікті түрмыс-тіршілігіндегі іс- әрекеттердің нормалары болып табылады.
Кама — адамның көңіл-күйінің талаптарын
қанағаттандыру құндылықтарын анықтайды,
солардың жолдарын белгілейді.
Мокша — торығып-түңілуден, жалғыздықтан
қалай құтылу жайындағы ілім.
Дхарманың құндылығы — шындық пен ахимасқа шын берілгендікке тығыз байланысты. Ол зорлық-зомбылыққа мүлде қарсы. Сонымен бірге ашу мен жек көрушілік сезімдерді ауыздықтау, өзін-өзі ұстай білу, пайдакүнемдік пен зұлымдық мақсаттардың болмауы — дхарманың басты қағидалары. Адамдар- дың бұл өмірдегі табиғи іс-әрекеттері қандай болу керек деген сұраққа дхарма былай деп жауап берді: «Жауыздыққа жауыздықпен жауап берме, әрқашанда әділетті істердің жаршысы бол. Әлсіздер сенің өктемдігіңді ешқашан да кешірмейді, сондықтан да мұндай әділетсіз қылықтарға жол берме. Адам өмірде өз жолын таба білуі қажет».
Үнді-будда мәдениетінің қойнауында Үндістанда Махатма Гандидің (1869—1948) реформаторлық қозғалысы туындады. Ол бүл қозғалыс барысында өзінің табиғатта әрекет ететін «махаб- баттың өнегелілік» заңына үдайы сүйеніп отырды. М. Ганди бұл жайында былай деп жазды: «Махаббат заңы біздің санамыздан тыс өмір сүреді. Табиғат заңдылықтарына сүйенген ғалым қандай ғажайып жаңалықтар ашты, махаббат заңын өз өмірінде үлкен сүйіспеншілікпен қолдана білген адам да бүл өмірде айтарлықтай табыстарға жетері сөзсіз, ал кейде ғалымдардың жеткен межесінен асып та түсуі мүмкін».
М. Ганди сатьяграха («сат» — шындық, ал
«аграха» — табан- дылық деген мағыналарды
береді) қозғалысының дем беруші, басшысы
болды. Ол өзінің ізбасарларының көмегіне
сүйене отырып, халықты талай ғасырларға
созылған қалың үйқысынан ойтты, Үндістанда
саяси-этикалық қайта құруларды жүзеге
асырудың қажеттігін діни-этикалық түрғыдан
негіздеп, дәлелдеп берді. Ендеше, Ганди
тарих сахнасына ірі саяси қайраткер ретінде
ғана емес, сонымен қатар діни-реформаторлық
қозғалыстың беделді басшысы ретінде
де шықты деп толық сеніммен айта аламыз.
Гандидің бүл қозғалысты үйымдастырудағы
басты мақсаты — халықты өздерінің әділетті
ісі үшін табанды күрес жүргізуге баулып,
үйрету болды. О л ондаған жылдар бойы
тәуелсіз үнді мемлекетін құру мақсатында
дхарманы, ақиқатты және күш көрсетпеуді
уағыздады. Ганди: «Күш қолданбау, әділеттілік,
қайырымды л ық, жан тазалығы, ізгілік
сияқты қасиеттер — ағылшын отаршыларын
елімізден қуып шығып, қанау- шылық пен
отаршылдық бүғауынан босануға толық
мүмкіндік береді» деген сөздерді жиі
қайталайтын. Бірақ үнді қоғамын қайта
құру мақсатындағы езінің жасампаздық
қызметінде Ганди өзі де мүлде күтпеген
қиындықтар мен адам жанын түршіктіретін
талай сүмдық уақиғаларға тап болды. Мәселе
ағылшын империализмінің арсыз саясатында
ғана емес еді, мәселе үнді халқының өзінде
де болатын. Өйткені, бүл кезеңде индустар
мен мұсылмандар арасында жан түршігерлік
қанды шайқастар басталып кеткен болатын.
Бүл қатыгез қақтығыстардың бары- сында
адам қаны көп төгілді, үлттың бірлігі
мен мемлекеттің мүдцесі діни-қауымдық
фанатизмнің құрбандығына шалынды. Біртүтас
Үндістан мемлекеті екіге қақ жарылып,
бір-біріне қас екі мемлекет пайда болды
(Үндістан және Пәкістан).
