Кант философиясының негізгі мәселелері мен міндеттері
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Механика- математика факультеті
Тақырыбы: Кант философиясының негізгі мәселелері мен міндеттері
Орындаған:
Исламова А.
13-2Б МКМ
Тексерген: Аташ Б.М.
Алматы 2015
Жоспар:
I . Кіріспе.
Иммануил Кант өмірбаянына қысқаша шолу.
II. Негізгі бөлім.
- И. Канта – неміс классикалық философиясының негізін қалаушы.
- Кант философиясындағы таным мәселесі.
- Кант философиясының негізгі мәселелері мен міндеттері.
- Кант философия тарихында екінші рет антропологияға, яғни адам мәселесіне бет бұрысы.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Иммануил Кант өмірбаянына қысқаша шолу.
Иммануел
Кант (1724 жылғы сәуірдің 22-сі – 1804 жылғы ақпанның 12-сі) — 18 ғасырда Пруссия патшалығының Кенигсберг қаласы нда тұрған неміс пәлсапашысы. Ол қазіргі заман Еуропасының жәнеАғарту дәуірінің ең ықпалды ойшылдарының
бірі болып саналады. Жалпы қалыптасқан
пікір бойынша, ол пәлсападағыАристотельден кейін гі ең маңызды
тұлға болып табылады.
Иммануил Кант 1724 жылы Кенигсберг қала сында бір отбасында он
бір баланың төртіншісі болып дүниеге
келді (олардың алтауы балалық шағында
көз жұмды). Оған шіркеудегі рәсімде «Емануел»
деген ат берілген болатын, бірақ Канттың
өзі кейінірек еврей тілін үйреніп алғаннан
кейін оны «Иммануил» деп өзгертіп алды.
Ол бүкіл өмірін өзінің туған қаласын Шығыс Пруссияның елордасында және оның айналысында
өткізіп, одан ешқашан 200 шақырым қашықтыққа
ұзап көрмеген.[1] Оның әкесі Йоһанн Георг Кант
(1682-1746) Пруссияның солтүст ік-шығысындағы Мемель қаласынд а туған, кәсібі қолөнерші,
ұлты неміс. Анасы Анна Регина Портер (1697-1737)
Нюрнберг қаласында туған, Шотландиядан
көшіп келген ер-тұрман жасаушының қызы.
Жас шағында Кант тиянақты,
бірақ ерекше жетістік көрсете қоймаған
студент болатын. Ол шынайы діни сенім,
кішіпейілдік және Киелі кітапты көп зерттеуге баса назар аударатын пиетистік көзқараста рды ұстанатын отбасында
туып-өсті. Соның арқасында Кант қатаң
тәрбие алды, оның алған білімінде математика
мен ғылымға қарағанда латын тілі мен діни тәрбие басым болды..
Бар өмірі Кенигсбергте өткен, сонда университетін
бітірді (1745), университеттің 1755 – 70 жылдары
доценті, ал 1790 – 96 жылдары профессоры
болды.[2]
Қарапайым отбасының түлегі, әкесі теріден
ер-тұрман, жүген, шідер жасайтын шаруа
болған. Канттың гимназияға, кейін Кенигсберг
университетіне түсіп, білім алуына Шульц
деген пастор қол ұшын берген. Университетте
Кант философия мен қатар жаратылыстану
ғылымдарын (математиканы, физиканы, астрономияны,
географияны және меднцинаны) тиянақты
оқып, меңгереді. Белгілі грузин, кеңес
философы М.К. Мамардашвилидің жазғанындай,
біз үшін Канттың ілімімен, еңбектерімен
бірге оның өзі, оның өмірі - сабақ аларлық.
Бір қызық жәйт - Канттың өмірінде, дейді
Мамардашвили, назар аударарлық ешқандай
оқиғалар болмаған деуге болады. Өмір
бойы бір қалада – Кенигсбергте тұрған.
Шығыс Пруссия жерінен ешқайда шықпаған.
Басқа жерлерден оны көруге, онымен сөйлесуге
атақты адамдар оған келіп тұрған (Фихте,
Карамзин т.б.), ал өзі ешқайда, ешкімге
бармаған. Сөйткен адам, оқымысты кейін
университетте өне бойы географиядан
сабақ беріп, «Физикалық география» деген
үш томдық еңбек жазған. Еш жерде болмаған
адам калайша мұхиттар, теңіздер, кұрлықтар,
таулар, жан - жануарлар жөнінде, әр түрлі
халықтар, елдер, олардың салт-дәстүрлері,
әдет - ғұрыптары, мәдениеті жөнінде мамандар
күмән келтірмейтіндей мағлұматтар береді?!
