Кабель оқшауламаларының түрлері

КІРІСПЕ

 

Электрлік монтаждауға арналған жарық беру қондырғыларын негізгі төрт топқа бөлуге болады:

 

  1. Электр кабельдері, сымдар және баусымдар;
  2. Электр оқшаулағыш материалдар мен бұйымдар;
  3. Металдар мен құбырлар;
  4. Монтаждауға және электр қондыруға арналған бұйымдар мен тетік-бөлшектері.

Кабельдер мен сымдар электр энергиясын беру және тарату, сонымен қатар, электр қондырғыларының элементтерін бір-біріне жалғастыру үшін қолданылады. Ток өткізгіш талсым, оқшаулағыш, сыртқы қабық, сауыт қабықша кабельдің негізгі элеметтері болып табылады. Кабельдің атқаратын қызметі мен қолданылу шартына қарай құрылысында жоғарыда айтылған элеметтердің кейбіреуі болмауы немесе экран сияқты қосымша  элементтер болуы мүмкін.

Желі бойымен тартылған сымдарды ағаш таяқтармен көтеріп, тіректердің ілмешектеріне іледі. Сымдар шиеленіспеу үшін алдымен ең жоғарғы сымды, сонан соң қалғандарын кезегімен көтеру керек.

Сымдарды тірекке керіп алу кезінде белгілі тәртіпті сақтау керек. Қоршаған ортаның температурасы өзгерген кезде әр түрлі материалдардан жасалған сымдардың салбырап төмендеуі де әр түрлі болады:алюминий сымдары ауаның температурасына бейімделгіш келеді, ал болат сымдардың тартылуы алюминий сымдарына қарағанда берік.  Осыған байланысты алюминий сымдарды тіректің басқа сымдарынан жоғары тарту керек, ал болат сымды төмен орнату керек.

Сымдарды бекітуді орындаушы монтер міндетті түрде бас киім, монтерлік когти киіп, монтер белбеу арқылы тірекке берік әрі сенімді тағылып тұруы керек. Бейтарап жерлендірілген тораптарда 1000В кернеуге дейнгі әуе желілерінің  темірбетонды тіректері жерлендірілген нөлдік сыммен қосылуы тиіс. Сымды оқшаулатқыштын мойнына бекіту кезінде байлау сымдары сымның тұрағын және оқшаулатқыштың мойнын қамтиды, содаң кейін байлау сымының бір ұшын сымның айналасына бір бағытта, ал келесі ұшын қарама-қарсы бағытта орайды.

Монтаж жұмыстары аяқталған соң тіректерді таңбалап белгілейді, әр бөренеге желі нөмірін, осы желідегі тіректің реттік нөмірін және тіректің орнатылу мерзімін көрсетеді. Сандарды тіректерге қара бояумен  3 - 4м биіктіке жазады.

 

 

      1. Электр кабельдері сымдар және электр баусымдар

 

Ток өткізгіш кабель талсымдарды өндірісте мыс және алюминий металдарынан дөңгелек пішінде дайындайды, секторлық және сигменттік түрінде, сонымен қатар, 120, 150 және 185мм2  аралас секторлы қима түрінде шығарады. Кабельдер мен талсымдарды оқшаулау үшін арнайы сұйық сіндірілген кабель қағаздарын, пластмассаны және резеңкені қолданады. Талсымдарды оқшаулауға арналған қағаз оқшаулағыштың орнына көбіне диэлектрлік қасиеті жоғары, ылғалға төзімді, химиялық және механикалық беріктігі жоғары, дайындау және монтаждау технологиясы қарапайымдалған пластмассалы оқшаулағыштар қолданылады. Сұйық түріндегі сіңіргіш заттың болмауынан бұл кабельдерді тік және еңіс арналарда жүргізуге болады.

