Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері. 3
Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері
Жалпы адамзат тарихында қола дәуірінен темір дәуіріне өту өндіргіш күштердің ширақ дамуына ғана әкеліп соққан жоқ,сонымен қатар рулық,алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына , ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әректі арқасында өзінің табиғат құдіреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғашқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына осы негізде абстракциялық ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп, ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас күйзеліске ұшырап , олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады.Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жақан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысты. Бірақ, мұндай көзқарас әлі де болса философия емес еді. Себебі, Ежелгі Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктерімен нашар байланыста болуы, шығыс философиясының діни мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді. Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді.
Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік
стратификациялануын
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
Брахмандар Абыздық варна
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының
варналары
Вайшьялар Егінші-варналар
Шудралар Төменгі варна
Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті
сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар
қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік
пен арнайы білімдерді иеленушілер болды,
діни идеологияның дамуына ықпал етті.
Варналардың тіршілік етуі (варналарға
бөліну) құрбандық шалу формулаларымен,
атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған
еді.
Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы
ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және
I мыңжылдықтар аралығында пайда болған,
және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің
ең ежелгілерінің бірі болып табылатын
ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани
мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық
ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге
ие болды.
«Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім»
деген мағынаны береді. Бір-ақ бұл жай
білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан,
дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу
формулаларынан тұрады. Ведалардың
образдық көркем тілімен аса ежелгі діни
дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік
туралы алғашқы философиялық түсінігі
берілген.
Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:
Ригведа
Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл
шамасында). Көптеген құдайларға арналған
құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар.
Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары
болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің
пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар
мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері
туралы ой толғай бастайды.
Брахмандар Жол-жора мәтіндер жинағы.
Оларға буддизмнің пайда болуына дейін
үстем болған брахманизм діні негізделді.
Упанишадтар Б.з.д. I мыңжылдық шамасында
пайда болды. Мағынасы - «жанында отыру»,
яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының
қасында отыру мағынасында; немесе «құпия
тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші
себептілік мәселесі, болмыстың бастауы
мәселесі басым келеді, оның көмегімен
барлық табиғат құбылыстарының және адамның
пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда
басты орынға болмыстың ең басты себебі
мен алғашқы негізі ретінде рухани бастау
- брахман немесе атманды алатын ілімдер
ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде
брахман және атман рухани абсолют, табиғат
пен адамның денесіз ең бастапқы себебі
ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы
таным теориясының басты мәселесі білімді
екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне
бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық
туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют
туралы білім, оған тек мистикалық интуиция,
йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол
жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге
билік ету мүмкіндігін береді.
Упанишадтар негізінде Үндістанда
пайда болған барлық немесе барлық дерлік
бұдан кейін пайда болған философиялық
ағымдар үшін негіз болып табылады, өйткені
онда ұзақ уақыт бойына Үндістанның философиялық
ойын «қоректендірген» идеялар қойылып,
өңделді.
Ежелгі үнді философиялық
мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз: а) Астика – Ортодоксалды
(Веданы мойындайтын) философиялық мектептер.
Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген
мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік»
деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі
б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы
бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын
атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі.
Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның
оттың және судың атомдар байланысы дүниенің
тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы
үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды.
Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда
болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі
еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың
байланысын сезінуге болмайды, логикалық
тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние
– физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының
жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік
тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір
индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың
физикалық заңдарына ғана тәуелді емес,
олар карманың жалпылама моральдық заңына
да бағынышты.
Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д.
III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының
негізі Готаманың (немесе Гаутаманың)
«Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя
философиясын көбінесе ойлану туралы
және сыни талдау туралы ілім деп жатады.
Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те
бар. Готама дұрыс танымның жағдайына
және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша
мән берген. Ньяя философиясы логикалық
проблемалармен көп шұғылданған. Десекте,
ньяя философиясының басты, түп мақсаты
- бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі
азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан
алғанда ньяя философиясының-шындықты
тануға, логикасының – дұрыс танымның
тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер
ықпалы мол.
Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген
азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған.
«Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына
береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер
Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі
ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті
тіршілікте үйретуге ерекше мән берді.
Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің
сыртқы қызметін барлық шектеулерден
босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен
және практикалық негізімен тартымды.
Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу
тәсілдері мен практикасы арқылы жеке
адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі
мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін
баулуға үйрету.
Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне
жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы
мен сергектігін жетілдіру.
Миманса – таным мәселесімен айналысты.
Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі
Джайминидің «Сутрасында» қаланған.
«Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану
және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны
білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе
рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы
мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау
және қорғау.
Сонымен қатар, Миманса философиясында
таным теориясы, метафизика, этика теолоиямен
қатар қарастырылады.
Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы
қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін
қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы
туралы көп болжамдар таралған. Санкхья
дегеніміз - сан, танымның объектілерін
санау арқылы тану.
Веданта философиялық толғаныс пен талдауға
толы бағдар. Веданта идеясы мынандай
қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі
дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі –
Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес
тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені»,
оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.
ә) Настика - Ортодоксалды
емес (Веданы мойындамайтын) философиялық
мектептер.
Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан
түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр. Сонымен
қатар ол Жаратушы жайында қалыптасқан
жоғары деңгейдегі киелі ұғым. Адамдар
арасында өзінің жеке ұғымын, өмір сүру
тәсілін, дүниетанымын дін ретінде түсіндірушілер
де кездеседі. Алайда, ортақ бір мәселе
бар: дінге сенетін барлық пенде өзіне
әсер ететін белгілі бір құпия күштің
бар екендігіне сенеді.
Ұлттық немесе отбасылық салт-дәстүр, мәдениет, рухани әдетке сай келетіндігіне орай көптеген қарапайым адамдар дінге беріліп, оны ұстанады. Көрінбейтін құпия күш өзін бақылап отыратындығына сенетіндіктен бір Жаратушыға табынады, оған жалбарынып медет сұрайды. Адам баласы өз тіршілігінің тыныштығын қамтамасыз етуге, өмірге деген бағыт-бағдарын айқындауға дін жәрдемдеседі деп біледі. Сол арқылы «ғұмыр кешу деген не?», «тағдыр, пешене, жазмыш қалай?», «күнә мен сауаптың мәні не?» сынды сұрақтарға жауап табады. Ақыры аяғында адамдар жан күйзелісінен, тіршілік түйткілдерінен туған ауыртпалықтардан арылудың жолдарын діннен іздеп, оған беріліп табынуға көшеді.
Адамзат тарихына зер салсақ, мыңдап
саналатын түрлі діндер болған. Антропологтар
мен дін тарихын
Бүгінгі таңда әлемде дәстүрлі әрі негізгі сегіз дін бар: Буддизм, Христос, Ислам, Күнз (Конфуци), Хинду, Иудай, Шинто, Дао. Бұлардың арасынан Дао, Шинто, Хиндуизм үшеуі өздігінен даму арқылы қағидаларын қалыптастырса, қалған бесеуінде өз ойшылдары-пайғамбарлары бар және солардың пайымдары мен ғақилиясына сүйенеді. Айталық, Буддизм – Шагжимунa Будда, Христос – құтқарушы Иса, Ислам – Мұхаммед ғ.с., Күнз – ұлы ұстаз Конфуци, Иудай – Мойсэс пайғамбарлардың уағыздарын ұстанады.
Абсалюттық күш жайында
Діннің көбі жасаған қағидаларына сай өзіндік өркениетін қалыптастырды. Батыс өркениетінің базасы христиан діні болса, Үндістандікі хиндуизм, ислам өркениетінің негізі мұсылмандық. Ал, қытай өркениеті Күнз мен Лаоцы уағыздарына сүйенеді. Сондай-ақ, бір ұлтқа арналған діндер де баршылық. Айталық, хиндуизм – үндістерге, иудайзм – тек ебірейлерге қатысты дін. Ал, шинто – тек жапондарға ғана тән. Олай болса, ислам мен христос діндері жалпы адамзатқа ортақ сипатымен ерекшеленеді. Әлемге танымал монғол ғалымы, атақты публицист Б. Баабардың мәлімдеуінше, буддизм – мәдениет болғанымен өркениетке жатпайтын көрінеді. Буддизм барлық мәдениет пен өркениетке еніп, олармен етене араласуға, ықпалдасуға қабілетті болғанымен өзі дербес өркениет жасай алмаған және жалпы қағидаларының болмысы да жеке дара тұруға қабілетсіз көрінеді.
