Кедендік баждың мәні және оның маңызы

Қазақстан Республикасының  Ғылым және Білім Министрлігі

С.Аманжолов атындығы Шығыс  Қазақстан Мемлкеттік Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:Кедендік төлемдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

      I.  Кіріспе

      II. Негізгі   бөлім:

         2.1.Кедендік  баждың мәні  және  оның маңызы

         2.2.Кедендік  төлем мен салық түрлері

         2.3.Кедендік  төлем ставкаларының түрлері,  төлеу тәртібі және есептеу тәртібі

    2.4.Кедендік  төлемді    анықтаудың  өндірістік  жағдайларын шешу                   

III.Қорытынды

     IV.Пайдаланған   әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

        Қазақстан   Республикасының  халықаралық   қатынастар  жүйесінде  толық    жарамды  субъект  ретінде   қызмет  жасауы,  экономикалық   кеңістік  шеңберінде   өзінің  ұлттық  мүдделерін  айқын   анықтауын  талап  етеді.  Қазіргі  таңда  мемлекетіміз  сыртық  сауда  саясатын  жаңа  әріптестерді  іздестіруге,  олар  арқылы  сату  нарықтарын  кеңейтуді    көздейді.  Осындай  жағдайда   дамыған   ел  өз  шекараларын   ашып,  реттеудің  әкімшілдік  әдістерін  ғана  қолдана   алады.  Ал  біз  үшін  әзір  мұндай   реттеуді  жүзеге  асыруға   мүмкіндігіміз  жоқ,  себебі  ұлттық  экономикамыз  әлсіз   болып,  халықаралық  деңгейде  болып  жатқан  құбылыстар  мемлекетке  зор   әсерін  тигізеді.

   Сонымен,  сыртқы  экономикалық  қатынастарын  ары   қарай  дамыту,  халықаралық   байланыстарын  реттеуді  тиімді  асыру  үшін  мемлекеттік   басқарудың  маңызды  элементтерінің  біреуін  -  кедендік  жүйені  әлемдегі   үнемі  болып   жатқан  өзгерістерге   сай   қалыптастырып,  шет  елдермен  сауда  қатынастарын  реттейтін   кедендік  тәсілдерінің  тиімділігін   жоғарлататын  жаңа  енгізулерді   үнемі  қарастырып  отыру   керек.     Кедендік  тарифтерді  реттеу  кеден  саясатының  негізгі  бағыты болып  табылады.  Оның  себептері  бірнеше:  біріншіден, кедендік  төлемдер   бюджеттің   кіріс  жағынан 75%-ке  дейн  бөлігін  құрайды,  өйткені   Қазақстан  дамушы  елдер   қатарына  жатады  (дамыған   мемлекеттерде  бұл  көрсеткіш  40%  мөлшеріінен  аспайды);  екіншіден,  халықаралық  эконмикада  жүріп  жатқан    либерализацияға   қарамастан  ұлттық  экономиканың  әлсіз дамыған  салалардағы    өндірушілерді  шет  ел  бәсекелестерден   қорғау    мөселі  біз   үшін  маңызды  рөл  атқарады. 

   Мемлекеттің  жан-жақты   қарым-қатынасан  реттеудің   қажеттілігі  өседі,  өйткені   мемлекеттердің  өзара  тәуелсіздігі   күшеюде.  Әлемдегі  барлық мемлекеттер   әр түрлі  тәсілдермен  өздерінің   сыртқы  сауда  қызметін  реттейді.  Сыртық  экономикалық  қызметті  реттеудің  алғашқы  әдістерінің   бірі – мемлекеттердің  ұлттық  кеден  бақылау  жүйесін   тиімдік  жүргізу   халықаралық   қатынастарда  бекітілген  нормаларда  және ережелерге  сәйкес  болу  керек. 

   Қазақстан  Республикасының   экономикасы  қазір  өте   тұрақсыз,  қиын  кезеңнен  өтуде.  Сондықтан  оған  әртүрлі   сыртқы  сауданы  реттеу  тәсілдері,  бүкіл экономикалық  қатынастарда  саны  үнемі  көбейіп  тұратын  қорғау  шаралары  қажет.