       Кабельдің сыртқы қабаты қорғасын, алюминий, резеңкелі және пластмассалы болады. Олар оқшауланған талсымды жарықтың, ылғалдың, қоршаған ортаның басқа да зиянды әсерлерінің салдарынан механикалық зақымдалудан қорғайды. Кабельді әр түрлі жағдайда төсеу және жүргізу кезінде кабельдің сыртқы қабаты жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығы мен беріктігін қамтамасыз етеді. Осы жағдайларға байланысты кабельдер сауытсыз және болат таспалармен сауытталған , тік бұрышты және сыртқы қорғаныс қабатты, дөңгелек цинкті сымды болуы мүмкін

         1)Коаксиалды кабель (коаксиальный кабель; coaxial cable) орталық өткізгіштен және металдан өрілген (торланған) сыртқы экраннан тұратын электр кабелінің бір түрі. Өткізгіш пен экранның арасы айырғыш материалмен толтырылған. Орталық өткізгіш пен экран осьтерінің дөл келуі коаксиалды атаудың шығуына түсінік береді. Мәліметтер жеткізу жылдамдығы 5-10 мбит/с шамасында; 2) теледидар кабеліне ұқсас,сырты экранды қабықшамен қоршалып, диэлектрикпен қапталған бір өткізгішті өзегі бар кабель. Олар жоғары жылдамдықты терминалдарда және басқа да компьютер кұрылғыларында пайдаланылады.

        Қорғаныш қабығы талшықты, материалды, пластмассалы, күшейтілген және ерекше күшейтілген түрлерге бөлінеді. Олар оқшаулағыш талсымды жарықтың, ылғалдың, химиялық заттардың және қоршаған ортаның басқа да факторларынан, сонымен қатар, механикалық зақымдалудан қорғайды

(2.1-сурет: а-поливинилхлоридті, б- резеңкемен оқшауланған, в- сауытталған кабельдердің түрлері).

        Осы кабельдердің қорғаныш қабығы әр түрлі төсеу және пайдалану кезінде өзінің сенімділігі мен пайдалану ұзақтығын қамтамасыз етеді.

 

 

2.1- сурет. Кабель оқшауламаларының  түрлері.

а) полихлорвинидті;  б)резеңкемен оқшауланған; 

в)Кабельдің құрылымы:1)алюминийлі немесе мысты домалақ тығыз талсым; 2)талсым бойындағы жартылай өткізгіш материалдан жасалған экран;  3)полиэтиленді оқшаулама;  4)жартылай өткізгіш қабат оқшауламасының экраны;  5)қағаздан жасалған экран;  6)бетінде спиральді таспамен оралған мыс сым; 7)бөлгіш  таспа және полиэтиленді қорғау қабығы.

        Кабель сауытының қалыпты  сыртқы қабығы битум қабатынан және кабель орамының жабысып қалуынан сақтандыратын қабаттан тұрады. Кабельдер өндірістен әр түрлі маркада пластмассамен оқшауланған және мыс, алюминий талсымдарымен оралған түрінде шығарылады:

  • ВВГ(АВВГ)-поливинилхлоридті оқшауланған;
  • ПВГ(АПВГ)-полиэтиленмен оқшауланған және поливинилхлоридті              

қабықшалы;

  • ВВБ(АВВБ)-ВВГ сияқты, бірақ болат таспалармен қапталған;
  • ПВБ(АПВБ)-ПВГ сияқты, бірақ болат таспаларымен сауытталған.

        Кабельдер құрылысына сәйкес әр түрлі белгілермен белгіленеді: С(қорғасын), А(алюминий), Н(жанбайтын резеңке), В(поливинилхлорид), Б(қорғаушы қабық), Л(таспалы сауыт), П(жалпақ сымды сауыт).

       Сыртқы қабығы жоқ болса, Г(гладкий-тықыр) әрпімен белгіленеді. Кабель маркаларында құрылысындағы басқа элементтерді көрсететін әріптер болуы мүмкін. Мысалы, кабельдің маркасы О әрпінен басталса, онда оның талсымдары ерекше қорғасынмен қапталғанын көрсетеді. Кабельдер 1000 В дейінгі кернеулі және оданда жоғары кернеулі болып шығарылады.

