Каржы қаражаттары
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: қазіргі таңда кәсіпрындардың ұзақ және қысқа мерзімді стратегияларын жасауда, өздерінің мақсаттары мен жоғары табыстылыққа жету үшін қаржылық жоспарлану мен болжамдаудың маңызы артып отыр. Сондықтан да кәсіпорын қазіргі нарықтық жағдайға тәне қаржылық жоспар мен болжамдар жүйесін әзірлеу керек.
Меншіктің түріне, қызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын жоспарлаумен айналыса алады. Жоспарлау - бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет.
Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған басқару жүйесі кезіндегі отандық экономикаға қарағанда, неғұрлым жоспарлы болып табылады.
Нарықтық
экономика жағдайында айрықша ерекшелігі
бойынша бірінші кезекте
Бұл мәнін
әлі жоғалтпаған нарықтық экономика
жағдайында базаны анықтау үшін қажет
(мысалы, жоспарлаудың бағдарламалық
мақсатты әдістері, оның ішінде ғылыми-техникалық
серпіліс және өндірістік-техникалық
қайта жабдықтау
Жоспарлауды басқару функциясы ретінде ірі өнеркәсіптіқ кәсіпорындарда олардың және әрбір бөлімшесінің мақсатын белгілі бір кезеңге нақтылауда, міндетті қоюда және оған жету жолдарын тандауда, қойылған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қажетті еңбек, қаржы, материалды ресурстарды анықтауда жүзеге асырылады.
Ресурстарды
дұрыс жоспарламай, сол кәсіпорынның
қызметін табысты жүргізу мүмкін
емес. Ресурстарды жоспарлаудың бірінші
сатысына жоспарланған кезеңнің әрбір
жылына қажетті ресурстар көлемі
мен түрі бекітіледі, әрі қарай
жабдықтаушылардың
Нақты мақсатқа
жетудің бағыты мен тізбектілігін,
сонымен қатар технологиялық
тізбектің жолын анықтауда
Жоспарлы қызмет - қазіргі менеджменттің негізгі функцияларының бірі. Басқарудың орталықтанған жүйесі жоспарлы-экономикалық бөлім және кәсіпорындағы бухгалтерияға бөлінеді, өйткені ақша көбінесе есептеу функциясын орындайды. Нарықтық экономика жағдайында, кәсіпорын стратегиясының негізі кіріс пен шығысты жоспарлау болады; жоспарлаудың қаржылық аспектісі (бюджеттеу) жоспар жасау кезінде және оны нақтылап, орындау кезінде негізі болып табылады.
Ұсынылып
отырған жұмыстың мақсаты – іс-тәжірибе
барысында алынған шаруашылық жайлы
материалды жүйелі түрде
талдау, осы мәліметтерді өңдеу, кәсіпорында
қаржылық жоспарлау және өндірістік-шаруашылық
қызметін талдау және кәсіпорында қаржылық
жоспарлауды жетілдіру бойынша
ұсыныстарды өңдеу болып
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер атқарылады:
- Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздеріне тоқталу;
- «Восток» ЖШС-нің қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесіне тоқталу;
- Кәсіпорындарда қаржылық жоспарлауды ұйымдастырудағы мәселелері мен шешу жолдарын талдау.
Зерттеу
жұмысының пәні ретінде қаржылық
жоспарлау мен болжамдау
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың теориялық негіздері
- Қаржылық жоспарлау түсінігі және кәсіпорын қызметін басқарудағы рөлі
Нарықтық жағдай кәсіпорындағы жоспарлаудың белгілі бір мақсатты бағыты мен сипаты болуын талап етеді. Дер кезінде кәсіпорынға ықпал ететін сыртқы факторларын (бәсекелестердің, өткізу нарығының, тұтынушылардың және т.б) ескеру, алдағы ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, экологиялық, саяси және басқа да өзгерістердің ықпалын анықтауға ұмтылу керек.
Мемлекеттік
органдардың бұрынғы
Барлық басқару функциясының ішінде жоспарлау ең елеулісі болып табылады, өйткені мұның өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негізгі функциялардың бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт функцияда (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істек, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай-ақ жоспарға сәйкес көзделген мақсатқа жету үшін бақылайды.