 

        1.1. Кеден  бажының   мәні,  оның   маңызы

  Кеден  саясаты   Қазақстан  Республикасының   ішкі  және  сыртқы  саясатының  құрлымдық  бөлігі  болып   табылады. Қазақстан  Республикасының   кеден  саясатының  мақсаттары  мынадай:

1.Қазақстандық  нарықты   қорғау

2.Қазақстандық  өндірушілер   мен  тұтынушыларды  қорғау

3.Экономикалық  дамуын  ынталандыру

4.Экономикадағы құрлымдық   қайта  құруды  жүргізуге   жәдемдесу

5.Монополизмге  қарсы   әркекет  пен  бәсекелестікті  қолдау

6.Экспортық  ынталандыру   және  импортты  алмастыру   өндірісті  қолдау

7.Шетел  инвестициялардың  назарын  аудару

8.Сауда  саясатының  мәселелерін  шешу

  Тауарлар  мен  көлік   құралдарын  Қазақстан  Республикасының   кеден  шекарасы  арқылы  өткізу  кезінде  және  Қазақстан   Республикасының  заңында   қарастырлған  басқа  дажағдайларында,  кедндік  төлемдер  мен салықтар  төленеді, оны  өндіріп  алу   кеден  бөлімдеріне  жүктелген.

  Кеден  баждары  бюджетке  құйылатын  міндетті  төлемдердің  бір  болып   табылады.  Олар түрлері  мен   белгілері  бойынша жіктеледі.  Халықаралық  тәжірбиеде    көбірке  таралғандары  импорттық   және экспорттық баждар  болып   табылады.  Импорттық  кеден   баждары  елдің  аумағына  әкелетін  таурларға  салынады. Ол ұлттық  немесе  еркін   жүретін  валюта,  төлеушінің  еркі  бойынша  төленеді  және  мемлекет  пайдасына  аударылады.

    Кеден   бажы -  импортталатын жүктерге  салынатын салық,  кеден аумағында тауар әкету барысында кеден органдарының  өндіріп алынатын  төлемі  және    Қазақстан Республикасының   кеден органдары тауарды Қазақстан Республикасының   кеден аумағына  әкелген кезде немесе  тауарды аталған аумақтан   әкеткен кезде    алатын  және  осындай әкелу немесе  әкетудің  ажырамас  шарты болып табылатын кеден төлемдерінің  түрі.

 

                              Кеден  бажының  түрлері

 Әкелінетін  және  әкетілетін  тауарларға  кеден  баждарымен  қатар  Қазақстан  Республиасының  заңымен  қорғаушы, демпингке   қарсы  және  өтемдік  баждар  қарстырлған.

   Қорғаушы  баждар  -  қандайда  бір тауарды Қазақстан Республикасының аумағына  жеткізу жағдайында  кеден баждарының  мөлшкрінен  жоғары  кеден органдарының  өндіріп алатын  баждары.

   Едендік  баждар  мөлшерлері  біртұтас  болып   табылады  және келісім  түрінде   тауар   алмастырушы тұлғалардан   тәуелділікте  өзгертуге  жатпайды.

   Әкелінетін  және  әкетілетін тауарларға  кеден   баждарының мөлшерлерін  Қазақстан   Республикасының   үкіметі   белгілейді  және  оларды  ресми   жариялануынан  отыз күн   өткеннен  кеәін  күшіне  енеді.

  Қазақстан  Республикасында   кейбір тауарларға  уақытша қорғау баждары әрекет  етеді

  Демпингке  қарсы  - Қазақстан  Республикасының     кеден  аумағында  оның  экспорттық  елдегі бәсекелестік  бағсынада   төмен  баға  бойынша  тауар   әкелу  жағдайында  қолданылатын  баждар.

  Өтемдік  баждар  – мынадай  жағдайларда   қолданылатын  баждар:

  • өндіру  немесе  экспорттау  барысында  тауарлардың  Қазақстан  Республикасының     кеден  аумағына әкелінуі;
  • өндіру  барысында  тауарлардың  Қазақстан  Республикасының    кеден аумағының  шетке  әкетілуі

Кедендік  хаттау  үшін  кеден  алымдары - Қазақстан  Республикасының   кеден  шекарасы  арқылы  өткізлетін  саудалық  мақсаттағы  тауарлардан  емес, халықаралық  пошталық  жөнелтулердің  күзетілмейтін  жүктері  орналасқан  көлік  құралдарының  кедендік  хатталуы барысында  өндіріп  алынады.