      Сым деп оқшауланған, төсеу жағдайына байланысты сыртқы қабығы оралған немесе тоқылған бір немесе оданда көп тармақтардан тұратын кабельдік бұймды айтамыз. Электр өткізгіш сымдары оқшауланған және оқшауланбаған , қорғалған және қорғалмаған болып бөлінеді. Электр сымдары алюминий және мыс тәрізді ток өткізгіш металдан жасайды, резеңкемен және пластмассамен оқшауланған талсым түрінде шығарады. Сонымен қатар , кейбір сымдардың сыртқы қабаты резеңкемен, пластмассамен, металл таспалармен немесе шірімейтін мақта, қағаз жіптермен оралады.

        Баусым деп екі және оданда көп,иілгіш, оқшауланған, оралған немесе қатар орналасқан, қолдану жағдайына қарай металл емес қабықпен қапталған және де қорғалған сымды айтамыз.

       Сымдар мен бауларды құрылысына сәйкес кабель өнімінің маркасын көрсететін әріптермен белгілейді. Сымдар маркасының бірінші әрпі ток өткізгіш талсымының материалын сипаттайды. А (алюминий) әрпі болмаса, демек, онда талсым мыстан жасалған. Екінші әрпі сым түрін белгілейді: (П) - сым,  үшінші әрпі – оқшаулағыш материалы (Р) - резеңке, (В) - поливинилхлорид, (П) – полиэтиленнен жасалғанын көрсетеді. Сымның маркаларында құрылысының элементтерін сипаттайтын әріптер болуы мүмкін: О - тоқыма, Т - құбырларға төсеуге арналған, П – жалпақ бөлікті, Ф – металдық бүктемелі қабықты, Г – иілгіш қасиетін білдіреді.

 

      1. Сымдар мен кабельдерді ұштауға және қосуға арналған       құралдар мен аспаптар

 

     Резеңке және пластмассалармен оқшауланған әртүрлі маркалы және сымдардың қималары мен кабельдердің талсымдарының ұшындағы оқшаулағышты алып тастау үшін қолданылады. МБ-1М құралы- МБ-1 құралының жаңартылған түрі және қималары 0.75-6мм2  сымдарға арналған құрал болып табылады. Құралдың салмағы-0.25кг. Оқшауламаны алатын бөлігінің ұзындығы -5-30мм.

            МБ-2 құралдары қимасы 0.5-4 мм2  екі желілі сымдардың оқшаулағыштарын алып тастау және бір мезгілде ток өткізгіш желілердің екі тармағында бір уақытта тазалауға арналған және де ол екі сапты қармауыш түрінде орындалған. Қармауыштың еріндерінде жылжымайтын, жылжитын қысқыштар бар. Құралдың салмағы- 0.6 кг.

            Қималары 35 мм2 талсымдарының ұштамалары мен гильзаларын сығымдауын ПК-3; ПК-4; иінтіректі механизді пресс – қармауышпен орындайды. ПК-3 пресс-қармауыш қимасы 7.5 алюминий талсымдарының және ГАО-4, ГАО-5, ГАО-6 гильзаларының қимасында 13 және 20 мм2 , сонымен қатар Т және ГМ гильзсының ұштарындағы мысты талсымдарды және көп тармақты кабельдік сымдарды сығымдауға арналған. Бұл пресс-қармауыштар матрица мен пуансон жиынтығын ауыстыруды қажет етпейді . Қармауыш салмағы – 1 кг .