Ғажап емес пе? Канттың не нәрсені болса
да көзімен көргендей, сол жерге, сол елге,
өзі арнай барғандай көз алдына келтіре
алатын, сол жерді, сол елді, сол нәрсені
сонда тұрған адамдардай суреттей алатын
ойлау қабілеті болған. Кант ойлау, киял
қабілеті жөнінде кеп жазды, терең пікірлер
айтты. Тектен тек емес екен. Канттың априорлық
(латынша аргіогі-бұрынғыдан) ұғымдар,
априорлық түсінік жөніндегі ілімі бар:
адам санасында тәжірибеден тыс пайда
болатын түсінік.
Кант өмір бойы үйленбеген, бала - шағасы болмаған. Бірақ бала оқыту, тәрбиелеу жөнінде аса құнды пікірлерге толы «Педагогика» деген еңбек жазған.
Кант жасынан шалағай, әлсіз, әлжуаз болып, бала кезінде көп ауырған. Тума - туысқандары, көршілері «бұл бала көп тұрмайтын шығар» деген ойда болған. Жоқ, Кант творчестволық табысқа толы ұзақ ғұмыр кешкен; ержеткен соң еш те бір ауырмаған. Бұл күйге ол өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен, езін-өзі шынықтырып, жетілдіруімен, қатаң тәртіппен (режиммен) жеткен. Ұзақ жылдар бойы бір мезгілде жатып, бір мезгілде тұрып, бір мезгілде серуенге шығуды әдетке айналдырған. Қала тұрғындары Канттың аскан ұкыптылығын, дәлдігін ескеріп, ол серуенге шыққанда, айталық, кешкі сағат 5-те, сағаттарын түзей бастайтын болған. Кант жөнінде біз: «ол өзін өзі жасады» деп айта аламыз. Канттың өмірбаянын зерттеушілер оның асқан еңбекқорлығын атап көрсетеді. Күн сайын (Кант демалыс, мереке күндерін білмеген) 10-12 сағат студенттерге дәріс оку және ғылыммен айналысу Кант үшін үйреншікті әдет болған. Демалғанда шаршатқан бір пәнді (ғылымды), мысалы, математиканы қоя тұрып, баска пәнмен (логикамен), философиямен, физикамен т.т. мен айналысады екен.
Кант - жан-жақты ғұлама. Ол университетте жыл сайын 5-6 паннен сабақ беріп, әртүрлі ғылым салаларынан күрделі еңбектер жазған. Өзінін ерен еңбекқорлығының, дарындылығының арқасында қарапайым отбасында дүниеге келген Кант әлем таныған философ, ғалым, ұстаз болды, үш академияның толық мүшесі болды. Әдебиетте Кант шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарастыру дәстүрге айналды: 1770 жылдарға - сыни кезеңге дейінгі (докритический) және одан кейінгі сыни кезең (критический период). Алғашқы кезеңде Кант өз еңбектерінде жаратылыстанушы – ғалым ретінде танылады және объективтік дүние жөнінде материалистік тұжырымдар жасайды. Оның әйгілі бағдарламалық пікірі мынадай: «маған материяны беріндер, мен одан дүниені калай құру керек екендігін көрсетейін». Бізді қоршаған дүние, Канттың пікірінше, адамға тәуелсіз өз алдына объективтік реалдылық ретінде өмір сүреді. Бұл, - әрине, материалистік түсінік.