  Кедендік  хаттау    үшін  кеден  алымдары, сондай- ақ, кеден  режімінің  өзгеруі   барысында  өндіріп  алынады.

  Кедендік  хаттау үшін  алым  мөлгері кеден құнының  0,2  пайызын құрайды.

 Қазақстан  Республикасы  мен ТМД елдері  арасындағы  бекітілген  еркін  сауда (берілген  келсімдер  жағдайларымен   сәйкес)  немесе  кедендік  одақ  туралы  келсімдер   негізінде  ТМД   елдерінен  Қазақстан   Республикасына  әкелінетін  және  Қазақстан  Республикасынан ТМД  елдеріне  әкелетін  тауарлар  қатнасына кедендік  хаттау  үшін  кедендік  алымдар  төленбейді. Берілген  келсімдер   мен тиісті кедендік  хаттау  үшін  кедендік  алымдар  Қазақстан  Республикасының   төмендегі  елдермен  өзара әрекеті барысында өндіріліп  алынбайды:  Ресей  Федерациясымен, Беларусь  Республикасымен, Қырғызстан  Республикасымен,  Тәжікстан  Республикасымен  және  Армян    Республикасымен.

     Маусымдық   кедендік  бажы  - тауарлар  әклу  мен  әкетуді   жедел  реттеп  отыру  үшін  Қазақстан  Республикасының   Министрлер  Кабинеті  маусымдық   бажды   қолдана  алады.  Бұл   орайда  кеден  тарифіне  көзделген   кеден  бажының  ставкалары   қолданылмайды.  Маусымдық баждың  қолданылу мерзімі  ол белгіленген   сәттен  бастап   4 айдан   аспайды.

  Арнайы кеден   бажы:

 Егер  тауарлыр    Қазақстан  Республикасының   аумағына соншалықты  көп  мөлшерде  немесе  осындай  өнім  өндіретін   отандық  өндірісшілерге  зиян  келтіретін  немесе  тікелей   бәсекелес тауарлар  арқылы  зиянды   қауіп  төндіретін   жағдайларда   әкелінетін  болса, қорғану   шарасы  ретінде; 

  Осы  салада  Қазақстан   Республикасының  мүддесін  бұзатын   сыртқы  экономикалық  байланыстарға   қатушыларға  ескеру  шарасы  ретінде,  сондай-ақ  Қазақстан   Республикасының   заңдары мен   айқындалатын  жағдайда  нысапсыз  басекелестіктің   жолн  кесу  шарасы  ретінде;

Басқа  мемелекеттер  мен  олардың  одақтары  тарапынан  Қазақстан  Республикасының   мүдделеріне  нұқсан  келтіретін  кемсітушілік  және  өзге де  әрекеттеріне  жаап  шарасы  ретінде  қолданлады.

   Қазақстан  Республикасының   кедендік  аумағына  әкелінетін  және  бұл  аумақтан   алып  кетілетін тауарлар мен  көлік   құралдарына  кедендік  баждар  салынады.  Кеден  баждары –  тауарларды,  бағалы  заттарды, әр  түрлі  қозғалатын  мүлікткі, оның  ішінде кеден  вдомствосының   бақылауы  астында  шекара  арқыл  өткізлетін  жылу, электр  және  т.б.  энергияларды  әкелу,  аумақтан  асырып өткізу  немесе  алып  кету кезіндегі  кеден   органдарымен  алынатын  міндетті  түрдегі  мемлекеттік  ақшалай   алымдар.  Баж  салынатын тауарлар  мен  баж мөлшерлемелерінің   тізімі     Қазақстан  Республикасының   Кедендік  тарифінде   көрсетілген.  Дамушы  мемлекеттерден   импорталатын    тауарларға   кеден   бажының   преференциялдық    мөлшерлемесі   салынады.  Ең   аз  дамыған   елдерде   шығарылған  тауарларды     әкелу     кезінде   преференциялдық    0   мөлшерлеме   қолданылады.  Өнеркәсіптік     дамыған   мемлекеттердің   дамушы   елдер   үшін  преференциялары   Біріккен    Ұлттар   Ұйымының   қарауында   ұйымдастырылған   преференциялар   жалпы   жүйесіне   кіреді. 