           ПК – 4 пресс-қармауыштар (3.4- сурет) кимасын 16-35мм2 кабельдер мен сымдарды жалғастырғыш гильзалар мен алюминий ұштамаларды және ГАО-5; ГАО-6;  
            ГАО-8; гильзаларын сығымдауға , жалғауға арналған. Бұл пресс-қармауыштың қайта берілген тереңдікке сығымдау кезінде ұштама мен гильзаның жұлынып кетуіне жол бермейтін блоктаушы құрылғысы бар. Иінтіректің бастапқы ашық жағдайына қайта келуі сығымдаушы қосылыстың сапасын қамтамасыз ететін блоктаушы құрылғының жұмысына байланысты. Ең жоғарғы жұмыс әрекеті пуансонда -14 кН, сапта -300 Н –қармауыш салмағы - 2.5 кг.

           Әр түрлі маркалы, қималы және диаметрлі кабельдерді қию үшін секторлы НС-1, НС-2, НС-3 (3. 5- сурет) қайшылар қолданылады.

3.4- сурет. Пресс-қармауыш                     3. 5- сурет. Кабель киюға арналған  қайшы

 

НС-1 қайшысы қимасы 3х25 мм2  болатын алюминий сымды ; кимасы 50мм2 болатын бір тармақты алюминий сымды, қимасы 240мм2 және 150 мм2 болатын көп тармақты мыс кабельдерді қиюға арналған. Оның қиятын кабельдерінің ең жоғарғы диаметрі  40 мм-ге дейін  болады.

НС-2 қайшысы қимасы 3х25 мм2  мыс талсымдарын, 3х70  мм2 алюминийді;  120 мм2 бір тармақты алюминий және 240 мм2   көп тармақты, қимасы 150 мм2 болатын көп тармақты  мыс кабельдерді және диаметрі 40 мм2 кабельдерді қиюға арналған.

НС-3 қайшысы қимасы 3х150 мм2   және 3х240 мм2 алюминий талсымдарды, диаметрі 70 мм2 кабельдерді қию үшін қолданылады.

Қайшылар екі секторлы пышақтан: қозғалмалы және қозғалмайтын тістері  бар , екі сапты және тістеуіктерден тұрады.

Гидравликалық ПГЭ – 20 (3.6- сурет) электр жетекті қол пресс қималары 16-240 мм2  кабельдер мен оқшауланған алюминий сымдарының тармақтарын ұштау және қосылыстарды қысу, бірнеше рет сығымдау, қимасы 25- 240 мм2 болатын бір тармақты және секторлы алюминий желілерін бұрау үшін арналған. Ол негізгі үш бөліктен: басы жұмыс цилиндрі болып табылатын жұмыс поршенінен; апаттық ауыстырып- қосқыш пен реле бекітілген; жетек пен престің басын байланыстыратын өткізгіштен тұрады. Пресс сығымдау процесі соңында жетекті бірден, тез сөндіруге арналған автоматты блоктаушы құрылғымен жабдықталған.

 

 

3.6- сурет. Гидравликалық қол пресс

 

ПГР-20М1 – гидравликалық қол пресс. Қимасы 16-240мм2  сымдар мен кабельдердің бірнеше рет қысып, сығымдау арқылы бір-біріне жалғауға  алюминий, мыс талсымдарын ұштауға және 25-240мм2 секторлы алюминий сымдарын бұрауға арналған.

Пресс қаңқадан, жұмыс цилиндрінен, матрица мен пуансонды бекітуге арналған тұтқа бугельден, клапандардан, қозғалмалы және қозғалмайтын саптан, стақаннан, иінтіректен, шарнирлі стақаннан және май балонынан тұрады. Сорғы (насос) сабының тербелісі кезінде цилиндрдегі қысымның әсерінен поршень  түйіскенде плапанды алдын ала  бұрау жүзеге асады.  Осыдан кейін пуансон мен матрица түйіскенге дейін сорғының сабын тербейді. Содан соң клапанды  ашады , сол кезде поршень пуансонмен қалыпты жағдайға келеді және сығымдалушы ұштама отырғызылғын талсым дайын болады.  Жұмыс поршенінде пайда болатын жұмыс күші- 200 кН , пресс салмағы-5.3 кг.

