Үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық құқықтық мәртебесі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 
 
 

Реферат

Тақырыбы: Үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық  құқықтық мәртебесі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                 Орындаған: Тұрғараев  Б.А

                 Қабылдаған: Байжанов М.М 

      Алматы 2011 

Жоспары:

1.Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

2.1) Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың түсінігі,жіктелуі және түрлері.

2.2) Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес секторының қалыптасу кезеңдерi және оның мемлекетпен өзара iс-қимылы.

2.3) Еуропа мемлекеттерінің үкіметтік емес және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарына жалпы сипаттама.

3. Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.1Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың түсінігі,жіктелуі және түрлері.

        

       Үкіметтік емес халықаралық ұйымдар(YЕХҰ) - мемлекетаралық келісім негізінде емес, жеке немесе заңды тұлғалардың бірігуі нәтижесінде құрылған, қызметі үкіметтің ресми сыртқы саясатынан тыс жүргізілетін ұйымдар. Мұндай ұйымдарға мынадай белгілер тән:

  • мақсаттары міндеттерінің халықаралық сипаты
  • құрылтайшылықтың жеке, яғни мемлекеттік емес сипаты
  • олардың қызметінің ерікті түрде жүргізілуі.

Міне, сондықтан  да мүндай ұйымдарды халықаралық  қатынастардың "жаңа акторларына" жатқызады. Мемлекеттің беделі мен  күшіне сүйенетін үкіметаралық ұйымдардан айырмашылығы үкіметтік емес ұйымдар  ықпал етудің құралы ретінде халықаралық  қоғамдық пікірге сүйенеді, ал мақсатқа жетудің жолдары үкіметаралық ұйымдарға (ең алдымен БҰҰ-на) және қандай да бір жекелеген мемлекеттерге қысым көрсетумен анықталады.

     Халықарылық құқықтық құжаттарда және де оқулықтарда  «үкіметтік емес халықаралық ұйымдар» деген термин мемлекеттік, аймақтық немесе халықаралық деңгейдегі ұйымдардағы қатынастарда қолданылады. Интернационалдық ассоциация бойынша 1875 жылдан  1975жылға дейін бүкіл әлемде 35мың үкіметтік емес халықаралық ұйымдар тіркелген. Олар мақсаттарына байланысты әртүрлі болып келген. Мысалы: ассоциациялар, фондтар,одақтар,комитеттер,конференциялар,топтар,федерациялар және т.б.

Халықаралық үкіметтік  және үкіметтік емес ұйымдардың ерекшеліктері:

  • құқықтық негізінде.
  • егемендік негізінде, халықаралық үкіметтік ұйымдар мемлекеттің егемендігіне байланысты,ал халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің егемендігімен байланысы жоқ.

  Ғалым Кузнецова, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың негізгі бірнеше белгісін атап көрсетеді¹:

Біріншіден, ұйым коммерциялдық емес түрде болуы керек.

Екіншіден, ұйым күштеп қорқыту түрлерін қолдануға  немесе насихаттауға міндетті емес.

Үшіншіден, билікті иелену  мақсатымен саясатта рөл атқаруы міндетті емес.

         Халықаралық құқықта халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың анықтамаларына ғалымдар әртүрлі түсініктеме беріледі.

     Ғалым А.И.Камынинаның ойынша, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар – әртүрлі қызмет саласындағы, көптарапты ұлтаралық ынтымақтастықтың өзгертілмеген негізде жүзеге асыру нысаны.

_________

¹ Кузнецова Е. Эволюция консультативного статуса интернациональных неправительственных организаций при экономическом и соц Совете ООН. М., 2004, 34 бет. 

      Ю. М.Колосов пен В. И.Кузнецованың халықаралық құқық туралы оқулығында, YЕХҰ -  халықаралық ынтымақтастыққа саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық және де басқа да ғылым саласында көмек беру мақсатындағы әртүрлі елдердің  мемлекеттік жария ұйымдары,одақтары,топтары мен жеке тұлғалары: мұндай ұйымдар мемлекетаралық мекемелердің келісімі негізінде емес және коммерциялық пайда табуды мақсатына қоймайды².