     Кеден  баждарының   мөшерлемелері      Қазақстан   Республикасының  Үкіметімен  бекітіледі,  бірыңғай  болып   табылады  және     Қазақстан   Республикасының  кеден  шекарасынан  тауарларды  өткізетін тұлғаларға, мәміле  түрлеріне,  кеден заңдарында  көрсетілген кездерінен басқа   жағдайларға байланысты  өзгертілмейді,  және  ресми   жарияланғананан   кейін   30 күн   өткен  соң   күшне   енеді.  Кедндік  рәсімдеу  үшін кедендік  баждан  тыс,  төленетін  кедендік баж   сомалары,  кедедік  баждың  бір  түрінен  әр  түрлі  валютамен төлеу кедендік органының  рұқсаты қажет.     

 

        1.2. Кедендік  төлем мен  салық   түрлері 

 Қазақстан  Республикасының   кеден   шекарасы  арқылы  тауарлар  мен көлік  құралдарын  өткізу  кезінде  және     Қазақстан   Республикасының  «   Қазақстан   Республикасында  кеден  ісі   туралы»  Заңмен бекітілген  басқа  да  жағдайларда кеден   төлемдерінің  келесі  түрлері   алынады:

  • кеден  бажы;
  • Қазақстан Республикасының кеден органдары лицензияны  беру үшін  алым;
  • тауарларды  кедндік  алып жүру  үшін  кеден  алмы;
  • кедендік  рәсімдеу  бойынша  маманның  біліктілік  куәлігін  беру  үшін  алым;
  • кедендік  рәсімдеу  үшін  кедендік  алым;
  • алдын  ала  шешім  қабылдау  үшін  төлем;
  • ақпарат  және  консультация  бергені  үшін алым.

  Салықтар -  тауарлар  мен  көлік  құралдарын  Қазақстан   Республикасының  кедендің  шекарсы   арқылы  өткізуге  байланысты   алынуы  Қазақстан  Республикасының   кеден  органдарына  жүктелген   ҚҚС  мен  акция  және  бұл белгіленген  мөлшерде  жән  көрсетілген  мерзімдерде   мемлекеттің  өзінің қызметтері  мен  міндеттері  жүзеге  асырудың  көзі  болып  табылатын  ұлттық  табыстың  бір  бөлігі.  Салықтар  мемлекеттің  құрлуы  мен   қатар  қалптасты  және мемлекеттің   өмір  сүріп  дамуының  негізі  болып  табылады. 

         Салықтың   түрлері

  1. Қосылған  құн  салығы 
  2. Корпарациялық  табыс  салығы
  3. Жеке  табыс  салығы
  4. Әлеуметтік  салығы   және  т.б.

Заңды  және  жеке  тұлғаларға  мемлекеттік  органдар  көрсеткен  қызмет  үшін  олардың   міндетті  төлемдері  төлемдер  болып  табылады.  Осы  төлемнің  сомасы  жергілікті  бюджетің    табысына  түседі  немесе  белгіленген  үлесте  бюджетке   және  сәйкес  ұйымға  қосылады,  олардың  қызметін  дамыту,  ілгерлету, шығындарын бөлшектеп  немесе  толғымен  өтеу  үшін  қызмет көрсеткен ұйымның,  мекеменің  қарауына  толығымен  түседі.

   Төлемдерд  өтеу  қаржылық  тұрғылары  және жргілікті   бюджеттерге  есптелетін, сонымен   бірге  мүліктік  құқықты   техникалық  процедураларды  және  тіркеулерді, объкетінің  қызметінің  белгілі  бір  жағдайын  бекітуді  қосатын  қызметтің кең   аумағында  жүзеге  асырлады. 

   Қазақстан  Республикасының  кеден  заңдарына  сәйкес  анықталатын тауарлардың  кедендік  құны, кедендік   рәсімдеу   үшін  кедендік  алымдар,  импорттық   кедендік баж, импортайтн  тауарға   төленетін  акциз.