Үнді өнері брахманизмнің, буддизм
мен индуизмнің діни- өнегелік құндылықтарының
тікелей ықпалымен дамыды. Алғашқы
дүниеге келген көркем шығармалардың
мазмүны адам- затты қоршаған дүниенің
мән-мағынасын шындық түрғысы- нан
көрсетуге бағытталды. Ведалар да,
упанишадтар да көне үнді тілінде (санскрит)
жазылған әдеби ескерткіштер қатарына
жатады. Олардың көркемдік құндылығы
бүгінгі күннің тала- бына да сай
келіп отыр. Д. Неру үнді халқыньщ көркемдік
мәдениетін Батыс Еуропа өнерімен өзара
салыстыра отырып, олардың бір-бірінен
басты айырмашылықтарын да атап көрсетеді.
Біріншіден, үнді халқының көркемдік мөдениеті дінмен және философиямен тығыз байланысты болып келеді. Бүл байланыстардың тамырының тереңдігі соншалық, үнді халқының көркемдік мәдениетіне сай келетін діни-философиялық идеалдарды білмей түрып, бүл мөдениетті түсініп, бағалау мүмкін емес. Үнді мәдениетінің қай туындысын алып қарастырсақ та, оларда діни сарынның бар екендігін аңғарамыз.
Екіншіден, үнді өнері қарапайым шаруаларға
өте жақын болып келеді, өйткені мәдениеттің
бүл саласының басты мақса- ты — қарапайым
халықтың жүрегіне діни-философиялық
идея- ларды жеткізу, карма заңдарын, дхарма
талаптарын түсіндіру болып табылады.
Үшіншіден, поэзиямен, прозамен, драмамен,
музыкамен айналысушы өнер адамдары өздерінің
бойындағы қасиеттерді табиғат әлеміндегі
құбылыстармен салыстырады және адамның
табиғатпен, әлеммен өзара үндестігін
ашып көрсетуге тырысады.
Төртіншіден, үнді өнерінің дамуына
құдайларды мадақтауға қарсы бағытталған
діни парасаттылық ерекше ықпал жасады.
Ведалар құдайлар бейнесіне құлшылық
жасауға қарсы болды, ал Будданың мүсін
өнері мен кескіндеме өнері салаларында
бейнеленуі буддизмнің дамуының тек соңғы
дәуірінде ғана мүмкін болды.
Махаббат құдайы Кама мен оның әйелі Рати үнді ақындары мен жазушыларының
ерекше құрметіне бөленген. Карма өмірдің
қызығын қызықтауға тыйым салмайды. Тіпті
қолдарынан өнер тамған әрі өнерлі, әрі
ақылды «махаббат оттары» куртизанка-
лармен көңіл көтеруді күнә деп санамайды.
V ғасырда өмір сүр- ген үнді ақыны Махараши
Вацияна өзінің «Кама-Сутра» деген өлеңмен
жазылған шыгармасында жыныстық қатынастар
мәдениеті, әйел мен еркек арасындағы
қарым-қатынастар, сезімдік рахаттану
мен дене сүлулығын жақсартатын әдістер
мен тәсілдер кеңінен сипатталып, баяндалган.
XIX—XX ғасырларда бүл кітап Батыс Еуропа
елдерінде кеңінен тарады және ол бойынша
бірнеше кинофильмдер түсірілді. Мүндай
діни-эроти- калық мазмүндағы шығармалар
XVII—XIX ғасырлар аралығында Үнді елінде
көптеп жазылды. Олардың авторлары: Бихари
Лала (XVII г.), Чинтамани (XVII ғ.), Бхаратчандро
Рая (XVIII ғ.), Рангина (XIX ғ. басы), Джан
Сахаба (XIX
г.).
Көне Үндістанда
астрономия мен математика
Үнді химиктерінің
химия саласындағы жаңалықтары
бояу, дәрі және т.б. дайындауда кеңінен
қолданылды. Үнді дәрігерлері де терапия
және хирургия жайында тамаша ғылыми
еңбектер жазды. Қанның айналысы жөніндегі
ғылыми түжы- рымдарымен үнділіктер атақты
дәрігер Гарвейден де асып түсті.
Бірақ, өкінішке орай, үнді-будда мәдениетінің
дәстүрлері рационалистік сипатқа
толық ие бола алмады. Ғылыми білімнің
құрылымының логикалық
Әдебиеті
3 мың жылдан астам
уақыт бойы өз дәстүрлері қалыптасқан
үнді әдебиеті санскрит тілінде жазылған,
лирика, эпос пен драманың негізі қаланған
діни мадақ жырлар — ведалардан басталады.