      И.Б Малкиннің көзқарасы бойынша  YЕХҰ – құрылтай құжаттары негізінде,бір мемлекеттің заң шығару органында тіркелген,жалғыз бір мақсатта біріккен ,БҰҰ қағидалары мен халықаралық құқық нормаларына сәкес келетін,пайда табу мақсатын көздемейтін,кем дегенде екі мемлекеттің жерінде қызметін атқаратын,халықаралық келісім негізінде жасалмаған ұйымдар³.

          Халықаралық құқықтың доктринасында YЕХҰ үш категорияға бөлінген:

  • мемлекетпен ұйымдастырылған, үкіметтік емес ұйымдар. Бұл ұйымдар «суық соғыс» кезеңінде қалыптасты.
  • Квазиүкіметтік емес ұйымдар(үкіметтік емес сияқты ұйымдар)
  • Донорға толық бағынышты үкіметтік емес ұйымдар.

Көптеген үкіметтік  емес ұйымдардың негізгі мекемесі - мерзімділігі жарғыда көрсетілген, жалпы жиналыс болып табылады. Бұл мекеме әр түрлі ұйымдарда әртүрлі айтылады. Мысалы: ассамблея, ғаламдық ассамблея, негізгі ассамблея,конгресс, конференция және т.б.

Атқарушы мекеме немесе белгілі бір мерзімге сайланған  мекеме немесе мемлекеттік ұйымнан консулдық қағидамен құрылған құрылған мекеме. YЕХҰ көбінесе міндеті мен атауы өзгеше екі атқарушы мекемеден тұрады: атқарушы кеңес,атқарушы комитет,бюро,директорлар кеңесі және т.б. Және де міндетті тұлғалар сайланады: президент, вице-президент,атқару төрағасы және оның орынбасары.

      Халықаралық құқық доктринасында  нақты мүшесі бар үкіметтік емес ұйымдар мен нақты мүшесі жоқ үкіметтік емес ұйымдар ерекшеленеді.

Көптеген үкіметтік  емес ұйымдардың құрамы ұқсас болып  келеді:олардың мүшесі болып ұлттық ұйымдар немесе жеке тұлғалар болып табылады және т.б. Қорыта келгенде, YЕХҰ шартты екі түрге бөлінеді.

  1. Жеке тұлғалардан тұратын
  2. Ұлттық үкіметтік емес ұйымдарды біріктіретін

    Бірақ, басқада да түрлері кездеседі.

_________

² Ю. М. Колосов, В. И. Кузнецова.Международное право:.. М., 2000, 284бет

³ И. Б. Малкин. Международные неправительственные организации в современном международном праве: Дис. …. М., 2001, 7бет. 

Кейбір үкіметтік  емес ұйымдардың тіркелген мүшелері болмайды: бұл ұйымдардың тек қана бірнеше мемлекетте тіркелген орталықтары бар.

      Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың негізгі  қызметі мемлекеттік және мемлекеттік  емес секторларда байланыс орнату.YЕХҰ-ның үкіметаралық ұйымның қызметіне ықпалы,халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықта әртүрлі формада болады.Мысалы:

  • Ақпараттық, YЕХҰ өзінің қызметтері туралы  жалпы және жеке ақпараттарды, мемлекеттерге және үкіметтік ұйымдарға жіберіп тұрады. Және үкіметтік ұйымдардан алынған ақпараттарды таратады.
  • Консультативтік, YЕХҰ ұйымдарға,топтпрға және де жеке тұлғаларға сұранысы бойынша кеңестер мен консультациялар береді
  • Құқық шығармашылық, YЕХҰ мемлекеттердің орныққан орнына әсер етіп,келісім жобасын жасай отырып құқық шығармашылық процесстерге қатысады
  • Бақылаушылық, халықаралық құқық нормаларымен жауапкершілікті бақылауда, YЕХҰ-ның рөлі арта түсуде.Мысалы,басты мақсаты гуманитарлық құқықтағы халықаралық құқық нормалын бақылайтын,Халықаралық Қызыл Крест Комитеттің қызметін алуға болады.
  • Тергеулік, Чили, Руанда, Гаитиде ерекше адам құқықтарының жағдайлары туралы тергеушілік коммиссия құрылған.
 
 

2.2. Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес секторының қалыптасу кезеңдерi және оның мемлекетпен

өзара iс-қимылы. 