Кант өзінің аспан әлемінің механикалық заңдарға сай табиғи жолмен пайда болуы жөніндегі ғылыми тұжырымын «Аспанның жалпы табиғи тарихы және теориясы» (1755) деген еңбегінде жария қылады. Аспандағы планеталар бір кезде табиғи жолмен заңды түрде пайда болған, бір кезде олар жоқ болуы мүмкін; Күн де мәңгі жанып тұрмайды, түбі сөнеді; табиғат құбылыстарына тарихи тұрғыдан қарау керек деген диалектикалық тұжырым жасайды. 1754 жылы Кант бір еңбегінде «Жер физикалық тұрғыдан картая ма?» - деген мәселе көтереді. Кант жаратылыстану саласындағы еңбектерімен, дейді Энгельс, метафизикалық көзқарасқа түңғыш соқкы берді. Ағылшын философы А.Н. Уайтхед Кант жөнінде: егерде Кант барлық күш-жігерін философияға жұмсамағанда, ол аты әлемге жайылған ұлы физик болар еді - деп жазды[3]. Кант бірақ ғылымда жаратылыстану саласымен шектеліп калмады. Оны қызықтырған тағы бір ғылым саласы философия болды. Философтың өзінің айтқаны бар: «өмір бойы мені екі нәрсе таңдандырумен келеді: төбемдегі жүлдызды аспан мен бойымдағы моральдық заң»[4].
1770 жылдан бастап Канттың шығармашылық өмірінің екінші -«сыни» кезеңі басталады. Кант философиясын әдебиетте сыни философия деп атайды. Әңгіме неміс ойшылының өзіне дейінгі болмаса өз заманындағы философтарды, философиялық көзқарасты сынауы жөнінде емес: Кант теориялық және практикалык зердені, таным теориясын, адам санасында орын алып келе жатқан түсініктерді, бәрін де танып білуге болады деген оптимистік көзқарасты талдап, сын елегінен өткізеді. Осы екінші кезеңде Кант өзінің философиялық жүйесін құраған атақты сыни кітаптарын жазады: «Таза зердеге сын» (1781), «Практикалық зердеге сын» (1788) және «Пікір кабілеттеріне сын» (1790).
Кант ғылымда ғана емес, философия саласында да іргелі жаңалықтар ашты, өзі айтқандай, «коперниктік төңкеріс» жасады. Бұлай деп мәлімдеуге оның толық құқы болды.
И. Канта – неміс классикалық философиясының негізін қалаушы.
Канта философиясы трансцендентальды идеализм деген атау алды.
Философиялық шығармашылығы екі кезеңнен тұрды:
1. «Сыни кезеңге дейінгі
кезең» (1746-1770). Қарастырған мәселесі
болмыс, табиғаи, жаратылыстану мәселелері
болды. Ол даму проблемасында
табиғаттың дамуына көңіл бөлген
алғашқы философ болды. Бұл кезеңдегі
шығармасы «Жалпы тарих және
аспан теориясы», кант онда өзінің
космологиялық теориясын түсіндірді.
Күн жүйесінің пайда болуы
туралы болжам жасады (әлемнің
пайда болу ының анологиясын
қарастырды) бұл теория кейін
Кант-Лаплас теориясы деп аталды.
2. «Сыни кезең» (1770-1797)(агностицизм и априоризм). Осы кезде өзінің негізгі еңбектерін жазды, олар «Таза ақылға сын» (таным теориясының сұрақтары), «Практикалық ақылға сын» (этикалық мәселелер), «Пайым мүмкіндіктеріне сын» (эстетика және табиғатағы мақсатылық байланыстар туралы ілімі жүйеленді).
«Таза ақылға сын» еңбегінде таным теориясы қарастырылып жаң замандағы эмпиризм мен рационализмнің тар өрісін өзара біріктіруге тырысты. Ол танымды үшке бөлді: сезімдік, пайым, зерде (рационалистік).
Таным теориясында – агностик болды, танымның қоршаған шынайылықты толығымен тану мүмкіндігін жоққа шығарды. Оның болжамында танымның тұйыққа тірелуінде себеп, қоршаған шынайылық – объекті емес, таным әрекетіндегі – адам, оның ақылы, оның танымдық мүмкіндіктері шектеулі.
Шынайы әлемдегі ақыл мен сезімнің қабылдайтын бейнелері «біз үшін зат», ал ақылмен абсалютті түрде танылмайтын нәрселер «өзіндік зат» деп аталды. «Өзіндік зат» - трансцендентальды яғни басқа дүниелік уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүреді.
Кант таным теориясында барлық білімдер 2-ге бөлінеді: 1) тәжірбиелік білімдер апострорий; 2) тәжірбиеге дейінгі білім – априорий.