«Жоспарлау» ұғымына мақсатты айқындау және оған жету жолдары енеді: батыста кәсіпорынның әрекетін жоспарлау, өткізу, қаржы, өндіріс және сатып алу секілді маңызды бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Мұндайда, әрине, барлық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Жоспарлау процесінің өзі төрт кезеңінен тұрады:
- жалпы мақсатты ойластыру;
- белгіленген біршама уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау;
- оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;
- жоспарлы көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы қойылған мақсатқа жетуді бақылау.
Жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және бақылауға тырысады. Сондықтан да, жоспарлаудың сенімділігі бұрынғы нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді. Мұндай сенімділікті қамтамасыз ету бухгалтерлік дәл есепсіз және ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін еместігі айқын. Кәсіпорын әрқашанда жалпы рыноктың шағын бөлігі ғана болып саналатындықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет. [1]
Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономикалық дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда рынок көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау, соғұрлым оңайырақ болады. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады.
Кәсіпорында жоспар жасау үшін, қажетті ақпараттар толық болмағандықтан, ал кейбіреуі мүлдем белгісіз болғандықтан, кейбір деректер жетіспейтіндіктен, жоспарлау сатысы көбінесе қызметкерлердің өз ісін қаншалықты жетік білетіндігіне байланысты.
Осыған орай, жоспар жасаған кезде барлық көрсеткіштер толық пайдалануы, сонымен қоса жоспар жасағанда өзгеріс енгізетіндігі ойластырылуы, ал жоспардың өзі жоспардың өзгеруіне қарай үйлестіріліп отыруы тиіс. Сондықтан да, жоспарда резервтер ескеріледі. Алайда, резервтің көп болуы жоспардың көптігіне нұқсан келтіреді, ал шамалы резервтер жоспарды жиі-жиі өзгертуге мәжбүр етеді. Жоспар көрсеткіштерін нақты басшының билігінде, оның орындалуын үйлестіру мен бақылау да соның игілігінде.
Жоспардың екінші сатысы – кәсіпорын учаскелері өндірісінің нақты бағыттары бойынша жоспар жасау. Онда жекелеген міндеттер қойылып, ақша, сондай – ақ сандық көрсеткіштері айқындалады. Мұнда жоспарлау кезінде осал орындар, басқаша айтқанда, кәсіпорын қызметінің маневрлігін, демек істің даму мүмкіндігін шектейтін салалар қатыстырылмауы тиіс.
Барлық жоспардың табыс және шығын бөліктерінің сальдосы (актив пен пассив жиынтығы) бюджетке, яғни шығын мен табыс жоспарына енгізіледі, өйткені мұндайда негізгі бағыт өтімділігі – кәсіпорынның төлем қабілетін сақтау болып саналады. Әдетте, жекелеген жоспарлар тек сандық көрсеткіштер бойынша жасалады, оларды өзара байланыстырғаннан кейін ғана ақша көрсеткіштерін есептейді.
Батыс кәсіпорындары қызметінің осал тұстары, сату саласы болып саналады, сондықтан да кәсіпкерлік пен басқарудың барлық негізгі салаларында рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемін болжамдау негізгі роль атқарады.
Кез-келген қаржы жоспарының нақты бағасы өнімді сату көлемінің мүмкіндігін болжамдауға немесе өткізуден түскен пайда көлемін болжамдауға байланысты. Сол себепте де рынок сыйымдылығы мен өткізу көлемін болжамдау маркетингте және өткізу ісінде айрықша роль атқарып қоймай, басқа да іс-әрекет бағытында шешуші фактор болып саналады. Мәселен, өндірісте - өндірістік қуат ауқымын жоспарлағанда, жабдықтауда – шикізат қажетін, ал қаржы саласында – ақша айналымы мен күрделі қаржыны жоспарлағанда болжамдау ерекше қажет.
Жоспар жасаудың алғашқы қадамы бастапқы ақпарат жинау болып саналады, өйткені мұның өзі рынок туралы толық мағлұмат береді.