     Yкiметтiк  емес сектордың қалыптасуы қазақстан  мемлекеттiлiгiнiң қалыптасуымен,  Қазақстанның демократиялық, нарықтық  экономикасы бар әлеуметтiк мемлекет  ретiнде даму кезеңiмен тұспа-тұс  келедi. Қазақстанда тәуелсiздiктiң  10 жылы iшiнде қоғамның әлеуметтiк  маңызы бар проблемаларын шешетiн  қоғамдық бiрлестiктерден, қорлардан,  мемлекеттiк емес коммерциялық  емес мекемелерден тұратын үкiметтiк  емес сектор қалыптасты.  
      Yкiметтiк емес ұйымдар - бұл азаматтар заңнамаға қайшы келмейтiн өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған, қоғамдық қатынастарды реттеу тетiктерiнiң бiрi болып табылатын, әлеуметтiк проблемаларды шешуде, азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерiнде мемлекет пен азаматтардың арасында дәнекерлiк рөл атқаратын коммерциялық емес ұйымдар. Yкiметтiк емес ұйымдардың қызметi азаматтық бастаманы дамытуға, әлеуметтiк проблемаларды шешудегi қоғамдық ұйымдардың рөлiн арттыруға, қоғамды тұрақты дамытуға қол жеткiзуге бағытталған.  
      Қазақстандағы үкiметтiк емес ұйымдар қызметiн талдау қоғамдық сектор дамуын және оның мемлекетпен өзара iс-қимылын 3 кезеңге бөлуге мүмкiндiк бередi.  
      Yкiметтiк емес сектор қалыптасуының 1-кезеңi 1980-шi жылдардың аяғынан бастап 1994 жыл кезеңiн қамтиды. Отандық және шетелдiк сарапшылардың бағалауы бойынша осы уақытта 500-ге жуық үкiметтiк емес ұйым құрылды. Бұл ретте үкiметтiк емес ұйымдар негiзiнен құқық қорғау бағытында болды, бұл Қазақстан тәуелсiздiгiнiң қалыптасу кезеңiмен және демократиялық қайта құрулар процесiнiң басталуымен байланысты.  
      Бұл кезең мемлекеттiк емес секторға қатысты мемлекеттiң жалпы көзқарасы мен басымдықтарын әзiрлеу процесiмен сипатталды. Мемлекет пен үкiметтiк емес ұйымдардың оң ынтымақтастығына мысалдар сирек кездеседi.  
      2-кезең - 1994-1997 жылдар. Бұл үкiметтiк емес ұйымдардың сапалық және сандық өсу кезеңi, олардың саны 1600-ге дейiн өстi. Yкiметтiк емес сектордың тек сандық жағынан өсуiн ғана емес, сонымен бiрге қызмет түрлерi бойынша да сараланғанын атап өткен жөн. Yкiметтiк емес ұйымдардың сандық өсуiн бiрiншi кезекте халықаралық қорлар мен ұйымдардың гранттар жүйесi арқылы жаппай қаржылық қолдау есебiнен жүруiмен түсiндiруге болады.  
      Шетелдiк қорлар мен ұйымдардың гранттық қолдауы оқыту әрi әдiстемелiк сипатта болды және үкiметтiк емес сектордың қалыптасу процесiне елеулi әсер еттi.  
      1996 жылы қоғамдық бiрлестiктердiң заңдық мәртебесiн, құқықтары мен мiндеттерiн анықтаған, жаңа үкiметтiк емес ұйымдардың пайда болу процесiн жандандыра түскен "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы  қабылданды.  
      Бұл кезең үкiметтiк емес ұйымдардың құрылымдық және ұйымдастырушылық қалыптасуымен, үкiметтiк емес секторға қатысты бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың әзiрленуiмен атап өтiледi.  