ПГ-ЭП-2М электр жетекті гидравикалық пышақ пресі ПГР- 20М1  қол пресі сияқты мыс және алюминий сымдар мен кабельдерді сығымдау арқылы ұштау және қосуға сонымен қатар, әуе желілеріндегі сымдардағы овалды қосылыстарды сығымдауға арналған.

Поршень қалыпты жағдайға келу үшін оны 2-3 рет айналымға келтіру керек.  Престе сығымдау жұмыстарын орындау үшін пуансон мен матрицаны орналастырады, олар сым мен кабельдің талсымдарының қимасы мен құрылысына сәйкес келуі керек.

Матрицаға  талсымға отырғызылған ұштама қондырылады да, клапанды жабады. Ол жоғары қысымды насос шлангасымен қосылған цилиндрден  электр қозғалтқыш әсерінен  жұмыс жасайтын насостан тұрады. Жетектеуші ретінде электрлік бұрғылау машинасы  қызмет атқарады және оның салмағы - 23 кг.

РМП-7М механикалық қол пресі  бір тісті қысым жасаушы, қимасы 16-240 мм2 сымдар мен кабельдерді, кабель ұштамаларын сығымдауға арналған. Пресс қаңқасы қармауыш тәрізді орналасқан тұтқадан тұрады. Тұтқаға матрицалар колданылады.  Қаңқаның орталық саңылауына бос орынды ауыстырып тұратын пуансон ұстағыш орнатылады. Оның қозғалысы мен жұмысы иінтірек арқылы жүзеге асады.

ППО прессі қаңқадан, жапқыдан, ұңғыдан, сақинадан, пуансон және матрицадан тұрады. Ұңғыға пуансонды бағыттағыш патрон және  қысқыш құрылғысы қондырылады. Энергия көзі ретінде 1г дәрежелі оқ-дәрі және сары  түсті тығыны бар  Д4МПУ- 3 патрондары  қолданылады.

Сымдар мен кабельдердің тарамдарын сығымдау үшін  НИСО, НИОМ, сонымен қатар, УСА құралдары қолданылады.Пісіру жұмыстпры үшін  ВКЗ-1 аппаратын, ГПВМ- 0.1 жандырғышын және құрал-жабдықтар жиынтығын пайдаланады.

ВКЗ-1  аппараты қимасы  6мм2 –ге дейін (тармақты алюминий сымдарын флюссіз) пісіруге арналған, 220-10.5 пісіру трансформаторы орнатылған қаңқадан  және пісіру пистолетінен, 220/42 В төмендеткіш трансформатордан, МКУ-48 реледен, ШРПС орауыш желісі мен біріктірілген штепсельден тұрады. Аппараттың жұмыс істеу принціпі электрод пен алюминий сымдарының арасындағы  электр доғасының  өту кезіндегі  оралған сым  ұштарының балқуы нәтижесінде жүзеге асырылады. Балқу кезіндегі пісіру жұмысының  аяқталуы автоматты түрде орындалады. Аппараттың салмағы – 44,2кг.

ПТЛ-2 пистолетінің (3.7- сурет) қалыңдығы – 0,5 мм, металл құрылғыларына электротехникалық  қондырғыларының  монтажды жолақты пісіру үшін электродты орналастырып қысады, пісіру тоғын  қуыстарды, саңылауларды, ұяларды кесу жұмыстарын, ойықтарды (борозда) таңдауды, пистолеттің көмегімен тетік бөлшектер мен құрылысын бекітуді, электрлі, пневматикалық құралдарды қолдана  отырып,  сымдар мен кабельдердің тармақтарын қосу жұмыстарын өндірістегі берілген жұмысты атқара алатын куәлігі бар және арнаулы  оқудан өткен жұмысшы мамандар ғана орындай алады.

  3.7- сурет.  ПТЛ-2 пистолеті

 

 

      1. Сымдар мен кабельдерді сығымдап қосу

 

Мыс талсымдарымен салыстырғанда сығымдау,  гильза мен ұштамаларды отырғызғанда алюминий сымдарының  бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар.