  Кеден заңдарына   сәйкес  анықталатын  кедендік  құн   немесе  тауардың  заттай   мөлшері  импортталатын  акциздік  тауарлар  бойынша  салық   салу  объектісі  ретінде   алынады.  Белгілеуге  жататын  тауарлар  бойынша, есептелген  акциз  сомасы  алып  келінетін   тауарлардың  көлемі  бойынша   акциздік алым  маркаларының  құынына  азайтылады.  Сондықтан   кеден  жеңілдігі  түсінігі  тариф   жеңілдігі  түсінігінен   кеңірек. 

   Кез-келегн  кедн  жеңілдігінің  мақсаты  салық   міндеттемесінің  көлемін   қысқарту.

    Кедендік  төлемдерді  салудан  босату  тарифтік   преференциялар,  кедендік  төлемдер  мен  салықтардың  артық   төлемін  қайтару,  сондай-ақ  талаптың  ескеру    мерзімі. 

   Жабдық, шикізат   және  материалдардың  (спирт,  алкоголь және  темекі  өнімдерінен   тыс  импорты, сондай-ақ  инвестициялық   жобаны  іске  асыру  үшін  өңдеусіз  сатуға  белгіленген   тауар  импорты).

  Қазақстан  Республикасы  агенствосының  инвестициялар   мен  инвесторлар  бойынша   келісілген   контрактысына   сәйкес,  кедендік  баж  салымынан   жартылай  ғана  бөлшаетей   босатылады.

  Кедендік  рәсімдеу  үшін  алынатын  кедендік  алымнан   босату мақсатымен  тауардың  шыққан  тегін  басқа  құжаттардың   негізінен  белгілейді  (тауардың  шыққан  сертификатынан  тыс): сала  сертификаты,  қауіпсіздендіру,  счет  фактуралар  мен   бұйым   құжаттары.

  Талап,  шарт,  шектеулер   бұзылған  кезде  олардың   сақталынуы  кеден  төлемдеріне   берілетін  жеңілдіктер  кенден  төлемдерінің  сомасы  және  салқ  кеден  органдарымен    Қазақстан   Республикасының  заңдарында  қаралғандай  жауапкершілік   шара  және  өсімпұл төлендірідеді.

 

       Кенден төлемдері  мен  салықтарын  төлеушілер  

  Кеден  төлемдері   Қазақстан  Республикасынң  орталық   кеден  органы  айқындаған  тұлғалар  төлейді.  Салық  төлейтін  тұлғалар  Қазақстан  Республикасының   салық  заңдарымен   белгіленеді. 

    Кеден  төлемдері   мен   салықтарын  төлеу   мерзімі.

  Кеден  төлемдері   мен  салықтары   кеден   деклорациясы  қабылданғанға    дейін   немесе  қабылданған   күні   төленеді.   Егер  кеден   деклорациясы   белгіленген   мерзімде   берілмесе  ,  онда   кеден  төлемдері   мен   салықтакрын  төлеу  мерзімдері   кеден  деклорациясын   беру  мерзімі   өткен   күннен   бастап   есептелінеді.

          Кеден  төлемлері   мен  салықтарын  төлеу  тәртібі.

 Кеден  төлемдері   мен   салықтары    мемелекеттік  бюджетке  енгізіледі.

    Кеден  төлемдері   мен   салықтары   Қазақстан   Республикасының  кеден  органына , ал  халықаралық    почта   жөнелтілімдері    арқылы   жіберілетін    тауарларға   қатысты   кеден  төлемдері    мемлекеттік   байланыс   кәсіпорнына   төленеді,  ол  аталған   төлемдерді   Қазақстан  Республикасының   орталық   кеден  органы   Қазақстан  Республикасы    Көлік  және  каммуникациялар   министрлігімен   бірлесіп   айқындайтын  тәртіппен   Қазақстан   Республикасы   кеден  органдарының   шоттарына  аударады.  Кеден   төлеидерін   төлеу  тәртібін  Қазақстан  Республикасының    орталық   кеден  органы  Қазақстан  Республикасының   Қаржы   министрлігімен  бірлесіп ,   Қазақстан  Республикасының   Ұлттық  банкінің  келісімі     бойынша  анықтайды.  

Кеден  төлемдері  мен  салықтарын   төлеуді   қамтасыз   ету.