Жоспарлаудың директивті және индикативті түрлері де белгілі. Директивті жоспарлау оны орындайтын бөлім үшін міндетті болып саналады. Директивті жоспарлау нарықтық қатынаста балама түрінде бола отырып, мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлікте, мысалы, кәсіпорында ағымдағы жоспарлау үшін қолданылады. Индикативті жоспарлау макродеңгейде жиі қолданылады. Индикативті жоспарлаудың тапсырмасы орындалуы міндетті болмайды. Олар әлеуметтік-экономикалық саясат бағамындағы мемлекеттік басқару органының әзірлеуі мен қалыптасуы нәтижесінде анықталынған елдің экономикасының даму бағыты мен көрсеткіштерін сипаттайды.
Кәсіпорын индикативті жоспарды келесідей нысандардың бірінде жүзеге асыруда қатыса алады: 1) республикалық немесе аймақтық мақсатты кешенді бағдарламаларда қатысу; 2) өнімді жеткізу, мемлекеттік қажеттілік үшін қызмет пен жұмыстардың орындалуы. Индикативті жоспарлау микродеңгейде де, оның ішінде болашақты жоспарлауды құруда және жасауда қолданылады.
Мазмұны, мақсаты және міндеттеріне байланысты жоспарлаудың келесідей нысандарын саралауға болады. Жоспар ұзақтығы бойынша ке-лесілерге бөлінеді: 1) ұзақ мерзімді жоспарлау; 2) орташа мерзімді (бір жылдан жоғары) жоспарлау; 3) қысқа мерзімді (ағымдағы) жоспарлау.
Маркетинг, кәсіпкерлік, инвестициялау, инновация облысында кабылданатын көптеген шешімдер болашақта болатын жағдайларды бағалауға негізделген, яғни болашақта болатын жағдайлардың болжамы болады. Жоспарланған нысанның немесе үдерістің дамуының әр түрлі баламаларын болжау көмегімен анықтау және тиімді баламаны таңдауды негіздеу болжауды болашақты жоспарлаудың кезеңдерінің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қойылған мақсат маңыздылығы бойынша: 1) стратегиялық жоспарлау; 2) тактикалық жоспарлау; 3) оралымды жоспарлау; 4) инвестициялық жобалау; 5) бизнес-жоспар болып бөлінеді. Осылайша болашақтық жоспарлау стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталган ұзақ мерзімді жоспарларды қалыптастырудан тұрады. Стратегиялық жоспарлау - сыртқы ортаның басты факторы ретінде нарықтық мүддеге, нарықты есепке алуға жоспарлауды айқын бағыттау болып табылады. Стратегиялық басқарудың құрамдас элементі ретінде стратегиялық жоспарлау - балама нұсқаны іздеудің көп кезеңді үдерісі, олардың ең тиімдісін таңдау, осы таңдаудың негізінде жалпы даму стратегиясын құру, оны жүзеге асырудың арнайы тетігін қалыптастыру.
Стратегиялық жоспарлау өзінің негізінде қабылданған жоспарлы шешімдерді жыл сайын реттеу, сондай-ақ осы жоспарларды орындау бойынша сәйкес шараларды қайта қарастыру. Осыдан келіп, стратегиялық жоспарлаудың ерекше белгісі көбінесе кәсіпорынның көлемі мен мөлшеріне негізделген жоспарлы кезеңнің икемділігі болып табылады.
Тактикалық
жоспарлау – кәсіпорын
Ішкі
өндірістік шаруашылық тетігін қамтитын,
техникалық -экономикалық жоспардың
негізінде кәсіпорынның құрылымдық
бөлімшелерінің арасында байланыс орнайды,
өндірісте ғылыми негізделген парапарлы
және негізгі қызмет түрлері бойынша
бюджеттер жасалады, сондай-ақ олардың
орындалуына бақылау
Оралымды жоспарлау қысқа мерзімді кезеңде кәсіпорын қызметінің нақты сұрақтарын шешу және тактикалық жоспарлау көрсеткіштерін нақтылауға арналған. Оралымды жоспарлау жоспардың жоғары деңгейде бөлшектенуін сипаттайды, бағыты санаулы және қолданылатын әдіс-тәсілдер әр түрлі болуымен сипатталады. Инвестициялық жобалар (күрделі салым жоспарлары) өндірістік қуатты арттыруға бағытталған, ұзақ мерзімді си-патпен сипатталады. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпорын және ұйымның құрылуын негіздеу үшін, нарыкқа шығу және шаруашылық қызметтің пайдалылығын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. [2]
Кәсіпорындардағы
қаржылық жоспарлау технологиясының
өзектілігі жылдан жылға өсіп жатыр.