Гильза мен ұштамалардың ішкі беттеріндегі және талсымдарындағы оксидтік  қабықшалар сапалы түйіспенің қалыптасуын қиынтады. Берік электр түйіспелерін қалыптастыру үшін қосу элементтерін  оксидті  қабықшалардан тазарту  керек. Түйіспелерді қалыптастыру процесінде алюминийді тотығудан сақтайтын арнайы қорғану шараларын қолдану керек. Қорғаныс құралы  ретінде  арнайы  ұнтақталған кварц құмынан және техникалық вазелиннен тұратын кварц – вазелиндік пасталар қолданылады.

Қорғалатын қабаттар, әрі қарай тотығуды болдырмау үшін пастаиен қапталады. Сығымдау кезінде кварцтың қатты түйіршіктері оксидтік  қабықшаны бұзады және түйіспелердің берікосылатытігін қалыптастырады, ал вазелин пайдалану кезінде олардың тотығуына жол бермейді. Түйіспе қабаттарын тазалау, талсымдардағы оқшаулағыштың қалдықтарын алып тастау, гильза мен ұштамаларды ластанудан  тазалау және  ішкі беттерін жылтырағанша тазалап, қосылатын элементтердің оксидтік қабықшасынан тазалау және алюминийді тотығудан сақтайтын кварц-вазелиндік пастаны қолданумен қамтамасыз етіледі. Тазартылған талсымды кварй-вазелиндік пастамен қабаттайды, оны металл щеткамен тазартады. Лас майларды матамен сүртіп, тазасын жағады.Ұштамалар мен гильзалардың түтіктерін пастамен толтырады. Мыс ұштамаларының, гильзалардың, сонымен қатар, сымдар мен  кабельдердің  оксидті қабықшаларын алып тастау үшін темір щеткамен жылтырағанша тазалау жеткілікті.

Сығымдау үш тәсілге бөлінеді: нақты  белгілі жерлерді жаншып қысу, жалпы (жан-жақты) жаншып қысу және аралас қысу.

Нақты белгілі жерлерді жаншып қысуда сығымдаушы талсымдар ойықтары бір-біріне қарама-қарсы қиылысып орналасуы керек.

Талсымдар мен сымдарды сығымдау әдісімен қосуға және ұштауға келесі талаптар қойылады:түйіспелі  беттердің тазалағын сақтау, түйіспелі қысымды сақтау, жаншып қысуды белгілі өлшемге дейін жеткізу, нұсқауда берілген сығымдау тереңдігін қамтамасыз ету, матрица мен пуансондарды, ұштамаларды немесе біріктіргіш гильзаларды дұрыс таңдау, жаншу орындарында пайда болған ойықтардың дұрыс орналасуы.

Түйіспелі қысымның нормаларын сақтау талсым маркалары мен қимасына сәйкес сығымдау құралдарыс дұрыс таңдау арқылы, сонымен қатар, жаңшып қысу тереңдігін сығымдаудын кейінгі нұсқауда көрсетілгендей және кесте бойынша орындайды.

Ұштамаларды немесе қосқыш гильзаларды талсымның түрі мен қимасына сәйкес таңдайды. Сығымдау орнында пайда болған ойықтардың орналасуы мен бір-бірінің арақашықтығы арнаулы кестелерде анықталған. Бір тармақты 2.5-тен 10мм2 –ге дейінгі талсымды алюминий сымдарының қосылуы мен тармақталуы ГАО гильзаларында жүргізіледі, сондықтан қосылыс сымдарының қимасы 32,5мм2-ге тең. Гильзаларды бір жақты талсыммен толықтыру кезінде бір рет және екі жақты жаншу арқылы сығымдау жұмыстары орындалады.

Қимасы 10мм2 сымдарын ұштау және қосу үшін ГА гильзалары және ТА, ТАМ ұштамаларын қолданады.