      3-шi кезең 1998 жылдан басталады және осы уақытқа дейiн жалғасып келедi. Бұл - мемлекеттiң үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимылының тетiгiн iске асыру туралы мәселенiң нақты қойылуымен сипатталатын, жаңа сапалық кезең. Yкiметтiк емес ұйымдардың сандық өсуi олардың санының 3500-ге жуықтауына алып келдi. Оларда тұрақты негiзде 35 мыңнан аса адам, уақытша (консультанттар, сарапшылар) - 50 мыңға дейiн адам және ерiктiлер - 100 мыңнан аса адам жұмыс iстейдi.  
      Талдау қазiргi уақытта қызметтiң әр түрлi бағыттары бойынша үкiметтiк емес ұйымдардың жеткiлiктi тұрақты топтарының қалыптасып отырғанын көрсетедi.  
      Бiрiншi кезекте қоғамдық секторды сапалық, ұйымдастырушылық-практикалық қолдау проблемасы туындайды. Мұндай жағдайда үкiметтiк емес сектордың мемлекетпен тең құқылық әрiптестiк қағидаттарындағы нақты ынтымақтастығы маңызды мәнге ие болып отыр.  
      Мемлекет бүгiнде мемлекеттiк емес ұйымдарға қолдау көрсетуде. Қоғамдық процестерде коммерциялық емес ұйымдардың рөлi мен орнын тануда нақты қадам болған "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  2001 жылы қабылдануы осының айғақтарының бiрi болып табылады. Коммерциялық емес заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтық нормалары мен түрлерi, олардың құқықтары мен мiндеттерi, құрылу тәртiбi, қызметiн қайта ұйымдастыру және тоқтату заңмен айқын белгiленген.  
      Yкiметтiк емес ұйымдардың кейбiр санаттарына тiркеу шарттарының жеңiлдетiлуiн оң құбылыс ретiнде атап өтуге болады. Айталық, "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым төлеу ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660  қаулысына  сәйкес балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарын тiркеу үшiн алым ставкасы алым төлеу күнiндегi қолданыстағы екi еселенген айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.  
      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату ережесiне сәйкес мемлекет, мемлекеттер үкiметтерi, халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша қайырымдылық мақсатында әкелiнетiн тауарлар салықтан босатылуы әлеуметтiк проблемаларды шешу үшiн маңызды болып табылады.  
      Yкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың мақсаттары мен басымдықтары, оны iске асырудың қағидаттары, тетiктерi мен деңгейлерi анықталған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 85 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдау тұжырымдамасының қабылдануы үкiметтiк емес секторды дамытудағы ерекше оқиға болып табылады.  
      Осылайша, қазiргi уақытта мемлекет үкiметтiк емес секторды қолдау жөнiнде едәуiр шаралар қабылдауда, бiрақ үкiметтiк емес ұйымдардың көпшiлiгi өз мiндеттерiн жүзеге асыруда қиыншылықтарды бастан кешiруде. Өңiрлерде, әсiресе ауылдық жерлерде, оның бiркелкi дамымауы мемлекеттiк емес секторды дамытудағы осал тұсының бiрi болып табылады. Yкiметтiк емес ұйымдардың тек 8% аудандық деңгейде бой көрсетуде, бұл қоғамдық бастаманы дамыту үшiн мүлде жеткiлiксiз.  
      Yкiметтiк емес секторды мақсатты мемлекеттiк қолдаудың болмауы көп жағдайда мұның себебi болып табылады, бұдан басқа мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жасау тетiктерi жеткiлiксiз пысықталған.
 