Діндер өзара топтасуы мен түп-төркіні жағынан ағайындық тұрғыдан сабақтасады. Иудай, Христос, Ислам үшеуі төркіндес, ұстанымдары ортақ. Жаратушы біреу және әркезде жер дүниеге өз елшісін жіберіп тұрады. Мұны монотейзм яғни, бір Құдайлық дін деп атайды. Бір Құдайдың ғана барын Інжілде жазуынша ежелгі ебірейлер Яахва делінсе, араб тілінде Аллах аталған. Христос дінді елдерде әр тілдер бойынша Гот, Гад, Бог деп атала береді. Көп Құдайлықты жақтайтын көзқарасты политейзм деп атайтыны белгілі. Ежелгі Грек, Римде сауда, соғыс, махаббат сынды әр саланы жауаптанатын, арнайы мамандандырылған құдайлар туралы аңыз бар. Олардың бәрінің басшысы Зевс. Үнділердің сенім, нанымдары бойынша Брахман бастаған көп құдайлар тағы бар. Шаманизм және Африка, Мұхит жағалауы елдеріндегі пұтқа табынушылар да көп құдайшылықты мойындайды.
Хиндуизм, Буддизм екеуін туыс діндерге
жатқызуға болады. Мұсылман діні осы
дүниені Алла тағала адам баласына
арнап жаратқан десе, Буддизм мен
Хиндуизмнің тәмсілі бойынша
әлемдегі барлық жан-жануар, жәндіктерге
шейін адаммен тең құқылы, өлгеннен
кейін олардың жандары бір-
Тым қатал тәртіп ұстанатын кейбір араб елдерін есепке алмағанда қазір белгілі бір мемлекетте бірнеше дәстүрлі діндердің бейбіт қатар тұруы әдетке айналған. Діндер арасында толеранттылық бар. Лондонда, Вашингтонда, Делиде, Исламабадта немесе Ирусалимде дәстүрлі діндердің мешіттері, шіркеулері, ғибадатханаларының қатар тұруына әлем халқының бүгінде көзі үйренген. Ал, қазақтың жаңа Астанасында дәстүрлі діндердің жиыны өтуі, Бейбітшілік және келісім сарайының (Пирамида) бой көтеруі өзара түсіністікті нығайта түсуге көп серпін беріп отыр. Дінге бөлініп, бір-бірінің сенім-нанымына төзімсіздікпен қарайтын, діни ұйымдардың өзара жауласатын жабайы заманы келмеске кетіп барады.
Әртүрлі діндерде тең құқық берген
әлемдегі ең алғашқы ел шын мәнінде
Шыңғыс хан құрған көшпенділер империясы
болатын. Онда алғаш рет барған саяхатшы
Марко Поло ашқан көп жаңалықтарға
еуропалықтар толық сенгенімен, Қарақорым
қаласында ислам мешіті мен христандар
шіркеуі ешбір қақтығыссыз
Ежелгі адамдардың өзі дінге аса маңыз берген. Діни рәсімдер жасауды, құрбандық шалуды алдағы болашағының жарқын болуының, рызық несібесінің көбеюіне кепілдік ретінде таныған. Британ антропологы Тайлордың теориясы бойынша көне дәуірдегі адамдар өлгендердің аруағы тірілерді басқарады деп сенген. Сондықтан, аруақтарды тыныштандыру үшін түрлі құрбандықтар шалынуы қажет деп санаған. Неміс лингвисі Мюллердің пікірінше, ежелгі адамдар өздеріне ықпал ететін құпия күштің әсерін жақсы және жаман тәңір деп екіге бөлген көрінеді. Осылайша жақсысын қолдайтын, жаманын аластайтын көптеген ритуалдық рәсімдерді ойлап тапқан. Құдай туралы алғашқы ұғым осылай туса керек. Сондай-ақ, дінтанушы Оттоның түсіндіруінше, адам баласы өмір сүру барысында құпия күштің барын мойындауларына тура келген және адал, таза деп санаған нысандарына табынатын болған. Адам болудың мән-мағынасы осылайша айқындалған. Мұндай әдет, ғұрып қазіргі діндерге беріле қоймаған, мәдени деңгейі төмен жабайы тайпаларда әлі күнге дейін сақталып отыр. Сібір, Канада, Аляска немесе Бразилия тайгаларында, Африканың ит тұмсығы өтпес ормандарында, Мұхит жағалауы және Жаңа Зеландия, Папуа Гвиней, Австралияның шеткері аймақтарында тұратын тайпаларда аталмыш ұғым мен салт-дәстүр әлі күнге дейін сақталған.