Алюминий талсымдарын сығымдау кезінде ұштамаларды түтікке енгізгенде , екі жағынан екі ойық, ал гильзада төрт ойық пайда болады. Мыс талсымдарды сығымдау ұштамаларды бір рет жаншу арқылы және қосу гильзаларын екі рет жаншу арқылы орындалады. Талсымдардың құрылғысы мен қимасына сәйкес келмейтін ұштамаларды қолдануға және сымдарды тістеуге тыйым салынады.Мыс гильзасымен ұштамаларының ұзындығына қарағанда, алюминий гильзасы мен ұштамаларының цилиндр бөлшегі үлкендеу. Қос тісті құралдар қолдану кезінде бір рет басқанда екі рет жаншу екі рет басқанда төрт рет жаншу жұмысы орындалады.

ГАО-сымдар мен кабельдердің талсымдарын жалғауға арналған гильзалар.

Сығымдау жұмыстарын қол қармауыштармен (4.3,а,б-сурет), механикалық, пиротехникалық және гидравликалық пресстермен , ауыспалы матрица мен пуансонның көмегімен орындау. ГАО гильзасындағы алюминий талсымдарын сығымдау белгілі бір реттілікпен орындалады:

-талсымдардың ұштарын, гильзалардың  ішкі бетін металл жылтырағанша  тазалайды және кварц- вазелинді  паста жағады;

-талсымның ұштарына гильзаларды кіргізеді

Гильзаға  қосымша бөлек талсымдарды енгізген кезде, олардың қималар жиынтығы берілген қимадан төмен болуға тиісті. Бір тісті пуансонды гильзаға жаншу арқылы сығымдауды пресс-қармауыштың бекіткіш құрылғысы белгі бергенше немесе пуансонмен матрицаға бір-біріне біріккеншк жүргізеді. Сығымдалған түйіспелі қосылыстарды полиэтилнді қақпақшалармен оқшаулайды. Кабельдердің алюминий талсымдарын ұштау герметизацияланған түтікті ұштамаларда орындалады.

Кабельдегі сіңдірілген құрам ағып кетпеуі үшін ұштамалардағы саңылау арқылы екі жақты қарсы жаншу арқылы герметизациялайды. Бір тармақты алюминий талсымдарын гильза немесе ұштамаға кіргізер алдында арнаулы құралдарға домалақтайды, содан соң талсымның ұштарын тазалайды, оны кварц-вазелинмен майлайды және жәй түрде қосу үшін ұштау жұмыстары жүргізіледі.

 

4.3-сурет. Сымдар мен кабельдерді сығымдауға арналған құралдар

 