Адам ақылы өзінің таным құралдарымен өз мүмкіндіктерінен шығуға тырысқанда, ол шешілмейтін қайшылықтарға тап болады, ол антиномиялар – ақылдағы пайымның бір-бірін өзара терістеуі. Ақыл көмегімен логикалық дәлелдеуге болады, бір мезгілде екі қарама-қайшы логикалық дәлел болуы мүмкін, сөйтіп антиномиялық жағдай туындайды. Антиномияға Кант төрт мысал (құдайдың бар немесе жоқ екендігі, дүниенің шекті немесе шексіз екендігі,) келтірді, оның әрқайсысында тезис және антитезис бар. кант бойынша, антиномиялардың болуы – ақылдың таным мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін дәлелдейді.
И.Кант «Практикалық ақылға сын» еңбегінде мен не істеуім керек деген сұраққа жауап іздеп, этикалық мәселелерін қарастырады. Яғни, адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін қарастырды. Кант теоретикалық ақылдан, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан практикалық ақылға өтті.
Практикалық ақыл деп аталуының себебі, оның функциясы – адамның өзін-өзі алып жүруін басшылыққа алды, яғни адамгершілік әрекеттерінің принциптерін жасады. Мораль, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті ешбір сыртқы жағдайға тәуелді болмауы керек, адам адамгершілік, парасатты жан, сондықтан ол адамгершілік заңдарына сүйенуі керек. Бұл заңда Кант адамгершілік категорияларының императиві деп атады және ол былай анықталды: адамның өзіндік еркі мен мінез-құлқы, іс-әрекеті, әрқашан жалпы заңдардың принципне бағынып, соның негіінде жасалуы қажет.
Кант әруақытта «Аспандағы жұлдыздар мен бздегі адамгершілік заңдарынан керемет ешнәрсе жоқ» дегенді қайталап отырды.
Кант философиясындағы таным мәселесі.
Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам санасы, адам («субъект») сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана. Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде «объектің») әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап, объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет жоқ («таза тақта»). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша. объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ. Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам кез келген объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс - әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика болып табылатынын болжап білді.
Таным процесін жай бейнелеу деп тану жеткіліксіз екендігін ескерткенде Кант мына жәйтты естерімізге салып отыр: таным процесінде субъект объектіні сырттан жай бақылап қоймайды, оның ішкі құрылымын, байланыстарын ашады, объектіні өзгертеді.
Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті — бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат игілігіне — мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді. Таным процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл - бүкіл объективтік реалдылық емес, онымен субъект қарым-қатынас жасай алмайды. Объективтік дүние - шексіз. Таным объекті сол шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана. Сондықтан философиядағы дәстүрлі мәселе: «дүние таныла ма?» деген мәселе - абстракты қойылған мәселе. Ол жөніндегі әдеттегі түсінікте: «дүние танылады» деген тұжырым - абстракты. Дәұрысында - «дүние таныла ма?» - деген сұраққа: - «Жок, танылмайды» - деп жауап беру орынды. Әрине, Кант-ғалым дүниенің танылатынына күмән келтірмейді, бірақ дүние шексіз болғандықтан, ол ешкашан да бұратала танылмайды. Канттың кезінде де, одан кейінде де Кантты «агностик» деп айыптау Канттын ұстанымын түсінбеуден туған. Кант таным процесіне нақты, тарихи тұрғыдан карауды талап етеді. Формальды тұрғыдан «дүние танылмайды» деген пікір агностицизмді білдіреді. Бірақ Канттың пікірі таным процесінін күрделілігін, дүниенің шексіздігін, ал субъект пен объектің тарихи, нақты кұбылыстар екендігін түсінуден туған.
Кант объективтік реалдылық ретіндегі шексіз дүние мен белгілі бір кезеңде таным объектіне айналған нақты дүниені (құбылыстарды) ажыратады. Алғашқысын «өзіндік зат» деп атайды; ол жөнінде біздің санамызда нақты түсінік жоқ, біз онымен қарым-қатынасқа енген жоқпыз. Сондықтан ол дүние танылмайды. Ал объект - бұл «біздік зат», бізді қызықтырған, біз танығымыз келетін дүние. Объект, сөз жоқ, ерте ме, кеш пе танылады. «Өзіндік зат» та, дейді Ленин, бүгін танылмағанмен кейін бара-бара танылады, «біздік затқа» айналады. Болашақта қойылатын осындай сұрақтарға жауап ретінде Кант мынаны ескертеді: таным объектері үнемі өзгеріп, күрделеніп отырады, жаңа объектер пайда болады, бірақ қай кезде де әлі таным объектіне айналмаған, сондықтан танылмаған «өзіндік заттар» болады.