Анимизм немесе аруаққа табынудың бір түрі шаманизм. Шаман дегеннің өзі бақсы, киесі бар деген ұғымды білдіретін эвенк-тунгус сөзі, яғни, аруаққа табынуды меңзейді. Сондықтан да болар, шаманизм атауы Сібір маңының пұтқа табынушыларына қатысты болып келеді. Австралия, Бразилия, Африка бақсылары өз дәстүрлеріне, шығу тегіне қарай өзгеше болғанымен негізгі мазмұны ұқсас. Жалпы әлемдегі ежелгі халықтардың барлығының ертедегі көне сенім-нанымы пұтқа табыну болғандығына талас жоқ. Тарихи кезеңдерде еуропалықтар да, қытайлар да, үнділер де пұтқа табынған болса керек.
а) Жайнизм ("жина"-жеңімпаз). Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары "сиддханта" деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. Зғ.) жайнизм сансарға (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі), кармаға (эділ жаза заңдылығы) жэне мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты-қасірет деп түсінген өмірден азат болу, жайнизмнің ілімінше, карма заңын қүдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бүрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан қүлылу қажет.
Жайналықтар элемді тіршілігі бар жэне тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) элем атомдардан (ану) тұратын материядан (пудгала) құралады. Олар бір-бірімен қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен қатар, кеңістік (ақаша) уақыт (кала), орта жэне қозғалыс жатады. Тіршіліктің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі эр- түрлі болады. Егер ауа, су, жер, от, өсімдіктер тек ғана сезіне алса, қүстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түсіну тэн. Жалпы алғанда, тіршілік мэңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін қабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денеден екінші денеге ауысып отырады.
Жайнизм мокша тіршілік пен тіршілігі жоқтардың арасын толығымен алшақтаса, карма оларды біріктіреді, сөйтіп мэңгі әлемдік процесс жүріп жатады. Карманың өзі көп түрлі болады. Оның бірі денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген жанұямызды айқындаса, екіншісі - өмірдің үзақтығын, үшіншісі - тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, лэззаттануға қатынасты айқындайды.
Ал сансардан азат болу үшін "үш қазына" сақтау керек. Олар: дүрыс қылық, шынайы білім, дүрыс сенім. Дұрыс сенім-тиртханкалар деп аталатын 24 эулиенің іс-эрекетіне сену болса, дүрыс қылық-тазалықты, шындықты, сабырлықты, өзіне қаталдықты, салмақтылықты т.б. сақтау. Ал шынайы білім- жанның сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып білу процесінде жан қүрастырып отырған заттармен тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл-ой болса мұндай байланысқа кедергі жасайды. Танымның 3 түрі өз тарапынан 3 сатыдан түрады. Бірінші сатысында-жан алшақтығы жэне үхақ заттарды түйсінеді, екінші сатысында-өз бойындағы адамдарға деген қызғанышты, жек көрушілікті женген жан адамдардың қазіргі жэне өткен кездегі ойларын тікелей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында - азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дариды.
Жайналардың пікірінше, элем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тү-рады. Төменгі екі қабатында-эзэзіл (перілер), ортаншы қабатта-жер, келесі қабатта-құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта-құдайларға ұқсас джиндер орналасқан. Шындап келгенде жайналардың пікірінше, құдай жоқ, оның бар екендігі туралы келтіріліп жүрген дэлелдердің бэрі негізсіз, қате, сондықтан да қүдайға емес, 24 тиртханкараға (әулиелер) жэне джиндарға сену керек.
Жайнизм кейінірек келе дигамбар жэне шветамбар деген екі сектаға бөлініп кетті. Жайнизмге Үндістанда қазірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді.
Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет .
Ә)Ал, дәстүрлі діндердің
ішіндегі біршама көнесі –
Буддизм. Бұл дін өзінен көп
бұрын пайда болған
«Тэрэвада» деп аталатын шәкірттері Будданың өзін қастерлеп табынса, махаяаналықтар көп будда бар деген бағытты ұстанады және болашақта оны дүниеге қайта оралып адамзатты құтқарады деп сенеді. Тарни яғни, тибеттік буддистер өздерін махаяаналықтарға жатқызғандарымен дінтанушылар оны жоққа шығарады және мүлдем басқа бағыт екендігін дәлелдейді. Тибет буддизмі ловон Бадамжунайдан бастау алады. Әр кімнің ағартушылыққа қатысы бар дейтін махаяаналық көзқарасқа сүйенгенімен кейін өзгерістерге ұшырап бөлінген. Махаяана Боддармадан басталып алдымен чань деген атаумен дамып, кейін Жапонияға зэнь деген атпен еніп жетілдірілген. Осылайша нирван болу технологияны жүзеге асыру барысында у-шү, кун-фү, каратэ, жижицү сынды философия, өнер, спорт түрлерін өмірге әкелген.
Буддизм десе болды, көз алдымызға тибет ламалары келеді. Тау қойнауын мекендеген, өркениеттен тым шалғай артта қалған ұлт тибеттіктердің өзіне аталмыш дін III ғасырда енді делінгенімен, шын мәнінде Будда дүние салғаннан кейін 1200 жыл өткен соң ғана оның ілімі терең сіңді деген дерек бар. Тым биік таулы мекеннің суының өзі тым сылдыр болып келетіндіктен тибеттер етті дүмбілез күйінде жейтін, бақсылықты пір тұтатын «бон» дейтін сенім-нанымдағы мәдениетсіздеу жұрт болған. Осындай мешеу елге келген жаңа өркениет ілімі алғашында ескі салт-дәстүрдің тасасында қалып жатты. Содан да болар, «үш асыл» үғымының саны дереу төртке ауысқан. Төртіншісі, әрине, лама еді. Лама деген пендеге олар көзсіз табына бастады. Оған барын беріп, дұға оқытып барып Жаратушыдан несібе сұрайтын болды. Пұтқа табынудың түрлі салттары мен әдеттері Будданың керемет қағидаларымен араласты да адам танымастай былыққа батты. Салдарынан лама атты жұрттың тапқан-таянғанын аузынан жырып алып, жейтін паразиттік топ пайда болды. Олардың негізгі айналысатын шаруасы дұға қылу, діни рәсімдер жасаумен қатар құтқару мен құртудан тұратын неше түрлі дуаларды ойлап табулары еді.
Бір мыңыншы жылдар тұсында Адиша деген ғұлама ғалым Тибетке келуі дін ісіне үлкен бетбұрыс жасады. Ол ең алдымен Будданың айтқан жазмыш, тағдыр туралы баршаға түсінікті жайлар мен нирвандық жайындағы тылсым сыры көп күрделі жағдайлардың ара жігі ажыратылған, діни қағидалар біршама жүйелі түсіндірілген. Әр істің қайтарымы мен жауабы бар, сондықтан, салауатты өмір сүрудің арқасында азаптан аулақ тұруға болады. Адам баласы тойымсыздығының салдарынан ғана теріс қадамдарға барады, күнәға батады. Әр жасалған теріс қадам зобалаң әкеледі. Бұл әрине, қарапайым философия. Адам өмірінің этикасы, мораль, тұрмыс нормасы – адал, таза ғұмыр кешу. Дуа жасау деген елді адастыру, жалпы, буддизм ешбір сиқырлықты, торшылдықты дәріптемейді дегенді Адиша тибеттерге үйретіп бақты.
Адам баласы қиындықтан
Публицист Б. Баабардың
Данышпан Зонхов нирвандықты аңсаған ламаларды жөнге салып, Будда ілімінің тек ламаларға ғана емес, жалпы қарапайым жұртқа да арналғандығын, оның қағидасының өміршеңдігін дәлелдеуге тырысқан. Ламаларды діни уағыз айтып, халық арасында ағартушылық ісін жүргізуге шақырған. Ол Буддадан кейінгі дін ғұламалары – Нагаржуна, Адиша, Шантив, Асангалардың тәмсілдерін салыстырған кітап жазып таратқан.