  Кеден  төлемдері   мен   салықтарын  төлеу   тауарлар  мен  көлік  құралдарын   кепілге  беру  және   үшінші    жақтың  кепілдігімен   не  тиісті  соманы    депозитке   салу   арқылы    қамтамасыз  етіледі. 

       Егер   Қазақстан  Республикасының   кеден  органы   өзгеше   шешім  қабылдамаса , кепіл   кезінде   кепілге  берілген  тауарлар   мен   көлік   құралдары   кепіл  берушіде   қалдырылады. 

      Кепіл   берушінің   Қазақстан  Республикасы   кеден   органының   келісімінсіз   кепіл  затына  иелік   етуге   құқығы  жоқ. 

    Кепілді   ресімдеу  және  кепілге  берілген  затты   өндіріп  алу  Қазақстан   Республикасының   кепіл  туралы  заңдарына   сәйкес  жүзеге  асырылады.

    Кеден  төлемдері  мен   салықтарын  төлеуді   қамтамасыз   ету   ретінде   банк  операцияларының   жекелеген   түрлерін   жүзеге    асыруға   өкілетті   банктің   немесе   ұйымның   кепілдігі   пайдаланылуы   мүмкін.

     Мұндай   кепілдіктерді    қолдану   тәртібін   Қазақстан   Республикасының   орталық  кеден  органы  айқынлайды. 

   Кепілдік  шарттарын   сақтамаған  жағдайда  кеден   органы  банк  операцияларының   жекелеген  түрлерін  жүзеге  асырушы  осындай  банктердің  немесе ұйымдардың  кеден  төлемдерімен  салықтарды  төлеуді  қамтамасыз  ету  ретіндегі  кепілдіктерін   қабылдамауға  құқылы.

  Егер  тауарлар  еркін   айналысқа  шығарылған  не экспорттың  кеден  режиміне  сәйкес  әкетілген   болса,  онда  төленуге  тиісті  кеден  төлемдері  мен   салықтарының  сомасы  депозитке   салынады.

  Сомалардың  депозитте   сақталған  уақыты  үшін  проценттер  есептелінбейді.

  Тиесілі  сомаларды   депозитке  салу  және  оларды  қайтару  тәртібін  Қазақстан   Республикасының  орталық   кеден  органы  айқындайды.

 

                       Кеден  төлемдері  мен   салықтары  төленетін  валюта

  Кеден  төлемдері   мен  салықтары      Қазақстан   Республикасының  ұлттық  валютасымен,  сондай-ақ  мұндай  төлем  шетел   валюасмен  ғана  төленетін   жағдайды  қоспағанда,  бағамын   Қазақстан  Республикасының   Ұлттық  банкі  белгілейтін   шетел  валюталарымен  төленеді.

  Шетел  валютасын   Қазақстан  Республикасының   валютасымен  есептеу  кеден   органының  кеден  декларациясын   қабылдаған  күнге  қолданылып  жүрген  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банккісінің  бағамы  бойынша  жүргізледі.

 

       Кеден   төлемдері  мен  салығы  бөлігінде  кеден  жеңілдіктері  берілеғтін,  шартты     түрде  шығарлған   тауарлар  мен  көлік  құралдарын  пайдалану және  иелік  ету.

   Кеден  төлемдері   мен  салығы  бойынша  жеңілдіктер   берлетін,   шартты  түрде   шығарылған  тауарлар  мен   көлік  құралдары  осыындай  жеңілдіктер  берілуге  байланысты  мақсаттарда  ғана  пайдалынады.  Аталған  тауарлар  мен  көлік   құралдарын  басқа  мақсттарда  пайдалануға  кеден  төлемдері,  салығын  төлеген  және  осы   Жарлық   пен   Қазақстан   Республикасының   өзге  де  актілерінде   көзделген  басқа   талаптарды  орндаған  жағдайда  Қазақстан  Республикасының  кеден  аумағына  әкелінетін  тауарлардың  кеден  құны  Тариф  және  сауда  туралы  бас  келсімнің  (ТСБК)  кедендік  бағалауының  жалпы  қағидаттарына  негізделеді.

  Қазақстан  Республикасының   кеден  аумағына әкелінетін  тауарларды  бағалау  жүйесін   қолдану  тәртібін  осы  Жарлық  ережелері  негізінде   Қазақстан   Республикасының    Министрлер  Кабинеті  белгілейді.