Кант философияда тұңғыш рет таным ерекшелігі жөніндегі мәселені қойды. Нақты таным процесіне кіріспестен бұрын, дейді Кант, «таным дегеніміз не?», «таным қалай жүзеге асады?», «танитын кім және танылатын не?», «танымның шегі бар ма?» деген сияқты мәселелерді шешіп алу керек. Таным процесімен барлық ғылымдар айналысады, бірақ жаңағыдай мәселелерді шешу тек философияның ғана қолынан келеді. Өйткені, философияны таным нәтижесі ғана қызықтырмайды, сол нәтижеге, яғни объект жөніндегі ақиқат білімге апаратын жол да қызықтырады. Философияның гносеологиялық тұжырымдары басқа ғылымдар үшін методологиялық нұсқау болып табылады. Сонымен, философия, Канттың ойынша, нақты таным процесінен тыс, оған дейін таным жайын, мүмкіндігін анықтап алуы керек. Ұстазының бұл идеясын кейін Гегель келеке кылады: «Кант бұл арада суға түспей тұрып, суда жүзуді үйренбек болған схоластка ұқсап кеткен» - дейді. Гегель сөзінің де жаны бар: суда жүзуді үйрену үшін суға түсу керек, әлденеше рет батып шығу керек. Сол сияқты танымның мәні, мүмкіндігі таным процесінде ғана анықталады. Оған дейін оны қалай білесің?
Сонымен бірге Канттың ойында да терең мағына жатыр: танымның өзіндік ерекшеліктері бар, таным жайын объект арқылы да, субъект арқылы да тиянақты біліп алу мүмкін емес. Адамға салсаң, ол бәрін де танып білгісі келеді, ал бұл мүмкін емес. Кантқа дейінгі материалистер танымды сыртқы дүниедегі заттардың айнадағыдай бейнесі деп танып, таным жайын сыртқы дүние арқылы түсіндірмек болды. Мұндай әрекеттен бірақ ештеңе шықпады. Субъективтік идеалистер, керісінше, таным процесін субъектің іс-әрекеті деп, ал субъекті «Менге», ойлауға, санаға теңеп, таным мәнін субъект арқылы түсіндіруге тырысты. Бұдан да нәтиже шықпады. Таным күрделі кұбылыс болып шықты.
Кант ілімінде осы кезге дейін мәнін жоймаған құнды идеялар жетерлік. Мына бір идеяға назар аударып көрейік: адам кімге, неге болса да құрал болмауы керек; керісінше, өзіне де, басқаға да, қоғамға да мақсат болғандай дәрежеге жетуі керек[6]. Нағыз гуманистік, адами идея! Өкінішке орай, бұл идея әлі де еш елде, еш жерде жүзеге аса қойған жоқ. Барлық жерде адам өзін де, басқаларды да құрал ретінде пайдаланып келеді және басқаға да, қоғамға да өзін құрал етіп пайдалануға мүмкіндік беріп келеді.
Бұрынғы кеңес кеністігінде соңғы кезге дейін Кантты дұрыс түсініп, орынды бағалау деген болған жоқ. Кеңес философтары, маркстік-лениндік философияның өкілдері Канттың алдында үлкен қарыздар. Ол жөнінде сөз бола қалса, еститініміз бір сарын еді: Кант - агностик, Кант - субъективтік идеалист, Кант - дуалист т.т.; Кант танымның өрісін тарылтып жіберді; тұтас дүниені танылатын затқа және танылмайтын затқа бөліп тастады; мән мен құбылыстың арасына өтпестей шек қойды; Кант білімнің, ұғымнын субъект пен объектің әр алуан қарым-қатынасынан, тәжірибеден туғанын көре тұра, априоризмге бой ұрды, яғни, тәжірибеден тыс, тәжірибеден бұрын пайда болатын білім бар деген пікірге келді; материализм мен идеализмнің арасында ауытқып, дәйексіздік танытқанмен, Кант негізінде субъективтік идеализмді жақтайды деген сияқты алып-қашпа пікірлер келтірілетін еді.