Сығымдаудан кейін жаншу орнында пайда болған қалыңдықты арнаулы құралмен немесе штангенциркульмен өлшейді. Өлшеу кезінде сығымдау орнындағы қалыңдығын өлшеумен қатар, сығымдау, ұштау жұмыстарының сапасын тексереді. Қимасы 1-2,5 мм2 көп тармақты мыс талсымдарын ұштау сақиналы ұштамаларды сығымдау арқылы, ал қосылысы қол пресс-қармауышының құрамына кіретін пуансон мен матрицаның жаншуынан орындалады. Біріктіру орындарын сығымдауға дейін жұқа мысты немесе латуньды фольга таспасымен орайды. Үлкен қималы көп тармақты мыс сымдарын ұштау түтікті ұштамаларда Т әдісі бойынша жергілікті орынды жаншу арқылы орындалады. Түтікті мысты қосылғыш гильзалардағы мыс талсымдарын алюминий сияқты, бірақ кварц- валелинді пастасыз және екі есе аз жаншу арқылы қосады.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сығымдау арқылы сымдарды қосу және ұштау үшін, алдымен ПК-3УI немесе ГКМ пресс-қармауыштарын пайдалану ережелері мен құрылғысын оқып-үйрендік, ГАО гильза 2,5-10 мм2 қималы алюминий талсымдарын сығымдау тәсілдері мен әдістерін меңгердік. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар: пресс-қармауыштар, монтер пышағы, кардоленталды болат щетка, тістеуіктер, егеу қағазы, оқшаулағыш таспа, суға төзімді лак, кварц-вазелинді паста, оқшаулағыш қақпақшалар, таза матаның қиындысы. Пресс-қармауыштардың құрылғысы мен жұмыс әсерін оқып-үйреніп, және оларды жұмысқа дайындадым. Шығыршықты және ауыстыратын пуансонды қарап шықтым. Сымның ұшындағы оқшаулағышты алып тастадым. Сымның оқшауламасы алынып, вазелин жағылатын аумақтарын егеу қағазымен тазаладым. Тазартылған талсымдарды сүртіп, оларды бірден кварц-вазелинді пастамен майладым. Гильзаның ішкі бетін тазартып, және оған кварц-вазелинді пастаны жақтым. Дайындалған талсымдарды гильзаға кіргіздім. Гильзаны сығымдап, Сығымдау орындарын оқшауладым. Сымдарды ұштауға дайындадым және оған ұштайтын ұштаманы таңдадым. Тазалаған соң ұштаманы талсымға кигізіп, сығымдадым.

Сымдарды істікшелі оқшаулатқыштарға бекіту үшін сымдарды бос және қапталды істікшелердегі оқшаулатқыштарға байлау тәсілін үйрену керек. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар: ШС немесе ШФ істікшелі оқшаулатқыштар, ілмешек немесе ілгектер, істікшелер, ілгектер немесе істікшелерге оқшаулатқыштарды бекітуге арналған полиэтиленді қалпақшалар, оқшаулатқышқа бекітуге арналған алюминий сымдары, байлайтын сымдар. Жұмысты орындау үшін алдымен полиэтиленді қалпақшаларды суға салып,  70-80ºС-қа дейін жылжытып  және ағаш балға арқылы оны істікшелерге орнаттым. Оқшаулатқышты істікшеге орап және керісінше ¼ айналымда бұрдым. Істікшені оқшаулатқышқа байлау тәсілімен бекітуді орындадым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.Гусев В.И.,СТаврулов  Г.М. Электромонтажные работы: Учебное  пособие для учащихся пед.училищ.-Москва:Просвещение,1986.

2.Живов М.С. Монтаж осветительных  электоустановок.-Москва:Высшая школа,1984.

3.Атабеков В.Б.,Покровский  К.Д. Монтаж электрических сетей  и силового электрооборудования.-Москва:Высшая  школа ,1979.

4.А.М.Әбдіров, Ғ.К.Сейфуллина. Қауіпсіздік техникасы.-Астана:Фолиант,2007.

5.Қазақша-орысша терминологиялық  сөздік./энергетика.-Алматы: Рауан, 2000.

6.А.Құсайынов, Б.Нұржанов, С.Балабатыров, Ж.Шотанов, Т.Жұмаханов.Электр техникасы  мен теминдерінің орысша-қазақша  түсіндірме сөздігі-Алматы:Санат,1994.

7. Тихомиров П.М. Расчет трансформаторов. – М-Л.: Энергоиздат, 1986.

8. Б.Р.Қалықов,Ш.Өмірзақов,М.И.Сылкин. Электр машиналары.–Алматы, 2006.

9. Б.Р. Қалықов, М.Ж.Ихсанов, Ш. Өмірзақов. Электр машиналары және электр жетегі. –Алматы: Сөздік,  2006.

10. Сылкин М.И., Қалықов Б.Р. Электрические машины. –Алматы, 2005.

11.Вольдек А.И. Электрические машины. –Л.:Энергия, 1978

12.Иванов-Смоленский А.В. Электрические машины. –М.:Энергия, 1980

 

 

 

 

 

 


Кабель оқшауламаларының түрлері