Азиядағы көшпенділер мен
түркі тектес халықтар
Ресейлік ғалым Майский 1918 жылы Монғолияда болған сапарында мынандай қызықтың куәсі болғанын жазады. Таңертеңгілік христиандар шіркеуінде бір бай көшпенді азаматтың шоқынып тұрғанын байқап қалады. Түс мезетінде оны буддистер ғибатханасында бір ламаға тарни оқытып жатқанын тағы көреді. Ал, кешкісін әлгі байекең үйінің ауласына костер жағып қойыпты да бір бақсы отты айналып зікір салып жүр дейді. Бір-біріне қарама қайшы діни рәсімдерді неге бұлайша сапырылыстырып жүргенін сұраса, әлгі отағасы айтатын көрінеді, «бірі болмаса бірінің көмегі тиер, әйтеуір Жаратушы біреу ғана емес пе?». Міне, прагматиканы қараңыз!
1937-38 жылдары 800 ғибдатхана орындары
сталинизмнің салдарынан
Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ.
шамасында пайда болған. Буддизмнің
негізін қалаған Сидхарта Гаутама.
«Будда» термині «жарқырау», «сергу»
деген мағынаны білдіреді. Буддизм
ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.
1.Азаптану.
2.Азаптанудың себебі.
3.Азаптанудан босану.
4.Азаптанудан босануға апаратын жол.
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің
және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы
жолын атап өтеді:
1.Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке
толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы
құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне
сену;
2.Тура, әділ ұмтылу. Өз құмарлығың мен
қызбалықты шектейтін қасқа жолды біржолта
айқындау;
3.Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала,
ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс,
рақымды болсын;
4.Дұрыс істер.Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен
сақтану, игі іске икемді болу;
5.Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін,
құрметтеуге тұрарлық өмір сүру;
6.Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып,
одан, күдікті, күмәнді нәрсені қудалап,
жағымдыны жалғастыру;
7.Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
8.Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және
төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек
талпынысты өзіңе шоғырландыру, оның тереңдету
қабілетін шыңдау.
Біздің жыл санауымыздан үшмыңдай
жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде
қауымдық қоғам ыдырыап, оның орнына
құлдық қоғам қалыптаса бастады.
Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға
бөлінді,олар: брахмандар(абыздар ), кшатрийлер(әскербасылар),
Ведалар негізінде қалыптасқан
философиялық ілімдер сол
в) Локаята (Чарвака). (Лока-"аймақ", ел, кеңістік, элем, жер, өмір. Ал көпшілік түрде - "адамдар, халық, адамзат" деген мағыналар береді). Локаяттар Веда ілімдерін жоққа шығарады. Осы тұрғыдан Веда дінін, оның беделін, ғүламаларын, ілімдерін сынға алады. Веданың дінбасылары, локаятиктердің пікірінше, халықты алдап, соның арқасында байып жүр. Локаяттардың пікірінше, дене өлгеннен кейін жан өмір сүрмейді. Олардың пікірінше, элемдегі барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден түрады. Олар: ауа (ваю), от (ап), жэне жер (кишта). Махабхуттар белсенді және эрекетшіл келеді. Махабхуттар өзіне тэн күштің, белсенділіктің арқасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайлы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ қасиет-сана пайда болады. Ал денелер өлгенде, олар қайтадан өздерін өмірге экелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады.
Локаяттар өмірдің мэні бақытта, ал бақыттың өзі-ляззат деп түсінген. Олардың түсінігінше, ляззат пен қасірет байланысты, бірақ, қасірет буддизмдегі сияқты өмірдің мәні емес, оны толығымен жою мүмкін емес, оны азайту, жеңілдету өз қолымызда. Табиғатты элеуметтік қүбылыстарды танып білуде ақыл-ойдан, сырт күш туралы ілімдерден, беделдіктен пайда жоқ, білімді тек сезім мүшелері арқылы ала аламыз. Кейінірек келе, локаяттар сушикши (нэзік) жэне дхурта (тү_рпайы, дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Ежелгі Қытайдың қола дэуіріне темір дэуіріне өтуіне байланысты ауылшаруашылығы мен қала түрғындарының еңбектерінің бөлінуіне, ақшалай-тауарлық қатынастардың қалыптасуына, ой жэне дене еңбектерінің бөлінуіне, эртүрлі сатыдағы элеуметтік топтардың пайда болуына экеліп соқтырды.