Кант ілімінде дүниенің, өмірдің қайшылықты сипаты терең ашылған. Осының салдарынан таным да қайшылыққа, антиномияларға кездесіп отырады. Мысалы, дүние шекті ме, әлде шексіз бе? Бұл сұраққа бір мағынада - шекті не шексіз деп - жауап бере алмайсың; шекті де, шексіз де деп жауап беруге тура келеді. Адам қашан да дүниенің шегіне жете алмайды. Сонымен қатар дүние шегі бар, шекарасы бар заттардан тұрады. Басқаша айтқанда, дүниенің шексіздігі шекті заттардың болуымен байланысты. Бірінсіз бірі болмайды, қарама-қарсылықтар (шектілік және шексіздік) бірін бірі керек етіп тұрады.
Кант философиясының негізгі мәселелері мен міндеттері.
«Пролегомендер» деген еңбегінде Кант өз философиясының жай-жапсарын қысқаша баяндап береді. Ол еңбегі алғаш рет 1783 жылы басылып шықты. Канттың ғылыми еңбектерi екi кезеңге бөлiнедi: «Сыни кезеңге дейінгі» және «Сыни кезеңдегі».
Сыни кезеңге дейінгі кезеңінің мәні ─ «Жалпы бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» деген еңбегі бойынша талданады. Бұл еңбекте:
Материяның бірлігі, қозғалысы және оның заңдары туралы жаңа ойлар айтты.
Жаратылыстану ғылым теориясының саласында тарихи екі жаңа гипотеза ұсынды:
а) күн жүйесінің табиғи жолмен пайда болуы (ғылымға бұл Кант-Лаплас гипотезасы болып кірді). Күн жүйесінің газ тектес тұмандықтан пайда болғандығы туралы идеясы тек астрономияға ғана қосқан үлесі емес, жалпы дүниетанымдық, әдістемелік маңызы бар жаңалық болды. Оның космогониялық ілімі неміс философиясына үлкен әсер етті. Бұл ілім дүниеге деген қалыптасқан метафизикалық көзқарасты жеңді.
б) тасқындар салдарынан жердің айналуының бәсеңдеуі.
«Дүние жаратылды» деген пiкiрдi жоққа шығарып, жаратылыстану туралы еңбегінде оны материализм тұрғысынан шешті. Планеталардың алғашқы газға ұқсас тұмандардың қоюлануы арқылы, өзіне тән тартылыс және серпіліс секілді қарама-қарсы күштердің арқасында өздігінен, ешқандай сыртқы күштердің әсерінсіз, пайда болатынын айтты. Хайуандардың пайда болуы, бүкіл дүниеге қалай таралғандығы жайлы, адамның табиғи жолмен шыққандығы туралы идеялар ұсынды.
Кант философиясының тарихы, маңызы, оның диалектикалық ойлауды дамытуында болды.
Кант екінші
кезеңде өзінің философиялық
жүйесінің орталық мәселесі етіп
адамды, оның тану мүмкiндiгiн қойды.
Адамға керегі бостандық, бірақ
ол адамда жоқ. Адамда бардың
бәрі табиғи қажеттіліктің арқасында
қалыптасты. Адамның рухани тілегі
мына философиялық сұрақтарға
байланысты:
Нені біле аламын? (Метафизика немесе философия). «Таза ақыл-ойды сынау». (1781 ж.)
Нені білуім керек? (Мораль, этикалық ілім). «Практикалық ақыл-ойды сынау» (1788 ж.)
Неге сенуге болады? (Дін) «Ақыл шеңберіндегі дін» (1793 ж.).
Адам деген не? «Антропология» (1798)
Кант философиясы
болмыс, әдептілік және дін туралы
мәселелерді қарастырмастан бұрын,
танып-білу мүмкіндігінің шегiн
белгілеп алуды ұсынады.
«Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде таным мәселесін талдайды. Канттың пікірінше, таным процесі үш сатыдан өтеді: 1. Сезім-түйсік сатысы. 2. Сараптаушы ақыл-ой. 3. Таза ақыл-ой. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь-в-себе) – заттар мен құбылыстардың мәнi, біздің санамызда берiлген «біздік зат» (вещь-для-нас) - заттар мен құыбылыстардың сыртқы көрiнiсi немесе табиғат, деп екіге бөледі. Бұл дуалистік көзқарас. Өйткені, ол материалдық заттардың объективтік өмір сүруін мойындайды, алайда мәнін танып - білуге болмайтын «өзіндік зат» бар деп агностиктік ұйғарымға келеді. Зат ішіндегі мәнді ешуақытта таза ақыл-оймен анықтауға болмайды. Бұл трансцендентальдық, яғни логикалық ойлаудан, тәжірибиеден тыс.