 
 
 
 

2.3. Еуропа мемлекеттерінің үкіметтік емес және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарына жалпы сипаттама. 

     Еуропа  мемлекеттерінің үкіметтік емес және халықаралық үкіметтік емес ұйымдарына жалпы тоқтала өтсек. Мысалы ретінде Германия, Франция және де Австрия мемлекеттерінің үкіметтік емес ұйымдарын салыстырайық.

Франция.Бұл елдің сыртқы істер министрлігіне халықаралық және ұлттық үкіметтік емес ұйымдармен  негізгі әріптес болу рөлі жүктелген. Министрлік құрамындағы үкіметтік емес ынтымақтастық құрылымы «Халықаралық ынтымақтастық пен дамудың бас дирекциясы» деп аталады. Оны үкіметтік емес ынтымақтастық миссияы дейтіндер де бар. Үкіметік емес ынтымақтастық мәселелеріне ынтымақтастық және франкофония жөніндегі министр-делегат П.А. Вильцер жетекшілік жасайды. Француз үкіметі мен халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынастың негізгі қағидаттары 2001 жылы әзірленген «Халықаралық ынтымақтасу және мемлекет» деп аталатын құжат бойынша реттелген.

     Франция халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға  қаржылай көмек көрсетеді. Бұл үшін Франция сыртқы істер министрлігінің бюджетіне арнаулы бап енгізілген. Мысалы,2004 жылы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға 33,5 миллион еуро бөлінген. Франция үкіметі үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жүзеге асырылатын түрлі мақсатты бағдарламаға несие,субсидия,дотация түрінде сондай-ақ түрлі француз экономикалық құрылымдары арқылы көмек беріп,қолдау жасап отырады. Франция сыртқы істер министрлігі мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынас мынадай схема бойынша құрылады.

  1. Сыртқы істер министрлігі қызметінің стратегиясы мен ҮЕҰ-ның мақсаттары мен міндеттерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара тең әріптестікке қатысты мақсатты келісімге келу.
  2. Өзара ынтымақтастықтың географиялық айғақтары мен секторлық бағытының басымдылығын анықтау үшін бірлескен іс-қимыл бағдарламаларын жасау.
  3. Дамымаған елдердің үкіметтік емес ұйымдары құрылымдарын нығайтуға қатысатын халықаралық ҮЕҰ-ны қаржыландыру жөнінде халықаралық әріптестік ұйымдарында дотациялық қаржымен қатысу.

Германия. Бұл елде үкіметтік емес үйымдарды 7 адам құра алады. Жарғы жасалады. ондағы ең бастысы 2 пункт — бірлестіктің мақсаты не? Жоғары орган — басқарма сайлайтын мүшелер жиналысы. Жарғы нотариусқа көрсетіледі, содан кейін барып оны сот шешімімен тіркейді. Тіркеу туралы шешім ұйымға жазбаша беріледі. Екінші маңызды құжат қаржы ведомствосына ҮЕҰ кызметінің коммерциялық еместігі туралы өтініш. Үкіметтік емес ұйымдар дөрежесі, мәртебесі, үйымдастыру түрі мен мақсаты бойынша одақтарға, азаматтық бастамаларға, бірлестіктерге, қорлар мен діни қауымдастыктарға бөлінуі мүмкін.

     Мемлекеттік кұрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-әрекеті бір-бірін толықтырып отырады. Тұрғындардың көңіл-күйін белгілі бір меселелер бойынша тап басу, әлеуметтік шиеленістерді болдырмау үшін нақты қадамдар жасау тұтас алғанда қоғам мүшелеріне пайдалы.

     Германияда  жұмыс істейтін қорлар мен үкіметтік емес ұйымдар азаматтық кодексте қарастырылған бірлестіктер мен қорлардың қызметін реттейтін құқықтық нормаларға бағынады. Германияда бұл қызмет федералдық әділет министрлігінің қарамағына берілген.

     Егер  қор немесе үкіметтік емес ұйым Германияда қүқықтық қарым-катынасын реттегісі келсе, онда оның қүқықтық қабілеті болуы тиіс. Егер бірлестік қызметін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы заңға сай болса, құқықдық қабілет тиісті учаскелік соттың регистріне бірлестікті тіркеп жазу арқылы рәсімделеді. Құрылтай келісімдерінен өзге қорлардың құқықтық мәртебе алуы үшін қор орналасатын федералдық жердің рұқсаты қажет. Егер қор бір федералдық елде орналаспайтын болса, онда оған федералдық ішкі істер министрлігінің рұқсаты керек болады.

     ГФР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына қарағанда, бүгінде Германияда халықаралық үкіметтік емес ұйымдарды тану және оларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру туралы жекелеген заң жоқ.

Шетел қорларының қызметін реттейтін не қадағалайтын ережелер де неміс заңнамаларында жоқ. Сондықтан олардың қатынасы жалпы ережелерге құрылған. ГФР-дегі шетелдік корды тану не танымау федералдық соттың құзырына қарайды. Егер қор шет елде болса, онда сол елде қа-былданған қүқық-тар оның мәрте-бесін анықтайды. Шетелдік қор сол елдің    заңдары бойынша қүқықтық қабілетті болса, онда ол ГФР-де ешқандай кедер-

гісіз жұмыс істей береді.

     Егер  бұл қор Германияда орналасқан болса, тіпті ол шетелдік құқық бойынша құрылса да, онда онын құкықтық қабілетін тану неміс заңдары арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда қор ГФР азаматтык кодексінің 80-88-тармақтарына бағынышты болады. Бұл тармақ бойынша қорлардың азаматтық ережелері мен олардың шаруашылық-құқықтық қызметі реттеледі. Қорларды бақылау Германияның жекелеген федералдық зандары арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде әңгіме тек қүқықтық бақылау туралы болып отыр. Сондықтан да тиісті органдар қорлардың күнделікті қызметіне араласа алмайды. Германияда жұмыс істеп жатқан шетелдік қорлар жалпы германдық бақылауға жатпайды.