Ежелгі Қытай мемлекеті-шын мэніндегі шығыстың деспотия болатын. Мемлекет басшысы-эрі монарх, эрі жрец ж/е жалғыз ғана жер иесі болды. Әртүрлі рангтағы аристократия мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін элеуметтік сатыда-рубасылары, отбасы басылары түрады. Ал қүлдар болса, олар жануарлар сияқты элеуметтік сатыдан тыс қалды.
Заң болған жоқ, сондықтан элеуметтік сатыда жоғары түрғандардың өктемдігінен ешкім тыс қала алмады. Бірақ, мемлекет басшысының алдында эртүрлі элеуметтік сатылардың бэрі тең болды. Халық арасындағы қарым-қатынас күрделі, шым-шытырық ритуалдарға негізделді.
Мысалы, тірілердің өлгендерге, олардың рухына, табиғат құбылыстарына, жерге ж/е аспанға деген қарым-қатынас негізінде қалыптасқан діни көзқарас, эдет-ғүрып, дәстүрлермен тығыз байланыстағы ритуалдар, жоғары элеуметтік сатыда тү_рғандар мен төменгі сатыдағылардың арақатынасын нақтылап, айқындайды, т.б.
Қытайлықтардың сол кездегі дүниетанымдық көзқарастары "Бес кітап" деп аталатын кітаптарда шоғырланған. Бұл кітаптар өздерін білімді деп санайтын эр адамның көзқарастарын қалыптастыруда үлкен роль атқарады.
Ежелгі Қытайда ғылымның да кейбір салалары пайда бола бастады. Мысалы: математика, астрономия, медицина. Осы ғылымдар саласындағы жетістіктер негізінде Ай мен Күннің түтылу мезгілін анықтады, астрономиялық қүбылыстар мен жердегі құбылыстардың байланысын айқындауға, күнтізбе, уақыт есептеу т.б. тәсілін ойлап, табуға мүмкіндік туды. Бірақ, ғылым элі де болса элжуаз қалыпта еді. Бүл жағдай философиялық ілімдердің деңгейіне эсер етпей қойған жоқ.
Біздің дэуірімізге дейінгі үшінші ғасырдың аяғында п/б ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізгі алты философиялық бағытқа-мектекптерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) ж/е Атаулар мектебі. Біз бүл аталған философиялық мектептердің ішіндегі ең көрнектілері - конфуцийшылдық, даосизм, ж/е легистерге ғана қысқаша тоқтаймыз.
а) Бүл философиялық ағымның п/б жэне қалыптасуы, осы ағымның негізін қалаушы Кунфуцзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы ж/е Сюнь-цзының есімдерімен тығыз байланысты.
Кун-фу-цзы (б.д.д.. 551-479 ж.ж) кедейленген ақсүйек әскербасының отбасында өмірге келген. Ата-анасымен ерте айырылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құштарлық танытады. Оның көптеген ізбасарлары болды. Олар үстазының ж/е өздерінің ой-пікірлері, қағидалары мен түжырымдарын жиынтықтап, "Әңгімелер мен пікірлер" (Лунь Юй) деген конфуцийшылдық ілімінің негізгі шығармасын дүниеге келтірді. Қытайлықтардың көптеген ұрпақтары бұл кітапты үлгі түтып, басшылыққа алған.
Кун-фу-цзының ілімінше, ең жоғарғы жаратушы күш-аспан. Ол жерде әділеттілік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әртүрлі сатыдағы топтардың болуы ол- эділеттілік. Олай болса, аспан осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзы өзінің ілімін аспан денелерінің заңдылықтарын н/е, бабалар рухын зерттеуге арнамайды. "Өмірдің не екені білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан біліміз" - дейінің өзі осыған айғақ.
Керісінше, оның қарастыратын негізгі
мэселесі - адамдар арсындағы қарым-
"Тең орта" - адамдардың сабырсыздықтың арасындағы іс-әрекеті. Өмірде мүндай "ортаны" ұстап, іс-эрекет жасау оңай емес, себебі, адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді.

- Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері
- Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері
- Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек
- Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері
- Үстеме шығындардың есебі және төлеудің ставкалары
- Үстіміздегі жылдың 30 қазаны Қазақстан
- Үшінші әлем елдерінің артта қалуы
- Үнді мұхитының экологиялық жағдайы
- Үнді пәлсапасы
- Үндіс аттары
- Үндістан мәдениеті
- Үндістан мәдениеті
- Үндістан мәдениеті
- Үнді философиясы