Берілген инструменттердің тиімділігі
мен маңыздылығын ескере отырып, фирманың
топ менеджерлері фирманы қаржылық
басқаруында жиі қолдана
Бірақ та, қаржылық жоспарлаудың технологиясын пайдалануда көптеген проблемалар туындап жатыр. Ю.Масленчиков Аccenture агентствосының мәліметтеріне сүйене отырып, қаржылық жоспар жүйесіне әсер ететін қаржыландырудың келесі проблемаларын ұсынып отыр: концептуалды, методологиялық, есептік, басқарушылық, аналитикалық, қаржылық және инвестиционды.
Ю.Масленчиковтың ұсынып отырған классификациясындағы кемшілік: қаржылық жоспарлаудың теоретико-методологиялық проблемалары қарастырылмаған. Бұл проблеманың мәні берілген технологияның негізіне салынған базалық элементтерінің мәндес анықтамалардың жоқ болуы. Бұл қаржылық жоспарлау жүйесін әзірлеуде көп варианттардың пайда болуына алып келіп, шаруашылық жүргізу практикасында қолдануды қиындатады.
Қаржылық менеджмент дамуының қазіргі кезеңінде «қаржылық жоспарлау» терминінің келесі көзқарастары бар.
Біріншіден,
ол «капиталға қаржы салуды бағалау
мен жобаны таңдау процесі және де
оны бюджет пен қаржылық жоспар ретінде
қалыптастыру» ретінде
Сондай-ақ
қаржылық жоспарлау туралы «жоспарланған
кезеңге қаржылық ресурстар көлемінің
қалыптасу көздерін және кәсіпорынның
өндірістік және маркетингтік көрсеткіштері
бойынша мақсатты пайдаланудың арнаулы
бағыттарын болжау» көзқарасы бар.
Бұған Н.Н.Куницына, О.Е.Николаева, Т.В.Шишкова
және В.Г.Золотогоров ұсынған
Г.П.Кузина
мен Е.И.Шохин сияқты авторлар қаржылық
жоспарлауды қаржылық менеджменттің
бір функциясы ретінде
Кейбір авторлар, мысалы, К.В.Щиборщ қаржылық жоспарлау «қаржыландыру» (бюджетирование) терминімен теңестіреді. Бұл көзқарас авторлардың ішінен өте көп таралған.
Сондай-ақ кебір авторлар, С.Н.Золотарев, А.А.Верколаб және т.б., қаржылық жоспарлауды кәсіпорынның белгілі мақсаттарға жетудегі басқару қызметі немесе процесі ретінде қарастырады. Мысалға, А.А.Верколаб ұсынған анықтаманы қарастырайық: «қаржылық жоспарлау – бұл кәсіпорынның болашақтағы тұрақты қаржылық жағдайын жетудегі қаржылық мақсаттарын қалыптастыру процесі, оған жету жолдары мен қаржылық қажеттіліктерді қамтамасыз ету». [3]
Бұл «қаржылық жоспарлау» туралы ең негізгі көзқарастар болып табылады. Бірақ іс жүзінде ондай көзқарастар өте көп, себебі әр автор өзінің ойын ұсына отырып, бар көзқарастарды дамытуға үлестерін қосады.
- Кәсіпорында қаржылық жоспарлау мен болжамдау жүйесі
н ұйымдастыру
Басқару жүйесінің үш негізгі түрін бөліп көрсетуге болады:
1) орталықтанған;
2) орталықтанбаған;
3) аралас, екі жүйенің де элементтері бар.