Агностиктік білімнің пайда болуына байланысты, заңды сұрақ туады: егер жеке заттарды және тұтас әлемді тану мүмкіндігі жоқ болса, ғылыми білімнің тегі мен мәні қандай? Кант осыған өзінің гипотезасы мен теориясын жасады? Осы мәселелерді түсіндіру үшін, ол өзінің таным теориясына априорлық білім түсінігін енгізді, бұл ─ тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден тыс алынған білім болды. Априорлық ─ ақыл-ойда әуел бастан бар және дәлелдеуді керек етпейді. Мысалы, «Адам өмірі уақытпен өтеді», «Барлық дененің ұзындығы бар». Тек априорлық білім дәлелді және сенімді, жалпылық және қажеттілік қасиетіне ие бола алады. Ол априорлық білім түрлеріне біздің кеңістік пен уақыт туралы түсінігімізді жатқызды. Бірлік, көптік, тұтастық, нақтылық, терістеу категориялары тәжірибеге дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олар «бiздiк заттардың», табиғаттың ретсiздiгiн жоюға, жүйеге келтiруге қолданылады, яғни соңғыларды бiздiң санамыздың өзi жасайды - бұл Кант философиясының субъективтiк идеализмге ауытқуы.
Априорлық білімге байланысты адамның өзінің жеке эмпириялық тәжірибесінен шығу қабілеті туады. Осыдан, ол өзінің философиясын ─ транцендентальдық деп атады. Канттың априорлық формаларынан адамзат мәдениетінде қалыптасқан (заттандырылған) дағдылық, іскерлік және қабілет тыс қалған. Атап айтқанда, мәдениеттің негізінде ғылым, техника, өнер бар, біздің білім жеке адамға көп тәуелді емес. Бұлар шынында да жеке адам тәжірибесінен бұрын, қалыптасқан және олар үшін априорлық болады. Бірақ таным субъектісі адамзат болғандықтан, бұл білім апостериорлықтан, яғни тәжірибеден алынған.
Апостериорлық білім ─ тәжірибеге негізделген, әрі қолда бар материалдардың деректеріне сүйенген. Мысалы, адам тәжірибеден білетіні барлық металдар балқиды, бірақ теория жүзінде балқитынын дәлелдеуге болмайтын металдар бар. Сондықтан тәжірибеден алынған білімнің (эмпириялық, апостериорлық) дұрыс және толық болмауына байланысты, ол жалпылық болуға таласпайды.
Кант ілімінде танымдық қабілеттің негізгі мәселесі: ақыл-ой мен антиномиялар туралы, осы ілімнің ықпалы ерекше еді. Бұл жаңа заман философиясының ең маңызды, әрі терең жетістіктерінің бірі болды. Әр ойдың кері түрі бар деген диалектикалық заң ретіндегі антиномияға мыналар жатады:
Кеңістік және уақыт:
Дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті.
Дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шексіз.
Қарапайым және күрделі:
Әрбір күрделі зат қарапайым бөлшектерден тұрады.
Дүниеде қарапайым зат мүлде жоқ.
Бостандық және себептік:
Дүниеде табиғи заңдар бойынша себептілік қана емес, бостандық та бар.
Бостандық жоқ. Дүниеде бәрі де қатал себептіліктегі табиғи заңдар бойынша жасалады.
Құдай және мән:
Құдай бар - сөзсіз тіршілік иесі, барлық тіршіліктің себебі, дүние ме?
Құдай жоқ - дүние мәнсіз. Ешбір абсолютты тіршілік иесі жоқ.
И. Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі деген диалектика заңын ашыуына үлкен ықпал жасады.
1783 жылы «Пролегомендер»
(«кіріспе») кітабында философиялық
категориялар тәжірибеден тыс, оған
дейін адам басында таза идея
күйінде пайда болады деп, олардың
12-сiн атап көрсетті. Сараптау
парасатының түрі - категориялар (жалпы
ұғым), солардың көмегі арқылы
алғашқы түйсіктегіні «жүйе координатында»
ұғыну және реттеу жүредi. Канттың
пікірінше, сараптау категориясының
көмегімен түйсіктегі ретсіздікті
ақыл-ойдың сөресіне орналастырып,
ойлау қызметін нәтижелі етуге
болады. Ол 12 категорияны көрсетіп
оны 4 топқа, әр топта үштен орналастырды.