   Кедендік  төлемдерді  (баж  салығы,  алымдар)  және  салықтарды  (акциздер,  құнға   үстеме  салық)  белгілейді  және  жинайды;   кедендік  режимге   сәйкес    төлемнің  дер   кеінде  келіп  түсуін  бақылап   отрады;  саудалық  емес айналымдағы   кедендік  төлемдер  мен  алымдарды   белгілейді  және  жинайды;  саудалық  және   саудалық  емес  айналымдағы   кедендік  төлемдерге  санақ   пен талдау  жүргізледі;  тауардың  кедендік  құнын  анықтайды;  тауардың кедендік  құнына  талдау  жасайды  және  әр  түрлі   факторлар   әсерінен  оның  динамикасының  өзгеруін  анықтайды;  валюталық  табыстың  түсуі   мен  қолдануын  тексереді;  валюталық  табыстың  келіп    түсуін  кедендік -  банктік   тексеру  нәтижесіне  талдау  жасайды;  сыртқы  экономикалық  қызметке  қатушылардың  тауар   айналымының  көлемі,  динамикасы  және  құрылымы  жөніндегі   ақпараттарды  бір  жүйеге келтіру   және  зерттеу   жқмыстарын  жүргізеді;  экспорттық  -  импорттық   операцияларды  аудиторлық  тексеруден  өткізеді.

 

1.3.  Кедендік   төлем  ставкасының   түрлері  мен есептеу  тәртібі

  Кеден  төлемдерінің  ставкалары  мынандай  түрлерге:

  салық  салынатын   тауарлардың  кеден құны  процентімен   есептелетін  адвалорлық  төлем;

  салық  салынатын   әрбір  тауар  үшін  белгіленген   мөлшерде  есептелінетін  ерекшелігі  бар  төлем;

  жоғарыда  аталған   кеден  салығының  2  түрін  ұштастыратын құрамдас  төлем  түрлеріне   бөлінеді.

Кеден  органдары  алатын  алымдары  мен төлемдердің  ставкалары

  Кеден  шекарасы  арқылы  заңды  және  жеке  тұлғалар  өткізетін  тауарлар    мен   көлік  құралдарын  кедендік  ресімдеу  үшін  кеден   алымдары;  жүктің  кедендік  декларациясының   негізгі  парағы  үшін  50 евро  және  жүктің  кедендік декларациясының   әрбір  қосымша  парағы  үшін  20  евро.

 Тауарларды   иелері  кеден  органдары    болып   табылатын    кеден  қоймалары   мен  уақытша  сақтау  қоймаларнда   сақтағаны   үшін  кеден   алымдары  (ашық  орын)   тәулігіне  1  шаршы  метр  үшін  0,17  евро.

  Тауаларды  иелері  кеден  органдары  болып   табылатын  кеден  қоймалары   мен  уақытша  сақтау  қоймаларында  сақтағаны  үшін  алымдары   (жабық   үй - жай)  тәулігіне  1  шаршы  метр  үшін  0,48  евро.

  Тауарларды  иелері  кеден органдары  болып   табылатын  кеден  қоймалыры  мен  уақытша  сақтау  қоймаларында  сақтағаны  үшін   кеден   алымдары   (жайластырлған   үй-жай  -  арнайы  жабдықтарды   пайдалана,  ерекше  температуралық  режимді  және т.б. жасай   отырып  арнайы  бейімделген    үй-жайы)  тәулігіне  1  шаршы   метр  үшін  0,86  евро

      Кедендік  ресімдеу  үшін    алымдар  кеден  алымдары.

   Көлік  құралдарын    қоса  алғанда ,   тауар   ретінде   Қазақстан  Республикасының   кеден  шекарасы   арқылы  өткізілетін   тауарлар.

    Қазақстан   Республикасының  кеден  органдарының   белгілі  бір  орыннан   тысқары    жерде   және  жұмыс   кақытынан   тыс   тауар  ретінде   өткізілетін   тауарлар  мен  көлік  құралдарының   кедендік  ресімделуі   үшін  2 есе  мөлшерде  кеден  алымдары  алынады. 

              Кедендік  рәсімдеу  үшін  кедендік  алымдарды   төлеу  үшін  төлеу  мерзімі  не  ұзартылмайды , не   бөлшектелінбейді.