Басқару
жүйесі орталықтанған ірі
Жоспарлаудың
орталықтанбаған жүйесінде
Кәсіпорынды жүйе ретінде қарастырғанда, фирмада қаржылық жоспарлау жүйесі қалыптасу қажет.
Ол үшін берілген жүйенің мақсаты мен қызметінің нәтижесін, жоспарлау процесінің қатысушыларын, кәсіпорын бөлімдерінің қызметтерін, керек мәліметтердің құрамын, әдістерін, инструменттер мен қаржылық жоспарлаудың техникалық құралдарын анықтау керек.
Кәсіпорындағы
қаржылық жоспарлаудың жүйесі
«Қаржылық жоспарлау туралы
Қаржылық жоспарлар құрылымы жағынан болсын, мазмұны жағынан болсын күрделі болып келеді. Сондықтан да оларды жасауда кәсіпорынның көптеген бөлімдер мен бөлімшелер (қаржылық бөлім, жоспарлық-экономикалық бөлім, маркетинг бөлімі, бухгалтерия, материалды-техникалық өамтамасыз ету бөлімі, өткізу бөлімі, басты механиктің бөлімі, басты энергетиктің бөлімі, капиталды құрылыстың бөлімі, өндірістік бөлімше т.б.) өздерінің күш жігерін салу керек. Стратегиялық қаржылық шешімдер кәсіпорын деңгейінде шешілу қажет.
Қаржылық
жоспарларды құрудағы жауапкершілік
кәсіпорынның қаржылық-экономикалық бөліміне
жүктеледі. Отандық өндірістік кәсіпорындар
тәжірибесінің анализі
Қаржылық менеджердің қаржылық жоспарлау шегіндегі негізгі функциялары мыналар:
- Қаржылық стратегияны құру;
- Кәсіпорынның қаржылық саясатын құру;
- Капиталды салымдардың жоспар мен болжамдарын құру, тәуекелдің деңгейі мен алынған табысты ескере отырып, инвестициялаудың түрлі нұсқаларын бағалау, оптималды вариантты таңдау;
- Ұзақ, орта және оперативті қаржылық жоспарды құру, бекітілген қаржылық жоспарлардың көрсеткіштерін тиісті бөлімдер, бөлімшелер мен цехтарға жеткізу;
- Бекітілген қаржылық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету;
- Қаржы бөлімінің кәсіпорынның бизнес-жоспарын жасауды қамтамасыз ету;
- Жоспарлық қаржылық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасмыз ету.
Қаржылық жоспарлаудың ақпараттық қамтымасыздандыруына мыналар жатады:
- Меншік иесі мен басқа мүдделі тараптармен ұсынылған кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне талаптар;
- Кәсіпорынның стратегиялық жоспарлары туралы ақпарат;
- Ішкі басқарушылық, статистикалық пен бухгалтерлік есептің есептілігі, кәсіпорында құрылған нормалар мен нормативтердің жүйесі;
- Есепті кезеңдегі қаржылық жоспардың орындалуы туралы ақпарат;
- Қаржылық-шаруашылық қызметті реттейтін заң мен нормативтік актілер;
- Қазақстан Республикасы банктерінің ақша несие саясаты;
- Бантік жүйе мекемелерінің мәліметтері, тауар, қор мен валюта нарықтары туралы ақпарат, баты мамандардың қаржылық болжамдары және т.б. мәліметтер.
Фирманың қаржылық қызметінің негізгі проблемасы – бірыңғай оперативті қаржылық ақпараттық базаны құру. Берілген проблема тиісті техникалық жағынан қамтамасыздандырусыз шешіле алмайды: ЭЕМ жүйесі, персоналды компьютерлер, қолданбалы программалардың функционалды пакеттері. Қаржылық есептеулердің оперативтілігін қамтамасыз ету үшін қазіргі таңда жалпы және арнайы мақсаты бар көптеген қолданбалы программалар жасалынды: EXCEL, COMFAR, пакеты "Альт-Инвест", "Альт-Прогноз", "Project expert", EDIP, «БЭСТ-ПЛАН», «Бизнес-Микро», «Галактика», «1-С Предприятие», «Система R/3 т.б.