Австрия. Бұл елде мемлекеттік билік пен азаматтық институттармен тиімді жұмыс істеп келе жатқан көптеген халықаралық және ұлттық үкіметтік емес ұйымдар бар. Көптеген жағдайда үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық пайдалы қызметі үкіметтің күш-қуатын үнемдеуге және өзінің негізгі міндетін алаңсыз атқаруға зор мүмкіндік береді.

     Австрияның  мемлекеттік әкімшілік заңдары үкіметтік емес ұйымдардың жарғысы мен ережесі болуын міндеттейді. Сондай-ақ, олар федералдық ішкі істер министрлігінің тиісті аймақтық бөлімшелерінде тіркеуден өтуге тиісті. Ал халыкаралық үкіметтік емес қорлар, оның ішінде шетелдік қорлар да Австрияның жергілікті билік органдарында тіркеледі.

Жарғылық құжаттар үкіметтік емес үйымдардың барлық негізгі аспсктілерін, ҮЕҰ басқармасының жауапкершілігі мен есеп беруін карастырады. Ұйымның барлык қызметіне тап сол басқарма жауапты болады және сол үшін заң алдында жауап береді. Бұл үкіметтік емес ұйымның атқаратын міндетін, мақсаты мен саясатын қарап отыруға, занды талаптардың орындалуын бақылауға, ұйым қызметінің тиісті каржыландырылуын камтамасыз етуге, бағдарламаларды жоспарлау мен жүзеге асыруға басшылық жасауға және кадағалауға, сондай-ақ ұйым қызметін дәл бағалауға, баскару және есеп беру тетіктерін іске қосуға септігін тигізеді.

Австрияның заңнамалары  мен тиісті үкіметтік әкімшілік  процедуралары мынандай талаптарды орындауға бағытталған ұйым қызметтеріне көмек көрсетеді:

1. Үкіметтік емес үйымдардың ерікті түрде құрылуы жене олардың қызметіне ерікті түрде қатысу (ҮЕҰ азаматтардың еркін шешімінің нәтижесінде кұрылады және жұмыс істейді);

2. Тәуелсіз басқару және үкіметтік емес үйымның ішкі бақылауы;

3. Үкіметтік емес үйымдарды басқарушылар немесе оларды кадағалаушылар пайда табу мақсатын көздемеуі тиіс; егер пайда көретін болса, онда ол тек жарғылық мақсаттарға ғана пайдаланылуы керек;

4. Үкіметтік емес ұйымның қызметі қоғамның жағдайы жоқ мүшелерінің ахуалын түзеуге немесе тұрмысты төмендететін факторларды жақсартуға,тұтас алғанда қоғам өмірін дұрыстауға бағытталуы тиіс.

Австрияның үкіметтік  емес үйымдарға катысты заңнамалары  мен әкімшілік процедуралары  бұл үйымдардың тәуелсіздігіне кепілдік береді.    Олардың жарғылық мақсаттарына жету жолындағы     барлық қызмет түрімен айналысуына мүмкіндіктері жетеді. Атап айтар болсақ, қызмет түрлерін ұсыну және жобаларды басқару, қаржы жөне адам ресурстарын жұмылдыру, зерттеулер жасау, реформалау жөне инновациялық қызметпен айналысу тәрізді саналуан мәселе бар. Австрия заңдары үкіметтік емес ұйымдарға жергілікті, аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейде кедергісіз жұмыс істеуге толық мүмкіндік береді.

Үкіметтік емес ұйымдардың қарауында түрлі заңды  құрылымдар бар: ассоциациялар, қорлар, трастар, арнайы тапсырысшылар, кооперативтер, өзара сақтандыру қоғамы, тағысын тағылар. Австрия заңдары бойынша үкіметтік емес үйымдар қажет болған жағдайда қосымша қүрылымдар кұра алады, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар федерациясына кіре алады, не болмаса басқа ҮЕҮ-мен қосылып кете алады. Бүл елде үкіметтік емес үйымдар өз қызметтерін қамтамасыз ету үшін әртүрлі көзделген қаржы тарта алады,соның ішінде жеке адамдардың қайыр-садақасы,мемлекеттік субсидиясы,гранттар мен комерциялық сектордың көмегі де бар.                            