Сонымен бірге алғашқы әр топтың
екі қатегориясы қарама-қарсы
топтың қасиеті, сипатты, үшіншісі
─ олардың - синтезі:
Сан категориясы |
Сапа категорияс |
Қатынас категориясы |
Модальдық категориясы |
Бірлік |
Нақтылық (реальность) |
Субстанциональдық (Уақытша
бәсеңдейтін жеңіл-желпі заттардың
қасиеті) |
Мүмкіндік және мүмкін емес-тік. |
Көптік |
Терістеу |
Себеп және салдар |
Өмір сүру және өмір сүрмеу |
Тұтастық |
Шектеу |
Әрекеттестік (екі жақтың өзара қатынасы) |
Қажеттілік пен кездейсоқтық |
Бұл сатыда априорлы категориялар арқасында жаңа реттелген түйсіктер жиынтығы қорытындыланып, тұжырымдалып, заңдылыққа бағынып жаңа білім пайда болады. Осы екі сатыдан шығатын білімді ─ транцендентальдық білім дейді. Транцендентальдық дегеніміз ─ логикалық ойлаудан, тәжірибеден тыс, заттың өзін емес, априорлы танып-білу мүмкіндігінің осы затты қандай деңгейіне дейін түсінуін айтады.
Ақыл-ойдың таза түрі жоғары идеялар, мысалы, Құдай идеясы, жан идеясы, дүниенің мәні идеясы, т. б. Философия ─ Канттың пікірінше, жоғарғы мәлімет идеясы туралы ғылым. Таза ақыл-ой тануға болмайтын әлемдi, «өзіндік заттардың мәнін, табиғатын түсінуге» ұмытылады, бұл қайшылыққа, қиялға, антиномияға алып келеді.
Кант адам мінезін, парызын және құдайдың барлық мәселелерін өзінің «Практикалық ақыл-ойға сын» еңбегінде талдайды. Оның «таза ақыл-ойы», «практикалық ақыл-ойды» құруға қажетті негіз болды. Мораль қандай болу керек? Адамның әдептілігі, оның мінез-құлқы дегеніміз не? Таза әдептілік - қоғам санасындағы адамгершіліктің барын мойындауы, яғни әр жеке адамның оны өз бойына біткен қасиет ретінде түсінуі. Таза әдептілік пен нақты өмірдегі адамның мүддесі, іс-әрекеті (қылығы), ниеті арасында өте күшті қайшылық бар. Ал мораль адамның мінез-құлқынан, қоршаған ортадан тәуелсіз, тек моральдық заңға ғана бағынуы керек. Канттың пікірінше, мораль абсолюттi және міндетті.
Жоғарғы және сөзсіз орындалатын, бәріне бірдей әдептілік заңын ол ─ әдептілік императиві деп атады. Кант: «Жалпыға тән заңға айналғанын, өзің қалай алатын ұстанымды ғана өзіңе жетекшілікке ала отырып әрекет ет»1 - дейді. Әдептілік императиві - қоғамда қалыптасқан әдептілік заңдарын сыйлау, өз міндетіңді өтеу, сол ғана әдептілік іс болып саналады. Ол адамдардың игіліктерге, бақытқа ұмытылуын немесе сүйіспеншілік, жақсы көру секілді адамға тән құбылыстарды әдептілік императив шеңберіне енгізбейді. Әдептілік пен әдепсіздік ара қатынасында тәжірибе көрсеткендей сәйкестік жоқ. Өмірдегі ең бір үлкен табыс пен олжаға әдепсіз, көргенсіз, адамдық қасиеті жоқ жандар жетеді, сондықтан, әдепті жандар шет қалып отыр. Бұл біздің әдептілік санамызға қарсы келетіндіктерін, әділеттіктің кепілі ─ Құдай дейді.

- Канун Второй мировой
- Канцеляризмы и речевые штампы в стилистике
- Канцелярские и школьно-письменные товары
- Канцелярские товары
- Канцелярские товары. Школьные и письменные
- Канцерогенез
- Канцерогенны
- Кантовские учения о морали
- Кан топтары
- Кант о свободе и морали
- Кант – основоположник немецкой классической философии
- Кант – основоположник немецкой классической философии
- Канттың “Практикалық зердеге сын” еңбегі
- Канттың философиядағы таным мәселесі