Шамамен б.з.б. 6 — 5 ғасырларда ауыз әдебиетінде
аса көлемді эпик. поэма — “Махабхарата”
мен “Рамаянаның” негізі пайда болып,
б.з. алғашқы ғасырларында санскрит тілінде
түпкілікті қалыптасты. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың
2-жартысында пали мен кракритах тілінде
діни дидактика мен ауыз әдебиеті сюжеттері
үйлескен буддалық әдебиет туды. Б.з.б.
4 — 3 ғасырларда елдің дравидтік оңт-нде
ежелгі туындыларының (“Он жыр”) дүниеауи
сипаты басым болған өзіндік драма-тамиль
әдебиетінің негізі қаланды. Санскрит
тілінде жазылған халық ертегілерінің
жинағы — “Панчатантра” (б.з. 3 — 4 ғасырлар)
повесть жанрының бастамасы болды. Ашвагхошидің
(шамамен 2 ғасыр), Бхасаның (4 ғасыр) санскриттік
драмалары, тамиль-лиро-эпостық поэзиясы
(мыс., авторы Иланго Адигаль болып есептелетін
“Білезік туралы повесть”, 7 — 9 ғасырлар).
Калидаса (шамамен 5 ғасыр) мен Дандиннің
(6 — 7 ғасырлар) санскриттік мифологиялық
мазмұнындағы шығарм. өзінің діни реңін
бүтіндей жоғалтып, адамгершілік идеяларды
білдірудің құралына айналды. Драмалық
тамиль әдебиетінің шыңы дана билеушінің
мүлтіксіз тұлғасын суреттегенТируваллурдың “Тирук
Өнері
Үнді көркем
мәдениетінің қайнар көздері Инд пен Ганг өзендерін
Музыка мен би
Үндістан халықтары
— өте ежелгі, терең өзіндік
ерекшеліктері бар музыкалық
мәдениеттің мұрагерлері болып
табылады. Оның қайнар бұлақтары халықтардың
әр салалы еңбек және рухани қызметіне
байланысты халықтық және ұжымдық әдет-ғұрыптардан
басталады. Театр, музыка мен би өнері
жөніндегі “Натья-шастра” (1 ғасыр)
трактаты өзі жарық көргенге дейінгі
заманда үнділіктерде өзіндік ерекшеліктері
мол, қайталанбас, жоғары дамыған музыка
жүйенің өмір сүргенін дәлелдейді.
Үнді музыкасына суырып салмалық тән.
Үндістанға Кіші және Орталық Азиядан
келгендер орныққаннан кейін
үнді музыка мәдениеті мұсылмандық
Шығыстың музыкалық мұрасымен тығыз
байланысқа түсті. Нәтижесінде үнділіктер
мен мұсылмандардың дәстүрлі өнерін
ұштастырған жаңа стиль пайда
болды. Көптеген вокалдық стильдердің
ішіндегі неғұрлым танымалдары: дхурупад (
Театр мен кино
Халықтық театр
қойылымдары өте ежелгі заманда
пайда болып, әр түрлі әдет-ғұрыптар, ойындар мен билер
орындаудан құралады. Халықтық театрдың
көптеген формалары шамалы ғана өзгерістермен
осы уақытқа дейін келіп жетті. “Рамаяна”, “Махабхарата” эпик. поэмаларының
мазмұнын сахнада бейнелеу көпшілік халықтық
театрлық қойылымдардың негізі болып
табылады. Мұндай театрларда өнер көрсететін
актерлердің мәнерлеп оқу, би, пантомима,
әншілік, кей жағдайда цирк артисінің шеберлігінен
хабары болуы керек. Үнді халықтық театрларының
спектакльдерінде сюжеттің біраз бөлігі
актерлердің ойнымен ғана емес, әңгімелеу
арқылы да түсіндіріледі. Арнайы сахналық
алаңның, декорация мен құрал-жабдықтардың
мол болуы да шарт емес. Дәстүрлі театрдың
ең жарқын әрі көркемдік құралдарының
бірі — бидің көптеген стильдері мен жергілікті
түр өзгерістерінің болуы (бхарат-натьям, катхакали, кат

- Үндістан мәдениеті
- Үндістан мәдениеті
- Үнді философиясы
- Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері
- Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері
- Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері
- Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
- Үкімет еңбек рыногын тұрақтандыру мақсатында ілкімді шараларды қолға алды
- Үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық құқықтық мәртебесі
- Үлестірмелі материалдармен жұмыс түрлері
- Үнді, Қытай философиясы
- Үнді мұхитының экологиялық жағдайы
- Үнді пәлсапасы
- Үндіс аттары