     Австриядағы үкіметтік емес ұйымдар,оның ішінде халықаралық ұйымдар мемлекеттің  демократиялық ұстанымдары мен  азаматтық қоғамды нығайта отырып,ел өмірінде маңызды рөл атқарып  келеді. Сондықтан да үкіметтік емес ұйымдар Австрияда үздіксіз өсіп отыр. 
 
 
 

      3.Қорытынды.    

       

         Бұл жұмыста, Үкіметтік емес ұйымдардың Халықаралық құқықтық мәселесі,Үкіметтік емес  ұйымдардың құқықтары мен міндеттері, түрлері, қызметтері,сонымен қатар  Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік қолдауы туралы және де Еуропа мемлекеттерінің үкіметтік емес және халықаралық үкіметтік емес ұйымдары туралы жалпы қарастырылып өтілген.

       Қорытындылап айтқанда, оқулықтарда  YЕХҰ-ның мәртебесі туралы екі негізгі қөзқарас бар:

  1. YЕХҰ-лар Халықаралық құқық субъектісі болып табылмайды.
  2. Халықаралық құқық субъектісі жоқ, халықаралық құқықтық қатынастарды көрсететін YЕХҰ-лардың болашақта халықаралық құқықтың субъектісі болуы мүмкін.

Көптеген заңгерлердің пікірінше,YЕХҰ-лар халықаралық құқық субъектісі болып табылмайды,бірақ өзінің қызмет бабында халықаралық құқық субъектілерінің нормалары мен принциптеріне бағынады.

Мемлекеттің ішінде YЕХҰ-ның құқықтық міртебесі әр мемлекеттің заң шығару органында анықталған,соған байланыты YЕХҰ-ның белгілі бір артықшылықтары мен иммунитеттері танылады.

     Жалпы, үкіметтік емес ұйым дегеніміздің өзі жергілікті, мемлекеттік және халықаралық деңгейде ұйымдасқан азаматтардың ерікті коммерциялық емес одағы. Мүдделері бір түрлі саладағы міндеттерді жүзеге асыруға ұмтылады. Билік басындағыларға халыктың мұң-мұқтажын, өткір шаруаларын жеткізеді. Бұқараның қоғамның саяси өміріне белсенді араласуына ықпалын тигізеді. Қажет кезінде, саяси проблемаларға сараптама жасайды. Түрлі деңгейдегі келісімдердің орындалуына бақылау кояды. Адам қүқығы, қоршаған ортаны қорғау және денсаулык сақтау секілді нақтылы салалардағы проблемаларды шешуге бейімделген мүндай ұйымдар аз емес.

     Біздің  елімізде тәуелсіздік алған кезеңнен бері қоғамдық бірлестіктерден, қорлардан, мемлекеттік емес коммерциялык мекемелерден және өзге де ұйымдардан тұратын үкіметтік емес сектор бой көтерді. Оның қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады. Біріншісі құқық қорғау бағытында кұрылды. Бұл егемен елдің калыптасуымен байланысты еді. Демократиялық өзгерістер де енді-енді коғам бойына дендей бастаған. Ал енді екінші ке-зеңінде үкіметтік емес ұйымдардың саны күрт артты. Себебі, грант жүйесі арқылы халықаралық қорлар мен ұйымдар тарапынан кең көлемде қаржылық көмек көрсетіле бастады. Көп қателіктерге ұрынған шағымыз да осы кезең. Қойдың терісін жамылып сырттан келген арам ниеттілер өздерінің біздің қоғамымызға жат қылықтарын жүзеге асыра бастады. Халықтың ұстамдылығы мен қанағатшылдығы, ата дәстүрге деген адалдығы ғана дұрыс жолдан ауытқуымызға себеп болды. Үшінші кезеңді қазіргі таңда бастан өткерудеміз. Бұл шақта саннан гөрі сапаға ден койылған. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастың барлық жай-жапсары айқындалған, барынша калыпты арнаға түскен. Адамдардың азамат-тық бастамашылдығы артып, ел мүддесі, келешектің мәселелері көпшілікті кеңінен толғанта бастаған. Әрине, әлі де болса бұл реттегі құқықтық, ұйымдық тұрғыда одан әрі өрісін табатын шаруалар аз емес.