Қаржылық жоспар жүйесіне көптеген сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді: елдің экономикалық жүйесінің ерекшеліктері; щаруашылық жүргізу субъектісінің ұйымдық-құқықтық формасы; меншік формасы; басқару мен жоспарлаудың моделі; салық салу жүйесі; кәсіпорынның көлемі; қызмет түрі.
Жоспарлы экономикада кәсіпорын деңгейіндегі қаржылық жоспарлауға көп көңіл бөлінбеген. Себебі ақша құралдарының жетіспеуі немесе қызметтің залалсыздығы кәсіпорынды таратуға негіз болмаған. Жоспарлы экономика кезінде қаржылық жоспардығ құрамы:
- Бесжылдық және жылдық қаржылық жоспар (ол 3 бөлімді қамтыды: табыс пен құралдардың келуі, шығыстар мен құралдардың аударылуы, бюджеттен қаржы бөлу);
- Төлем күнтізбесі (ақша құралдар қозғалысының оперативті жоспары);
- Кассалық жоспар (кәсіпорын кассасы арқылы ақша құралдары қозғалысынығ жоспары).
Нарықтық экономикада қаржылық жоспар кәсіпорынның маңызды құжаттарының бірі болып табылады. Егер құрылған стратегия арқасында кәсіпорын жағдайының болашақта нашарлайтын деп болжамдалса, стратегия шұғыл түрде қайта қаралады.
Сонымен қатар, фирмалардың әр түрлі ұйымдық-құқықтық формаға байланысты қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктерін ескеру қажет. Коммерциялық ұйымдар мен бюджетті мекемелердің, мемлекеттік пен жеке кәсіпорындардың, шаруашылық қоғамдар мен өндірістік кооперативтердің қаржылық жоспар жасау принциптері түрліше болады. Олардың ішінен ең қиыны ашық акционерлік қоғамдардың қаржылық жоспарын құру процесі болып табылады.
Қазіргі таңда стратегиялық жоспарлау мен қаржыландыру кезінде туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған қатаң тенденциялар қарастырылып жатыр. Олар «дамыған қаржыландыру» (Advanced Budgeting) мен «бюджеттен тыс қаржыландыру» (Beyond Budgeting) аттарымен танымал.
Бірінші көзқарасты жақтаушылар қаржыландыру инструментінде күмәнданбайды. «Дамыған қаржыландыру» моделіне арналған көптеген ғылыми публикацияларда мақсатты стратегиялық көрсеткіштерге негізделген бюджетті құрастыру керек екендігі жайлы айтылады. Сонымен қатар, қарастырылған модель оралымды бюджет, қазіргі заманға сай програмалық қамтамасыздандыруды, процестерге негізделген өзін өзі реттейтін мақсаттар мен бюджеттерді пайдалануды қолдайды.
«Бюджеттен
тыс қаржыландыру» немесе «бюджеттен
тыс басқару» (ВВRT) концепциясы 1998 жылы
халықаралық жұмыс тобының
- Акционерлер күшті эффектілікті талап етеді;
- Материалды емес активтер шешуші маңызға ие;
- Инновационды процесс қызу өтеді;
- Жаһандандыру бағалардың төмендеуіне әкеледі;
- Клиенттер тұрақтылықпен ерекшелінбейді;
- Инвесторлар мен бақылау органдары этикалық нормалардың сақталуына қатаң бақылау жасайды.
Фирмаішілік жоспарлауды ақпараттық экономикаға сай құрастыру кезінде келесі мәселелердің шешілуін талап етті:
- Жоспарлардың икемділік пен бейімделгіштігін жоғарылату;
- Жоспарлауға кететін шығындарды кеміту;
- Тұрақты бәсекелестік артықшылықтарын құруға негізделген жоспарлау механизмін құрастыру ;
- Кәсіпкерлікті, шығармашылық белсенділік пен этикалық нормалардың сақталуын ынталандыратын жоспарлау инструменттерін құру.