 Жеке  тұлғалар   Қазақстан  Республикасының   кедендік   шекарадан   тауар   алып   өткізілгенде     кедендік   рәсімдеу  үшін  төленетін   кедендік  баж  салымдар  кедендік  органдар  мен   кедендік  деклорация  қабылднаған   кезде  бірге   төленеді.  Егер  белгіленген   мерзімде  кедендік   деклорация   берілмеген  болса,  онда  кедендік   іс Заңының    195  бабына  сәйкес  анықталғандай   кедендік  рәсімдеу  үшін  алынатын   кедендік  баж  бен  салымдардың   төлеу  мерзімі ,  кедендік  деклорация  беру   мерзімнің   аяқталған   күнінен  бастап  саналады.

           Тауарларды   сақтағаны  үшін  кеден  алымдары.

 Қазақстан   Республикасының   кеден  органдары   иелері  болып  табылатын   кеден   қоймалары  мен  уақытша   сақтау   қоймаларында  тауарларды   сақтағаны  үшін  Қазақстан   Республикасының   Министрлер  Кабинеті   белгілеген   мөлшерде   кеден  алымдары  алынады.

   

 Тауарларды   кедендік   алып  жүру  үшін  кеден  алымдары.

Тауарларды   кедендік  алып  жүру  үшін  Қазақстан  Республикасының   Мин.истрлер  Кабинеті   белгілеген   мөлшерде  кеден  алымдары  алынады.

      

           1.4  Кедендік  төлемді   анықтаудың  өндірістік  жағдайын  шешу.

Кедендік  ресімдеудің   жаңа  тәртібін  іске   асырудағы   ең  басты   мақсат  - тауарлар  тасымалдауда  жасырын   айналымға   тосқауыл  қойып ,   кәсіпкерлердің  делдалдар   көмегінсіз    жұмыс   істеуіне    ықпал  ету,  кедендік  ресімдеуді   жеңілдету   және  кедендік  қызметінде  жоғары    жауапкершілік  қалыптастыру. Дегенмен ,  бұл  жаңа  тәртіп   кейбір   көлеңкелі   топтар    тарапынан   тосқауылға    тап  болып ,   жұмысқа   айтарлықтай   кедергілер  келтіруде.

   Мысалы,    Қытай   Халық  Республикасы     шекарасымен    шекаралас   Қорғас    шекарасы  арқылы  халық   тұтынатын    тауарлар      тиелген   600-ге  жуық  жүк   автокөліктері    жиналып,   кедендік  ресімдеуден  өтпей   тұр.  Кедендік  бақылау  қызметіндегі  жаңа  ереже    шарттары   осыған  дейін   ескі   әдіспен   жұмыс  істеп  үйренген , кедендік    төлемдердің    1 бөлігін   мемлекеттік   бюджетке   аударудың   орнына , қалтасына  басуға   әдеттенген  сыбайлас   жемқорлар   үшін   әрине,  өте   тиімсіз   болып  шықты.Бұл  орайда  кедендік  ресімдеудің  жаңа  тәртібінен  қарсы   тұрушылар   кімдер   деген   орынды   сауал  туатыны  сөзсіз. Олар -  тауатдың   бұрынғысынша   текше  метрі   бойынша   кедендік  төлемдер  мен   салықтар  алуды  жақтайтындар. 

   Қоғастағы  жағдайды  көзбен  көру, кәсіпкерлермен  тиісті  мекемлер  басшылары  мен   пікірлесу  - қордаланған  мәселелер   түткілін  бірлесіп  шешуге деген   көпшіліктің  шынайы  ұмтылысын   айқын  аңғартады. 

  Еліміздегі  өзге  салалар  сияқты,  кеден   қызметінде  де сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  ықпалдылығын  күшейтудің  маңыздылығы  орасан.

  Кедендік  бақылау   қызметі  мамандарының  есептеуінше,  орташа  алғанда,  жүк  тиелген   көләікті  мысалы,  Алматы  қаласна   дейін  әкелу  37000  долларды  құрайды. Кәсәперлдің делдалдарға   төлеген  осы  қаражатынан   мемлекеттік бюджетке  түсетіні  тамшы  дай  десе  де болады.

Кедендік баждың мәні және оның маңызы