     Тақырыпты түйіндей келе айтатыным: әлемнің қай  мемлекетінде болсын үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет арасында өзара  ынтымақтастық болады. Бұл ынтымақтастық  түптеп келгенде  азаматтардың лайықты  өмір сүруін қамтамасыз етуге  бағытталған. Сондықтан Қазақстандағы билік пен үкіметтік емес ұйымдар бір бірімен өзара түсіністік,ықпалдастық,бірлесу жағдайында іс-әрекет жасайтын болса,бұдан қоғам да адам да еш ұтылмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.Кіріспе

     Халықаралық аренада мемлекеттер халықаралық  құқықтың негізгі субъектісі болып  табылады,және де басқада халықаралық  құқық субъектілерінің де ықпалы да күшейуде. Бірте-бірте үкіметтік  емес  ұйымдар  Халықаралық құқық  субектісіне айналу үстінде. ХХ ғасырдың соңында  халықаралық үкіметтік  емес ұйымдардың  қырқынды даму ғасыры болды. Жаңа ХХІ ғасыр халықаралық  үкіметтік емес ұйымдар халықаралық  өмірдің толық мүшесі болып табылған ғасыр болып саналады. Бұл жұмыста:

-Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың түсінігі,жіктелуі және түрлері,

-Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес секторының қалыптасу кезеңдерi және оның мемлекетпен өзара iс-қимылы,

-Еуропа мемлекеттерінің үкіметтік емес және халықаралық үкіметтік емес ұйымдары туралы мәселелер қамтылған.

     Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын  мемлекеттiк қолдаудың тұжырымдамасы  Қазақстан Республикасы Конституциясының негiз қалаушы қағидаттарына, ел Президентiнiң Қазақстан халқына "Еркiн де тиiмдi және қауiпсiз қоғамға" Жолдауына, "Қазақстан Республикасының  коммерциялық емес ұйымдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сүйенедi.

     Қазіргі таңда Қазақстанда үкiметтiк емес ұйымдардың басым көпшiлiгi өз мiндеттерiн жүзеге асыруда қиындықтар көруде. Мұның себебi, көбiнесе үкiметтiк емес секторды кешендi және мақсатты мемлекеттiк қолдаудың болмауы, сонымен қатар, мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығының тетiктерi жеткiлiктi түрде пысықталмаған.  
      Қазiргi уақытта, үкiметтiк емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыруды, негiзiнен шетелдiк грант берушiлер жүзеге асыруда. Шетел қорларының гранттық көмегi мемлекеттiк емес сектордың қалыптасу процесiне елеулi әсер еттi.  
      Қазiргi уақытта, үкiметтiк емес ұйымдарды қолдаудың кешендi мемлекеттiк саясатын әзiрлеу қажеттiгi пiсiп жетiлдi.  
      Тұжырымдаманы қабылдау құқықтық базаны жетiлдiрудi, жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi көздейдi.

     Үкіметтік емес Ұйымдарды дамыту мемлекет ішінде азаматтық қоғам құру ісін әрі  тереңдету,демократиялық үрдістерді өркендету,діни экстримизмнің алдың  алу,этностық, тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында қыруар істер  тындырылуда. 
 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ю. М. Колосов, В. И. Кузнецова.Международное право:.. М., 2000,
  2. И. Б. Малкин. Международные неправительственные организации в современном международном праве: Дис. …. М., 2001
  3. Кузнецова Е. Эволюция консультативного статуса интернациональных неправительственных организаций при экономическом и соц Совете ООН. М., 2004,
  4. К.А. Бекяшев, Международное публичное право,Москва 2009.
  5. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» ҚР 2005жылғы 12 сәуірдегі №36 заңы
  6. Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 2002 жылғы 23 қаңтар N 85
  7. www.zakon.kz
  8. Е.А.Қыдырбай, Үкіметтік емес ұйымдар ел мүддесі жолымен, Астана ақшамы,2003 жыл,16қазан
  9. Ж.Самрат,Үкіметтік емес ұйымдар,Егемен Қазақстан,2004 жыл, 13 қараша.
Үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық құқықтық мәртебесі